Открытый урок «Зиянды заттардың зардабы»
Оценка 4.6

Открытый урок «Зиянды заттардың зардабы»

Оценка 4.6
Лекции
docx
химия
9 кл
13.04.2017
Открытый урок «Зиянды заттардың зардабы»
Мен Табарикова Тарбия Исаевна 1960 жылдың қаңтардың 16 -шы жұлдызында дүниеге келдім. 1977 жылы орта мектепті бітіріп,Бұхара қаласындағы БМПИ -ге түстім.Ал 1982 жылы бітіріп содан бері ұстаздық етіп келемін.Менің бала тәрбиетіндегі алдыма қойған мақсатым "Саналы,сапалы,білімді ұрпақты тәрбиелеп жеткізу" өмірдегі басты мақсатым осыСабақтың тақырыбы: Жүректің құрылысы. Жүрекшелер мен қарыншалардың қызметі. Жүрек қақпақшалары. Қан тамырлары: артериялар, капиллярлар, веналар. Веналық қақпақшалары. Сабақтың мақсаты: Қан айналым мүшелерін түсіндіру Сабақтың міндеттері: Білімділігі: Қан айналым мүшелерінің міндеттерімен қызыметін түсіндіру Тәрбиелілігі : табиғатты қорғауды қажеттілігін ұғынып, туған жеріне, оның табиғатына деген сүйіспеншілігіне, оны аялап сақтауға деген ынтасына жол ашу. Дамытушылығы – электрондық оқулық арқылы ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту; ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру; пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту. Құрал-жабдықтар: электронды көрсетілімдер, слайдтар Сабақтың типі: құрастырылған Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі 1.Иммуеитет дегеніміз не? 2.Туа біткен иммунитетті сипаттаңдар? 3. Жүре пайда болған белсенді иммунитетке сипаттама беріңдер? 4.Жүрек пайда болған енжар иммунитет қалай сипатталады? 5.Емдік қан сарысуы дегеніміз ен? Ол қандай жағдайда қолданылады? 6.ЖИТС тен қалай сақтануға болады? ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі
зиянды заттар.docx
«№2 Қашар орта мектебі»КММ Тақырыбы: «Зиянды заттардың зардабы» Мұғалімі: Табарикова Т.И Пәні: Биология Сыныбы: 9 2016­2017 оқу жылы Сабақтың тақырыбы: «Зиянды заттардың зардабы»                            Мақсаты:  а) білімділігі: Оқушыларды жаман әдеттерден сақтандыру, ішімділік пен  темекінің жас организмге зиянды, әртүрлі жөтел, асқазан, тері аурулары осы никотин  мен алкогольдің әсерінен  екенін түсіндіру.                                          ә) тәрбиелігі: Жас бүлдіршіндерді мектеп партасынан­ақ жаман әдеттерден аулақ  болып, өскен ортадан тек қана жақсы әдеттерді бойына сіңіруге баулу.           б) дамытушылығы: Қоғамдық ілгерлі дамуына кері әсерін тигізіп, жас ұрпақтың сапасы  мен өмірлік уландыратын ауыр кеселдің бірі – маскүнемдік, араққұмарлық,темкі  шегу,нашақорлық екендігін ұғындыру.                                                                   Дайындық барысы: Оқушыларға тақырыпқа сай материалдарды оқып, жинастыру  «темекінің», «нашақорлықтың», «ішімдіктің» адам өміріне зиянды әсері тақырыптарына сурет салу жұмыстарын тапсыру.                                                Әдісі: Ой­бөліс.                                                                                                Көрнекілігі: Қажетті әдебиеттер, бейнероликтер: «Темекінің зияны» мен   «Зиянды  заттар зардабы» буклет, оқушылардың өз шығармашылығынан салынған  суреттері.         Сабақ барысы:           І Ұйымдастыру кезеңі.   Кіріспе сөз.                        Адам өмірінде шарықтау сәті бар, ол оны қолынан шығарып алады, бұдан кейінгі күні  «Тар жол, тайғақ кешумен ұласады» деп ұлы ойшыл Шекспир айтпақшы адамға  шыншыл да, ең  қымбатты – ол оның мәнді де, сәнді өмірі.  Ал, осы өмірінің мәнді де,  сәнді өтуіне оның басты байлығы денсаулығы тікелей әсер етеді.                                         Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Халық денсаулығы» атты  мемлекеттік бағдарламада халықтың денсаулығын атап көрсеткені баршамызға белгілі.  Бағдарламаның басты мұраты – халық. Халықтың денсаулығын сақтау, демографиялық  ахуалын жақсарту.                        Шығыстың әйгілі данышпаны Әл­Фараби «Жас жеткеншектеріңізді көрсетіңіз, мен  сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін» деген екен.                                     Расында да, ел болашағы жастар. Ал жастарымыз нашар, маскүнем, ауру болса, ел  тағдыры не болмақ?                                                                                                         Бастаушы: Арақ ішкен адамда алкоголь зардабы 21 күнге дейін созылады екен.Этиль  спирті сырада  5­7%, шарапта 15­20%, ликер мен коньякта 40­50%­ға дейін, арақ пен  вискиде 60­70% бар екен. Ал этил спирті­ аса зиянды химиялық қоспа. Осытақырыпты  аша түсу үшін мектептің әлеуметтік педагогы Жамила апайды  ойбөліске шақырамыз.     Жамила апай  ұстанымы: «Маскүнем барын сатып ішеді,болмаса арын сатып ішеді».          ­ Темекі, есірткі, алкогольдің зардаптары туралы нақты мысалы келтіріңіз?                     ­ Арақ ішу үлгерім мен тәртіптің бұзылуының кепілі. Бір зерттеуші түскі тамақ кезінде  балаларына жүз грамм жүзім шарабын беріп, сонда балалары көңілденіп, көп сөйлеп,  тез қимылдаған, біраз уақыттан кейін керісінше олар шаршап, ұйқы басып, жазулары бұзылып, есептен  көп қате жіберген.  Бала кезінде адам ағзасын алкоголь тез  уландырып, аз уақыт ішінде маскүнемге айналдырған.                                                           – Рахмет                                                                                                                    ­ Нашақор адамның өмірі қысқа болады. Нашақорлардың ең төменгі жасы 9­да екен.  Жастар   арасында наша пайдалану туралы мектеп оқушыларын сөзге тартып көрелік.  Ол үшін мектептің 10  сынып оқушыларының бірі Ақмаралды  ортаға шақырамыз.            Ақмаралдың ұстанымы: «Кітап, журнал, газет оқимын, ән айтып, би билеймін, уақытты  бос өткізбеймін».                                                                                        ­ Ақмарал, өзіңнің  қаладағы дос­жарандарыңмен, құрдастарынмен бір кеште отырсың делік. Саған жан  досың нашаны шегіп көруге ұсыныс жасады. Сіздің әрекетіңіз қалай ?                                  ­ Жоқ мен ондай әрекеттерден бойымды аулақ ұстаймын.                                                    ­ Темекі түтіні адам ағзасына зиян. Оны мынандай мысалдармен дәлелдеуге болады.  Дүние жүзінде шылым шегуден жыл сайын 2,5 млн адам қайтыс болады. Шылым  шегетін адам  жылына отбасы қаржысына мыңдаған теңге шығын келтіреді. Шылым  шегетіндердің жүрегі тәулігіне 20­25 мың рет артық соғады. Шылым шекпейтін  оқушыларда 100 м жүгіргеннен кейін тамырдың соғуы 120­130 болса, шегетіндерде 180  болады. Шылым шегетіндер жүрек ауруынан 12­ 13 есе, асқазан жарасымен 10 есе жиі  ауырады. Олардың 80%­ы өкпе ауруына шалдығады.                                                             ­ Байырғы Қытай императорлары  маскүнемдікке бас ұрғандарды өлім жазасына кескен екен.                                                                                                                  ­ Ежелгі римде 30­ға толмағандарға арақ ішуге мүлдем тыйым салынған екен.             ­    ­ Ресейде І Петр тұсында арақ ішкен адамдардың мойына 17 фунт келетін темірден  жасалған медаль тағып қойған.                                                                     Адам үнемі шылым тартуға әуес болады. Осы тақырып турасында ой бөліскелі келген  Жексенбай  ағамызды ортаға шақырамыз.                                                                                Ұстанымы: «Жаманнан жирен, жақсыдан үйрен».                                                              Сұрақ: ­ Неше жасыңыздан бастап темекі шектіңіз, болашақта темекіні қоя аласыз ба?     Жауап: Мен жас кезімде қызығушылықпен темекіге әуестенгеніме 35 жыл болды.  Темекіден  пайда көрмедім. Зиянын, зардабын тартып келемін. Сондықтан балаларға  айтатыным бұл кеселден аулақ болыңыздар.                 Мұғалім: Сіздер ішімдіктің, шылым шегудің, нашақорлықтың адамның жеке  басыңа денсаулығына зияны бар екенін барлығыңызда білесіздер. Олай болса  мына көрініске назар аударайық.                                                                            Сахналық көрініс Бала:/ «арақтың» жанына келіп/           ­Ассалаумағалейкүм! Сен кімсің? «Арақ»:  ­Мен арақпын, арақпын, Жер жүзіне тараппын. Жұрттың құмар асы боп, Керегіне жараппын. Бала:/«темекіні» жанына  келіп/         — Ассалаумағалейкүм! Сен кімсің? «Темекі»: ­Мен темекі шылыммын, Аузына елдің іліндім. Қанша мені тартса да, Демеді ешкім бүліндім. Бала:/ «есірткінің» жанына келіп/           — Ассалаумағалейкүм! Сен кімсің? «Есірткі»:  ­Мен есірткі нашамын, Уытымды шашамын. Атым шулап турғанда, Алшаңдап аяқ басамын. /Сахнаға ересек бала шығады/ Ересек бала: ­О, жаратқан, жаратқан, Жұрттың аузын қаратқан. Ағайынды үшеуін, Қандай пәле таратқан. ­О, адамдар, санаң бар, Үш пәлеге қараңдар. Үшеуі де үлкен жау, Бүкіл әлем алаңдар! /Екі бала бірігіп/: «Арақ», «Темекі», «Есірткі» Үшеуі де ауыр дерт. Бүкіл елді бүлдірмей, Арамыздан аулақ кет! /Балалар қолындағы қамшымен үш пәлені соғып қуып шығады/   Осы орайда айта керерлік жайт шылым шеккеннен кейін 2­3 минутта никотин қан  арқылы миға жетіп, мидың ішкі жасаушаларына енеді де, біраз уақыттан кейін мидын  белсенділігін   төмендетеді.Себебі никотин мидағы қан тамырларын тарылтады да, миға қоректенген заттар мен  оттегінін келуін азайтады. Әсіресе шылым шегуден  жасөспірімдердің жүйке жүйесін тез бұзады.Никотин өсімдіктен алынатын у. Таза  күйінде никотин түссіз, жағымсыз, иісі және дәмі бар майлы сұйықтық. Суда, спиртте,  эфирде тез ериді, адамға бір тамшы никотин берсе саспай қатады екен. Егер адам  күніне бір қорап темекі тартса, бір жылда оның өкпесі 1 литр шамасында смола  жинайды екен.                                                                                                                Бейнекөрініс                                                                                                                               ІІІ бөлім. Ой­бөліс.   Қазіргі кезде шетел сериалдарын қарап отырсақ, үстелдің үстінде  тамаққа қоса шарапта тұрады. Сондай­ақ адамда жылыну үшін де арақ  ішіп жатады.  Сонда алкоголь тамаққа тәбетті ашып,  асқазан қорытуына өз септігін тигізе ме, әлде  жылуына да септігі бар ма? Ауаның қалыпты құрамын, өкпедегі қан айналымы бұзу үшін бір дана темекі жетіп  жатыр. Бүкіл  дүниежүзінде 1 млрд адам темекі тартады. Темекі зардабынан күнінен 10  мың немесе жылына 3,5  млн адам қайтыс болады. Қазақстан Республикасында 3,2 млн,  яғни 33% адам темекі тартады.     Соңғы 3­4 жылда темекі тартқандар саны 7,8%  төмендеген.  Ішімдік адам өмірін 10­15 жылға қысқартады.   Бүгінгі таңда Қазақстанда  ресми тіркелген нашақорлардың саны – 40505, тіркелмегені қаншама.                                Олардың 1927 кәмелетке толмағандар болса, 4420 әйелдер екен.                        ІV бөлім Қорытынды. Жылына елімізде 10 тоннадан астам есірткі заттар тәркіленеді, оны өздеріңізде көгілдір экраннан    көріп жүрсіздер. Ішімдікке, темекі тартуға, нашақорлыққа әуестенушілер  осы зиянды заттардың адам өміріне, қаншалықты қауіп төңдіретінін біле ме? Аты жаман індетке апаратын тура жол осы маскүнемдік, нашақорлық екенін түсінген болар деп  ойлаймын. Құрметті қонақтар қорытынды пікірлеріңізді  тыңдайық.                                Міне, балалар әр адамның мәнді де, сәнді өмір сүру үшін денсаулықтың әсері ұшан теңіз екен.   Тәлім тәрбие жолында  шәірттеріме тілерім толқынға салған арақ, темекі,  нашақорлықтан жас жандарыңызды аулақ ұстаңыздар. Салауатты өмір салтын  жандарыңызға жан серік етіңіздер. Уақытыңызды бос әуреге жұмсап, өмірдің қызығын  көріп өз еншіңізді алудан... «Кеш қалмаңыз».

Открытый урок «Зиянды заттардың зардабы»

Открытый урок «Зиянды заттардың зардабы»

Открытый урок «Зиянды заттардың зардабы»

Открытый урок «Зиянды заттардың зардабы»

Открытый урок «Зиянды заттардың зардабы»

Открытый урок «Зиянды заттардың зардабы»

Открытый урок «Зиянды заттардың зардабы»

Открытый урок «Зиянды заттардың зардабы»

Открытый урок «Зиянды заттардың зардабы»

Открытый урок «Зиянды заттардың зардабы»
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
13.04.2017