Музыка пәнінен сабақ жоспары "Оркестрмен тілдескен дирижер" (6 сынып)
Оценка 5

Музыка пәнінен сабақ жоспары "Оркестрмен тілдескен дирижер" (6 сынып)

Оценка 5
Работа в классе
docx
музыка
Взрослым
05.02.2018
Музыка пәнінен сабақ жоспары "Оркестрмен тілдескен дирижер" (6 сынып)
Сәлемдесу – 3 тілде Психологиялық ахуал: Музыка жас азаматтардың ішкі дүниесін байытып, әр дәуірдегі қоғамдық өмірдің түрлі құбылыстарын дұрыс түсінуге көмектеседі. Ахмет Жұбанов Үй тапсырмасы: -Балалар сіздер тест тапсырмасына жауап бересіздер, содан-соң өз-өздеріңізді бағалайсыздар! Тест 1. Досмұқасан тобы қай жылы құрылды? 2. Досмұқасан тобының аты неліктен «Досмұқасан» аталды? 3. «Ұлытау» тобының продюсері кім? 4. Ұлытау» тобының жарыққа шыққан альбомы қалай аталады? Жаңа тақырып: -Балалар, сендер қазақ халқының қандай музыкалық аспаптарын білесіңдер? Балалар жауабы:домбыра, қобыз, шертер, жетіген, дауылпаз, дабыл, сыбызғы т.б. -Музыкалық шығарманы әртүрлі қазақ халық аспаптарында қосылып орындайтын музыканттар ұжымы қалай аталады? Балалар жауабы: Оркестр. -Музыкалық шығармаларды орындаушылар тобын басқаратын жетекші кім? Балалар жауабы: Дирижер. -Демек бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Оркестрмен тілдескен дирижер» -Енді балалар осы сабаққа мақсат қояйық, біз бүгін атақты композитор, дирижер Ахмет Жұбанов туралы айтамыз. Сабақтың мақсаты: • Қазақ халық аспаптары оркестірің алғашқы дирижері Ахмет Жұбанов шығармашылығымен танысу • Ахмет Жұбановтың шығармаларын тыңдау және талдау. • Ахмет Жұбановтың әндерін тыңдау және орындау
оркестрмен тілдескен дирижер.docx
«Өнер тұлғалары» Күні:  Сынып: 6 Рудный қаласы әкімдігінің "№13 орта мектебі"  КММ... Мұғалімнің аты­жөні: Ешниязова Г.Е. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: Сабақ тақырыбы Оркестрмен тілдескен дирижер Смарт мақсаты:  Қазақ халық аспаптары  оркестірің  алғашқы дирижері  Ахмет Жұбанов шығармашылығымен танысу  Музыкалық жанр мен көркемдеуіш құралдарды  анықтап, тыңдалған шығарманы талдау;  Музыкалық шығарманың көңіл­күйі мен көркем  бейнесін жеткізу Барлық оқушылар:  Қазақтың халық аспаптары оркестріне байланысты  ақпарат тыңдайды.  Осы оркестрдің бас дирижері Ахмет Жұбанов  шығармашылығымен танысады.  Өзі жасаған жұмыстарды мүмкіндігінше талдайды Оқушылардың көпшілігі:  Қазақ халық аспаптар оркестрі туралы ақпаратты  тыңдайды және талқылайды.   Ахмет Жұбанов «Абай» операсынан үзінді тыңдайды  және талқылайды  Ахме Жұбановтың «Ақ көгершін әнін орындауды  үйренеді  Өз жұмыстарын бағалайды. Кейбір оқушылар:  Қазақ халық аспаптар оркестрі туралы талқылап  түсіндіреді  Қазақ халық аспаптар оркестрінің орындауындағы   шығармаларды тыңдайды және талқылайды «Ақ көгершін» әнін нақышына келтіріп әуен ырғағына  сай орындайды.  Өз жұмыстарын таныстырады және бағалайды.  Қазақ халық оркестріндегі аспаптарды атай алады және  дирижердің міндетін біледі.  Әнді мәнерлеп орындайды  Өз жұмыстарын таныстырады және бағалай біледі. Сабақ мақсаттары Бағалау критерийлері Тілдік  мақсаттар Құндылықтарды  дарыту  Пәнаралық  байланыстар АКТ қолдану  дағдылары  Бастапқы білім  Оқушылар: Музыканы тыңдау және талқылау барысында сәйкес  терминдерді қолданады, өз жұмысына түсініктеме беріп, оны  жақсарту үшін ұсыныстар жасай алады. Талқылауға алынған сұрақтар:  Музыкалық шығарманы тыңдау барысында мен…  Егер де … мен өз жұмысымды жақсартар едім. Оқушыларға қазақтың дирижерлік музыкасының қалыптасуын, халықтың   ой   –арманының   музыкада   бейнелеуі   мен   оның өмірімен байланыстылығын түсіндіру . Музыка, әдебиет, дүниетану Презентация, аудео­видеожазба. Алдыңғы сабақтан алған білімдері. Сабақ барысы  Сабақтың жоспарланға н кезеңдері  Сабақтың басы  Сабақтағы жоспарланған іс­әрекет   Ресурстар Презентацтя    Сәлемдесу – 3 тілде Психологиялық ахуал: Музыка жас азаматтардың ішкі дүниесін  байытып, әр дәуірдегі қоғамдық өмірдің  түрлі құбылыстарын дұрыс түсінуге  көмектеседі. Ахмет Жұбанов Үй тапсырмасы: ­Балалар сіздер тест тапсырмасына жауап  бересіздер, содан­соң өз­өздеріңізді  бағалайсыздар! Тест 1. Досмұқасан тобы қай жылы  құрылды? 2. Досмұқасан тобының аты неліктен  «Досмұқасан» аталды? 3. «Ұлытау» тобының продюсері кім? 4. Ұлытау» тобының жарыққа шыққан  альбомы қалай аталады? Жаңа тақырып: ­Балалар, сендер қазақ халқының қандай  музыкалық аспаптарын білесіңдер?  Балалар жауабы:домбыра, қобыз, шертер,  жетіген, дауылпаз, дабыл, сыбызғы т.б. ­Музыкалық шығарманы әртүрлі қазақ  халық аспаптарында қосылып орындайтын  музыканттар ұжымы қалай аталады? Балалар жауабы: Оркестр. ­Музыкалық шығармаларды орындаушылар тобын басқаратын жетекші кім? Балалар жауабы: Дирижер. ­Демек бүгінгі сабағымыздың тақырыбы  «Оркестрмен тілдескен дирижер» ­Енді балалар осы сабаққа мақсат қояйық,  біз бүгін атақты композитор, дирижер  Ахмет Жұбанов туралы айтамыз. Сабақтың мақсаты:  Қазақ халық аспаптары  оркестірің   алғашқы дирижері Ахмет Жұбанов  шығармашылығымен танысу  Ахмет Жұбановтың шығармаларын  тыңдау және талдау.  Ахмет Жұбановтың әндерін тыңдау  және орындау Ахмет Жұбанов ерекше дарын иесі  болатын. Ол ел ішіндегі халық  орындаушыларының басын қосып,  оркестр ұйымдастырды. Нота сауатын  білмейтін халық орындаушыларымен  жұмыс жасау оңайға түспеді. Елден  келген орындаушылардың тілін тауып,  қысқа мерзімде, яғни 1934 жылы  оркестр жасап шығарды. Жаңа  оркестр Ахмет Жұбановтың  дирижерлік етуімен 1936 жылы  Мәскеуде өткен онкүндікте үлкен  қошеметке ие болды. Осы оркестр  арқылы Ахмет Жұбанов қазақ  дәстүрлі музыка мәдениеті мен  Еуропаның классикалық музыка Сабақтың  ортасы мәдениетінің басын тоғыстыра білді.  Сөйтіп, қазақ елінде алғаш рет ұлттық  оркестр дүниеге келіп, оның тұңғыш  дирижері Ахмет Жұбанов болды. Ахмет Жұбанов (1906­1968) –  композитор, музыкатанушы­ғалым,  дирижер. Ақтөбе облысы, Темір  ауданында дүниеге келген.  Қазақстанның халық әртісі. Ахмет  Жұбановтың «Құрманғазы», «Қазақ  халық композиторларының өмірі мен  шығармашылығы», «Ғасырлар  пернесі», «Замана бұлбұлдары», «Ән­ күй сапары», т.б.музыкалық ғылыми­ зерттеу еңбектері бар. Оның «Төлеген  Тоқтаров», «Абай сюитасы», т.б.  көптеген симфониялық шығармалары  мен «Құрманғазы», «Абай» сынды  опералары бар. А.Жұбанов көптеген  спектакльдер мен кинофильмдерге  музыка жазды. Композитордың «Ақ  көгершін» және «Қарлығаш» әндері ел  арасында кеңінен танымал. 1­тапсырма Сынып 4­топқа бөлінеді:  1­топ «Теоретиктер» Ахмет Жұбановтың «Абай» операсынан  «Ажар ариясын» тыңдайды және  талқылайды. 2­топ  «Бишілер»  Дәулеткерейдің «Қосалқа» күйін  тыңдайды,күй ырғағына сай би қимылдарын көрсетеді 3­топ «Әншілер» Ахмет Жұбановтың «Қарлығаш» әнінен  үзінді тыңдайды және әнді нақышына  келтіріп, мәнерлеп орындайды 4­топ «Оркестр» Ахмет Жұбановтың «Абай» операсынан  «Той бастар» үзінді тыңдайды. Оркестрдің  әуенін ұрмалы және шулы аспаптармен  сүйемелдейді. Видеожазба Аудеожазба Сабақтың  соңы 2­тапсырма Ахмет Жұбановтың «Ақ көгершін» әнін  хормен орындайды. 3­тапсырма «Синквейн» 5­жол өлең 1. Кім ?Не? 2. Қандай? 3. Не істейді? 4. Сөзден... сөйлем. 5. Мәндес сөз. Рефлексия:  Маған ... қызық болды.  Маған ... қиын болды.  Сабақ аяқталғаннан соң...  орындағым келді.  Мен өзімді... мақтар едім. Үйге тапсырма:  «Ақ көгершін» әнін жаттау, Ахмет  Жұбанов мәлімет. «Абай» операсының  сюжетін оқып келу

Музыка пәнінен сабақ жоспары "Оркестрмен тілдескен дирижер" (6 сынып)

Музыка пәнінен сабақ жоспары "Оркестрмен тілдескен дирижер" (6 сынып)

Музыка пәнінен сабақ жоспары "Оркестрмен тілдескен дирижер" (6 сынып)

Музыка пәнінен сабақ жоспары "Оркестрмен тілдескен дирижер" (6 сынып)

Музыка пәнінен сабақ жоспары "Оркестрмен тілдескен дирижер" (6 сынып)

Музыка пәнінен сабақ жоспары "Оркестрмен тілдескен дирижер" (6 сынып)

Музыка пәнінен сабақ жоспары "Оркестрмен тілдескен дирижер" (6 сынып)

Музыка пәнінен сабақ жоспары "Оркестрмен тілдескен дирижер" (6 сынып)

Музыка пәнінен сабақ жоспары "Оркестрмен тілдескен дирижер" (6 сынып)

Музыка пәнінен сабақ жоспары "Оркестрмен тілдескен дирижер" (6 сынып)
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
05.02.2018