балалардын санасына мейиримдилик,кайылымдылык угымдарын калыптастыру, баланын мейримди создер айту кабилетин арттыру,кишпейлдйлйкке бауырмалдылыкка тарбиелеу.Сара Алпыскызы туралы ,ол кисинин адамгершилик касиеттери аркылы кайырымдылыкка тарбиелеу. оооллльмс т. тооо ооллл лллд ллдд ллщщщд оллл ллдд ллллш ллддщ лддддд дддрпка аакеноовыу рооневси. ошшнеаам оллдддбп аапрооь роогпамиол гшшеккаи асыл проллддьмп рпааааапо ргллдль пполлллдььтпен оолдтпакк олллддщшшш оллш. лдопауам олнекарог рггшщщщщд. ллщщнеп. олдщшнр лдщщщщщшгггтшщщщщздд шщшгепилд шщгерол лщшшгро.ирпарол оопппп ллпааа одддджп дщлрпе оллорро лдлрпп ддлреп ддлоррд ддоррр рол
Ресурстар:
(Интерактивтітақта
, компьютер,
маскалар, гүлдер,
көбелектер,
жүректер. )
Мектеп «С.Торайғыров атындағы негізгі орта мектебі»КММ
Мерзімі:
Тақырып: Мейірімділік –асыл қасиет
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер: Мейірімділік, сүйіспеншілік, қамқорлық
Мұғалім: А.Нағызбаева Сынып 68сынып Оқушылар саны 7
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың «қайырымдылық», «қамқорлық»,
«мейірімдік» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері: Балалардың санасына мейірімділік, қайрымдылық
ұғымдарын қалыптастыру, баланың мейірімді сөздер айту қабілетін
арттыру, кішіпейілдікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу. Сара Алпысқызы
туралы, ол кісінің адамгершілік қасиеттері арқылы қайырымдылыққа
тәрбиелеу
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Тыныштық сәті.
Жайлы баяу музыка қойылады.
Нұрға бөлену
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ –
қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге ұоюға
болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн
нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.
Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі
нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр
ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек – қалауыңызды шайып,
жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің
бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе
түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз
нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді
және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр
сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге
апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр
сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы,
ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз,
құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр
көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты
ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі,
сәулелі ой келеді. Нұр біртебірте қарқынмен шұғылана бастайды,
сіздің денеңізден шығып, жанжағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды
туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға
бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да
бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге:
барлық адамдарға, жанжануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға
таралсын... Ғаламның барлық түкпіртүкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша
айтыңыз: “Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын”.
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлемсіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
1. Үй тапсырмасын тексеру.
Сара Алпыс қызы туралы деректер жинау
2. Дәйексөз.
Мейірімділікті анадан үйрен
Халық мақалы
Оқушылар дәйексөзді дәптерге жазып, мағынасын ашып, өз ойларымен
жеткізеді.
3. Әңгімелеу.
Видио ролик көрсету
4. Шығармашылық жұмыс, жұптық жұмыс.
I Ана туралы мақал мәтел не өлең жолдарын жазу
II Сара Алпысқызына арнауларын қысқаша әңгіме етип
жазыңдар
5. Топпен ән айту.
Қалаубаева
Айгерім
Ертегілер әлемі
Ғажайып түс көрдім,
Таң ата мен бүгін,
Ертегі әлемнің қызығында жүрдім,
Нұрына шомылдым бүгін.
Жұлдыз, айы көркем,
Әдемі еді неткен,
Құстары сөйлейді,
Бұлттары тербейді,
Мен оянып кеттім, әттең!
Қ/сы:
Ертегілер, ертегілер,
Неге мені ертпедіңдер,
Әлемдеріңнің ғажап күйін шертпедіңдер сендер?
Ертегілер, ертегілер,
Неге мені ертпедіңдер,
Әлемдеріңнің ғажап күйін шертпедіңдер сендер?
Гүл тердім бұлттардан,
Әр гүлде бір арман,
Таусылмайтын тәтті,
Сыя келіп жаты
Жан біткеннің бәрі маған.м6. Үй тапсырмасы.
6 сынып Денсаулықтың он құпиясы 81 бет
8 сынып Ақ гүл 89 бет
7. Соңғы тыныштық сәті.
Баяу әуен орындалып тұрады. Бүгінгі сабақтан алған
әсерлеріңізді жүрегімізге саламыз. Бәріңізге үлкен рахмет!!!
Тексерілді: