«Оқытуды оқушылардың ерекше қажеттіліктеріне бейімдеу»
Оценка 5

«Оқытуды оқушылардың ерекше қажеттіліктеріне бейімдеу»

Оценка 5
Исследовательские работы
docx
история
11 кл
11.05.2018
«Оқытуды оқушылардың ерекше қажеттіліктеріне бейімдеу»
Мектебімізде денсаулығына байланысты үйден оқытылатын бірнеше оқушы болғандығына байланысты бастауыш сынып мұғалімдерімен коучинг өткізілген болатын. Коучингтің тақырыбын анықтау мақсатында алдын-ала сауалнама (қосымша 2) алынды. 24 мұғалімнің 8-і «Үйден оқытылатын балалармен жұмыс жүргізіп көрдім» деп және оның барлығы да «Қиындықтар кездесті» деп жауап берді. Сауалнама қорытындысы негізінде «Оқытуды оқушылардың ерекше қажеттіліктеріне бейімдеу» тақырыбы таңдалынды. Мақсаты: Оқытуда түрлі қажеттіліктері бар балалар жалпы білім беретін ортаға тартылған жағдайға мұғалімдерді даярлау
Мақала Алиханова.docx
Алиханова Жанар Ибадуллаевна Бастауыш сынып мұғалімі «Оқытуды оқушылардың ерекше қажеттіліктеріне бейімдеу»                                                  Бала кемістігінің даму деңгейі неғұрлым төмен                                                                болса, соғұрлым мұғалімнің білім деңгейі                                                  жоғары болу керек.                                                                   Неміс педагог­дефектологы  П.Шуман.                  Мектебімізде денсаулығына байланысты үйден оқытылатын бірнеше оқушы болғандығына байланысты бастауыш сынып мұғалімдерімен коучинг өткізілген   болатын.   Коучингтің   тақырыбын   анықтау   мақсатында   алдын­ала сауалнама  (қосымша   2)  алынды.   24   мұғалімнің   8­і   «Үйден   оқытылатын балалармен жұмыс жүргізіп көрдім» деп  және оның барлығы да «Қиындықтар кездесті»   деп   жауап   берді.  Сауалнама   қорытындысы   негізінде  «Оқытуды оқушылардың ерекше қажеттіліктеріне бейімдеу» тақырыбы таңдалынды.  Мақсаты:   Оқытуда түрлі қажеттіліктері бар балалар жалпы білім беретін ортаға тартылған жағдайға мұғалімдерді даярлау Міндеттері: 1) «Сынық құмыра» атты бейнежазбаны көрсеттім; 2) Түрткі сұрақ арқылы инклюзивті оқыту  туралы SWOT талдау жасаттым; 3) Видеоролик көру арқылы идеялар мен қорытынды жасаттым; Күтілетін нәтиже:  1.  Мүмкіндігі шектеулі адамдардың да қоғамға келтірер пайдасы көп екендігін ұғынды; 2)  Түрткі   сұрақ   арқылы       инклюзивті   оқытудың   күшті   жақтары   мен   әлсіз тұстары, мүмкіндіктері мен қауіптері  туралы талдады; 3) Топтық жұмыс арқылы пікір алмасты,   оқытуда түрлі қажеттіліктері бар балаларды жалпы білім беретін ортаға тартудың түрлі жолдарын қарастырды. Бұл тақырыпты таңдап алуға негіз болған тағы бір нәрсе, ол бастауыш сыныпта   денсаулығына   байланысты   үйден   оқытылатын   6   бала   бар.   Осы балаларды оқытатын мұғалімдердің сұранысына қарай да әріптестердің басым бөлігі осы тақырып бойынша кеңестің қажеттілігін айтқан болатын.          Әріптестерімнің алдыңғы коучингтегі «Бізге коучингтің өткізілуі ұнады. Тағы да осындай коучинг өткізуіңізді сұраймыз. Басқа да мұғалімдерді ертіп келіп, коучингтің пайдалы екендігіне көздерін жеткіземіз» деген сөздерінен екінші коучингіме білсем, үйренсем деген  ынтамен келгендігін байқадым.                   Ой   туғызу   мақсатында     сабақ   басында  «Сынық   құмыра»   атты бейнежазбаны   көрсеттім.   Бейнежазбаны     талдау   барысында,   бойында кемшілігі   болса   да   қоғамға   пайдасын   тигізетін   адамдардың   бар   екендігін, көбіне ондай адамдардың қолынан көп нәрсенің келетіндігін айтты.           Мүмкіндігі шектеулі балалардың проблемасына мұғалімдердің назарын аударту үшін келесі бейнені  көрсеттім. Инклюзивті оқыту туралы түсінігіңіз? деген сұрақ арқылы   қазіргі таңдағы инклюзивті оқытудың күшті жақтары мен әлсіз тұстары, мүмкіндіктері мен қауіптері   туралы SWOT талдауға салуын сұрандым. Осы талдауда әріптестерім  өз тәжірибесі бойынша денсаулығында кінараты бар оқушылардың әлеуметтенуі үшін қандай шаралар қолдану қажет, оның тиімділіктері мен тиімсіз тұстары бар  екендігін   төмендегідей    айтып өтті. Мысалы,  Гаухар Бауыржанқызы: «Мен оқытып жүрген С. есімді баланың үлгерімі   өте   жақсы.   Ол   мектепке   келуге   өте   құштар.   Балалармен   бірге партаға   отырғысы   келеді.   Егер   ол   бала   мектепке   келіп,   сыныптастарымен араласса, оның дүниетанымы әлдеқайда жоғары болар ма  еді?! Қайткенде де үздік оқушылардың     бірі болар еді» деген кезде, Айжан Өнерқызы оған                                                                  төмендегідей уәж айтты: «Ия,                                                                  айтқаныңа келісемін. Бірақ, ол келгенде                                                                мектепте оған қажетті пандус жоқ. Егер                                                                  «Жаман айтпай, жақсы жоқ», бір жағдай                                                                бола қалса, ата­ана да, біз де өкініште                                                                 қалуымыз мүмкін» ­ деді. Сол сияқты                                                                 Әлия Набиолдақызы да оқытатын                                                                баласының балалармен  араласқысы                        Пікір алмасу                   келетінін, олармен бір уақыт болса да                                                                қауышып, ойнағысы келетінін жеткізді. «Мүмкін,   сыныптағы   балалардың   барлығын   болмаса   да,   ата­аналардың келісімімен бірнеше баланы үйіне апаруға болатын шығар» деген кезде, Данаш Кеңесқызы: «Ол үшін ата­аналарды психологиялық тұрғыдан дайындау керек. Өйткені, үйден оқытылатын баланың диагнозы да аса маңызды. Оның басқа балаларға тигізер зардабы болмауы тиіс» ­ деп тұжырымдады.           Өздерінің тәжірибелерінде   күнделікті   кездесіп   отырған   жайттармен   әріптестерін таныстыра   келе,   денсаулығында   кінараты   бар   балалармен   жұмыс   істеу мұғалімнен   он   есе   артық   жауапкершілікті   талап   ететіндігін     жеткізді. Әріптестеріміз ол балаларды мектепте оқытуға дәл қазіргі жағдайда біздің мектеп дайын емес деген   қорытынды ойға келді.        «Қытай балеті» видеоролигін көрсету арқылы  екі топқа  «Осы жандардың әрекетінен   нені   үйренуге   болады?»,   «Болашақта   инклюзивті   мектептің мұғалімі ретінде сіз не істер едіңіз?» деген сұрақтарға байланысты   постер қорғау   жұмысын   тапсырдым.   Бұл   тапсырманы   орындау   барысында әріптестерім   өздерінің   қабылдаған   шешімдерімен,   пікірлерінің құндылықтарымен және тың ойларымен тәнті етті.                                                          Топтық жұмыс                          Жұмысты аяқтаған сәт         Дәлірек   айтқанда,   бірінші   топтың   қорғаған   постер   жұмыстары   тың идеяларымен   құнды   болды.   Денсаулығында   кінараты   бар   баланы   құдыққа түсіп кеткен адам ретінде бейнелеп, оның жарыққа, яғни жер бетіне шығуы үшін   қаншама   қасиеттер   керек   екендігін   санамалап   берсе,   екінші   топтағы әріптестер инклюзивті мектептің көрінісін салып, онда қандай қызметкерлер жұмыс   жасау   керек   және   ондағы   мұғалімнің   қандай   болатындығы   жайлы пікірлер білдірді. Осы тапсырма бойынша мұғалімдер бір­бірін бас бармақпен бағалап өтті.            Постер қорғау             Топтың бір­бірін бағалауы                 «Гүлге толсын құшағың»                                                                                                                       тренингі Наурыз   мерекесіне   байланысты   «Гүлге   толсын   құшағың»   атты жаттығумен   коучингті   аяқтадым.   Әріптестерім   бір­біріне   мерекеге   арнап жүрекке жылы тілектерін арнап, гүл шоғын ұсынды.             Екінші коучинг сабағымда да оқытудың жаңа әдіс­тәсілдерін кеңінен қолдандым деп ойлаймын. Сәтті шыққан тұстарым: мұғалімдердің өздерін­ өздері бас бармақпен   бағалауы,  сонымен қатар мұғалімдер арасында достық, ынтымақтастық   қарым­қатынас   та   нығайту   мақсатында  жаттығулар  мен «Шаттық шеңберінің» өткізілуі, топтық жұмыс жасауда және қорғауда бір­ бірінің   пікірлерін   тыңдап,   өзара   құндылықтарын   ескеруі.     Кері   байланыс бойынша   бүгінгі   сабақтан   алған   әсерлерін   және   ұсыныстарын   стикерлерге жазып     жапсырды. Ол ұсыныстардан байқағаным, мұғалімдерге пікір алмасу, кеңесу секілді қолайлы орта туғызудың қажеттігін, қиындықтарды шешудің жолдарын   бірлесе   отырып   табудың   тиімділігін   түсінгендіктерін   түйдім. Кездескен сәтсіздіктер: мұғалімдердің уақытқа бағынбауы және мұғалімдер тарапынан сұрақ қойылса, жауап бере алам ба деген ойдың болуы. Себебі, мен уақытқа регламент қоймағандығым және өзімнің әлі де болса бұрынғы ойдан, яғни   мұғалім   ретінде   барлық   сұраққа   жауап   беруге   тиістімін   деген   ойдан арылмағандығым.   Тағы   да   бір   сәтсіздігім,   сауалнама   мазмұнын   анықтауда болды.   Сол   сәтсіздіктен   шығу   үшін   әр   сұрақтың   астарынан   нені   күтіп отырғанымды және нені алатыныма мән беру қажеттігін ұғындым. Мен әлі де болса әріптестерімнің ауызша айтқан ұсыныстарына құлақ асып кеткендігімді мойындап,   келесі   коучингте   қажеттіліктерді   анықтау   үшін   сауалнамадағы сұрақтардың мазмұнына назар аударудың маңыздылығын түсіндім.                                     Қосымша 1 Коучинг жоспары 1 2 3 4 Тақырыбы Мақсаты Түйінді идеясы Күтілетін нәтиже   ерекше   оқушылардың Оқытуды қажеттіліктеріне бейімдеу Мүмкіндігі   шектеулі   балаларды   жалпы   білім беретін   ортаға   кіріктіру   мақсатынын маңыздылығы. Белгілі бір тапсырмаларды орындау мақсатында мұғалімдердің   шағын   топтарда   бірлескен жұмысты ұйымдастыру әдістемесін игеруі.   1.  Оқытуда түрлі қажеттіліктері бар балаларды жалпы   білім   беретін   ортаға   тартудың   түрлі жолдарын қарастырады; 2.  Оқытуда түрлі қажеттіліктері бар балаларды қалыпты   жағдайдағы   балалармен   бірге араласуына мүмкіндік туады. Мұғалімдерге   арналған   нұсқаулық,  үлестірмелі құралдар Постер   жасау,   SWOT   талдау,    пікір   алмасу жаттығулар орындау. тренинг ойындар мен жаттығулар, интербелсенді тақта, флипчарт. 5 6 7 Сілтеме Оқыту әдістері Ресурстар Ұйымдacтыр у кезеңі Уақыты  Топқа бөлу 10 минут Топқа тапсырма 15 минут   Сергіту сәті. 3 минут Бейнежазба көру. 15 минут Коучтың іc­әрекеті Қатысушылардың әрекеті   іc­   Бейне «Сынық   құмыра».   жазбаны көрсету Бейне таспа. Инклюзивті оқыту туралы мұғалімдердің түсінігін кеңейту,   мүмкіндігі   шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортаға   кіріктіру   мақсатынын маңыздылығы Мен   стакандағы   сумын,   Мен   биік өйткені...   жартаспын, өйткені... Мен   сүрлеу   жолмын,   себебі... Мен   балыққа   ұқсаймын, өйткені...                     Мен қызық кітаппын, себебі... Мен шамшырақпын... Видеоролик   көрсету.   «Қытай балеті» 1.   Осындай   жандардың            Талдау   SWOT талдау Инклюзивті   оқыту   туралы түсінігіңіз? «Мен кіммін?» жаттығуы Постер қорғау. қиындықты   жеңуіне   қандай күш   итермеледі   және   нені үйренуге болады?   Болашақта   инклюзивті 2. мектептің мұғалімі ретінде сіз не істер едіңіз? «Гүлге толсын құшағың»  Рефлекcия 2 мин Қосымша 2 Мұғалімдердің жылы тілектерін айту.   жүрекке

«Оқытуды оқушылардың ерекше қажеттіліктеріне бейімдеу»

«Оқытуды оқушылардың ерекше қажеттіліктеріне бейімдеу»

«Оқытуды оқушылардың ерекше қажеттіліктеріне бейімдеу»

«Оқытуды оқушылардың ерекше қажеттіліктеріне бейімдеу»

«Оқытуды оқушылардың ерекше қажеттіліктеріне бейімдеу»

«Оқытуды оқушылардың ерекше қажеттіліктеріне бейімдеу»

«Оқытуды оқушылардың ерекше қажеттіліктеріне бейімдеу»

«Оқытуды оқушылардың ерекше қажеттіліктеріне бейімдеу»

«Оқытуды оқушылардың ерекше қажеттіліктеріне бейімдеу»

«Оқытуды оқушылардың ерекше қажеттіліктеріне бейімдеу»

«Оқытуды оқушылардың ерекше қажеттіліктеріне бейімдеу»

«Оқытуды оқушылардың ерекше қажеттіліктеріне бейімдеу»
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
11.05.2018