Бәрінен де сен сұлу!...
Талдықорған гуманитарлықтехникалық
колледжінің музыка жетекшісі
Улжанат Ауелханқызы Джакубаева
(Сахна ашылады байқауға қатысатын қыздар билеп тұрады)
«Сүйіктім» әнімен жүргізушілер шығады.
Алишер:Армысыздар, құрметті қонақтар!
Іңкәр:Колледжіміздің ару қыздары мен сері жігіттері!
Алишер:Биылғы жылы елімізде басты мереке Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған ұлттық
құндылықтарды насихаттайтын, қазақ қызының инабаттылығы мен сұлулығын паш ететін «Колледж аруы
2016» байқауына ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!
Іңкәр:Бүгінгі әдемі кеште сіздермен болатын «Колледж аруы» байқауының жүргізушісі, осы байқаудан қыз
таппай қайтпаймын деген сері жігітіміз Темен Алишер:
Алишер: Аха, мұндай ақпарат қайдан жүр деймін, сенде Іңкәр?! Жақсы, олай болса, мен сені
таныстырайын. Өзі әнші, өзі биші, колледжіміздің туын жоғары көтеріп жүрген намысшыл қызымыз
Бердіқожа Іңкәр.
Биылғы жылы да сұлулық байқауын өткізуге мұрындық болған Ұлжанат Әуелханқызы және Хафиза
Советқызына зор алғыс білдіреміз!
Іңкәр: Бүгін жеңімпаз иеленетін тәж бен арнайы сыйлықтар дайындауға қаржылай көмек берген
колледжіміздің директоры Әсет Қазиұлына алғысымыз шексіз.
Алишер: Іңкәр, шыны керек, егер менде бір мүмкіндік болса , алтын тәжді саған ақ кигізіп қайтып кете
беретін едім.
Іңкәр: Көңіліңе рахмет, Алишер, бірақ сен қазір сахнаның сәнін келтіріп, мың бұрала билеген
аруларымызды көргенде, бірден осы ойыңнан айныйсың деп ойлаймын.
Алишер: Жақсы, аруларымыз бірінші кезеңге дайындалып болғанша, құлақтың құрышын қандырып бір ән
тыңдап алайық.
Іңкәр: Сахнаға «Қызғалдағым» әнімен Еламан ұлдарыңызды шақырамыз.
Алишер: Ал, енді сахнаға асығып, өздерінің көріктерімен ақылдылықтарын көрсеткісі келіп отырған
«Колледж аруы» байқауына қатысатын аруларымызбен таныс болыңыздар.(арулар шақырылады).
Алишер: Бұл қыздарымыз іріктеу кезеңінен өткен, өздерінің жанжақты екендігін дәлелдеген, сұлудың
сұлуы, көріктінің көркемі, сымбатына көз тоймайтын мықты деген аруларымыз, орталарыңызда.
Қошеметтеріңізді аямаңыздар! ( қыздар шығады. фонға «Үкілі камшат»)
Алишер: Сұлулықтың сан қырын паш ететін, ару атануға үміт артқан қыздарымызға қошемет
көрсетіңіздер!
Бүгін тағатсыздана күткен, жылына бір ақ рет келетін ең жауапты сәт «Колледж аруы – 2016» байқауының
жеңімпазы кім болар екен?
Іңкәр: Сонымен, Алишер...не болды, тәжді киіп жастар жатақханасына қайта берейін бе?
Алишер: Не ғой, Іңкәр (күледі) Мына жақта жаңа қыздар шықты ғой, сол кезде сұлуларды көріп, басым
айналып, біраз ойланып кетіппін, артық сөйлеп кеттім бе, деп ойлап та тұрмын.
Іңкәр:Алишер, сен тіпті үнсіз қалмай тұрған кезде, мына жерде шешімді туғанға емес, иманға негіз деп
қабылдайтын әділқазы алқасымен таныстырып өтейік
Алишер: Қазылар алқасының төрағасы, колледж директоры Әсет Қазиұлы Іңкәр: директордың оқу ісі жөнінідегі орынбасары – Мұхтар Әлібекұлы
Алишер: колледжіміздің арнайы пән оқытушысы Айнұр Маратқызы
Іңкәр:Жастар ісінің төрағасы Нұрдаулет Қайратұлы
Алишер: Қалалық «Ана тілі аруы» байқауында «Көрермен көзайымы» номинациясының иегері,
колледжішілік «Көктем аруы2016» атанған Искакова Ботагөз.
Іңкәр:Көрдіңіздер ғой, біздің қазылар алқасы сабырлы Алишер:Сынға түсетін бұрымдыларды да, әділ баға
беретін қазылар алқасымен де таныстырдық
Ардақ апай:Бізді ұмытып кеттіңдер ғой (перденің артынан 2апай шығады)
Іңкәр: Кім? Кімді ұмытып кеттік?
Салтанат апай: Бізді,бізді ұмытып кеттіңдер!
Алишер: Бүгін колледж аруында кітап әлемінің елшісі, білімнің кеншісі осы жердің мисі – Ардақ ханым
Іңкәр: Өз үйінің миссі, құлпынайдың иісі Салтанат ханым
Алишер: Мәссаған (күледі) қайдан жүрсіздер?
Салтанат апай: Енді бағымызды сынап байқауға қатысайық деп келдік
Іңкәр: Сіздер байқаудың талаптарына сай келмейсіздер ғой?
Ардақ апай: Негізі «Колледж аруы» байқауының талаптарын кішкене өзгерту керек сияқты иә?, қайдасың
Ұлжанат?!
Салтанат апай: Соны айтам ғой, колледждің қыздары ғана қатысады дегенді өзгерту керек
Ардақ апай: Иә, сосын қыздардың бойы 1,60 см дегенді мүлдем өшіріп тастау керек. Ал сонда 1,55см
дегендер не істейді?
Салтанат апай: Сосын бар ғой... Иә анау 50 кг аспасын дегенді кім шығарды екен әәәә, шашы ұзын болсын
деген талаптың түкке қажеті жоқ.
Алишер: Солақ па, басқасы қала берсін бе?
Ардақ апай: Басқасы қала берсін. Ал, өнер көрсету мен сұраққа жауап беруді біз екеуміз қатырамыз иә,
(деп аттарын атап кетсін)
Салтанат апай: Мода көрсету де бізде бар
Іңкәр: Алишер, бірдеме ойлап тап енді әйтпесе апайлар бүлдіргелі тұрған сияқты.
Алишер: Апалар, кешіріңіздер, ханымдар, сіздер онсызда көрініп тұрсыздар ғой. Сіз «Жаркент аруы
1980жыл» атандыңыз, ал сіз «Жетісу аруы 1991» жеңіп алып, баяғыда өздеріңізді ару ретінде дәлелдеп
тастағансыздар ғой. Одан да бүгін ару атағын алғысы келген қыздарымызға бас көз болып, қолдау
беріңіздер, содан артық бақыт жоқау деймін. Солай емес пе?!
Салтанат апай: Қызау, ана баланың айтып жатқаны дұрыс сияқты, ии біреуге бағынғаннан гөрі одан да
аруларға бастық боп алмаймыз ба?!
Ардақ апай: Табылған ақыл, сосын кім жеңетінін де білдіртпей екеуара шеше саламыз.
Іңкәр: Иә, әрине, әрине дұрыс айтасыздар. Ал біздің қыздарымыз келесі сайысқа дайындалып болғанша,
өзінің сазды сәлемін жолдайын деп тұрған керемет әншіні ортаға шақырсақ
Салтанат апай: Олар,тағы да тірі қыздар, нағыз қазақтың қыздары
Сүйкімдінің төресі деп атадым
Көрген жанның көрісілі жататын
Көрікті жүрсе жерді оятын сен сияқты
Көрсем көзім тоятын мен сияқты болу керек қой деп ойлаймын.
Алишер: Ооооо..Салтеке ханым қоя тұрыңыз, дәл осы жерден тоқтай салыңыз мен сахнаға шақыратын
жігітті хабарлаймын. Сонымен қарсы алыңыздар сиясы кеппеген су жаңа әнімен Ерзатты «Қара көзім»
әнімен ортаға шақырайық
Іңкәр: кезекті бөлімімізді бастаймыз яғни, аруларымыз кешкі көйлектер киіп шығады ең әдемісін таңдайтын
боламыз
Алишер: олай болса назар аударыңыздар кешкі көйлектер дефилесі!
Іңкәр: Сонымен алғашқы болып бастайтын ...(он аруды сахна төріне шақырады).................................
Алишер: Қарап отырсақ, залдағы басым көпшілігі ұлдар екен,олай болса, аруларымызға қолдау
көрсетіп отырайық жігіттер! Қандай сұлу қыздар десеңші. Негізі қазақтың қыздарының бәрі әдемі иә, Іңкәр.
Біреуіміз көйлек деп жатырмыз, біреуіміз қыз деп жатырмыз, әркім өзіне керегін айтып жатыр, ал Іңкәр
жалпы сенің көңілің нені қалайды? Іңкәр: мен дәл осы сахнада тұрып ән шырқасам деп тұрмын. Ол мүмкін бе?
Алишер: Әрине, мүмкін.Елдің ыстық ықыласы, қолпаштаған қошеметі болса, Іңкәр қыздарыңыздың
орындауында «Мәңгі бірге болайық» әнін қабыл алыңыздар. (апайлар шығады)
Ардақ апай: Осы сен жүлдені қалай алып жүрсің(ішін ұстайды)
Салтанат апай: Енді.. ол кезде ұзын кірпік қара қас ұнаған,көрген кезде алдына кеп құлаған, талай жігіт
қолымды кеп сұраған, түр болмаса да, тілім бар қыз болдым ғой енді. Сосын таныстамыр бар дегендей... тіл
бар болған соң, таныс болған соң, тәжіңдіде киесің дегендей...
Ардақ апай: Бәсе, бір гәп барын біліп едім...қазіргі кейпіңмен ешқандай тілің таныстамырың көмектесе
алмас еді. Мына колледж аруына қатыспағаныңда дұрыс болды, әйтпесе кастингтен өтпей қалатын едің.
(күледі )
Салтанат апай: Қойшы мені қоя тұршы, сен өзің қалай алып жүрсің? жұрттар ой таластырып, ойымен
алысып жатқанда, сен бойыңмен алып кеткенсіңау дим иә, әйтпесе мына фигураңмен ба? (күледі).
Ардақ апай: Әрине, Салтанат ұзын сорайған бойым болмаса да, ақыл ойым бар, ақылыма көркім сай,оның
үстіне мен дегенің тал шыбықтай мың бұрала биледім,бұлбұл құстай сыңғырлата ән салдым.Ән демекші бір
ән тыңдағым келіп кетті ғой.Өстіп дауласып тұрғанша бір керемет ән тыңдайықшы. Олай болса сахна төріне
І курс студенттері Аят пен Ерболат қыздарға ән арнамақ.Қабыл алыңыздар!
Іңкәр:Ой мисс ханымдар сіздер қоймай қоймай тағыда шығып алыпсыздарғой, демек ханымдар жас кездерін
еске алып сахнадан кеткісі келмей қалдығой деймін
Салтанат апай: Әрине жас болып әдемі болып сахнада жүренге не жетсін!
Алишер: олай болса сіздерді бүгінгі байқауға төрелік жасап отырған әділқазылар ортасына жеңімпаздарды
анықтауға көмектеріңіз тиеді деген ниетпен әділқазылар қатарына отырғызайық
Алишер:Мархаббат жүріңіздер
Іңкәр:Біз байқауымыздың келесі кезеңін яғни, шығармашылық кезеңді бастаймыз. Қазақ қыздары мен
айтқандай ең ақылды, ең дарынды, ең білімді Келісесіздер ме қымбатты көрермендер!
Алишер:Сахнаға шыққан әрбір ару жеңістен дәмелі
жүр:олай болса ұзақ күттірмейіік
Іңкәр:Құрметті ағайын, осымен біздің шығармашылық сайысымыз тәмам. Мұндай байқауға куә болып
отырған біздің студенттерімізде арман жоқ шығар, сірә.
Іңкәр: Негізі бір арман бар.
Алишер: Қандай?
Іңкәр: Енді, әркім өз тобынан қатысып отырған арудың жеңісін тілейді. Мысалы менің жүрегім 259 топтың
3аруына қақ жарылып тұр
Алишер: Ойбой, Іңкәр, біздің жүректің баяғыда бөлініпбөлініп қалғанын білмейсің ғой, ал байқауға
қатысып жатқан арулар жүректің паршапаршасын шығарды.
Іңкәр: Онда аруларымыз соңғы кезеңге дайындалып болғанша, сенің жүрегің жарылып кетпей тұрғанда «Ән
көңілдің ажары», демекші, екеуміз бір ән тыңдап алсақ қайтеді?!
Алишер :Алдарыңызда колледжіміздің түлегі Мейрамбек!
Іңкәр: Көпкөп рахмет, дәл осындай леппен сайысымызды жалғастырамыз. Соңғы сайыс зияткерлік сайыс.
Бұл сайыста аруларымыздың білімдерін сынайтын боламыз.
Алишер :Иә олай болса, аруларымызды сахнаға шақырайық.(Қойылған сұрақтарға жауап береді)
Іңкәр:Аруларымыз өз өнерін көрсетті, сұрақтарға жауап берді, ендігі кезекте әділ баға беріп төрелігін
айтатын әділқазы алқаларын кеңесу бөлмесіне шығарып салайық
Алишер: Әділқазылар шешімін шығарғанша керемет әнге кезек берейік Алдарыңызда колледжіміздің өнерлі
студенттері Айбар, Мирас, Мейрамбек,Ақерке.
Іңкәр: Әділқазы мүшелері жеңімпаздарды анықтап келген сияқты.Ендеше сөз кезегін әділқазы алқасының
төрағасы, колледж директоры Әсет Қазиұлына берейік. МАРАПАТТАУ
Алишер: Қыздар марапаттарыңыз құтты болсын!
Іңкәр:
сұлулығы мен парасаттылығын паш еткен арулар байқауы өз мәресіне жетті.
Алишер: Қазақ елінің тәуелсіздік жолында өмірін қиған талай жастардың ерлігі мәңгі жасасын! Еліміздің
тұғыры биік, арманы асқақ болып, қазақ елі мәңгі жасасын! Келесі жылы арулар байқауында кездескенше
қош сау болыңыздар!
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналып, қазақ қызының ерлігі мен өрлігін,
Презентация на тему "Мисс колледж"
Презентация на тему "Мисс колледж"
Презентация на тему "Мисс колледж"
Презентация на тему "Мисс колледж"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.