Открытый урок по казахскому языку на тему: «Отбасы»
Оценка 4.7

Открытый урок по казахскому языку на тему: «Отбасы»

Оценка 4.7
Разработки уроков
docx
воспитательная работа
Взрослым
23.02.2018
Открытый урок по казахскому языку на тему: «Отбасы»
Сабақтың мақсаты: Білімділік: -Оқушыларға отбасы түсініктерін қалыптастыру; -. Отбасы неке мен туыстық қатынастарға негізделген адамдар тобы екенін ұғындыру. Дамытушылық: - Отбасы қоры туралы түсінігін кеңейту, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорын байыту. - топта жұмыс істеу дағдысын дамыту, бір-бірімен қарым-қатынас жасай алу және ортақ шешімге келу; Тәрбиелік: - Туған - туысқандарды өзара сүйіспеншілікке тәрбиелеу, адамның қалыптасуындағы отбасындағы тәрбиенің маңызын ұғындыру, -Ата - ананы сыйлауға, кішіге қамқорлық жасауға, еңбекке баулу. Сабақтың типі: Жаңа сабақОткрытый урок по казахскому языку на тему: «Отбасы»
Отбасы.docx
Пән: «Қазақ тілі» Курс :1 Сабақтың тақырыбы: «Отбасы» Сабақтың мақсаты:  Білімділік:  ­Оқушыларға  отбасы түсініктерін қалыптастыру; ­. Отбасы неке мен туыстық қатынастарға негізделген адамдар тобы екенін  ұғындыру.   Дамытушылық:  ­ Отбасы қоры туралы түсінігін кеңейту, ойлау, есте  сақтау қабілеттерін дамыту,  сөздік қорын байыту. ­ топта жұмыс істеу дағдысын дамыту, бір­бірімен қарым­қатынас жасай алу және  ортақ шешімге келу;   Тәрбиелік:  ­ Туған ­ туысқандарды өзара сүйіспеншілікке тәрбиелеу,  адамның қалыптасуындағы отбасындағы тәрбиенің маңызын ұғындыру,  ­Ата ­ ананы сыйлауға, кішіге қамқорлық жасауға, еңбекке баулу.  Сабақтың типі: Жаңа сабақ Өту барысы: жұпптық, жеке, топтық жұмыс  Әдіс/тәсілдері: сұрақ ­ жауап, әңгімелеу, түсіндіру Көрнекілігі :  слайдтар,  кестелер, сызбалар, сөзжұмбақ. Пәнаралық байланыс: орыс тілі , ақпараттық­ коммуникациялық технология Сабақтың жоспары  1. Психологиялық дайындық. Шаттық шеңберін құру.  2. Оқушыларды топқа бөлу  3. Ой қозғау. Отбасы туралы түсініктерін айқындау.  4. Мағынаны тану. Топтық жұмыстар.  5. Сергіту сәті  6. Мақал­мәтелдер, қанатты сөздер   7. Сөзжұмбақ шешу 8".Қаражәшік" ойыны 9. Кластер   10.Рефлексия 11. Үйге тапсырма 12. Оқушыларды бағалау. Сабақты қорытындылау    Сабақты қабылдауға психологиялық дайындық. Шаттық шеңберін құру. Баяу ән ырғағы ойнап тұрады. Балалар дөңгеленіп шаттық шеңберін құрайды  Оқытушы:.Балалар барлығымыздың бойымызда жақсы қасиеттер бар екенін  білеміз. Ендеше, бір­бірімізді жақынырақ тану үшін, аттарымыздың бас әріптерін  атаймыз және сол дыбысқа сын есім сөздерін жалғап өзін сипаттау.  Мысалы:  Қарлығаш­ қайратты, Марал­ мықты,Сәуле­ сыпайы, Тлектес­төзімді, Аида­ ақылды т. б. 2. Оқушыларды топтарға бөлу Аналарымызға сыйлайтын гүл түрлері бойынша топтарға бөлу "Раушангүл". "Қызғалдақ"  "Түймедақ" (3 топқа бөлу)   3. Ой қозғау  Оқытушы: ­ Міне, балалар,  бүгіннен бастап отбасындағы әдеп, сыйластық деген  тарауды бастаймыз. Отбасын неге мемлекет дейміз? Себебі оның да басшысы бар,  оның да белгілі бір құрылымы бар. Жалпы отбасында әке немесе шеше басқарушы  болады. Ата­ ана басты қамқоршы әрі отбасы мүшелерін біріктіруші болып  саналады.  Оқушыларға отбасы туралы слайдтан суреттерді көрсету.  ­Балалар, суреттерде кімдер бейнеленген?  ­ Олар, бір­біріне кім болып келеді?  ­Олар немен айналысып жатыр?  Оқушылар суреттерде отбасылар бейнеленгенін табады.  Сабақтың осы бөлігін оқытушы қорытындылап, суретте отбасы, туралы айтады.  Кіріспе сөз :  Балалар, байқадыңдар ма, көрсетілген суреттер отбасы, туыс туралы  тақырыптар болды.  Ендеше бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы«Отбасы » деп аталады.  Ата, әже, әке, ана, қарындас, іні, әпке – отбасы болып есептеледі. Отбасы  дегеніміз – бұл мүшелері туыстық қатынаста болып, басқа мүшелеріне  қамқорлық көрсетіп, бастарын біріктіретін шағын мемлекет.  Отбасының басшысы болады.Отбасының белгілі тұратын мекен ­ жайы және  өзінің табысына лайықты шаруасы болады. Отбасы табысы да бәріне ортақ.  Оның мүшелеріне керегінше жұмсалады. Отбасының  ауқатты болуы қоғамға  да байланысты. Халық тұрмысының жақсаруы қоғамның өркендеуіне жағдай  жасайды. Отбасы туған ­ туыстар мен қарым ­ қатынаста болады. Отбасы  мүшелерінің арасында татулық, бірлік, сыйластық, адалдық, келісім,  сүйіспеншілік сияқты жақсы қатынастар болуы керек. Сонда ғана отбасы жарастығы болады. Балалар негізгі тәрбиені отбасында алады.  Отбасына қамқорлық – Республикамыздың негізгі міндеттерінің бірі. ҚР ­ ның Ата Заңының 27 ­ бабында неке мен отбасы, ана мен әке және бала  мемлекеттің қорғауында болады деп көрсетілген.  Әрбір отбасы  мүшесі қоғамның  мүшесі. Барлық қоғам мүшелері сияқты  оның өзіндік көзқарасы, құқығы бар.  Отбасы қоғамның бөлшегі болғандықтан 1993 жылдан бастап  15 мамыр ­ Халықаралық отбасы күні болып аталады. Ал біздің елімізде  Отбасы күні қыркүйек айында тойланады. Елімізде бірнеше жыл қатарынан   «Мерейлі отбасы» атты республикалық  сайыс өткізіледі. IV. Мағынаны тану. (10 минут) Мұғалім оқулықтағы Отбасы­шағын мемлекет тақырыбын 3 топқа бөліп береді.  1­топ (Раушан):  1­ бөлім оқып" Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің"  мақалдың  мағынасын ашу 2­топ (Қызғалдақ) 2­ бөлім. Отбасындағы әке мен шешенің рөлін түсіндіру,  3­топ(Түймедақ) 3­бөлім ,Өзжұрты, нағашы жұрты деген сөз тіркестерін түсіндіру.    Оқушылар өздеріне берілген мәтін бөлігімен танысып, плакатқа дайын суреттерді  пайдаланып, жазбалар, суреттер қосып постер дайындайды.  Әр топ өз бөліктері бойынша түсініктерін айтып, постерлерін қорғайды.  V.Сергіту сәті ."Қызылгүлім­ай" Бейне үзіндіге билеу  VI. Отбасы жайлы мақал – мәтелдер, қанатты сөздер. (Тақтаға дайын плакат ілінеді, оқушылар олардың мағыналарын түсіндіреді) (7 минут)  1. Бала – ананың бауыр еті.  2. Ата көрген оқ жонар, Шеше көрген тон пішер.  3.Әке асқар тау, Шеше ағып жатқан бұлақ, Бала жағадағы құрақ 4. Жақсыларға жақын бол, Отбасымен тату бол.  5. Отбасы ­ тәрбиенің басты ұясы.  6. Анаға­ құрмет, Атаға­ қызмет 7. Анаға қарап қыз өсер, атаға қарап­ ұл.  8 .Отбасында адам бойында асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға  деген ыстық сезім жақындарына, туған ­ туысқандарына деген сүйіспеншіліктен  басталады.  (Н. Назарбаев)  VIІ. Сөзжұмбақ шешу (3 минут) О  Т  Б  А  С  Ы  1. Түсі нарттай,  Тілін тартпай,  Жолға шықса,  Қоймайды құртпай.  2. Мемлекеттік рәміздің бірі.  3. Еңбек құралы.  4. Ең жақын адам.  5. Уақыт өлшемі.  6. Ырыс алды ­  VІІІ. «Қара жәшік ойыны» ойыны  (7 минут) Әр топтан 1 оқушыдан шығады.  Оқушылардың ашық хаттарымен жұмыс. Шығармашылық жұмыс. ІХ.Кластер әдісі (3 минут ) «Отбасы», «Отбасы жарастығы» сөзіне кластер толтыру.  (шағын қоғам, отбасы басшысы, отбасы қоры, мүшелері іс атқарады, туыстар мен  қатынас, мекенжайы, татулық, сыйластық, т.б. )  Х. Рефлексия. (5 минут)" Бес саусақ" әдісі. Қолының ізін қалдырып, саусақтарына  сабақта не ұнағанын, не білгенін, нені үйренгенін жазу, бірнешеуі оқып шығуы. ХІ. Үйге тапсырма  Отбасы туралы эссе жазып келу  ХІІ. Оқушыларды бағалау  Оқытушы  дұрыс жауап берген оқушыларға стикер таратып беріп отырады. Сабақ  соңында стикерлерді плакатқа жапсырады.Оқытушы оларды санап қорытынды  бағалайды.  Жаңа сабақты қорытындылау  Отбасы – адамның шыр етіп дүниеге келгеннен бастап тәрбие нәрін алатын орны. Әрқайсысыларың отбасы дәстүрлерін, құндылықтарын сақтай білсеңдер, қоғамның  жақсы мүшесі бола аласыңдар.                        «Ертіс аграрлық­техникалық колледжі» КМҚК                                 Ашық сабақтың тақырыбы:                                «Отбасы» Пән: «Қазақ тілі» Курс :1 Топ: П­11                                                                                                             Дайындаған: қазақ тілі оқытушысы Орынбаева Р.М.                                                                                                                       Ертіс 2015 ж                      «Ертіс аграрлық­техникалық колледжі» КМҚК                                 Ашық сабақтың тақырыбы:                                «Қазақ халқы ­ қонақжай» Пән: «Қазақ тілі» Курс :1 Топ: Ф­11                                                                                                             Дайындаған: қазақ тілі оқытушысы Орынбаева Р.М.                                                                                                                       Ертіс 2017 ж

Открытый урок по казахскому языку на тему: «Отбасы»

Открытый урок по казахскому языку на тему: «Отбасы»

Открытый урок по казахскому языку на тему: «Отбасы»

Открытый урок по казахскому языку на тему: «Отбасы»

Открытый урок по казахскому языку на тему: «Отбасы»

Открытый урок по казахскому языку на тему: «Отбасы»

Открытый урок по казахскому языку на тему: «Отбасы»

Открытый урок по казахскому языку на тему: «Отбасы»

Открытый урок по казахскому языку на тему: «Отбасы»

Открытый урок по казахскому языку на тему: «Отбасы»

Открытый урок по казахскому языку на тему: «Отбасы»

Открытый урок по казахскому языку на тему: «Отбасы»

Открытый урок по казахскому языку на тему: «Отбасы»

Открытый урок по казахскому языку на тему: «Отбасы»
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
23.02.2018