Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжі
Жайық өзенінің қазіргі жағдайы
Ғылыми жетекші: Шайдоллаева Айсулу Нургабыловна
Орындаған: Рахмет Аяжан
Алматы 2015
I Кіріспе
Халыққа пана болған Ақ Жайық
II Негізгі бөлім:
1.Өзеннің географиялық орны
2.Су шығыны
3.Пайдаланылуы
4.Жануарлар дүниесі
5.Экологиясы
III Қорытынды
Пайымдар мен ойлар
IV Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Мамандар Атырау облысын жер бетінде су қорына өте тапшы аймақтар қатарына жатқызады, яғни жалпы жерінің аумағына шаққанда мұндағы су мөлшері өте мардымсыз келеді. Сонымен бірге есепке алынған өзен – көлдердің су деңгейі үнемі күрт өзгеріп отырады, су тасуы кезінде қалыпты деңгейі бірнеше есе өссе, жаз айларында ірі өзен деңгейі төмендеп, шағын өзендер тартылып қалады. Атыраудың ірі су көздері болып саналатын Индер және Жалтыр тұзды айдындары: бұлардың бәрі де тұщы су қорының қатарына жатқызылмайды, ішуге жарамсыз. Міне, осындай гидрологиялық жағдайда талай ғасырлар бойы Атырау аймағына тұщы нәр беріп, тұрғындардың өміріне, тіршілігіне негіз болып келген, талай тарихи оқиғаларға куә болған су көзі – Жайық өзені.
Бірде-бір өзен Жайық өзені сияқты бірнеше атауларға ие болмаған шығар. Біздің эрамыздың V ғасырға дейін Жайық Ликос деп аталған. Шалғынды жерлерді, су іздеп өзен жағалауларын түрлі ордалар қоныстанған және өзенге түрлі атаулар беріп кеткен.Түрікше өзен атауы Даикс, қазақша Жайық, Монголша Яик деп аталған. Ғалымдардың айтуы бойынша бұл атау түріктің Яикман деген сөзінен шыққан. Яикман «үлкен, көлемді жерге жайылу» дегенді білдіреді. Ал Яик сөзінің өзі «Ерекше, ыңғайлы жер» деген мағынаны білдіреді.
Жайық өзенінің алабы көп жылдар бойы Еуропа мен Азия елдерінің сауда қатынасы жолдарының қақпасы болды. Ұлы Жібек жолы бойында жатуына байланысты облыс табиғаты ежелгі грек, араб жазушылары мен жиһанкездерінің қолжазба еңбектерінде де сипаттап жазылды.
Солтүстік Каспий өлкесі туралы алғашқы географиялық мәліметтерді б.з.б. V – ғасырдың 40-30 жылдарында жазылған ұлы грек ғалымы әрі саясатшы Геродоттың «Тарих» деген еңбегінде кездестіруге болады. Онда Каспий теңізі және оның солтүстігінде жатқан территориялар жөнінде біршама мағлұматтар келтірілген.
Геродоттың: «Каспийден солтүстік бағытқа қарай көз жеткіссіз кең дала созылған, ол одан әрі тасты таулы өлкелерге айналады,» - деген сипаттамасынан әңгіме қазіргі Каспий маңы ойпаты, Жалпы Сырт пен Орал таулары жайында болып отырғанын байқауға болады.
Ал б.з-дың 90-168 жылдары өмір сүрген атақты грек ғалымы Клавдий Птолемейдің картасында қазіргі Жайық өзені «Даикс» деген атпен берілген және оның Каспий теңізіне құйып жатқаны түсірілген. Бұл – Жайық өзенін және Каспий маңы ойпатының аумағын картада кескіндеген тұңғыш георафиялық еңбек еді. Б. з.-дың IV ғасырында Жайық өзенінің алқабын ғұндар тайпасы, одан кейін печенегтер, қыпшақтар қоныстанған. Бұл өлкенің үстімен өткен керуен жолдары Еуропа мен Азия елдерінің арасындағы байланысты күшейте түседі. Одан беріректе Жайық өңірі туралы мәліметтер X-XII ғасырлардағы араб саяхатшыларының еңбектерінде кездеседі.
Мароккадан шыққан атақты араб саяхатшысы Ибн Баттута 1333 жылы Жайық өзенінен өтеді. Ол өзінің күнделік жазбаларында осы өлкенің өзен-су, мал жайылымдары жөнінде және Жайықтың бойындағы Сарайшық қаласы туралы мәліметтер келтірген. Ол 1334 жылы Алтын Орданың астанасы Сарайдан (Берке-Сарай) «Кіші Сарай» қаласына келгендігі, қала Ұлысу (Жайық) өзенінің жанында және онда Бағдаттағыдай жүзбелі көпір барлығы туралы жазған. Сарайшық қалалары туралы ағылшын Антоний Дженкинсон (1557-59), хиуалық Баһадүр де жазып қалдырған.
Жайық атырауының алғашқы нақты географиялық карталары мен нақты сипаттамалары 1627 жылы Ресейде құрастырылған «Үлкен сызба кітапта» келтірілген: Жайық, Ойыл, Сағыз, Гемрека (Жем) т.б. алаптары қағаз бетіне түсіріліп, жан-жақты дерегі берілген.
Қазақ ел болғалы өзінің ежелгі де қасиетті су айдындарын –Жайылым деп еркелете, оған арқа сүйеген, сенген де сиынған. Өзен де өз тарапынан ғасырлар бойы халқына пана және нәр бола білді. Ресейдің патшасы 1775 жылы өзеннің ежелгі атын халық санасынан мүлдем жойып, содан былай Орал атауға арнайы жарлықпен бұйырса да, барша қазақ үшін өзен үнемі Ақ Жайық болып қала берді.
Негізгі бөлім
2.1. Өзеннің географиялық орны: Жайық – Каспий теңізі алабына жататын ішкі тұйық өзен. Өзен Ресей жеріндегі Орал тауы сілемінің оңтүстік-шығыс етегіндегі бес мөлдір бұлақ көзінен басталады да, Башқұртстан жерімен ағып, Челябі, Орынбор облыстарын басып өтіп, Елек өзені сағасынан бастап қазақ еліне еніп, Батыс Қазақстан, Атырау облыстары жерінен ағып Каспий теңізіне келіп құяды.
Жайық өзенінің ұзындығы 2428 км, Республика жеріндегі ұзындығы 1082 км. Жоғары ағысында Оңтүстік Оралдың шығыс беткейін бойлай тар аңғармен ағып, Верхнеуральск қаласынан төмен қарай жазықпен ағады. Осы кезде жолындағы барлық қоректік заттарды жинай отырып, Каспийге жетеді. Өзенге жоғарғы ағысында (Бастауы - Орск) 13 сала, орта ағысында (Орск - Орал) 14 сала құяды.
Жайық өзенінің бастауында жер бетінің деңгейі 637 метр биіктікте, ал оның Каспий теңізіне құяр жері теңіз деңгейінен 28 метр төмен жатыр. Жайық өзенінің құлау бұрышы әрбір шақырым сайын 30 см-ге тең. Өзен арнасының тереңдігі қайраңында 1 метр, негізгі арнасында 3 метр, ал иірімдерде 4-5 м-ге жетеді. Каспий теңізіне құяр жерінде тарамдарға бөлініп кетеді.
Өзен жоғарғы жағында Оңтүстікке қарай тіке ағады. (Өзен бастауы – Орск қаласы). Бұл бөлік өзеннің жоғары ағысы болып саналады. Одан әрі өзен батысқа қарай ағады. Ендік бағытта Орал қаласына дейін 850 км аға отырып (бұл орта ағысы – Орск-Орал), тағы оңтүстікке қарай ағады. Осы бағытын Каспий теңізіне құйғанша сақтайды. (Бұл төменгі ағысы – Орал-Каспий теңізі. Төменгі ағысының ұзындығы 840 км).
Өзен бастауынан Орск қаласына дейін, яғни жоғары ағысында солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта ағады.
Бұл жерде өзеннің тереңдігі – 3 м. Өзеннің бұл бөлігі тау өзеніне тән сипат алады. Орск қаласынан 70 км жерде Ириклинск су қоймасы орналасқан. Бұл плотина су деңгейін 30м-ге дейін көтерді.
Көктемгі су тасу кезінде су қоймасы сумен толығып, жыл бойы шамамен судың жартысына жуық көлемін өзенге беріп отырады. Орта ағысында Орск қаласынан Оралға дейін өзен кең жазықпен ағып, жазық өзеніне тән сипат алады. Бұл бөлікте өзен деңгейінің орташа төмендеуі 1 км-ге 10-20 см, яғни өзен ағысы баяулайды. Өзеннің орташа көпжылдық шығыны Орск қаласында 33 м³/сек. (Ауытқу 7,0 – 88 м³/сек). Оренбург қаласы аймағында Жайық өзеніне оның ең үлкен оң жақ саласы Сақмара келіп құйылады. Сақмара ұзындығы 761 км, ауданы 29,1 мың км². Сақмара алабында ормандар көп. Орынбор облысының аумағында Сақмараға 290 өзен келіп құйылады. Сақмара сулылығы жөнінен Жайықтан 1,5 – 2,0 есе асып түседі, Жайықтан айырмашылығы ағысы бірқалыпты және мерзімі ұзақ.
Жайық өзенінің су шығыны Сақмара келіп қосылғаннан кейін 110 м³/сек дейін өседі.[7]
Орал қаласының жоғарғы тұсында Жайық өзеніне сол жағынан Елек өзені қосылады, бұл өзеннің ұзындығы 730 км, алап ауданы – 37,740 км². Көлемі жөнінен Елек Сақмарадан үлкен болғанымен, сулылығы Сақмарадан аз.
Орал қаласында Жайық өзеніне Шаған және Барбастау салалары келіп қосылады. Одан әрі теңізге құйғанша өзенге бірде-бір саласы жетпейді. Төменгі ағысында өзен Батыс Қазақстан, Атырау облысының жерлерімен ағып өтеді.
Өзен төменгі ағысында 3 табиғат зонасымен ағып өтеді: дала, шөлейт, шөл зоналары.
Дала зонасы (250 км созылып жатыр) Батыс Қазақстан облысының солтүстік бөлігін алып жатыр. Жайық өзені тұсында бұл зонаның оңтүстік шекарасы Чапаев поселкасы арқылы өтеді (теңізден 634 км қашық). Одан әрі оңтүстікке қарай шөлейт зонасы созылып жатыр (зона ені 220 км).
Бұл зона Каспий маңы ойпатының солтүстік бөлігін алып жатыр және Чапаев поселкесі мен Индер поселкесінің аралығымен өтеді. Индерден теңізге дейінгі аралықты (ені 400 км) шөл зонасы алып жатыр.
2.2. Су шығыны: Жылдық орташа су шығыны 330 текше метр. Махамбет ауданы тұсында 268 м³/сек, ал Атырау қаласы тұсында 225 м³/сек. Ең аз су шығыны жазда 6,75 м³/сек, 1,6 м³/сек.[9.39-40] [3]
Су жинау алабы – 237 мың км².
Өзеннің су жинауы және режимі: Жайық өзені қар суымен толысады. Өзен қыста ұзақ уақыт бойы қатып, көктемде қар еріген мезгілде тасиды. Өзеннің беті қарашаның соңынан сәуірдің басына дейін 120-130 күндей мұз құрсанады.Өзеннің тасуы наурыздың соңы мен сәуірдің орта шамасында басталады да, сәуір айының соңында, мамыр айының орта шенінде өзінің жоғарғы деңгейіне жетеді.Мұздың еруі төменгі ағысында наурызда басталады, жоғарғы бөлігінде сәуірдің ортасына дейін созылады. Мұз қалыңдығы орташа 30-50 см шамасында болады. [3. 4-5]
Жайық өзенінің облысымыздағы салалары:
Жем өзені – Атырау облысындағы үлкендігі жөнінен екінші өзен. Ол Мұғаджар тауының солтүстік-шығысынан басталады. Ұзындығы 650 шаршы, орташа жылдық су шығыны шамамен 90 текше м/сек. Басталар жерінде бірнеше ірі салалары: Атжақсы, Жайынды, Әулие, Құмжарған, Көлденең, Күбейлі, Тік, Темір келіп құяды.Бұл өзендердің бәрі де Мұғаджардың батыс беткейіндегі бұлақтардан басын алады.
Өзен негізінен еріген қар суымен қоректенеді. Көктемде арнасына сыймай тасып, деңгейі 3-4- метрге дейін көтеріледі. Өзеннің тасуы 1-1,5 айға созылады. Жаз ортасына таман ағысы тоқтап, Каспий теңізіне жетпей борпылдақ топыраққа сіңіп кетеді. Көктемде өзен суы егістікті және шабындықты суландыруға пайдаланылады.
Ойыл өзені – Орал алды қыраттарынан теңіз деңгейінен 25 метр биіктікте басталады. Ұзындығы 682 шаршы. Өзен бір кезде Жайық өзеніне жетіп сол жақ саласын құраған. Бүгінде шаруашылыққа тым көп пайдаланылуы себепті өзен құяр сағасына жетпей жарты жолдағы құмдарға сіңіп кетеді.
Сағыз өзені – Орал алды қыратынан басталады. Бастауы теңіз деңгейінен 190 метр жоғары. Ұзындығы 480 шаршы. Орташа жылдық су шығыны секундына 32 текше метр. Ұзындығы 25 шаршыдан асатын оннан астам саласы бар. Каспий маңы ойпатындағы Тентексор сорына құйып, қалың тұзды қабатқа сіңіп жойылып кетеді.
Қайнар өзені – Ембі үстірті мен Мұғаджар алдының солтүстік-батыс беткейіндегі теңіз деңгейінен 110 метр биіктіктегі шағын қыраттардан басталып, сәуір айының басында екпіндей тасып, 3 айдай ғана өмір сүріп Иманқара тауының батыс етегіндегі борпылдақ жыныстарға жұтылып, сіңіп кетеді. Сағыз, Қайнар өзендері мал суару үшін ғана пайдаланылады.
Жайықтың оң саласы – Бақсай, Бүгілөзек, Бағырлайсай, Ақсай өзендерінің жергілікті маңызы бар. Су режимі жөнінен жоғарыда аталған өзендерге ұқсас. [9. 40-43]
2.3. Жайық өзені суының пайдалануы: өнеркәсіпте, күнделікті тұрмыста, ауыл шаруашылығында пайдаланылады.
2.4. Жануарлар дүниесі: бекіре, шоқыр, майшабақ, көксерке, каспий қаракөзі, табан балық, сазан, жайын.
Ақбалық – дүние жүзінде Каспийде және оның салаларынан басқа жерде кездеспейді. Оның уылдырық шашатын орны толық анықталмаған. Ақбалық Каспийден Жайық өзеніне қазан, наурыз айларында өтеді.
Ақбалықтың жақын туысы нельма Солтүстік Мұзды мұхит бассейнінде тіршілік етеді. Ғалымдардың болжамы бойынша мұз басу кезеңінен соңғы кездерінде Кама, Волга арқылы Каспийге жеткен. Кейіннен түрлерін өзгертіп ақбалыққа айналған.
Минога – паразиттік тіршілік етеді. Балықтардың еттерімен, қандарымен қоректенеді. Миноганың ересектері Жайыққа күзде өтеді. Әсіресе бұл балық айсыз қараңғы түндері активті тіршілік етеді. Наурыз, маусым айларында Сакмара бассейніне уылдырық шашады. Уылдырық шашып болғасын өліп қалады.
Көксерке – Қазақстанның барлық дерлік су қоймаларына таралған жыртқыш балық. Еті өте дәмді, ұсақ қылтандары болмайды. Көксерке өзен, көлдерде, теңізде тіршілік етеді. Көбінесе судың түбінде болады, кейде оның бетіне де көтеріледі. Ол планктонға бай, оттегі мол қоймаларды ұнатады. Көксерке лайлы, сондай-ақ жағаларында өсімдік өскен суқоймаларында тіршілік ете алмайды. Өзен атыраулары мен өзен жағаларында қиыршық тасты жерлерге сәуір мамыр айларында судың температурасы 10-16° болғанда уылдырық салады.
Шортан – Қазақстанның барлық өзен-көлдерінде кеңінен таралған, тек Алматы облысының қоймаларында жоқ. Шортан тұщы суда да, ащы суда да өмір сүре береді. Ол өзендердің негізгі арнасынан аулақтап, дара-дара болып жүреді. Уылдырық шашқан кезде және күзгі салқында шоғырланып үйірленеді.Су балдырлары өскен, тайыз суларды мекендейтін жас шортандар терең шұңқырлар мен су айрықтарында қартаң шортандарға қарағанда едәуір ақшыл келеді.[15. 21-22]
«Жайық өзенінің Каспий теңізінің жағалауына жалғасқан атырауы» ерекше қорғауға алынған аймағында түрлі 29 экологиялық жүйеде қазіргі кезде өсімдіктер мен жануарлардың 3000 астам түрлері өмір сүреді. Соның ішінде:
· Өсімдіктердің 560 гидрофилдік және гидроморфтық түрлері;
· 2000 жуық жер беті және су омыртқасыздары;
· балықтың 76 түрі;
· қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың 14 түрі;
· құстардың 292 түрі;
· сүт қоректілердің 78 түрі бар.
Тізілгендердің ішінде өсімдіктер мен жануарлардың 36 түрі сирек,
ерекше қорғалатын және эндемикалық санатына жатады.
Жайық өзені атырауының су құстары популяциясының мекен етуіне жайлы жағдай қамтамасыз етудегі ерекше маңыздылығын атап өте кету керек. Аталған аумақ арқылы Қазақстандағы, Батыс және Орталық Сібірдегі ұя басу жерлерін Қара теңіз – Жерорта теңізі бассейні, Орталық және Батыс Еуропа жерлеріндегі қыстаулармен байланыстыратын неғұрлым белсенді және «күш түсетін» еуразиялық көші-қон жолдары өтеді. Сонымен бірге бұл аумақ бірінші кезекте бекіре тұқымдастары сияқты көшпелі және жартылай көшпелі балықтардың популяциясын сақтау жөнінен де маңызы зор. Жылына екі рет - өзенге уылдырық шашуға енгенде және шабақтардың кейін қарай теңізге қайтуы кезінде балықтың әр түрлері атырау учаскелерінде көптеп жиналады. [5. 36-37]
2.5. Экологиясы:
1. Жайық өзенінің негізгі ластаушылары өзеннің жоғары ағысындағы
Ресей Федерациясының шағын өзендері.
2. Қазақстандық мамандардың айтуы бойынша Орынбор облысында
орналасқан Ириклинск су қоймасы өзенді негізгі ластаушы болып есептеледі. Жыл сайын су қоймасынан жоспардан тыс су жіберілуінен балықтар көптеп қырылады.
3. Ақтөбе жеріндегі Елек өзені Жайық өзенін ластануына әкеліп
соқтырады. Елек өзенінің Жайыққа құяр жері және Елек өзенінің өзінде ластану жоғары.
Ақтөбедегі «Казхром» комбинаты алты валентті хромды таратушы.
Хром ұзақ жылдар бойы топыраққа жинақталып, сумен шайылып кетеді. Көктемдегі су тасу мерзімінде айналасындағы көп жерлерді су басып кететіндіктен судың ластануы жоғарылайды. [7. 7-8]
4. Өзен үшін ең қауіпті жағдай көктемгі мезгілде судың аз келуі
салдарынан өзеннің кейбір жерлерінің суы тартылып кеуіп қалуы. Балық қорғау инспекциясының мамандарынан алынған мағлұматтар бойынша 2006 жылы Жайық өзенінің көктемгі су тасу кезіндегі ең жоғарғы деңгейі 559 см болған. Ең төменгі деңгейі қазан айында 227 см болған. Бұл негізінен өткен жылдармен салыстырғанда төмен көрсеткіш. Себебі Жайық өзені бастау алатын Орал тауы аймағында қар аз болған. 2007 жылы Жайық өзенінің деңгейі көктемде 800-900 см аралығында көтеріледі деп күтілуде.
1 – кесте
Жайық өзеніндегі судың деңгейі
|
||
2006 жыл (көктем)
|
2006 жыл (қазан) |
2007 жыл |
559 см |
227 см |
800-900 см |
2 – кесте
Жайық өзенінің жылдық су көлемі
|
||||
2005 жыл |
Орташа жылдық мөлшерінің ауытқуы
|
2006 жыл |
Орташа жылдық мөлшернің ауытқуы |
2007 жыл |
12.453 км³ |
144% (су көп келді) |
5.084 км³ |
53.7 (су аз) |
2005 жылғы су көлемімен шамалас |
5. Әлі күнге дейін шешуін таппаған мәселелердің бірі өзенде батып
қалған кемелердің жатуы.
6. Жайық өзені суына 2006 жылы 6-7 шілдесінде химиялық анализ
жүргізілген, нәтижесінде су құрамында фосфат, сульфат, фенол, темір, мырыш, мыс шектеулі мөлшерден артық екені анықталған. (3 кесте).
7.Жайық өзені теңізге 1500-2850 тонна фтор, 2-5 тонна бор, 4,5
тоннаға дейін темір қоспаларын алып барады.
8. Жалпы өзеннен шамамен 25-25,5 млн/м³ су алынса, оның 24 млн
текше метрі «Атыраусушар»; 0,43 млн текше метрі «Индерводоканал»; 0,015 млн текше метрі газ айдау стансалары; 0,013 млн текше метрі мұнай айдау стансасына; 1 млн текше метрі барлық селолық округтар үлесіне тиеді екен.
9. Өнеркәсіптік кәсіпорындар мен коммуналдық – тұрмыстық
шаруашылық нысандарының 83,8%-ке жуық қалдық сулары облыс орталығында, Индер, Жылыой аудандарында орналасқан будандыру алаңдарына тасылады.[2]
10. «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бойынша
қалдық сулардағы залалды заттардың мөлшері 2006 жылы 1299,6 тоннаға артқан. Мұндай жағдайлардың қалыптасуына Теңіз газ өңдеу зауытынан буландыру алаңына тасталған су көлемінің артуы себеп.
11. Атырау мұнай құбырлары басқармасындағы ағын сулардағы
залалды заттар 19,4 тоннаға артқан. Бұл мұнай тасымалының өсуіне байланысты. [2]
12. Атырау ЖЭО ағын суларындағы зиянды қалдықтар 5406,7
тоннаға артқан. Бұл электр энергиясын көп өндіруге байланысты болып отыр.
13. Индер кенті тазарту қондырғысының Жайық өзеніне жақындығы
ағынның өзенге түсу қаупін құрайды. 1984 жылы іске қосылған канализацияның лас суларын тазартатын қондырғы ескіріп, апатты жағдайға жеткен. Егер құбырлар жарылар болса лас сулардың өзенге құяр қаупі бар.
14. 2002 жылдан бастап Атырау мұнай өңдеу зауытында
биологиялық тазалау қондырғыларын қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Бұл өнеркәсіпте пайдаланған қалдық суларын тазарту үшін қажет. Су айналым жүйесі үшін ЭЛОХ – АТ – 2 қондырғылары пайдаланылмақ.
15.Қазақстан Республикасының территориясында Жайық өзенінің
барлық арнасы мемлекеттік табиғи қорғауға алынған. Ең негізгі мақсат Каспий теңізіндегі бекіре тұқымдас балықтардың түрлерінің санын қалпына келтіру. Бірақ Жайық өзенінің Батыс Қазақстан жерімен ағып жатқан бөлігі дұрыс қорғауға алынбаған.[1. 12-14]
16.Өзенде бекіре балықтарының уылдырық шашуға қолайлы жерлері
сақталған. Өзен бекіре балықтарын өсіру мен көбейтуге өте ыңғайлы. Өзеннің уылдырық шашатын орнының көп жерлерінде (Атырау - Орал) шөп бұталар өскен. Соның кесірінен уылдырық шашатын орындар 132 гектарға қысқарған. Балық саны азаюда, негізгі себебі өзен суының азаюы, түрлі қоспалармен ластануы негізінде қызыл балықтардың арасында аурудың пайда болуы.[14. 64-65.]
Балық қорының өсуіне зиянкес балықшылар кесел келтіруде.
Қазіргі кезде Батыс Қазақстан облысы аумағында балықтың қоры
тіптен аз, оның себебі мамандардың айтуы бойынша түрлі жасанды және табиғи бөгеттердің салынуынан.
17.Жайық өзенінің атырабы мен Каспий маңы жағалауы ұялау,
жұмыртқа басу, маусымдық көшу және қыстау кезеңінде миллиондаған суда жүзетін және су маңы құстар үшін қолдауды қамтамасыз ететін Еуразия құрлығындағы барынша маңызды жерлер болып табылады.
Десек те, Каспийдің солтүстік-шығыс жағалауындағы қарқынды
барлау жұмыстары мен көмірсутегі шикізатын өндіру теңіз деңгейінің табиғи ортасын ластанудан инженерлік қорғау жолдарын іздеуге мәжбүрлейді.[1. 4-5]
Бұл аумақтарды қорғау – биологиялық алуан түрлілікті қорғау жөніндегі ұлттық саясаттың басым бағыттары болып табылады. Өзендер атыраптары табиғи ортада болып жатқан ауқымдық және өңірлік, табиғи және антропогендік өзгерістердің индикаторлары болып табылады. Мұндай экологиялық қысым тұсында атыраптардың ыдыраушылық процесі дамуы мүмкін. Жайық өзені бассейніндегі шаруашылық қызметі атырабына түсетін өзен суларының көлемінің азаюына және сапасының нашарлауына әкеледі. Екінші жағынан теңіз тарапынан атырабына қысымның күшеюі (теңіз деңгейінің артуы, ағындар, мұнай орындарын игеру нәтижесінде болатын ластанулар) Жайық өзені атырабының гидрохимиялық режимін өзгертеді. Антрпогендік күшейген қысымдағы Жайық атырабының айрықша жағдайларын ескере отырып, гидробионттардың тұру ортасы мен адам, сүт қоректілер мен құстардың маңызды өнімі су сапасын бақылау ЖӨА-нің бірегей табиғатын сақтау үшін ерекше маңызға ие болады.[1. 31]
Экологиялық қорғауға алынған аумақта және маңындағы учаскелерде «Қамысты», «Балғымбаев» мұнай орындары жұмыс істейді, магистралдық (Мартыши-Атырау) және әкелмелі құбыр өткізгіштер жүйесі жүргізілген, сорғы-қайта айдау станциясы жұмыс істеп тұр. Бұл объектілердің инфрақұрылымдары дамыған. Бұдан өзге аумақта көптеген бейіндік және топырақты автомобиль жолдары, байланыс және электр беріліс желілері жүргізілген, ірі суару жүйелері құрылған, карьералар әзірленуде, өнеркәсіптік және қала қалдықтарын жинағыштар жұмыс істейді. Мұның бәрі жиналып келгенде өңірде шиеленіскен экологиялық жағдайды, топырақ қабатының антропогендік күшті азуының алғы шарттары мен ошағын тудырады.
18.Жайық өзенінде су режимін реттейтін гидротехникалық құрылыстардың жоқтығы басты кемшілік болып отыр. Сондықтан ылғалдылық көп болған жылдары елді мекендер мен шаруашылық объектілерін су басу бойынша төтенше жағдайлар туындайды.[1. 12-14]
19.Қазіргі жағдайда Атырау облысының суармалы жерді және жайылымдарды суландыруды сумен қамтамасыз ету негізінен ашық жер суландыру-суару арналарынан жүзеге асырылады, оның жалпы ұзындығы 1178 км құрайды. Бұлардың бәрі ауданаралық, шаруашылықаралық, салааралық маңызда. Бұл арналарға су беру Жайық өзенінен шығынды қажетсінетін электрлі жүзбелі сорғы станцияларының көмегімен механикалық жолмен жүргізіледі. Сорғы станциялары бар суару-суландыру арналары (жүйелері) мен топтама су құбырлары республикалық маңызы бар су шаруашылығы объектілеріне жатады.
Бүгінде суару-суландыру арналарының басым бөлігі жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді қажет етеді. Су тұтынушылардың (шаруа қожалықтары) төлем қабілетсіздігі мен оларды ұстауға қажетті қаражаттың жоқтығынан гидротехникалық құрылыстар мен арналардың техникалық жай-күйі жылдан жылға нашарлауда. [1. 13-14]
20. Жайық өзенінің су жинағыш құрылыстарындағы балықтардың өлуі қатер төндіріп отырған маңызды фактор болып отыр. 60-80 жылдармен салыстырғанда су тұтыну көлемінің анық төмендегеніне қарамастан (ауыл шаруашылығы өндірісінің құлдырауына байланысты) шабақтардың өлімі жоғары болып қалуда. Экономикалық дағдарыс жағдайында балық қорғау іс-шараларына тиісті назар аударылмайды және көптеген су жинағыштар балық қорғау құрылғыларынсыз жұмыс істейді немесе олар қағаз жүзінде ғана.
Жайық өзенінде шабақтардың айтарлықтай бөлігін сорып жатқан сансыз ұсақ жеке су тұтыну көздерін санамағанда (тұрмыстық сорғылар, желсорғылар т.б.) 300-ге таяу қуаттылығы әртүрлі су жинау құрылыстары жұмыс істейді. Өкінішке орай Қазақстанда су жинау құрылыстарындағы балықтың жаппай өлімі туралы қандай да бір мәліметтер жоқ, алайда оның тым жоғары екені даусыз.
Қорытынды
Ал біздердің тарапымыздан өзеннің жағдайының жақсаруына қосар үлесіміз:
1. – Жайықтың жағасының тазалығын сақтау. Себебі өзен бойында бос бөтелкелер, бір қолданыстағы дорба, азық – түлік қалбырлары шашылып жатады. Әр адам осы мәселеге көңіл бөлсе, әсіресе Жайық жағасында тұрғын үйлері бар жанұялар, демалуға келген тынығушылар.
2. – «Менің атаулы ағашым» сияқты акцияларға халықтың, соның ішінде мектеп оқушыларының белсене араласуы. Себебі ауылдың ішкі жағын ғана емес, өзен жағаларына құмның жиналуынан сақтайды. Мұның өзі - өзен жағдайын жақсартудағы өзіміз атқара алатын жұмыстар.
3. Мектебімізде «Экологиялық соқпақ жолын» құру.
4. Аудандық балық қорғау инспекциясымен бірлесіп, өзеннің экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында жұмыстар атқару.
Жайық өзені түбінен алты кеме табылды
Атырау қаласында Жайық өзенінің түбінен алты кемені алып шығу жұмыстары аяқталды. Дағыстан браконьерлерінен тәркіленген кемелер белгісіз себептермен бірнеше жыл бұрын өзен айлағында суға батып кеткен болатын. Олар кеменің жүруіне, уылдырық шашу кезінде балықтардың өтуіне кедергі жасады, өзенді ластады.
Суға батқан кемелер сот орындаушыларының балансында болған. Алайда, оны көтеріп шығару жөнінде шешім қабылданды.
- Мұндай күрделі жұмыстар аймақта бұрын-соңды атқарылмаған болатын, оның үстіне кемелер шөгіп балдыр тұнбаларымен ауырлап, 350 тоннадай болды. Біз астрахандықтардан көмек сұрадық, бірақ та олар бұл жұмыстарды атқаруға 2 млн.доллар сұрады, – деді «Атырау өзен айлағы» АҚ басқарма төрағасы Ербол Әлжанов.
Мұндай қаржы жоқ. Сондықтан да өз күшімізбен шығару ұйғарылды. Облыс әкімінің көмегімен «Іскер групп», «Аджип ККО» және «Sarens» ЖШС компаниялары тартылды. Олардың ауыр салмақты үлкен жүктерді тиеу-түсіруде тәжірибелері мол. 750 тонна жүк көтеретін кран іске қосылды.
Су астында жатқан кемені сүңгуірлер балдыр тұнбаларынан тазартып, 15 тамызда жоғарыға шығарды. Бүгінде Жайық өзені түбінен барлық алты кеме шығарылды, енді олар кесіліп, металл сынықтарына айналады.
Жайықтың жағаны ұрар толқыны қайда?
Трансшекаралық өзен суы азайып барады
Адамзат тіршілігі үшін су қаншалықты маңызға ие болса, Батыс Қазақстан мен Атырау облысының экономикасы үшін Жайық өзені ең басты күретамыр іспетті. Жайық өзенінің суына көршілес Ресейдің өзі де тәуелді. Өйткені, Жайық өзенінің бастауы Ресейдегі Орал тауынан бермен қарай Башқортстан аумағымен, Челябі, Орынбор, Қазақстанның Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарын қуалай өтіп, Каспий теңізіне құяды. Жалпы ұзындығы 2428 шақырымға созылатын өзеннің Қазақстан аумағындағы бөлігі – 1049 шақырым. Қос мемлекетке ортақ, яғни трансшекаралық маңызға ие Жайық өзенінің су жинақтау алаңы – 237 000 шаршы шақырым. Өзеннің көпжылдық орташа ағысы Қазақстан шекарасында секөнтіне 292 текше метрді құрайды.
Жайық суының 70 пайызы көктемгі су тасқынынан толығып отырады дегенімізбен, соңғы жылдары бұл соншалықты байқала бермейді. Қыс айларында қар қалың жауып, топырақтың ылғалдылығы мол болған жылдары Жайық суы Орал қаласы тұсында 500 см-ге, ал Атырау қаласы маңында 650 см-ге дейін көтеріліп, шабындық алқаптарға су өздігінен жайылатын. Мәселен, 1990, 1994, 1998, 2002, 2004-2005 және 2007 жылдары дәл осылай болғанын өңір жұртшылығы ұмыта қойған жоқ. Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясының бастығы Бисен Қуановтың мәліметіне жүгінсек, соңғы үш жылда Жайық өзенінде су мүлдем азайып кетіпті. Өзен суының азаюы 1973, 1975, 1982, 1999, 2000, 2001, 2003 және 2006 жылдары да байқалыпты. Ал “Қазгидромет” мамандары соңғы үш жыл қатарынан Жайық өзеніне көктемгі тасқын су нормадағыдан 2-3 есеге аз түскен, негізгі себеп топырақтағы ылғалдың аздығы мен қардың болмауы, деген болжам айтады.
Алайда, Жайық өзеніндегі судың азаюына басқа да себептер әсер ететінін жоққа шығаруға болмайды. Өзен суы негізінен Ириклинский су қоймасы арқылы реттеліп келеді. Орынбор облысындағы Ор қаласынан жоғарыға қарай 80 шақырымдық қашықта орналасқан аталған су қоймасы 1949-1957 жылдар аралығында салынған. Оны толтыру 1958 жылдың 17 сәуірінен басталып, 1966 жылдың 8 мамырында су қоймасына жинақталған су қорының деңгейі жобалық көлеміне жеткен. Су қоймасының жобалық көлемі – 3260 миллион текше метр. Міне, осы су қоймасының толық толтырылмауы Жайық өзеніне судың аз мөлшерде келуіне әсер етері даусыз. Мәселен, 2009 жылы Ириклинский су қоймасындағы су мөлшері 2410 миллион текше метрді құраған. Яғни, жобалық деңгейден 850 миллион текше метрге төмен. Ал биылғы жылы су қоймасындағы су деңгейі былтырғыдан да азайып, 1 наурыздағы дерек бойынша онда 1988 миллион текше метр су жинақталған. Демек, Орынбордағы су қоймасы өз деңгейінде шүпілдеп толып тұрған жоқ. Мамандардың есептеуінше, Ириклинский су қоймасына маусым айына дейінгі 1047 миллион текше метр су сыятындай бос орын болған.
Дегенмен, Жайық өзенінің ортайған арнасы тек Ириклинский су қоймасынан жіберілген сумен толады десек, онда қатты қателескен болар едік. Рас, Жайық өзеніндегі көпжылдық орташа су шығыны секөнтіне 292 текше метрге тең болса, мұның 26,4 пайызы ғана Ириклинский су қоймасынан жіберілген су есебінен қамтылады. Ал қалған 73,6 пайызы өзге де өзендердің суымен толығады. Мәселен, Сакмара өзенінен 47,6%, Илек өзенінен 20% су Жайыққа құйылады. Сонымен бірге, Большой Кумак (3,4%), Орь (3%) өзендерінен де аз мөлшерде болса да су түсіп тұрады. Осыған байланысты Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясының бастығы Бисен Қуанов мынадай тұжырым жасайды:
– Жайық өзенінің су қорын тек Ириклинский су қоймасының суы есебінен реттеу Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының экономикасын өркендету үшін сумен қамту проблемасын толық шеше қоймайды. Себебі, Жайық өзеніндегі судың аздығына күзгі ылғалдың, сонымен қатар, қардың аз мөлшерде түсуі де әсер етеді. Егер Ириклинский су қоймасында күзгі-қысқы кезеңде қардың қоры қажетті мөлшерде жинақталғанда, су қоймасының бос алаңын толтырылып, Жайыққа жіберілер су Жайықтың төменгі сағасына дейін толық көлемде жетер еді. Өкінішке қарай, 2009 жылы Ириклинский су қоймасына көктемгі тасқын судан тек 175 миллион текше метр көлемінде ғана су түскен. Осы су қоймасының суы Жайық өзеніне әсіресе, жаз айларында өте-мөте қажет.
Жайықтың келешегі үшін шырылдап жүргендер аз емес. Атырау облысының әкімі Бергей Рысқалиев жақында осы мәселені көтерді. Ал Орал қаласының бұрынғы басшысы болған, бүгінде Парламент Мәжілісінің депутаты Елена Тарасенко жыл сайын экологиялық экспедиция ұйымдастырады. Не үшін? Әрине, жеке бас қамы үшін емес. Жайықтың арнасын ортайтпау үшін, сол арқылы экологияға зиян келмеуі үшін. Ең бастысы, Жайықтың жағасында Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының бірнеше елді мекені орналасқан. Ондағы халықтың тыныс-тіршілігі осы Жайықпен тығыз байланысты. Индер, Махамбет, Исатай аудандарының көптеген елді мекенінде тұрғындар Жайықтан бастау алатын каналдардан мал суарып отыр. Арнайы мақсаттар үшін Жайық өзенінен су алынады. Мәселен, биыл Атырау және Батыс Қазақстан облыстарынан экономиканың түрлі салалары үшін 820,83 миллион текше метр су алуға тапсырыс беріліпті. Мұның ішінде 48,0 миллион текше метрі ауыз суға пайдалануға сұралған. Міне, осының өзінен Батыс Қазақстан, Атырау облыстары үшін Жайық өзенінің маңызы қаншалықты екенін пайымдай беріңіз.
Алайда, кезінде “Ақжайық, сенің орның алабөтен” деп ән әуелеткен Ғарифолла Құрманғалиевтай өнер тарланы жанындай жақсы көрген Жайықтың бұрынғыша жағаны ұрғылап тұрар толқыны жоқ. Өйткені, Жайықтың арнасы өз деңгейінен көп төмендеді. Оны толтырардай су қоры Ресейдегі өзендер арқылы келетінін жоғарыда айттық. Бірақ жылдан-жылға азайып барады. Себебі, Ресей алдымен өздеріндегі су қоймаларын толтыруға мүдделі болады. Мәселен, Башқортсандағы Сакмара өзенінің Жайыққа құяр сағасында 64 су қоймасы бар. Оған 225,9 миллион текше метр су жиналуы қажет. Онсыз Жайыққа су жіберілуі мүмкін бе? Күзгі-қысқы ылғалдың және қардың мөлшерден тым аз түсуі адамдардың қолымен жасалып отырған қиындық емес. Табиғаттың жазылмаған заңына шара жоқ. Ендеше, мәселеге басқа тұрғыдан қарап, көрші мемлекеттің тарапынан Жайықты шөміштен қағарлықтай қыспақтың жасалуына жол бермеген жөн. Бұл тек мемлекетаралық деңгейде шешімін табар мәселе. Жайықтың арнасы құрғап, табаны кеберсіп қалмауы үшін. Қос өңірдің тұрғындарын ауыз сумен тұрақты қамту үшін. Экологияны сақтау үшін. Экономиканың әр саласын, соның ішінде ауыл шаруашылығын өркендете беру үшін.
Қысқасы, трансшекаралық маңызға ие Жайық өзеніне бір кездердегідей Арал өзенінің кебін кигізбеудің қамын бүгіннен ойластырған абзал.
Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ
Қаптаған карьер Жайықты құртып тынбай ма?.. |
Соңғы төрт-бес жылдың төңірегінде Жайық өзені жағалауының бойынан құмды-қиыршық тасты өндіру мақсатында қазылған карьерлер көбейіп кетті. «Бұл онсыз да жағдайы мүшкіл өзенге басы артық салмақ болуы мүмкін», - деседі мамандар. Әсіресе, Жайықтың Ақсуат, Пойма, Трекин ауылдарына таяу тұста қазылған қазан шұңқырлардан аяқ алып жүре алмайсыз. Жер бетінің екі метр қалыңдықта топырағын алып, әрі қарай 2-3 метр тереңдіктегі шұңқырлардан құмды-қиыршық қоспа алу шаруасы «гүлдеп» тұр. Құмды-қиыршық қоспаны құрылысқа, жол құрылысына пайдаланады. Мұндай бүлінген жерді шақырымдап санасақ, кемі 10 шақырымдай болатын шығар. Терең шұңқырлардың қайсыбірі 5-6 метр болады. Ауылдарда мал жайылымы тапшы болып отырғанда, мына жағдайлар «отқа май құйғандай», деседі ауылдың тұрғындары. - Біздің мекеме өзен түбіндегі ағысқа кедергі болатын бөгеттерді тазалау арқылы құмды-қиыршықты өндіреді. Оны алып, тазалау судың ағысының қалыптылығын, өзен аңғарының жайылып кетпеуін қамтамасыз етеді. Ал әлгіндей қазан шұңқырлар мен траншеялар суы азайып, берекеті кеткен Жайықтың жағдайын одан сайын төмендетеді. Алдағы көктемде су көтерілген кезде өзен суы сол шұңқырларды толтырады да, өзеннің суы тартыла бермек. Біздің тарапымыздан ешқандай бақталастығымыз жоқ, тек табиғат жанашыры, осы өңірдің азаматы ретінде мәселе көтеріп отырмыз, - деді өз әңгімесінде «Флот» ЖШС-ның директоры Радик Қайыров. Кейбір мамандар тереңге кететін апан-шұңқырлардың Жайық суын жер астынан «сорып», өзен сағасын өзгертетінін, сөйтіп өзеннің онсыз да бұзылған экожүйесін одан әрмен ушықтырып, экологиялық ахуалды нашарлататынын айтады. Бүгіндері өзеннің қайсыбір тұстарындағы судың тереңдігі адамның белінен келеді. Биылғы мамыр-маусым айларында су көп келгенмен, артынша тартылып қалды. Бұрындары көктемдегі судың мол келуімен Атырауға дейін еркін жүзетін кемелер соңғы жылдары қайраңдаған балықтай қаңтарылып қалды. Ал мамандардың екінші тобы қазан шұңқырлардан келер пәле жоқтығын алға тартады. Кең таралған пайдалы қазбаларды пайдаланушылар облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасымен жер қойнауын белгілі бір мерзімге пайдалану жөнінде келісімшарт жасайды. Қазіргі уақытта 42 кәсіпкер осы бағыттағы іспен айналысады. Ал олардың жетеуі құм-қиыршықты қоспаны өндірумен шұғылданады екен. Аталмыш басқарманың бас маманы Мағалым Отаубаевтың айтуынша, олардың дені 1996 жылдан жұмыс істеп келеді. Барлығына да құмды-қиыршық қоспа өндіруге тиісті құзырлы орындар рұқсатын берген. «Сондықтан оған алаңдайтын дәнеңе жоқ», - деді ол. Десе де, бұл бағытта ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілмеген, сондықтан кім біледі?.. Төлеген ҚАЗТУҒАНОВ
Жайық-Каспий экология департаментінің БҚО филиалының басшысы: - Жайық өзенінің арнасынан және оның жағалауынан құмды-қиыршық қоспа өндіруден пайда болатын қазан шұңқыр топырақ жамылғысына елеулі әсер етеді. Осыған байланысты өнім өндірушінің жобасында жерді қайта құнарландыру шараларын алу қарастырылады. Ал терең шұңқырлардың Жайық суының азаюына және жер асты суы деңгейінің төмендеуіне қалай әсер ететіні жөнінде нақты ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілген жоқ. Мәлік ҮМБЕТИЯРОВ, Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі «Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы» БҚО бойынша бөлімінің бастығы: - Кәсіпкер жер қойнауын пайдалану үшін алдымен экология, санэпидемстанса және өзге де құзырлы орындардан рұқсат алады. Жайық өзеніне зиян келтіретін іске ешкімнің де қол қоймасы анық. Инженер-гидротехник маман ретінде өзен жағалауындағы траншеялардың кесірінен өзен суы азаяды дегенге қосылмаймын. Өйткені өзеннің суы қар, жаңбыр суынан молаяды. 6-7 жылдан бері жауын-шашын, қар мүлдем аз. Жайықтың суының азаюы, міне, осыдан. Ресейліктер де өзен суы азайып кетті деседі. Гүлбаршын ДЫБЫСҚАЛИҚЫЗЫ |
ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовтің қатысуымен БҚО әкімдігінде Жайық өзенінің жай-күйі талқыланды
ҚР Премьер-Министрі Кәрім
Мәсімовтің қатысуымен БҚО әкімдігінде Жайық
өзенінің жай-күйі талқыланды.
Үкімет басшысы бүгінгі жиынға Ресей Федерациясы
делегациясының өкілдері де қатысып отырғанын айтып
өтті. Ол бұл мәселе Қазақстан үшін де,
Ресей Федерациясы мен оның Башқұрт Республикасы үшін де
маңызды екенін атап өтті.
Кеңесте Жайық өзенін сауықтыру мәселесіне орай
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев
баяндады. Оның айтуынша, 2 мың шақырымға созылып
жатқан екі құрылықтың шекарасындағы
Жайық өзені бастауын Ресей жерінен алады. Осы өзеннің
төменгі сағасында отырған ел аймақтары үшін
оның экологиялық жағдайының күрт төмендеуі,
өзен арнасының тартылып, саяздап бара жатқаны үлкен
алаңдаушылық туғызып отыр. Соңғы жылдары бекіре
балық тұқымдары да Жайықтың жоғары
ағысына көтерілмейтін болды. Сондықтан да бұл
мәселені де екі ел бірлесіп шешуі тиіс.
Бұл мәселеге орай екі елдің бірлескен іс-қимылын
үйлестіріп отыратын Жайық өзені бойынша
халықаралық қор құру қажеттігі айтылды.
Жайық өзеніне байланысты атқарылатын шараларға орай
бірлескен келісімшарт жобасы да әзір. Ол биылғы күзде
Өскемен қаласында өтетін Қазақстан мен Ресей
мемлекет басшыларының кездесуіне ұсынылатын болады.
ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі
Нұрғали Әшімов те бұл пікірді одан әрі
жалғастырып, өзен жағасында 10 млн. халық
тұратынын атап өтті және оның экологиясының
күрт нашарлап бара жатқанын ортаға салды. Министрлік Жайық
өзенінің экологиясын жақсарту жөнінде арнайы
бағдарлама даярлауда.
Жалпы өңірде су көздерінің 80 пайызы Ресейден бастау
алады. Соның ішінде ең маңыздысы Жайық өзені
болып табылады. Бұл өзен бойында 87 елді мекен орналасқан,
онда облыс халқының 75 пайыздайы тұрады.
Аталмыш мәселе екі ел басшыларының қатысуымен Орал,
Новосібір, Орынбор қалаларында өткен шекаралас аумақтар
форумдарында көтерілген болатын. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев
Жайықтың өзекті мәселелерін шешу жөнінде ресейлік
тараппен кеңес алысу жөнінде тапсырма да берді. Екі ел басшылары
Жайық өзенінің экожүйесін сақтау бағытында
қор құруды қолдап, орталық өкілетті
органдарға тапсырды.
Облыста Саратов облысы аумағынан басталатын Қараөзен мен
Сарыөзеннен су алу да өзекті мәселеге айналып отыр.
Өңірдің оңтүстік аудандарын сумен қамту
үшін кемінде Ресейден жыл сайын 138 млн. текше метр Еділ суын алу
қажет. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен
бөлінетін қаржы жеткіліксіз болып келеді.
2009 жылы Жайық суын Жайық-Көшім жүйесі арқылы
Қараөзен мен Айдархан су қоймасына жеткізу қолға
алынды. Бұл жоба биыл аяқталмақ. Сондай-ақ
Жайық-Көшім жүйесінен Ақпәтер ауылы тұсында
Қараөзенге су жіберу үшін 4,4 млрд. теңгеге
бағаланған жобаның техникалық-экономикалық
негіздемесі жасалды. Жаңақала ауданының оңтүстік
бөлігін сумен қамту үшін Қараөзеннен
Сарыөзенге 10 млн. текше метрге дейін су жіберу де (құны -
292 млн. теңге) көзделуде.
Жиын барысында БҚО-ның Жәнібек ауданында орын алған
киіктердің жаппай өлуіне байланысты комиссия қорытындылары да
жария етілді.
Абай ОМАРОВ
«Жайықтың
бойы көк шалғын, күзерміз де жайлармыз» – деп Махамбет батыр
жырлаған Жайық өзенінің қазіргі ахуалы
күннен-күнге азып барады.
Жайықты мекендеген тұрғындар мен атқарушы
биліктің өзенді қорғау туралы жанайқайы
жоғары жаққа жеткенмен де, Жайық өзенінің
арнайы мәртебесі болмауы оның тағдырына
айтарлықтай әсерін тигізіп отыр.
Болғаны:Осыдан 30 жылдай бұрын өзен балық шаруашылығы және кемелер қозғалысында үлкен маңызға ие болатын. Жайық өзенінде бір жылда 30 мың тонна бекіре тұқымдас балық ауланып, бірнеше тонна қара уылдырық шығарылатын. Мұның өзі Атырау өңірінің негізгі көрсеткіші әрі мақтанышы болып келген-ді. Ал қаладағы «Атыраубалық» мекемесінде дайындалатын әдемі таңбаланған қалбырлардағы қара уылдырықты қазақстандықтар ғана емес, әлем елдерінің халқы іздеп жүріп сатып алатын. Өзенді жағалай мекендеген жергілікті тұрғындар үшін өзен тек көктемде қиындық әкелетін. Жоғарыдан келетін көлемді су өзеннің арнасынан тасып, егіс алқаптарын, елді мекендер мен мұнай шаруашылығы ошақтарын басып кететін.
Қалғаны:Аса өкінішті
жайт, бүгінде мұның бәрі келмеске кетті.
Жағалауындағы халықты сан ғасыр асырап келген
Жайық жыл сайын тайызданып, бүгінгі ұрпақ алдында
жойылуға шақ тұр. Өзен ағысының
көпжылдық орташа көлемі 11 миллиард текше метрді
құраса, бұл көрсеткіш өткен жылы бар
болғаны 5 миллиард текше метрден асқан.
Қазір өзендегі ірі кемелердің қозғалысы
мүлдем жоқ деуге болады.Өзеннің бастауында және
қала ішіндегі тереңдік мүлдем аз, кемелер әзер
қозғалады. Өзен суының тайыздығымен қоса,
ең өкініштісі, бекіре тұқымдас балықтар азайып
барады. Әйгілі Каспийдің бекіре балықтары тайыз суларда
өздерін емін-еркін ұстай алмай, жем, қорларына жете алмауда.
Мұның нәтижесінде балық аулауда көрсеткіштер
ондаған есеге кеміп кетті. Бұрын он мың тонналап ауланатын су
маржандарын бүгіндері бірнеше жүз тонна ғана аулау
мүмкін болып отыр.
Жайыққа келетін балық та қырғынға ұшырауда. Соңғы жылдарда қыс тым қатты болып, өзен қалың мұз құрсануда. Облыстық бюджеттен жыл сайын үкі жасап, балықтың тыныс алуына мүмкіндік жасау үшін қомақты қаражат бөлінуде. Әйтсе де, өзенге балықтың бұрынғыдай келуі саябырсыды. Одан басқа қалың мұз астынан ауа келмеуіне байланысты жүздеген балық қырылып, олардың өліктері көктемгі су көтерілген кезде жағаға шығып қалуы жиілеп кетті. Күнделікті дерлік ас мәзіріндегі қаракөз балық түрінен де тұрғындардың ауыз тимегеніне біраз жыл болды.
Қоңсының көксегені:Атырау облыстық Жайық-Каспий бассейндік су шаруашылығы инспекциясының бастығы Бисен Қуановтың айтуынша, соңғы жылдары облысқа жоғарыдан судың келуі күрт кеміп барады.Бүгінгі таңда бассейндік су қорының тек 25 пайызын немесе тек 5,9 текше шақырым аумақтағы суды пайдалану мүмкін болып отыр.Елді мекендерді сумен қамту және су деңгейі Ресей аумағында өзеннің жоғарғы сағасында орнатылған гидротехникалық қондырғылардың қызметіне тәуелді. Жайық, Қиғаш, Үлкен және Кіші Өзен, Шаған – трансшекаралық өзендер. Олардың барлығы Ресей елінен бастау алады. «Қазгидромет» мекемесінің мәліметінше, соңғы екі жылда су жылдағы мөлшерден 2-3 есе кем болғандықтан, Жайық өзені бассейнінде ылғалдылық тапшылығы байқалған. Бұрын тұрғындарға жайсыздық туғызатын тасқын судың мөлшері екі метрге дейін төмендеп кетті. Негізінен, Жайық өзеніндегі судың ағысы Орынбор облысындағы Ор қаласынан 130 шақырым жоғары орналасқан «Ириклин» су торабымен реттеліп отыр.Дегенмен бүгіндері жауын-шашын және қар секілді табиғи сулардың азаюы себепті 2008 жылы «Ириклин» су торабына 480 млн текше метрге кем су келді.Атыраулық мамандар осындай жағдайдан соң, Жайық өзенін сумен қамтамасыз етуді тек «Ириклин» су торабынын көмегімен шешу мүмкін емес деген тұжырымға келіп отыр.«Ириклин» су торабынан Жайық арнасы 26,5 пайызға толса, 47,6 пайызы Сакмар өзенінен келген сумен толығады. Башқұрт елінде орналасқан бұл өзен суын реттеу тек сол республиканын құзырында көрінеді.Ресейлік мамандар Башқұрт елі жеке бастамамен Сакмар өзенінде тағы да екі су торабын салуды бастап кеткенін айтуда. Бұл – Сакмар және Жайық өзені үшін тиімсіз жоба.Жайық-Каспий бассейндік су шаруашылығы инспекциясының бастығы Бисен Қуановтың «Еділ өзенінің суымен Жайықты толықтыру мүмкіндіктері бар» деген пікірі – Жайықтың жағдайы алаңдатқан жандар үшін аса назар аударарлық жағдай.
Шешімі:Мәжіліс депутаты Елена Тарасенконың айтуынша, Жайық өзенінің арнайы мәртебесінің жоқтығы және бірнеше елдің әртүрлі ведомстволарына қарасты болғандықтан, мәселені түбегейлі шешу мүмкін болмай отыр. Бүгінгі таңда біздің елде өзенді қорғау мәселесі үш министрлікке тәуелді болып тұр. Олар – Қоршаған ортаны қорғау, Көлік және коммуникация мен Ауыл шаруашылығы министрліктері. Сайып келгенде, өзенге байланысты мәселені шешуде оған салалас министрліктердің көптігі жағдайды күрделендіріп отыр десек те болады. Депутат ханымның айтуынша, соңғы жылдары Орынбор облысы мен Батыс Қазақстан облысы әкімдігі, ғалымдар мен халық қалаулыларынан құрылған Жайық өзенімен жүріп өткен арнайы экспедиция құрамы Үкіметке үндеу жолдаған. Онда Жайық өзенін қорғап қалу үшін арнайы қор құру үшін мемлекетаралық келісімге келу керектігі айтылған. Екі елдің Мемлекет басшыларына жеткен үндеу нәтижесінде мемлекетаралық келісімді жасақтау міндеті ҚР тарапынан Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне, РФ тарапынан табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу министрлігіне жүктелген.
Ресейлік маман, Төменгі-Волжск бассейні су шаруашылығы басқармасының бөлім бастығы В. Казаковтың айтуынша, жоғарыдан су мүмкіндігінше жіберіліп тұр. «Ириклин» су торабына қажетті су қоры жинақталған жылдары төменгі елді мекендерге су қажеттілігіне сай беріліп тұрған. Соңғы жылдары қыс айларында қардың аз болуы судың кем болуына себепкер болатынын айтқан ресейлік маман «Ириклин» су торабының бүгінде жартылай да толмайтынын алға тартып, оған қосымша тағы да су торабын салу керектігін айтты. Су көп келген жылдары оны жаңа салынған су тораптарына толтырып алу қажет. Сөйтіп, оны су тапшылығы сезілген жағдайда қолданған жөн.
Бұған қазақстандық тарап қарсы екенін айта кеткеніміз жөн. Қосымша су тораптары Жайық өзеніне кері әсер етуі ықтимал.
Ресей Ғылым академиясының Дала институты Орал бөлімшесінің директоры А. Чибилов та су тораптарының орынсыз салынуына қарсы екенін ашық айтып отыр. Оның айтуынша, қазір Жайықта төрт ірі су қоймасы негізгі күрделі құрылғылары бар 80 гидротораптар бар. Сонымен бірге барлық шағын өзендерге бей-берекетсіз орнатылған үш мыңнан аса жер үсті плотиналары өзеннің бассейніне зиянын тигізуде. Жайық трансшекаралық өзен болғандықтан, оның проблемасы Қазақстан мен Ресей үшін ортақ. Қазіргі күні Батыс Қазақстан мен Атырау өңірі өзеннің проблемасынан балық өндіру кәсібінен бұрынғыдай пайда табудан қалып барады. Сайып келгенде, ресейлік ғалым «Жайық өзенінің бассейндік экожүйесін оңалту, су артериясын жақсарту екі мемлекеттің бірлесе жасаған іс қимылына тәуелді болмақ», – дейді.
Автор: Нарғыз ҒАБДУЛЛИНА
ЖАЙЫҚТЫҢ СУЫ ЕКІ ЕСЕ АЗАЙДЫ
Жуырда Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Болат Дәукеновтің төрағалығымен өткен селекторлық кеңесте аймақтағы су ресурстарын қорғау және дамыту, сондай-ақ, «Ақ Жайық» резерватының қазіргі ахуалы жайындағы мәселелер талқыланды.
Кеңесті ашқан Болат Асылұлы:
— Облыста су ресурстарының жағдайы жыл санап нашарлап, деңгейі төмендеп бара жатқандығының куәсі болып отырмыз. Бұл — Каспий теңізі мен Жайық өзені жағалауларындағы мекемелердің заң талабына, тиісті нормалар мен ережелерге сәйкес жұмыс жасамауының да салдары. Кейбір кәсіпорындар қалдықтарын жоймай, жағалауға тастай салады. Жалпы, аймақтағы су көздерін таза сақтауға облыстың әр азаматы атсалысуы қажет. Сонда ғана бұл мәселені экологиялық тұрғыдан оң шеше аламыз, — деді.
Одан соң сөз алған табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бастығы Ербол Қуановтың айтуына қарағанда, Жайық өзені суының көлемі соңғы үш жылда бұрынғы деңгейден екі есе төмендеп кеткен. Ал, ресейлік мамандардың болжауынша, бұл жағдай биыл да қайталануы мүмкін. Осы мәселе бұрын бірнеше рет талқыланған болатын. Соның бірі өткен жылы Ресей және Қазақстан Президенттерінің Өскемендегі басқосуы болатын. Кешенді жоспарлар жасақталып, келісу үшін Ресейге ұсынылғанымен, олар бұл мәселені талқылауға әлі күнге асығар емес.
Бұл мәселе сондай-ақ, өткен жылдың қараша айында Павлодарда өткен Қазақстан және Ресей мамандары арасындағы трансшекаралас суларды қорғау мен пайдалану жөніндегі бірлескен комиссия отырысында да қаралған болатын. Әйтсе де, ресейліктер барлық жағдайды ауа райымен байланыстырып, өзенді қорғап, қалпына келтіру мәселесіне әлі де жете мән бермей отыр. Сондықтан, ресейліктердің шешімін күтіп отыра бермей, кешенді шаралардың өзімізге тиісті бөлігін атқара беруге тура келеді. Осыған орай, облыстық әкімдік өзен түбін тереңдете қазып, тазартуды ұсынып отыр. Қазір бұл жұмыстардың техникалық-экономикалық негіздемесі жасақталып, мемлекеттік сараптама оң қорытындыланды.
Сондай-ақ, өзеннің Батыс Қазақстан облысы шекарасынан бастап Каспий теңізіне дейінгі бөлігі әбден тайызданып, бітелген жерлердің де бар екені анықталды. Сол жерлердің 19-ында тереңдетіп қазу, ал 16-сында тазарту жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Бұл шараларды жүзеге асыру үшін 1 млрд. 727 млн. теңге көлемінде қаражат керек. Оны республикалық бюджеттен қаржыландыратын инвестициялық жобалар қатарына енгізу мәселесі де ойластырылуда.
Өзеннің соңғы үш жылда арнасынан шықпай қалуы жағалаудағы ормандар мен шабындық алқаптарының жаппай қурап, жойылу қаупін тудыруда. Сондықтан, су шаруашылығы мамандарының ұсынысымен өзеннің ескі сағалары мен көлдерге су толтыру мәселесіне де баса назар аударылды. Бұл шараның да техникалық-экономикалық негіздемесі жасақталып, сараптамадан өтіп тұр. Жобаға сәйкес, Индер және Махамбет аудандарынан пайдалануға жарамды 9 ескі су арналары мен көлдері анықталды. Сыйымдылығы 36 млн. текше метрлік арналарды суға толтыру жобасын жүзеге асыру үшін 427 млн. теңге мөлшерінде қаражат керек екен. Облыс әкімдігі мұны да республикалық бюджеттен қаржыландырылатын инвестициялық жобалар қатарына енгізуді жоспарлап отыр.
Өкінішке орай, Қиғаш өзені де тартылып бара жатыр. Өткен жаз, күз айларында мұндағы судың деңгейі күрт төмендеді. Сондай-ақ, Қиғаш өзенінен басталатын Көкарна өзегі де бірнеше жерден бітелді.
Кеңесте сондай-ақ, Жайық өзенін тазарту және осыған қатысты көптеген өзекті мәселелер кеңінен талқыланып, тиісті құрылымдарға тапсырмалар берілді.
Бергей Рысқалиев, Атырау облысының әкімі: Бүгін Жайық бізден көмек күтеді
Оның суын молайту, сақтау мемлекетаралық
проблемаға айналды.
Ақ Жайықтың жағасында, Кәрі Каспий
сағасында орналасқан Атырау өңірі еліміздің
өркендеуіне елеулі үлес қосып, өзі де
қарқынды даму үстінде. Ондаған жылдар бойы
қордаланып қалған проблемалық мәселелер
соңғы уақыттарда шешімін тауып, өңірдің
әлеуметтік-экономикалық ахуалы айтарлықтай жақсарды.
Атырау – ірілі-кішілі көптеген өндіріс орындары
шоғырланған аймақ. Сондықтан, мұнда
қоршаған ортаны қорғау мәселесі – айрықша
назарда.
Өңірдің экожүйесіне техногендік салмақты азайту,
табиғи ресурстарды сақтап, тиімді пайдалану бағытындағы
жұмыстар жүйелі жүргізілуде.
Дегенмен,
аймақтың экологиялық ахуалына қатысты шешімін
күтіп тұрған мәселелер де жетерлік. Осыған
тоқтала кетейін.
Қоршаған ортаның, ауаның, судың,
топырақтың ластануы, сонымен қатар, Каспий акваториясын,
оның айналасындағы қорықтық зоналарды
қорғау, жан-жануар, балық қорын көбейту –
өзекті, алдымен қолға алуды қажет ететін
мәселелер.
Жылдан-жылға ағын су қоры кеміп барады. Қиғаш,
Жем, Ойыл өзендері тартылып, мал, егін суаруға жетпейтін түрі
бар. Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету үшін тұщы су
көлемі азаюда.
Бұдан, енді он жылда су бола ма, жоқ па деген сұрақ
туындайды.
ЕРЕКШЕ АЛАҢДАТАТЫН –
ЖАЙЫҚТЫҢ ПРОБЛЕМАСЫ
Ол – екі батыс облыстың жүздеген мың тұрғындары
үшін басты су артериясы, тіршілік көзі.
Әсіресе, шөлейт Атырау облысы үшін Жайықтың
маңызы айрықша, халық тұтынатын судың 70 пайызы
осынан алынады, ал қалған 30 пайызын Қиғаш өзені
мен жер асты сулары құрайды. Басқа жарытымды тұщы су
көзі жоқ. Сондықтан Египет үшін Нілдің
маңызы қандай болса, Атырау үшін Жайықтың
маңызы сондай.
Ал осы, «Жайықтың бойы көк шалғын, күзерміз де
жайлармыз» – деп Махамбет батыр жырлаған, жағалаудағы ел
балығын сан ғасыр қорек қылған
Жайықтың бүгінгі жағдайы мәз емес. Оның
жасыратыны жоқ. Бұл – облыс басшылығы ғана емес,
бүкіл халықты толғандырып отырған проблема.
Өйткені, өзеннің күйін адамдар өз көзімен
көріп отыр.
Қазақстан және Ресей сияқты мемлекеттерге тиесілі
өзен бассейнінің экологиялық ахуалы нашарлап, арнасы тартылып
бара жатыр. Егер дер кезінде шұғыл шаралар қолға
алынбаса, Атырау өңірі Арал теңізі маңының
тағдырын қайталайды деп ғалымдар дабыл қағуда.
Ал, Жайық өңіріндегі халықтың
тығыздығы бірнеше есе артық.
Қалың жұрт үшін өмір өзені болып табылатын
Жайық жыл сайын тайызданып, жойылуға шақ тұр.
Өзен ағысының көпжылдық орташа көлемі 11
миллиард текше метрді құраса, бұл көрсеткіш өткен
жылы небары болғаны 5,3 миллиард текше метрден асқан.
Соңғы жылдары облысқа жоғарыдан судың келуі
күрт кеміп барады. Бүгінгі таңда бассейндік су
қорының тек 25 пайызын немесе тек 5,9 текше шақырым
аумақтағы суды пайдалану мүмкін болып отыр.
Ғалымдардың болжамына сенсек, Жайықты бойлай
қоныстанған Ресей, Татарстан, Башқұртстан мен
Қазақстан Жайық суын жергілікті қажеттіліктеріне
қарай емін-еркін пайдалана беретін болса, онда Ембі өзенінің
1939 жылдан бастап Каспийге құймай қалғаны
сияқты, Жайық та теңізге жетпейтін болады.
Айта кету керек, аталмыш проблема ең алдымен, мемлекетаралық
реттеуді қажет етеді.
Жайық өзені – өз бастауын Ресейден алады.
Башқұртстан Республикасынан кейін Ресейдің Челябі және
Орынбор облыстары мен Қазақстанның Орал, Атырау аймағы
арқылы өтетін өзеннің жалпы ұзындығы 2534
шақырым. 1991 жылдан бері Жайық мемлекетаралық
трансшекаралық өзен мәртебесіне ие.
1992 жылы Қазақстан мен Ресейдің арасында
трансшекаралық суды бірігіп пайдалану мен қорғау
жөнінде келісім болғанына қарамастан іс жүзінде
бұл құжат дұрыс іске аспай отыр. Ресей өз
тарапынан су ресурстарын тиімді пайдалану жөніндегі Конвенцияны орындамай
жатыр.
Елді мекендерді сумен қамту және су деңгейі Ресей
аумағында өзеннің жоғарғы сағасында
орнатылған гидротехникалық қондырғылардың
қызметіне тәуелді. Жайық, Қиғаш, Үлкен
және Кіші Өзен, Шаған – трансшекаралық өзендер.
Олардың барлығы Ресей елінен бастау алады. «Қазгидромет»
мекемесінің мәліметінше, соңғы екі жылда су
жылдағы мөлшерден 2-3 есе кем болғандықтан, Жайық
өзені бассейнінде ылғалдылық тапшылығы
байқалған. Жыл сайынғы тасқын судың мөлшері
екі метрге дейін төмендеп кетті.
Негізінен, Жайықтағы судың ағысы Орынбор облысында
орналасқан «Ириклин» су торабымен реттеліп отыр.
Жауын-шашын және қар секілді табиғи сулардың азаюы
себепті өткен жылы «Ириклин» су торабына 480 млн текше метрге кем су
келді.
Мамандар осындай жағдайдан соң, бұл өзенді сумен
қамтамасыз етуді тек «Ириклин» су торабының көмегімен шешу
мүмкін емес деген тұжырымға келіп отыр.
«Ириклин» су торабынан Жайық арнасы 26,5 пайызға толса, 50
пайыздайы Сакмар өзенінен келген сумен толығады.
Башқұрт елінде орналасқан бұл өзен суын реттеу
тек сол республиканың құзырында екен.
2000 жылы Халықаралық Конвенцияға кіргеніне қарамастан
Башқұрт елі жеке бастамамен Сакмар өзенінде 2006 жылы су
қоймасын іске қосты, тағы да жоспарлап отыр деген
алып-қашпа сөз бар. Бұл –Жайық үшін тиімсіз жоба
және өзен суы сарқылады деген сөз.
90-шы жылдары ғалымдар Жайық өзенінің негізгі су
толтырушысы – Сакмар өзені бойына су қоймаларын салу өте
қауіпті екенін, себебі су аз келген жылдары Жайықтың
өзен ағысы ең апатты шегіне жетіп, оның жер бетінен
жоғалуына әкеліп соқтыратынын айтып дабыл
қаққан.
Қазір Жайықта 4 ірі су қоймасы, негізгі күрделі
құрылғыдан тұратын 80 гидроторап бар. Сонымен бірге
барлық шағын өзендерге бей-берекетсіз орнатылған
үш мыңнан аса жер үсті плотиналары өзеннің
бассейніне зиянын тигізуде. Олардың басым көпшілігі Ресей
аумағында орналасқан.
Бұндай су ағысын шектеу өзен айналасындағы
табиғатқа қауіп төндіріп, сондай-ақ ауыл
шаруашылығы саласына кері әсерін тигізіп, өңірдің
экологиялық және экономикалық құлдырауына
ықпал етеді.
Сонымен қатар, өзекті мәселе – облыстағы көптеген
су пайдаланушылар өзен суын өлшеусіз пайдалану арқылы ысырапшылдыққа
жол беріп отыр. Мысалы, бұған Қазақстанның кейбір
заңнамаларындағы олқылықтар да жол ашып отыр.
БҰЛ ПРОБЛЕМАНЫ ҚАЛАЙ
ШЕШУГЕ БОЛАДЫ?
Ол
үшін судың есебі дұрыс алынуы керек. Мәселен, ауыз суды
өндіріске пайдалануға болмайтыны Су туралы кодексте
жазылғанымен, Әкімшілік кодексте оған салынатын айыппұл
көлемі қарастырылмаған.
Су ресурстарының азаюы ғана емес, өзеннің
экологиялық ахуалы да сын көтермейді.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті
жасақтаған су шаруашылығының 2020 жылға дейінгі
даму тұжырымдамасында осы өзенге қатысты су
көзінің ауыр металдармен, хром, мыс, мырыш, бормен ластану
деңгейі санитарлық-гигиеналық және балық
шаруашылығы нормасы көрсеткіштері бойынша шектеулі концентрациядан
өте жоғары екендігі айтылған. Түйіндеме:
Жайықтың экологиялық жағдайы өте ауыр және
оны сауықтырудың жедел шараларын алу қажет, себебі су
көзінің тіптен азаюы, өсімдіктер мен жануарлар әлеміне
қатер төнетіні анықталған.
Өңірде үлкенді-кішілі бірнеше су көздері бар. Алайда,
солардың ішінде Жайықтан өзгесін ауыз су ретінде
пайдалануға болмайды. Мәселен, Ойыл, Сағыз, Жем, т.б.
қолданысқа жарамайды.
Облыста ауыз су бойынша ең қиын жағдай
Қызылқоға ауданында қалыптасқан болса,
қазір оны тек магистралді су құбырларын тарту арқылы
шештік.
Рас, бұл өңірде жерасты сулары мол, оларды пайдалануға
болады. Бірақ, әлі жете зерттелмегендіктен ауыз су ретінде
ұсына алмаймыз. Және оларды болашақ ұрпаққа
қор қылып қалдыруымыз керек.
Сонымен бірге, ғалымдардың пікірінше, Жайық өзені
бассейнінің негізгі ластаушысы – Орынбор газ өңдеу зауыты,
Ақтөбе хром қоспалары және бұрынғы аты
әйгілі Алға химия зауытынан қалған азғантай
цехтар. Олардың тастамалары шайынды су ретінде шартты түрде
тазаланып, құрамындағы хром тәрізді қоспаларымен
бірге Елек өзеніне құйылады.
Ал Елек Ойыл өзенімен бірігіп Жайыққа, одан әрі
Каспийге құяды. Мұны Ақтөбедегі экологтар,
саниэпидстанция, әкімшілік те біліп отыр. Бірақ өздері ол
суды ішпеген соң мән бермейді.
Өткен жазда Атырауда Жайықтың ластығы салдарынан індет
шығып кете жаздады. Қалалық су арнасы арқылы хлорды
суға көбірек салғызудың арқасында елді аман алып
қалдық.
Сонымен қатар Жайық өзені бойындағы кәсіпорын,
мекемелер де суды таза ұстау мәселесіне бас ауыртпайды.
Тұрғындар да селқос қарайды.
Батыс Қа¬зақ¬стан мен Атырау бойынша жа¬салған арнайы
экспедиция жо¬рығы кезінде осы аймақтарда Жайық
өзенінің ластануына өзін¬дік әсерін тигізіп
отырған 160 қо¬қыс орны және саяжай мен
құрылыс қалдықтарының өзен бетін¬де шашылып
жатқаны анықтал¬ған. Яғни, кәсіпорындар өз
алдына, жекелеген адамдар да Жайық өзенінің ластануына
«жа¬байы» үлес қосып отыр.
Сондықтан Жайық өзенінің тазалығы,
экологиялық ахуалы жергілікті атқарушы биліктің
қатаң бақылауында.
Соңғы уақытта облыста қолға алынған
шаралардың бірі – қаладағы Жайықты жағалай
салынған коттедждердің кәріз жүйесін ортақ желіге
қосу жұмыстары аяқталып келеді.
Оған қоса бұрын ара-тұра науқандық шара
кезінде ғана болмаса, назардан тыс қалып келген Жайық
жағалауының тазалығы талапқа сәйкестендірілді. Су
рәсуа болмауы үшін жағалаулар бекітіліп, абаттандырылып,
жарық пен бейнебақылаулар орнатылып, қазір бұл жерлер
қала халқының демалып, серуендейтін тамаша орындарына
айналды.
Алайда Жайықтың арнайы мәртебесінің болмауы оның
экологиялық тағдырына әсер етіп, өсімдік және
жануарлар дүниесіне зиян келтіріп отыр.
БҰЛ, АЛДЫМЕН,
БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ
Кезінде бекіре тұқымдас балықтардың әлемдік
қорының 33 пайызы Жайықта шоғырланып, өндірілетін
қара уылдырықтың 40 пайызы осынан шыққан екен.
Бекіре тұқымдастардың уылдырық шашып,
шабақтардың тіршілік ететін негізгі аймағы болған. Ол
кездегі Атыраудың мақтанышы мұнайдан бұрын
уылдырық болатын.
Қазір бұның барлығы келмеске кетті.
Бүгінде Жайық өзеніндегі әйгілі бекіре
тұқымдастардың таралуы 30 есе кеміген. Өзенде
балық та, уылдырық та тіршілік етпейді. Балдыр басқан лайлы
су да аса бағалы емес, ұсақ балықтар ғана
қалды. Олардың өздеріне де жойылып кету қаупі
төніп тұр. Ғалымдардың пікірінше, бекірелердің
Каспийден жоғары көтерілмеуіне браконьерлік әрекеттер
ғана емес, су деңгейінің төмендеп, шамадан тыс ластануы
да кесірін тигізіп отыр.
Каспийдің бекіре балықтары тайыз суларда емін-еркін тарай алмай,
жейтін жеміне, уылдырық шашатын қорларына жете алмауда.
Бүгінде Жайық бойындағы 68 уылдырық шашатын және
қыстайтын жердің 13-і ғана пайдаға жарамды.
Осылардың салдарынан балық аулау көрсеткіштері еселеп кеміді.
Бұрын он мың тонналап есептелетін балық енді ондаған
тоннамен мөлшерленеді.
Сонымен қатар қара балық та қырғынға
ұшырауда. Соңғы жылдарда қыс қатты болып,
өзен қалың мұз құрсануда. Ауа келмеуіне
байланысты мыңдаған балық қырылып, олардың
өліктері көктемгі су көтерілген кезде жағаға
шығып қалуы жиілеп кетті. Облыстық бюджеттен жыл сайын
үкі жасап, балықтың тыныс алуына жағдай жасау
үшін қомақты қаражат бөлінуде. Дегенмен,
бұл жұмыстар жеткіліксіз, мәселеге қаражат
республикалық деңгейде қаралуы керек. Бүгінде
өзенге балықтың бұрынғыдай келуі саябырсыды.
Қазір өзеннің түбі түрлі аулар мен
қармақтардың қалдықтарына толы. Бұл –
заңсыз балық аулаушылардан қалған мұра. Бұл
суға түсем деген адамдарға да қауіп туғызады.
ЖАЙЫҚТЫҢ ТАРТЫЛУЫ
ҚЫРУАР ЗАЛАЛ ТИГІЗУДЕ
Кезінде өзен бойымен кеме қозғалысы қарқынды
болды. Ауыр жүк тасымалдайтын алып кемелер жүретін сирек
өзеннің бірі болатын. Бүгін соңғы 15 жылда
түбі тазаланбаған өзенмен шағын кемелердің
қайраңдамай жүзіп өтуі проблемаға айналды. Мысал
ретінде былтыр Солтүстік Каспий игеру жобасына қажетті «Барыс»
кемесін суға түсірердегі әбігерді айтсақ та жеткілікті.
Қазір өзендегі ірі кемелердің қозғалысы
мүлдем жоқ деуге болады.
Бұрындары жоғарыдан келетін көлемді судан өзен
арнасынан тасып, егіс алқаптарын, елді мекендер мен мұнай
шаруашылығы ошақтарын басып кету жағдайы жиі болатын. Енді
ластанып, лайланған өзен жайылмаларын өзгертіп, тіпті кей
жерлерде су тартылып, арна кеуіп қалып жатыр. Өзеннің кейбір
тұстарын жаяу адам кешіп өтетін халге жетті. Жайылымдар
соңғы жылдарғы жауынсыз жазды аса қиындықпен
өткізуде. Нәтижесінде малға жем-шөп қоры
күрт кеміп барады.
Өзен бойын қуалай өскен жасыл белдеу – қалың
тоғай қурап, жойылу алдында.Осы арада бассейннің
өсімдік және жануарлар дүниесін сақтау мен
қорғау мәселелерін де ұмыт қалдырмауымыз ке¬рек.
Жоғарыда айтылған проблемалардың ушығуына өзен
табанын тазалауға қажетті қаржының жоқтығы
да себеп болып отыр.
Жайық суын тазалауға көңіл бөлінбеу себебі
оның Үкімет қаулысымен бекітілген
Қазақстанның «ерекше маңызды өзендер»
қатарына кірмей қалуы. 2004 жылдың 21 қаңтарында
№59 ҚР Үкіметінің «Ерекше мемлекеттік маңызы бар су
объектілерінің тізбесін және ерекше мемлекеттік маңызы бар су
объектілеріндегі шаруашылық қызметті реттеу
құқықтық режімінің ерекшеліктерін бекіту
туралы» қаулысы жарық көрген.
Ал осы тізімге жағдайы Жайыққа қарағанда
әлдеқайда тәуірлеу өзендер енгізілгенімен, бұл
өзенге ондай «атақ» берілмеген.
Судың тайыздығынан өзен¬дегі балықтың жүруі
на¬шарлаған соң жергілікті атқарушы билік арнаны
тереңдету жұмыстарына және табиғатты қорғау
шараларын жүзеге асыруға жыл сайын біраз қаржы бөліп
отырмыз. Дегенмен, бұл қаржы өте аз және облыстық
деңгейде шешілетін мәселе емес.
Ал тиісті ведомстволар атқаратын тазалау жұмыстары өте нашар
жүргізілуде. Тек 2007-2008 жылдары ғана «Водные пути»
коммуналдық мекемесі Жайықта аз-мұз тазарту жұмыстарын
іске асырды. Оның өзінде кеме жолдарына байланысты. Содан соң
Балық шаруашылығы комитеті там-тұмдап ақша бөліп,
балық жүретін жолдарды тазартқандай болған.
Облыста Жайық өзеніне бақылау жасайтын қаншама мекеме
болғанымен жүргізілген жұмыс осымен ғана шектеледі.
Күні бүгінге дейін Жайықты қорғау мен
сақтауға қатысты бағдарлама да қабылданбапты.
Тіпті, бағдарлама түгілі облыс аумағындағы өзен
кесіндісіне мемлекеттік қорғалған табиғи зона деген
мәртебе де берілмеген.
Жайық өзенінің арнайы мәртебесінің
жоқтығы, ведомствоаралық бытыраңқылық
мәселені түбегейлі шешуге кесел болып отыр.
Бүгінгі таңда біздің елде өзенді қорғау
мәселесі үш министрлікке тәуелді. Олар – Қоршаған
ортаны қорғау, Көлік және коммуникация мен Ауыл
шаруашылығы министрліктері. Алайда өзен мәселесіне
қатысты салалас министрліктердің көптігінен пайда көріп
отырғанымыз жоқ. Тіпті жағдайды күрделендіріп отыр
десек те болады.
Ерекше қорғалатын аймақтарға бақылау жасау,
қоршаған ортаны қорғау, табиғат
байлықтарын, орман және су шаруашылығы қорларын
пайдалану және оған мемлекеттік қадағалау Ауыл
шаруашылығы министрлігінің құзырына берілген. Сонда
пайдаланушы да, қорғаушы да, бақылаушы да бір болып
шығады. Кімнің болмасын өз қолын өзі
қақпайтыны белгілі. Сондықтан, бұндай кереғар
реттеу жүйесінің тиімділігі неде, деген сұрақ
туындайды.
Сонымен бірге бүгінгі таңда су қорлары көздеріне
экологтар, бассейнді су шаруашылығы басқармасы, балық
қорғау инспекциясы, мемлекеттік санэпидқадағалау
қызметі және ішкі істер қызметкерлері мемлекеттік
бақылау жүргізеді. Әркім жан-жаққа тартып, дербес
жауапкершілік болмағандықтан бұл «қойшы көп
болса, қой арам өледіге» соқтыру мүмкін.
Сондықтан экологиялық қауіпсіздік Концепциясының
талаптарына сай, су қорларын бақылауды тек бір ғана
мемлекеттік органға жүктеген жөн.
Облыстың экологиялық жағдайы жергілікті биліктің
үнемі назарында. Бұл жөнінде бірнеше рет кеңес,
бірлескен отырыстар болып, мәселе кеңінен талқыланды.
Қолдан келер шаралардың барлығын алып жатырмыз.
Соңғы жылдары облыс әкімдігі Жайық өзенінің
проблемаларын Үкімет деңгейіне дейін көтеріп, ұсыныс
берудің нәтижесінде Ел Премьер-министрінің маусым
айындағы Атырауға сапары кезінде үлкен қолдауға
ие болды. Оның ішінде Жайық өзенін суға толтыру
мәселесі жөніндегі мемлекетаралық штабтың
құрамына ендік және өзеннің астын тазалап,
тереңдетуге үлкен көмек болатын болды.
Сондай-ақ мәселе шілде айының 22-сінде Орал
қаласындағы Ресей мен Қазақстан елдері басшыларының
қатысуымен өткен Үкіметаралық мәжілісте
қаралды. Қорытындысымен нақты келісімдер дайындалып,
қыркүйек айында екі мемлекет басшыларының кездесуінде
бекітілетін болады.
Көп жыл қордаланып келе жатқан осы мәселені шешу
тың серпін алады деген үміт бар.
ЖАЙЫҚ-КАСПИЙ СУ
БАССЕЙНІНІҢ АХУАЛЫ
Сондықтан ол күн тәртібінен түспейді.
Алайда бұл бір облыстың көлеміндегі, тек
әкімдіктің құзырындағы шаруа емес.
Барлығымызға да керек, бәрі де атсалысуы қажет.
Жайық өзенін сақтап қалу мақ¬сатында арнайы
қор құру – пісіп-жетілген мәселе. Елге ортақ
проблема екенін ескеріп, осы қорға жергілікті ірі
кәсіпорындар мен бизнес құрылымдары үлес қоссын.
Қоғамдық құрылымдарды қолдау
көрсетуге, белсене атсалысуға шақырамын. Қазір бір-екі
үкіметтік емес ұйым болмаса, экология проблемасын басқа ешкім
көтеріп отырған жоқ.
Билік органдары, ұйым, кәсіпорын, мекемелер, барлық су
пайдаланушылар, қоғамдық ұйымдар бірігіп жұмыс
істемейінше, суды үнемдеу мен сақтау жолын, дұрыс пайдалану
мен басқару жолын таппайынша бұл проблема келешекте қайталана
бермек және күрделене түспек.
Облыс үшін ең басты су көзі саналатын Жайық өзені
проблемасын шешу мақсатында бірінші кезектегі шараларды жүзеге
асыруымыз керек:
- Ең бастысы, Жайық өзенін мемлекеттік ерекше маңызы
бар объектілер тізіміне қосу, оған ерек¬ше қорғалатын
аймақ деген мәртебе беру керек. Сонда бұл мәселені
жедел түрде шешуге мүмкіндік аламыз.
- Сондай-ақ Үкіметке өзен астын тазарту және
тереңдету жұмыстарына қаржы көлемін көбейту
мәселесін шешуді ұсынып отырмыз.
- Ең басты, шешуші фактордың бірі – Жайық өзені бойында
ғылыми зерттеулерге негізделген контрегулятор құрылысын
салуды ойластыру қажет.
Сондай-ақ Жайық суын қалпына келтірудің жолы ретінде
біреулер Атырауда да су сақтайтын қоймалар салуды
ұсынған. Бірақ оған аймақтың
климаттық жағдайы мүмкіндік бермейді – жері жазық,
құмайт болғандықтан су ұсталмайды, сіңіп
кетеді, көп мөлшерде буланады.
Яғни, біздің жерге қолайсыз, қайтарымы жоқ
тәсіл. Бұндай су қоймаларын салу тек қана таулы
жерлерде ғана тиімді.
Оның үстіне, көктемгі ағыс кезінде су көздерін
әр жерден орынсыз бөгеу кездеседі. Ал, үйілген
топырақты су шайып, арнаны құм басады. Немесе, жайылған
өр суы далаға кетіп, текке шығын болады. Қазір
өңірдегі барлық каналдар суға толған кезде облыс
бойынша келетін судың 56 млн. текше метрі немесе 21 пайызы
шығындалады екен. Ал, соларды тиімді пайдаланса, егістікке де,
шабындыққа да жететін су шығаруға болады.
Сондықтан су проблемасын шешудің неғұрлым тиімді жолы –
өзен бойындағы орналасқан ескі өзендердің
сағасы мен көлдерді, каналдарды көктемгі өр суы кезінде
өзен суымен толтырып, оны жаз айларында (маусым, шілде, тамыз,
қыркүйек) ауыл шаруашылығы қажетіне пайдалану. Ол
үшін сиымдылығы мол ескі арналар мен көлдерді анықтап,
олардың өзеннен су құйылар жеріне шлюздер орнату керек.
Бұрын осындай тәжірибе болған. Бұның пайдасы
мынада: Жайық суын үнемді пайдаланып, азайтпауға
мүмкіндік туады; жағалаудағы орманның өсуіне,
шабындық алқаптарының құнарлылығының
артуына, балықтар мен басқа да жан-жануардың
өсіп-өнуіне қолайлы жағдай жасалады.
Маңызды міндет – тамшылап суару технологиясын егін шаруашылығына
кеңінен енгізу. Осылай әрі су үнемдейміз, әрі
егіннің шығымдылығы артады.
БАР СУ ТИІМДІ ЖҰМСАЛУЫ
ТИІС
Сонымен
қатар Жайық өзенінің түбін тереңдетіп
қазу арқылы оның ағысын арттыру және
жағалауын құлаудан қорғау мақсатында
биылғы жылғы табиғатты қорғау шаралары есебінен
Атырау облысы шеңберінде «Өзеннің сулылығын арттыру
және гидрологиялық режимін жақсарту» жобасы
жасақталуда.
Бұл жобалар жасалып біткеннен кейін, республикалық бюджеттен
қаржыландыру үшін тиісті ведомстволарға ұсынылатын
болады.
Бұл аталғандар – ел ішіндегі, өзіміз орындауға тиісті
бірінші кезекті міндеттер.
Ал негізінен, Жайық өзені – мемлекетаралық проблема.
Жайық трансшекаралық су объектісі болғандықтан, оны
сақтау, қорғау Қазақстан мен Ресей үшін
ортақ міндет.
Жайық өзенінің бассейндік экожүйесін оңалту, су
артериясын түбегейлі жақсарту екі мемлекеттің бірлесе
жасаған іс қимылына тәуелді.
- Сол себепті мемлекетаралық комитет құруды ұсынып
отырмыз.
- Және трансшекаралық Жайық өзенін бірлесе пайдалануда
мемлекетаралық келісім қабылдау қажет.
Бүгінде 1992 жылы қабылданған екі жақты Келісім бар.
Бірақ кейін Қазақстан да, Ресей де Трансшекаралық су
ағымдары мен халықаралық көлдерді қорғау
және пайдалану жөніндегі халықаралық Конвенцияға
(Хельсинки 1992 жыл) қосылды. Сондықтан болашақта келісілмей
жасалатын іс-әрекеттерге жол бермеу мақсатында осы аталған
Конвенцияға сәйкес екі жақты келісім қабылдау өте
маңызды. Бұл екі жақты қарым-қатынасты
нақтыландыруға мүмкіндік береді.
- Сондай-ақ осы келісім негізінде екі мемлекетке тиесілі Жайық
өзенін қорғау мен сақтауға қатысты
мемлекетаралық бағдарлама керек. Осы ретте барлық алынатын
шаралар тек ғылыми көзқараспен сәйкес болуы шарт.
Қазір облыс әкімдігі атынан ҚР Үкіметіне және
Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне ұсыныстар
жолданды. Бұл құжатта трансшекаралас Жайық өзені
бассейнінің жағдайын Ресеймен бірлесіп зерттеу мен бақылау,
ақпарат алмасу, сулылықты арттыру, облыс пен аудандар аумақтарында
гидробекеттердің санын көбейту, оларды жетілдіру мен автоматтандыру
басым бағыт болуы қажеттігі айтылған.
- Ресеймен бірлесіп Жайық өзені ай¬дынына Ерекше
қорғалатын табиғи аумақтық биосфералық
қорық мәртебесін берудің де маңызы аса зор.
- Жайық шекаралық аймақтар арқылы өтеді.
Сондықтан оны қорғауда «Шекарааралық ынтымақтастық
туралы» заң қабылдануы қажет, оның жобасы тиісті
ведомостволарға келісімге берілген.
Міне осы мемлекетаралық кешенді бағдарлама, бірлескен шаралар,
өз ішіміздегі шаралар жүзеге асырылса, онда ортақ су
көзіне қатысты туындап отырған қазіргі күрделі
проблемалар шешімін табар еді.
Ақ Жайық – табиғаттың сыйы. Жылдар, ғасырлар бойы
ол бізді асырап, халықтың өсуіне, экономиканың
өркендеуіне мүмкіндік берді.
Бүгін Жайықтың өзі бізден көмек күтеді.
Сондықтан, өмір өзені болып отырған осы су көзін
сақтау – бүкіл мемлекеттік, жалпыхалықтық міндет,
ұрпақтар алдындағы парыз
15.09.2011 / 21:25
Қазақстан мен Ресей Жайық өзенін тазарту бойынша бірлескен қор құру болашағын талқылайды
АСТРАХАНЬ. 15 қыркүйек. ҚазАқпарат /Нарымбек Ысмағұлов/ - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің ресейлік әріптесі Дмитрий Медведевке Жайық өзенін құқару және тазарту жөніндегі бірлескен іс-қимыл мәселесін қарастыруға оралуға ұсыныс жасады.
Астраханда өткізілген аймақаралық ынтымақтастықтың ҮІІІ форумында ҚР Президенті назарды трансшекаралық су ресурстарын, нақты айтқанда Жайық өзенін қорғау және үнемді пайдалану қажеттілігіне аударды.
«Осы трансшекаралық артерияның ерекше таязданып кетуі байқалуда, судың жылдық тапшылығы үш есеге өсті. Ресейлік мамандардың пікірінше, егер осылай жалғаса берсе, Жайық өзені Каспий теңізіне бара жатқан жолда кеуіп қалуы мүмкін. Біз өткен кездесуде Жайық өзенін тазарту үшін бірлескен қор құру туралы айтқан едік, бірақ ол әлі күнге дейін құрылмады. Осы мәселеге қайта оралғанымыз дұрыс болар», - деп ұсыныс жасады Н.Назарбаев.
ҚР Президенті атап өткендей, осы саладағы бірегей кешенді бағдарламаның жоқтығы тиімді әрекет етуге мүмкіндік бермей отыр. Н.Назарбаев осы мәселені зерттеу үшін жеке жұмыс тобын құруды ұйымдастыру туралы ұсыныс жасады.
«Ал осыған дейін біз қабылдаған шешімдерге келер болсақ, олар бақылауда ұсталуы қажет. Онымен жұмыс тобы айналысып, осы қорды қалай құруды және оның көлемін анықтауы тиіс», - деп атап өтті өз кезегінде Д. Медведев.
Жайық өзені бойындағы әртүрлі бекеттерден алынған сулардың химиялық көрсеткіштері
3-кесте
№ р/с |
Атауы |
Өлшем бірлігі |
ШРМ |
Орталық автокөлік көпір
|
Атырау университеті |
«Атырау – балықтан» 500 метр жоғары
|
«Атырау - балықтан» 500 метр төмен |
||||
Ана/з қор/ы
|
Арт/ы |
Ана/з қор/ы
|
Арт/ы |
Ана/з қор/ы |
Арт/ы |
Ана/з қор/ы |
Арт/ы |
||||
1 |
Фосфат
|
мг/л |
0,05 |
0,05 |
- |
0,06
|
0,01 |
0,10 |
0,05 |
0,09 |
0,04 |
2 |
Сульфат
|
мг/л |
100,0
|
109,5 |
9,5 |
123,5 |
23,5 |
106,2 |
6,2 |
98,0 |
- |
3 |
Фенол
|
мг/л |
0,001 |
0,002 |
0,001 |
0,002
|
0,001 |
0,002 |
0,001 |
0,001 |
- |
4 |
Жалпы темір қоры |
мг/л |
0,05 |
0,17 |
0,12 |
0,21 |
0,16 |
0,20 |
0,15 |
0,20 |
0,15 |
5 |
Мыс |
мг/л |
0,001 |
0,0199 |
0,0189 |
0,0189
|
0,0179 |
0,0108 |
0,0098 |
0,0141 |
0,0131 |
6 |
Мырыш |
мг/л |
0,01 |
0,019 |
0,009 |
0,023
|
0,013 |
0,027 |
0,017 |
0,018 |
0,008 |
кесте 3 жалғасы
№ р/с
|
Атауы |
Өлшем бірлігі |
ШРМ |
Бугорки аумағы |
Теңдік аумағы |
Теңдік елді - мекені |
Жаңа автокөлік көпір |
||||
Ана/з қорт.
|
Арт/ы |
Ана/з қорт. |
Арт/ы |
Ана/з қорт. |
Арт/ы |
Ана/з қор/ы |
Арт/ы |
||||
1 |
Фосфат |
мг/л |
0,05
|
0,07 |
0,02 |
0,07 |
0,02 |
0,09 |
0,04 |
0,07 |
0,02 |
2 |
Сульфат |
мг/л |
100,0
|
121,8 |
21,8 |
95,5 |
- |
112,0 |
12,0 |
123,5 |
23,5 |
3 |
Фенол |
мг/л |
0,001
|
0,002 |
0,001 |
0,002 |
0,001 |
0,002 |
0,001 |
0,002 |
0,001 |
4 |
Жалпы темір қоры |
мг/л |
0,05 |
0,15 |
0,1 |
0,17 |
0,12 |
0,18 |
0,13 |
0,16 |
0,11 |
5 |
Мыс |
мг/л |
0,001
|
0,017 |
0,016 |
0,0095 |
0,0085 |
0,0101 |
0,0091 |
0,0094 |
0,0084 |
6 |
Мырыш |
мг/л |
0,01
|
0,25 |
0,015 |
0,022 |
0,012 |
0,029 |
0,19 |
0,025 |
0,015 |
Жайық өзенінің схемалық картасы
Пайдаланған әдебиеттер
1. Абдыхалықов М; Нұрымгереев К. Ш; Махашова Д. М. – Каспий теңізі жағалауы маңындағы Жайық өзені атырабының жобалық аумағы. Астана.2006 жыл.
2. «Атырау» - газеті, Ақ Жайық, Жайық шұғыласы. 2006 -2007 жыл. 14желтоқсан – 21 сәуір.
3. Баймұқанов М. Т., Альпеисов Ш. – Жайық өзенінің ерекше қорғауға алынған аймағына қысқаша биологиялық сипаттама. Алматы. 2004 жыл. Балық шаруашылығының ғылыми - өндірістік орталығы.
4. Бейсенова Ә., Шілдебаев Ж. – «Экология» Алматы. «Мектеп» 2005. 87-93 бет
5. Ерохов С. – Ақпараттық бюллетень Астана. № 1-2. 2004-2005 жыл.
6. Жексенбаев Ү. Б. - оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру. Әдістемелік құрал. Алматы: Радиал. 2006 жыл. 16-18 бет.
7. Казгидромет. «мемлекеттік су ресурстары кадастары». Қазақстанның су ресурстары. Алматы. 2002 жыл.
8. Қабдолов З. – Атырау энциклопедиясы. Алматы. Атамұра. 2000 жыл. 29-33 бет.
9. Қаженбаев С. – Атырау облысының географиясы. Атырау. 2006 жыл. 40-43 бет.
10. Кузьменко Борис – Жайық өңірі. Алматы. «Қайнар» 1986
11. Куленов К. – Қазақстанның балық байлығы. Алматы. 1975. 97-99
12. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. Алматы. 2001. 474- 475 бет
13. Қайымов Қ. – Балықтар әлемі. «Қайнар» 1981. 86-87
14. Сливка А. П. – Жайық өзенінің экологиялық мәселелері және оны шешу жолдары. 64-65 бет; 95-97 бет.
15. Чибилев А. А. – Река Урал. Ленинград: Гидрометеоиздат. 1987 жыл.
Жайық
өзені
Сипаттамасы |
|
Ұзындығы |
2428 км |
Су алабының |
237 000 км² |
Су HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D3%A8%D0%B7%D0%B5%D0%BD_%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D0%B1%D1%8B"алабы |
Каспий теңізі |
Су шығыны |
400 м³/с |
СуHYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%A1%D1%83_%D0%B0%D2%93%D1%8B%D1%81%D1%8B&action=edit&redlink=1" ағысы |
|
Бастауы |
Орал HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9E%D1%80%D0%B0%D0%BB_%D1%82%D0%B0%D1%83%D1%8B"тауы |
· Биіктігі |
760 м |
· Координаттары |
54°42′10″ с. е.59°25′05″ HYPERLINK "http://toolserver.org/~geohack/geohack.php?language=ru&pagename=%D0%96%D0%B0%D0%B9%D1%8B%D2%9B¶ms=54.702777787778_N_59.418055565556_E__scale:100000"шHYPERLINK "http://toolserver.org/~geohack/geohack.php?language=ru&pagename=%D0%96%D0%B0%D0%B9%D1%8B%D2%9B¶ms=54.702777787778_N_59.418055565556_E__scale:100000". б. (G) (O) (Я) (T) |
Сағасы |
Каспий теңізі |
· Координаттары |
Координаттар: 46°53′02″ с. е. 51°37′01″ HYPERLINK "http://toolserver.org/~geohack/geohack.php?language=ru&pagename=%D0%96%D0%B0%D0%B9%D1%8B%D2%9B¶ms=46.883888898889_N_51.616944454444_E_type:river_region:_scale:100000"шHYPERLINK "http://toolserver.org/~geohack/geohack.php?language=ru&pagename=%D0%96%D0%B0%D0%B9%D1%8B%D2%9B¶ms=46.883888898889_N_51.616944454444_E_type:river_region:_scale:100000". б. (G) (O) (Я)46°53′02″ с. е.51°37′01″ HYPERLINK "http://toolserver.org/~geohack/geohack.php?language=ru&pagename=%D0%96%D0%B0%D0%B9%D1%8B%D2%9B¶ms=46.883888898889_N_51.616944454444_E_type:river_region:_scale:100000"шHYPERLINK "http://toolserver.org/~geohack/geohack.php?language=ru&pagename=%D0%96%D0%B0%D0%B9%D1%8B%D2%9B¶ms=46.883888898889_N_51.616944454444_E_type:river_region:_scale:100000". б. (G) (O) (Я) (T) |
Орналасуы |
|
|
|
Ел |
Қазақстан Ресей |
Аймақ |
ОрынборHYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9E%D1%80%D1%8B%D0%BD%D0%B1%D0%BE%D1%80_%D0%BE%D0%B1%D0%BB%D1%8B%D1%81%D1%8B" облысы,БашHYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D0%B0%D1%88%D2%9B%D2%B1%D1%80%D1%82%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD_%D0%A0%D0%B5%D1%81%D0%BF%D1%83%D0%B1%D0%BB%D0%B8%D0%BA%D0%B0%D1%81%D1%8B"құртстан HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D0%B0%D1%88%D2%9B%D2%B1%D1%80%D1%82%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD_%D0%A0%D0%B5%D1%81%D0%BF%D1%83%D0%B1%D0%BB%D0%B8%D0%BA%D0%B0%D1%81%D1%8B"Республикасы, Батыс Қазақстан облысы,АтырауHYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D1%82%D1%8B%D1%80%D0%B0%D1%83_%D0%BE%D0%B1%D0%BB%D1%8B%D1%81%D1%8B" HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D1%82%D1%8B%D1%80%D0%B0%D1%83_%D0%BE%D0%B1%D0%BB%D1%8B%D1%81%D1%8B"облысы |
|
|
|
Мазмұны:
· 1 Географиялық орны
· 2 Гидрологиясы
· 3 Салалары
· 4 Шекаралық Жайық өзені
· 5 Жайық өзенінің экологиялық проблемалары
· 6 Білгенге маржан
Географиялық орны
Жайық – Ресей Федерациясының (Башқұртстан, Челябі, Орынбор облыстары) мен Қазақстан Республикасы (Атырау, Батыс Қазақстан облыстары) жеріндегі өзен. Өзен Еуропа мен Азия дүние бөліктерін бөлуші Орал тауларынан бірге шекара болып есептеледі. Жалпы ұзындығы 2428 км, су жиналатын алабының ауданы 237 мың км2, Қазақстан жеріндегі ұзындығы 1084 км. Бастауы Орал тауының оңтүстік сілемдері (Орал-Тау жотасы) теңіз деңгейінен 640 м биіктігінен басталып, Атырау қаласы орналасқан Каспий теңізінің бөлігіне құяды. Жайық өзені оңтүстік Оралдың шығыс беткейін бойлай тар аңғармен ағып, Верхнеуральск қаласынан төмен қарай жазықпен ағады. Магнитогорск металлургия комбинатын сумен қамтамасыз ету үшін қала маңында бөген салынған. Бөгеннен таман қарай өзеннің жағасы жарқабақ, арасында қайраңдар бар. Ресей жеріндегі Орск қаласына дейінгі бөлігінде оң жағынан Таналық, сол жағынан Орсалары құяды. Орск қаласынан төменде өзен батысқа бұрылып, Губерли шатқалымен ( ұзындығы қырық бес км ) өтеді. Жазық даламен ағатын тұсында сол жағынан Елек өзені кұяды. Жайыққа оң жағынан Кіші Қызыл, Үлкен Қызыл, Сақмар, Таналық, Шаған; сол жағынан Шыңғырлау (Утва), Гумбейка, Үлкен Қараған, Сүйіндік, Қомақ, Ор, Елек, Барбастау салалары құяды. Орал қаласынан төменгі бөлігінде Жайықтың аңғары тағыда кеңейіп, жайылмасы тармақталады. Қаладан өткеннен кейін өзенге Көшім бөген салынып, Жайық-Көшім суғару-суландыру жүйесі тартылған. Жайықтың 80 % қар суымен толығады.
Гидрологиясы
Орал тау жотасынан басталып, жоғарғы бөлігінде Оңтүстік Оралдың шығыс беткейін бойлай тар аңғармен ағып, Верхнеуральск қаласынан төмен қарай жазықпен ағады. Магнитогорск металлургия комбинатын сумен қамтамасыз ету үшін қала маңында бөген салынған. Бөгеннен төмен қарай өзеннің жағасы жарқабақ, арнасында қайраңдар бар. Суды жинау көлемі – 220 мың км2. Су сақтағыш, алқап, арна сипаттары бойынша Жайық өзенін 3-ке бөледі (ағыстар): жоғарғы, орта және төменгі. Орал қаласынан төменгі бөлігінде Жайықтың аңғары тағыда кеңейіп, жайылмасы тармақталады. Қаладан өткеннен кейін өзенге Көшім бөгені салынып, Жайық-Көшім суғару-суландыру жүйесі тартылған. Жайық көбіне қар суымен (80 %) толығады. Су тасу кезінде орта ағысы тұсында арнасы 10 км-ге, ал атырауында бірнеше ондаған км-ге дейін жайылады. Өзен жоғарғы ағысында – қарашаның басында, орта, төменгі бөлігінде қарашаның аяғында қатып, мұзының еруі төменгі бөлігінде наурыздың аяғында басталып, жоғарғы бөлігінде сәуірдің ортасына дейін созылады. Өзеннен бекіре, шоқыр, майшабақ, көксерке, Каспий қаракөзі, табан балық, сазан, жайын ауланады. Жайықтың бойында Ресей қалалары: Верхнеуральск, Магнитогорск, Орск, Новотроицк, Орынбор, Қазақстан қалалары. Орал (кеме қатынасы басталатын жер), Атырау. Еуропа мен Азияның шартты шекарасы Жайық өзені бойымен өтеді.
Салалары
Ресей жеріндегі Орск қаласына дейінгі бөлігінде Жайыққа оң жағыннан Таналық, сол жағынан Ор салалары құяды. Орск қаласынан төменде өзен батысқа бұрылып, Губерли шатқалымен (ұзындығы 45 км) өтеді. Жазық даламен ағатын тұсында сол жағынан Елек өзені құяды. Жайыққа оң жағынан Кіші Қызыл, Үлкен Қызыл, Сақмар, Таналық, Шаған: сол жағынан Шыңғырлау (Утва), Гумбейка, Үлкен Қараған, Сүйіндік, Қомақ, Ор, Елек, Барбастау салалары құяды.
Шекарааралық Жайық өзені
Жайық, Урал, Башқұртстан
Басында өзен оңтүстікке Орск қаласына дейін ағады. Бұл жоғарғы ағыс болып саналады. Содан соң кенет батысқа бұрылады. Ендік бағытта 850 км Орал қаласына дейін (орта ағыс), қайтадан оңтүстікке бұрылады, осы бағытты Каспий теңізіне дейін сақтайды (төменгі ағыс, аралығы 840 км). Орск қаласынан басталардағы, жоғарғы ағыс шегінде, өзен солтүстіктен оңтүстікке меридионалдық бағытта Оралдың шығыс бауырайы бойы енсіз алқапта, ізбестерден салынған құздар арасынан ағады. Ең терең жерлері – 3 м. Өзеннің бұл жері таулы сипатта болады.
Орск қаласынан 70 км жерде Ириклин су торабы салынған. Бұл бөген Жайық өзенінің деңгейін 30 метрден астамға көтереді. Көктемгі тасқын кезінде толып, Ириклин бөгені жыл бойы біртіндеп өз көлемінің, шамамен жартысын өзенге береді. Орск қаласынан Орал қаласына дейін өзен кең алқапта орташа ағыста ағады. Енсіз таулы табалдырықты жерлері сирек кездеседі. Өзен тегіс саяз жерлерге айналады.
Орынбор қаласы аумағында Жайық өзеніне ең ірі оң тармағы Сақмар ағады. Оның ұзындығы 761 км, алқап көлемі 29,1 мың км. Сақмар алабын көп қарлы және тармақтанған өзен жүйесі бар орман жабады. Тек Орынбор облысы шеңберінде Сақмарға құйылатын 290 өзен саналады. Сақмардың су айдауы Оралдан шамамен 1,5-2 рет артық, одан қалыпты ағуымен және көктемгі тасқынының ұзақтылығымен ерекшеленеді, сонымен қатар Жайық өзенінің режиміне маңызды өзгерістер енгізеді. Орал қаласынан жоғарыда Жайық өзеніне сол жағынан Елек өзені ағады, оның ұзындығы 730 км. Орал қаласы маңында Жайық өзеніне 2 сала – Шаған мен Барбастау өзендері құяды. Төменгі ағысында Жайық өзені Батыс Қазақстан мен Атырау облыстары аумағынан Каспий теңізі маңы ойпатынан өтеді, бұнда үш табиғи аймақтан өтеді: дала, шөлейтті - дала және шөл.
Даланың аймақ ұзындығы 250 км Батыс Қазақстан облысында солтүстік жағында орналасқан. Бұл аймақтың оңтүстік шекарасы Жайық өзен бойы Чапаев ауылы жанынан өтеді. Әрі қарай оңтүстікке 220 км шөл-дала аймағы созылып жатыр. Ол Каспий теңізі ойпатының солтүстік бетінен Батыс Қазақстан облысының Чапаев, Атырау облысының Индер ауылдары аралығында белдеулей өтеді. Индерден теңізге дейін шөл аймағы ені 400 км-ге созылады. Жайықтың төменгі ағысының тереңдігі, жыл сайын көктемгі судың көтерілуінен өзен арнасының шайылуына қарай, барынша қалыпты. Көктемде тасқында судың көтерілу деңгейі сабадан 3-7 м-ге асады. Фарватер бойындағы Жайықтың орта тереңдігі сабасында (саяздар мен шұңқырларсыз) 3-5 м құрайды. Жайық өзенінің сағалық ауқымының жоғарғы шекарасы атыраудың басымен ұласады (Атырау қаласынан төмен), теңіздік – теңіз кемеріне 3 м изобатта кіреді. Бұл шектегі саға аумағының көлемі 1500 км ² тең. Өзен атырауы көлемі 600 км². Жайық өзені тек қана қар суларына қоректенетін жай өзендерге жатады. Оның ағыны, негізінен, өзендер жүйесі дамыған, жоғарыдан қалыптасады. Жайық өзенінде Оралдан төмен теңізге кұйғанға дейін, суы аз Барбастаудан басқа сала жоқ. Жайық өзенінің балық шаруашылығында зор маңызы бар. Аймақтағы табиғи факторлар жиынтығы жылдың мезгіліне байланысты, сәуірден шілде айлары аралығында, балық өсіруді жоғары деңгейде дамытуға қолайлы жағдайлар туғызады.
Қазіргі кезде Жайық өзені - Каспий алабындағы бекіре балықтың табиғи кең уылдырық қоры сақталған бір ғана өзен. Күзде 15 тамыздан 15 қараша аралығында Жайық өзенінде балықтың балықшаруашылық шұңқырларына жылыстауы жүреді, яғни күздегі қыстаққа қоныстануы болады. Содан соң Жайық өзені арнасында мамырдан шілде айларына дейін балық шабақтарының уылдырықтайтын және өсетін орнынан өзеннің сағалық кеңестігіне жылыстауы жүреді. Жайық өзенінде балықтардың 38-ден астам түрі бар: бекіре тәрізділер, майшабақтар, шортантәрізділер, тұқытәрізділер және басқалары кездеседі.
Жайық өзенінің жайылмасы мен аңғарлары Батыс Қазақстанның биологиялық алуан түрлілігінің интроаймақтық орталығы болып табылады. Дала мен шөлейт ланшафттың біртекті төсегі Жайық аңғарының кіретін жайылма ормандардың жасыл желегімен алмасады. Жайықтың жайылма ормандары: емендер, қара ағаштар, ақтеректер,талдар қайың, шегіршендермен сипатталады. Тіршілік ортасының жағдайына қарай бұл ормандар алуан түрлі болып құралуы мүмкін. Жайылмалардың солтүстік бөлігінде көктеректер мен аққайындар таралады және шағын тоғайлар құрайды. Жайылмалардағы өсімдіктердің таралуына тасқын сулардың тұру ұзақтығы үлкен әсер келтіреді. Өзеннің қазіргі арнасынан жайылманың жоғары беткейінің экологиялық қатарын мына өсімдіктер бірлестіктері құрайды. Облыстың солтүстігінде өзен бойының құмайт қайрандарында бұтақты талдар өседі, ал Қызыл – Жар еңдеуінде оларға жыңғылдар араласады. Олардан жоғары қаратал, арнадан әрі талдық екпелер орналасқан. Жер бедерінің биіктеу жерлерінде, жағалаулардың өнбойы мен ескі арнасында қара терек пен ақ терек тоғайлар орналасқан. Орман тұқымдарының осы екі түрі барлық орман алқаптарының 50 % құрайды. Шегіршін орман алқаптары орталық жайылманың жоғары телімдерінде орналасқан, тасқын сумен басу кезеңі 30 күннен аспайды. Шегіршін бұталар мен ақтерек жазықтар арасында орналасады. Шегіршін орман алқаптары оңтүстікке қарай азаяды, ал Антонов ауылынан оңтүстікке қарай жоғалады. Экологиялық қатардың жоғарғы бөлігін емендер алады. Мұнда тасқын сулардың тұру ұзақтығы үш ападан аспайды. Еменді ағаштар тек өзеннің солтүстік жағында шоғырланған. Жайылмалы ормандар бұта қопасымен жамылған шабындық пен алаңдарға ауысады.
Өзен жайылмасындағы экологиялық жағдайдың алуан түрлілігі: жер бедері түрліше қиылысып отыратындығы, су қорларының көптігі, бай жануарлар дүниесінің тіршілігі мен сақталуына өсімдіктер топтастығының алмасуы қолайлы әсер туғызған. Өзен жайылмасында бұлан, елік, жабайы қабан, қоян, түлкі, тіпті орман сусары мен сілеусіндерді кездестіруге болады. Өзеннің солтүстік бөлігінде қоныс аударған камшаттардың мекендейтін үйшіктер мен жасанды бөгеттері кездеседі. Әсіресе, құсқанаттылардың саны мен түрлері ерекше көп. Жайылмалық ормандарда саршымшықтар, сайрақтар, шыбынқырғыштар, тоқылдақтар, мысықторғайлар, бақтар мен қамыстардағы сұлыкештер, ормандағы жадырақтар, құрлар, бөденелер, байғыздар және т.б мекендейді. Айрықша биологиялық әртүрлілікті, қызыл кітаптық және сирек түрлерді сақтап және қайта қалыпқа келтіру мақсатында Батыс Қазақстан облысы аумағының Жайық өзені аңғарында Кирсанов және Бударин қорықшалары құрылған. Бударин зоологиялық қорықшасы, жер көлемі 80 мың га, бұлан елік,қабан,құндыз, ондатра, қоян және басқа жануарларды сақтау және көбейту үшін құрылған. Бұдан басқа қорықша территориясы өте сирек бара жатқан реликта- су жаңғағы (чилим) мен су папортнигінің( сальвиния) оңтүстіктегі мекені. Қорықшада омыртқалы жануарлар дүниесінен құстардың 56 түрі, сүтқоректілерінің 21 түрі, 6 түрлі рептилия, амфибияның 4 түрі және балықтың 9 түрі есептеледі. Кирсанов кешенді қорықшасы ,жер көлемі 61 мың га, қамшатты жерсіндіру және елік,бұлан және басқа жануарлардың санын көбейту үшін құрылған. Қорықшаның территориясының өзен жайылмасында далалы Орал өңірінің тамаша табиғи кешені - әсем емен мен ақтерек ормандары сақталған. Бұл жерде, Батыс Қазақстанда тек осында кездесетін, сиреп бара жатқан өсімдіктері мен жануарларына өте қолайлы жағдай жасалған. Бұнда Қызыл кітапқа енгізілген көптеген өсімдік түрлері өседі ( қарапайым емен, мамыр маржангүлі). Сирек кездесетін сәлемшөп, аюбалдырған, шерменгүл, қоңырауша, субидайық, қабыржық, қара мойыл тағы басқалары да табылады.
Жайық өзенінің экологиялық проблемалары.
Жайық өзенінің экологиялық проблемалары, басқа да өзендер сияқты, кешенді табиғи, антропогендік және техногендік үрдістермен байланысты. Жайық өзенінің тозып өзгеруінің бірінші себептері болып, толассыз су ағынының табиғи үрдістердің механикалық үрдістер түріндегі әсерінен болатын арнаның бұзылуы болып табылады. Оның жағымсыз салдары болып табылатындар:
- Арнаның лайлануы, өзеннің тайыздалуы мен оның гидрологиялық режимінің нашарлауына соқтыратын қайраңдардың пайда болуы;
- Жағалаулардың иреңдері мен топырақты жерлерінің жеңіл механикалық құраммен шайылуы. Бұл өзеннің арнадан шығып және үлкен аумақты басып кетуіне қауіп туғызады. Осы үрдістер Жайықтың көктемгі қатты тасқынымен тіптен тереңдей түседі. Қазақстандық аймақта өзен арнасының лайлануына теріс әсер ететін факторларға ағысты баяулатын даланың жазықтылығы және арнаның көп ирелеңдігіне әсер ететін жер бедерінің сәл жотылығы жатады. Осыған байланысты өзеннің тұтастығы мен қызметі оның тұрақты күтімсіздігінсіз мүмкін емес. Өзен арнасының лайлануына оның салалары мен бастау көздерінің тазаланбауы әсер етеді. Батыс Қазақстан облысындағы Жайық өзенінің алабына кіретін кіші өзендерге Шаған, Деркөл, Елек, Утва, Рубежка, Быковка, Барбастау, Емболат т.б. кіреді. Бұдан басқа, Жайық өзенінің табиғи экожүйесінің тозуына оның су, өсімдіктер, жануарлар мен балық ресурстарын пайдаланатын шаруашылық қызметтері де өзіндік әсерін тигізеді. Елді мекен жерлердегі жағалай өзеннің жағалаулары мен су алатын алаңдарда, тасқын кезінде өзенге шайылатын қалдықтар төгіледі. Жайық бойында орналасқан үлкен қалалардың арналы тазалық құралғылары ескірген, қайта жаңғыртуды қажет етеді және арналық ағындарды қажетті дәрежеде тазартуды қамтамасыз етпейді. Жайық өзенінің беткі суларының ластануының маңызды факторы өндірістік кәсіпорындарының қызметі, суалатын алаңдар аумағындағы ескіден бергі ластар, қалалық, және кенттік шайынды сулар болып табылады. Жайық өзені мен аңғарлардың суының азаюына, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің бұзылуына рұқсатсыз ағаштар кесу және далалық өрттер әсер етуде.
Шекарааумақтық Жайық өзені суға тапшы Қазақстан ғана емес , Ресейдің де ерекше мемлекеттік маңызды негізі су күретамыры болып табылатыны сөзсіз. Тіпті одақтық мемлекет кезінде де осылай болған. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 21.01.2004 жылғы №159 қаулысымен «Ерекше мемлекеттік маңызы бар су нысандары тізбесі мен ерекше мемлекеттік маңызы бар су нысандарының шаруашылық қызмет режимін құқықтық реттеу ерекшеліктері» бекітілген. Өкінішке орай, Жайық өзені осы аталған құжаттағы өлшемдерге сәйкес келсе де, ерекше мемлекеттік маңызы бар су нысандарына жатқызылмаған, осыған байланысты оған өз дәрежесінде көңіл бөлінбей келеді.
Жайық өзені алабы ежелгі өркениет орталығы және қазіргі уақытта Қазақстан мен Ресей Федерациясының әлеуметтік экономикасында аса маңызды орын алады. Жайық өзенінің ландшафтты-экологиялық жағдайын және су кешенін қалыпқа келтіру мен сақтау басты міндет. Жайық өзенінің көпғасырлық бай тарихы біздің ұрпақтар үшін жоғалмауы керек.
Білгенге маржан
Бұл қасиетті Жайық өзені. Осы өзеннің жағасында Қыз Жібек балғын шағын өткізген. Осы өзенді өтіп Төлеген Қыз Жібекке келген. Осы өзеннің суына Махамбет пен Исатай әскері аттарын суарған. Осы өзенді қорек еткен. Осы өзен үшін алысып, жан беріскен. Ел азаттығы үшін осы өзенді талай малтып кешіп жүріп соғысқан. Осы өзенді өтіп әйгілі Бөкей хан "Ішкі Орда" атты Еділ-Жайық арасына қоныс тепкен "қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған" хандықтың негізін салған. Осы өзеннің жағасында Алашорда үкіметінің негізін салушылардың бірі Халел мен Жаһанша Досмұхамедовтар дүниеге келген. Осы өзенді малтып жүріп балалық шақтарын өткізген. Осы өзеннің суымен Александр Македонский ауқат алған. Осы өзеннің жерінен өзімен-өзі шығып жатқан қара майды көріп Аристотель де таң қалған. Осы өзенді өтіп Батый хан қыпшақ халқынын рухымен Русь әлемінің "ел боламыз" деген үмітін жүздеген жылдарға кейін шегеріп, отар қылып, Еуропаның жартысын жаулап алған. Осы өзенді өтіп әйгілі Марко Поло Еуропаға Азия әлемін ашқан. Осы өзеннің жағасында адамзат тарихындағы ең дарынды қолбасшылардың бірі Сұлтан Бейбарыс дүниеге келген. Осы өзеннің бойға сіңген нәрімен Сұлтан Бейбарыс бүкіл Ислам әлемін Моңғол және Крест шапқыншылығынан сақтап қалған. Байтал түгіл бас қайғы заманда Мұстафа Шоқай да осы өзеннің бойымен шетел асқан. Осы өзеннің бойында толғауын шегіне жеткізіп Құрманғазы құдіретті күйлерін шығарған. Осы өзенді қазақтың маңдайына біткен ұлы Әлкей Марғұлан да малтып жүріп Сарайшықты зерттеген.
Скачано с www.znanio.ru
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.