Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Тәуеліздікке жол және ұлттық мемлекеттіліктің қайта жаңғыртылуы |
Мектеп: «М.Хасенов атындағы Бестерек орта мектеп – бақша және мектеп жанындағы интернат» КММ |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Жагалбаева М.Н. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 11 Пән: Қазақстан тарихы |
Қатысқандар: - |
Қатыспағандар:- |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы |
Орта ғасырлық Қазақстандағы ғылымның дамуы |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
11.4.1.1 әртүрлі тарихи кезеңдердегі ғылымның жетістіктерін анықтау;
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
Барлық оқушылар: Ортағасырлық Қазақстандағы ғылымның жетістіктерін анықтайды; Оқушылардың басым бөлігі: Ортағасырлық Қазақстандағы ғұламалардың ғылыми еңбектері мен зерттеулерін сипаттайды; Кейбір оқушылар: Ортағасырлық Қазақстандағы ғұламалардың ғылыми еңбектерінің маңыздылығын талдайды;
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийі |
-Ортағасырлық дәуірдегі ғылымның жеткен жетістіктерін анықтайды;
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
|
1. Ортағасырлық Қазақстандағы ғылымның дамуы мен дамытуға үлес қосқан ғұламалардың еңбектерімен танысып ақпарат алады (оқылым,тыңдалым) 2. Ортағасырлық ғұламалардың ғылым салаларына сәйкес кестені толтырады (жазылым) 3. «Ежелгі түркі жазуының қалыптасуы » тақырыбы бойынша айтады (айтылым) Лексика мен термиалогия: Руна жазуы (руническая надпись,Runik inscription); Трактаттар (трактаты,Тreatise) Сыныптағы диалог жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер Талқылауға арналған тармақтар : Орта ғасыр ғылым дамуындағы араб тілінің рөлі маңызды болды, себебі... Неліктен... екенін айта аласыз ба? Жазылым үшін ұсыныстар: Руна жазуы- Трактат- «Кодекс Куманикус»- |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарға баулу
|
«Мәңгілік Ел» аясындағы мәдениетпен тіл тұтастығы бағытында Отан тарихы мен Орта ғасырлардағы ғылымның дамуына талдау барысында жүзеге асады. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс |
Қазақ әдебиеті, дүние жүзі тарихы, география |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тақырып бойынша алдыңғы білім
|
10.4.1.1 - Қазақ халқының мәдени жетістіктерін сипаттау үшін «мәдениет», «дала өркениеті», «материалдық мәдениет», «рухани мәдениет», «қолданбалы өнер», «мәдени мұра» ұғымдарын пайдалану;
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тарихи концепт; маңыздылық |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы (10мин) 2 мин
6 мин
2 мин |
Ұйымдастыру шаралары (сәлемдесу, оқушыларды түгендеу) Ғұламалардың суреттері бойынша топқа бөлу(құрылымдалған топ) 1-топ «Махмұт Қашқари» 2-топ «Жүсіп Баласағұни» 3-топ «Әл Фараби» Оқушылар зейінін сабаққа аудару Тапсырма №1 /Ұ/ Үй тапсырмасын тексеру: «Блум түймедағы» әдісі арқылы жүреді. Интербелсенді тақта арқылы « Қазақстан қоғамының жалпыұлттық құндылықтары» тақырыбы бойынша сұрақтар қойылады. 1. «Мәңгілік Ел» идеясының құндылықтарын атаңдар? 2. Халқымыздың дала заңдары мен бүгінгі күнгі әдет-ғұрып заңдарының айырмашылығын анықта? 3. Жасы үлкен адамдарды құрметтеуге байланысты қандай мақал мәтелдерді білесіңдер? 4. Қазақтардың қонақжайлық қасиетін басқа бір ұлттпен салыстыр; 5. Болашақта бабалар дәстүрінің бәрін қолдана аламыз ма? (болжау) 6. Бабалардан қалған салт –дәстүр уақыт өте келе өзгеріске ұшырады ма? Дескриптор - «Мәңгілік Ел» идеясының құндылқтарын атайды; - дала заңдары мен бүгінгі күндегі әдет-ғұрып заңдарының айырмашылықтарына тоқталады; - Үлкенге құрмет туралы мақал-мәтелдерді айтады; - Қазақтардың қонақжайлық қасиеттерін өзге ұлттармен салыстырады; - болашақта осы дәстүрлер сақталады ма деп болжам жасайды; -Өзгеріске ұшыраған салт-дәстүрге мысал келтіреді; (ҚБ) «плюс» «минус» « керемет» Тапсырма № 2 Миға шабуыл. Тәсілі: «Төрт сурет, бір сөйлем»
Мақсаты: эвристикалық әңгіме арқылы жаңа сабақ тақырыбын ашуға қадам. 1.Бұл суреттер негізінде сіздерде қандай ой туындайды? 2.Бұл суреттердің ортақ байланысы неде деп ойлайсыздар? 3.Осы суреттерге қарап қандай болжам жасауға болады? деген сұрақтар негізінде оқушылардың ой-пікірлері сұралып,сабақ тақырыбына болжам жасалады. Оқушыларға жауаптары тыңдалғаннан кейін ауызша қолдау жасалып, жаңа сабақтың тақырыбын анықтаймын. /М/ Оқу мақсаты. 11.4.1.1 Әртүрлі тарихи кезеңдердегі ғылымның жетістіктерін анықтау; |
Оқу мақсаттары, сабақ мақсаттары, бағалау критерийлері жазылған слайд.
Интербелсенді тақта |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы (25 мин) 10 мин
15 мин |
Тапсырма №3 /т/ «ЖИГСО» әдісі. /Т/ Жаңа тақырыпты меңгеру үшін оқулықтағы мәтін қосымша деректерді топтарға бөліп беру. (Дереккөз арқылы саралау) 1)Мәтінді жекелей оқиды 2) Топпен талқылайды 3) Сыныпқа түсіндіреді 1-топ. «Махмұт Қашқари» (1 үлестірме) 2-топ. «Жүсіп Баласағұни» (2 үлестірме) 3-топ. «Әл Фараби» (3 үлестірме) Зерттеу сұрағы: - Махмұд Қашқаридың еңбегін сипаттайды; - Ж. Баласағұнидың «Құтты білік» еңбегінің негізгі айтар ойын талдап,баға береді; - Әл-Фарабидің шығармашылық жолындағы ізденісін зерттеп еңбегінің құндылығын жіктейді? Дескрипторлар: -Әр түрлі тарихи кезеңдегі ғалымдардың ғылымды дамытуға қосқан үлестерін талқылайды; - М.Қашқариды энциклопедист-ғалым екендігін атайды; - М.Қашқаридың еңбегін сипаттайды; - Ж.Баласағүнидің еңбегінің негізгі айтар ойын талдайды; - Әл-Фарабидің шығармашылық жолындағы ізденісін зерттейді; - Әл-Фарабидің еңбектерінің құндылығын жіктейді; ҚБ. «3+2+1» активатор (3 білгені, 2 түсінгені, 1 қолданатыны) Тапсырма №4 Оқушының таңдауы бойынша деңгейлік тапсырмалар А, В, С (қиындық деңгейіне байланысты) А- деңгейлі тапсырма: (оқулықтағы мәтіннен) Ерте орта ғасыр дәуіріндегі түрік жазуының қалыптасуы мен жазба деректері. БББ кестесін толтырады.
Дескриптор: 1.Ерте орта ғасырдағы түрік кезеңін сипаттайды; 2.түрік жазуының қалыптасуы кезеңін атайды; 3.Ерте орта ғасырларда түркі жазуын зерттеген ғалымдарды айтады; В-деңгейлі тапсырма: Ортағасырлық ғылымның дамуындағы ислам дінінің рөлін қос жазба күнделігін толтыру арқылы анықтайды
Дескриптор: 1. Түркі жазуының қолданыстан ығыстырылу себебін түсіндірелді; 2.Орта ғасырлардағы ғылымның дамуында араб тілінің енуімен болған өзгерістерді сипаттайды; 3.Ғылымның дамуына исламның кем дегенде 3әсерін дәлелдейді; С-деңгейлі тапсырма: «Ортағасырлық ғұламалар» тақырыбына эссе жазу Дескриптор: 1.Ғұламалардың ғылыми еңбектері туралы ой толғайды. 2.Ортағасырлық ғұламалардың ғылыми жетістіктеріне тоқталады; 3.Ортағасырлық ғұламалардың еңбектерінің құндылығына 1-4 дәлелдер келтіреді; Қ.Б. «Ашық микрафон» тәсілі арқылы топтарға кері байланыс жасау |
Үлестірме№1, Үлестірме №2, Үлестірме№ 3 «Қазақ халқының тарихи тұлғалары» 1-кітап Көпішев Ә. «Өнер» баспасы,2016 (66-80беттер)
Картамен жұмыс
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы (5 мин) 3 мин
2 мин |
Тапсырма 5. Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы: Ортағасырлық ғылым мен білімнің дамуы кезеңдерімен зерттеген ғалымдарды кестеге белгілеңіз
Дескриптор: - Ортағасырлық ғылым мен білімнің даму кезеңін анықтайды; - Ортағасырдағы ғылым дамуындағы араб ілімінің рөлін анықтайды; - Ортағасырлық ғылым мен білімнің дамуын зерттеген ғалымдарды белгілейді; - Әл-Фарабидің ғылымдағы жетістіктерін көрсетеді; - Әл-Идрисидің ғылымдағы жетістігін атайды;
Рефлексия «Табыс баспалдағы» (оқушылар мұғалімге кері байланыс береді) Мен толық түсіндім.... Мен түсінген сияқтымын.. Маған көмек керек болды...
Үй тапсырмасы: § 39-40 оқу. Қосымша материалды пайдаланып, ортағасырлардығы Қазақстан мен Батыс Еуропа елдерінің ғылыми жетістіктерін ВЕЕН кестесіне салып салыстырмалы талдау жасаңдар.
|
А4 кесте |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық және
қауіпсіздік техникасын сақтау |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Т 1. Блум түймедағы қиындық деңгейі бойынша саралау. Т 2. «Төрт сурет, бір сөйлем» визуал оқушылардың қажеттілігін қанағаттандыруға арналған Т 3. «ЖИГСО» әдісінде саралаудың жіктеу тәсілі қолданылады сонымен қатар оқушыларға дереккөз арқылы да саралау жүреді. Т4.Қиындық деңгейі арқылы саралау тапсырмасы беріледі мысалы алымы төмен оқушы БББ кестесін толтырады, мықты оқушылар эссе жазады
|
Т 1.«плюс», «минус», « керемет» Т 2. «3+2+1» Т 3. «Ашық микрафон» Т 4.Табыс баспалдағы |
Денсаулық сақтау технологиялары. Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолдану. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен? |
Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы бағалау
Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1:
2: Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1:
2: Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
1 үлестірме. Махмуд Қашқари
Түркі тілдерінің тұңғыш сөздігін құрастырушы, энциклопедист-ғалым, атақты «Диуани лұғат-ат-түрік» еңбегінің авторы Қарахандар ақсүйектер отбасынан шыққан.
Атақты ғалым Баласағұн қаласында туған. Балалық және жастық шағының көп мезгілін Ыстықкөл маңындағы қыпшақтарда өткізеді. Ең алғашқы білімді туған қаласынан алып кейіннен оқуын Бұхара мен Бағдатта жалғастырған. Кейіннен Орта Азия мен Иранның біраз қалаларын аралауға сапар шегеді. Араб мәдениетінің орталығы болған Бағдат қаласында да тұрып заң ілімі, арифметика, Құран, шариғат пен хадис бойынша білім алады.11 ғасырда өзінің ұлы мұрасы «Диуани лұғат-ат-түрік» еңбегін жазып,түркі тілдерінің мәртебесін көтереді. Екі ғасыр өткен соң 1266ж тамыз айында «Диуани лұғат-ат-түрік» түпнұсқасынан бір сириялық кісі көшіріп алады. Әбдірахман әл-Басридің (7 ғ) «Китабул айни) атты еңбегі негізінде түзеген. Сөздіктің түпнұсқасы жоғалған. 1266ж жаслған көшірме 1915ж Ыстамбұл базарында ескі заттарды сатушының арбасынан табылған.Қазір Ыстамбұлдағы Фатих кітапханасында сақтаулы тұр. 3 томнан, 8 кітаптан тұратын еңбекте 6800 түркі сөзі ғылыми жүйеге түсірілген. Түркі тайпаларының ерекшеліктерін сақтай отырып,тіл байлығын зерделеу, айтылу, жазылу, заңдылықтарын қолдану аясына қатысты айырым белгілерін зерттеу ғалымның басты ұстанымы болды. Сөздерге түсінік беруде 242 бәйіт пен 262 мақал-мәтелді пайдаланды. Ол көптеген ұлыстардың, тайпалардың тіл ерекшеліктерін саралап,түркі тілінің бітімін ежіктей түсіндіреді, тұрмыс-салтын, әдет-ғұрпын баяндайды, сол кездегі бірқатар қаламгерлердің, ғұламалардың, тарихи адамдардың аттары мен өмірбаяндық деректерін, түркі халықтарының байырғы жырларын, мақал-мәтелдерін береді. Араб филологиясын жетік білген және өз білімін туған халқының тілі мен әдебиеті,тарихы мен этнографиясы,географиясы жайында зерттеулер жүргізуге жұмсаған. М.Қашқари еңбегі негізінен сол дәуірдегі түркі тайпаларының тілдік құрлыстарын жүйе-жүйемен баяндауға арналған. Қашқари еңбегін қазіргі заманда, тек қана тіл мамандары оқып,зерттеп қоймай, сонымен қатар, әдебиетші, тарихшы, этнографтар мен географтардың қызығушылығын тудырады.
2 үлестірме.
Жүсіп Баласағұни
Ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни Шу мен Іле өзені аралығында 11 ғасырда музыкант отбасында дүниеге келген. Замандастары мен өзінен кейінгі ұрпақтарға дарынды ақын ғана емес,ғалым ретінде танымал болған. Есімі әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында «Құдадғу біліг» дастаны арқылы қалды. Ол бұл дастанды хижра есебімен 462ж., қазіргі жыл санау бойынша 1070ж жазып бітірген. Дастанды «хандардың ханы»- Қарахандар әулеті мемлекетінің негізін салушы Сатұқ Қара Бұғра ханға тарту етеді.
«Құтты білік» дастаны- түркі тілді туысқан халықтардың бізге келіп жеткен дүниежүзілік мәнге ие бірден –бір жазба әдеби ескерткіші. 11 ғасырға дейінгі жазба әдеби тілдің даму жолдарын білдіре алатын, түркі тілді халықтардың қоғамдық ой санасында орын алған рухани құбылыстарды тұтас қамтыған энциклопедиялық қуатқа ие көркем туынды. Дастанның бізге жеткен үш көшірме нұсқасы бар.Біріншісі, Герат қаласында 1439ж көне ұйғыр жазуымен( қазір ол Вена қаласындағы Корольдік кітапханада сақталған), екіншісі, 14 ғасырдың бірінші жартысында египетте араб әріппен ( каирдың Кедивен кітапханасы қорында) көшірілген.Ал Наманган қаласынан табылған үшінші нұсқасы 12 ғасырларда араб әріпімен қағазға түсірілген. Бұл қолжазба Ташкенттегі Шығыстану институтының қорында сақтаулы тұр.Ғалымдар осы көшірме нұсқаның негізінде ғылыми негізделген толық мәтінін жасап шықты.Еңбекте отбасы тәрбиесінде ата-ананың алатын орнына, бала мінез-құлқын, психологиялық ерекшеліктерін қалыптастыру, отбасында ананың алатын орнымен қатар әкенің де бала тәрбиесіндегі алатын орнына ерекше мән береді. Дастанда «Тіл туралы» айтқан қағидаларының тәлімдік-тағылымдық, ғибраттық мәні ерекше мысалы «Тіл адамның даңқын асырады», «Тіл адамға жапа да шектіреді», «Абайламаса, басынан да айырады», «Жақсы болғың келсе,жаман сөз айтпа»
Дастанда білім, ақылдың қасиеттері жақсылық және жамандық, адамгершілік қасиеттер, адамгершілік құндылықтар қарастырылады, мәселен «Ақылды-ұлы, білімді-білікті,қонса екеуі,ұлы етер жігіті», (Ақыл пайда бола, ұлылық толады, білім кімде, сол білікті болады («Біліссіздер бар кеселді көреді, емдемесе тектен – текке өледі», «Ақыл-шырақ, қара түнді ашатын, Білім-жарық, нұрын саған шашатын», «Білім-байлық, азаймас һәм жоғалмас, қарақшы, ұрыға да тоналмас!». Білік-білім туралы Жүсіп Баласғұни өзіне ақыл-кеңес береді: «Білік біліп-төрден орын аларсың, Білік білсең,күшті,берік адамсың» Осындай дидактикалық 6500 бәйіттен тұратын дастанның әдеби, тілдік, тарихи тұрғыдан ғылыми мәні ерекше. Бұл шығарма бертін келе қазақ халқының этникалық құрамыне қалыптастырған ру-тайпалардың орта ғасырдағы тұрмыс-тіршілігін, наным-сенімін, әдет-ғұрпын,сөз өнерін,тілін зерттеп білу үшін аса қажетті,құнды мұра. Қазақ ғалымдары Б.Кенжебаев,Ә.Дербісәлиев,Ғ.Айдаров, Ә.Қоңыратбаев, М.Мырзахметов еңбектерінде бұл көне жәдігер әдеби,тілдік,стильдік, философиялық, педагогикалық, текстологиялық, әлеуметтік, тарихи, саяси, мәдени тұрғыдан зерттелді.
3 үлестірме
Әбу Насыр әл-Фараби (870-950)
Аристотельден кейін дүниежүзі білімі мен мәдениетінің екінші ұстазы атанған данышпан, энциклопедист, ғалым, ойшыл, философ, математик, астролог, музыка теоретигі.
Туған жері-Сырдария бойындағы ерте заманда түркі халықтарының орталығы болған Отырар қаласы. Отырарды арабтар «Фараб» деп атаған. Оның заманы «Жібек жолы» бойындағы қалалардың,оның ішінде Отырардың экономикасы мен мәдениетінің дамыған кезіне дәл келді.Әскер басының отбасында дүниеге келген, Отырар медресесінде, Шаш, Самарқан, Бұқара, кейіннен Харран, Мысыр, Халеб, Бағдад шаһарларында білім алған. Әбу-Насыр әл-Фараби Орта Азия, Парсы, Ирак, араб елдері қалаларына жиһанкездік сапарлар жасап,тез есейді. Тарихи деректер бойынша бірнеше тіл білген. Өздігінен көп оқып,көп ізденген ойшыл философия, логика, этика, метафизика, тіл білімі, жаратылыстану, география, математика, медицина, музыка салаларынан 164 трактат жазып қалдырды. Аристотельдің еңбектеріне талдау жасады. Болашақ ғалым алғашқы сауатын туған жерінде өз тілімен ашса да,12-16 жас шамасында керуенге ілесіп, білім іздеп, Бағдатқа сапар шеккен. Сол замандағы санасы ашық әрбір мұсылман Исламдіні ғылымымен шұғылдануды парыз санаған. Әбу Насыр әл-Фарабидің араб тілді ғалымдар санатына қосылуы осы кезден бастау алады.Бағдатта «Баит әл-хакма» атты ғалымдар үйі және әлемдегі ең бай кітапхана болған. Алғашқы кезде Әбу Насыр әл-Фараби өзін ақын,әнші, күйші ретінде танытып, одан соң ежелгі грек ғалымдарының қолжазбаларын оқу арқылы білімі тереңдей түскен.
Әбу Насыр әл-Фараби дүниетанымы- екі әлемнің: көшпелілер мен отырықшылар өркениетінің және Шығыс пен Грек-Рим мәдениетінің өзара байланыстарының нәтижесінің жемісі. Гректің ұлы астрономы Клавдий Птоломейдің еңбектерін түсіндіре,толықтыра отырып, өз тарапынан да теориялық (математикалық), тәжірибелік мәні зор қорытындылар жасап,пікірлер айтады.
Скачано с www.znanio.ru
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.