Қош келдің Жаңа жыл!

  • docx
  • 20.01.2020
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Иконка файла материала Қош келдің Жаңа жыл.docx

Жаңа жылға арналған мерекелік ертеңгілік өткізілетін, әсем безендірілген залға балалар қол ұстасып кіреді

Балалар

Жаңа жыл, жаңа жыл.

Жаңа жылда-жаңа жыр.

Жасыл шырша жанында

Жадырап бар бала жүр.

Тамаша.тамаша!

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса.

Жасыл желек жамылған,

Асыл моншақ тағылған,

Miнe, сұлу шыршамыз.

Көптен күтіт, сағынған,

Кел, балалар, келіндер,

Тамашаны көріңдер.

                       Тәрбиешіге 6әpi қосылып:

 Қала нұр, дала нұр

Құтты болсын Жаңа жыл!

 

«Жаңа жыл» әні орындалады.

 

Тәрбиеші:

Келіңдер жас ұландар,

Ертегімді тыңдандар.

Ертегімде сан қилы

Қызық- Қызық сырлар бар.

Жаңа жылдың кешінде

Аңдар келіп 6ip шешімге

Достаспақшы ниетпен

Жиналыпты келісімге.

Соныменен, балалар

Жаңа жылға арналған

Ертегіні көріңдер

Шын бағасын беріңдер.

 

(Мерекелік музыка ойналады.)

 

Шыршаның артынан қоян ceкірin шығады да:

 

Ау, жарандар, ал қараңдар

Жауып тұр қар себелеп.

Көкке толды, жерге қонды

Сансыз аппақ көбелек.

Тым алыстан, Марстан

Келіп Аяз атамыз

Жылды тойлап,

Билеп-ойнап,

Көп қызыққа батамыз!

 

Ceкipin билеп жүрген қоянның алдынан аю шығады. Қоян сасқалақтап қалады.

 

Қоян: Амансыз ба, аю паң!

Аю: Жаңа жылдың алдында

Тойды еске алдым да

Ұйқымды ашып, сергідім

Ұйықтамаймын мен бүгін!

Жылды қарсы алайық

Би билеп, ән салайық.

Аю:

Жаңа жылдың тойында

«Жан салайық» ойынға!

 

Eкeyi қол ұстасып, билейді. Сол кезде қуана кутындап тулкі келеді.

 

Түлкі

Қоянжанға бір сәлем!

Аю паңға мың сәлем!

Аю, қоян: Аман ба, тулкі, кел мұнда!

 

Тулкі

 

Достарым, жыл келеді

Сыйлығын ол береді

Жұмбақ шешкіш тулкінің

Өнерін жұрт көреді

Тауып өз сыңарымды

Тайсалмай, биге түcin,

Тарқатам құмарымды.

Аю, қоян: Рахмет, түлкіжан

Жүрген жерің күлкілі ән!

 

Аю,қоян,түлкі 6ipre билей,жөнеледі Осы кезде орталарына кipni келеді

 

Kipni:

Сәлем,достар,аман ба?

Нұр берді шырша алаңға

Жылға шашу шашайық,

Тойлап, көңіл ашайық.

Қоян Келші биге басайық!

Бәрі билеп жатқанда, тиін келеді.

Тиін:

Тра-ля-ляй!Тра-ля-ляй!

Өнершіл аңдар-ай

Өңкей паңдар тыңдаңдар,

Жаңа жылға әнім бар

Қол ұстасып, биге басып,

Жыл әніне салыңдар

Бәріңізге 6ip сәлем.

Бәpi:

Сәлем,тиін!

Жақсы-ақ биі!

Бәpi қосылып, билейді. Енді орталарына қасқыр қосылады.

 

Қасқыр

Армысыңдар!Бармысыңдар,ағайын! Кәне құшақ ашайъқ, достъқ тойын жасайъқ

Бәpi: Жаңа жыл қүтты болсын ! Достығымыз мықты болсын!

 

«Полька» биі биленеді

 

Бәрі Жаңа жылдарыңызбен!

Тәрбиеші: Жарайсындар, балалар! Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын.

Соны шешесіңдер ме?

Балалар: Иә.

Жұмбақ:

Ақсақалды шал жылына

Бip-ақ рет келіп кетеді

Қызы мен ұлына

Сыйлық алып келеді

/Аяз Ата/

 

Тәрбиеші: Балалар, енді жаңа жылдьқ мерекемізге Аяз атаны шақырайьқ. Ол орманда жүріп адасып кеткен болар.

 

Балалар: Аяз Ата! Аяз Ата! - деп айғайлап шақырады.

Аяз Атаньң орнына мыстан кемпір ұшып кipeдi де, шыршаны 6ip айналып барып, қонақтардың алдына келіп тұра қалады.

 

Мыстан: Пай-пай! Мен қайда келдім өзі. Мына шыршаньң кереметін-ай! Уйге алып кетсем бе екен?/Осы кезде мыстан төменге еңкейіп, шыршаньң түьірімен жұлып алғысы келеді. /

Тәрбиеші: Мыстан кемпір! Мыстан оған мән бермейді де шыршаны жұлуын тоқтатпайды

Біз «Жаңа жыл» мейрамын тойлап жатырмыз,тимеңіз біздін шыршамызға! /Мыстан сөзге мән бермей, былай дейді: Туу!/ Маңдайдағы терін сүртіп, тұрып./Мына шыршаның тамырының терең отырғызылғанын-ай, жұлынбайды ғой. Сол кезде шыршадағы жылтыраған кілтті көріп қаладыда: Мынау қандай қызық кілт өзі, осы кілт бағанағы менің ұшып келе жатып көрген, сандықтың кілті болар. Сол сандықтан 6ip керемет дәмнің иici шығып еді, мүмкін ақша да бар шығар. Мен шыршаға тимей-ақ, осы кілтті алып барып сандықты ашайын, мүмкін тамағына тойып, ақшасына бip байып қалармын!

 

Мыстан Keмпip кeтiп қалады. Сол кезде қалтасынан бip таяқ түседі.

 

Тәрбиеші: Балалар, Кәне тойды жалғастырайьқ, Аяз Ата кешікті ғой. Мүмкін адасып кеткен болар.Әнімізде шырқап,атамызды шақырайық!

 

«Шырша жыры» жырланады.

 

Eciктің сыртынан дауыстар естіліп, іле-шала залға Аяз Ата мен Ақшақар кіреді. Аяз Ата Ақшақарды қолынан тартып, жетелейді,ол кipгici келмейді.

 

Ақшақар: Ата жіберіңізші мені ! Кірмеймін мұнда,үйге кетемін.

Аяз Ата: Айналайыным-ау, не болып қалған саған, ауырып қалған жоқсьң ба өзі?

Ақшақар Жоқ,жоқ. Ауырып тұрған жоқпын. Ешқайда да барғым келмейді, үйге қайтамын.

Аяз Ата: Қызым-ау, не айтып тұрсың!

Қарашы,біз тойға келдік!

Кәне,балалармен амандасайьқ.

Аяулы аналарға,ардақты ұл-қыздарға

Бүлдіршін балаларға бip сәлем!

Қандай жарқын жүздерін,

Қандай әсем жырларың

Асаулармен алысқап,

Асау желмен жарысқан

Аталарың сендерге

Шаршап келді алыстан

 

/Балалармен амандасады/

 

Аяз Ата: Рахмет,рахмет балаларым! Кәнекей қызым! Қонақтардан, ұят болады, басынды көтер. / Ақшақар басын көтермей тұрады./

Аяз Ата: Қарашы, балалардьң киімi қандай әдемі. Шыршада әсем безендірілген екен. Бәрі де тым сұлуланып кетіпті.

Шырша шамын жағайық,

Жаңа жыл тойын ашайьқ.

/Сол кезде Ақшақар жылап тұрып/

 

Ақшақар: Мен шырша шамын жағатын, сиқырлы таяғымды жоғалтып алдым! Осы кезде Аяз Ата оны жұбатып тұрып: қазір мен-ақ өзімнің таяғыммен жағамын- дейді.

Ақшақар: Қойыңыз ата! Сіз бұл таяғьңызбен бүкіл шыршаны қатырып тастайсыз.

Тәрбиеші: Ақшақар, сиқырлы таяғьң қандай еді?

Ақшақар Менің таяғым жылтырауық, пішіні жүрекке ұқсайды. Сіздер оны көрмедіңіздер ме?

Тәрбиеші: Жаңа мұнда Мыстан болған, ол ұшып бара жатып, қалтасынан жылтыраған бip затын түcipiп алды, сол емес пе екен? Кәне, аңдар,іздеп көріңдерші, сол затты мүмкін тауып берерсіңдер.

/сөйтіп жатқанда тиін сиқырлы таяқты тауып алады/

 

Аяз Ата: Жарайсың, балапаным! /бетінен сүйеді/

Тәрбиеші: Кәне,бізде шырша жағуға көмектесейік, әнімізді айтайьқ.

 

Балалар қайырмасын айтып жатқанда, Аяз Ата Ақпақарды қасына шакырып, шыршаны жаққызады.

 

«Аяз ата » жырланады.

«Кім көп қар түйіршігін жинайды?" ойын ойналады.

Балалар

1. Жылдың әнін бастайын,

Аяз- Ата кеп қалды.

Майысады жас қайың,

Көтере алмай көп қарды.

 

2. Бақша іші мереке,

Ойын күлкі асқақ ән.

Жақсы әпкелер жаңа кеп,

Мерекені бастаған.

 

3. Жаңа жылды қарсы алдың,

Мініп алып күймеге.

Мен де бүгін ән салдым,

Араластым биге де.

 

4. Оралдың өлкеме,

Жаңа жыл армысың.

Оранды ақ көрпеге,

Асқартау, қарлы шың.

 

5. Ақ қырауға малынған

Сақалы да мұрты да.

Аяз ата сағынған,

Сәлем бepді жұртына.

 

6. Безендіріп шыршаны

Жыл қуантты баршаны.

Той-маскарад басталды,

Аяз оны басқарды.

 

7. Аппақ тонға оранып,

Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапардан,

Аяз ата оралып.

 

8. Қалып едік сағынып,

Kүтіп алдъқ жабылып.

Жолын қойдық жарық қып,

Шыршаларға шам іліп

 

9. Аяз Ата ойды қырды

Аралап жүр түгел шолып.

Қарсы алғалы жаңа жылды,

Ол да көптің бірі болып.

Қайда қызық болса думан,

Аяз Ата сонда болды.

Күндіз үйде ойнап бізбен,

Балалармен бірге болды.

 

«Кім тез пиманы киеді»- деген ойын ойналады.

Аяз- Ата: Ой! Бәрекелді, жарайсьңдар балалар! Аталарыңды бip куантып, тастадыңдар.

Тәрбиеші: АязАта! Сіз біздің балаларға сыйлықгар әкелдіңіз бе?

Аяз- Ата: Әрине, барлық сыйлық мына сандықтың ішінде! Ақшақар сандықтың кілті қайда ?(Ақшақар иығымен білмеймін дегендей шара жасайды.)

Тәрбиеші: Қандай кілтті сұрап тұрсыз? Бағанағы шыршадағы ілініп тұрған кілт пе?

Аяз- Ата: Иә,сол кілт шығар.

Тәрбиеші: Аяз Ата,ол кілтті мыстан алып кетті.Ол тіпті шыршамызды ала кеткісі келген.

Аяз- Ата: Қап, әттеген-ай! Кәне, біз Ақшақар екеуміз оны іздеп келейік.

(Осы кезде залға Мыстан кіреді.)

Мыстан: А-а,бәлем! Таптым, сандық мында тұр екен ғой (оны ашайын деп жатканда еріксіз бip күш оны артқа қарай итереді)

copyright - http://sc-pr.ru

Аяз- Ата: Мына ұрлықшы мұнда жүр ғой. Кәне кілтті маған бер,балалар сыйлықтарын күтіn қалды.

Мыстан: Ойбай- тағы, не дейді. Сыйлық өзіме де керек.

Аяз-Ата: АҺ, бәлем! Олай болса өзіңнен көр. Мен ceнi қатырып тастайын. Аяз-Ата: «Кәне таяғым мына Мыстанды қатырып таста»

(Мыстан кемпір тұрған бойында қатып қалады.)

Мыстан: Әй, Аяз шал! Керегі жоқ, қалпыма келтір! Ой, не icтeceм екен.

Аяз-Ата: Бересің ба сандықтың кілттін?

Мыстан: Жоқ, бермеймін.

Аяз-Ата: А-а, онда осылай тұра бер. Мен кеттім.

Мыстан: Жоқ,Аяз-Ата! Кетпеші,беремін кілтіңді, тек балалар менің қояр тілегімді орындасын, жұмбақтарымды шешсін.

(Осы кезде мыстан қалпына келеді)

 

Балаларға жұмбақ жасырады.

Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады.

(Қар)

 

Терезеге қонады,

Әсем ою ояды.

(Қырау)

 

Тікен,тікен тік пістe.

Қысы жазы бip тусте

(Шырша)

 

Мыстан: Жарайсьңдар,балалар, жұмбақты жақсы шешеді екенсіңдер.

Аяз-Ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip куантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.

Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайьқ. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым,сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашьқ болсын! Қош болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып кетеді.) Балалар: Сау болыңыздар!

Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, балалар! 2010-шы жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбастарыңызға тек бақыт пен куаныш әкелсін!!!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                       

 

                              Жаңа жылды ертегі әлемінде қарсы алайық

Жүргізуші:  Тәрбиеші:

Келіңдер жас ұландар,

Ертегімді тыңдандар.

Ертегімде сан қилы

Қызық- Қызық сырлар бар.

Жаңа жылдың кешінде

Аңдар келіп 6ip шешімге

Достаспақшы ниетпен

Жиналыпты келісімге.

Соныменен, балалар

Жаңа жылға арналған

Ертегіні көріңдер

Шын бағасын беріңдер.  

 

1 бала: Тілеймін мен бар әлемге,

Дос көп болсын жаңа жыл.

Ата-әже, ана-әке

Құтты болсын жаңа жыл!

 

2 бала: Жаңа жылым мол болсын,

Басқан қадам мол болсын.

Төрле, төрле, жаңа жыл,

Бізге құтты жол болсын!

 

3 бала: Ойыншықтар мұншама,

Кім ілді екен соншама.

Алақай, айнала түрленді,

Балақай, ән айтамыз,

Би биле, тұрма енді.

 

    Ән «Ақ ұлпа қарлар айналды таңнан»

 

(Залдың бір шетіндегі үйшік жанында 7 лақ пен ешкі)

 

Жүргізуші:   Міне, балақайлар, ертегі әлеміне келіп қалдық.

1 лақ:  Апатай-ау, апатай,

Таяп қалды жаңа-жыл

Әзірлейік ән мен жыр, мә-мә!               Сезім Б.

 

2 лақ: Сен орманға барсаңшы,             Сезім Н.

Сыйлық таңдап алсаңшы, мә-мә!

 

 

3 лақ: Біз баламыз әркез сақ,                 Бектұр

Әкел бізге көп моншақ, мә-мә!

 

4 лақ: Ақ моншақты тағайын,

Сауық сайран салайын, мә-мә!             Жәния

 

5 лақ: Апатай-ау, апатай,

Біз ақылды баламыз,                            Жансая

Айтқан тілді аламыз, мә-мә!

 

6 лақ: Келіп қалды Аяз ата,

Би билеп, ән салайық, мә-мә!                 Дарын

7 лақ: Жаңа жылға қатысып,

Сыйлық алғым келеді.

Орманға тез барсаңшы,                        Айлана

Аяз ата алып келсеңші!

 

Ешкі: Лақтарым, шырақтарым,

Орманға мен барайын,

Сыйлық таңдап алайын,

Сақ болыңдар әркез тек,

Қасқыр келіп қалмасын,

Тойдың шырқын алмасын.

 

Лақтар: Біз ешкімге есік ашпаймыз.

 

Жүргізуші: Солай ешкі лақтарына абай болуды айтып, сыйлық алуға шықты.

 

Ешкі: Жасыл шырша орманда,

Бізге арнайы келіпті.

Ойыншықты балалар,

Шыршаға әсем іліпті.

Әсем шырша сәнденген,

Өз аңдарын күтеді.

Ешкі: Тектен-текке тұрмайын,

Жаңа жылға біз дайын.

Лақтарыммен бірге,

Шырша әнін жырлайын.

Ән: « Шырша әні»

Монтаж: шырша туралы:

Би: қыздардың биі

Жүргізуші: Ешкі сыйлыққа кетеді.

(шыршаның артына)

 

 

Қасқыр: Лақтарым, шырақтарым,

Есік аш қарақтарым.

Мамаң келді орманнан,

Сендерге сыйлық әкелді.

Лақтар: Есікті ашпаймыз,

Білеміз біз ол сен зұлымдық жасайтын Қасқырсың!

Қасқыр:Ашпайсыңдар ендеше мен сендердің шыршаларыңды алып кетемін! . Мына шыршаның кереметін-ай!  (Осы кезде қасқыр төменге еңкейіп, шыршаның түбірімен жұлып алғысы келеді. )

Лақтар: Үйшіктен  шығып шыршаны қорғайды : Тиіспе біздің шыршамызға!

Біз оны  мерекеге әшекейледік!

Қасқыр: А-А шықтыңдар ма енді мен сендерді жеп қоямын!

(Үлкен қапты – арқалап алып кетеді, балалар орындарына барып отырады)

Шыршаның артынан   жан – жағына қарап қоян ceкірin шығады да:

Ау, жарандар, ал қараңдар

Жауып тұр қар себелеп.

Көкке толды, жерге қонды

Сансыз аппақ көбелек.

Тым алыстан, Марстан

Келіп Аяз атамыз

Жылды тойлап,

Билеп-ойнап,

Көп қызыққа батамыз!

 

Ceкipin билеп жүрген қоянның алдынан аю шығады. Қоян сасқалақтап қалады.

 

Қоян: Амансыз ба, аю паң!

Аю: Жаңа жылдың алдында

Тойды еске алдым да

Ұйқымды ашып, сергідім

Ұйықтамаймын мен бүгін!

Жылды қарсы алайық

Би билеп, ән салайық.

Аю:

Жаңа жылдың тойында

«Жан салайық» ойынға!

 

Eкeyi қол ұстасып, билейді. Сол кезде қуана кутындап тулкі келеді.

 Түлкі

Қоянжанға бір сәлем!

Аю паңға мың сәлем!

Аю, қоян: Аман ба, тулкі, кел мұнда!

 

 

Тулкі

 Достарым, жыл келеді

Сыйлығын ол береді

Жұмбақ шешкіш тулкінің

Өнерін жұрт көреді

Тауып өз сыңарымды

Тайсалмай, биге түcin,

Тарқатам құмарымды.

Аю, қоян: Рахмет, түлкіжан

Жүрген жерің күлкілі ән!

Аю,қоян,түлкі 6ipre билей,жөнеледі Осы кезде орталарына кipni келеді

 Kipni:

Сәлем,достар,аман ба?

Нұр берді шырша алаңға

Жылға шашу шашайық,

Тойлап, көңіл ашайық.

Қоян Келші биге басайық!

Би : «Аңдардың биі»

Ойын «Шырша безендіру»

Тәрбиеші: Балалар ,қасқыр лақтарды алып кетті енді не істейміз? Ешкіге не дейміз?

Ешкі көңілді болып келеді ( қолында сыйлықтар )

Ешкі үйіне жақындап өлеңін айтады

Лақтарым, шырақтарым,

Орманға мен бардым,

Сыйлық таңдап алдым!

Есікті ашыңдар қарақтарым!

Ешкі : Жылап : қайда менің лақтарым ? Оларға не болды?

Тәрбиеші : Сұр қасқыр келіп лақтарды алып кетті,енді бізге тек ғана Аяз ата көмектеседі.

Жүргізуші:  Ешкі, мұңайма, қанекей бәріміз бірге дауыстап Аяз атаны шақырайық.

1,2,3  Аяз ата!!! (3 рет).

Аяз ата:  Аяулы аналарға,ардақты ұл-қыздарға

Бүлдіршін балаларға бip сәлем!

Қандай жарқын жүздерін,

Қандай әсем жырларың

Асаулармен алысқап,

Асау желмен жарысқан

Аталарың сендерге

Шаршап келді алыстан

Ешкі : Аяз ата менің лақтарымды сұр қасқыр алып кетіпті,көмектесіңізші!

 

 

 

 

 

Аяз ата :  Әрине ешкі мен көмектесемін,жылама.Кәне менің достарым ,аңдарым сұр қасқырды тауып алайық, балалар орманда адасып қалады ,ал сендер орманды білесіңдер ,қасқырды тауып әкеліңдер. (қоян, аю, кірпі,түлкі жібереді қасқырды

іздеуге)

Тәрбиеші : Бәрі де жақсы болады,ешкі мұңайма, Біздің балалардың Аяз атаға дайындаған тақпағын тыңдашы.

Монтаж: Аяз ата және Ақшақар туралы тақпақтар:

Ойын : Аяз атамен  «Сыңарын тап»

Аңдар Қасқырды алып келеді. Қасқыр кабымен кіреді

Аяз- Ата: Мына ұрлықшы мұнда жүр ғой. Кәне қайтар лақтарды ешкіге

Қасқыр: Ойбай - тағы, не дейді. Лақтар  өзіме де керек.

Аяз-Ата: АҺ, бәлем! Олай болса өзіңнен көр. Мен ceнi қатырып тастайын. Аяз-Ата: «Кәне таяғым мына Қасқырды қатырып таста»

(Қасқыр тұрған бойында қатып қалады.)

Қасқыр: Әй, Аяз ата! Лақтарды  қайтарамын, қалпыма келтір!

Лақтар орындарына жүгіріп ешкіге жүгіріп келеді.

Қасқыр : Мен сендермен Жаңа жыл мерекесін бірге қарсы алуға келдім!

Менімен орманда ешкім ойнамайды,мерекеге шақырмайды! У-У-У-У!

Лақтар : Жарайды  кел бізбен ойна!

Ойын: «Самокатпен жарысу»

Ақшақар:Аяз ата, балалар, аңдар сізге ән, тақпақтар айтып берді, шыршаның  шамдарын жағайық!

Аяз ата : Міне Бәрі бірге:   «Қуант бізді таңырқат, Шамдарыңды жарқырат!»

Ән «Аяз ата туралы - хоровод

Әтештің  шақырған даусы шығады.

бізге Жаңа жылдың иесі де келді.

Әтеш кіреді : Барлығын құттықтап тақпағын айтады

Келді, міне, Жаңа Жыл ортамызға,

Құт-береке әкелсін баршаңызға.

 Аңсаған арманыңыз орындалып,

 Өміріңіз бақыт пен толсын нұрға.

Аяз ата:Е, керемет десеңші, қандай көңілді, мынадай шырша тойында қалай сендерге сыйлық таратпасқа. Кәне достарым,аңдарым сыйлықтарды әкеліңдер.

Сыйлықтарды көрсетіп, таратылады,

Аяз ата: Құттықтайды, ата – аналарды марапаттайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                            

 

 

 

 

 

 

Ертеңгілік

«Жаңа жылды ертегі әлемінде қарсы алайық»

Ортаңғы  «Бұлбұл» тобы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ешкі: Ей, сұм қасқыр, тиме лақтарыма!

Ақшақар: Онанда бізбен жаңа жылды тойлауға жүр.

2.   «Кішкентай шырша» хоровод әні.

(Әннен кейін түлкі бауырсақты қуып шығады).

 

Бауырсақ: Тимеші маған,

Жемеші мені,

Жаңа жылды тойлауға мен де барамын.

Асыр салып, би билеп,

Қошеметке қаламын.

 

Түлкі: Жоқ, мен сені жеймін.

Ақшақар: Түлкі, сен бауырсақты жеме, оданда жаңа жыл шыршасына қарашы, мұнда аңдар,

балалар жиналған, кел бірге тойлайық.

Түлкі:  Маған бір ой келді, онанда ойын ойнап, көңіл көтерейік.

3. Ойын: «Кім тез қаршаларды жинайды?»

(Жүргізуші ойын шартын түсіндіреді. Бауырсақ, түлкі командасы болып ойнайды).

 

(Ойыннан соң Мақта қыз мысығын іздеп шығады).

 

Ақшақар:Сәлем, Мақта қыз.

Мақта қыз: Сәлеметсіңдер ме?! Мен мысығымды іздеп жүрмін.

Жүргізуші:  Сен қапа болма, біздің балалар, аңдарымыз мысығың туралы ән  айтса келіп қалар.

 

4.      Ән «Мысығым».

Мысық: Мақта қыз, сенімен кездескеніме қуанамын, мен де жаңа жылға барамын.

 

Ақшақар:  Аңдар болса жиналды, шыршамыз дайын, Аяз ата болса әлі жоқ.

Жүргізуші:  Ақшақар, мұңайма, қанекей бәріміз бірге дауыстап Аяз атаны шақырайық.

1,2,3  Аяз ата!!! (3 рет).

Аяз ата:  Сәлеметсіз бе, балаларым,

Балаларым балғыным,

Өмір гүлім, шалғыным.

Тілейтінім жыл бойы,

Сендердің денсаулығың.

Мені көп күткен шығарсыңдар, мен алыс-алыс жолдардан келемін,

менің  балғындарым маған не әзірлеп қойды екен.

Ақшақар:Аяз ата, балалар, аңдар сізге ән, тақпақтар дайындаған, бірінші шыршамызды

жағып алайық, қанекей бірге…

Бәрі бірге:   «Қуант бізді таңырқат, Шамдарыңды жарқырат!»

5.  Ән хороводы: «Аяз ата».

Жүргізуші:  Аяз ата, енді тақпақтар тыңдаңыз.

6.  Тақпақтар.

Аяз ата:  Балаларым, рахмет! Жарайсыңдар!

Ақшақар: Аюлар келіп қалыпты, неге ренжісіп тұрсыңдар?

1 аю: Мен қоңыр аю, қоңыр аю,

Бөліспеймін балымды,

Бір өзім-ақ жеп қоямын.

2 аю: Бұл менікі, бермеймін, еш бөліспеймін.

Жүргізуші:Ай, аюлар, аюлар,

Егер балды бөліспесеңдер,

Мақтаншақ деп ат қоямыз.

Онанда келіңдер, ән айтып, би билеп Аяз атадан сыйлық алыңдар.

7.      Хоровод биі «Жаңа жыл».

Аяз ата:Е, керемет десеңші, қандай көңілді, мынадай шырша тойында қалай сендерге

сыйлық таратпасқа. Қызым Ақшақар, қапшықты әкеле ғой.

(Қапшықтың қасына жылан тығылып қалады).

Ақшақар:  Ой, мынау не? Жылан ғой!

Жылан:Мені ұмытып барасыңдар ма, бұл жыл жылан жылы, ол мына – мен.

Кім мен туралы тақпақтар айтса, қапшықты беремін.

1 бала: Отырмайсың, тұрмайсың,

Түзу жолда бұраңдайсың.

2 бала:  Аяз сүйіп қарсы алған,

Жылдың аппақ тұлғасы.

Қыстың айы қаңтардан,

Басталады  жылан жылы – жылбасы.

Аяз ата: Кел, жыланым, Ақшақарым. Балалар сыйлықты күтіп қалды, таратайық!

(Сыйлық үлестіру).

Рахмет айту.


 

Скачано с www.znanio.ru