Публикация является частью публикации:
Бірінші кезең
Ақпараттық модельдің сипаттамасын құру – зерттеу мақсатына қарай елеулі параметрлерді айқындап, мардымсыз ерекшеліктерін ескермей объектті сипаттау.
Екінші кезең
Ақпаратты жеткізу - модельді формаландыру, яғни белгілі бір формаға келтіріп, айқындап белгілеу.
Үшінші кезең
Компьютерлік модельді дайындау – формаландырылған ақпаратты компьютер қабылдай алатын мәнерге келтіру. Модельді дайындаудың бірнеше амалы бар, мысалы:
Программалау тіліне аудару арқылы;
Электронды кесте, кескін не басқа да құралдар арқылы;
Төртінші кезең
Компьютерлік тәжірибе жүргізу – бастапқы ақпаратты енгізіп, модельдің процесс бойындағы жұмысын бақылай отыра қорытындысын алу.
Бесінші кезең
Жетілдірулер енгізу – қорытындыланған ақпаратты саралап, модельді жетілдіру.
Егер алынған нәтижелер қате болса, жоғарыда айтылған қадамдарда дәлсіздіктер орын алған болуы тиіс. Мұндай жағдайларда, түзетулер енгізіліп, қайта тексеріс өткізілуі керек. Түзетілімдер бірнеше рет енгізіліу мүмкін.
Бақылау сұрақтары:
«Модель» және «модельдеу» терминдерінің айырмашылығы неде?
2) Ақпараттық және материалдық модельдердің мысалдарын келтіріңіздер.
3) Компьютерлік модельді жасаудың неше негізге кезеңі бар. Оларды атаңыз.
4) Компьютер қабылдай алатын қандай программалау тілдерін білесіңдер?
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.