Отчет В3
Оценка 4.9

Отчет В3

Оценка 4.9
Руководства для учителя
docx
русский язык
Взрослым
03.03.2018
Отчет В3
Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы, Шалдар ауылы, № 3 Абай атындағы жалпы орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г. Мынкожаева. В3 есебі Топтық таныстырылым бойынша рефлексивтік есеп Мұғалімнің есебі Тренердің ескертпесі Мен осы үш айлық курста 7 модуль аясындағы әдіс-тәсілдерді қолдана отырып бұрынғы дәстүрлі сабағыма өзгерістер енгіздім. Бір ай ішінде бізге 7 модульді және ондағы әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану керектігін үйретті. Бірінші бетпе – бет кезеңінде педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсында мен 7 модульмен және ондағы әдіс-тәсілдер мен таныстым және оның мұғалімдер қауымына деген пайдасының өте жоғары екенін ұқтым.отчет в3
Оңтүстік Қазақстан облыс1.docx В3 есеп.docx
Мынкожаева Гулжазира                                             Мұғалім портфолиосы                           В3 есебі 3­топ                                                                             3­деңгей Шалдар ауылы                                                            Тренер: Матаева С.Р. Күні: Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы, Шалдар ауылы, № 3 Абай атындағы жалпы орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г. Мынкожаева. В3 есебі   Топтық таныстырылым бойынша рефлексивтік есеп   Мұғалімнің есебі Тренердің ескертпесі       Мен осы үш айлық курста 7 модуль аясындағы әдіс­тәсілдерді қолдана отырып бұрынғы дәстүрлі сабағыма өзгерістер енгіздім. Бір ай ішінде бізге  7 модульді және ондағы әдіс­тәсілдерді тиімді пайдалану керектігін үйретті.   Бірінші бетпе – бет кезеңінде педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсында мен 7 модульмен және ондағы әдіс­тәсілдер мен таныстым және оның мұғалімдер қауымына деген пайдасының өте жоғары екенін ұқтым. Осы үш айлық курсқа қатысқаннан кейін менің ұстаздық тәжірибемде көптеген өзгерістер болды. Бір ай ішінде бізге   жеті модульді оқушыларға түсінікті жәнеде қолжетімді түрде қалай тиімді пайдалануға болатынын үйрендік.  Бірай ішіндегі 7 модуль аясында алған білімімді практикамен ұштастыру   мақсатында   өз   мектебіме   бардым.   Алғашқы   күні   мектебіміздің директоры З. Аманжолов мырзаға өз тәжірибемді 5 сыныпта практикалық 4 сабақ өтетінімді   айттым.   Мектеп   барысымен   бірінші   кезекте   әріптестермен   7   модуль аясындағы   әдіс­тәсілдерді   сабаққта   тиімді   пайдалана   білуге   үйрету   барысында таныстыру   өткізуден   бастадым.   Мұғалімдер   қауымын   өзімнің   бірай   ішіндегі   7 модуль   аясындағы   әдәс­тәсәлдерді   айтудан   және   оны   сабақта   қалай   қолдану керектігін,   бұл   оқудың   мұғалім   мен   оқушыға   тигізетін   пайдасы   туралы   жетік түсіндірдім. Ол таныстырылымда, жеті модульдің негізгі идеяларын айтып өттім. Мұғалімдер   қызығушылық   танытты.   Кейбір   ұстаздар   қойған   сұрақтарына   тиісті жауаптарын   алды.   Қажет   деп   тапқан     жерлерін   түртіп   алды   және   7   модульдің ішіндегі сыни тұрғыдан ойлау сабақтарында қолданып жүргенін айтты. Ағылшын пәнінің мұғалімі Ибрагимова Жанат апай аталған бағдарлама бойынша қалай сабақ жоспарын   түзетіміз   туралы   сұрақ   қойды.   Мен   өз   тарапымнан   бағдарламаның   7 модулін орта мерзімдік жоспарыма қалай   кіріктіретінімді айттым. Олар апай бір сабақта толық 7 модульді кіріктіру мүмкін емес шығар деді. Өз әріптестеріме 7 модульді бір сабаққа кіріктіру міндетті емес, соның ішінде 4­5 кіріктіруге толықтай мүмкіндіктің   бар   екенін   және   оны   қалай   кіріктіруге   болатынын   дәлелдемелер келтіру   арқылы   түсіндірдім.   Математика   пәнінің   мұғалімі   Карабаева   Кундызай апай: «Егер біз әр сабақта сайын топқа бөліп, суреттер салдырып, әр оқушының пікірін тыңдайтын болсақ, сонда біз жаңа сабақты қашан және қалай түсіндіреміз?», ­   деп   сұрақ   қойды.   Мен   жаңа   технологияның   оқыту   мен   білімді   игеру   процесін тұтастай   құру,   қолдану   мен   білімді   бағалаудың   жүйелі   әдісі­тәсілдерін   атап көрсеттім.  Жаңа технология бағытында оқыту оқушының: ­ сабаққа деген қызығушылығын оянады; ­ есте сақтау қабілетін дамиды; ­ шығармашылыққа үйренеді; 1 Мынкожаева Гулжазира                                             Мұғалім портфолиосы                           В3 есебі 3­топ                                                                             3­деңгей Шалдар ауылы                                                            Тренер: Матаева С.Р. Күні: ­ өз ойын, пікірін еркін жеткізе алады; ­ жеке белсенділігін арттырады; ­ жабық емес ашық сұрақтарға жауап беруге машықтанады; ­ оқушылар бір­бірін тыңдауға, силауға дағдыланады; ­ уақытты тиімді пайдаланады; ­ сыни тұрғыдан ойлай алады. ­ пәнге деген қызығушылығын оятады; ­ бір­бірімен қарым­қатынасын жақсартады; ­ аз уақытта көп жұмыс жасауға үйренеді.  Сабақтарда оқушыларға проблемалық ситуациялардың да тиімділігі жақтарын атап айттым. Оқушылар ситуациялық тапсырмалар орындау барысында, әр пән бойынша алған білімдерін күнделікті өмірмен ұштастыра алатындығын баяндадым. Сабақтақа қатысты проблемалық ситуациялар, оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, өз бетімен жұмыс атқару дағдыларын дамытуға өз  пайдасын тигізеді. Сабақ барысында топпен, жұппен,  және дара жұмыстар жүргізіледі. Түрлі деңгейлік, топтық, жұптық тапсырмаларды   орындау   барысында   оқушылардың   сөйлеу   дағдылары,   өзара   ой алмасуын,   айтқан   идеяларын   дәлелдеу   қабілеттері   дамиды.   Проблемалық ситуациялармен   дұрыс   жұмыс   атқара   білгенде   ғана   оқушылардың   білім   сапасын арттыру  ниетінде   жақсы  жетістіктерге   жетуге  болады.   Тапсырмаларды  дайындау кездеңінде   мұғалім   сабақтың   тақырыбын,   мақсатын,   оқушылардың   дайындығын, қабілетін   ескеруі   керек.   Өтілетін   сабақтардағы   ойын   элементтеріне   тоқталар болсақ, бұл оқушылардың пәнге деген қызығушылығымен, білім сапасын көтеруге, сыни тұрғыдан ойлануын арттыруға үлкен мүмкіндік ашады: ­ Морфологияны соның ішіндегі ең күрделі тақырып етістікті оңай, әрі қызықты етіп түсінуге бейімделеді; ­ оқушының белсенділігі, ой­өрісі, сана­сезімі артады; ­ материалды оңай және түсіне отырып меңгереді; ­ сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамиды; ­ логикалық ойлау қабілеттері дамиды; ­ ойын, оның түрі, мазмұны оқушылардың жас ерекшіліктеріне сай болады; ­ ойынның қызықты материалы тақырыппен тығыз байланысты ­ мұғалім үнемі ізденіс үстінде болады; ­ ойын түрлері сабақтың әр кезеңдеріне сай тиімді таңдалады. Сагинбекова Гулбану деңгейлеп оқыту технологиясының ұтымды тұстарын айтып кетті. Ол: ­   деңгейлеп,   саралап   оқыту   құрылымында   білімді   игерудің   үш   деңгейі қарастырылады; ­ әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді; ­ деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді; ­деңгейлік тапсырмалар талапқа сай болуы керектігін айтып өтті. Қашықтықтан   оқыту   кезеңінен   келген   соң,   мен   топтық   тұсаукесерге   қатысып отырдым. Мектептегі іс­тәжірибемізде өткен сабақтарымызды, жасаған қысқа және орта   жоспарларымызды   топ   ішінде   талқылап,   бір­біріміздің   қателерімізді   түзеп 2 Мынкожаева Гулжазира                                             Мұғалім портфолиосы                           В3 есебі 3­топ                                                                             3­деңгей Шалдар ауылы                                                            Тренер: Матаева С.Р. Күні: отырдық.   Осы   кемшіліктерді   түзету   барысында   өзімізді   реттедік.   Тапсырма бойынша сұрақтарды талқылап, постерге ойымызды түсірдік. Біз тобымыздың атын «Білім бғы» деп атадық. Себебі бау деген сөздің өзі­ еңбектің жемісі. Олай болса, біз де осы курстың барысында барлық модульдерді тиімді пайдаланып, нәтижеге қол жеткізу үшін білім бағының жемісін көру үшін өмір бойы оқып, ізденісте болуымыз керек.   «Ынтымақтастық   атмосферасын   қалыптастыру»   тақырыбында   топтық таныстырылым ұсынды. Олар постерге күннің бейнесін бейнеледі. Себебі, мұғалім күн секілді өзінен жылулық таратады. Жанына күн бағыс  гүлін  салды. Ол гүлді оқушыларға теңеді. Күн бағыс күнді жақсы көреді. Күн қай жерде болса, гүлде сол жаққа   басын   бұрады.   Күн   ашылған   сайын,   оның   гүлі   де   ашыла   береді.   Демек, мұғалім   өзінің   қандай   екенін   бала   арқылы   біледі.   Күннің   әрбір   шуағына   жеті модульді жазып шықты. Дарынды және талантты балаларды жабылып тұрған гүлге теңеді. Талантты немесе қабілетті үнемі айқындай отырып бастауыш мектептердің мұғалімдері өздерін «дарынды бақылаушылар» ретінде көрсетуге тиіс. [Эйр және Лав, 2002] . «Мұғалімнің көмегі арқылы сол гүл ашылады», ­ деп ойларын түйіндеді.            Топтық таныстырылымнан кейін менің түйген ойым: оқушыларды топқа бөлу барысында мынандай жетістіктерге жетуге болады екен: 1.Оқушылар бір ­ бірімен пікірлесе отырып, ортақ қорытынды шығарады. 2.Тақырыптық түсініксіз жерлерін айқындайды. 3.Топтарының сұрақтарына жауап береді. 4.Барлық оқушылар жұмыс істейді. 5.Қорытынды шығарады. Осындай   топта  бірлесіп   жұмыс   істейтін   болса,   оқушылардың   білімдері   нәтижелі болады, шыңдалады . Оқушылар жұмыс жасау барысында бір ­ біріне көмектесіп, ойларын ортаға салады, ынталарына күш ­ қуат бере отырып, өздерінің білім алуын көтермелейді, оқуға, жазуға, тыңдауға, сөйлеуге кең мүмкіндіктер беретін ортада оқушы өз пікірлерін еркін жеткізуіне жағдайлар жасайды. Топ мүшелері өз ойларын ортаға салып және сол ойларды кесте арқылы көрсетеді. Шамалары келгенше қорғап шығуға тырысады. «Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу» бағдарламасының қай әдісін алсақ та оқушының белсенділігін, ойлау қабілетін, шығармашылығын жан ­ жақты дамытатынын байқадым. Келешекте Кембридж бағдарламасының жеті модулін өз сабқтарымда қолданамын. Себебі   осы   модульдерді   қолдануда   оқушылардың   табысты   білім   алуына   қол жеткіземін   және   жеке   тұлға   ретінде   қалыптастырамын.   Өз   ойымды   қорыта   келе топтық, жеке тұсаукесерлер орындаудың мен үшін маңызды екенін білдім, себебі мен өзімнің әр қырымнан танылып, өз­өзімді шыңдай білдім. 3 Мынкожаева Гулжазира                                             Мұғалім портфолиосы                           В3 есебі 3­топ                                                                             3­деңгей Шалдар ауылы                                                            Тренер: Матаева С.Р. Күні: 4

Отчет В3

Отчет В3

Отчет В3

Отчет В3

Отчет В3

Отчет В3

Отчет В3

Отчет В3
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
03.03.2018