Тақырыбы:
Жеке тұлғаны қалыптастыруда «Өзінөзі тану» пәнінің ролі
«Өзінөзі тану» оқушыны өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзінөзі
жетілдіруге,қоғамда және қоршаған өмір жағдайларында өзінің бағыт
бағдарын анықтауына,өз бетінше шешім қабылдай алуына және өз сөзі мен
әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелейді.
Сабақ барысында оқушылардың бірбіріне деген алақан жылуын беру арқылы
бірбіріне ақ жүрекпен айтқан тілектері, арман тілегін айта отырып, өзіндік
«менін» қалыптастыру, бойындағы күш қуатын жақсылыққа бағыттау, өзін
жеке тұлға ретінде сезінуі – «өзінөзі» танудағы игі нәтижелер екені анық.
«Өзінөзі тану» пәні болашақ ұрпақтың бойында руханиадамгершілік
қайнарын сіңіріп,мінезқұлқын тәрбиелеуге,жалпыадамзаттық
құндылықтарды, адамгершілік принциптері мен мұраттарды өмір бойы
басшылыққа алатын жеке тұлға қалыптастыруға негізделген.
Әрбір балаға жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән санасы, еркі, өзіндік
әрекет жасай алатын ортасы бар екенін ескере отырып, оқушының білімге,
ғылымға деген ынтасын арттыру, олардың ақылой қабілетін, диалектикалық
дүниетанымын, өмірлік мақсатмүддесін айқындауға, жеке басының
қасиеттерін дамытып оны қоғам талабына сай іске асыруға көмектесу мектеп
өміріндегі үздіксіз оқутәрбие процесінің ғана жемісі болып табылады.
Осы орайда «Өзінөзі тану» пәнінің басты ерекшелігі өскелең ұрпақтың
тұлғалық потенциалының дамуына, өзіндік қасиетінің ашылуына,
шығармашылық және танымдық белсенділігін ынталандыруға, балаларға
сүйіспеншілік, мейірімділік, ақиқат, адалдық, шыншылдық, сұлулық,
рақымдылық, мінезкұлық дұрыстығы арқылы үйлесімді жанжақты дамыған
адам қалыптастыруға бағдарланған. «Өзінөзі тану» пәні басқа пәндерден
алған білім мазмұнын толықтырып, адам баласын адамгершілікке,
мейірімділікке, кішіпейілділікке баулитын пән. Бұл пәннің әрбір сабағы
балаларды достыққа, сыйластыққа, әсемдікке, әдептілікке шақырады. Себебі:
күнделікті сабақ шаттық шеңберінде бірбіріне деген сезімдерін білдіріп,
қуанышпен басталса, жүректен жүрекке әдісі арқылы алдағы күндеріне
сәттілік тілеу арқылы аяқталады. Мінекей, ал осы екі әдістәсіл арасында
оқушыларға қаншама жақсы игі тілектер мен өмірдің әсем де керемет және ол
қайталанбайтындығын мұғалім мейірімділікпен жеткізеді. Әрбір сабақта адам
баласына қуаныш сыйлау, мейіріммен қарау, кішіпейіл болу, үлкенді
құрметтеу туралы бойына сіңіріп өскен жас ұрпақ міндетті түрде солай
болуға тырысады. Қоршаған ортаның әсемдігін көріп, оның сұлулығын сезе
білген адамзат баласы жақсылыққа ұмтылады. Атам қазақ қашанда ар
ұжданды, намысты дүниемүліктен жоғары қойған. Дос үшін өзінің күш
жігерін аямаған, бауырына, досына, жақындарына көмекке қай кезде де дайын
тұрған. «Өзінөзі тану» пәні біздің бойымызға осындай қасиеттерді ұялатып, жанжағындағыларға тек жақсылық тілеп, жанашырлық танытатын, кезкелген
ортада өзін жақсы ұстай алатын, өмір сүруге құштар тұлға қалыптастырады.
Өзінөзі тану арқылы жеке тұлғаның бойында руханиадамгершілік
қасиеттердің қалыптасып, дамуын қамтамасыз етуімен, адамзаттың
табиғатпен үйлесімділікке дамуын сезіндірумен айқындалады. Өзінөзі тану
бастауыш буында оқитын жеке тұлғаның руханиадамгершілігін дамытуда,
оның бойында жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыруда ең
маңызды орын алады, адамгершілікке тәрбиелеудің негізі, қарымқатынас
жасау мен дүниетанудың құралы, баланың зердесі мен шығармашылығын
дамытудың арнасы. Ол арқылы оқушы қоршаған ортаны таниды, ұлттық
мәдениетті, дүниетанымды сезіне бастайды, өзіндік пікірі қалыптасады, өзін
өзі танудың қарапайым қадамдарын жасай алады.
Өзінөзі тану әңгімелесуге, шындықты бірлесе іздестіруге, білімді бірге
игеруге, өздік шығармашылықты, ішкі белсенділікті оятуға бағытталған. Жеке
тұлғаның бойында жақсы көру, бейбітшілік, әдептілік, шыншылдық,
аяушылық, адалдық, имандылық, сыйластық, достық, сүйіспеншілік,
кішіпейілділік, жанашырлық, жақсылық жасау, әділеттілік, елжандылық,
ізеттілік, сенім, махаббат, қайырымдылық, қамқорлық жасау сияқты
құндылықтарды қалыптастыру көзделген.
«Өзінөзі тану» сабақтарының өзіндік ерекшелігін байқататын «Шаттық
шеңбері», «Армандайық», «Өзімменөзім», «Әңгімелесейік», «Сергіту сәті»,
«Сахналау», «ОйынЖаттығу», Жүректен –жүрекке шеңбері» балалардың
дамытушы ортасын құруға ықпал етеді.
«Өзінөзі тану» сабақтарында ұсынылып отырған ойындардың басым көпшілігі
балаларды мейірімділікке, достыққа, сүйіспеншілікке, сыйластыққа үйретуді
көздейді, яғни сабақтардағы ойындардың өздері бала бойына
жалпыадамзаттық құндылықтарды сіңіруді көздейді.
Руханиадамгершілік тәрбиесінде алдымен баланы тек жақсылыққа
қайырымдылық, мейірімділік, ізгілікке тәрбиелеп, соны мақсат тұтса,
ұстаздың, атаананың да болашағы зор болмақ.
«Мен үш қасиеттімді мақтан тұтам», — депті Ақан сері. Олар: жалған
айтпадым, жақсылықты сатпадым һәм ешкімнен ештеңені қызғанбадым.
Жеке тұлғаны қалыптастыруда, олардың жан дүниесіне сезіммен қарап, әрбір
ісәрекетіне мақсат қоюға, жоспарлауға, оны орындауға, өзінеөзі талап қоя
білуге тәрбиелеу — адамгершілік тәрбиенің басты мақсаты. Мақсатқа жету
үшін сан алуан кедергілер болуы мүмкін. Ондай қасиеттерді бала бойына жас
кезінен бастап қалыптастыру жеке тұлғаны қалыптастырудың негізін
қалайды. Рухани адамгершілік тәрбиенің қайнар көзі саналатын «Өзінөзі
тану» пәні баланы жастайынан отаншылдыққа, әдептілікке, достыққа,
тазалыққа, ұқыптылыққа, мейірімділікке, табиғатты сүюге, отбасын сыйлауға,
ұйымшылдыққа үйретуге, ұрпақ бойына жалпы адамзаттық құндылықтарды,
адамгершілік принциптер мен мұраттарды ғұмыр бойы басшылыққа алатын
тұлға
негізделген.
қалыптастыруға Адамзат табиғаттың ажырамас бір бөлшегі, адам табиғатта тіршілік етеді,
оның мөлдіреген суын, биік тауларын, әсем бұлттарын, әсем де ерекше жыл
мезгілдерін тамашалай отырып, осы кең байтақ жерімізді аялауға, кәусардай
мөлдір суын ластамауға баулуымыз керек деген тәрбиенің қайнар көзі – осы
«Өзінөзі тану» пәні десек қате емес. Туған ел, туған жер, өскен орта туралы
түсініктерін кеңейту, туған елге деген сүйіспеншілік, құрмет сезімдерін
дамыту, туған тілін сүюге, елжандылыққа тәрбиелеу – пәннің негізгі
мақсатының бірі. «Өзінөзі тану» пәні сабағында көзделген мақсат әрбір
баланың өз бойындағы шығармашылық әлеуетін тани және аша білуге, өзінің
эмоциялық көңіл күйі мен мінезқұлық мотивтерін ұғына білуге, бағалай
білуге мүмкіндік туғызу. Мұғалім балалармен жеке тұлға ретінде қарым
қатынасқа түсе отырып баланы өзі туралы айтуға, баға бере білуге, өзінің
сезімін, мінезқұлқын, әдет дағдысын бақылай және басқара білуге, сонымен
бірге жанындағы адамдарды табиғи болмысымен қабылдау, ізгі ниет, ықылас
таныта білуге үйретуді көздейді. Осы пән арқылы оқушы бойына мейірім мен
рахымшылдықтың, адамгершіліктің, әділдіктің, шынайылықтың дәнін себуге
болады. Болашақ ұрпақтың бойына рухани адамгершілік қайнарын сіңіріп,
мінезқұлқын тәрбиелеуге, жалпы адамзаттық құндылықтарды, адамгершілік
принциптер мен мұраттарды ғұмыр бойы басшылыққа алатын тұлға
қалыптастыруға негізделген. Жас ұрпақтың қабілеті мен мүмкіншілігін жан
жақты ашып, адамгершіліктің биігіне көтеретін, ізгілік пен сұлулықтың шын
мағынасын түсінуге, шынайы мейірімділік пен ақиқатқа ұмтылуға, өз өмірін
жоғары мәнмен өткізуге жетелейді. Әр баланы керемет рухани күш иесі деп
қарап, оның шетсіз шексіздікті үйренсем деген ұмтылысына уақытында көңіл
бөліп, демеу жасасақ, қуаттандырсақ жүрегі нұрға толы, жанжағына шуағын
шашып тұрған мейірімді, адамгершілігі мол, үнемі талпынып тұратын, өз елін,
жерін, тілін. отбасын сүйетін, еңбекқор, адал адам тәрбиелеп шығарымыз
сөзсіз.
Презентация по самопознания" Жеке тұлғаны қалыптастыруда «Өзін-өзі тану» пәнінің ролі "
Презентация по самопознания" Жеке тұлғаны қалыптастыруда «Өзін-өзі тану» пәнінің ролі "
Презентация по самопознания" Жеке тұлғаны қалыптастыруда «Өзін-өзі тану» пәнінің ролі "
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.