«ӨМІРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚАРАПАЙЫМ ХИМИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР
Оценка 4.6

«ӨМІРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚАРАПАЙЫМ ХИМИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР

Оценка 4.6
Образовательные программы
doc
химия
8 кл—10 кл
12.04.2018
«ӨМІРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚАРАПАЙЫМ ХИМИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР
бұл жинақта қарапайым өмірмен байланысты химиялық тәжірибелер тіркелген. бұл тәжірибелерге күнделікті өмірде кездестіруге болатын қарапайым заттарды пайдалануға болады. ол заттарды дәріханалар мен дүкендерден сатып алуға болады. пәнді өмірмен байланыстырған оқушылардың қызығушылығын арттырады. бұл жинақ химия пәні ұстаздары үшін өте ыңғайлы материал.мұғалімдерге арналған жинақ кітапша
пед ярмарка уч.doc
«Маған айт, мен оны ұмытамын, көрсет, мүмкін, есімде сақтармын, мені қызықтыр мен сонда түсінемін» Қытай мақалы Құрастырушы: химия­биология  пәндерінің мұғалімі: Айтпаева Г.М. Бұл жинаққа, оқушылардың, химия пәнінің қызықты  әрі қиын сабақтарына деген қызығушылықтарын арттыру  мақсатында зертханада жасалатын өмірмен байланысты  қарапайым тәжірибелер енгізілген. Сонымен қатар  оқушыларға базалық курстан таныс химиялық  тәжірибелерге қосымша, білімдерін тереңдету мақсатында сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру үшін, әр түрлі  кештерде қолданылатын тәжірибелер   құрастырылды  және осы тәжірибелерді сәтті әрі нәтижелі орындау үшін  қажет қауіпсіздік техникалық ережелерін еске түсіріп,  қадағалап отыру керектігі ескерілген.  Бұл жинақ қызықты  тәжірибелерді көрнекі көрсету арқылы оқушылардың пәнге  деген қызығушылықтарын арттыру, іскерлік дағдыларын  қалыптастыруға, өз бетімен жұмыс жасау шеберліктерін  дамытуға, ұқыптылықпен тиянақтылыққа тәрбиелейді.  Жинақ оқушылармен, мұғалімдерге  көмекші құрал ретінде  ұсынылады. Мазмұны.           Майлар   да   жана   қалай Ақ   қантқара 1.Алғы сөз.............................................................................. 2.Қызықты тәжірибелер................................................... 3. күлге айналады?........................... 4. ма?...................................................... 5. Ауыртпай жасалған «ота»………………….............. 6. Ас содасының да ерітіндісі – негіз............................... 7. Сиқырлы таяқша............................................................ 8.Сіріңкесіз   жағылған   от……………………..……... ….. 9.Әк су.................................................... 10.Суреттегі от………………..……………………….... 11.Отсыз түтін….......………….……………………….. 12.«Газды» су алу, оны «сүтке» айналдыру…….…... … 13.Үстел   үстінде   атқылаған   «вулкан»…….…...... …… 14.Құдайдың …………….. 15.«Қорғасын тон»…………….……………..………...… 16.Шақпақ   жағуға болады?.................... 17.Жасыл   от………….....……………………………. …... 18.Жасанды   «Балдырлар»…….………………………..   жаңарту……….…. қантты     суретін сабынды суы   мен   қалай … 19.Көрінбейтін   бояу…………………………………. ….... 20.Сиқырлы   сия.……………………………….………. …. 21.Судағы сусымалы «Алтын»…………….………….. … 22.Алтын күз алдымызда ……………….… 23. Әк суы.............................................................................. 24 Қауіпсіздік техникасының ережелері..................... ……………. Құрметті оқырман! Бүгінгі оқушы – ертеңгі маман. Соған орай  мемлекетімізге қажетті мамандықты игеру қазіргі  таңдағы әрбір жас жеткіншектің төл міндеті. Химия ғылымы Қазақстанда өткен ғасырдан бері  қарыштап дамып келеді. Ұлы химик  М. Ломоносов  айтқандай «Қайда қарасақ та қайда көз жіберсек те  көретініміз химиялық қосылыстар». Күнделікті тұрмыста  кездесетін көптеген бұйымдар, заттар және  айналамыздағы құбылыстардың барлығы да қатысты. Олардың мәні,мазмұны, құрамы химиялық жолмен  түсіндіріледі. Табиғатта кездеспейтін полимерлік,  пластмассалық заттар, дәрі­дәрмектер, иіс сулар, кір  жуатын заттар, тыңайтқыштар  жалпы айтқанда бүгінгі  таңда химиясыз өмір жоқ.  Еліміздің болашағы жас ұрпақтың қолында деуіміз,  білім алып жатқан оқушыларымыздың алған білімдерін іс  жүзінде еркін қолдана білуінен байқалады. Білім жүйесінде химия пәні нақты ғылымдарға жатады, химия пәнінің  әрбір сабақтарында теориялық алған білімдерін өмірмен  ұштастыру, білімдерін тереңдету, шығармашылық  қабілеттерін дамыту мақсаттарында өз қолымен жасаған  тәжірибелер, сарамандық жұмыстардың алаты орны  ерекше. Себебі, белгілі бір «сиқырлы құпиясы» бар,  «ғажайыптар» жасау – химия ғылымын өмірмен  байланыстыратын тамаша әдіс. Қызықты тәжірибелер  жасау арқылы оқушы өз ойын еркін жеткізе алу, ойлау,  есте сақтау, ғылым білімге деген қызығушылығы артып,  шығармашылық қабілеттері дамиды, дүниетанымы  кеңейеді. Әрбір өз қолымен істелген тәжірибелік  жұмыстар оқушылар бойында белгілі бір икемділік, іскерлік дағды қалыптастыру білім мен білік, іс ­әрекет дағдыларын тығыз қалыптастыра отырып, есте сақтау, тез ойлау,  дұрыс жауап беру, өз пікірін айту, дәлелдей алу әрекеттері  күшейіп, ой­өрісі шыңдала түседі.  Қызықты тәжірибелерді көрсету. Оқушылармен   өткізілетін   химиялық   кештердің бір   бөлімі   қызықты   тәжірибелерді   көрнекті   көрсетуге арналады.   Көпшілік   жағдайда   өтілетін   кештің мақсатына   сәйкес,   қызықты   тәжірибелерге   түрліше түсініктеме   дін уағыздаушылары   суды   сүтке   айналдыруды   көрсетіп,   Мәселен,   беруді   көздейді. қарапайым   халықты   таң   қалдырады.   «Суды   шарапқа, шарапты   сүтке   айналдыру»   жөнінде   мынадай   аңыз жызылыпты­мыс. Бір тойда қонақтарға шарап жетпей қалады   да,   сонда   тойда   отырған   Айса   (Христос)   бес ыдысқа   толтыра   су   құйып,   оны   дереу   шарапқа айналдырыпты­мыс. Бұл аңыздың жалған екендігін онда ешқандай «кереметтің» жоқтығын әшкерлеу үшін сілті мен   фенолфталейннің,   күкірт   қышқылы   мен   барий сульфатының   арасындағы   реакцияларды   пайдалануға болады. Тағы   бір   мысал,   ақ   қағазға   фенолфталейннің ерітіндісімен жазып, 25 проценттік аммиак ерітіндісін бүркетін болсақ. Аммиак тез буланып, жазу қайтадан түссізденеді.   Аммиак   ерітіндісін   қайта   бүркіп тәжірибені бірнеше рет қайталауға болады. Қызықты   химиялық   тәжірибелерден   өз   алдына танымдық   кеш   ұйымдастыруға   болады.   Онда   әрбір тәжірибеге   бір   оқушыдан   немесе   бір   тәжірибеге   екі оқушыдан бөлініп, әрбір оқушы өзі жасайтын тәжірибені бірнеше   рет   жасап   дағдыланады.   Тәжірибені   әр   түрлі қызықты   ертегілермен байланыстыра көрсету өте тиімді. Тәжірибе жасайтын оқушыларды   таңдап   алудың   да   өзіндік   ерекшелігі   бар. Тәжірибе   жасайтын   оқушы   өзінің   сөзімен, іс­ қимылымен   оқушыларды   шын   мәнінде   «сиқыршы» тәрізді тартатындай болуы тиіс.    әңгімелермен,   аңыз, Ақ қант қара түске қалай айналады?  Қанттың көмір түстес қара болуы мүмкін емес  сияқты... Сыныптағы оқушылардың бірі (қалауы  бойынша) темір қақпақтың үстіне ақ қант түйірін  қойып, бетін арнайы химиялық ыдыстыпен жапты (кесе сияқты шұңғыл затпен жабқан дұрыс). Қантты жағып, тұтандырды: қант түтіндеп жана бастады, осы  түтінді  тұтатуға болатынын  айтып, көрсетті.   Түтіндеп болғаннан кейін ыдысты ашып, қақпақ  бетіндегі  қап­қара үгіндіні әр оқушыға көрсетіп шықты. Бұдан шығарған қорытынды: ақ қант құрамында  қара көмір (көміртегінің) болады. Ол ыдыстың астында  қалған қап­қара үгінді екені дәлелденді.  Қант формуласы: С6Н12О6 Ауыртпай жасалған «ота» Келесі   тәжірибе   еш   ауырсынусыз   оңай   жарақат туралы  болмақ.     Отаның   жасалуы   да,  жазылуы   да тез.   Тәжірибені   көрсетуші   оқушы   топ   балалардың арасынан   батылдау   оқушыны   ортаға   шақырады. Жанына келген оқушының білегіне «спирт» жағады да, ота   пышағын   залалсыздандырғыш   сұйықтан   алып, оның   білегін   ары­бері   кескен   болады   (көрініс   пышақ сыртымен жасалады) қолдан «қан» шығады. Артынан   суланған   таза қолдың   «қанын»   тазалау   үшін, шүберекпен сүртеді, жарақат қол тез арада жазылып кетеді,   «қаны»   тазарады.   Бұл   қызықты   «ота» отырғандарды таңқалдырады. Оқушы жасаған отаның сыры:   оқушы   қолына   5   проценттік   темір   (ІІІ) хлоридінің   ерітіндісін   жағылды,   калий   роданидінің ерітіндісіне батырылған ота пышағын алып, пышақтың сыртымен   денені   кескен   болады.   Сонда   оқушының білегінде темір хлориді мен калий роданиді әрекеттесіп, қан тәрізді темір роданиді түзіледі».  реакция теңдеуі:   KCNS FeCl  3 3 CNS Fe ( ) 3  3 KCl Сиқырлы таяқша Бұл   таяқша   спиртшамды   жандырып,   тіпті қатты заттарды да, мақтаны, қағазды да жаға алады. Мынау   кварц   шынысынан   жасалған   таяқша.   Осының талай ғажап сырлары бар, көргілерің келе ме? Бұдан кейін ол таяқшаны спиртшамның білтесіне тигізгенде,   шам   тұтанып   кетеді.   Содан   соң   ол   екі фарфор   тостағаншадағы   тұрған   қатты   заттарды жағар   алдында   таяқшаны   жуып   тазартамыз   –   деп, жанында тұрған стақандағы сұйыққа батырады. Енді таяқшаны   фарфор   тостағаншадағы   қатты   заттарға тигізгенде,   олар   әр   түрлі   жалынмен   жанады. Қорытынды: Спиртшамды   жағу   кезінде   –   таяқша   марганец қышқылы калийдің күкірт қышқылымен «қоспасына» батырылып,   білтеге   тигізіледі.   Ал   қатты   заттарды жағу   кезінде   таяқша   концентрациялы   күкірт қышқылына   батырылып,   тостағаншадағы   заттарға тигізіледі. Фарфор тостағаншалардың бірінде бертолле тұзы мен қант қоспасына себілген стронций тұзының кристалдары   бар,   ал   екінші   тостағаншада   бертолле тұзы мен қанттың ұнтағына барий тұзы салынады. Бұлар   концентрациялы   күкірт   қышқылына батырылған   таяқшаны   тигізгенде   екі   түрлі   жалын шығарып   жанады.   Ол   атомдық   оттегі   өте   күшті тотықтырғыш зат.  3 KMnO 4  2 Ерітіндіге   малынған   таяқшаны   қағазға, MnSO 4 SOH 4 SOK 4 2 3 OOH 5  2  2  2 мақтаға тигізсе, олар да жанды.                     Сіріңкесіз жағылған от. Бұл   тәжірибе   –   ілгеріде   сиқырлы   таяқшамен жағылған оттың, екінші нұсқасы. Біздің жас химик кішкене әйнек үстіне шамалы калий перманганатын салып, оның үстіне бірнеше тамшы концентрациялы күкірт   қышқылын   тамызады.   Бұл   қоспаны   темір қаңылтырға салады. Осы қоспаның айналасына ағаш жаңқаларын, от жағатындай ошақ жасап үйеді, бірақ ағаш   жаңқалары   қоспаға   тимейтіндей   болуы   тиіс. Одан   кейін   бір   түйір   мақтаға   спирт   сіңіреді   де, саусақтың   арасына   қысып   қояды,   ол   басқаларға байқалмайтындай   болуға   тиіс.   Қажетті   кезінде ошақтың   үстіне   жақындатып   мақтаны   қысып қалады, ол қоспаға тиген бетте от алып, ағаш жана бастайды. Оттың жануы себебі спирттің   де қуатты тотығуынан болады 2OMn 7 . Суреттегі от Сурет салатын ақ қағазға калий селитрасының концентрациялы   ерітіндісімен   қылқалам   арқылы сурет салынады. Бірақ суреттің ізі үзілмеуге тиіс. Сурет салынған сызық қағаздың шетіне шығып, аяқталады,   сол   жерін   қарындашпен   белгілеп   қою керек.   Селитраның   ерітіндісі   кепкен   кезде   қағаз бетіне ешбір із байқалмайды. Тәжірибені көрсететін кезде   қарындашпен   белгіленген   қағаз   шетіне   ағаш шоғын тигізеді. Осы кезде салынған суреттің кескіні бойымен қуалаған от суретті салып шығады. Бұл калий селитрасының айырылуына негізделген.  . Реакция теңдеуі:  KNO 3 2 KNO  2  O 2 2 Отсыз түтін     Қараңдар, отсыз Тәжірибені жүргізуші: халық «отсыз түтін жоқ, бұлтсыз жауын жоқ» ­ дейді. Міне, осы мақалды   химия   жоққа шығарады.   мен   түтін қазір шығарамын   –   деп,   екі таяқшаны   біріне   –   бірін жақындатады. Сонда будақтаған   қою   ақ   «түтін» пайда болады.  Көрініс  қорытындысы:   Мүсәтір   спиртіне   батырылған   таяқшаны концентрациялы   тұз   қышқылына   батырылған таяқшаға жақындатып тигізгенде будақтаған ақ түтін түзіледі.  Реакция теңдеуі:  NH HCI OH  4 NH 4 OHCI  2 будақтаған   ақ   түтін   –   аммоний   хлоридінің   майда түйіршіктері. Бұл тәжірибені цилиндрлерде де жасауға болады   не   екі   ерітіндіге   батырылған   мақталарды түйістіру арқылы түтін түзілетінін көрсетуге болады. «Газды» су алу, оны «сүтке» айналдыру  «Мен сіздерге «Сиропты­газды су» алып, оны лезде сүтке   айналдырудың   жолдарымен   таныстырамын»: химиялық ыдыстарды реттеу. Жүргізуші, үстел үстінде тұрған   химиялық   үш   «таза»   стақанды   төңкеріп, олардың ішінде еш нәрсе жоқ екенін көрсетеді. Содан соң бірінші стақанға «су» құйғанда ол кезде «сиропты суға» айналады   да,   осы   «сиропты   суды»   екінші   стақанға құйғанда  ол  түссізденеді.   Бұдан  кейін  оны  оқушыларға көрсетіп   үшінші   стақанға   құяды.     Жаңағы   түссіз   су ағарып, сүтке айналады. Үстел үстінде атқылаған «вулкан» Кешті   жүргізуші   штативке   бекітілген   асбест торының   үстіндегі   қос   хром   қышқылы   аммоний тұзына   сіріңке   тигізеді.   Сонда   одан   жан­жаққа, жасыл   түсті   жалын   шығара   ұшқын   атып,   дыбыс шығарған   вулкан   атқылағандай   әсері   бар   құбылыс байқалады.   Алынған   зат   көлемін   әлде   неше   өсіріп жасыл   түсті   күлге   айналады.   Сонда   мынандай химиялық реакция жүреді. ( NH ) 24 OCr 2 7 0 t  NOCr  2 3  4 OH 2 2 Бұл  тәжірибені  тау  макетінің  үстіне  жасаса әлде   қайда   әсерлі   болады.   Қос   хром   қышқылы аммоний тұзын тұтандырардан бұрын бір­екі тамшы спирт   тамызып   қойған   жөн.   Ол   қос   хром   қышқыл аммоний   тұзының   тез   тұтанып,   бірден   айрылуына мүмкіндік береді. Құдайдың суретін жаңарту Ертедегі   көптеген   картиналар,   суреттер   майлы бояулармен   салынған.   Бұл   бояулардың   құрамында қорғасынның   кейбір   қосылыстары   болады.   Мысалы, қорғасын дигидрокарбонаты   Pb 3 ( OH () 2 CO ) 23   қорғасын ағы   деп   те   аталады.   Бұл   қосылыс   ауада   болатын күнделікті   әрекеттердің   нәтижесінде   әр   түрлі түзілетін күкіртсутектің әсерінен қара түсті қорғасын сульфидіне   айналады.   Соның   әсерінен   картиналардың беті күңгірттенеді. Картинаны   қалпына   келтіру   үшін   оның   бетін тотықтандырғыштардың   бірімен,   мысалы,   сутегінің пероксидімен   2OH 2   өңдеу   керек.   Сонда   картина жаңарып шығады. PbS  4 OH 2 2  PbSO  4 OH 2 4 Қазір   қорғасын   ағының   улы   екені   ескеріліп,   оның майлы бояулары аз қолданылады. «Қорғасын тон» ­   Металдардың   активтік   қатарына   сәйкес,   аса активті   метал,   активтігі   нашар   металдарды   өз тұздарының   ерітіндісінен   ығыстырып   шығарады. Мысалы, мырыш – қорғасынды, ал темір – мысты тұз ерітіндісінен ығыстырып шығарады, мыс – сынапты өз тұздарының ерітіндісінен ығыстырып шығарады. Егер   темірден   жасалған   қуыршақты   мыс тұзының ерітіндісіне батырса, ол мыспен қапталады. Мырыштан   жасалған   қуыршақты   қорғасын   тұзының ерітіндісіне   батырса,   қара   тон   кигеней   сырты қорғасынға   қапталады.   Немесе   мырыштан   жасалған бұтақталған  «талды»   қорғасын   тұзының  ерітіндісіне батырса «Сатурн ағашы» түзіледі. Осы тәжірибелерді қызықты химиялық кештерде жасап көрсетуге болады. Бұл   тәжірибелердің   құпиясын   оқушылар   реакция теңдеулерін жазып, өздері де түсіндіре алады.    Zn ) 23  FeSO 4 ) Cu 23 NO ) 23  Cu NO ( NO Hg NO ( Pb CuSO 4 Hg (  Pb ) 23   (  Zn Fe Cu Шақпақ қантты қалай жағуға болады? Егер   бір   түйір   шақпақ   қантты   спиртшамның жалынына   ұстатса,   ол   балқып   көмірленіп   күйе бастайды,   бірақ   жанбайды.   Ал   қант   балқыған   кезде үстіне темекі күлінен сәл сеуіп жіберсе, қант от алып, әдемі   көкшіл   жалынмен   дыбыс   шығарып   жана бастайды.   Оның   құпиясы   мынада:   «Темекі   күлінде шамалы   литий   тұзы   болады,   ол   қанттың   тотығуын тездетіп   жандырады,   яғни   катализатор   рөлін атқарады». Темекі күлінің орнына литий тұзының кристалын не мыс (ІІ) оксидін де алуға болады. Жасыл от Сыйымдылығы   100­150   мл   колбаны   алып,   оның аузын 25­30 см шыны түтік кигізілген тығынмен бекіту керек.   Колбаға   40­50   мл   шамасындай   этил   спиртін құйып,   оған   кәдімгі   бор   қышқылының   3­4   грамын саламыз,   ақырындап   араластырып,   үстіне   бірнеше тамшы   концентрациялы   күкірт   қышқылын тамызайық,   бұл   реакцияда   күкірт   қышқылы катализатор рөлін атқарады. Колбаны темір штативке бекітіп,   сонан   соң   колбадағы   қоспаны   спиртшаммен жайлап қыздырып, қайнатайық, түтік арқылы сыртқа шыққан буды жағатын болса, түтік ұшында ұзындығы 15­20   см   жасыл   оттың   пайда   болғанын   бақылаймыз. Колбадағы   сұйықтықты   неғұрлым   қайнатқан   сайын, жалын ұзындығы арта түседі.  Осы тәжірибенің химиялық теңдеуі: 3  OHB ( ) OH CH 3 3  OHHC BOH 3 3 3 5 2  B ( OCH OH   3 BOHCOH ) 33 ( 2 )  3 3 2 2 5   Бұл түзілген борметил эфирі, ол жанғанда жану өнімі   ретінде   бор   оксиді,   көмір   оксиді,   сутегі   оксиді түзіледі. Жасанды «Балдырлар» Жүргізуші: алты цилиндрді немесе сынаыуқты 50 проценттік   натрий   силикатының   (сұйық   шынының) ерітіндісіне   толтырады.   Оның   біріншісіне   темір   (ІІІ) хлоридінің бірнеше түйірін салады, ал екіншісіне мыс(ІІ) хлоридінің,   үшіншісіне   –   кобальт   хлоридінің, төртіншісіне   –   никель   (ІІ)   хлоридінің,   бесіншісіне марганец (ІІ) хлоридінің, ал алтыншысына – алюминий (ІІ)   хлоридінің   кристалдарын   салады.   Біраз   уақыттан кейін цилиндрлерде әр түрлі бояуы әсем «балдырлар» өсе бастайды.   Темір   тұзы   салынған   цилиндрде   қоңыр «балдыр»,   кобальт   тұзында   –   көкшіл,   алюминий тұзында – түссіз «балдыр», т.т. өседі. Неліктен бұлай болады?   Себебі,   натрий   силикатына   салынған   тұз түйіршіктер   онымен   әрекеттесіп,   қосылыс   түзеді,   ол қосылыс жұқа қабықшамен қапталады, диффузия мен оның ішіне енген су қысымның әсерінен  жұқа қабықша кеңейіп   жарылады.   Жарылған   саңылаулардан     тұз ерітіндісі еніп, айналасындағы ерітіндіні қайтадан жұқа қабықша   жабады,   одан   кейін   жұқа   қабықша   қайта жарылып, оған тұз ерітіндісі қайта еніп, бұтақталған «балдырлар»   өсе   береді.   Осындай   жолмен   біртұтас «орман» болады. үлкен өсіруге Ол   үшін шыны сауытты   50   проценттік   натрий   силикатының ерітіндісіне   толтырып,   оған   көрсетілген   тұздардың түйіршіктерін бірінен соң бірін кезегімен салады. Көрінбейтін бояу Жүргізуші:   қылқаламды фенолфталейннің 1 проценттік ерітіндісіне батырып, ақ   Қаламұш   не қағазға кез­келген сөз жазады. Спирт буланып кетеді де, жазу   бар   екені   байқалмайды.   Тәжірибені   жасайтын уақытта   қағазға   бүріккіш   арқылы   соданың   ерітіндісі бүркіледі, сонда қызғылт түсті жазу пайда болады. Оған екінші бір бүріккішпен қышқыл ерітіндісі (тұз қышқылы, сірке қышқылы) бүркілсе, жазулар қайтадан жойылып кетеді.   Осылай   бірнеше   рет   жазуды   жазып   қайтадан өшіргуе болады. Бұл құбылыс фенолфталейннің қышқыл және   сілті байланысты.   орталарда   өзінің   түсін   өзгертуіне   Фенолфталейннің   орнына   пурген ерітіндісін,   пайдалануға   да   болады   (дәріханаларда сатылады).   Пурген   –   фенолфталейн   мен   қанттың қоспасы. Қағазға сөздің орнына сурет салуға да болады. Сиқырлы сия Химиялық   стақанға   құйылған   30­50   мл   суға бірнеше   тамшы   калий   иодиді   мен   йодтың   ерітіндісі, оның үстіне бірнеше тамшы тұз қышқылының ерітіндісі тамызылады   да,   оған   шамалы   крахмал   ерітіндісі құйылады. Лезде ерітінді сия көк түске боялады. Егер стақандағы   ерітіндіні   қыздырса,   түсі   жойылады, салқындатса қайтадан көк түске боялады. Осылай сан рет   қайталауға   болады.   Ерітіндіні   қыздырудан   түстің жойылуы   крахмалдың   йодпен   қосылысының   күрделі құрылысына   байланысты,   қыздырудан   жойылып, салқындаудан қайта қалпына келуіне негізделген. Судағы сусымалы «Алтын» Екі колба алып, біріне 25 мл 20 проценттік сірке қышқыл   қорғасын   тұзының   ерітіндісі,   ал   екіншісіне   50 мл 5 проценттік  калий иодидінің  ерітіндісі  құйылады. Ерітінділерді қайнау шегіне дейін жеткізіп, екі ерітіндіні біріне­бірін құйып, салқындатады. 5­10 минуттан кейін жапырақ   тәрізді   қорғасын   йодиді   тұнбаға   түседі, сыртқы  түрі  алтынға  ұқсайды.  Одан кейін ерітінділер қоспасын   қайтадан   қыздырғанда,   «Алтын»   жойылып кетеді де, мөлдір ерітінді пайда болады, йодты қорғасын қыздырудан ерітіндіге өтеді. Салқындатқанда қайтадан алтын тәрізді үлпілдек тұнба пайда болады. Алтын күз алдымызда Екі   приборканы   алып,   біріншісіне   125   г   қорғасын ниратын 100 мл ыстық суға ерітеді де, екіншісіне бірнеше түйір   аммоний   бихроматының   кристалдарын   салады. Бірінші   приборкадағы   ерітінді   салқындағаннан   кейін аммоний бихроматына құяды. Біраздан кейін аммоний бихроматы   түйірлер   мен   қорғасын   нитраты молекулалардың   әрекеттесуі   басталады.   Нәтижесінде ине   тәрізді   қорғасын   бихроматы   түзіледі.   Түйірлер біртіндеп  өсе келе  күзгі жапырағынан айырылған  ағаш бұтағын елестетеді. Егер ерітіндіні осылай біраз күнге қалдырса «ағаш» орманы бүкіл приборканың ішінде пайда болады. Реакция теңдеуі: ( NH ) 24 OCr 7 2  Pb ( NO ) 23  PbCr 2 O 7  2 NH NO 3 4 Майлар да жана ма? Сұйық (күнбағыс майы) май мен қатты (жануар майы) майды алып, ыстыққа төзімді екі фарфор ыдысқа саламыз.   Бірінші,   сұйық   майды   жағып   көрейік:   май жанбайды.   Екінші,   қатты   майды   жандырып   көрейік: алғашында   май   әбден   ериді   де,   сосын   жана   бастайды. Неліктен? Себебі, қатты май жануарлар ағзасына жылу беруші   ағзалық   зат   болғандықтан   оның   құрамында спирт   болатындығын   биология   курсынан   білеміз.   Ал спирт жанады. Ас содасының ерітіндісі де – негіз Күнделікті   өмірде   кез­келген   үйде   кездесетін   ас содасының   ерітіндісін   дайындап,   сынауыққа   құямыз. Асханада қолданылатын сірке қышқылына батырылған лакмус   қағазының   қиындысын   осы   ерітіндіге   салатын болсақ,  қағаз түсінің  көкшіл  түске  боялғанын  көреміз. Себебі, ас содасының ерітіндісі – негіз екені дәлелденді. Әк суы Сынауыққа   әктас   үгіндісін   саламыз (сынауықтың   түбі   толық   жабылуы   тиіс).   Келесі кезекте   сынауыққа   су   құйып,   бас   бармақпен   жауып, ақырын сілкіп­сілкіп жібереміз (абай болу керек, бетке, көзге   шашырап   кетпесін)   сынауықты   тыныштық күйге  қоя   тұрамыз.  Әктас  сынауық   түбіне  тұнады. Сынауықта таза мөлдір су қалуы  керек. Осы ерітіндіге қозғап   жібермей   қызыл   түсті   лакмус   қағазын батыратын болсақ, қағаз түсінің көк түске боялғанын көреміз. Бұл көріністегі сұйықтық жай су емес – әлсіз негіз екені дәлелденді.                      Әк суы мен сабынды су Алдын ала шамалап сабынды су дайындап аламыз (стаканға   немесе   басқа   ыдысқа   сабын   үгіндісін   салып, үстіне   су   құямыз).   Алынған   ерітіндіні   бір   тәулікке қойып,   тұндырамыз.   Сүзгіден   өткізіп,   сынауыққа құямыз. Бірақ сонда да ерітінді мөлдір болмайды. Келесі кезекте   сынауыққа   дайын   әк   суын   тамшылатып   құя бастаймыз.   Сынауық   түбінде   тұнбаның   түзілгенін бақылаймыз.   Ол   кальций   тұзы   (кальций   стеараты). Тұнбай жай көзбен көруге болатынай болғанша әк суын сынауыққа құямыз. Лабораториялық ыдыстар 1­ сынауық, 2 – құтылар, 3 – құйғы, 4 – стақандар, 5 – тамшуырлар, 6 – склянка, 7 – отбақыраш. Лабораторияда жұмыс істеу тәсілдері А) ерітіндіні тамшуырмен алу; ә) спиртшамын пайдалану;  б) қыздыру; в) тұнбаның түсуі және оның еруі АТБАСАР АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «МЕКТЕП ЖАНЫНДАҒЫ ИНТЕРНАТЫМЕН  АҚМОЛА ОБЛЫСЫ №8 ОРТА МЕКТЕБІ» КММ »»ӘӘ «ӨМІРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚАРАПАЙЫМ ХИМИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР» Құрастырушы: химия­биология  пәндерінің мұғалімі: Айтпаева Г.М.

«ӨМІРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚАРАПАЙЫМ ХИМИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР

«ӨМІРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚАРАПАЙЫМ ХИМИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР

«ӨМІРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚАРАПАЙЫМ ХИМИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР

«ӨМІРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚАРАПАЙЫМ ХИМИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР

«ӨМІРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚАРАПАЙЫМ ХИМИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР

«ӨМІРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚАРАПАЙЫМ ХИМИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР

«ӨМІРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚАРАПАЙЫМ ХИМИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР

«ӨМІРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚАРАПАЙЫМ ХИМИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР

«ӨМІРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚАРАПАЙЫМ ХИМИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР

«ӨМІРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚАРАПАЙЫМ ХИМИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР

«ӨМІРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚАРАПАЙЫМ ХИМИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР

«ӨМІРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚАРАПАЙЫМ ХИМИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР

«ӨМІРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚАРАПАЙЫМ ХИМИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР

«ӨМІРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚАРАПАЙЫМ ХИМИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР

«ӨМІРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚАРАПАЙЫМ ХИМИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР

«ӨМІРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚАРАПАЙЫМ ХИМИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР

«ӨМІРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚАРАПАЙЫМ ХИМИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР

«ӨМІРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚАРАПАЙЫМ ХИМИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР

«ӨМІРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚАРАПАЙЫМ ХИМИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР

«ӨМІРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚАРАПАЙЫМ ХИМИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР

«ӨМІРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚАРАПАЙЫМ ХИМИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР

«ӨМІРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚАРАПАЙЫМ ХИМИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР

«ӨМІРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚАРАПАЙЫМ ХИМИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР

«ӨМІРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚАРАПАЙЫМ ХИМИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР

«ӨМІРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚАРАПАЙЫМ ХИМИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР

«ӨМІРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚАРАПАЙЫМ ХИМИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР

«ӨМІРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚАРАПАЙЫМ ХИМИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР

«ӨМІРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚАРАПАЙЫМ ХИМИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР

«ӨМІРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚАРАПАЙЫМ ХИМИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР

«ӨМІРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚАРАПАЙЫМ ХИМИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР

«ӨМІРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚАРАПАЙЫМ ХИМИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР

«ӨМІРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚАРАПАЙЫМ ХИМИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР

«ӨМІРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚАРАПАЙЫМ ХИМИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР

«ӨМІРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚАРАПАЙЫМ ХИМИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР

«ӨМІРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚАРАПАЙЫМ ХИМИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР

«ӨМІРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚАРАПАЙЫМ ХИМИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР

«ӨМІРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚАРАПАЙЫМ ХИМИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР

«ӨМІРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚАРАПАЙЫМ ХИМИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР

«ӨМІРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚАРАПАЙЫМ ХИМИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР

«ӨМІРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚАРАПАЙЫМ ХИМИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР

«ӨМІРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚАРАПАЙЫМ ХИМИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР

«ӨМІРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚАРАПАЙЫМ ХИМИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР

«ӨМІРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚАРАПАЙЫМ ХИМИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР

«ӨМІРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚАРАПАЙЫМ ХИМИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР

«ӨМІРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚАРАПАЙЫМ ХИМИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР

«ӨМІРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚАРАПАЙЫМ ХИМИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР

«ӨМІРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚАРАПАЙЫМ ХИМИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР

«ӨМІРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚАРАПАЙЫМ ХИМИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР

«ӨМІРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚАРАПАЙЫМ ХИМИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР

«ӨМІРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚАРАПАЙЫМ ХИМИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР

«ӨМІРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚАРАПАЙЫМ ХИМИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР

«ӨМІРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚАРАПАЙЫМ ХИМИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР

«ӨМІРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚАРАПАЙЫМ ХИМИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР

«ӨМІРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚАРАПАЙЫМ ХИМИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР

«ӨМІРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚАРАПАЙЫМ ХИМИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР

«ӨМІРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚАРАПАЙЫМ ХИМИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР

«ӨМІРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚАРАПАЙЫМ ХИМИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР

«ӨМІРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚАРАПАЙЫМ ХИМИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР

«ӨМІРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚАРАПАЙЫМ ХИМИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР

«ӨМІРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚАРАПАЙЫМ ХИМИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР

«ӨМІРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚАРАПАЙЫМ ХИМИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР

«ӨМІРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚАРАПАЙЫМ ХИМИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР

«ӨМІРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚАРАПАЙЫМ ХИМИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР

«ӨМІРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚАРАПАЙЫМ ХИМИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР

«ӨМІРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚАРАПАЙЫМ ХИМИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР

«ӨМІРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚАРАПАЙЫМ ХИМИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР

«ӨМІРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚАРАПАЙЫМ ХИМИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР

«ӨМІРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚАРАПАЙЫМ ХИМИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР

«ӨМІРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚАРАПАЙЫМ ХИМИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР

«ӨМІРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚАРАПАЙЫМ ХИМИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР

«ӨМІРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚАРАПАЙЫМ ХИМИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР

«ӨМІРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚАРАПАЙЫМ ХИМИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР

«ӨМІРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚАРАПАЙЫМ ХИМИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР

«ӨМІРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚАРАПАЙЫМ ХИМИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР

«ӨМІРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚАРАПАЙЫМ ХИМИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР

«ӨМІРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚАРАПАЙЫМ ХИМИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕЛЕР
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
12.04.2018