Поурочный план на тему "Изотоптар"
Оценка 5

Поурочный план на тему "Изотоптар"

Оценка 5
Разработки уроков
doc
химия
8 кл
09.04.2017
Поурочный план на тему "Изотоптар"
Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Изотоптар жайында оқушылардын ,білімдерін дамыту,оның ерекшеліктерін өткен сабақпен байланыстыра отырып түсіндіру. ә)тәрбиелік: Оқушылардың қызығуын, ойлау, сөйлеу мәдениеттерін қалыптастыру, ой - өрісін кеңейту, ізденімпаздыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу. Білім деңгейін жетілдіру,алғырлыққа тәрбиелеу б) дамытушылық: Оқушылардың өзіндік ізденуін ұйымдастыру және танымдық іс әрекеттерін жетілдіріп,білімдерін тиянақтап дамыту.
$55.Изотоптар.doc
Күні: Сынып: 8 Сабақтың тақырыбы: §55.Изотоптар Сабақтың мақсаты:                 а) білімділік:     Изотоптар жайында оқушылардын  ,білімдерін дамыту,оның   ерекшеліктерін   өткен   сабақпен   байланыстыра   отырып түсіндіру.      ә)тәрбиелік:  Оқушылардың   қызығуын,   ойлау,   сөйлеу   мәдениеттерін қалыптастыру,   ой   ­   өрісін   кеңейту,   ізденімпаздыққа,   жауапкершілікке тәрбиелеу. Білім деңгейін жетілдіру,алғырлыққа тәрбиелеу       б) дамытушылық: Оқушылардың өзіндік ізденуін ұйымдастыру және танымдық іс әрекеттерін жетілдіріп,білімдерін тиянақтап дамыту. Сабақтың түрі: Аралас сабақ. Сабақтың әдісі: Практикалық, сұрақ – жауап, түсіндіру, әңгімелесу.  Пәнаралық байланыс:  физика,биология. Сабақта   қолданылатын   құралдар:  интерактивтік тақта, слаидтар. Тақта,   таблица,   оқулық, Сабақтың құрылымы:   Сабақты ұйымдастыру (1мин)  Үй тапсырамсы (10мин)  Жаңа сабақты түсіндіру (20мин)  Жаңа сабақты бекіту (8мин)  Қортындылау (3мин)  Бағалау (1мин)  Үйге тапсырма (1мин) 1. Ұйымдастыру кезеңі.        Оқушылырмен сәлемдесу, түгелдеу, құрал – жабдықтарын тексеру.  ­ оқушылармен сәлемдесу: Сәлеметсіздер ме, оқушылар? ­ оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру: Сабақта кім жоқ? ­  оқушылардың назарын сабаққа аудару: Сабаққа дайындаламыз 2. Үйге берілген тапсырма. §54.  Атом ядросының құрамы. Сұрақ­ жауап 1. Хлор элементінің реттік нөмері? (17) 2. Атом қандай бөлшек? ( күрделі) 3. Ядро нешеге жіктеледі? (2ге Протон, Нейтрон) 4. Периодтар нешеге бөлінеді? (2ге кіші улкен) 5. Д.И   Менделеев   нешінші   жылы   периодтық   заңды   қабылдады? (1869ж) 6. Оттекте неше протон бар? (8р) 7. Химиялық   элементтің   реттік   номері   13болатын   элемент? (Алюминий) 8. Азоттың протон саны? (7) 9. Нейтрон қандай бөлшек? (зарядсыз бөлшек) 10.Хлор элементінің нейтрон саны? (17n) 3. Жаңа сабақты түсіндіру: Күннің жадын тақтаға жазамыз бүгінгі жаңа тақырып. §55.Изотоптар Жалпы изотоптар жайындар не білеміз? Соган тоқталсақ.  Изотоптар  ­ Ядроларында протондар саны бірдей, бірақ массалары әртүрлі белгілі бір элементті құрайтын атомдар түрі. Изотоп грекше «бір орынга орналасушы» деген мағынаны білдіреді.Қазiргi уақытта химиялық элементтердiң бәрiнiң изотоптары бар екендiгi   анықталған.   Кейбiр   элементтрдiң   изотоптары   тұракты   болмайды   (яғни радиоактивтi). Изотоптар табиғаттағы ең ауыр элемент — уранда (салыстырмалы атомдық   массасы   238,   235   т.   6.)   және   ең   жеңiл   —   сутегінде   де   (салыстырмалы атомдық массасы 1, 2, 3)  бар.Әсiресе  сутегiнiң  изотоптары ерекше, себебi массасы жағынан скi немесе үш есе айырмашылығы бар. Салыстырмалы атомдық массасы 2 болатын изотоп дейтерий деп аталады. Ол стабилъдi (яғни радиоактивтi емес) және әдеттегi   сутегiне   аздаған   қоспа   (1:   4500)   түрiнде   енедi.   Дейтерий   оттегiмен косылғанда   ауыр   су   пайда   болады.   Оның   физикалық   қасиеттері   кәдiмгi   судың қасиетiнен   анағұрлым   бөлек.   қалыпты   атмосфералық   кысымда   ол   101,2   С­та қайнайды да, 3,80 С­та қатады. Салыстырмалы атомдық массасы 3 болатын изотоп тритий деп аталады. Ол ­радиоактивтi, жартылай ыдырау периоды 12 жылга жуық. Изотоптардың   болуы,   атом   ядросының   заряды   атомдардың   барлық   каеиеттерiн анықтамай,   тек   химиялық   қаеиеттерi   мен   электрон   қабықшасының   маңына байланысты   физикалық   қасиеттерiн,   мысалы,   өлшемдерiн   анықтайтындығын дәлеледейдi.   Атомның   массасы   мен   радиоактивтiк   касиеттерi   оның   Менделеев кестесiндегi реттiк нөмiрiмен анықталмайды. Осы   тақырыпқа   байланысты   есептерді   шешейік   бірге.   Кім   тақтаға шығады екен? 4.Бекіту. Мына атомдардағы протондар, электрондар және  нейтрондар санын анықтаңдар:   107 47 Ag­ 47p 60n 47e     35 17 Cl­ 17p 18n 17e    40 20 Ca­20p 20n 20e;      65 30 Zn­30p 35n 30e;       207 82 Pb­82p125n 82e 5. Қортынды: Ал сабағымызды қортындылап кетсек. Изотоптар туралы не түсіндік? Сұрақтарыныз   барма   маған   қоятын?   Осымен   сабағымыз   аяқталды! Сабаққа белсенді қатысқан оқушылар күнделігімізді алып келеміз! 6.Бағалау. Сабаққа белсенді араласқан, үй тапсырмасына және сұрақтарға жауап берген оқушыларды бағалаймын 7.Үйге тапсырма: §55.Изотоптар

Поурочный план на тему "Изотоптар"

Поурочный план на тему "Изотоптар"

Поурочный план на тему "Изотоптар"

Поурочный план на тему "Изотоптар"

Поурочный план на тему "Изотоптар"

Поурочный план на тему "Изотоптар"

Поурочный план на тему "Изотоптар"

Поурочный план на тему "Изотоптар"

Поурочный план на тему "Изотоптар"

Поурочный план на тему "Изотоптар"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
09.04.2017