Нуклеофилді реагенттермен карбон қышқылдары мен оның туындыларының (ангидридтер галогенангидридтер) реакциялары.
1.Карбонилді көміртек атомындағы орынбасу реакциясының схемасы және жаппы сипаттамасы.
2. Ацилдеуші реагенттердің реакциялық қабілеттілігін салыстыру
3. минералды қышқылдармен Льюис қышқылдарының катализінің схемасы
Нуклеофилді реагенттермен карбон қышқылдары мен оның туындыларының(ангидридтер галогенангидридтер) реакцияларыны4 химиялық синтез жолымен әр түрлі карбон қышқылдарының туындыларын алуда маңызы өте зор
Нәтижесінде карбон қышқылдарының галоген ангидридтері түзіледі
Жоғарыдағы екі реакция нәтижесінде де карбоксил тобындағы гидроксил тобының орнын галоген атомы басады. Галогенангидридтеріндегі галогеннің реакциялық қабілеті өте күшті. Құрамында метал атомы немесе сутектің активті атомы бар қосылыстармен әрекеттескенде, оның орнын қышқыл қалдығы басады. Ондай реакцияларды ацилирлену деп атайды, анығырақ айтқанда (жаңа түзілген молекуланың кұрамында ацетил қосылған болса) ацетилдену делінеді. Хлорлы ацетилді мысалға алып, сондай реакциялардыц бірнешеуін қа-растырайық.
Сөйтіп, қышқылдардың галогенангидридтері арқылы қышқылдардың барлық туындыларын: тұздар, ангидридтер, галогенангидридтер, күрделі эфирлер, амидтер, асқын тотықтар, нитрилдер және т. т. алуға болады.
Механизмі жағынан осы реакциялардың барлығы да соңынан реакция нәтижесіндс түзілген реакция комплексі ыдырап кететін нуклеофильдік косылыс реакциялары болып табылады. Мысалы хлорлы ацетилдегі гидролизі мынадай схема бойынша жүреді.
3. Қ ы ш к ы л д а р д ы ң ангидридтері қышқылдардың тұздарымен галогенангидридтерінің әрекеттесуі нәтижесінде түзіледі:
Аралас аигидрид алу үшін, ор түрлі кышқылдың керекті туындыларын алады. Мысалы, май қышқылының натрий тұзы хлорлы ацетилмен сірке-май ангидридін түзеді.
Кейбір қышқылдар суды күшті тартатын заттармен (Р2О5) әрекеттесіп, жоғары температурада катализатор қолданып және реакция өнімдерін тез суытатын, ангидридтер түзеді
Жеңіл кышкылдардың ангидридтері — өткір иісті шайқалмалы сұйық заттар: суда нашар немесе тіпті ерімейді. Өздеріне сәйкес қышқылдарға қарағанда жоғарырақ температурада кайнайды.
Қышкылдар ангидридтерінің химиялык активтігі күшті келеді және галогенангидридтер тәрізді бұлар да ацилдегіш заттар болып саналады:
а) сумен (жай) қайнатса бұлардың әрқайсысының өзіне сәйкес келетін қышқылдар түзіледі,
ә) спирттермен қышқылдың және күрделі эфирдің қоспасын
түзеді;
Осы реакцнялардың барлығы, қышқылдардың хлорангидридтерінің реакциялары тәрізденіп, нуклеофильдік қосылыс сатысы арқылы жүреді.
Сірке ангидриді құрамында гидроксилі бар органикалық қосылыстарды ацетилдеу үшін кеңінен қолданылады (мысалы, ацетат жібегін өндіргенде,
Қышқылдардың амидтері галогенангидридтер, қышқылдардың антидридтері арқылы немесе қышқылдардың аммоний тұздарынан алынады:
Осы .тұздарды құрғақ айдағанда су бөлініп шығып, қышқылдардың амидтері түзіледі:
Қышқылдардың амидтері — кристалды заттар (құмырсқа кышқылының сұйық амидінен — формамидтен басқасы). Амидтер химиялык оңай өзгермелі келеді:
а) Р2О5-мен араластырып қыздырса су бөліпіп шығады да қышқылдардыц нитрилдері түзіледі:
ә) амин тобының сутегі металға орнын едәуір оңай береді. Мысалы, ацетамид сынап тотығымен әрекеттеседі.
б) амидтерді минералдык кышқылдардың немесе сілтілердің судағы ерітінділерімен араластырып қайнатса,гидролизденеді де карбон қышкылы немесе оның тұзы түзіледі:
Қышқылдардың амидтері нитрилдер сабынданғанда аралық өнім ретінде де түзіледі
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.