Научный проект "Семей өңірінің этнодемографиялық жағдайы"
Оценка 4.8

Научный проект "Семей өңірінің этнодемографиялық жағдайы"

Оценка 4.8
Научно-исследовательская работа
docx
география
11 кл
25.04.2019
Научный проект "Семей өңірінің этнодемографиялық жағдайы"
I тарау.Қазақстан халықына этнодемографиялық сипаттама. 1.1.Этнос,этнодемография деген не? Этнодемография - этнология және демография саласымен тығыз байланысты ғылым. Этникалық қоғам миграцияның тұрақтануын, санының өзгеруін, құрылымын зерттейді. Этнографтардың демографияны зерттеуге деген құлшынысының нәтижесінде қоғамдағы этнос санының өзгеруінің себебін бағалау мақсатында және этнологияны зерттеуге деген қызығушылығының нәтижесінде халық санының туу, өсу, өлім, миграция көрсеткіштерін анықтау пайда болды. Этнодемография- бұл жас ғылым. Х Х ғасырдың бірінші жартысында осы салада зерттеу жұмыстары пайда болып, екінші жартысында Ресейде іске асты. 1.2. Қазақ халқының Ресейге бодан болғаннан бергі этнодемографиялық даму жолдары Қазақ халқының Ресейге бодан бол¬ғаннан бергі этнодемографиялық тарихи жолын негізінде ірі-ірі үш дәуірге бөлуге болады. Біріншісі ХVІІІ ғасырдың 30-жылдарынан 1917 ж. дейін; бұл Қазақ¬станның Ресейдің отары, қазақтардың этно¬демографиялық дамуы отарлық-миграция¬лық (соның ішінде қоныстандыру) саяса¬тының ықпалында болған дәуір. Сырттан келген көші-қонның, әсіресе Столыпиннің аграрлық саясаты өрістеген, сонымен бірге қазақтардың арасында табиғи өсім төмен, әртүрлі эпидемиялар, жұқпалы аурулар, жұттар көп болған кезең. Осының бәрінің нәтижесінде қазақтардың саны түрлі өзге¬рістерге ұшырап, Қазан революциясына дейін өз елінде үлесі едәуір (90%) болға¬ны¬мен, ХХ ғасырдың екінші онжылдығы соңын¬да, аймақтардың тұрғындарының әлі де жартысынан көбі (58,7%) болған, яғни Оңтүстік, Батыс және Орталық аймақтарда қазақтардың басымдығы сақталған, Сол¬түстік және Шығыс аймақтарда славян, басқа этнос өкілдері көпшілікке айнала бастаған кезең.
Семей өңірінің этнодемографиялық жағдайы.docx
I тарау.Қазақстан халықына этнодемографиялық сипаттама. 1.1.Этнос,этнодемография деген не? Этнодемография ­ этнология  және демография  саласымен тығыз  байланысты ғылым. Этникалық  қоғам  миграцияның  тұрақтануын, санының   өзгеруін, құрылымын  зерттейді. Этнографтардың  демографияны  зерттеуге  деген  құлшынысының  нәтижесінде   қоғамдағы  этнос  санының  өзгеруінің  себебін бағалау мақсатында  және  этнологияны зерттеуге деген   қызығушылығының  нәтижесінде  халық  санының  туу, өсу, өлім, миграция    көрсеткіштерін  анықтау  пайда болды.  Этнодемография­ бұл  жас  ғылым.  Х Х ғасырдың  бірінші жартысында   осы салада  зерттеу  жұмыстары  пайда  болып, екінші  жартысында  Ресейде   іске асты. 1.2. Қазақ халқының Ресейге бодан болғаннан бергі этнодемографиялық даму жолдары Қазақ халқының Ресейге бодан болғаннан бергі этнодемографиялық тарихи жолын негізінде ірі­ірі үш дәуірге бөлуге болады. Біріншісі ХVІІІ ғасырдың 30­жылдарынан 1917 ж. дейін; бұл Қазақстанның Ресейдің отары, қазақтардың этнодемографиялық   дамуы   отарлық­миграциялық   ішінде (соның   қоныстандыру) саясатының ықпалында болған дәуір. Сырттан келген көші­ қонның,   әсіресе   Столыпиннің   аграрлық   саясаты   өрістеген,   сонымен   бірге қазақтардың   арасында   табиғи   өсім   төмен,   әртүрлі   эпидемиялар,   жұқпалы аурулар, жұттар көп болған кезең. Осының бәрінің нәтижесінде қазақтардың саны түрлі өзгерістерге ұшырап, Қазан революциясына дейін өз елінде үлесі едәуір   (90%)   болғанымен,   ХХ   ғасырдың   екінші   онжылдығы   соңында, аймақтардың тұрғындарының әлі де жартысынан көбі (58,7%) болған, яғни Оңтүстік,   Батыс   және   Орталық   аймақтарда   қазақтардың   басымдығы сақталған, Солтүстік және Шығыс аймақтарда славян, басқа этнос өкілдері көпшілікке айнала бастаған кезең. Екіншісі,   1917­1991   жылдар,   яғни   Кеңес   заманы.   Бұл   қазақтардың   талай ашаршылықты (1918, 1921 және 1931­1933 жылдары), қуғын­сүргінді, зорлық­ зомбылықты көрген, ұлттық дәстүрлер мен тілге нұқсан келген, әліппенің үш рет өзгерген, сырттан көші­қонның ірі­ірі толқындары елдегі демографиялық ахуалды   күрт   өзгерткен   және   тағы   басқа   да   келеңсіз   жағдайлардың салдарынан қазақ ұлтының өзі ата қонысында азшылыққа айналған тұс. Бұл дәуірді   екі   үлкен   кезеңге   бөлуге   болады:   1­кезең   1917­1959   жылдар   ­ қазақтардың өз елінде 58,7%­дан,28,9%­ ға түскен кезеңі; 2­кезең ­ 1959­1991 жылдар, қазақтардың біртіндеп үлесі өскенімен (40%), әлі де келімсектерден гөрі аз болған кезең. Үшінші дәуір ­ 1991­2009 жылдар, қазақтардың өз елінде біртіндеп, көпші­ лікке айналуы. Бұл дәуірді де екі кезеңге бөлуге болады: 1­кезең ­ 1991­1999 жылдар ­ қазақтардың үлесі республика халқының жартысынан асқан кезең (40%­дан 53,4%­ға жеткен кезең); 2­кезең ­ 1999­2009 жылдар ­ қазақтардың өз елінде басым көпшілікке айнала бастаған (53,4%­дан 63,7%­ға дейін өскен) кезеңі. Бұл кезең енді ғана басталды, әрі қарай жалғаса береді. Қазақ ұлтының өткен көп ғасырлық тарихи жолына көз салсақ, оның саны мен құрамының   ірі­ірі   саяси­әлеуметтік   және   экономикалық   бетбұрыстарға байланысты   жиі   және   күрделі   өзгерістерге   ұшырағанын   байқаймыз.   Бұл жағдай   әсіресе   ХХ   ғасырдың   екінші   жартысына   дейін   көптен­көп   белгілі оқиғалар арқылы көзге түседі. Орыстың көрнекті ғалымы А.И. Левшин (1797­1879) ХVІІІ ғасырдың аяғы мен ХІХ   ғасырдың   20­30   жылдарындағы   статистикалық   мәліметтерді   талдай келіп, Ресей империясындағы қазақтардың жалпы саны 2,5 млн.­нан 3 млн.­ға дейін   деген   болжам   айтқан   екен.   Ғалымның   өзі   айтқандай,   ол   заманда қазақтардың   арасында   санақ   ісін   жүргізудің   қиындықтарымен   қатар,   санақ қорытындыларының толық және дұрыс болмайтындығы да рас еді. Сонымен бірге Ұлы жүзде 100 мың үй, Орта жүзде ­ 210 мың үй, ал Кіші жүзде ­ 190 мың үй деп санап, әр үйде орта есеппен 5 немесе 6 адам болады дей келіп, соның   қорытындысында   2,5­3,0   млн.   болады   деген   болжамның   түптеп келгенде, көптеу екенін айта кеткен жөн. Әр үй басына 6 адамнан келеді деген қорытындының   өзі   нақты   емес   екенін   айтпағанның   өзінде,   белгілі   ғалым­ дардың бұл мезгілден кейінгі қазақтардың жалпы саны туралы пікірлері біздің бұл айтқанымызды растай түседі. Е.Бекмаханов   1947   жылы   шыққан   «ХІХ   ғасырдың   20­40   жылдарындағы Қазақстан» деген монографиясында ХІХ ғасырдың 30­40 жылдарында Кіші жүзде 100 мың үй (бес адамнан) ­ 500 мың адам, Орта жүзде 116,5 мың үй ­ төрт адамнан ­ 468 мың адам, Ұлы жүзде 95 мың үй ­ 550 мың адам болған деп көрсеткенді. Яғни, барлық қазақтардың саны 1млн. 518 мың болып шығады. Өкінішке орай, Е.Бекмаханов үш жүздің қазақтарының санын анықтағанымен, олардың   жалпы   санын   қорытындыламаған,   бұған   біздің   ойымызша, статистикалық мәліметтердің шынайы, нақты болмауына қоса, әр                                                                                                                         үйде кейде 4, кейде 5, немесе 6 адам деп санағанның өзі де әсер еткен болуы керек деп ойлаймыз. Н.Бекмаханова ХІХ ғасырдың 60­жылдарында Қазақстан мен   Қырғызстан   және   шекаралас   аумақтарда   1млн.   643,4   мың   қазақ   және 353,1 мың қырғыздар мекен етсе, ХІХ ғасырдың 70­жылдарында 2.416,5 мың қазақ және 542,5 мың қырғыз болды, деп жазады. Әкелі­балалы   Бекмахановтардың   бұл   тұжырымдары   нақтылы   деректерге сүйеніп (салық үшін жүргізілген киіз үй (кибитка) есебіне) негізделгендіктен, шындыққа жақын деп санауға болады. Себебі, киіз үй есебі әр ауыл, болыс және уезд (дистанция) бойынша мұқият жүргізілетін, есептен қашқандар мен оны   бұзғандар   қатты   жазаланатын.  ХІХ   ғасырдың  60­70  жылдары   отарлық биліктің қазақтарға киіз үй есебі арқылы салық салу ісін едәуір жолға қоя алғанын   ескерсек,   бұл   болжамның   дұрыстығы   күшейе   түседі.   Дегенмен, жоғарыда көрсетілген қазақтар саны негізінде (әр киіз үйге не 4, 5, не 6 жан басынан келеді деген) болжамға жақын екенін баса айтқанымыз жөн. Алғашқы,  нақтылыққа   бір   табан   жақын,  қазақтардың   жалпы   саны,  жастық, жыныстық құрамы, білім деңгейі (негізінде сауаттылығы туралы), әлеуметтік жағдайы, діні, тілі, туған жерінде тұрғандығы және т.б.құнды мәліметтерді 1897 жылы 28 қаңтарда жүргізілген Ресей империясы халқының бірінші жалпы санағынан   ғана   ала   аламыз.   Бұл   санақтың   нәтижесі   бойынша,   Ресейдегі қазақтар, ана тіліне қарай бөлгенде, 4.084,1 мың адам еді, оның 53,3%­ы ­ ерлер, 46,7%­ы әйелдер болды. Қазіргі Қазақстан Республикасы аумағында қазақтардың 3392,7 мыңы өмір сүріп, Ресейдегі қазақтардың 83,0%­дан аста­ мы   осында   шоғырланған­ды.   Н.Бекмаханованың   мәліметтері   бойынша, Ресейдегі қазақтардың саны 1916 жылы 4678,8 мыңға жетіп, сол жылғы қазақ­ тардың   патшаға   қарсы   көтерлісінен   кейін,   яғни   1917   жылы   4061,3   мыңға түскен. Н.Бекмаханованың бұл нақтылы деректерге сүйенген тұжырымдарымен қабат, Ә. Бөкейхан және М. Тынышбаев сияқты ұлт көшбасшыларының осы мәселеде өз болжамдары болғанын айта кеткен жөн. Мысалы, Ә.Бөкейхан «облыстық шолулардың» мәліметтеріне сүйене отырып, 1908 жылы Ресейде 4,999,6 мың, ал   1913   жылы   5   млн.   64   мың   (Жетісу   облысындағы   қырғыздарды   қоса есептегенде) қазақ болған, ­ деп жазған­ды. Ал М.Тынышбаев (өз деректерін көрсетпей­ақ) бүкіл әлемде 1917 жылы 6,3 млн.­нан астам қазақ болды, оның 5,480   млн.   Кеңес   одағында,   450   мыңы   Қытайда,   100   мыңға   жуығы   Ау­ ғанстанда тұрады, ­ деп болжаған­ды. Дегенмен, бұл пікірдің дерек көздері белгісіз болғандықтан, әлі де болса нақтылап зерттей түсуді қажет етеді. Әрине,   1916   жылғы   көтерілісті   қанға   бөктіріп   басып­жаншу,   сол   жылы тылдағы жұмысқа алынғандар арасындағы өлім­жітім, азамат соғысы, 1918 және 1921 жылдардағы ашаршылық, өлімнің көбейіп, туудың азаюы және т.б. келеңсіз   жағдайлардың   салдарынан,   көбісі   көшпелі,   соның   нәтижесінде денсаулық сақтау жағынан қорғансыз қазақ ұлтының көп шығынға  ұшырағаны да тарихтан белгілі. Міне, сондықтан 1926 жылы Бүкілодақтық халық   санағы   бойынша,   Кеңес   одағындағы   қазақтардың   саны   3  млн.  959,8 мыңға түсті, яғни 1897 жылмен салыстырғанда 567 мыңға көбейгенімен, 1917 жылға қарағанда (Н.Бекмаханованың пікіріне сай ­ 4061,3 мың адам десек) ­ 101,5 мың адамға кеміген, яғни сол 9 жыл бұрынғы деңгейден де аз болған. 1926 жылы қазақтардың 3627,6 мыңы, яғни 91,6 %­ы өздері туған жерінде ­ Қазақстанда өмір сүрген. Мұнан   кейінгі   жылдары   болған   байларды   тәркілеу,   кулактарды   жою,   жер аудару,   1931­1933   жылдардағы   жаппай   ашаршылық   (кейбір   ғалымдардың болжамы бойынша 1,2 млн.­нан 2,5 млн.­ға дейін адам қаза болған), 1930 ­ жылдардағы саяси қуғын­сүргін және т.б. зорлық­зомбылық салдарынан қазақ ұлтының саны күрт төмендеп кетті. 1939 жылғы Бүкілодақтық халық санағы бойынша,  Кеңес   одағындағы   қазақтардың   саны   3.100,  9  мыңға   түсіп,  1926 жылға қарағанда, 858,9 мыңға, яғни 21,7%­ға азайды. Қазақтардың 2.458,5 мыңы, яғни 75%­ы ғана өз республикасында өмір сүрді. Қалған 25%­ы Кеңес одағының   басқа   аймақтарында   тұрды.   Бұлардың   көбі   Қазақстаннан   тыс аймақтарда болса да өздерінің ата  мекендерінде тұрғанымен, едәуір бөлігі ашаршылық пен қуғын сүргіннен ауа көшіп барғандар еді. Жоғарыда   көрсетілген   келеңсіз   оқиғалардың   салдарынан   және   Қазақстанға сырттан   келген   көші­қон   толқындарының   күшейе   түсуі   нәтижесінде, республикадағы қазақтардың үлесі де құлдырап түсіп кетті. Егер 1897 жылы Қазақстанның қазіргі территориясына сай жер аймағында қазақтардың үлесі 81,7% болса, 1917 жылы 58,0 %, 1926 жылы 58,5%, ал 1939 жылы 38,0%­ға дейін төмендеді. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары Қазақстан халқы да көп шығынға ұшырады, 1,2 млн. азамат Отан қорғауға аттанды, оның жартысынан көбі елге қайта оралмады, 700 мыңнан астам адам тылдағы ауыр жұмысқа шақырылды.   Соғыс   жылдары   тұрғындар   арасында   өлім­жітім   көбейіп,   туу азайды. Қазақстанға көптеген халықтар  (неміс, чешен, қарашай, және т.б.) күшпен аударылды, Карлаг, Степлаг сияқты жерлердегі тұтқындар көбейді. Соғыстан кейін басталған тың және тыңайған жерлерді   игеруге,   одақтық   маңызы   бар   өнеркәсіп   орындарын   салуға   және дамытуға 2 млн.­нан астам жұмысшы күші келді. Осының бәрінің салдарынан республикадағы   қазақтардың   үлесі   (саны   1939   жылы   салыстырғанда   467,3 мыңға көбейгеніне қарамастан) 28,9%­ға дейін түсіп кетті, яғни қазақтар өз елінде халықтың азшылығына айналды, ал орыстар, украиндар мен беларустар көпшілік болып шыға келді (олар тиісінше 42,7%, 8,2 % және 1,1% болып, үшеуін қосқанда 52%­ға жетті). 1959 жылғы санақ қазақтардың үлесінің ең төменгі құлдырау шегі болып саналады. Бұдан кейін қазақтардың табиғи өсімі күрт көтерілді («демографиялық дүмпу» деп те аталады), ал ол халықтың жалпы   санының   көбеюіне   әкелді.   Табиғи   өсімнің   күшеюіне   екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, әсіресе халық шаруашылығын қалпына келтіріп, дамыта түскен кезде, тұрғындардың әл­ауқаты жақсарып, денсаулық сақтау, әсіресе аналар мен балаларға, көп балалы отбасыларға  деген   қамқорлық  әсер   етті.  Сондай­ақ   тұрғын   үй  құрылысының   өркендеуі, оқу­білім саласының кеңеюі және т.б. әлеуметтік жағдайлардың жақсаруы да табиғи өсімге күшті әсер етті десек, қателеспейміз. Қазақ   ұлтының   өсіп­өніп   көбеюіне,   соның   нәтижесінде   республика тұрғындары арасында өз үлесінің көтерілуіне шет жерлерден қайта оралған отандастарымыздың да әсері күшті болды. Қазақстанға бағытталған бұл көші­ қон үрдісі 1918­1920, 1933­1935, және 1950 жылдардың екінші жартысы мен 1960 жылдардың басында жүріп өтті. 1916 жылы көтерілісті аяусыз басып, қырғынға ұшыратқан кезде 300 мыңдай қазақ пен қырғыздар Қытайға қашып, бас сауғалаған­ды. Олардың көбі 1918­1920 жылдарда қайта оралды. 1931­ 1933 жылдардағы ашаршылықтан  ауа көшкендердің көбі  Ресей,  Өзбекстан, Түркіменстан және басқа Кеңес одағы аймақтарында паналаған­ды, олардың да басым көпшілігі қайтып оралды. Сырт елдерге, әсіресе Ауғанстанға, Иран, Түркияға кеткендер тәуелсіздік жағдайында ғана қайта орала бастады. Тек Қытай   Халық   Республикасындағы   қазақтардың   қайта   оралуына   1950 жылдардан бастап мүмкіндік туды. Бұл Кеңес одағы мен жаңа құрылған ҚХР арасындағы   достық   қатынастың   нәтижесі   еді.   Қытайдан   кеңес   заманында оралған қазақтар саны туралы әртүрлі мәліметтер бар, кейде олардың санын көбейтіп   айтатын   жағдайлар   да   кездеседі.   Соңғы,   нақтылы,   мұрағаттан алынған   деректерге   сүйенсек,   1954­1963   жылдар   аралығында   Қытайдан ұйымдасқан түрде, өз бетінше және басқа жолдармен қайта оралғандардың саны 268371 адам болса, олардың Қазақстанның облыс­аудандарында қалып, орналасқандары   254398   адам,   ал   қалған   8989­ы   Кеңес   одағының   басқа аймақтарына   кеткен   екен.   Қазақстанда   қалып,   орын   тепкендердің   басым көпшілігі қазақтар еді, ал басқалары ұйғыр, орыс және әртүрлі ұлт өкілдері болатын.Сонымен 1950­1980 жылдар аралығындағы табиғи өсімнің көтерілуі, сырттан келетін басқа ұлт өкілдерінің көші­қонының бәсеңдеуі, Қытайдағы қазақтардың орала бастауы және т.б. тиімді жағдайлар республикаға өз атын берген ұлттың саны да, үлесі де өсіп, құрамының нығая түсуіне әкелді. 1959­ 1989   жылдар   аралығында   қазақтардың   саны   2.787,3   мыңнан   6.534.6   мыңға жетті, яғни 2,3 есе өсті, ал үлесі 28,9%­дан 39,7%­ға жетіп, 10,8%­ға өсті. Қазақтар   республикадағы   ең   көп   ұлтқа   айналды,   бірақ   орыстар   (37,8%), украиндар (5,4%), белорустар (1,1%), яғни шығыс славяндар өкілдері (бәрін қоса есептегенде ­ 44,3%) мен басқа орыс тілді ұлт өкілдері (немістер ­ 5,8%, корейлер   ­   0,6%   және   т.б.)   әлі   де   Қазақстан   жұртының   жартысынан   асып тұрды. Енді тәуелсіздік кезіндегі қазақтардың жай­күйіне қысқаша болса да тоқталып өтейік.   Қазақтардың   тәуелсіздік   жағдайында   саны   өсіп,   үлесі   көбеюі жоғарыда айтылған екі факторға байланысты болды: 1) табиғи өсім; 2) сыртқа кететіндерден келетіндердің көп болуы ­ оң айырым (сальдо), соның ішінде, әсіресе отандастарымыздың оралып, тыңғылықты орын табуы. Тәуелсіздіктің   алғашқы   жылдары   экономикадағы   дағдарысқа   байланысты, әлеуметтік қиыншылықтар көбейген кезде тұрғындардың  табиғи  өсімі  құлдырап   түсіп  кетті: 1987  жылы  18,1 промилле   болса, 1998 жылы   4,6   промилле   болды   (бір   мың   адамға   шаққанда,   туу   мен   өлімнің айырмасы).   Осыдан   кейін   біртіндеп   табиғи   өсім   қайтадан   көтеріліп,   2000 жылы ­ 4,9; 2005 жылы ­ 8,05; ал 2009 жылы 13,5 промиллеге жетті, дегенмен әлі де 1980 жылдардағы көрсеткішке жете алмай отырмыз. Табиғи өсімнің 90% қазақтардың есебінен екенін ескерсек, ұлтымыздың өсуі кең, тура және даңғыл жолға түсіп, болашақта қазақтардың өсіп­өнуі қамтамасыз етіле баста­ ғанын   көреміз.   2009   жылы   табиғи   өсім   215   мыңдай   болғанын   ескерсек, келешектегі қазақтың саны өсе беретініне сеніміміз күшейе түседі. Қазақтардың   қатарын   өсіретін   екінші   қайнар   бұлақ   ­   шетелдегі   отан­ дастарымыздың   қайта   оралуына   келсек,   тәуелсіздік   жылдары   ресми   есеп бойынша 753,4 мың, ал бұл есептен тыс өздігімен келгендерді қосқанда 1 млн. қазақ қайтып келді деген пікір бар. Қайта   оралғандардың   басым   көпшілігі   Ресей,   Қытай,   Моңғолия   мен   Өз­ бекстаннан, ал қалғандары Түркіменстан, Ауғанстан, Түркия, Иран және т.б. алыс­жақын шетелдерден келгендер. Шетелдердегі қазақтар саны да едәуір пікірталас тудырып келеді. Зерттеуші Г.Меңдіқұлова 1997 жылы жарияланған еңбегінде бұрынғы Кеңес одағының 14 мемлекетінде және дүние жүзінің 25 елінде 4,5 млн. қазақ өмір сүреді, деген мәлімет айтады. Алайда бұл ойына негіз болған деректерді көрсетпеген. Ал 2000 жылы жарияланған М.Асыл­ беков пен В.Козинаның «Қазақтар» деген еңбегінде шетелдердегі қандастары­ мыздың саны 3.211.208 адам деп көрсетілген. Бұл мәлімет ҚР Сыртқы істер министрлігі консулдық қызмет департаменті басқармасының бастығы Б.Сейіт­ батталовтың 2000 жылғы 20 сәуірдегі «Егемен Қазақстан»   газетінде   жарияланған   мақаласына   сүйеніп   берілген.   Сайлау Батыршаұлы   2004   жылдың   басында   шетелдердегі   қазақтар   саны   5,2   млн. адамнан асып түседі, ­ деген болжам айтады. Осы пікір шындыққа жақынырақ, ­   деп   санаймыз.   Себебі,   қазақтардың   Дүниежүзілік   қауымдастығы   жинаған («Егемен   Қазақстанға»   берген)   мәліметтері   бойынша,   40   шетелдердегі қазақтардың саны 5 млн. 600 мыңнан астам деп көрсетілген. Оның ішінде, жақын шетелдерде ­ 3 млн. 137 мың; алыс шетелдерде 2 млн. 529 мың 800. Қазақтар көп шоғырланған мемлекеттер Қытай ­ 2.260 мың; Өзбекстан ­ 1.750 мың; Ресей ­ 1.100 мың; Монғолия ­ 150 мың; қалғандары: Түркия ­ 15 мың; АҚШ ­ 14 мың; Тәжікстан ­ 10 мың; Иран ­ 10 мың; Германия ­ 9 мың және т.с.с. 2000­2005 жылдар аралығында шетелдердегі қазақтардың саны 3,2 млн.­ нан 5,6 млн.­ға дейін өсуін екі себеппен түсіндіруге болар еді. Біріншіден, алғашқы көрсетілген мәлімет толық болмай, 1,5 ­ 2млн.­дай қазақ есептен тыс қалып   қоюы   мүмкін.   Екіншіден,   осы   5­6   жыл   ішінде   едәуір   табиғи   өсім нәтижесінде қазақтар саны тез өскен де шығар деп ойлаймыз. Республика халқының, оның ішінде қазақтардың аумақтық, яғни аймақтарға, ауыл   мен   қалаларға   орналасуында   дәстүрге   айналып,қалыптасқан ерекшеліктер бар. Қазақстан халқының жартысына жуығы ­ 45­ 46%­ы Оңтүстік аймақта (Алматы қаласы, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақ­ стан   және   Қызылорда   облыстары)   орналасқан   болса,   республика қазақтарының да жартысына жуығы, яғни 49,8%­ы осы аймақтарда тұрады. Олардың үлесі Қызылорда облысында 95,8%, Оңтүстік Қазақстан облысында 70,1%, Жамбыл облысында ­ 69,0%, Алматы облысында ­ 64,2% және Алматы қаласында ­ 50,1%. Бұл жағдайдың тарихи қалыптасуы: біріншіден, аймақтың Ресейге   бағынуы   басқалардан   130   жылдай   кеш   болғандығынан;   екіншіден, аймақ тұрғындары саны мен құрамына сырттан келген көші­қонның ауқымы мен әсері әлсіз болғандығынан; үшіншіден, жергілікті ұлт өкілдерінің, әсіресе қазақ,   өзбек,   ұйғыр   және   басқа   түркі   тілдес   этностардың   табиғи   өсімі келімсектерден   басым   екендігінен   және   басқа   тиімді   жағдайлардың   әсері күшті   болды.   Солтүстік   аймақта   (Ақмола,   Қостанай,   Павлодар   және Солтүстік Қазақстан облыстары және Астана қаласы) республика халқының 23,0%­ы орналасқан. Алайда мұнда  қазақтардың саны да, үлесі де, тәуелсіздік жағдайында   едәуір   өскенімен,   әлі   де   басымдылыққа   жете   қойған   жоқ. Республика бойынша аймақтағы қазақтардың үлесі бар болғаны 16,9% болса, қазақтар   Ақмола   мен   Павлодар   облыстарында   олардағы   тұрғындардың жартысына   да   жетпейді   (тиісінше   44,6%   және   45,7%),   ал   Қостанай   мен Солтүстік   Қазақстан   облыстарында   онан   да   төмен   (тиісінше   35,6%   және 33,7%, яғни осы облыстардағы тұрғындардың үштен бірі ғана). Тек Астанада ғана   қазақтардың   үлесі   63,4%­ға   жетті.   Қазақтардың   Оңтүстік   аймақтан кейінгі көп шоғырланған жері ­ Батыс Қазақстан. Мұнда қазақтардың 19,1%­ ы, яғни бестен біріне жуығы мекен етеді. Атырау облысындағы тұрғындардың ішінде қазақтар 91,3%, Маңғыстау облысында – 86,1%, Ақтөбе облысында ­ 77,9%,   Батыс   Қазақстан   облысында   ­   70,9%.   Республиканың   қалған   екі аймағында   қазақтардың   үлесі   едәуір   өсіп   келеді,   2009   жылғы   мәліметтер бойынша,   Шығыс   Қазақстанда   жартыдан   асып   түсті   ­   53,9%,   ал   Орталық Қазақстанда (Қарағанды облысы ) ­ 44,1%­ға жетті. Осы бағыттағы даму әрі қарай   жалғаса   берсе,   болашақта   осы   үш   аймақтарда   да   қазақтардың   үлесі басым болмақ. Тәуелсіздік   жағдайында   қала   мен   ауыл   тұрғындарының   өзара   салмағы өзгеріске ұшырады. Қала тұрғындарының үлесі 1989­2009 жылдар арасында аз да   болса   төмендегенімен   (3,3%),   олар   бұрынғыша   республика   халқының жартысынан көбі (53,4%) болып отыр. Ал ауыл тұрғындары 43,3% ­дан 46,0% ­ға   жетті.   Бұл   көрсеткіш   халықтың   урбандандыру   процесінің   баяулай бастағанын байқатады. Қазақстанда ең күшті урбандалған Қарағанды (қала тұрғындары 77,0%), Павлодар (67,9%) және Ақтөбе облыстары (61,1%) болса, ауыл тұрғындары Алматы (76,0%), Солтүстік Қазақстан (61,5%), Қызылорда (60,8%) және Жамбыл (60,5%) облыстарында көбірек болып отыр. Дегенмен, тәуелсіздік жылдары қазақтардың қалаға бет бұрғанын атап айтқан жөн. Қазір екі қазақтың біреуі ­ қала тұрғыны. Қазақтар Қызылорда  мен   Атырау   облыстарындағы   қала   тұрғындарының   ішінде   тиісінше   91,3% және 82,3%, ал Маңғыстау облысында ­ 72,9%, Ақтөбе облысында ­ 62,2%, Оңтүстік   Қазақстан   облысында  61,6%,  Жамбыл   облысында  ­ 54,5%.  Бірақ басқа   аймақтарда   қазақтар   қала   тұрғындары   ішінде   әлі   де   аз.   Қостанай облысында   бар   болғаны   20,2%,   Ақмола   облысында   ­   28,5%,   Павлодар облысында ­30,0%, Қарағанды облысында ­ 30,7%, Шығыс Қазақстан облы­ сында ­ 33,1%. Батыс Қазақстан облысында да көп емес ­ 39,6%. Еліміздің ең үлкен   екі   қаласында   қазақтар   үлесі   едәуір   өсіп   келеді:   Қазір   Астана тұрғындарының (639,3 мың) 63,4%(405,3 мыңы) қазақтар. Қазақтар   шоғырланған   Оңтүстік   және   Батыс   аймақ   қалаларында   олардың үлесі өсе түсті. Қызылордада 90,4%, Атырауда ­ 82,9%, Ақтөбеде ­ 68,2% , Ақтауда ­ 64,4%, Талдықорғанда ­ 64,2%, Таразда ­ 59,1% ; және Шымкентте ­ 48,4% болды. Сонымен бірге Семейде 42,6%, Көкшетауда 50,9% Жезқазғанда ­ 62,1%, Қарағандыда ­ 46,2%, Балқашта ­58,8% ға жетті. Дегенмен, славян халықтарының   өкілдері   мен   басқа   орыс   тілді   этностар   көптеп   орналасқан аймақ қалаларында жағдай аса өзгере қойған жоқ. 1.3.   Қазақстанға басқа ұлт өкілдерінің қоныстануы. Қазақстан халқының көп ұлттық құрамының қалыптасуы XVIғ. басталды. Бұл кезде Ресей өкіметінің қудалауынан қашқан орыстар, украиндықтар, татарлар және басқа ұлттардың өкілдері қазақ еріктілері деп аталатынға бірікті. 1890 жылдары Ресей мен Украинадан келген шаруалардың отарлауы күшейе түсті. Ресейдің әскери және миграциялық экспансиясының барысында салынған бекіністердің негізінде негізін орыстар, украиндықтар және татарлар мекендеген алғашқы отарлық қалалар пайда болды. 1881-1883 ж.ж Қытайдың солтүстік-батысынан 50 мыңдай дүнгендер мен ұйғарлар көшіп келді. 1864 жылы Шымкент пен Ташкенттің құлауынан кейін бұл жерге Ресей империясының орталық губерниясынан орыс және украйн жерсіз қалған шаруаларын көшіре бастады. Қоныстанушылардың басым көпшілігі суғармалы егіншілікпен таныс емес еді, сондықтан облыстың оңтүстік-шығысындағы барлық өзен алқаптарын мекендеді. Қазақстанды шаруалардың отарлауы XIX ғ. Соңғы он жылында және ХХғ басында Столыпиндік аграрлық реформаға байланысты ерекше күшейді. Небір 46 жылдың ішінде (1871 -1917 ж.ж) өлкеге 1,6 млн. Адам келіп тұрақтап қалды, олардың негізгі көпшілігі 1907-1916 жылдарға келеді. Осының салдарынан XIX ғасырдың аяғында және XX ғасырдың басында өлкеде 60-тай ұлтың өкілдері тұрды, олардың ішінде түрік тілдес халықтардан (өзбек, ұйғыр, қырғыз, қарақалпақ, татар, башқұрт т.б.) басқа неміс, поляк, мордва, дүнген, тәжік, еврей және т.б . бар еді.1926 жылы халық санағы бойынша Қазақстанның қазіргі шекарасында 6198,4 мың адам тұрды, олардың 58,5 проценті қазақ, 20,6 проценті-орыс, 13,9 процент-украйн ,2,1 процент-өзбек, 1,3 процент -татар, 1,0 процент-ұйғыр, 0,8 процент-неміс және т.б. 1928-1934 ж.ж Қазақстанда ашаршылық басталды, ол көшпенді және жартылай көшпелді елді отырықшыландыру, сол сияқты қолдан урбанизациялау істерін зорлап ұжымдастыру саясатымен ұштастыра жүргізуі салдарынан туды. Жүздеген мың орыстар, украйндар, ұйғырлар және басқа ұлт өкілдері қырылды, бірақ қырылғандардың негізгі көпшілігі қазақтар болды. Қолда бар есеп бойынша 1929- 1938ж.ж. 2610 мың қазақ қырылды, 1935-1938 ж.ж. әлеуметтік және саяси репрессияның салдарынан 135 мың адам жойылды. Қазақтардан барлық шығын 2750 мың адам болды. 1928-1930 ж.ж. ішінде жаңа құрылып жатқан совхоздарға елдің әртүрлі облыстарынан 65 мың отбасы көшіп келді. 1940ж. Украина мен РКФСР-дің жері аз аудандарынан, әсіресе Мордавия, Чувашия, Татарстан жэне басқа республикалардан ерік білдірген шаруаларды ұйымдасқан түрде көшіріп әкелу басталды. 30 ж.ж. ақырында бірсыпыра этностық топтардың жер аудару басталды, олардың бір бөлігі Қазақстанға жер аударылды. 1937 ж. қыркүйек-қазан айларында Қиыр Шығыстан Қазақстанға 110 мың корейлер, Азербайжан мен Армениядан 2,4 мыңнан астам ирандық, әзірбайжан, курд, армиян отбасылары Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарына жер аударылды. 1939 ж. халық санағы бойынша қазақтардың үлес салмағы 1926 ж. салыстырғанда 20,5 дәрежеге құлдырап, 38%-ке тең, украйндердің үлесі 13,9-дан 10,8%-ке, өзбектер 2,1-ден 0,66%-ке төмендеді Орыстар Қазақстандағы ең ірі этностық топқа айналды, олардың үлес саны 20 дәрежеге өсіп, 40,2%-ке жетті. Немістер 1,5%-ке, корейлер 1,6, белорустар 0,5% болды. Соғыс жылдары Қазақстанға көшіп келушілердің тасқыны шұғыл артты. Жаппай жер аударудың қарсаңында, 1939 жылғы халық санағы бойынша Қазақстанда 54696 поляк, 3569 латыш, 808 ливан және т.б. тұратын. Елдегі неміс халқының да тағдыры осылай болып шықты. 1941 жылғы тамызда Қазақстанға 349713 неміс көшіріп әкелінді, олардың жалпы саны 441713 болатын. Қалған немістер Қазақстанға 1944-1945 ж.ж. көшіп келді. Мұның үстіне Қазақстанның және елдің басқа жерлерінде жалпы саны 2,5 млн.адам неміс және жапон әскери тұтқындары жұмыс істеді. Орта Азия мен Қазақстанға 1944 ж. ақпанда-чечен және ингуш халықтары, наурызда-балқарлар, қарашада - месхет- түріктері, қырым татарлары, қарашайлар және басқа халықтар күштеп көшіріліп әкелінді. 1957 ж. чечен жэне ингуш халықтарының автономиялары қайтадан қалпына келтірілгеннен кейін олар Солтүстік Кавказға қайта көше бастады, қарашайлар, балқарлар, қалмақтар ағылып қайтып жатты. Гректердің, месхет түріктерінің, поляктардың, корейлердің, Еділ бойы немістерінің бір бөлігі Орта Азия мен Қазақстанда қалды. қырым татарларының, 1954-1962 ж.ж. тың және тыңайған жерлерді игеру үшін Қазақстанға 2 млн. Жуық адам, олар негізінен елдің Европалық бөлігінен келді. Жұмысшылардың көпшілігі Украинадан, Белоруссиядан, Молдавиядан және Литвадан іріктеп алынды. 1939,1959,1970 ж.ж. халық санағы арасында Қазақстандағы ең саны көп этнос орыстар болып келген. 1939-1970 ж.ж. арасында орыстар, украиндар, белорустар халықтың басым көпшілігі болып келді .Орыстар, татарлар, корейлер негізінен қалада тұратын этностар болып қалды да, қазақтар, немістер,өзбектер, әзербайжандар ауыл селолық этностар болды. Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-батыс, оңтүстік-шығыс шөл және шөлейт аймақтарының ауа-райы КСРО-ның Европалық бөлігінен, Сібір мен Қиыр Шығыстан көшіп келушілер үшін ұнамсыз болды. Алайда бұл облыстар қалаларына КСРО орталығы ведомстволардың күш салуымен экстенсивті жолмен өнеркәсіпті дамытуға, ірі көлемде күрделі құрылыстар жүргізуге жаңа қоныстаушылар жіберіліп жатты. 1951-1970 ж.ж. жалпы алғанда КСРО-ның басқа аудандарынан Қазақстан кіші-қоныс процесінің бәсеңдеуі байқалады. Қазақстаннан басқа республикаларға көшіп кетушілер арасында 1988-1990 ж.ж. орыстар 53-55%, украиндар 9-12% , немістер 6-8 %, қазақтар 6-9% республикаға көшіп келушілер арасында орыстар 48 , украиндар 8%, немістер 5% қазақтар 20% болды. 1991 жылы Қазақстаннан қазақ емес халықтар көшіп кетуінің нәтижесінде азайып кетті, ал Өзбекстаннан, Түркменстан және Ресейден қазақтар көшіп келуі нәтижесінде өсе бастады. Шығыс Европа елдерінен келген маман жұмысшылар Қазақстаннан кетіп жатыр, бірақ ҚХР- ден табыс табу үшін (ауылшаруашылық жұмыстарына және коммерцияға) қытайлар келіп жатты. 1979-1989 ж.ж. этнодемографиялық құрамының ағымы мынаны көрсетеді: 1979-1989 ж.ж. халықтың жалпы өсімінде қазақтардың үлес саны 70, орыстардың үлесі 13, немістердің үлесі 3 процент болды.   1.4. Шығыс Қазақстан облысының халқы және ұлттық құрамы             ХVI ғ. қазақ  халқы – Ұлы, Орта  және Кіші жүзге бөлінді.Қазіргі  Шығыс Қазақстан  облысы орналасқан жерде  Орта жүзге жататын  арғын,қыпшақ, қоңырат, найман, керей,уақ рулары мекендеген. XVII ғ. алғаш рет орыстар Ертістің жоғары бөлігіне келген кезде , жоңғарлар  қазақтарды  батысқа ығыстырып  тастаған  еді.Ал қазіргі Шығыс  Қазақстан   өлкесі  жоңғарлардың қол астында қалған болатын. Жоңғар мемлекетінің  күшейген кезінде Орта жүз хандары халқын олардың шапқыншылығынан аман  сақтап қалу үшін, орыс патшалығының қол астына қабылдауын өтініп, патша  өкіметінің қол астына кірді.[ 3] Осы жағдайдан кейін  шет аймақтарды отарлау,құлдану саясатын  жүргізген патшалық Ресей Ертіс бойын игеруді қолға алды.Алдымен бұл  жерге  үстем таптан зорлық­зомбылық көрген орыс шаруалары келіп  қоныстанды. 1762 ж.Шығыс Қазақстан жеріне бекіністер салынғаннан  кейін  Башкириядан келген казактар,татарлар,өзбектер келіп қоныстанды. XIX  ғ. аяғы XX ғ. басында Ресейден,Украинадан,Волга бойынан жері  жоқ  шаруалар Шығыс Қазақстан жеріне көшіп келгендіктен, облыс халқының саны біршама көбейді. Қазан революциясынан кейін қоныс аударғандар мен  отырықшылыққа бейімделген қазақтардың есебінен де халық саны өсті.  Репрессия  кезінде халық саны күрт төмендеді. Ұлы Отан  соғысы жылдарында ТМД­ның Европалық бөлігіндегі халықты қауіпсіз жерге  көшіру (эвакуация) және Қырым, Кавказ,Волга бойындағы   жазаға ұшыраған (репрессия) халықтардың  қоныстану есебінен облыс  халқының өсуі байқалды.          Осындай аумалы­төкпелі кезеңде келген әрбір ұлтқа қазақ халқы пана  бола білді.Оларды құшақ жайып қарсы алып,төрлерінен орын берді.Соның  нәтижесінде халықтың ұлттық құрамы өзгерді.                                                                                                                                   II тарау. Семей өңірінің этнодемографиялық жағдайы 2.1. Семей өлкесі халқының ұлттық құрамы Біздің

Научный проект "Семей өңірінің этнодемографиялық жағдайы"

Научный проект "Семей өңірінің этнодемографиялық жағдайы"

Научный проект "Семей өңірінің этнодемографиялық жағдайы"

Научный проект "Семей өңірінің этнодемографиялық жағдайы"

Научный проект "Семей өңірінің этнодемографиялық жағдайы"

Научный проект "Семей өңірінің этнодемографиялық жағдайы"

Научный проект "Семей өңірінің этнодемографиялық жағдайы"

Научный проект "Семей өңірінің этнодемографиялық жағдайы"

Научный проект "Семей өңірінің этнодемографиялық жағдайы"

Научный проект "Семей өңірінің этнодемографиялық жағдайы"

Научный проект "Семей өңірінің этнодемографиялық жағдайы"

Научный проект "Семей өңірінің этнодемографиялық жағдайы"

Научный проект "Семей өңірінің этнодемографиялық жағдайы"

Научный проект "Семей өңірінің этнодемографиялық жағдайы"

Научный проект "Семей өңірінің этнодемографиялық жағдайы"

Научный проект "Семей өңірінің этнодемографиялық жағдайы"

Научный проект "Семей өңірінің этнодемографиялық жағдайы"

Научный проект "Семей өңірінің этнодемографиялық жағдайы"

Научный проект "Семей өңірінің этнодемографиялық жағдайы"

Научный проект "Семей өңірінің этнодемографиялық жағдайы"

Научный проект "Семей өңірінің этнодемографиялық жағдайы"

Научный проект "Семей өңірінің этнодемографиялық жағдайы"

Научный проект "Семей өңірінің этнодемографиялық жағдайы"

Научный проект "Семей өңірінің этнодемографиялық жағдайы"

Научный проект "Семей өңірінің этнодемографиялық жағдайы"

Научный проект "Семей өңірінің этнодемографиялық жағдайы"

Научный проект "Семей өңірінің этнодемографиялық жағдайы"

Научный проект "Семей өңірінің этнодемографиялық жағдайы"

Научный проект "Семей өңірінің этнодемографиялық жағдайы"

Научный проект "Семей өңірінің этнодемографиялық жағдайы"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
25.04.2019