Қонжықпен ойнаймыз
Оценка 4.9

Қонжықпен ойнаймыз

Оценка 4.9
Разработки уроков
docx
физическая культура
Детсад
17.11.2018
Қонжықпен ойнаймыз
Тема: играем с медом .Играть с детьми на свежем воздухе. Жарысттыру взаимодействия детей на свежем воздухе, Соревнование состоит из нескольких частей. Организованная учебная деятельность у детей очень хорошая и настроение поднимается. Ребята познакомились с гостем, играли в прогулку.По окончании соревнований детям вручали грамоты и подарки.
ҰОҚ.docx
ҰОҚ (таза ауада) Білім саласы: «Денсаулық» Бөлімі:«Денешынықтыру» Тақырыбы: Қонжықпен ойнаймыз (таза ауада) Негізгі қимылдары: сызық үстінен екі аяқпен секіру, кедергілер арасынан  жүру және жүгіру. Мақсаты:екі аяқпен секіру дағдысын қалыптастыру. Міндеттері:сызық үстінен екі аяқпен секіріп өтуді үйрету. Кедергілер  арасынан жүру және жүгіруді бекітуді жалғастыру, шапшаңдықты дамыту. Шектеулі  алаң үстінде жүргенде тепе­теңдікті сақтай білуді жетілдіру. Зейінін дамыту,  кішіпейілділікке тәрбиелеу. Жарақаттанудың алдын алу. Ойын:«Допты домалат». Міндеті: саусақтарымен ептілікпен допты домалатуды бекіту. Күтілетін нәтиже: қайталайды: тақпақ мәтініне сай жаңғақтармен ЖДЖ жасау, сызық арқылы  секіру; түсінеді: шеңбер бойымен қалай сапқа тұруды, жолдан өту кезінде қауіпсіздік  ережелерін сақтаудағы қимыл­қозғалыстардың орындалу ретін; қолданады: педагогтің берген белгісімен жүгіру әдістерін, кеңістікте  бағдарын айқындауды. Құрал­жабдықтар: ойыншық қонжық, «бұлақ» (арасы 50 см болатын 2 метрлік екі жіп), 6 кегель, 4 шеңбер (диаметрі – 25 см), доп (диаметрі 20 см), бала санына  қарай жаңғақтар. Билингвалды компонент: сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз – до  свидания,аю – медведь. ҰОҚ барысы І.. Педагог: Балалар, мен жұмбақ жасырайын: Қаһарлы қыста ол ұйықтап, Саусағын сорып жатады. Күлімдеп көктем келгенде, Ұйқысынан тұрады. Ол кім?... (аю). ­ Иә, бұл – аю. Бүгін бізге ойыншық қонжық қонаққа келді, өзімен бірге бір  себет жаңғақ әкелді.Біз онымен бірге ойнаймыз, жүгіреміз, секіреміз. Ал алдымен біз  қонжыққа қалай әдемі жүре алатынымызды көрсетейік. 71 Бір­бірден тізбекке тұру. Бірінің артынын бірі жүру. Ал енді қандай жылдам екенімізді көрсетеміз. Жүгіру. Ал енді қандай епті әрі күшті екенімізді көрсетеміз. Шеңберге тұруды ұсынады. ІІ. Негізгі кезең. Бір­бірлеп сапқа тұрғызу. Бірінің артынан бірі жүреді. – Ал енді қандай шапшаң екенімізді көрсетейік. Жүгіреді. – Ал енді ептілігіміз бен күшімізді көрсетейік. Шеңбер бойымен тұруды ұсынады. «Қазір қонжық әрқайсымызға бір­бірден жаңғақ береді. Біз оған жаңғақпен  қандай жаттығу жасауға болатынын көрсетеміз. Жаңғақтардың көмегімен жалпы дамыту жаттығуларын орындау. Жаңғақтар шыршадан түседі, Балалар оны тездетіп тереді. Б.қ. – аяқтары иықтарымен сәйкес қашықтықта, жаңғақ ұстаған қолдары  төменде. 1­қолдарын жоғары көтереді, керіледі, жаңғақты жерге тастайды, отырады,  жаңғақты жерден көтереді, түзеледі (4 рет қайталайды). Бұта түбінде жаңғақ домалады, Жасырынып ол қалды. Б.қ. – аяқтарын алшақ қойып отырады, қонжықты қолдарына ұстап тізесіне  қояды. 1­2 – алға қарай иіледі (тізелерін бүкпеуге тырысады) жаңғақты аяқтарының  арасына қояды, 3­4 – түзеледі, шапалақтайды, 5­6 – алға қарай еңкейеді, жаңғақты  алады, 7­8 – түзеледі, жаңғақты жоғары көтереді (4 рет қайталайды). – шалқалап жатады, жаңғақты екі қолда ұстап басынан жоғары көтереді. 1­2 – аяқтарын жоғары көтереді, қолдарын жоғары көтеріп алға қарай созады, табанын жаңғаққа тигізеді, 3­4 –б.қ. алғашқы кезеңге келеді (4 рет  қайталайды). Жаңғақтар ойнайды шаттанып, Секіріп, жүгіріп, қуанып. Б.қ. – аяқты бірге қосады, бір қолмен жаңғақты ұстайды. Бір орында секіреді (20–30 сек) Қимылдың негізгі түрлері: І. «Жолдан өту» «Кәнеки, қонжықты жолдан өтуге үйретейік». Бірінен соңы бірі сапқа тұрып басты солға және оңға бұрып «жолмен» жүру (2 рет қайталайды). 2. «Жүгірейік» «Міне, біз саябаққа келдік. Бұталар арасында жүгірейік». 3. «Секірейік» «Ал енді қонжықты дұрыс секіруге үйретейік» Сызық үстінен екі аяқпен секіру. Екі аяқпен бір мезетте итеріліп секіруге  назар аударамыз. Аз қозғалысты ойын: 72 «Допты домалат» Нұсқаушы қонжықпен бірге допты қолына ұстап, шеңбердің ортасына тұрады.  Ол допты әр балаға кезегімен домалатады. Ойын 2 рет қайталанады. ІІІ.Қорытынды кезең (рефлексия). «Қонжықпен қоштасатын сәт келді.Біз бүгін қонжыққа жаңғақтармен жаттығу жасауды, «жолдан» дұрыс өтуді, аяқтың ұшымен жүгіруді және секіруді үйреттік».

Қонжықпен ойнаймыз

Қонжықпен ойнаймыз

Қонжықпен ойнаймыз

Қонжықпен ойнаймыз

Қонжықпен ойнаймыз

Қонжықпен ойнаймыз

Қонжықпен ойнаймыз

Қонжықпен ойнаймыз
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
17.11.2018