Бұл сабақта оұушылар өсімдіктердің кіндікті және шашақты тамыр түрлерімен, тамыр ұзындығымен, тамырдың өсімдік маңызын түсінеді, тамыр өсімдіктің топырақтан қоректену мүшесі жайында білім, өздігінше ізденуге жетелеу, саралауға, талдауға , ой ұшқырлығының дамыту,қоршаған ортадағы өсімдіктерді қорғауға тәрбиеленеді .
Сабақтың түрі: жаңа білім меңгеру .
Дайындаған: Адлгазыева Амина
Тамыр түрлері
Тамыр түрлері
кіндік тамыр
Шашақты тамыр
1 тапсырма:
Суретке қарап, қажетті сипаттама сөздерді
пайдаланып тамырлар неліктен кіндік және
шашақты тамырлыр деп аталғанын жауап
беріңдер.
Қажетті сөздер:айқын көрінеді, айқын көрінбейді,
жақсы жетілген, топталып тұрады
жақсы дамыған , нашар дамыған,
жуандығыбіркелкі
Кіндік тамыр жүйесінде негізгі тамыр жақсы
дамыған. Негізгі тамырдан жанама тамырлар
шығады.
Шашақты тамыр жүйесінде негізгі тамыр
нашар дамыған. Жуандығы біркелкі болса да
жанама немесе қосалқы тамырлар шашаққа
ұқсап топталып тұрады.
Тамыр ұзындығы әртүрлі болуы мүмкін, бұл өсу жағдайына
(ауа райына, күн жылуына, ылғалдығына т.б. жағдайларға )
байланысты
Картоп
1,6 м
Бұршақ
1,7 м
Арпа
2,25 м
Күнбағыс
2,8 м
Қант қызылшысы
3,2 м
2. Тапсырма: Мына суреттерге қарап, неліктен көрсетілген өсімдіктердің
тамырларының ұзындығы (сексеуіл, карлик қайыңы) әртүрлі екенін
ойланып, ақылдасып айту
15 м
20 см
Солтүстік- карлик қайыңы
Шөл дала- сексеуіл
Шөлді жердің өсімдіктерінің тамыры өте
тереңге кетеді (15 м) Күн қатты ысығанда
шөлдегі ылғал құм астындағы тереңдікте
сақталады. Тамыры тереңге кетіп өсетін
өсімдіктер: сексеуіл, құм қарағаны, жантақ.Ал
солтүстік өсімдіктердің тамырлары жер бетінде
ғана болаты. Тереңге баралмайтын себебі: жаз
қысқа, күн жылуы аз, жер асты жылынып
үлгермейді, көбінесе қатып , мұз болады.
Жезге ұқсас сабағы,
Дәні халық тамағы.
Көктемде ақ гүлге оранады,
Күзде қолға доп боп оралады
Желілері жайылып,
Жол- жол болып жатады.
Күн нұрына бой ұрып,
Жердің нәрін татады,
Жасыл шатыр астында,
Кететіндей үзіліп,
Тұр көп маржан тасындай,
Мойыл моншақ тізіліп.