Еуразия — Жер шарындағы халық ең көп әрі тығыз қоныстанған құрлық (бүкіл халықтың 3/4-і). Әсіресе, Батыс Еуропа, Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азияда халық тығыз орналасқан. Муссондық Азияның кейбір аудандарында (Шығыс Бенгалияда және Ява аралында) 1 км² жерге 1000 — 1500 адамнан келеді. Қиыр Солтүстік Азияда, тропиктік ормандар алып жатқан батпақты ойпаттарда, Орталық Азия және Батыс Азияның шөлді аудандарында халық өте сирек. Араб түбегінің, Иран таулы қыратының ішкі аудандарында, Орталық Азияның кей жерлерінде тұрақты халық жоқ. Еуразия әлемдегі ежелгі мәдениет орталығы болып табылады. Атап айтқанда, Таяу Шығыстағы Қосөзен аралығы (Тигр, Ефрат), Жерорта теңізі жағалауы, сондай-ақ, Қытай мен Үндістан ежелгі мәдениеттері, грек-рим өркениеті, т.б.Ұлы Қытай қорғанынан Орталық Еуропаға дейін созылып жатқан ұлы далада көшпенділер әлемі үстемдік құрып, Батыс пен Шығыс өркениеттерін өзара байланыстырып тұрды. Қазіргі кезде де Еуразия құрлығы суперконтинент болып есептеледі. Әлем халықтарының 4 млрд-тан астамы осында тұрады, әрі әлемдегі жетекші мемлекеттердің барлығы (АҚШ пен Канададан басқасы) осы құрлықта орналасқан. Республикалық және монархиялық мемлекеттер бар.Республикалық мемлекеттер социалистік,капиталистік,дамушы елдер болып бөлінеді. Ал монархиялық мемлекеттер абсолюттік және кониституциялық болып бөлінеді.90 жылдарда социалистік мемлекеттер күрт кеміді. Оған себеб КСРО-ның ыдырауы, шығыс еуропалық мемлекеттердің басқа бағытқа көшуі.[1]
Еуразия материгінде әр түрлі діндер ұлттар орналасқан
Еуразия халқы және елдері
Материкте 4-млрл-тан астам халық тұрады.
Еуразия материгіне қазіргі кездегі ірі әлемдік
діндер – ислам, христиан, буддизм
1Еуразияда 90-ға жуық егеменді елдер және
дамыған мемлекеттердің иеліктері орналасқан
Жер көлемі жағынан Еуразиядағы үлкен елдер
қатарына Ресей, Қытай, Үндістан, Қазақстан,
Сауд Арабиясы жатады
Мемлекеттік құрылымы мен ұстанған
саясатына қарай Еуразия елдері
республикалық және монархиялық болып
бөлінеді
Еуразия нәсілдері
Еуразияда Жер шарындағы барлық нәсілдердің өкілдері
кездеседі. Олардың ұлттық және тілдік құрамы да
алуан түрлі.
Ең көп тарағаны еуропалық тектес халықтар. Олар өңі
аққұба, шаштары сарғыш түсті, көздері көгілдір болып
келетін солтүстік еуропалық және өңі қараторы,
шаштары мен көздері қоңыр, кейдеқара болып келетін
оңтүстіке еуропалық тармақтарға бөлінеді.
Азиялық бөлікте монғол тектес нәсілге жататын қытай,
монол, жапон, және басқа халықтар тұрады.Түркі тілдес
халықтардың біразы осы нәсілдік топқа жатады. Ал
экваторлық нәсілдің өкілдері Шри-Ланка аралы мен
Үндістанның оңтүстігінде қоныстанған.
Еуропа
Қазіргі кезде Еуропа елдерінің мәдени,
шаруашылық байланыстары одан әрі
нығаюда. Еуропалық Одақтың құрамына
кіретін елдерге ортақ ақша енгізілген, ал
тұрғындары бір елден екінші елге еркін
өтіп, саяхат жасауына мүмкіндің алған.
Еуропа елдері төрт тарихи- географиялық
аймаққа топтастырылған. Олар Солтүстік
Еуропа, Батыс Еуропа, Шығыс Еуропа,
Оңтүстік Еуропа болып бөлінеді.
Солтүстік Еуропа елдері
Солтүстіктегі Скандинавия түбегінде орналасқан Норвегия, Швеция,
Финляндия және аралдық Исландия мен Дания елдері құрайды.
Географтар Скандинавия түбегін Финляндиямен қоса Фенноскандия деп
атайды.
Фенноскандияның біраз бөлігі мен Исландия аралында халық сирек
қоныстанған. Мұнда герман тобына жататын исландиялықтар, норвестер
мен шведтер, шығысында финндер тұрады. Олар ежелден бұғы
шаруашылығымен, аң және балық аулаумен айналасқан.
Солтүстік Еуропаның теңіз жағалауы мен Дания жерінде климат қолайлы
болғандықтан жалық тығыз қоныстанған, жері анағұрлым жақсы
игерәлген, шалғын шөпті шұрайлы деріне байланысты ірі қара мал мен
қой өсіріледі.
Солтүстік Еуропа халқының едәуір бөлігі қара дәне түсті металл кендерін
өндіру және өндеумен, Солтүстік теңіз қайраңынан мұнай өндеумен, ағаш
өндеумен айналысады. Швецияның «Вольво», «Скандия» машина жасау,
Финляндияның «Нокиа» кәсіп орны әлемге әйгілі.
Батыс Еіропа елдері
Батыс Еуропаның батыс бөлігіндегі Ұлыбритания,
Ирландия, Франция, Германия, Швейцария, Бельгия,
Нидерланд, Аустрия және бірнеше ұсақ елдер кіреді.
Батыс Еуропа елдерінің табиғат жағдайына Атлант
мұхитының тигізетін ықпалы өте зор. Британ
аралдарының оңтүстігі мен материктегі елдердің
солтүстігін жазық жерлер алып жатыр.
Жазықтар оңтүстік мен шығысқа қарай биіктеп,
қыраттар мен үстірттерге, аласа тауларға, одан әрі
Еуропаның ең биік тау жүйесу – Альпіге ұласады.
Бұл елдердің қойнауы тас көмір, темір, түсті металл,
калий тұзы кендеріне бай болып келеді.
Батыс Еуропа – дүние дүзіндегі ең жоғары
дамыған елдердің шоғырланған аймағы.
Аймақта халық тығыз қоныстанған, олардың
басым көпшілігі қалаларда тұрады.
Қазіргі кезде бұл елдерде шығарылатын
реактивті ұшақтар, автомобильдер
(«Mercedes», «Renault», «Audi», «Volkswagen»,
«BMW», «Ferrari», «Lamborghini»), күрделі
электрондық техника дүние жүзіне әйгілі.
Шығыс Еуропа елдері
Бұл аймақта Польша, Чехия, Славакия, Венгрия,
Румыния және Балқан түбегінің солтүстігіндегі
елдер – Болгария, Сербия мен Черногория,
Хорватия, Словения, Босния және Герцоговина,
Македония, Албания орналасқан.Бұрын Кеңестер
Одағы құрамында болған Латвия, Литва, Эстония
және Беларусь, Украина, Молдова елдері және
РФ-ның еуропалық бөлігі осы аймаққа кіреді.
Бұл елдер Балтық және Жерорта теңіздерінің
аралығында солтүстіктен оңтүстікке қарай тұтас
алап түрінде созыла орналасқан.
Егін шаруашылығы жақсы дамыған. Негізінен
қара бидай, бидай, картоп, зығыр, қант
қызылшасы өсіріледі.
Бұл елдерде залық жиі қоныстанған. Польша,
Чехия дәне Словакияда славян халықтары
тұрады. Ал Вегрияның негізгі халқын осыдан
мың жалдай бұрын Азиядан қоныс аударған
мадиярлар құрайды. Балтық бойы елдерінде
латыштар, литвалықтар, эстондар тұрады.
Жерорта теңізі жағалауына субтропиктік
жерорта теңіздік климат тән. Жаз ыстық,
құрғақ, ал ұзаққа созылмайтын қысы ылғалды,
жылы болады.
Жерорта теңізінен таулар арқылы оқшауланған
ішкі бөліктердің климаты қоңыржай континеттік
сипат алады.
Азия.
Табиғаты мен шаруашылық сипатына
қарай Азия бірнеше ірі аймақтарға
бөлінеді: Оңтүстік-Батыс Азия,
Оңтүстік Азия, Орталық және Шығыс
Азия, Солтүстік Азия, Оңтүстік-Шығыс
Азия.
Оңтүстік-Батыс Азия
елдері
Оңтүстік-Батыс Азия елдері Кіші Азия, Арабия түбектері мен Иран таулы
қыратын алып жатыр. Құрамына Түркия, Кипр, Иран, Ирак, Ауғанстан,
Сирия, Израиль, Ливан, Палестина, Иордания, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб
Әмірлігі, Йемен, Оман, Катар, Бахрейн, Кувейт кіретін бұл аймақты “Таяу
Шығыс” деп те атайды.
Географиялық орнына сәйкес ТМД құрамындағы Кавказ елдері д Оңтүстік-
Батыс Азияға жатады.Оңтүстік Батыс Азияның Жерорта теңізі мен Үнді
мұхиты аралығындағы орнына сәйкес, табиғат жағдайы алуан түрлігімен
сипатталады.
Таулы қыраттардың ішкі бөліктері құрғақ климат жағдайындаөте күшті
физикалық үгілуге ұшырайды. Күшті жер сілкінулер байқалады.
Таулар Парсы шығанағына қарай саты түрінде аласарып, қатты майысқан
Месопотамия ойпатына ұласады. Бұл ойпаттың атауы “Екі өзен аралығы”
деген мағына береді, ойпат арқылы Тигр және Евфрат өзендері ағып өтеді.
Оңтүстік-Батыс Азия тас көмір мен түсті металдарға бай. Сонымен қатар
вольфрам, хромит, полиметалдардың кен орындары бар, көлдерден ас тұзы
өндіріледі. Аймақтың басты байлығы – мұнай мен газ.
Оңтүстік-Батыс Азиядағы елдер мен
қалалардың көне тарихы мен жаңа келбеті,
теңіз жағалауларындағы емдеу және демалыс
орындары дүниенің түкпір-түкпірінен
жылынеа миллиондаған туристерді өзіне
тартады. Ал осындағы қасиетті діни
орталықтарға тәу етуге арнайы келетін
адамдар саны жылдан-жылға арта түсуде.
Оңтүстік Азия елдері
Оңтүстік Азияның кұрамына Пәкстан, Үндістан,
Бангладеш, Непал, Бутан, Шри-Ланка, Мальдив
Республикасы кіреді.
Оңтүстік Азия пайдалы қазбаларға бай. Үндістан
түбегінде темір, мыс, марганец, хромит, алтын,
алмас, графит кен орындары бар. Мұнай мен газ
кездеседі.
Халық саны көп және тығыз орналасқан. Саны
жағынан ең көп халық үнділер, олардың тілі
хинди де кеңінен тараған. Оңтүстік Азиядағы
Гималай тауларының баурайы – әлемдік дін болып
есептелетін буддизмнің пайда болған жері.
Оңтүстік-Шығыс Азия елдері
Оңтүстік-Шығыс Азияның құрамына Үндіқытай түбегі,
Филиппин аралдары және Малайя архипелагына
орналасқан елдер жатады. Бұл елдердің қатарына
Индонезия, Лаос, Мьянма, Таиланд, Вьетнам, Камбоджа,
Филиппин, Малайзия, Бруней және Малакка түбегінің
оңтүстігіндегі аралдарда орналасқан қала – мемлекет
Сингапур да кіреді.
Ең ірі мемлекет – Индонезия. Бұл елде 150-ден астам
ұлттар тұрады, олардың кейбіреулері деке аралдарда
басқа ұлттардан оқшау өмір сүреді.
Оңтүстік-Шығыс Азия арқылы дүниежүзілік маңызы бар
қалайы мен вольфрам белдеуі өтеді. Сондай-ақ аймақ
қойнауынан мыс, мырыш, күміс, алтын, мұнайгаздың мол
қоры табылған.
Орталық және Шығыс
Азия
Орталық және Шығыс Азияның құрамына Қытай
Халық Ресубликасы, Монғолия, ТМД құрамындағы
Қазақстан мен Орта АЗия елдері және Шығыс
Азияда орналасқан Жапония, Корей
Республикасы, Корей Халық Демократиялық
Республикасы.
Аймақтың ең ауқымды бөлігін Орталық Азия алып
жатыр. Онда Қытайдың көпшілік бөлігі мен
Монғолия орналасқан. Атына лайық, Орталық
Азия материктің нақ ортасында жан-жағынан ірі-
ірі тау жоталарымен бөлінген орасан зор
үстірттер мен таулы қыраттардан тұрады.
Тынық мұхит жағалауын алып жатқан Шығыс
Азияның табиғатына мұхиттың тигізетін әсері
зор.
Бірнеше климаттық белдеуге созылып жатқан
Шығыс Азияның жағалау бөлігіне муссондық
климат тән.