Научная работа "Акикат оны актасын..."
Оценка 4.9

Научная работа "Акикат оны актасын..."

Оценка 4.9
Научно-исследовательская работа
docx
история
4 кл
24.11.2017
Научная работа "Акикат оны актасын..."
Атақты Сатыбалды ишан мен құран қари атанған Файзолла ишан жайлы мағлұматтар қарастырылды. Олардың қиын - қыстау замандағы өмір жолдары мен арттарына қалдырған еңбектері жайлы көптеген мәліметтер жинақталды. Атақты ақын Файзолла Сатыбалды ұлының «Шерлі жылдар, шерулі жылдар» атты кітабынан оқушылар бірнеше өлеңдер жатталды. Аманкелді ауданындағы ишандардың мазарына барып, олар жайлы сұхбаттар алынды. Атақты кісілерді танитын адамдардан сұхбат алынды.Атасы туралы естеліктер
Сатыбалдина Т. Ақиқат оны ақтасын.docx
«Арқалық қаласы әкімдігінің білім бөлімінің  №4 жалпы орта білім беретін мектебі» ММ Тақырыбы: «Ақиқат оны ақтасын...»     Бағыты: өлкетану Оқушының аты­жөні: Сатыбалдина Толкын Абзаловна №4 жалпы орта білімберетін мектебінің  5 «Ә»  сынып оқушысы Арқалық қаласы Қостанай облысы Ғылыми жетекшісі: Ахметкалиева Мейрамкул Бакытбековна №4   жалпы   орта   білім   беретін   мектебінің бастауыш сынып мұғалімі 1 Орындалған жыл: 2014­2017 жыл Аннотация Атақты Сатыбалды ишан мен құран қари атанған Файзолла ишан жайлы мағлұматтар қарастырылды. Олардың қиын ­ қыстау замандағы өмір жолдары мен арттарына қалдырған еңбектері жайлы көптеген мәліметтер жинақталды.    Атақты   ақын   Файзолла   Сатыбалды   ұлының   «Шерлі   жылдар,   шерулі жылдар»   атты   кітабынан   оқушылар   бірнеше   өлеңдер   жатталды.   Аманкелді ауданындағы   ишандардың   мазарына   барып,   олар   жайлы   сұхбаттар   алынды. Атақты кісілерді танитын адамдардан сұхбат алынды. 2 Мазмұны Кіріспе  1.Негізгі бөлім 1.1. Сатыбалды Ғабдоллаұлы туралы 1.2. Файзолла Сатыбалдыұлы туралы 2.Практикалық бөлім Қорытынды  Қолданылған әдебиеттер тізімі  3 КІРІСПЕ           Осы   тақырыпты   алған   себебім   менің   ұлы   әжем,   ата­әжем,   туысқан аталарымның, туыстарымның аталарым жайлы айтқан әңгімелері ерекше әсер етті. Олар аталарымның туған жері, тартқан тағдыр­тауқыметі, халқына арнаған еңбектері туралы айтып отырды. Сондықтан мен өз аталарым жайлы көп білгім келді.   Әжем,   анам   мені   кітапханаға   апарды,   сол   жерден   мен   өзіме   керекті кітаптар мен журналдарды ақтарып, үйдегі аталарым жайлы кітаптарды теріп алдым. Енді суреттерін іздеп таптым. «Өзіңді   танығың   келсе,   тегіңді   біл»   деп   дана   халқымыз   айтқандай   аталарым жайлы   білгім   келді,   екі   жыл   бойына   зерттеген   жұмыстарымды   толықтырып, биылғы   жылы   Аманкелді   ауданындағы   «Сатыбалды   ишан»   атам   атындағы мешітке барып көріп, атамның Аманкелді ауданындағы мазарына барып, зиярат етіп, атамдар  жайлы білетін адамдарды бейнежазбаға  түсіріп, сонымен қатар сыныптастарыма   аталарым   туралы   шығармашылық   кеш   өткізіп,   атамның өлеңдерін насихаттадым. Зерттеуімнің жоспары: 1.Ұлы әжемнен, туған­туыстарымнан аталарым жайында мәліметтер жинақтау; 2.Атамның еңбектерін кітаптар мен газеттерден тауып оқу; 3.Аманкелді   ауданындағы   «Сатыбалды   ишан»   атам   атындағы   мешітке   барып көру; 4.Атамның Аманкелді ауданындағы мазарына бару, зиярат ету; 5.Атамдар жайлы білетін адамдарды бейнежазбаға түсіру; 4 6.Сыныптастарыма   аталарым   туралы   шығармашылық   кеш   өткізу,   атамның өлеңдерін насихаттау; Сатыбалды ишан атамның тағдыры   мен тағылымы, ойранды 30­шы жылдары жазықсыз   қуғын­сүргінге   ұшырап,   тағдыр   тауқыметін   тартқан,   адалдықтан айнымай, қиындыққа мойымай бар өмірі мен қызметін туған халқына арнаған ақын Файзолла Сатыбалдыұлы аталарым жайлы ізденіп жинақтадым. 5 1. МЕНІҢ АТАЛАРЫМ КІМ БОЛҒАН?.. 1.1.САТЫБАЛДЫ ИШАН ҒАБДОЛЛАҰЛЫ Сатыбалды   ишан   (лақап   аты   Қыпшақ   ишан)   Ғабдоллаұлы   қазіргі   Аманкелді ауданы іргесіндегі Шомақ Қарасуы мекенінде Хан Сығай әулетінде 1826 жылы дүниеге келген. Руы – Ұзын Қыпшақтың Алтысы (Қырықжігіт).       Ғабдолла атамнан (әкесі) бірнеше бала туып шетінеген. Жасы елуге келгеннен кейін   Сатыбалды   атам   туады.   Атам   дүниеге   келген   күні   Ғабдолла   атамның немере   ағасы   Шомақ   пен   оның   кемпірі   баланы   етегіне   орап,   үйлеріне   алып кетеді. Бала қырқынан шыққан соң Шомақ пен кемпірі оны құндақтап орап, қазақтың ескі ырымымен жеті кемпірдің бұтынан, жеті ошақтың астынан өткізіп, ауылды шетінен түсіп шарлап жар салады. «Бала сатамыз, кім алады?» ­ деп. Содан Ғабдолла атам аға – жеңгесіне тарту – таралға сыйлап, баланы сатып алады. Атын ырымдап, Сатыбалды деп қояды. Атам 7­8 жасқа келгенде әкесі Ғабдолла ата қайтыс болады. Арада бірер жыл өткенде анасы да дүниеден өтеді. Сатыпалды атаны кіндік әкесі Шомақ қарт өз қамқорлығына алады.        Бір күні Сатыбалды атамның түсіне бабасы Ақбура әулие аян береді: «Сен Тәшкен,   Бұхара   жаққа   барып   оқу   оқы,   дін   исламның   жолына   түс»   ­   дейді. Сатыбалды атам көрген түсін Шомақ атасына айтады. Шомақ оған «онда сен туған апаң Мұғалимаға бар» ­ дейді. Апасы қарсы алып, ауылдағы молдадан бір жыл   оқытып,   Шомақ   әкесінің   рұқсатымен   Ташкентке   оқу   іздеп   шығады. Шыршыққа барған жерінде қарақшылар кездесіп, азық­түлік, киім – кешегін, түйесін   тартып   алып,   өзін   жаяу   қалдырып   кетеді.   Соған   жақын   орналасқан шайханаға сушы, отыншы, шай қайнатушы болып жалданады. Екі жыл оқығаннан 6 кейін ұстазы оған көңіл аударып, сабаққа жақсы, бірақ киім – кешегі нашар баланы сөзге тартып, жайын сұрайды. «Бала етейін, маған бала боласың ба?» ­ деп   сұрайды.   Сатыбалды   атам   бұл   ұсынысқа   келісім   береді.   Ұстаз   әкесі Ташкенттегі оқуды бітіргеннен кейін оны Бұхарға жіберіп, бас –аяғы 14 жыл оқытады. Бұхарадағы оқуынан кейін бір өзбек қызына үйлендіреді. Асырап алған әкесі ғұлама кісі екен, баласы Сатыбалды атамды Орта Азия діни мұсылмандар басқармасының алқа мүшелерінің алдына сынақ тапсырттырып, ғұлама – ғалым ретінде «ишан» атағын алады.      Сатыбалды ишан атам Бұхардағы Көкілтіж медресесіндегі дін ғұламаларынан құран ілімін, шариғатты жете меңгерумен қатар, көріпкел әулие адам болған. Оған   дәлел:   Сайрамдағы  ордалы  жыланды   бір  түнде   көшіріп,  орнына   мешіт­ медресе салғызғаны.           Сатыбалды атам Сайрамдағы «Қараоба» деген жерге   келіп, мешіт салып, енді оның ашылу рәсіміне біраз сопылар мен шейхтарды шақырады. Олардың ішінен біреуі Сатыбалды атамның «қасиет ­ қабілетін» сынау үшін «молдеке, шын ғұлама болсаңыз, бойыңыздағы құдіретті көрсетіңіз» дейді. Атам оған және оның қасындағы серіктеріне бұрылып: «аспанға қараңдар» дейді. Бәрі аспанға қарайды. Көктен бір аққу ұшып келіп, мешіттің күмбезін бір­екі рет айналып, ғайып   болады.   Кең   сарай   үйінде   түнде   елес   пайда   болып,   бай   қорқып, Сатыбалдыға жағдайын айтады. Ишан атам екі күн сол үйге келіп, мұсылман перілерін басқа жаққа көшіреді. Үйдегі елес кетіп, үрей басылады.            Сайрамға   алғаш   келгенде   мешіт   салынатын   жердегі   ордалы   жыланды көшірген, соңында аспанда аққу ұшырған оның «құдірет күшін» көріп, өздерін «әулие», «көріпкелміз» деп жүргендердің бәрі мойындап, пір тұтады. Сонымен қатар су диірмен орнатып, түрлі жеміс – жидек ағаштарын еккізіп, бос жерлерге бидай, жүгері, бау –бақша салдыртқан.  7 1862 жылы Сатыбалды атам тұңғыш рет Мекке, Мәдинаға қажылыққа барып келеді. Торғайды билеген төре Сүлеймен правитель жасауылы Сүйін Орысұлы деген азамат Сайрамдағы мешітте «Қыпшақ иман» деп аталып жүрген атамды 1870­1880 жылдары елге шақыртады. Арнайы шақыртумен келген Сатыбалды ишан атам, Батпаққараны  (қазіргі Амангелді ауданы) көреді. Ол кезде бұл жер ну   тоғай,   қалың   батпақ   екен.   Ішінде   әртүрлі   аңы,   әсіресе   жыланы   өте   көп болады. Сатыбалды атам келіп, дұға оқып, жыландарды көшіреді. Ағайындары келіп,   осы   жерге   үй   сала   бастайды.     Сол   жерге   шағын   мешіт   салдырады. Сатыбалды ишан атамды елде қалдыру мақсатымен Торғайдың игі жақсылары келісіп,   Мадияр   Қабақтың   қарындасы   Әйін   деген   аяулы   бойжеткенді Сатыбалдыға   үшінші  әйелі   етіп  алып  береді.  Араға   біраз  уақыт   салып,  ишан Сайрамда   қалған   екі   әйелі   мен   балаларын   көшіріп   алып   келіп,  Батпаққараға түпкілікті тұрақтайды.           Ағаштан үлкен мешіт, медресе, бірнеше үй салғызып, әртүрлі жеміс ағаш, қауын, қарбыз еккізеді.       Халықтың діни сауатын ашып, әр жерден мешіт, медреселер салуға басшылық жасайды.  1882 жылы Сатыбалды ишан атам қажылыққа екінші рет барып келеді.       Ел Сатыбалды ишан атамды әулие деп таныған. Өйткені ол кісі оқумен пері түйреген,   оттың,   судың   тілін   білген,   дұғамен   жанған   отты   сөндірген, науқастарды емдеп  жазғандейді ақсақалдар.          Ишанның үш әйелінен 6 ұл, 3 қыз туған. Олар Мырза ишан (Жәлелидден), Зияуидден,   Шәріп   (Шаһауееден),   Жамал   (Жамаледен),   Әкімал   (Акмалиден), Файзолла, Қамбатша, Әсияхан, Шарайхан. Осы ишан әулеттері Кеңес заманында жазықсыз қудаланып, көбісі жат жерде кебіні жоқ, көрі жоқ ажал құшты.  8 Сатыбалды ишан 1898 жылы күзде өз ажалынан қайтыс болды. Сатыбалды ишан қайтқанда ақын Нұржан Наушабаев жоқтау шығарған.  1899   жылы   баласы   Мырза   ишан   Ташкенттен   арнайы   шебер   алдырып,   Бұхар үлгісімен   үлкен   кесене   тұрғызған.   Осы   кесене   күні   бүгінге   дейін   аман   –сау көркін   сақтап   тұр.   Төргі   бөлмесінде   Сатыбалды   ишан,   екінші   бөлмесінде (ауызғы) сол жақта Кәлпе Тепекұлы Омар (руы лақ), оң жақта баласы Құран қари Файзолла ишан жерленген.       Сатыбалды ишан кесенесін сырттай білгенмен ішінде кімдер жатқанын екінің бірі біле бермеуі мүмкін.            Үлкен   баласы   Мырза   ишан,   Әкімал,   Жамал   1937  жылы  1   желтоқсанда тұтқындалып, 1937 жылы 11 желтоқсанда атылған. Шаһауидден және Файзолла ишан аталарым дінбасы ретінде ұсталып, жазаға тартылады.       Ал, Зияуидден мен Нұридден 1930 жылы 17 қаңтарда ұсталып, нақты кінәсі болмағандықтан   босатылады.   Айдауға   кеткен   бес   баласынан   аман   қалғаны Файзолла ишан атам ғана. Сатыбалды ишан атам балалары Мырза ишан атам,   Торғайдағы   бірнеше Зияудден   Мухтасиб,   Файзолла   ишан   аталарым   ­   мешіттерде   имам   болып,   мұсылмандық   жолында   халыққа   қалтқысыз   қызмет атқарған діни шамшырақтар. 9 1.2. ҚҰРАН ҚАРИ АҚЫН ФАЙЗОЛЛА ИШАН САТЫБАЛДЫҰЛЫ          Осы діни шамшырақтардың   бірі болған Қажы, Қари Мұхаммед Файзолла Сатыбалдыұлы 1883 жылы 27 қыркүйекте Амангелді ауданында туған. Файзолла 7  жасында   ауыл   молдасынан, 8  жасында  өз   әкесінен, 9  жасында   Тройцкідегі Ахом Хазреттен оқып, 10­17 жасында Бұхар Шәріпті (діни жоғары оқу орны) тәмәмдап, Самарқант, Ташкент, Түркістан Бұхарада болып, Құран Қари атағын алып, 1900 жылы елге оралғанда әкесі Сатыбалды дүниеден өткен.  Файзолла атам 16 жасында құран ­   қари ақын атанған. Ол кісі зейінді, алғыр, еңбекөор бала қарттар әңгімесін жасынан құлағына құйып, көп жайды аңғарып өскен.   Сондықтан,   сол   дәуірдегі   қоғамдағы   өзгерістерге   сын   көзбен   қарап, шындығын айтқан.           Елден жырақ Тройцкідегі досы Ахом Хазретке барып, мешіт, медреседе қызмет істейді. Татар байы Яушевпен, ақын Мұхаметжан Сералинмен танысады. 1901­1906 ж.ж. Торғай қаласындағы уездік мешіт, медреседе қызмет атқарады. Ал бұл жерде Науан Хазірет, Дәмолла Байту, Кәтен, Бейіс Хазірет, Оспан қожа, Салих молда Таласбай молда салған діни жолды жалғастырады.  10 1906 жылдың аяғына қарай Батпаққараға келіп, әкесінің мешіт­медресесінде ұстаздықпен айналысады. Бұл қызметте 12 жыл істейді. Кеңес үкіметі орнағасын 1918­1923   ж.ж.   аралығында   болыстық   милиция   бөлімінде   бастық,   1923­1928 ж.ж. аралығында мешіттерде имам болады.        1928 ж.желтоқсан айының басында «діншіл, зиянкес, жат элемент» ретінде тұтқындалып,   Қостанай   қаласындағы   түрмеге   айдалады.   «Затаболға»   барған жерде   милиция   бастығы:   «Ал,   қазір   «Ақ   түрмеге»   кіресіңдер,   аздап демалыңдар» деп кеңшілік жасайды. Файзолла атаммен тұтқын болып, бірге келе жатқан Төлек Жәуке батырдың немересі Тойшыбек: «Файзеке, өткенді, бүгінді, келешекті қосып, 1­2 ауыз өлең шығаршы» дегенде: Тойшеке, қатарыңнан асып тудың, Атаңның ер Жәукедей жолын қудың. Келгенде 60 жасқа «бай­құлақ» боп, Бейнетке   бекемделіп   белді   будың,   ­   деп   табан   астында   бірнеше   ауыз   өлең туындатқан. Сонда Тойшыбек: «Әй, Файзолла! Үкімет сені дұрыс тұтқындаған, сен ана жаққа емес, мына жаққа, бізге керексің» деген екен.  Файзолла атам нағашысы Міржақып Дулатовпен бір түрмеде отырған. Мағжан Жұмабаевпен бірге 2 жыл 5 ай түрмеде бірге болған. Жазасын 6 жылда өтеп, 1935 жылы Алматыға оралып, Әлібиге кездеседі. Алматыда қазақтың ұлттық киімдерін тігетін шеберлер жұмысын басқарады. Араға жыл салып, Қостанай облысының Әулиекөліндегі досы Әлмұхаммед Оспанұлына көшіп келіп, 1946 жылы 63 жасында туған жері – Батпаққараға оралады.       Файзолла Сатыбалдыұлы атам Ұлы Жаратушы бір басына жетіп артыларлық өнер берген ерекше қасиетке ие киелі азамат екендігіне дау жоқ. Бабасы аян беріп, жастайынан діни оқуды бастаған діндар, Құран Қари, көріпкел, әулие, 11 теңдессіз ақын, он қолынан өнері тамған айтулы шебер, араб, түрік, орыс тілін жетік білген ғұлама ғалым болған. Бірнеше   өлеңдері   «Шерлі   жылдар,   шерулі   жылдар»   атты   кітапқа   шыққан. Солардың бірі Міржақыпқа арналған жоқтау өлеңі: Ай, заман­ай, заман­ай, Замананың зауалы­ай. Құбылып соққан құйындай Айласы мен амалы­ай... Бір қазақтың баласын, Екіге бөліп арасын, Қырқыстырып қойғаны­ай, Ағызып көзден сорасын. Міржақып пен Ахмет Нақақтан нақақ болды шет. Бір уақыттар болғанда, Ақталар, орнап әділет!       Ақын атамның артынан қалдырған мұрасы өте мол. Көптеген шығармалары 1974 ж.Қазақ ССР Ғылым Академиясының қорына тапсырылды. Ал, бірқатар өлеңдері мен поэмалары біраз кісілердің қолында жүр. Бұлардың бәрі қолжазба күйінде таралған.           Айта кеті керек, Файзолла атамның өлеңдеріне Қазақстанның әдебиетші ғалымдары мен белгілі ақын жазушылары әр жылдары назар аударып келеді.  12 1973 ж. Қазақ ССР Ғылым Академиясының ғалымдары Сәбит Мұқановтың кеңесімен арнайы келіп, ақын атамның ұрпақтарынан оның көптеген өлеңдері мен «Тоқымбет» және «Аяз­би» поэмаларын жазып алып кетті. Бұл шығармалар қазір Академияның алтын қорында сақтаулы тұр.          Ақын атамыздың құрметіне арнап былтырғы жылы ескерткіш орнаттық. Арқалыққа  қарасты  Ашутасты  ауылынындағы  мешітке Құран  Қари Файзолла атамның атын беріп, көптеген жамағат Сатыбалды атамның кесенесін жөндеуге көмектесті.   Торғайлық   ақын   Назарбек   Бектемісов   Файзолла   атамның қолжазбаларын араб тілінен аударып, көпшілікке ұсынды.       Файзолла атам еліміздің тәуелсіздігі мен бостандығын аңсап, оған келешекте қол жететініне сенген. Оны мына өлең жолдарынан көруге болады: Ей, қазағым, кештің тағдыр күрделі, Сендей болсын, болса бір Ұлт зерделі. Құрбандығым болар едің жолыңа Ел болсаң сен өз алдыңа іргелі.      1920 жылы жазылған ақын атамның арманы бүгінгі күні орындалып отыр.      Қажы Қари Мұхаммед Файзолла ақын атам өзінің өмірден озарын болжап, ел азаматтарына арнап өсиет өлең жазған: Қош, елім, жерің­суың аман болсын, Ырысты, ынтымақты заман болсын. Бөлінбей жүзге, руға бірлік сақта, Атағы Атам Қазақ ұран болсын. 13 Бұл 7 шумақтан тұратын өлең жолдарын қайтардан 6 күн бұрын шығарған. Жерлеуін   ұйымдастыруды   Қирақайдың   Молдағалиына,   жаназасын   шығаруды Мұхтасиф Әлмұхаммед Оспанұлына аманаттаған. Денемді 7 күн үйде сақта деп өсиет жасаған.            Файзолла   Сатыбалдыұлы   атам   26   желтоқсанда   1959   жылы   76   жасында дүниеден озған. Өзінің өсиеті бойынша денесін 7 күн сақталды. Қазақстанның біраз жерінен және Тройцкіден игі жақсылар келді. Асыл тәні өз үйінде 7 күн түнетіліп, жер қойнауына 1960 жылы 2 қаңтарда тапсырылды. Ақын атамның жерлеу   рәсіміне   адам   көп   жиналған.     Олардың   арасында   Тройцкіден   Азон Хазірет   пен   Зейнолла   Хазірет   балалары,   Жітіқарадан   Мұстафа   қажы, Әулиекөлден   Қияметті   досы   Мұхтасиф   Әлмұхаммед   Оспанұлы,   Торғайдан Оспанқожаұлы  Мұхаммед  Уәли,  Батпаққарадан  Дәмолла  Смайыл Байгелұлы, Қоқанбекұлы   Өтеш,   Сейтмағанбет,   Жарман   молдалар   болған.   Ақын   атамды халық 7 күн жоқтап, соңғы сапарға аттандырған. Сүйегін машинаға, я болмаса басқа көлікке салмай, халық кезектесіп көтерген қалпымен қазіргі Амангелді ауданындағы   Міржақып   Дулатов   көшесімен   әкесі   Сатыбалды   атамның кесенесіне апарып жерленген. Сөйтіп ел өзінің асыл перзентін мәңгілік мекеніне зор құрметпен жөнелткен.        Файзолла атамның өмірі өте күрделі. Ол кісі екі қоғамдық дәуірді басынан кешірген адам.      Мен өз аталарымды мақтан тұтамын! 14 ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ 1. Аманкелді ауданына баруым. 2. Сатыбалды ишан атамның мазарына баруым. 3. Сатыбалды ишан атындағы Аманкелді аудандық мешітке баруым. 4. Атақты домбырашы Айтбай Мұздахановпен кездесуім. 5. Сыныптастарыма өткізген аталарым туралы кештен көрініс. 15 Аманкелді ауданы 16 Мен Аманкелді ауданына бара жатырмын, ондағы мақсатым, атақты атам Сатыбалды ишан мазарына және атам атындағы мешітке барып, имамнан сұхбат алу болды. 17 Қостанай облысы,  Аманкелдіауданындығы  "Сатыбалды ишан" мазары    18 Аталарымның мазарына, 2015 жылы аталарыма арнап қойылған ескерткіш тастың қасына  барып, суретке түстім.  Қостанай облысы,  Аманкелдіаудандық  "Сатыбалды ишан" мешіті Сатыбалды ишан атам атындағы Аманкелді аудандық мешіт имамынан сұхбат алдым. Ол кісіден атам жайлы сұрадым. 19 Аманкелді ауданында тұратын атақты домбырашы Айтбай Мұздаханов атаммен кездесіп, аталарым туралы сұрадым. Сатыбалды ишан мен Файзолла Сатыбалдыұлының «Ақиқат оны ақтасын...» тағдыры мен тағылымы 20 Сыныптастарымның арасында атақты аталарым туралы өз білгенімді айттым, олар ақын атамның кітабынан жаттаған өлеңдерін ортаға салды. ҚОРЫТЫНДЫ           Қорыта   келе,   «Өзіңді   танығың   келсе,   тегіңді   біл»   деп   дана   халқымыз айтқандай, жеті атамды біліп, олардың өмірін зерттеп, аталарымның артында қалдырған еңбектерін анықтап, жинақтау арқылы өз білім деңгейімді көтердім, аталарымның өмірін өзіме, бауырларыма, өз достарыма үлгі етемін.  ...Ақиқат оны ақтасын, Қамауда жыр жатпасын. Осылай бастап өнерді, Ашайық өлең қақпасын! – деп Төлеухан Сұлтан­Ахметұлы 1992 жылы атама арнап  жазған   өлеңінің   бір   жолын   зерттеу   жұмысымның   тақырыбы   етіп  алып, бастаған зерттеуімді қалдырмай жалғағым келеді. 21 Мен аталарымды мақтан етемін! ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: 1. «Шерлі жылдар, шерулі жылдар» Ф.Сатыбалдыұлының өлеңдер мен поэмалар жинағы. Қостанай 2014 ж. 2. «Қостанай таңы» газеті 9 ақпан 2011 ж. 3. «Қостанай таңы» газеті 13 қараша 2014 ж. 22

Научная работа "Акикат оны актасын..."

Научная работа "Акикат оны актасын..."

Научная работа "Акикат оны актасын..."

Научная работа "Акикат оны актасын..."

Научная работа "Акикат оны актасын..."

Научная работа "Акикат оны актасын..."

Научная работа "Акикат оны актасын..."

Научная работа "Акикат оны актасын..."

Научная работа "Акикат оны актасын..."

Научная работа "Акикат оны актасын..."

Научная работа "Акикат оны актасын..."

Научная работа "Акикат оны актасын..."

Научная работа "Акикат оны актасын..."

Научная работа "Акикат оны актасын..."

Научная работа "Акикат оны актасын..."

Научная работа "Акикат оны актасын..."

Научная работа "Акикат оны актасын..."

Научная работа "Акикат оны актасын..."

Научная работа "Акикат оны актасын..."

Научная работа "Акикат оны актасын..."

Научная работа "Акикат оны актасын..."

Научная работа "Акикат оны актасын..."

Научная работа "Акикат оны актасын..."

Научная работа "Акикат оны актасын..."

Научная работа "Акикат оны актасын..."

Научная работа "Акикат оны актасын..."

Научная работа "Акикат оны актасын..."

Научная работа "Акикат оны актасын..."

Научная работа "Акикат оны актасын..."

Научная работа "Акикат оны актасын..."

Научная работа "Акикат оны актасын..."

Научная работа "Акикат оны актасын..."

Научная работа "Акикат оны актасын..."

Научная работа "Акикат оны актасын..."

Научная работа "Акикат оны актасын..."

Научная работа "Акикат оны актасын..."

Научная работа "Акикат оны актасын..."

Научная работа "Акикат оны актасын..."

Научная работа "Акикат оны актасын..."

Научная работа "Акикат оны актасын..."

Научная работа "Акикат оны актасын..."

Научная работа "Акикат оны актасын..."

Научная работа "Акикат оны актасын..."

Научная работа "Акикат оны актасын..."
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
24.11.2017