Оңтүстік Қазақстан облысы
Бәйдібек ауданы, Шалдар ауылы,
№ 3 Абай атындағы жалпы орта мектептің
орыс тілі пәнінің мұғалімі Г. Мынкожаева
А есебі
Тізбектелген сабақтар топтамасына «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» туралы рефлексивтік есеп
Мұғалімнің есебі Тренердің ескертпесі
Менің 4 сабағымда да көрініс тапқан модульдердің бірі ол «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер».
Оңтүстік Қазақстан облысы.docx есеп Гулжазира.docx
Мынкожаева Гулжазира Мұғалім портфолиосы А есебі
3топ 3деңгей
Шалдар ауылы Тренер: Матаева С.Р.
Күні:
Оңтүстік Қазақстан облысы
Бәйдібек ауданы, Шалдар ауылы,
№ 3 Абай атындағы жалпы орта мектептің
орыс тілі пәнінің мұғалімі Г. Мынкожаева
А есебі
Тізбектелген сабақтар топтамасына «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» туралы
рефлексивтік есеп
Мұғалімнің есебі
Тренердің ескертпесі
Менің 4 сабағымда да көрініс тапқан модульдердің бірі ол «Оқыту мен
оқудағы жаңа тәсілдер».
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер бұл жеті модульдің ішінде
қарастырылған жаңа тәсіл. Мерсер мен Литлтон еңбектеріндегі сапалы
оқытудың бір көзі, әңгімелесу яғни, адами когнитивті және әлеуметтік даму
негізінде оқушылардың қызығушылығын диалогтық стратегияларды қолдану
арқылы жүзеге асыру қажетті деген. Мерсер әңгімелесудің үш түрін
көрсетті.
1. Әңгімедебат ;
2. Зерттеушілік әңгіме;
3. Топтық әңгіме. [МАН, 40 бет]
ойлануға бейімделеді.
Диалог барысында оқушылар нәтижеге жету үшін пікір алмасады ойларын
нақты және жинақтап айталады. Оқушы мен мұғалімнің арасындағы білім
беру мен білім алу барысында, оқушылардың өзара білім алмасуының негізгі
құралы – диалогтік оқыту.
Осы әдіс тәсілді қолдана отырып біз
оқушыларды бірігіп жұмыс атқаруға яғни күрделі мәселерден оңай жол
тауып шығуға бағыттаймыз. Түрлі ақпараттарды пайдалануға, сөздің
мағынасын толық ашуға мүмкүндік береді. Білім беруде оқушылар диалог
құру нәтижесінде білім алады. Ісжүзінде оқушылардың білім деңгейін
дамытуда диалогтің рөлі жоғары болады. Себебі диалог пен әңгімелесу
оқушылардың сыни ойлауға, алған білімдерін өмірде қолдануға, еркін ойын
жеткізуге, қалыптастырады сын тұрғысынан
Оқушыларды нәтижелі білімалуға дағдыландыру әдістемесін жетілдіру –
бүгінгі күннің басты мәселесі болып отыр. Әр бір оқушы алған білімдерін
саналы түрде ұғынуын, өмірге деген көзқарасының дамуы, басқа ғылым
негіздерін меңгеру нәтижелері сөйлеу мәнеріне байланысты. Сол себепті
жаңа технологияларды пайдалана отырып оқыту процесінде жетістіктерге
жету үшін оқушылардың ауызша сөйлеуін, жазу мәнерін ұғындыр мұғалімге
қойылған басты талаптардың бірі. Өзіне сенімді жаңашылдыққа ұмтылатын
әр бір мұғалім заман талабына сай оқытудың озық технологияларын
меңгермей, білімді, жанжақты маман болуын елестете алмайды. Жаңа
тәсілдерді меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік,
рухани азаматтық, адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзінөзі
дамыту мен қатар, оқу үдерісін тиімді ұйымдастыруға атсалысады. Осы
практиканы өту барысында әңгіме дебат барысында оқушылар бірбірімен
ойбөліседі және де әрқайсысы өз шешімдерінде нықт сенімде болады. Ой
бөлісу барысында оқушылар бірбірімен аздаған талпыныс байқалады.
Оқушылар бірбірімен ойбөлісу барысында көбіне «иә, бұл дәл солай; жоқ
бұл мүлдем, олай емес» деген бағыт бойынша жүзеге асырылады. Орта Мынкожаева Гулжазира Мұғалім портфолиосы А есебі
3топ 3деңгей
Шалдар ауылы Тренер: Матаева С.Р.
Күні:
бірлесуден гөрі көп жағдайда бәсекелестікке бағытталады. Өзім өткізген
практикада әңгіме дебат барысында оқушылардың бірбірімен ой бөлісудегі
қарымқатынастарын осындай дәрежеде жүзеге асатынын байқадым.
Зерттеушілік әңгіме барысында: оқушылар өздеріне тиімді мәліметке қанық
болды, бағалау жүргізеді, бірбіріне сұрақтар қойылды. Қойылған
сұрақтарына дәлел іздеді, осылайша зерттеушілік әңгіме дәделдеме келтіру
барысында көрінді. Топтағы оқушылар бір келісімге келуге тырысты.
Зерттеу жұмыстарын талдау барысында оқушылардың білім алуы, тыңдауы
және сөйлеуі арасындағы байланыс дамыды. Өз ойларын ашақ жеткізе білді.
Топтық әңгіме барысында оқушылар арасында тыңдаушылардың, топтардың
айтылған пікірлерімен келісуі, топтық әңгіме барысында бірбірлерімен білім
алмасу жүргізілгеніне қарамастан қатысушылардың өзгелерге ұсынған
идеяларды тыңдау, ойпікірлердің айтылуына және қайталануы мұхият
бағаланбады. Оқу арқылы оқушы біртіндеп білім, дағды, икемділіктерді,
тиісті ғылыми ұғымдарды меңгеріп, мұның нәтижесінде оның эмоциясы,
білімге деген ерікжігер дами түседі. Мысалға, оқу процесінде жаңа
материалды ұғынудың алғашқы кезеңінде оқушы қалай оқу керектігін және
қалай алған білімін болашақта, қазіргі таңда қалай тиімді пайдалануға
болатыны жайлы жалпы мағлұмат алады. Бұдан кейін ол алған білімін
тәжірибеде байқап көреді, ұғынғаны жайлы ойда тұжырымдайды. Содан
кейін оқушы ойын ашық айта алады. Дәстүрлі сабақ беру әдісінде біз
оқушыдың логикалық ойлауын, білімді терең түсінуін , бірінбірін оқытуын,
бірбірін бағалауын дамытудың орнына олардың механикалық есте сақтауын,
дайын дүниені көшіріп алуын, жауабын өзіміз айту мен шектеліп келдік.
Курс нәтижесінде менің түйгенім оқушылардың әр затты бірбірімен
салыстыру барысында өздері ойланып, өздері жауабын зерттеу, талдау,
жинақтау арқылы топпен бөлісу, бірбіріне білетіндері туралы айту арқылы
бір шешімге келеу дағдысында танымы мазмұнды қалыптасады. Мен өз
сабақтарымда оқушыларды топтарға бөлу арқылы ынтымақтастық
атмосферасын қалыптастырдым. Өзімнің сабағымды түсіндіру және бағыт
бағдар беру, толықтырулар арқылы оқушының оқу процесінде өздері
көбірек сөйлеп, өз ойларын ашық жеткізіге, топтық, жұптық оқытудағы
ептілігін дамытуға көбірек ден қойдым. «Бірінші бетпебет» кезеңінде алған
теориялық білімімді жинақтау барысында
практикамен ұштастыруда
диалогтік оқудың тиімділігін жазылған ғылыми зерттеулер арқылы біліп,
өзімің сабағымда туындаған кейбір мәселелерді анықтауға көп мүкіндік
берді. Бұған дәлел ретінде сабағымда диалогтік әңгімені үнемі қолдандым.
Сабақ барысында оқушылардың қызығушылығы артып, бірбірімен карым
қатынаста сұрақтың түрлерін және сұрақ қойғанда, білім деңгейі төмен және
жоғары болатынын біліп жүйелене түсті. Топпен жұмыста оқушылар
арасында ынтымақтастық атмосферасы орнап сабақта үндемейтін Н топпен
араласып өз білімін көрсетіп, топ атынан жауап беріп сабаққа бір кісідей
атсалысқанына риза болдым. Н білімсіз емес тұйық өз ойын ашық жеткізуге
сескенетін оқушылардың қатарынан осы методты пайдалана отырып өткен
сабағымда аталған оқушы анағұрлым ашылды. Интерактивті қарымқатынас
кезінде оқушылардың білім деңгейлерін анықтап, бірінің білімін бірі бағалай
білді. Окушылылар берілген тақырыптан ауытқымай алған біліміндерін
қолданып, берілген кластарлер арқылы өтілетін сабақтың тақырыпты аша
алды және жұмыс барысында бірбіріне сұрақ қоя отырып, негізгі құнды Мынкожаева Гулжазира Мұғалім портфолиосы А есебі
3топ 3деңгей
Шалдар ауылы Тренер: Матаева С.Р.
Күні:
деректерді біліп, білімдерін толықтырды. Сабақтарымда сыни тұрғыдан
ойлана отырып жауап беретін сұрақтар қою арқылы, оқушылар арасында
үлкен пікірталас туынды. Сыныптағы қарымқатынасты зерттеуді көздеген
әңгіме оқушылардың мағына мен білімді игеруде бірлескен ісәрекетке
тартылумен қатар, жоғары деңгейде ойлау қабілеттерінің дамуына тигізген
ықпалының күштірек екені менің практикалық жұмысымда байланысы
айқындалды. Сұрақты дұрыс бағытта қою арқылы оқушылар сабақтан неге
қызығатынын анықтады. Мен өз сабағымда оқушылар мен үнмі тығыз
байланыста болу арқылы түсінбеген оқушыларға бағат –бағдар беріп
отырдым. Оқушылардың бірбірімен қарымқатынасы нығая түсті. Әр бір
оқушы сұрақтарды емінеркін қоя алды. Оқушылар сабаққа еркін әрі сынып
ережесіне бағына отырып сабаққа деген қызығушылары артты. Мен өз
сабағымда «Диалогтік оқытуға» көп көңіл бөлдім. Диалогтік оқыту –
мұғалімнің оқу материалын оқушыларға түсіндіріп, оқушылардың сол оқу
материалын меңгеруі мақсатында оқу материалын дайындаудың және
баяндаушы әңгіме жүргізудің нақтылы реттеуші ережелерін ескере отырып
құрылған оқыту мен оқу тәсілі. [глоссарий, 13 бет]. Осы оқуға қатысқаннан
кейін менде диалогтік оқыту арқылы оқушылардың қызығушылығын
артқандығына, олардың білім деңгейінің жоғарлағанына көз жеткіздім.
Оқушының білім сапасын арттыру мұғалімнің шеберлігіне байланысты.
Менің пайымдауымша, диалогтік оқытудың нәтижесінде тұлғаның сөйлеу
мәдениеті артады, талдай және дәлелдей алады, өз ойын толық жеткізе
алады, коммуникативтік дағдылары қалыптасады. Бұл әдісті пайдалану
барысында мұғалім тек бағытбағдар беруші рөлін атқарады. Оқушылар
құрдастарының идеялары мен дәлелдемелеріне құрметпен қарап, өз ойларын
айту арқылы қате жерлерін толықтырады, өз топтарында сабаққа қатысты
түрлі ақпараттармен бөлісе отырып, ортақ шешім қабылдайды. Сол себепті
оқушының білімге, сабаққа деген қызығушылығын арттыру үшін әр бір
мұғалім үнемі өз білімдерін жетілдіру мен қатар дарынды жіне болашаққа өз
үлесін қоса алатын жас буын даярлау мақсатында оқушыға оңай әрі тиімді
жаңа технологияларды меңгеру әр мұғалімнің міндеті деп санаймын. Оқушы
өздігінен ізденіп, білім алатын болса, алған ақпараттары тек сабақ барысында
ғана емес, өмірде де пайдалана алатын болады. Сол себептен мұғалім
сабаққа жанжақты дайындалу қажет. Оқушыларға дұрыс бағыттаға
сұрақтарды қою арқылы біз оқушылардың зейінін арттырамыз, білімге деген
құштарлығын оятамыз, сыни тұрғыдан ойлана отырып жауапберуіне ықпал
жасаймыз. Сабақты түсіндіру барысында, оқушыларға алдымен жұптасып
жұмыс істеуге мүмкіндік бердім. Әр оқушының пікірі, ойы, кеңесі маңызды
екенін айтып отырдым. Соған орай менің оқушыларым өз топтарындағы,
жұптарындағы оқушылардың пікірімен, ойымен берген кеңестерімен санаса
отырып берілген тапсырмаларды тиянақты әрі нақты орындап шықты. Сол
себептіде әр оқушы топтың атынан ортақ ой айта білді. Оқушылардан
тақырып бойынша қойған сұрақтарыма топ атынан тұйық, ұяшлақ оқушының
жауап берулерін сұрадым. Аталған оқушылардың жауаптарын тыңдап,
талқылап және оқушыларға өздерінің жауаптарының дұрысбұрыстығын
қарастыруды ұсындым. Сабақтарымның топтамасын оқушылардың сөйлеу
қабілеті мен сөздік қорларынын дамытатындай етіп жүйелі түрде пландадым.
Оқушыны сабаққа ынталандырып, оқу үдерісіне белсенді қатыстыруға ат
салыстым. Жеке бағдарланған білім беру шеңберінде оқушының өзіне деген Мынкожаева Гулжазира Мұғалім портфолиосы А есебі
3топ 3деңгей
Шалдар ауылы Тренер: Матаева С.Р.
Күні:
сенімін, бойындағы білімін, өзіндік ойын назарға ала отырып, өз
пайымдауларын жасауға қабілетті екенін айқындадым. Егер оқу үдерісі
оқушы мен оқу материалын қосатын көпірді салуға негізделсе, ал менің
міндетім осы көпірдің құламауына берік, нық болуын қадағалау мен қоса
көпірдің екі жағының байланыстарының бірбірімен ұштасуын, сәйкестенуін,
ұйқасуын қадағалау болды. Оқушылардың не білетінін және нені жасай
алатынын, олардың қызығушылығын, әр оқушының нені жақсы көретінін және
не істегісі келетінін түсінуге тырыстым. Менің сабақтарымда «Оқыту мен
оқудағы жаңа тәсілдер» модулінен туындаған «Диалог негізінде оқыту және
оқу» (Мерсер, Александер) оның ішінде топтық әңгіме, әңгімедебат,
зерттеушілік әңгіме сияқты түрлері көп қолданылды. Жалпы 7 модуль
аясында туындаған әдістәсілдерді өз сабақтарымда қолданғанда отырып
жақсы нәтижелерге қол жеткіздім. Бұл мектеп үшін де оқушы үшін де үлкен
жаңалық болды.
Қазіргі таңда №3 Абай атындағы жалпы орта мектебінде жұмыс жасап
жатқаныма биылғы таңда 7 жылдың көлемі болды осы аралықтарды менің
жолымда кедергі келтіргені ол оқушылардың өз ойларын орыс тілінде
жеткізе алмауы, сөздік қорларының аздығы, сол себепті кейбір жағдайларда
өз ойларын өз анатілдерінде айтуларына мүмкіндік беремін. Өйткені қай
тілде сөйлеседе оқушы ең алдымен өз ойын, пікірін, тұжырымдамасын анық
жеткізе білуі мен үшін басты назарда. Еш бір жағдайда олардың ойларын,
пікірлерін бөлмей, аяғына дейін тыңдауға талпынамы. Кейбір жағдайларда
ойларын, пікірлерін жеткізе алмай жатқанда, сыныптастарың көмегіне жүгіну
арқылы толықтырып отыруларын қадағалаймын. Дәстүрлі сабақ беру
барысында сабақтың 25 минутын өзім сөйлеп, өзім кеткен кемшіліктерін
толықтыратынмын. Оқушылар өз тарапынан дайын жаттанды күйінде
қалдыратын. Оқушылар арасында сабаққа қызықпайтын, үй тапсырмаларын
орындамайтын оқушыны диалогтік оқыту арқылы топта, жұпта кеткен
қателіктерін бетіне баспай басқаш қалай толықтыра аласың осы
айтқандарыңды басқаша қалай айтуға болады деген қолдаулар арқылы өз
ойын, мүмкіндіктерін айқындауға орыс тілі сабағына деген қызығушылығын
артыруға болады. Қай модульдмен жұмыс атқарсаңызда, оның ішіне
диалогтік оқыту кіріктірілген. Мен бесінші сыныпта «Глагол как часть речи»
тақырыбында сабақ өткен кезімде, бастапқыда оқушылардың арасында
диалог құру мақсатында бірнеше сұрақтар қойылды. Мысалы, «Балалар бүгін
ауа –райы қандай?» Көктемде табиғаттың қандай құбылыстарын байқауға
болады? Ендеше, жасыл желекті жадыраған көктемдей –сабағымызды
тамаша көңіл күймен бастағанға қалай қарайсыңдар деген жылы сөздер
айттым. Оқушылар тарапынан жағымды жауап қайтарылды. Алғашқы
сабағымды өту барысында оқушыларды 3 топқа бөлдім алғашқы өткен
түсіндіру сабақтарымның нәтижесінде, оқушылар топта бірінбіріне
түсіндірулер арқылы топпен жұмыс атқара бастады. Топтық жұмыс
барысында тапсырма бойынша оқушылар өз топтарында постер түзді. Әр топ
өз постерлерін қорғау арқылы, өз ойларын, кеңестерін айту барысында тіл
байлықтарын арттыра түсті. Әр сабақ сайын оқушылармен зерттеушілік
әңгіме жүргізіп отырдым. Екінші сабақты өту барысында сыныпта, оқушылар
арасында ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру және диалогтік
әңгіме құру мақсатында «Мне в тебе нравится...» ойынын дайындадым.
Оқушылар бірбіріне доп лақтыру арқылы, бірбірінің жақсы қасиеттерін Мынкожаева Гулжазира Мұғалім портфолиосы А есебі
3топ 3деңгей
Шалдар ауылы Тренер: Матаева С.Р.
Күні:
атап кетті. Бұл ойынның нәтижесі менің ойымнан шықпады, өйткені
оқушыларымның тілдері онша орысшаға келебермеді, екіншіден сөздік
қорларының аздығы мен үшін үлкен кедергілердің бірі болды. Осы сабақта
«ДЖИГСО» стратегиясы қолдану арқылы қалай оқу керектігін үйрету
модулін кіріктірдім. «Труд человека кормит, а лень портит» деген мақалды
талқылау барысында оны қазақтіліндегі мақалдарымен салыстырдық,
мағнасын ашып көрсете білу мақсатында бірнеше сөз тіркестері берілді,
мысалы: «Человеческий труд», «Кормящий труд» және тағыда басқа сөз
тәркестері берілді. Берілген сөз тіркестерді қолдана отырып кейбір
оқушылар сөздік қорының аздығынан төмен, өз ойларын толығымен жеткізе
алмады. Деңгейлік тапсырма беру барысында және ДЖИГСО әдісін
пайдалану барысында мен өз сабағымда дарындыда талантты оқушыларды
анықтай алдым. Үздік оқитын бала мен үлгермі төмен оқушының оқу
әрекетінде айырмашылықты байқадым. Үздік оқитын оқушы тез әрі белсене
кірісіп қойылған сұрақтарға берілген тапсырмаларға жылдам жауап беріп
отырды, ал үлгерімі төмен оқушылар аздап ілесамай жатты. Сондықтан мен
сабақ барысында үлгерімі төмен оқушыларға көбірек назар аударып,
ынтымақтастық қарымқатынаста болуға, берген жауаптарын соңына дейін
тыңдауға талпындым.
Оқыту процесінде жетістіктерге жету үшін оқушылардың ауызша сөйлеуін,
жазу мәнерін қалыптастыру бағытында мен өз сабағымда үй тапсырмасын
сұрау барысында «Кластер» стратегиясын пайдаландым. Оқушыларға «Как
вы себе представляете глагол» тақырыбында өз ойларын кең ауқымда
постерлерге түсіруін сұрадым.
Плакаттарды тарату барысында
оқушылыарымның қуанғаны соншалық мен өзімде таңқалдым. Топ атынан бір
оқушы шығып, өз жұмыстарын өз деңгейінде қорғап шықты. Сонымен бірге
топтық әңгіме барысында, сыни ойлау, бірінбірін үйрету, бағалау,
қателерін түзетулер мен толықтырулар болды. Үшінші сабағымда мен
оқушыларға «Шторм» өлеңін оқушыларға оқыттырдым. Бірінші куплеті мен
екіншісін куплетін салыстырдық. Оқушыларға бірінші куплет көбірек ұнады.
Екінші куплет қйынырақ екенін және оңай оқылмайтынын атап кетті.
Сабақты қорытындылау барысында мен оқушыларға келесі тапсырманы
ұсындым: әр топқа флипчарт таратып бердім. Осы таратылған плакаттарға
әлемдегі ең үлкен тау, ең кіші тау,ең кіші өзен, ең үлкен планета және ең кіші
планеталеар туралы оқушылар Венн диаграммасын құру арқылы, өз
жұмыстарын қорғады. Соңғы сабағымда көбіне сыни тұрғыдан ойлау модулі
аясында өтті. Үй тапсырмасын сұрау барысында, Оқушылар «Глагол»
тақырыбын еске түсіру мен қатар қорытындылау барысында кластер
құрастырды, оқушылар өз пікірлерін еркін жеткізуге дағдыланды. Мен әр
топтың айтқан ойларын, жауаптарын бөлмей ойлануға уақыт бере отырып
тыңдадым. Нәтижесінде оқушылардың айтқан ойларымен, тұжырымларын,
дәлелдемелерін, құнды пікірлерін естідім . «Кластер» әдісі арқылы топтық
әңгіме жүргізілді. Қалай оқу керектігін үйрету модулін өзімнің төр сабағыма
осы бағытта ендірдім. Оқушының білім алудағы ізденуі меңгеруі, мұғалімінің
сабақ өту барысындағы ізденпаздығы – Абай атамыз айтқандай «инемен
құдық қазғандай». Оқушыға бұрыннан таныс нәрсені қайталай берсек,
сабаққа деген қызығушылығы төмендейді. Сондықтан әрдайым оқушының
рухани тілектерін, таным белсенділігін қанағаттандырып, оның білуге
құштарлығын үнемі дамытуымыз қажет. Орыс тілін оқытуда ең алдымен Мынкожаева Гулжазира Мұғалім портфолиосы А есебі
3топ 3деңгей
Шалдар ауылы Тренер: Матаева С.Р.
Күні:
тәжірибелік мақсат айқын әрі жүйелі қойылады, онда оқушылардың сөздік
қорларын байыту, сөйлесуге, көргендерін, естігендерін әңгімелеп беруге
үйрету біздің басты ұстанымдарымыздың бірі. Осы ұстанымдарды оқушылар
тарапынанда дәлелденіп жатса нұрүстіне нұр болар еді. Диалог арқылы
адамдар бірбірімен тіл мәдениетін бұзбай емінеркін сөйлей отырып руханй,
адами байлықтарын жоғалтпайды деген ойдамын.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық, 40 бет
2. Мұғалімге арналған нұсқаулық, 28 бет
3. Біліктілігін арттыру курстарының деңгейлі бағдарламасына арналған
глоссарий, 13 бет.
4. Мұғалімге арналған нұсқаулық, 6 бет
Отчет А
Отчет А
Отчет А
Отчет А
Отчет А
Отчет А
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.