Энергетикалық қазандардың тағайындалуы және маркировкасы.docx
Бу қазандарының типтері және классификациясы
Бу қазаны отын жанғанда бөлінетін жылуды пайдалану арқылы
үзіліссіз келетін аудан бу өндіруге арналған ысыту беттерінің жүйесі
болып табылады.
Энергетикалық қазандарды негізгі үш зауыттарда өндіреді:
ТТаганрок қазан зауыты
ППодольск машина жасау зауыты
БҚЗБарнауыл қазан зауыты.
Қазандардың маркировкасы келесі түрде жазылады:
бірінші санбу өндіргіштік т/сағ
екінші санқыздырғыш бу қысымы кгс/см2
Бу өндіргіштік [Д] т/сағ бу қазанында уақыт бірлігінде өндірілетін
бу мөлшері.
Ысыған бу параметрлері – оның бу ысытқыштан шыға беріс
коллектордағы қысымы және температурасы көрсеткіштері
Электр станцияларына орнатылған бу қазандарын қысым мөлшері
бойынша
орташа (10Мпа) дейін;
жоғары (14 Мпа);
аумалық күйден аса( 25,Мпа) қысымды болып бөлінеді.
Бу қазаны және бу турбинасы, электрогенератор электр
энергиясын өндіретін энергетикалық блокты құрайды.
Бу қазандарының типтік өлшемдері:
Птүзу ағысты қазан
Еерікті айналымды қазан
Преріксіз айналымды қазан
Ппаралық қыздырғыш бар түзу, ағысты
Епаралық бу қыздырғышы бар ерікті айналымды қазан.
ЖЭС жағатын энергетикалық отындар: газ, мазут және көмір
болып табылады. Барабанды бу қазандары
1 суретте өнімділігі 320т/сағ., қысымы 14МПа және температурасы
560 ℃
газмазутты БҚЗ320140ГМ бу қазаны көрсетілген.
Компоновкасы Птәрізді. Ошақтың барлық қабырғалары диаметрі 60мм
құбырмен экрандалған, ондағы жұмыс ортасының қозғалысы – еркін
қозғалысты. Ошақ қабырғаларының обмуровкасы – құбырлық. Субулық
қоспа ошақ экрандарынан барабанға түседі. Ол 16ГНМА болаттан
жасалған, ішкі диаметрі 1600 мм, қабырғаларының қалыңдығы 115 мм
және роликті тіреуіштерге орнатылған. Қазан ЖЭС жұмыс жасауға
тағайындалған, онда қоректі су сапасының жиі бұзылуы ескерілген
және сол себепті ошақтың шеткі қабырғаларында буландырғыш пен
сыртқы циклон қарастырылған.
Ошақ табаны оның центріне қарай 15о қиғаштығы бар. Табанның
бу түзілуші құбырларының алау ядросынан зақымдануынан сақтау үшін
олар шамот кірпішімен және отқа төзімді хромит массасымен қапталған.
Ошақ камерасында газ және мазуты жағуға арналған өнімділігі жоғары
қарамақарсы орнатылған 10 аралас жандырғылар бар. Ошақ
камерасының көлемі 910 м3, ошақтан шығудағы газ температурасы
1200оС. Барабаннан шыққан қаныққан бу бірінші ені бойынша ошақтың
төбесін алып отырған радиациялық бу қыздырғышқа түседі, одан кейін
тік орналасқан жартылай радиациялық ширмаларға және көлденең газ
жолында және түсу шахтасының басында орналасқан конвективті
қыздырғыш беттеріне түседі. Будың қызуын реттеу екі бу
салқындатқыштармен жүзеге асырылады. Шашыратуға қажетті су қазан
барабанынан алынатын қаныққан бу бөлігін конденсациялық
қондырғыда конденсациялауда алынады. Қазанның аралық бу
қыздырғышы болмағандықтан конвективті шахтаның қалған бөлігін
экономайзер беттері алып жатыр (екі пакет). Регенеративті ауа
ысытқыш екі корпустан тұрады, ол қазан шахтасының сыртында
орналасқан және өзінің каркасы бар. Регенеративті бу қыздырғыш
ауаны 250 оС дейін қыздырады және кететін газдар температурасы
газбен жұмыс жасау кезінде 135 оС, мазут жағу кезінде 145 оС болады. Түзу ағысты бу қазандары
ЭС көптеген түзу ағысты бу қазандары аумалық күйден асатын
қысымда негізінен қуаттылығы 300МВт және одан да жоғары
энергоблоктарда жұмыс жасайды.
2 суретте 500 МВт энергоблогына өнімділігі 1650т/сағ, қысымы
25,5МПа, температурасы 545оС болатын екібастұз тас көмірін жағуға
есептелген қатты қож жоюы бар арналған П57 бу қазаны көрсетілген.
Компоновкасы Ттәрізді. Қимасы 21,8х9,84 м2 болатын ошақ
камерасының көлемі 9660 м3. Ошақ камерасындағы тік экранды
панельдер төменгі және ортадағы радиациялық бөлік, және жоғарғы
радиациялық бөлік экрандары көлденең және камера қабырғалары мен
төбесінде орналасқан. Фазалық ауысу зонасы иіртүтікті пакеттер
түрінде конвективті шахтаға шығарылған. Отын балғалы диірменде
тозаң тәрізді күйге дейін ұнтақталады және екі қатарда қарамақарсы
орналасқан 24 жандырғыда жағылады. Жандырғыларды жылулық
қуаттылығы 53 МВт. Ыстық ауа температурасы 320 оС.
БҚЗ320140ГМ БУ ҚАЗАНЫ 1 ошақ камерасы, 2газомазутты жандырғы, 3барабан, 4ширма, 5бу қыздырғыштың
конвективті бөлігі, 6шашыратушы бу салқындатқыштарға арналған конденсациялық
қондырғы, 7экономайзер, 8регенеративті ауа ысытқыш аппараты, 9 и 10ауа ысытқыштың ауа
және газ қораптары, 11бытыратқыш қондырғы, 12шығарылған циклон ТҮЗУ АҒЫСТЫ П57 БУ ҚАЗАНЫ
1ТРБ (төменгі радиациялық бөлік), 2ОРБ(ортаңғырадиациялық бөлік), 3ББЖА (бубулық
жылу алмастырғыш), 4ЖРБ(жоғарғы радиациялық бөлік), 5,6ширмалық және конвективті бу
қыздырғыш, 7,8 аралық бу қыздырғыш 1 және 2 сатылы, 9ауысу зонасы, 10сулық экономайзер, 11регенеративті бу қыздырғыш газ жолы, 12көлденең қима, 13қож жою
жабдығы
Открытый урок по предмету "Котельные установки ТЭС"
Открытый урок по предмету "Котельные установки ТЭС"
Открытый урок по предмету "Котельные установки ТЭС"
Открытый урок по предмету "Котельные установки ТЭС"
Открытый урок по предмету "Котельные установки ТЭС"
Открытый урок по предмету "Котельные установки ТЭС"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.