Открытый урок по химии в 9 классе на тему: "Судың кермектігі"
Оценка 4.7

Открытый урок по химии в 9 классе на тему: "Судың кермектігі"

Оценка 4.7
Разработки уроков
docx
химия
9 кл
10.02.2017
Открытый урок по химии в 9 классе на тему: "Судың кермектігі"
Конспект открытого урока предназначен для урока химии в 9 классе с казахским языком обучения. Тема "Судың кермектігі", это продолжение знакомство с химическим элементом "кальций". Урок состоит из нескольких этапов.Большое внимание уделяется небольшому эксперименту: исследование жесткости воды.Ученики сами делают вывод о том, что вода из крана жесткая, а талая вода нет.конспект открытого урока по химии в 9 классе "Судың кермектігі"
судың кермектігі.docx

Сабақтың тақырыбы: Судың кермектігі және оны жою әдістері

Сабақтың мақсаты:оқушылар тәжірибе арқылы судың кермектігін анықтайды және онын жою әдістерімен танысады.

Күтілетін нәтижелер 1.Судың кермектігі ұғым туралы біледі. 2.кермектіктің пайда болуы себептері мен оны кетірудің иондық механизімін түсінеді. 3.суды жұмсартудың негізгі әдіс-тәсілдерін біледі. 4 Қоршаған ортаны қорғауға, табиғат байлығын үнемді пайдалануға дағдыланады

Сабақтың түрі:Аралас сабақ
Қолданатын әдістер: Блум таксономиясына сәйкес деңгейлі тапсырмалар беру, диалогтық оқыту: сұрақ қою техникалары, жоғары санатты сұрақтар қою, зертханалық эксперимент, баяндау.

Сабақ көрнекілігі: слайдтар,  құбырдан алынған суы, тазартылған су, еріген қардың суы, сабын, сыңауық, штатив,шыны таяқша.

Сабақ құрылымы:

1.Ұйымдастыру.

2.Үй тапсырмасы.

 3.Жаңа сабақ.

4.Үйге тапсырма.

5.Бекіту.

Ұйымдастыру кезені: Оқушылармен амандасып , топтарға бөлу.

Сабаққа дайындығын тексеру.

Үй тапсырма:

1)Төменгі деңгейдегі сұрақтары

А) Са кальцийдін ПЖ-гі орны.

Ә) Қандай кальций қосылыстарды білесіңдер?

Б) Са физикалық қасиеттері?

2)Жоғарғы деңгейдегі сұрақтары                                       

 А) Са атомының электрондық құрылысы?
Ә)Табиғаттағы кальций қосылыстарының айналымы?
В)Са химиялық қасиеттері?

 

Тест

1.Кальций атомының сыртқы энергетикалық деңгейінде неше электрон бар

А)1

В)2

С)3

Д) 4

2.Табиғатта ең көп таралған Са қосылысы

А) фосфорит

В) құм

С) гипс

Д) кальций карбонаты

3)Кальцийдің  қосылыстарындағы тотығу дәрежесі

А)+1

В)+2

С)+3

Д)+4

4.СаО кальций оксидінің  екінші атауы

А)мәрмәр

В)гипс

С)бор

Д)сөндірілмеген әк

5.Құрлыста қолданылатын кальций тұзы

А) фосфорит

В) гипс

С)апатит

Д)флюорит

Жауаптар: 1в;  2д;    3в;    4д;     5в;

 

Тапсырма: «Сәйкестік табу»

Қосылыстар------------------------------------Формуласы
1. Кальций гидроксиді-----------------------А. СaCO

2. Кальций гипохлориді----------------------Б. СаО
3. Кальций карбонаты.-----------------------В. Са(СІО)

4. Алебастер-----------------------------------С. Са(ОН)

5. Кальций оксиді-----------------------------Д. СаSО
• 0, 5НО

6. Ғаныш----------------------------------------Е. СаSО • 2НО

Жауаптар:1с; 2в; 3а; 4д; 5б; 6е;

 

 Жаңа сабақ:

Мұғалімнің сөзі:Дәптерге бүгінгі сабақтың тақырыбын жазамыз. Балалар, сіздерге үстелге шағын тәжірибе орындауға құралдар тұр. Тапсырма:әр сынауыққа сабын үгінділерін салып,шыны таяқшымен араластыру керек.Тәжірибе нәтижесінде не көрдің,не бақыладың?Нені байқадыңдар?

Тәжірибе: төрт топқа штативта үш сынауықтар ,шыны таяқша,кір сабын үгінділері беріледі.


№1-ші сынауықта тазартылған ауыз су (скважина)

 №2-ші  сынауықта қайнатылған ауыз суы.

№3- ш сынауықта  ерітілген қар суы.

Оқушылар топтарда талқылау жүргізеді.Сынауықтарда құрамы және сапа жағынан әр түрлі су бар екені көреді.Әр топ спикерлері өз жауаптарын айтады.Барлық топтар ортақ нәтижеге келеді.

 

Қосымша ақпараттар:Табиғатта үздіксіз жүріп жататын кальций және магний қосылыстарының бір- біріне айналулары судың кермектігін түсінуге мүмкіндік береді. Табиғи суда еріген гипс, магний гидрокобонаты, кальций гидрокорбонаты суға кермектік қасиет береді. Кермек суда сабын нашар көпіреді. Себебі, судағы кальций және магний иондары сабынның құрамындағы органикалық қышқылдың қалдығымен ерімейтін тұз түзеді. Сондықтан кермек суда кір жуғанда сабынның бір бөлігі кальций және магний иондарын тұнбаға түсіруге жұмсалады. Кермек судың басқа да зияны бар, өнеркәсіпте суды көп мөлшерде қайнататын бу қазандарында қақ тұрып, отын артық шығындалады. Кермек су дәрі- дәрмек әзірлеуге жарамайды, матаны бояуға кедергі жасайды.

Кермек суда тағам нашар піседі, себебі Са 2+катиондары тағамдағы ақуыздармен ерімейтін қосылыстар түзеді. Мұндай суда шай және кофе нашар шығады. Кермек суды көп пайдаланудан адамның асқазаны ауырып, организмге тұз жиналуы мүмкін.Құрамында Ca 2+, Mg  иондары бар су кермек су деп аталады.

Кермек судың түрлері:1.ұақытша

                                       2.тұрақты

Қайнату арқылы: Са(НСО3)2=СаСО32О+СО2 /реакция теңдеуінің жалғасын оқушыларға жазғызу/
Техникада көп мөлшердегі суды қайнату тым қымбатқа түседі. Сондықтан суды жұмсарту үшін әк сүтін пайдаланады:
Са(НСО3)2+Са (ОН)2=2СаСО3 + 2 Н 2О /реакция теңдеуінің жалғасын оқушыларға жазғызу/
Тұрақты кермектікті химиялық әдіспен кетіреді. Мысалы, соданың көмегімен:
СаSO4+Na 2CO3 = CaCO3+Na 2SO4 /реакция теңдеуінің жалғасын оқушыларға жазғызу/

 

Мұғалімнің сөзі: Судың құрамы бірдей емес екені біздің көзіміз жетті.Келесі сабаққа

1 және 2 топ :Адам ағзасына кермек судың зияны. (Шағын баяндама)              3 және 4 топ: Үй жағдайында шағын зерттеу өткізу.(Су кермектігі туралы)    5 және 6 топ: Суды қалай үнемдеуге болады (Шағын есеп-қисап)

             

Бекіту

1)Бүгінгі сабақта қандай тәжірибе жасадық?

2)Адам ағзасына қандай су ішу пайдалы

3)Кермек су туралы не білдік?

4) Кермек суды неге машина двигателіне құюға болмайды?

Қосымша сұрақтар: 
1. Тұрмыста (шаш, киімнің өңі)
2. Ыдыста қақ тұру(отын шығыны)
3. Құбырлардың таттануы (тез істен шығуы)
4. Медицинада қандай су пайдаланылады?                                                      5.Су кермектігінің түрлері (уақытша және тұрақты)
6. Жою әдістері (уақытша кермектігі бар суды қыздыру, тұрақты кермектілігі бар суға сода ерітіндісін құю)
7. Адамның қай мүшелерінде тұз жиналуы мүмкін? ( Бүйрек, өт, бауыр, буын т.б.)
8. Мұхит суын ауыл шаруашылығында қолдануға бола ма?
9. Кермектіктің судың зияны. (әр түрлі буын аурулары, бүйрек ,бауырға тас түзілу, суды қорғаудың қажеттілігі туралы, суды үнемді пайдалану туралы) .

Бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Б.Жахин атындағы Новомарковка орта мектебі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы:

 

« Судың кермектігі және

 оны жою әдістері»

 

Химия пәні

 9 «А» сынып

 

 

 

Химия және биология пән мұғалімі:

 Ботакоз Серикбаевна Абенова

 

 

 

 

 

 

 

2017 жыл


 

Сабақтың тақырыбы : Судың кермектігі және оны жою әдістері

Сабақтың тақырыбы : Судың кермектігі және оны жою әдістері

С)+3 Д)+4 4.СаО кальций оксидінің екінші атауы

С)+3 Д)+4 4.СаО кальций оксидінің екінші атауы

Табиғатта үздіксіз жүріп жататын кальций және магний қосылыстарының бір- біріне айналулары судың кермектігін түсінуге мүмкіндік береді

Табиғатта үздіксіз жүріп жататын кальций және магний қосылыстарының бір- біріне айналулары судың кермектігін түсінуге мүмкіндік береді

Тұрмыста (шаш, киімнің өңі) 2

Тұрмыста (шаш, киімнің өңі) 2

Б.Жахин атындағы Новомарковка орта мектебі

Б.Жахин атындағы Новомарковка орта мектебі
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
10.02.2017