Ұйымдастырылған оқу- әрекетінің қызметі
Күні:18.11.2019
Тәрбиеші:Бексултанова Д.С
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі:Аппликация
Тақырыбы:Құмырсқа
Мақсаты: Текшеден дөңгелек пішін, тікбұрыштан бұрыштарын бүктеу арқылы сопақ пішін қиюға үйрету. Ересектердің көмегімен бөліктерді желімдеуге үйрету.
Көрнекіліктері:құмырсқа суреттері, құмырсқа илеуі
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауаптар, жұмбақ,тақпақтар айту
Кіріспе:
Қуанамыз күлеміз,
Бар әлемде сүйеміз.
Қол ұстасып, қуанып,
Достарымен бір жүреміз.
Тәрбиеші:-Балалар бүгінгі сабақты өте қызықты өткізгілерің келе ме?
Балалардың жауабы:
-Ендеше бастамас бұрын мен сендердің миларыңа шабуыл жасаймын.
-Қазір қай мезгіл?
-Бір аптада неше күн бар?
Кіріспе:
Жұмбақ: Екі басы жұдырықтай,
Ортасы қылдырықтай.
/Құмырсқа/.
Қатар - қатар қара нар,
Аспанменен бара бар,
Алды биік, арты жар.
/Құмырсқа/.
О, құмырсқа, құмырсқа,
Шебер-ақсың жұмысқа
Азық жинап қуысқа,
Қол жаймайсың «туысқа»
ҚҰМЫРСҚА
Кіп - кішкене құмырсқа,
Үйір болып жұмысқа
Өзі кіші болса да,
Қарамайды тұрысқа.
Еңбек етіп әр кез ол,
Шаршамайды жұмыста.
- Тәрбиеші:Балалар дүниеде ең қу аңды білесіңдер ғой! Ал ең күшті жәндікті білесіңдерме?
Балалардың жауабы:
-Иә, балалар ең күшті жәндік құмырсқа екен.Ол өзінң салмағынан 10есеге артық салмақты көтере алады екен.Мысалы Ильяс құмырсқа деп алайық. Сен өзіңдей баланың 10-ынын көтере алушымедің?Жоқ әрине ал, құмырсқа оны көтере алады екен.Және олар керемет құрылысшы екен.Илеулерін өте шеберлікпен құрады екен. Илеуін көп қабатты үй сияқты салады екен ,-деп илеудің сызбасын көрсету.
Балаларға сұрақтар қойып ,түсінбегендерін айту.
Тәрбиеші:Балалар енді құмырсқаның құрылысымене танысу .Балалар мына суретке қарап ,құмырсқаның құрылысымен танысуға болады.
Дид-қ ойын: «Ең күшті құмырсқаны ізде»
Ендеше балалар құмырсқаны бүгін қағаз бетіне жабыстырайық, жабыстыру тәртібін түсіндіру.
Қорытынды:-Балалар бүгін біз не туралы әңгімелестік?
Құмырсқадан қандай үлгі алуға болады екен?
Балалар алған білімдері бойынша жауап береді.
Тәрбиеші жақсы қатсықан балаларды мадақтайды.
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.