Нүкте. Түзу ҚЫСҚАМЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Оценка 4.8

Нүкте. Түзу ҚЫСҚАМЕРЗІМДІ ЖОСПАР

Оценка 4.8
docx
24.04.2020
Нүкте. Түзу ҚЫСҚАМЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Нүкте. Түзу ҚЫСҚАМЕРЗІМДІ ЖОСПАР.docx

Қысқамерзімді жоспары

 

Сабақ: Математика

 

Мектеп:  

 

Сабақтың тақырыбы:  Нүкте. Түзу

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 1А

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1 Геометриялық пішіндер

 

Сабақтың мақсаттары

 

1.3.1.1 Геометриялық фигураларды: нүкте, түзу, қисық және сынық сызықтар, тұйықталған  және тұйықталмаған сызықтар, кесінді,  сәуле, бұрышты  бір- бірінен ажырату және атау.

Тілдік мақсаттар

 

Сол жақта, оң жақта, жоғары, төмен, алдында,артында, арасында, үстінде, себептері, ерекшеліктері, белгілері

 

Құндылықтарды дарыту

Өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Сынып оқушыларының, сынып бөлмесіндегі заттардың санын анықтау барысында қазақтілі және әдебиеті пәнімен байланыс жүзеге асады.

Бастапқы білім

Оқушылар күнделікті өмірде  немесе  балалар бақшасында  алған білім тәжірибесіне сүйенеді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

 

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

7        минут

Санау

1.      10-ға дейін тура және кері санау

0  1  2  3  4  5  6  7  8  9  10

10  9  8  7  6  5  4  3  2  1  0

2.      Ондықтармен санау

3.      Аңдардың орнын анықтау

«Нешінші қабат? Нешінші пәтер?»

Сан аралықтары

Сабақ мақсаттарын/ОМ анықтап алу

Геометриялық фигураларды: нүкте, түзу, қисық және сынық сызықтар, тұйықталған  және тұйықталмаған сызықтар, кесінді,  сәуле, бұрышты  бір- бірінен ажырату және атау.

Нүкте, сызық, сәулені салып үйрену.

Ой қозғау.

Осы сынып ішінен сызыққа ұқсас заттарды атаңдар. Нүктеге ?

http://БББ.topmarks.co.uk/maths-games/7-11-years/ordering-and-sequencing-numbers

 

Сабақтың ортасы

30 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарапайым геометриялық фигуралармен танысу (нүкте, түзу, сәуле, кесінді)

1. «Жазықтық» ұғымын түсіндіру. Тақтаның беті, еден, алдарыңдағы қағаздың беті, столдың үсті.

2. Егер сол жазықтыққа қаламның ұшын тигізсек нүкте (.) пайда болады.

3. Көптеген нүктелерді қосу арқылы сызық, түзу, кесінді және басқа  әр түрлі геометриялық фигураларды сызуға болады.

4. Сызықтар әр түрлі: ирек, сынық, түзу болады.

 (МК, Ұ) Оқушыларға түзу сызық сызуды және  оның түзу деп аталатынын, оның шексіз екенін әрі басы мен соңы болмайтынын   айту. Сосын түзудің бойына бір нүкте белгілету.

Нүктеден оңға немесе солға сызылған түзуді сәуле  деп аталатынын, ал нүкте сәуленің басы болып табылатынын, сәуленің соңы болмайтынын түсіндіру.  Енді түзудің бойына екінші нүктені салуды тапсыру. Екі нүктенің арасы кесінді деп аталатынын , оның басы және соңы болатынын түсіндіру.

Түзулерді қарастыру

(Ұ) Сынып бөлмесінде және мектеп айналасында көрінетін сызықтарды талқылау. Сөздерді  жазып (тұйықталған немесе тұйықталмаған түзу сызықтар, шекара, аймақ ), әр сызықтың ерекшеліктерін түсіндіру.

Картинки по запросу линия  Картинки по запросу сызықтар 

(Қ) Оқушыларға  өздері сызған түзулерін көрсету үшін жеке ламинатталған парақтар қолдану.

(Ұ) Әр оқушы жеке парақшаларында  тапсырмаларды орындауын сұрау: нүкте арқылы бірнеше түзулер жүргізуін, содан кейін әр түрлі түспен әр екі түзу арасындағы аймақты бояуын сұрау. Бұрыш туралы түсінік беру.

) Тұйық және тұйықталмаған сызықтарды құрастыру және оның  аумағы мен шекараларын анықтау үшін Geogebra кестелік бағдарламаны пайдалану.

(Қ) Оқушыларға  өздері сызған түзулерін көрсету үшін Б маркер тақталарын қолдану ұсынылады. Түзулер басқаша сызылу мүмкін екеніне көңіл аудару мысалы, тұйық сызықтар болуы мүмкін.

Топтық тапсырма

«Гүл теру» ойыны

Суреттер, Геометриялық фигураларды: нүкте, түзу, қисық және сынық сызықтар, тұйықталған  және тұйықталмаған сызықтар, кесінді,  сәуле, бұрыш. Ламинадталған парақ.

 

Сабақтың соңы

2 минут

 

(Б) Оқушыларды робот ретінде  елестеткен түзулер бойымен саяхатқа шыға алатындай керекті кеңістік табу.  Мысалы, қисық сызық, тұйық сызық  маңында саяхат жасайды.  Сызықтардың  белгілерін қорытындылау.

Картинки по запросу сызықтар    

 

 

Қосымша ақпарат

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін  тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Сызуға, жазуға қиналатын оқушыларға қолдау көрсету.

Оқушылардың дербес жазу, сызу әрекеттерін бақылау арқылы бағалау.

Сергіту сәті арқылы жүргізіледі.

 


 

Скачано с www.znanio.ru

Сабақ: Математика Мектеп:

Сабақ: Математика Мектеп:

Сан аралықтары Сабақ мақсаттарын/ОМ анықтап алу

Сан аралықтары Сабақ мақсаттарын/ОМ анықтап алу

Бұрыш туралы түсінік беру. (Б )

Бұрыш туралы түсінік беру. (Б )
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
24.04.2020