Поурочный план на тему "Ароматты комирсутектер (Арендер)"
Оценка 4.8

Поурочный план на тему "Ароматты комирсутектер (Арендер)"

Оценка 4.8
Разработки уроков
docx
химия
11 кл
09.04.2017
Поурочный план на тему "Ароматты комирсутектер (Арендер)"
Сабақтың міндеті: Білімділік: Ароматтық байланыс туралы ұғым беру, бензолдың алыну жолы мен қолданылуы жайлы түсінік беру. Дамытушылық: байқампаздық, есте сақтау, салыстыра білу, жаңашыл информациялық құралдармен жұмыс істей білу дағдысын қалыптастыру, түсінікті дұрыс ұғынып, қорытынды шығара білу дағдысын қалыптастыру. Тәрбиелілік: ароматты көмірсутектер жайлы ұғым негізінде баланың бойында материалистік - диалектикалық көзқарасты қалыптастыру, оқулық пен дәптермен жұмыс жасай білу дағдысын тәрбиелеу. Сабақтың мақсаты: Оқушылар осы тақырып бойынша терең білім алып оны болашақта практика жүзінде қолдана білуі. Ароматты көмірсутектердің химиялық және физикалық қасиеттерін есте сақтай алатындай етіп сабақ өткізу.
Ароматты көмірсутектер.docx
Өтілетін уақыт: 17.11.2015 Бекітілді: Пән мұғалімі: Умирзаков Умирбек   Пәні: Химия Класс: 11 «ә» Сабақтың тақырыбы: Ароматты көмірсутектер (Арендер). Көмірсутектердің  табиғи көздері. Кокстеу өндірісі.                                                                                           Сабақтың міндеті: Білімділік: Ароматтық байланыс туралы ұғым беру, бензолдың алыну жолы мен  қолданылуы жайлы түсінік беру. Дамытушылық: байқампаздық, есте сақтау, салыстыра білу, жаңашыл  информациялық құралдармен жұмыс  істей білу дағдысын қалыптастыру, түсінікті  дұрыс ұғынып, қорытынды шығара білу дағдысын қалыптастыру.                         Тәрбиелілік: ароматты көмірсутектер жайлы  ұғым негізінде баланың бойында  материалистік ­ диалектикалық  көзқарасты қалыптастыру,  оқулық пен дәптермен  жұмыс  жасай  білу  дағдысын тәрбиелеу. Сабақтың мақсаты: Оқушылар осы тақырып бойынша терең білім алып оны  болашақта практика жүзінде қолдана білуі. Ароматты көмірсутектердің химиялық  және физикалық қасиеттерін есте сақтай алатындай етіп сабақ өткізу. Көрнекіліктер:  слайд, тақта, карточкалар.  Сабақтың типі: Жаңа сабақ  Сабақтың түрі: дәстүрлі  Сабақтың барысы:  І. Ұйымдастыру кезеңі: a) Оқушылармен амандасу. b) Оқушы санын түгелдеу. c) Жаңа сабаққа ынтасын ояту. ІІ. Өткен сабақты пысықтау:  1. Алкиндердің жалпы формуласы? 2. Алкиндердің бірінші мүшесі? 3. Алкиндердің құрамында қандай байланыс түрі таралған? 4. Алкиндерге қандай гибридтену типі тән? SP 1800 0.120 нм 5. Ацетиленді зертхана мен күнделікті тұрмыста кальций карбидінен алу  теңдеуін жазыңыз? CaC2 + 2H2O  Ca(OH)2 + C2H2  Өткен сабақпен байланыс: Өткен тақырыптарда көмірсутектердің бірнеше түрге бөлдік. Енді бүгінгі біздің  өтетін тақырыбымыз көмірсутектердің тағы бір түрі – ароматты көмірсутектер.   Жаңа сабақ   Ароматикалық көмірсутектер(арендер) – құрамында бір немесе бірнеше бензол  сақиналары бар жалпы формуласы СnН2n­6 болатын карбоциклді көмірсутектер.  Бензолдың жалпы формуласы СnН2n­6 болғандықтан оны қанықпаған көмірсутектер  қатарына жатқызуға болар еді, бірақ бензол бромды сумен және калий  перманганатының ерітіндісімен әрекеттеспейді, яғни қанықпаған қосылыстарға тән  реакцияларға түспейді.  Ароматты көмірсутектердің гомологтары, атаулары мен изомерлері.      Ароматты көмірсутектерді жүйелеу номенклатурасы бойынша арендер деп атайды.  Бензол молекуласының сутек атомдары көмірсутек радикалдарына алмасқанда,  бензолдың гомологтары түзіледі:  С6Н6            С6Н5 – СН3               С6Н5 – С2Н5           С6Н5 – С3Н7 Бензол       метил бензол              этилбензол            пропилбензол                     (толуол)                      (ксилол)                  Физикалық қасиеті Бензол және оның  гомологтары – түссіз сұйықтық, өздеріне тән иістері бар. Олар  суда еримейді, бірақ органикалық еріткіштерде ериді. Бензол улы, оның буымен үнемі дем алу анемия, лейкемия сияқты ауруларға ұшыратады. Толуол мен басқа  гомологтарының зияндылығы бензолға қарағанда төмендеу. Ароматты көмірсутектердің басты өкілі­бензол.Оны 1825 ж. М.Фарадей жарық газын  зерттей отырып, соның құрамынан тапқан, ал Э.Митчерлих 1834 ж. бензой қышқылын  құрғақ айдау арқылы алған. Кекуле 1865 ж.бензолдың циклді формуласын ұсынды. Кекуле бойынша бензол  молекуласы қосарланған үш байланысы бар циклогексатриенді тұйық жүйе: Алынуы 1. Арендерді негізінен таскөмір шайыры мен мұнайды фракциялап айдап алады.  Сонымен қатар мұнайды өңдегенде және көмірді кокстегенде түзілетін газдарды  синтездеу арқылы да алады. 2.  Лабораторияда: 1.    Бензой қышқылын  декарбоксилисациялау:  С6Н5СООН + КОН   С6Н5СООК + КОН  2. Ацетиленді синтездеп алу:  3С2Н2 (кат С. 500 градус)   С→ 6Н5СООК + Н2О  С→ 6Н6 + К2СО3  С→ 6Н6   С→ 6Н6 + 4Н2   С→ 6Н6 + 3Н2  С→ 6Н5 – СН3 + 3Н2 3.Алкандарды дегидрлеу (реформинг):  С6Н14  4. Циклоалкандарды дегидрлеу: С6Н12  Осы келтірілген жағдайларда циклогексан туындыларын дегидрлегенде,  бензолдың туындылары түзіледі: С6Н11 – СН3  Экологиялық аспектілері Бұл ароматты көмірсутектер қоршаған ортаға  мұнай ингредиенттері және таза зат  ретінде түседі. Қала атмосферасының ұшқыш ароматты көмірсутектермен  ластануы  ең алдымен  транспорт құралдарымен байланысты және бұл қала ауасының   ластануының  50% құрайды. Қоршаған ортаның ароматты  көмірсутектермен  ластануы  орман өрттері арқылы болады. Бензол ағаш немесе басқа органикалық қалдықтарды жаққанда түзіледі. Мысалы, 1 т  бақтағы қоқысты өртегенде  шамамен 1,4 кг бензол бөлінеді. Су бензолмен ластанған жағдайда  омыртқасыздар, балдырлар да зардап шегеді.  Судағы концентрациясының 20 мг/л – ден асуы балықтардың қырылуына әкеледі. Жоғары дәрежеде уланғанда  адамдардың  артериялық қан қысымы төмендейді,  дененің дірілдеуі  пайда болады. Негізінен  адам ағзасына бензол тыныс алу  жолдары, ауыз су,  азық – түлік арқылы енеді. Ағзада бензол  сүйек майында , май ұлпаларында  концентрленеді, ал тотығуы бауыр мен сүйек майында өтеді.   Химиялық қасиеті: I. Қосылу реакциясы  С→ 6Н12  1. Гидрлену: С6Н6 + 3Н2 ( платина)  2. Хлорлау: С6Н6 + 3Cl → (hv) C6H6Cl6 Гексахлорциклогексан (гексахлоран) 3. Фридель – Крафтс реакциясы:    С6Н6 + C2H5Br → С6Н5  ­ C2H5 + HBr  II. Орынбасу реакциялары                                                  1. Галогендермен орынбасу: С6Н6 + Br  2. Нитрлену: С6Н6 + HNO3 → С6Н5 – NO2 + H2O  → С6Н5 Br + НBr  → С6Н2 – СН3 (NO2)3 + 3Н2О Гомологтарының нитрленуі: С6Н5 – СН3 + 3HNO3                                                                                            Тринитротолуол(тротил) III. Тотығу реакциялары: С6Н5 – СН3 /О/   → С6Н5 – СООН + Н2О Қолданылуы: Бензол өсімдіктерді зиянкестерден қорғайтын препараттар, бояғыш заттар, дәрі –  дәрмектер, қопарылғыш заттар, синтетикалық талшықтар алу үшін және органикалық  заттардың еріткіші ретінде кеңінен қолданылады. IV. Қорытынды: Үйге тапсырма: Бағалау:

Поурочный план на тему "Ароматты комирсутектер (Арендер)"

Поурочный план на тему "Ароматты комирсутектер (Арендер)"

Поурочный план на тему "Ароматты комирсутектер (Арендер)"

Поурочный план на тему "Ароматты комирсутектер (Арендер)"

Поурочный план на тему "Ароматты комирсутектер (Арендер)"

Поурочный план на тему "Ароматты комирсутектер (Арендер)"

Поурочный план на тему "Ароматты комирсутектер (Арендер)"

Поурочный план на тему "Ароматты комирсутектер (Арендер)"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
09.04.2017