С Cабақтың тақырыбы: «Бейметалдар мен металдар» тарауына арналған жарыс сабағы
Сабақтың мақсаты: А) білімділік:«Бейметалдар», «Металдар» тараулары бойынша оқушылардың алған білімдерін қорытындылау, дамыту, шыңдау, бекіту, тереңдету. Ә) дамыту:Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, түйсігін, дүниетанымын дамыту. Өздігінен жұмыс жасауға үйрете отырып, пәнге қызығушылығын арттыру. Б)тәрбиелік: Адамгершілік жақсы қасиеттерге баулу, топпен, жұппен жұмыс жасай білуге, бір-біріне көмектесуге, өз бетінше ізденуге дағдыландыру. Қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Жарыс сабағы. Сабақтың әдісі: Шығармашылық ізденіс, топпен жұмыс. Сабақтың көрнекілігі: Металдардың электрохимиялық кернеу қатарыкестесі, Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі, тұздардың, қышқылдардың, негіздердің суда ерігіштік кестесі, тірек-сызбалар, тірек-конспектілері, плакаттар, маркерлер, оқушы-лардың өздігінен жинаған материалдары. Пәнаралық, пәнішілік байланыстар: Математика, әдебиет, география, физика, биология. Сабақтың жоспары:С Cабақтың тақырыбы: «Бейметалдар мен металдар» тарауына арналған жарыс сабағы
Сабақтың мақсаты: А) білімділік:«Бейметалдар», «Металдар» тараулары бойынша оқушылардың алған білімдерін қорытындылау, дамыту, шыңдау, бекіту, тереңдету. Ә) дамыту:Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, түйсігін, дүниетанымын дамыту. Өздігінен жұмыс жасауға үйрете отырып, пәнге қызығушылығын арттыру. Б)тәрбиелік: Адамгершілік жақсы қасиеттерге баулу, топпен, жұппен жұмыс жасай білуге, бір-біріне көмектесуге, өз бетінше ізденуге дағдыландыру. Қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Жарыс сабағы. Сабақтың әдісі: Шығармашылық ізденіс, топпен жұмыс. Сабақтың көрнекілігі: Металдардың электрохимиялық кернеу қатарыкестесі, Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі, тұздардың, қышқылдардың, негіздердің суда ерігіштік кестесі, тірек-сызбалар, тірек-конспектілері, плакаттар, маркерлер, оқушы-лардың өздігінен жинаған материалдары. Пәнаралық, пәнішілік байланыстар: Математика, әдебиет, география, физика, биология. Сабақтың жоспары:
Cабақтың тақырыбы: «Бейметалдар мен металдар» тарауына арналған жарыс сабағы
Сабақтың мақсаты: А) білімділік:«Бейметалдар», «Металдар» тараулары бойынша оқушылардың алған
білімдерін қорытындылау, дамыту, шыңдау, бекіту, тереңдету.
Ә) дамыту:Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, түйсігін, дүниетанымын дамыту. Өздігінен жұмыс
жасауға үйрете отырып, пәнге қызығушылығын арттыру.
Б)тәрбиелік: Адамгершілік жақсы қасиеттерге баулу, топпен, жұппен жұмыс жасай білуге, бірбіріне
көмектесуге, өз бетінше ізденуге дағдыландыру. Қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жарыс сабағы.
Сабақтың әдісі: Шығармашылық ізденіс, топпен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Металдардың электрохимиялық кернеу қатарыкестесі,
Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі, тұздардың, қышқылдардың, негіздердің суда ерігіштік
кестесі, тірексызбалар, тірекконспектілері, плакаттар, маркерлер, оқушылардың өздігінен жинаған
материалдары. Пәнаралық, пәнішілік байланыстар: Математика, әдебиет,
география, физика, биология. Сабақтың жоспары:
1.Топтардың өздерін таныстыруы. Эмблемаларын қорғауы.
2.Кім жылдам?
3.«Ең...ең...ең...»
4. «Кім жүйрік»
5.Сергіту сәті, « Ойлан, тап».
6. «Кім білгір».
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Біз бүгін химия пәнінен 9 сынып оқушылары арасында
«Бейметалдар» және «Металдар» тараулары бойынша білім жарысын бастағалы отырмыз.
Әділқазылар алқасы сайланады.
1. Таныстыру кезеңі Бұл кезеңде әр топ өздерін таныстырады. Топтардың өздерін таныстыруына 15
аралыгында балл беріледі.
Дір еткізіп, маужыраған даланы, Таутастары көкке атылып барады.
Динамитпен жер қопарып адамдар, Қойнауынан асыл байлық алады, дей отырып,
« Металдар» тобы ортаға шақырылады.
Көміртек, сутек, оттегім! Өзіңсіз күнім жоқ менің. Сендер ғой, тірі тіршілік – Білерім әлі көп менің...
Ортаға «бейметалдар» тобын шақырылады.
2. «Кім жылдам?» кезеңі
Бұл кезеңде екі топтан бірбірден екі оқушы ортаға шығады. Берілген элементтерден «бейметалдар» тобы
бір бейметалды, «металдар» тобы бір металды таңдап алады. Сол элементке периодтық жүйедегі орыны
бойынша сипаттама береді.
1.Периоды 6 . Ядро заряды
2.Қатары 7. Электрон саны
3.Тобы,топшасы – 8 Протон саны
9. Ең жоғарғы тотығу дәрежесі
4.Реттік нөмірі 10. Электрондық формуласы
5. Атомдық массасы
3. «Ең... ең... ең...» жарыс кезеңі
Бұл кезеңде екі топ та тақтаға жазылған сұрақтарға жауап береді: (1 сұраққа бір баладан қойылады)
«Металдар» тобына:
1.Ең көп таралған металл (алюминий)
2. Ең ауыр металл (осмий)
3.Ең жұмсақ металл (натрий)
4. Ең жеңіл металл (литий)
5. Ең қатты металл (хром)
6. Ауада ең көп таралатын газ(азот)
«Бейметалдар» тобына:
1.Электр терістілігі ең жоғары элемент (фтор)
2.Металдар үшін ең қауіпті тотықтырғыш (оттек)
3.Ең жеңіл газ (сутек)
4.Ең оңай балқитын металл?(сынап)5.Фотосинтез процесіне ең қажет металл (магний)
6.Ең қиын балқитын металл? (вольфрам)
4. «Кім жүйрік» кезеңі.
Жүйрік болсаң, жетіп көр,
Зерек болсаң – шешіп көр.
«Кім жүйрік» кезеңінде екі топ бірбірімен есептерді шығарып сайысқа түседі.
Әр есепке 2 ден 5 аралығында балл беріледі.
5. Сергіту сәті: «Ойлан, тап!»
Жұмбақ айтып халайық, біраз сергіп алайық.
Ойнап,әрі ойланып, шешімдерін табайық.
Бұл кезеңде жұмбақтар шешіледі. Бір дұрыс жауапқа бір балдан қояды. Екі топқада ортақ алты жұмбақ
оқылады.
1. Жарыста топтан озғанда,
Тағады менің төсіме,
Күміс пенен қоладан,
Биік тұрам әр кезде (алтын)
2. Су бетінде безектеп,
Металл натрий жүзеді
Ең соңында жоқ болып
Қандай қосылыс түзеді? (натрий гидроксиді)
3. Фосфор жанса будақтап,
Ақ түтінін тузеді,
Ол түтінді су сорып,
Қандай қосылыс түзеді? (фосфор оксиді,фосфор қышқылы)
4. Түссіз ауыр сұйықтық,
Су құйылса қызып тұр
Ылғал тартып ауадан,
Күштілігі артып тұр
Ал, қанекей,айтыңдар,
Қай қышқылды айтып тұр? (күкірт қышқылы)
5. Түрім қара бақсаңыз
Қызарамын жақсаңыз. (көмір)
6. Табылса бұрын там тұмнан,
Қазір көп әр өлкеде
Қымбат болды алтыннан,
Қандай металл ертеде? (алюминий)
6. «Кім білгір» кезеңі
Әр топ оқушылары конверттен сұрақтар алып жауап береді. Бір сұраққа бір баллдан беріледі
Химия – ырыс қой, түсінсең пайдасын,
Қызметі өрлесін, маңызын жоймасын.
Атом – бомба сынақтар жарғызбасын,
Адамзатты қылмысқа барғызбасын.
Жамандыққа қолданып химияны,
Басымызға азапты салғызбасын,
дей отырып, жарыс сабағы аяқтап,ендігі сөзді әділқазыларға береміз.