Презентация программы "Сборник дидактических игр для развития речи детей дошкольного возраста"
Оценка 5
Образовательные программы
docx
окружающий мир
Детсад
01.02.2018
Программа"Сборник дидактических игр для развития речи детей дошкольного возраста" состоит в том, что оно:
- является основой для интеллектуального развития;
-упорядочивает хаотичные представления ребенка, полученные при взаимодействии с внешним миром;
- развивает наблюдательность;
- готовит к реальной жизни;
- позитивно влияет на эстетическое чувство;
- является основой для развития воображения;
- развивает внимание;
-дает ребенку возможность овладеть новыми способами предметно-познавательной деятельности;
- обеспечивает усвоение сенсорных эталонов;
- обеспечивает освоение навыков учебной деятельности;
- влияет на расширение словарного запаса ребенка;
- влияет на развитие зрительной, слуховой, моторной, образной и др. видов памятиМКҚК «Қызғалдақ» балалар бақшасы Шарбақты ауылы
(әдістемелік құрал)
Құрастырушы: Кабиева Н.Т.
тәрбиеші
2018 ж
МАЗМҰНЫ:
1. Кіріспе _____________________________________________ 3 бет
2. Тақырыптың өзектілігі ______________________________ 4 бет
3.Дидактикалық ойындардың құрылымы __________ 5 бет
4. Дидактикалық ойындарды ұйымдастырудың әдістемесі _____6-7 бет
5.Дидактикалық ойындар жинағы _____________________ 8-52 бет
6. Қолданылған әдебиет _______________________________ 53 бет
КІРІСПЕ
Ойын бала үшін — нағыз өмір. Егер тәрбиеші ойынды ақылмен ұйымдастырса, ол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік алады. А.П.Усова былай деп атап көрсетті: «Балалардың өмірі мен іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыру — оларды тәрбиелеу деген сөз. Тәрбиенің тиімді процесі ойын және ойынның өзара қарым-қатынастары формаларында жүзеге асырылатын себебі сол, бала мұнда өмір сүруді үйренбейді, өз өмірімен тіршілік етеді».
Дидактикалық ойын – баланың қызығушылығына негізделген оқыту тәсілдерінің бірі. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын баласы екенін ескере келе, дидактикалық ойындардың жүйелі қолданылуы жақсы нәтиже береді. Дидактикалық ойындарды пайдалану мәселесі педагогикалық теорияда кеңінен қарастырылған. Атап айтсақ, Ахметов С., Алдабергенов А., Ахметов Н.К., Хайдаров Ж.С., Кларин М.В., Қайырбекова А., Төлтаева Г., Әбселемова А., Әбішова А. т.б. ғалымдар дидактикалық ойындардың маңызын, түрлерін қолдану жолдарын көрсеткен. Педагогикалық процесте ойын балалар іс-әрекетінің басқа да түрлерімен, бәрінен бұрын еңбекпен, оқу үстіндегі оқытумен өзара тығыз байланыста болады.
Ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады. Ойын дегеніміз – жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді.
Барлық дидактикалық ойындарды үш негізгі топқа бөлуге болады:
1.Заттық дидактикалық ойындар (ойыншықтармен, табиғи заттармен);
2.Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар;
3Сөздік дидактикалық ойындар.
Заттық дидактикалық ойындарда ойыншықтар мен нақты заттар қолданылады. Олармен ойнап, балалар салыстыруды үйренеді, заттардың ұқсастығы мен айырмашылығын белгілейді.
Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар – балаларға арналған қызық сабақ. Түрлері бойынша олар әртүрлі: сыңар суреттер, лото, домино. Ойындарды ойнаған кезде шешілетін тапсырмалар да әртүрлі.Суреттер сыңарын табу ойындары.
Сөздік ойындар ойнаушылардың сөздері мен әрекетінен тұрады. Мұндай ойындарда балалар заттар туралы түсініктеріне сүйеніп, олар туралы білімдерін тереңдетіп үйренеді. Балалар өздігінен түрлі ойлау тапсырмаларын шешеді: олардың сипаттамалық қасиеттерін бөліп, заттарды суреттейді; суреттеу бойынша табады; ұқсастық және айырмашылық белгілерін табады; әртүрлі қасиеттері, белгілері бойынша заттарды топтайды.
Ойын – сабақтар көмегімен тәрбиеші тек қана белгілі білімді бермейді, көріністерді қалыптастырады, сонымен бірге балаларды ойнауға үйретеді. Балаларға арналған ойындар негізі ойын барысын құрайтын қалыптасқан көріністері, заттармен жасалатын әртүрлі ойын қозғалыстары болып табылады. Содан кейін бұл білімдер мен көріністерді өздігінен шығармашылық ойындарына тасымалдауға жағдайлар жасау маңызды.
Мақсаты: Балаларға дидактикалық ойын элементтерін үйрету арқылы, ой - өрісін дамыту. Жаңа технология элементтерін пайдалана отырып, балаларды адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу. Баланың ойын ұштай түсіп, ұстамдылыққа, еңбектене білуге тәрбиелеу. Балалардың сөздік қорларын молайту, ойынға деген қызығушылығын
арттыру
Міндеттері:
- Балалардың дидактикалық материалдарды қалыптастыруда ойлау қабілеттерін арттырып,ақыл-ойын дамыту;
дидактикалық материалды түсіндіру кезінде күнделікті өмірмен байланыстыра
отырып, тақырыпқа сай тәрбиелеу;
- шығармашылықпен байланысты практикалық біліктер мен дағдылары қалыптастыру,сөйлеу мәдениетін дамыту.
- дидактикалық ойындар олардың атқаратын қызметі, олардың құрылымдары, негізгі түрлері, әдістемесі және оларға басшылық жасау туралы жалпы түсінік беру;
білім беру саласы бойынша дидактикалық ойындарды таңдау және жүйелеу.
Өзектілігі: Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. Сұлтанмахмұт Торайғыров «Балалықтың қанына ойын азық» деп бекер айтпаған. Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады.
Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті – ойын, сондықтан да оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады.
ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМДАРЫ
Дидактикалық ойындардың құрылымдары негізгі бес бөлімнен: дидактикалық мақсат, ойын мақсаты, ойын әрекеттері, ойын ережесі, нәтижеден (қорытынды шығару) тұрады.
Дидактикалық мақсат педагогпен құрылады және оқыту мақсатын көздейді. Дегенмен ғылыми негізделген және әдістемелік салыстыра тексерілген дидактикалық мақсаттың анықтамасы балаларға ереже ретінде қызық емес. Сондықтан дидактикалық міндет – ойын мақсатына балалардың алдына қойылатын және олардың сабақтағы ойын әрекетін дәлелдейтін мақсатқа ауыстырылады. Мысалы, дидактикалық мақсат зат есім туралы мәліметті жалпылау және жүйелеу болса оны ойын мақсатына ауыстырғанда келесі түрде болуы мүмкін: топта кім зат есімнің жақсы білгірі екенін анықтау. Сонымен, дидактикалық мақсат балаларға жұмбақ. Баланың барлық зейіні ойын әрекетін жүзеге асыруға бағытталған, ал оқыту мақсатын олар қабылдамайды. Балалар білім, білік және дағды кешендерін еріксіз меңгергенде, бұл ойынды оқытудың өте сирек түріне айналдырады.
Ойын әрекеттері – бұл ойын қызметінің бөлек элементтері. Ойын әрекеттері неғұрлым әртүрлі болса, соғұрлым ойын балаларға қызықты болады. Мысалы, ойын барысында балалар әртүрлі рөлдерді «ойнайды», жұмбақтар шешеді, қарсыластарына тапсырмалар ойлап табады және т.б. Ойын әрекеттері ойынның түпкі ойын жүзеге асырады және дидактикалық міндеттерді шешу қажеттігін анықтайды.
Дидактикалық ойынның ережесі тек қана ойын қызметін (күнделікті ойындағыдай) басқару қажеттілігін емес, сонымен бірге дидактикалық міндетті, сондай-ақ баланың жеке тұлғасының қалыптасуындағы жалпы міндеттерді қамтамасыз етеді.
Қорытынды шығару ойынның соңында болады және оның міндетті компоненті болып табылады. Мысалы, алынған ұпайлар санын есептеу, ойын тапсырмаларын барлығынан артық орындаған балаларды айқындау. Қорытынды шығаруда әрбір баланың жетістігін, артта қалған балалардың табыстарын айрықша баса айту қажет.
Дидактикалық ойынның барлық құрылымдық компоненттері өзара байланысты, олардың кез келгенінің болмауы немесе тиімсіз жүзеге асуы барлық технологияның нәтижесіне сөззіз жағымсыз әсерін тигізеді.
ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
Дидактикалық ойындарды ұйымдастыру педагогпен негізгі үш бағыт бойынша жүзеге асады: дидактикалық ойынды өткізуге дайындық, оны өткізу және талдау.
Дидактикалық ойындарды өткізуге дайындық төмендегідей:
- тәрбиелеу мен оқыту міндеттеріне сәйкес ойындарды таңдау: білімдерін тереңдету және жалпылау, сенсорлық қабілеттілігін дамыту, психикалық үдерістерін ( есте сақтау, зейін, ойлау, сөйлеу) белсендіру және т.б.
- таңдалған ойынның балалардың жас ерекшеліктеріне, тәрбиелеу мен оқыту бағдарламалары талаптарына сәйкестігін белгілеу;
- дидактикалық ойынды өткізуге қолайлы мезгілді (ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті кезінде немесе сабақтан бос күн тәртібінің басқа мезгілдерінде) анықтау;
- балалар басқа балаларға кедергі жасамай, асықпай ойнайтындай,ойнайтын орынды сайлау;
- ойнаушылардың санын ( топтың барлығы, кіші топтар, жекеше) анықтау;
- таңдап алынған ойынға қажетті дидактикалық материалдарды( ойыншықтар, әртүрлі заттар, суреттер...) дайындау;
- тәрбиешінің өзінің ойынға дайындығы: ол ойынның барысын, өзінің ойындағы орнын, ойынға басшылық жасау әдістерін оқып білу және ұғыну;
- балалардың ойынға дайындығы: ойын міндетін шешуге қажетті, қоршаған орта заттары мен құбылыстары туралы түсініктермен және біліммен байыту.
Дидактикалық ойындарды өткізуде атқарылатын жұмыстар:
- балаларды ойын мазмұнымен, ойында қолданылатын дидактикалық материалдармен (заттарды, суреттерді көрсету, олар туралы ойын барысында білім мен түсініктерді айқындайтын балаларға қысқаша кеңес) таныстыру;
- ойын барысын және ережесін түсіндіру, сонымен бірге тәрбиеші ойын ережесіне сәйкес, ережелердің орындалуына, балалардың жүріс-тұрысына назар аудару;
- ойын әрекеттерін көрсету, ойын барысында тәрбиеші балаларды қимылдарды дұрыс орындауға, қарама-қайшы жағдайда ойын қажетті нәтижеге келтірмейтінін ( мысалы, егер балалардың біреуі көзді жұмудың орнына ашып қараса) дәлелдей отырып, үйрету;
- тәрбиешінің ойындағы атқаратын рөлін, оның ойыншы, жанкүйер, төреші ретінде қатысуын анықтау. Тәрбиешінің ойынға тікелей қатысу шамасы балалардың жасына, олардың дайындық деңгейіне, дидактикалық мақсат пен ойын ережесінің күрделілігімен анықталады. Ойынға қатыса отырып, педагог ойыншылардың қимылдарына бағыт (кеңес, сұрақ, ескерту) береді;
- ойын қорытындысын шығару – бұл ойынға басшылық жасаудағы жауапты сәт, мұнда балалардың жеткен нәтижелері есептеледі, нәтиженің тиімділігі анықталады, осы нәтижелерді өзінің дербес ойын әрекеттерінде қызығушылықпен қолдану ұсынылады. Қорытынды шығару кезінде тәрбиеші жеңіске жету жолы тек қана қиындықтарды жеңу, ынта және тәртіптілік арқылы болатынын түсіндіріп айтады.
Дидактикалық ойындарды ұйымдастыру мен жүргізу педагогикалық тұрғыдан бірқатар шарттарға байланысты:
1. Ойынның сабақтың дидактикалық мақсатына сәйкестігі.
2. Ойындардың мазмұны мен формасына қарай әртүрлілігі.
3. Ойынның балаларға түсінікті және тартымды болуы.
4. Ойынға қатысушылардың белсенді шығармашылық позициясы.
5. Ойынның эмоционалды болуы.
Осы шарттардан ойынды ұйымдастыруға мынадай әдістемелік талаптар қойылады.
1. Ойынның мақсаты және керекті көрнекті құралдар мен материалдар күні бұрын дайындалып отыруы тиіс.
2. Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібі оқушыларға әбден түсіндірілуі қажет.
3. Ойынға топтағы балалардың барлығының қатысуын қамтамасыз ету керек.
4. Оларды ойын үстінде ойлай білуге, шешім қабылдай білуіне жетелеу керек.
Дидактикалық ойындар жинағы.
1 кіші тобы
«Ауадағы шарлар»
Мақсаты: Дидактикалық ойын арқылы балаларды үлгіге қарап, алты түспен( «қызыл», «сары», «жасыл», « көк», «қоңыр», «сарғыш» ) таныстыру көзделеді.
Көрнекі құралдар: Фланелеграф, қағаздан немесе картоннан жасалған алты түсті дөңгелектер 12х3 алынады.
Жүру барысы: Ақ қағазға алты түсті жіңішке жолақшалар желімделген соң түстеріне сәйкес келетін дөңгелектер жапсырылады. Тәрбиеші:
- Балалар бізде түрлі - түсті ауа шарлары бар және жіптері де сондай түсті. Қазір ол шарлар фланелеграф тақтайшасында әр түрлі қашықтықта пайда болады деп, ескертіп, түсін айта отырып, тігінен, орналастырамыз. Ал, енді қазір осы жіптерге бірден шар байлаймыз. Бір шарды алып, сондай түсті жіпке бастыра қояды. Осыдан кейін 2 - 3 бала кезекпен шарларды байлайды. Егер бала түсті табуға қиналса тәрбиеші көмекке келеді.
«Тышқанды жасыру»
Мақсаты: Балаларда 6 түс туралы( «қызыл», «сары», «жасыл», « көк», «қоңыр», «сарғыш» ) түсінік қалыптастыру.
Көрнекі құралдар: 6 түсті қағаз (20х15) Ақ шаршы (18х8)
Ортасында орналастырылған. Ақ шаршыда тышқанның ұясы салынған. 6 шаршы – есіктер (10х10) Мысық жұмсақ ойыншық.
Балаларға таратылатын құралдар: жоғарыдағыдай өлшемі кішірек заттар: түрлі - түсті қағаздар (10х8) ақ шаршы(5х5), түрлі - түсті қағаз шаршылар (6х6(
Ойын барысы:
Тәрбиеші балаларға жасыр» ойынын ойнаймыз дейді. Алдымен
ойын ережесімен танысайық. Менде тышқандардың іні бар. Тақтаға 3 інді қояды да, қасына 6 түсті шаршы қояды. Мінекей балалар көрдіңдер ме?
- Тышқандар терезелерінен қарап тұр. Осы тышқандарды тығу үшін шаршыларды қолданып терезелерді жабамыз, есік түсі үй түсімен сәйкес болу керек. Әйтпесе мысық тышқандарды ұстап алады. Тақтаға үш баланы шақырып, терезелерді жабуын сұрайды.
Егер қателескені болса кері шақырып дұрыстатқызады. Осы кезде мысық шығады. Таба алмаған соң кетіп қалады.
«Сыңарын тап»
Мақсаты: Ұлттық үлгідегі киімдер жайында түсінік беру. Аяқ киімдердің түр - түсіне, көлеміне, пішініне және ою - өрнегіне байланысты сыңарын таба білуге. Ер адамдар мен әйел адамдар киетін аяқ киім үлгілерінің ерекшеліктеріне назар аудару, ұлттық ою - өрнек элементтерінің қолданылуы жайындағы ұғымдарын жетілдіру. Зейінін тұрақтандырып, есте сақтау қабілетін дамыту.
Көрнекіліктер: Түстері бірдей, ою - өрнек элементтерінде айырмашылықтары бар. Пішініне қарай бірнеше аяқ киім түрлері алынады.
Ойын ережесі: Педагог балалармен ұлттық ою - өрнек түрлерін көрсетіп, атын таныстырады. Берілген аяқ киімдердің бірінен айырмашылығын ажыратып сыңарын табуға көмектеседі. Тапсырма беріледі.
Ойынға басшылық:
Педагог алдындағы қораптағы ұлттық үлгідегі аяқ киімдердің суреттерін көрсетіп, балалардан сұрайды. Мысалы: етік, мәсі, кебіс, саптама. Осылардың ішінен әйелдер киетін аяқ киімді бөлек қоюды ұсынады. Қолына алған аяқ киім сыңарын іздейді. Егер сыңарын дұрыс тапса қандай ерекшелік байқағанын сұрайды
«Кемпірқосақ»
Мақсаты: Балаларды түстер жүйесімен таныстыру. Спектрдегі түстердің орналасуымен таныстыру
Көрнекіліктер: «Кемпірқосақ» суреті.
Толық аяқталмаған кемпірқосақ қағаздары. Жапсыруды аяқтауға ареалған жеті түсті жолақшалар. Жапсыру құралдары.
Ойын ережесі: Балалардан жауыннан кейінгі шығатын кемпірқосақты кімнің көргенін, онда қандай түстер бар екенін сұрап, ойын құралдарын тақтаға іледі, түстерді толық атын атап орналастырады. Жеке балалардың алдарына ойын құралдары үлестіріліп балалар өз бетімен жұмысты үлгіге қарай отырып орналастырады.
Заттардың түсін ажыратайық»
Мақсаты:Заттың түсін ажырата білуге балаларды жаттықтыру;
өз - ара бір - біріне жақын түстерді ажырата білуге: қызыл - сарғыш, қызыл - ашық қызыл, ашық қызыл - сия көк түс, көк - көгілдір.
Ойын құралдары: Түстері өз - ара жақын екі зат бейнеленген суреттер: қызанақ пен сәбіз, роза гүлі мен түймедақ. Бір сурет бейнесі тұтас жапсырылған да, екінші жанындағы сурет бейнесінің пішіні ойылған. Ойылған беті қалташа етіп жасалған.
Ол қалташаға төртбұрышты түсті қағаздар салынады.
Балалардың түстерді игеруімен қатар зат есім мен сын есімді
байланыстыра сөйлеуі, сөйлемде жұрнақ қосып айтуы
қарастырылады Мыс: көгілдір гүл, қызанақ қызыл, ал сәбіз
сарғыш.
Дидактикалық ойын: «Не қалай дауыстайды?»
Мақсаты: Дыбыстардың дыбысталуын бекіту. Тілдегі дауыс ырғағының мәнерлілігін дамыту.
Құралдар: үй жануарларының төлдердің суреттері.
Шарты: балаларда заттық суреттер (үй жануарларынын төлдері). Тәрбиеші: баланың қолындағы қандай жануардың төлі барын анықтап сұрайды. ( қошақан). Қошақанның енесі қандай жануар? Тәрбиеші: қошақан енесі қалай шақырады? Қошақан Ме-ме-ме. Тәрбиеші қошақанның дауысын имметация арқылы дауыстайды. Суретін көрсетеді. Тәрбиеші солайынан қалған төлдермен жаттығуды жалғастырады.
«Футболшылар»
Мақсаты: Балалардың негізгі және қосымша түстерді айыра білуге үйрету. Түстерді топтай білуге. Ашық және қою түстерді қолдануда сөздіктерді орнымен қолдана білу.
Ойын құралдары: Дене бөлігі ойылған, 5 футболшы бейнеленген, 2 ұзын қаты қағаздан жасалған конверт. Бірінші команда ақ, екінші команда қара төменгі киімде. 5 - ашық түс, 5 - қою түстегі тіктөртбұрышты түсті картондар.
Ойын барысы:
Педагог тақтаға футболшылар бейнеленген 2 конвертті қояды. Ал жанына түрлі - түсті тіктөртбұрыштарды шашыраңқы етіп жаяды. Әңгімелеу: « Сендердің алдарыңда екі футбол тобы тұр. Сол жақтағы топ «Күншуақ» тобы, ал оң жақтағы топ « Найзағай» тобы. Оларды неге бұлай атағаны сол: «Күншуақ» тобы үнемі ашық түсті киім киеді де ал «Найзағай» тобы қою түсті киім киеді.
Бүгін киімдері ретсіз шашылып жатқасын олар өз киімдерін таба алмай отыр. Қане бәріміз бұл футболшыларға киімдерін таңдауға көмектесейік. Педагог алдын ала ойынды өзі ойнап көрсетеді. Тақтаға екі бала шақырылып қандай топты киіндірілетіні сұралады.
«Қандай түстер қолданылған?»
Мақсаты: Бір түстің 2 реңкін ажырата білуге, түс реңктерін бейнелеп айтудағы сөзді сөйлем ортасына қолдана білуге жаттықтыру: күрең қызыл, ашық сары, ашық сарғыш.
Құралдар:
5 түстен құралып жапсырылған әтеш бейнесі.( ол қызыл, сарғыш,, көк, қоңыр, және сары түс) Әр бір түс екі реңктен бейнелеп көрсетілген. Суреттің төменгі жағында 10 шаршы сызылып, бөлінген. 10 түрлі түсті шаршылар.
Ойын барысы:Педагог бұл әтешті жапсырып жатқанда 5 түсті қолданғанын, ал 5 түстің қосымша реңктерін де пайдаланғанын айтады. Балалар сол түстің реңкімен бірге шаршылар арасынан тауып бірге ұяшыққа қоюы тапсырылады.( Мыс: әтештің айдары мен сақалы қызыл ал, етігі күрең қызыл – дейді. Бала осы екі аталған түстердегі шаршыларды алып бейненің астындағы шаршыға орналастырады.
«Ыдыстардың шыны аяқтарын табуға көмектес»
Мақсаты: Алты түсті меңгертуді үйретуге жаттықтыру.
Құралдар: 6 түсті ( «қызыл», «сары», «жасыл», « көк», «қоңыр», «сарғыш» ) шыны аяқ силуеттері.
Ойын барысы: Педагог тақтаға жолақ қалталары бар суретті іліп, шыны тарелкелерді қойып шығады. Бала осы ған сәйкес түсті саптаяқты іздеп, шыны аяқ үстіне қояды.
«Қуыршақты серуенге киіндіріп, шығарайық»
Мақсаты: Негізгі түстерді меңгеруге, киім атауын атай білуге және сөйлемде қолдана білуге жаттықтыру.
Ойын құралдары: 4 түсті пальто киген қыздар / панносы/көк, қоңыр, қызыл, жасыл,
Ойын барысы:
Педагог балаларға қуыршақтың серуенге шығатындығын, ол үшін
Қуыршақтың үстіндегі пальто түсіне сәйкес бас және аяқ киімдерді
таңдап алуға көмектесулерін сұрайды. Балалар түрлі түстердің арасынан өзіне қажетті киімдерді таңдап киіндіреді.
Дидактикалық ойын: «Сенің ойыншығын қандай?»
Мақсаты: Сөздік қорын заттардың қасиеттері мен сапасын (көлемі, түсі, пішіні, қандай материалдан жасалғаны және не үшін керектігі) білдіретін сөздермен толықтыру.
Шарты: Арбадағы ойыншықтарды балаларға таратылады.
Тәрбиеші: Қол ұстасып, тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Бір-бірімізге қарайық,
Күліп ойын бастайық! Деп балаларды жауапқа тартады.
Мысалы: Мынау қуыршақ. Мынау басы, екі көзі, екі аяғы, екі қолы бар. (егер балалар қиналып жауап бере алмаса, тәрбиеші түсіндіріп көмектеседі; киімнің түсімен шашына назар аударады; қуыршақпен қалай ойнайтынын түсіндіреді)
Дидактикалық ойын: «Қандай көлік артық?»
Мақсаты: Ойлау тыңдау қабілеттерін одан ары қарай дамыту.
Құралдар: көлік түрлері (жеңіл көлік, автобус, трамвай, кеме, жедел жәрдем, өрт сөндіруші көлігі, троллейбус, маршрутті такси, ракета, ұшақ)
Шарты: жеңіл көлік, автобус, трамвай, кеме – артық көлікті тап.
Балаларға тапсырма: Біздің қаланың көшелерінде қандай көлік жүрмейді
«Түрлі – түсті көйлектегі бишілер»
Мақсаты: 1. Кемпірқосақ түстерінің орналасу реттілігі мен түстің атауын білуді бекіту. 2. Қуыршақтардың көйлектері мен түстері жайлы әңгімелей білуге жаттықтыру.
Ойын құралдары:
1. Бас киім және көйлектері ойылған 7 қуыршақ бейнесіндегі ұзын жолақша қатты қағаз.
2. 7 түсті тіктөртбұрышты қағаз (қызыл, сарғыш, сары, жасыл, көгілдір,, көк, сиякөк)
3. Кемпірқосақ суреті.
Ойын барысы:
Педагог балалардың көз алдына тақтаға қуыршақтар бейнеленген
жолақшаны қояды да былай деп әңгімелейді: 7 дос қыз алаңға шығып билемекші болады. Бір сәт аспанда кемпірқосақтың асылып тұрғанын көріп қалған қыздар, дәл сол кемпірқосақтың түсіндей болып көйлек кимекші болады. Бірақ кемпірқосақ түсінің қалай орналасқанын ұмытып қалыпты. Ал, сендер білесіңдер ме? Міне кемпірқосақтың түстеріне ұқсас 7 түсті тіктөртбұрышты пішіндер.
Қане қыздарымызға көмек берейік.
Жолақшаға бір - бірлеп түсті тіктөртбұрышты ретпенен орналастырады. Бұл түсті кемпірқосақтың түстерімен салыстыра отырып орындайды. Тексеру мақсатында қуыршақтың қандай түсті бас киім мен көйлек кигендіктерін сұрайды. «Бірінші қуыршақ қызыл бас киім мен қызыл көйлек киді» ойын соңында түстердің қызылдан сия көкке ауысқандығына назар аударады.
«Түрлі - түсті гүл шоғын құрастыр»
Мақсаты:1. Жылы және суық түстерді айыра білуге және олардың аталуын белсенді сөздік қорында бекіту.
2. Балалардың сөйлеу тілінде зат атауын жалпылама айта білуді бекіту.
Ойын құралдары:
1. Гүлдің жасыл сабағы мен жапырағы бейнеленген 2 құмыра суреті ілінеді. Гүл сабағының ұштарына нейтрал түстен дөңгелек (сұр, ақ) жапсырма қағаз жапсырылады. 1 ші құмыраға жылы, 2 ші құмыраға суық түсті ою - өрнекпен әшекейленген.
2. Түрлі - түсті қатты қағаздан қиылған гүл қауыздары: олар,
Суық түстер: көгілдір, көк, сия көк және жылы түстер: сары, сарғыш, қызыл, түсті гүл қауыздары. Олардың астыңғы бетіне жапсырма қағаз орнатылған.
Ойын барысы:
Педагог балаларға екі құмыраға гүл шоқтарын құрастыруларын сұрайды. 1 ші құмыраға жылы - отқа ұқсас түстерден:, ал 2 ші құмыраға суық - аспан, су, мұз түстес түстерден гүлдерді жинау сұралады. Тақтаға 4 бала шақырылады. Балалар екі топқа бөлініп, құмырадағы гүл шоғын құрастырып болғасын өз гүл шоқтары жайлы сөйлем құрайды. Мыс:» Мен сары, сарғыш, қызыл түстерден гүл шоғын құрастырдым»
« Жылы және суық түстер»
Мақсаты: Жылы және суық түстерді айыра білуге және олардың аталуын белсенді сөздік қорында бекіту.
Балалардың сөйлеу тілінде зат атауын жалпылама айта білуді бекіту.
Ойын құралдары: Тақтаға аққала мен күн суреттері ілінеді.
Аққала суреті айналасында су, мұз, бұлт түстеріне ұқсас - көк, көгілдір, сия көк түсті дөңгелек пішіндер ілінеді. Күннің айналасында жылы - от, күнге жақын түстер - сары сарғыш, қызыл, жасыл түсті дөңгелектер ілінеді
Ойынға басшылық.
Педагог балалардың назарын тақтадағы күн мен аққалаға назар аудартады. Жылы түстер – дегенде біздің ойымызға күн, немесе от бейнесі түсуі керек. Қараңдаршы қандай түстер екен: сары, қызыл, сарғыш, жасыл түстер. Суық түстер қандай түстер екен - көк, сия көк, көгілдір. Педагог екі түсті араластырып түстерді ажыратып орнына қоюын сұрайды.
«Суретші қай жыл мезгілін салды?»
«Сайқымазақтарды киіндір»
Мақсаты: түстер туралы алған білімдерін тиянақтау.
Ойын құралдары:
1. Спектр түстері бейнеленген дөңгелек қатты қағаз. Дөңгелектің ортасында қозғалмалы сағат тілдерімен, ақ түсті киімдегі билеп тұрған кейіптегі сайқымазақтар суреті орналасқан.
2. 2 - 2 ден жартыға қиылған сайқымазақ киімдерінің қиындылары. Астыңғы бөлігінде жапсырма қағаздары орнатылған болуы керек.
Ойын барысы:
Педагог балаларға спектр түстері, олардың орналасу тәртібі жайлы
түсінік береді. Сарғыш түстен кейін сары, одан кейін жасыл, көгілдір, көк, сия көк, қызыл түс. Сағат тіліне қарсы тұрған түсті алып 2 түстерді атап, сайқымазақтардың киімін киіндіреміз. Түстерді атап сөйлем құрастыра білуіміз керек. Сайқымазақтарды киіндіріп болғаннан кейін, олардың түстерінің ерекше қанық, айқын екендігіне назар аударады.
«Шыршаны безендір»
Мақсаты: Түстердің реңкі бойынша топтастыра білуге үйрету.
Құрал - жабдықтар: Көлемі 30х50 планшет, түрлі - түсті қатты қағаздан қиылған шырша және шырша ойыншықтары.
Ойынға басшылық: Балаларға шырша ойыншықтарының қиылған пішіндері үлестіріледі. Мольбертке қиылған шырша бейнесі ілінеді. Педагог:
- Балалар, жақында балабақшада шырша мерекесі аталып өтті, барлығы көңілді болды. Әдемі ойыншықтар мен безендірілген шырша жанында өлең айттық, би биледік, аяз атадан сыйлық алдық. Аяз аталарыңа барлығы да ұнапты. Ол кетер алдында мына кішкентай шырша мен ойыншықтарды сендерге тастап кетті.
Қане, мына шыршаны сол ойыншықтар мен безендірейік. Мен кез келген түсті айтамын кімде сол түс болса ойыншығын шыршаға іледі. Ең бірінші қызыл түсті ойыншықтарды ілеміз. Қызыл түсті ойыншықтары бар балалар ойыншықтарын іле бастайды. Қалған балалар достарының қателігін түзейді. Осыдан кейін сарғыш, көк, жасыл т. с. с түстерді атайды.
« Жылы және суық түстер»
Мақсаты: Жылы және суық түстерді айыра білуге және олардың аталуын белсенді сөздік қорында бекіту.
Балалардың сөйлеу тілінде зат атауын жалпылама айта білуді бекіту.
Ойын құралдары: Тақтаға 2 жылы және суық түстерден құралған жұмырқұрттар суреттері ілінеді.
1 ші жұмырқұрт суреті айналасында су, мұз, бұлт түстеріне ұқсас - көк, көгілдір, сия көк түсті дөңгелек пішіндер ілінеді. 2 ші жұмырқұрт айналасында жылы - от, күнге жақын түстер - сары сарғыш, қызыл, жасыл түсті дөңгелектер ілінеді
Ойынға басшылық.
Педагог балалардың назарын тақтадағы 2 түсті жұмырқұртқа аудартады. Жылы түстер – дегенде біздің ойымызға күн, немесе от бейнесі түсуі керек. Қараңдаршы қандай түстер екен: сары, қызыл, сарғыш, жасыл түстер. Суық түстер қандай түстер екен - көк, сия көк, көгілдір. Педагог екі түсті араластырып түстерді ажыратып орнына қоюын сұрайды.
«Натюрморт, пейзажды құрастыр»
Мақсаты: балалардың бейнелеу өнері жанрлары жайлы түсінік қалыптастыра отырып, қиылған зат бейнелерінен натюрморт, пейзаж картиналарын құрастыру.
Ойын құралдары: қағаздан қиылған жеміс, ыдыс, өсімдік, гүл
бейнелері
«Түсіне қарай орналастыр»
Дидактикалық мақсаты: балалардың 6 түс туралы алған білімін бекіту. Заттардың әр түрлі сыртқы ерекшеліктеріне./ пішін, көлем, атқару қызметіне / назар аудармай отырып түстерді айыру
Құралдар: Әр балаға 10х10 см түрлі - түсті 6 шаршыға бөлінген /30х20 см/ жолақша қатты қағаз. Ұсақ қатты қағаздан ойылған ойыншықтар бейнесі.
Ойынға басшылық:
Балалар біздер қазір «Түсіне қарай орналастыр» ойынын ойнаймыз.
Сендердің алдарыңда түсті жолақша бар. Ал, қандай түсті ойыншықтар бар екен? Мынау не? / Көк түсті машинаны көрсетіп,/
- Машина.
- Ал, мынау не? /Қызыл түсті машинаны көрсетіп/
- Машина.
- Ал олардың қандай айырмашылы бар? /екеуін бірге ұстап қатар қояды/ Егер балалар жауап беруге қиналса педагог өзі көмектеседі.
« Олар бірдей ме екен? Айырмашылығы неде? Дұрыс, біреуі көк түсті, ал екіншісі қызыл түсті. Басқада ойыншықтардың түстері ажыратылып орналастырылады
«Пішіндер қандай болады?»
Дидактикалық мақсаты: балаларды дөңгелек және шаршы пішіндерімен таныстыру. Геометриялық пішіндерді зерттей білуге / саусақпен шеттерін сипап айналдырып шығу, атын атау/
Құрал - жабдықтар: Қуыршақ. Көрнекі жабдық: қатты қағаздан жасалған үлкен дөңгелек және шаршы пішіндері.
Таратуға арналған жабдықтар: әр балаға 3 тен әр түсті дөңгелек және шаршы пішіндер беріледі.
Ойынға басшылық:
Тәрбиеші балаларға қонаққа Құралай атты қуыршақ келгендігін, оның қолында себет бар екендігін айтады.
- Қане, себетте не бар екен? Тәрбиеші себеттен қалташаларды алып ішіндегі қызыл және көк дөңгелек пен шаршыларды шығарады.
- Ой, балалар қараңдаршы қуыршақ бізге түрлі - түсті пішіндер ала келіпті. Мынау дөңгелек. Мен саусағыммен былай сипап ұстап шығамын. Енді маған Досан келіп қуыршаққа дөңгелекті саусақпен қалай айналдырып шығатындығын көрсетеді. Ал, қазір ауада саусақтың ұшымен дөңгелектің суретін салып көрсетейік.
- Ал, мына пішін шаршы – деп аталады. Мен шаршының шетін де саусақпен айналдырып, сипап шығамын. Менің саусақтарым тіке жылжып барып шаршының бұрышына келгенде тоқтайды. Тоқтап барып бұрыштан бұрылады. Тағыда жылжып, барып, бұрыштан бұрылады. Енді бәріміз де ауада шаршының суретін салып көрсетеміз. Әрі қарай қатты қағаздан қиылған пішіндерді көрсетіп қайталатады. Барлық балаға қалташалардағы дөңгелек және шаршы пішіндерді екі қатарға қоюлары сұралады. Көмек сұраған балаларға
Тәрбиеші көмекке келеді.
«Пішіндерді тап»
Дидактикалық мақсаты:Балалардың геометриялық пішіндер туралы алған білімдерін бекіту. Көрсетілген үгіге қарай отырып пішіндерді таңдауға үйрету. Саусақпен пішін шетін жүргізу және беттестіру арқылы геометриялық пішіндерді зерттеуді бекіту.
Жабдықтар:
Көрнекіліктер: қатты қағаздан қиылған дөңгелек, шаршы, үшбұрыш, сопақша, тіктөртбұрыш.
Таратуға арналған құралдар. 5 геометриялық пішіндер жинағы.
Ойынға басшылық
Тәрбиеші дөңгелектің шетін саусақпен ұстап көрсетіп балалардан былай деп, сұрайды.
-«Мына пішінді қалай деп атаймыз?
Сопақша пішінді де саусақпен шеттерін сипап көрсете былай деп сұрайды?
- Ал, мына пішін қалай деп аталады? Басқада пішіндерді қайталап сұрап шығады. Содан кейін барып тапсырма беріледі. Балалардың алдында дәл осындай пішіндер жатады. Алдарындағы жолақтағы пішіндердің үстіне қолдарындағы пішіндерді апарып беттестіп анықтаулары сұралады.
«Геометрилық пішінге ұқсас заттарды тап»
Дидактикалық мақсаты: геометриялық пішіндер мен заттардың ұқсатығын таба білуге үйрету.
Жабдықтар: геометриялық пішіндер дөңгелек, шаршы, үшбұрыш, тіктөртбұрыш, сопақша және 3 - 4 осы пішіндерге ұқсас заттар. Шығыршық.
Ойынға басшылық:
Балалар орындыққа жартылай шеңбер болып отырады. Ортада 2 үстел қойылып, оның біріншісіне геометриялық пішіндер ал, екіншісіне ұқсас заттар қойылады. Тәрбиеші мына пішіндерді мен көрсетіп, шығыршықты біреуіңе домалатамын. Шығыршықты ұстаған бала мына үстелдегі заттар арасынан осы пішінге ұқсас затты тауып береді. Табылған зат жоғары көтеріліп, қол шапалақталады.
«Қапшықта не жатыр?»
Мақсаты: Балалардың зат пен пішіндер арасындағы ұқсастықты айра білу туралы білімдерін бекіту.
Құрал - жабдықтар: геометриялық пішіндер жинағы.; әр түрлі пішіндегі ойыншықтар: ағаш шарлар, жұмыртқа,, бочкалар, доптар,, шырша бүрлері,, жидектер,, жемістер,, көкөністер,/ дөңгелек және сопақша пішіндегі/, ілгектер / шаршы және дөңгелек пішіндегі/
Ойынға басшылық:
Балалар жартылай шеңбер болып тәрбиеші алдында отырады. Үстелдің бір шетіне геометриялық пішіндер қойылады.. Қапшық тәрбиеші қолында болады. Балалар қапшық ішіндегі заттарды біртіндеп алып., атап, пішіні қандай геометриялық пішінге ұқсас екендігін айтады. Қиналған балаларға педагог тың өзі көмек береді.
- Мынау жұмыртқа ол сопақша пішінді. Ойын аяғына дейін ойналады.
«Үш шаршы»
Дидактикалық мақсаты: « үлкен», «кішкентай», « орташа», «ең үлкен», «ең кішкентай», «кішірек» сөздерін қолдана отырып, 3 заттың көлемін салыстырмалы түрде ажырата білу.
Жабдықтар: Тақта. Көлемдері 3 түрлі шаршылар./ балаларға да осындай таратуға арналған жабдықтар/
Ойынға басшылық: Тәрбиеші балаларға өзінің қолындағы шаршы пішінінің бар екендігін көрсетеді.
- Балалар менің қолымда 3 түрлі шаршы бар.
- Үлкен шаршы.
- Орташа шаршы.
- Кіші шаршы. Енді сендер маған өз қолдарыңдағы шаршыларды көрсетіңдер. Ең алдымен үлкен шаршыны көрсетіңдерші. Содан кейін орташа шаршыны көрсетіңдер. Барлық пішіндерді атап болғаннан кейін балаларға шаршылардан мұнара құрастырулары сұралады. Мұнараны қалай қандай пішіндерден бастап құрастыруларын өзі көрсетеді./ ең үлкені төменде, орташасы ортасында, кішісі ең жоғарыға қойылады.
2-ші кіші тобы
1. Диадактикалық ойын: «Дұрыс айт»
Мақсаты: [Б] дыбысын дұрыс айтуға үйрету. Сөйлеу қарқынын өзгерте білу ептілігін дамыту.
Шарты: Балалар сүреттерді пысықтай отыра, атауларын айтады, [Б]сы бар сөздерге тоқталып екпін қойып айтады.
Мысалы:Тәрбиеші: Мына саңдықтын ішінде не бар екенің көрейік? (затты суреттер).
Бұл затты суреттерге мұқият қарасаңдар, онда қандай дыбыс тұратының білесіңдер. (тәрбиеші өзі айтады балық - [Б] автобус, бақа, бота,сабын, шыбын, көбелек, бұлбұл, бақбақ, табақ)
Балалар саңдыққа жақындап суреттерді алып атауын айта отыра [Б]-на екпін қойып айтады, тәрбиеші балалардың жауаптарын қадағалайды, көмектеседі.
Балалар суреттерін тақтадағы ілініп тұрған жолақшаға тізіп қояды.
Дидактикалық ойын: «Сенің ойыншығын қандай?»
Мақсаты: Сөздік қорын заттардың қасиеттері мен сапасын (көлемі, түсі, пішіні, қандай материалдан жасалғаны және не үшін керектігі) білдіретін сөздермен толықтыру.
Шарты: Арбадағы ойыншықтарды балаларға таратылады.
Тәрбиеші: Қол ұстасып, тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Бір-бірімізге қарайық,
Күліп ойын бастайық! Деп балаларды жауапқа тартады.
Мысалы: Мынау қуыршақ. Мынау басы, екі көзі, екі аяғы, екі қолы бар. (егер балалар қиналып жауап бере алмаса, тәрбиеші түсіндіріп көмектеседі; киімнің түсімен шашына назар аударады; қуыршақпен қалай ойнайтынын түсіндіреді)
Дидактикалық ойын: «Қандай көлік артық?»
Мақсаты: Ойлау тыңдау қабілеттерін одан ары қарай дамыту.
Құралдар: көлік түрлері (жеңіл көлік, автобус, трамвай, кеме, жедел жәрдем, өрт сөндіруші көлігі, троллейбус, маршрутті такси, ракета, ұшақ)
Шарты: жеңіл көлік, автобус, трамвай, кеме – артық көлікті тап.
Балаларға тапсырма: Біздің қаланың көшелерінде қандай көлік жүрмейді
Дидактикалық ойын: «Кімге не керек?»
Мақсаты: түрлі мамандық иелері құралдарын (тәрбиеші, дәрігер, аспазшы, көмекші) басқаратыны туралы түсініктерін кеңейту.
Құралдар: ыдыстар: кастрюль, қазан, шайнек, ожау, плита; фонендоскоп, ойыншық шпателі, шприц, ақ халат, тонометр; кітап, доп, қалам, машинанын рулі.
Шарты: Балаларды үстелдін үстінде (ыдыстар: кастрюль, қазан, шайнек, ожау, плита; фонендоскоп, ойыншық шпателі, шприц, ақ халат, тонометр; кітап, доп, қалам, машинанын рулі) тұрған ойыншықтарға жақындатып сұрайды: (мына заттардың ішінен кімнің заты? кімге жұмысына не қажет?) деп сұрайды.
Тапсырма: мамандықтарға байланысты заттарды атап, қоржынға салады.
Тәрбиеші: әр баладан жауап алады. Қоржынға салған заттын атын сұрап бекітеді.
Дидактикалық ойын: «Аталған ағаштың суретін тап»
Мақсаты: белгісіне қарай аталған ағашты тез тауып алуға машақтандыру.
Құралдар: шырша, аққайын, терек, емен, бұталар.
Шарты: Топтын ішінде балаларға көрінетіндей ағаштар мен бұталар суреттері тұрады. Тәрбиеші өсімдіктердің атауын атап, балалар тез сол ағаштын суретін тауып жанына барып тұру керек.
Дидактикалық ойын Лото «Көкөністермен жеміс жидектертер»
Мақсаты: Көкөністермен жемістерді бір бірінен ажыратуға үйрету.
есте сақтау қабілеттерін жетілдіру.
Құралдар: көкөністермен жеміс жидектердін суреттері
алма, ақтүйнек, шие; пияз.
алмұрт, қызанақ, жүзім, сарымсақ.
өрік, қияр, қара өрік, асқабақ.
апельсин, орамжапырақ, қызылша, құлпынай.
банан, кәді, қарбыз, таңқұрай.
лимон, сәбіз, қауын, қарақат. барлығы:6 үлкен карточкалар, 24 ұсақ карточкалар
Шарты: Ойынды 6 баладан ойнауға болады. Балалардың алдында үлкен карточкалар жатады. Ұсақ карточкалар суретімен үстіне қарап тәрбиешінің қолында болады.Тәрбиеші карточканы алып, атауын атап, немесе балалардан сұрайды.
Балалар алдында тұрған карточкаға қарап анықтап отырады, егер балада дәл сондай карточка болса өзіндегі суретті жабады. Кімде үлкен карточкасы толығымен ұсақ карточкаларымен тез жабылса, сол жеңімпаз болады.
Дидактикалық ойын: «Қандай жемісті алдың?»
Мақсаты: жемістер (алма, алмұрт, өрік) туралы түсініктерін кеңейту. Есте сақтау қабілеттерін одан ары қарай жетілдіру, үлгіге сүйене отыра байланыстырып сөйлем құрастыру іскерліктерін дамыту.
Құралдар: әр балалада үлгі тірек суреттері.
Шарты: Үстел үстінде (муляждар, ұсақ заттық суреттер) турады, балалар өздеріне 1-2 ұнаған жемістерді алып, үлгі тірек суретке қарап қандай жеміс алғанын пысықтап әңгімелеп беру керек.
Үлгі суреттін макеті: қағазға 1. пішіні; 2. түсі; 3.көлемі; 4. қайда өседі?; 5. не жасап дайындауға болады?. туралы суреттері салынады:
Мысалы: Алма-дөңгелек, сары, үлкен. Алма баубақшада өседі. Алмадан тосап дайындайды.
Дидактикалық ойын: «Кім неге барсын?»
Мақсаты: Тыңдау, есту қабілеттерін дамыту. Сурақтарға жауап беруге үйрету.
Құралдар: топта алдын ала (атанын, ағаштын, нандын суреттері А-3 форматында салынған болу керек).
Шарты: Тәрбиеші: балаларға мына сөздерді айтып тұрады , балалар белгіленген суреттерге барып, неге осы суретке барғанын түсіндіру керек:
Тәрбиешінің сөздері:
Тіл алғыш бала нанға барсын,
Тілазар бала талға барсын.
Тілі тәтті бала атаға барсын.
Баланың беретін жауабы:
Нан – тамақ болады,
Тал – таяқ болады,
Ата – қонақ болады.
Дидактикалық ойын: «Қандай құс?»
Мақсаты: Есту қабілеттерін жетілдіріп, тілдегі дауыс ырғағының мәнерлілігін сезінуіне мүмкіндік туғызу. Дауыс және артикуляциялық аппаратын дамыту.
Құралдар: Таспаға жазылған құстардың дауыстары, құстардың суреттері; құстардың басқа киетін масқалары (бет пердесі)
Шарты: балалар шеңбер бойы отырады. Шымылдықтын артынан құстардың бас қиімін (бет пердесін) 1 бала киіп дауыстайды (тәрбиешінің нұсқаулығымен) шеңберде отырған балалар ойланып тауып алады. Барлықтары жасырылған құстын қимылын жасайды. Таспа қосылып баланың айтылған дауысымен салыстырылынады, құстын суреті тақтаға ілінеді. Дұрыс тапқан бала шымылдықтын артына барып бас қиімді тандайды. Солайынан ойын жалғаса береді.
Дидактикалық ойын: «Қайсысы қалай дауыстайды?»
Мақсаты: Балалардың есту қабілеттері мен зейіндерін дамыту.
Шарты: Қарғада кішкентай балапаны болды (қарғанын балапанын суретін қояды). Оның анасы оны әң айтуға үйретті. Қарға әңді дауысын қатты шығарып айтты: «ҚАР-ҚАР» (балалар қайталап отыру керек).Балапан дауысын ақырын шығарып : «қар-қар» (балалар қайталайды 3-4 рет). Балалапан өсіп ұшып кетті (балапанның суретін басқа жаққа қояды) қарға анасы балапаның шақырады дауыстап:
(балалар анасы сияқты шақыру керек «ҚАР-ҚАР»).
Қарғанын балапаны анасынын дауысын естіп дауысын ақырын шығарып «қар-қар» деп ұшып келеді. Қарға –анасы қатты қуанып: қалай дауысын шығарады?
Балалар:«ҚАР-ҚАР» деп жауап береді.
Дидактикалық ойын: «Не қалай дауыстайды?»
Мақсаты: Дыбыстардың дыбысталуын бекіту. Тілдегі дауыс ырғағының мәнерлілігін дамыту.
Құралдар: үй жануарларының төлдердің суреттері.
Шарты: балаларда заттық суреттер (үй жануарларынын төлдері). Тәрбиеші: баланың қолындағы қандай жануардың төлі барын анықтап сұрайды. ( қошақан). Қошақанның енесі қандай жануар? Тәрбиеші: қошақан енесі қалай шақырады? Қошақан Ме-ме-ме. Тәрбиеші қошақанның дауысын имметация арқылы дауыстайды. Суретін көрсетеді. Тәрбиеші солайынан қалған төлдермен жаттығуды жалғастырады.
Дидақтикалық ойын: «Көжекті дыбыстарды естуге үйретеміз»
Мақсаты: Дауыс және артикуляциялық аппаратын дамыту.
Қуралдар: қапшықтағы әр-түрлі заттық суреттер Шарты: Көжек суретте қандай зат салынып тұрғанын айтады, егер көжек қате айтса, сеңдер оған көмектесіңдер деп түсіндіреді.
үлкі – балалар «түлкі»
зын – «ұзын»
ұлақ – «құлақ»
ысық– «мысық»
ойын сонында көжек барлық суреттерді дұрыс айтады.
Дидактикалық ойын: «Мен не жасадым?»
Мақсаты: Балалардың тіл қорларын дамыту, қысқы киімдер атауын атауға үйрету, әрекетке қарап сипаттап сөйлем құрастыра білуге жаттықтыру.
Шарты:Тәрбиеші қуыршақты алып, киімдерін киіндіріп, сипаттайды киіндіреді балалармен бірге шешеді.
-пальто кидім және... шештім
-түймелерді түймеледім және... ағыттым
-жағаны көтердім және... түсірдім
-бөкебайды орадым, байладым және... шештім
-қолғапты кидім... шештім
-етікті шештім... кидім
Балалар біз бірінші қолғап киіп алсақ, сонан сон түйме салаламыз ба?
Дидактикалық ойын: «Не артық»
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын арттыра отыра, жекеше көпше айта білуге үйрету.
Шарты: Балалар бас киімнің (аяқ киімдер) үш түрі және киімнің бір түрі салынғаның карточкаларда көріп, артық затты анықтайды, бір сөзбен айтады және көпше түрге айналдырулары қажет. (бас киімдер деп, аяқ киімдер деп)
Дидактикалық ойын «Менімен қайтала»
Мақсаты: Балаларды «а», «у» дыбыстарын сөздерде, буындарда таза, анық айтуға үйрету: гу, му, ну, ух,
Шарты: - Айслудың үйінде нелер бар екенін көрейік: тауық, қаз, балапан, бұзау, Балалар картачкалардағы суреттерге қарап нелер бар екенін атай отыра олардың қалай дыбыс білдіретіндерін айтады.
Маса өлеңі- зу-зу-зу
Қоңыз өлеңі- жу-жу-жу
Даулпаз өлеңі- бум-бум-бум
Пойыз өлеңі- чух-чух-чух
Сиыр өлеңі - му-му-му
Көкек өлеңі- ку-ку-ку
Дудочка өлеңі- ду-ду-ду
Жел өлеңі- у-у-у-у
Дидактикалық ойын: «Қара да, айт»
Мақсаты: сөздік корларын молайту, 2-3 сөзден сөйлем құрастыру
Шарты: Суретке қарап шырша туралы әңгіме құрастыру,
-Шырша қайда өседі?
-Шырша қайда тұр?
-Біз шыршаға қандай сөздер айтамыз?
-Шыршаны кесуге болама?
Дидақтикалық ойын «Не жасырылғанын тап»
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту.
Шарты: Тақтада 4 жиһаздың суреттері ілулі тұр, балалар көздерін жұмады, бір сурет алынады, балалар қандай сурет жоқ екенін табады.
Дидақтикалық ойын «Диастың бөлмесі»
Мақсаты: Сөйлеу мәдениетін одан ары қарай жетілдіру. Сөздерден байланыстырып сөйлем құрастыруға үйрету.
Шарты: Балаларға жиһаздарды көрсетіп орындық, шкаф, үстел, диван, т.с. жиһаздардың бөліктерін атауды ұсынды.
Тәрбиеші: -Балалар біз бүгін Диасқа қонаққа келдік.
-Диас бізге өз бөлмесін көрсетеді.
Балалар Диастың бөлмесінде не бар?
Орындықтың несі бар?
Үстел ...
- Ол,қандай пішінге ұқсайды?
Шкаф ...
Диван ...
Тәрбиеші балаларға: «арқа, қол,сирақ, тек жиһаздарда»
Дидактикалық ойын: «Көпше- жекеше»
Мақсаты: Көпше- жекеше» Сөздерге жалғауларды дұрыс жалғауға дағдыландыру.
Шарты: Тәрбиеші суретті немесе заттарды көрсетіп бастайды,ал балалар жалғастырады.
«Мен бір пиала көрдім, ал көк пиалалар көп екен.
«Мен бір таба көрдім, ал ала табалар көп екен т. с.
Дидактикалық ойын: «Қайсысы ұзын-қысқа»
Мақсаты: Ойлау қабілеттерін дамыта отыра антоним сөздерін айтуға үйрету,.
Шарты: Допты алған бала жауап береді.
-Етік ұзын, ал бәтеңке...- қысқа
Футболкасы жеңі қысқа, ал жейденің жеңі ...-ұзын
Көйлек ұзын, ал шорты... қысқа
Пальто ұзын, ал күртеше...қысқа
Гольф ұзын, ал шұлық...қысқа
Дидактикалық ойын: «Естіп алақаныңды соқ»
Мақсаты: сөздерді [Ш] дыбыстарды атап беру, артикуляциялық аппаратын дамыту, дауыс ырғағы бойынша жұмысты жалғастыру, ойлау қабілеттерін дамыту.
Шарты: Балалар сөздерде «шаңсорғыш, тоңазытқыш, электро шам» [Ш] дыбыстарды естіп алақаныңды соғады дыбыстарды атап береді. Бірнеше сөзді қағып алып қысқа сөз құрастырады.
Дидактикалық ойын: «Не үшін керек»
Мақсаты: Заттардың қасиеттері мен сапасы, көлемі, түсі пішіні және не үшін керектігі білдіретін сөздерді айтып, сөздік қорын молайту.
Шарты: Мольбертке суреттерді тізіп іледі де пысықтайды.
-Нені көріп тұрсыңдар?
-Көлемі қандай? Түсі қандай?
-Бұл зат қандай пішінге ұқсайды?
-Олар адамдарға керек пе?
Дидактикалық ойын: «Әтештің отбасын тап»
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін одан ары қарай жетілдіру, заттарды атап үйрету.
Шарты: Балалар, суретерінің арасынан үй құстарының тауып алады, атайды, түсіндіреді
Дидактикалық ойын «Көңілді доп»
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін одан ары қарай жетілдіру. Сөзден байланыстырып сөйлем құрастыруға үйрету.
Шарты: Тәрбиеші допты лақтырады, допты ұстап алған бала маманның іс-әркетін айтады
Дәрігер--- емдейді
Аспасшы-- пісіреді
Шаштаразшы- қиады
Тігінші- тігеді
Құрылысшы- үй салады
Жүргізуші- машина жүргізеді
Сатушы- сатады
Дидактикалық ойын: «Сиқырлы қорап»
Мақсаты: Балаларды мамандардың өз ара ажыратуға үйрету. Аталған құралдардан жалғауларды дұрыс жалғауға үйрету. Сөзден байланыстырып сөйлем құрастыруға үйрету.
Шарты: Қорапшаның ішінен қолмен сипап сезу арқылы заттың атауын табады және ол құралдар кімнің құралы екенін және ол не үшін қажет екндігін атады.
Мысалы: фен- шаштаразшыға, ол шашты кептіреді, әшекелейді
Дидактикалық ойын: «Ойлан, тап»
Мақсаты: Балалардың зейінділігн арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту және сөздегі дыстарды нақты анық айта білуге үйрету.
Шарты: Балаларға тақтаға (машина, ұшақ, кеме, мотоцикл, велосипед, қайықтар, ұшақ, тікұшақ) суретін іліп атауларын ататқызады да балаларға 1 минут көздерін жұмғыздырып бір суретін алып тастайды немесе орындарын ауыстырады. Бала жоғалған немесе орны ауысқан суретті табуы қажет. Ойын ары қарай жалғаса береді.
Балалар жасырылған затты атайды
Сөздік ойын «Кім үлкен, кім кіші»
Мақсаты: Сөздік корын байыту, үлкен ретінде сыйлауды, мейірімділік пен қамқорлық көмектесуді тәрбиелеу. Отбасы туыстық қатынасты білдіретін сөздерді үйрету.
Шарты: Тәрбиеші үйдің отбасы мүшелерін а суретін көрсетіп аттарын дұрыс ататады.
( әке мен бала, ана мен қызы, ата мен әке...), Әр отбасы мүшесіне жеке жеке сыйлау, мейірімділік, қамқорлық сөздерді айтқызу.
Мысалы: Әже, жоғара шығыңыз, отырыңыз, әжетайым, өтіңіз, әуре болмаңыз т.б.
Дидактикалық ойын: «Басқаша айт»
Мақсаты: Ана сөзіне сын есімдер қосып айтуға үйрету.
Шарты: Балалар аналарына арнап сөздер айтады. «Ана» сөзіне сын есімдер қосып айтады( анашым, апатайым, ақ анам, гүл анам)
Дидактикалық ойын: «Не қайтеді?»
Мақсаты: Табиғаттағы құбылыстардың шығаратын дыбыстарының аталуын және жануарлар мен құстарға қатысты сөздер үйрету.
Шарты: Балаларға ұсақ таратпа суреттер(найзағай жарқылы, жаңбыр, бұлақ,құлын, гүлдер, құс) беріледі. Суретте не бейнеленгенін және оның не істейтінін айтады:
Найзағай н/с күннің жарқылы -күн күркірейді
Жаңбыр-сіркірейді.
Дидактикалық ойын: «Не қандай?»
Мақсаты: Ұлттық тағамдардың атауын меңгерту, зат есімге сын есімді қатыстырып қолдануға үйрету. Қарама-қарсы сөздерді белсендіру.
Шарты: Балалардың қолына екі түрлі тағам суреті салынған карточкалар беріледі.Балалар, әр тағамның қандай екенін айтады.
Мысалы: Қант тәтті - тұз ашты; Құрт қатты – май жұмсақ, т.б.
Дидактикалық ойын: «Ал сенде не бар?»
Мақсаты: Зат есімге көптік жалғауын жалғауға үйрету.
Шарты: Тәрбиешінің қолында карточкаларда қайың, терек, шырша ағаштарының бір данадан суреттері болады. Балалардың қолында әр ағаштың
3-4 суреті салынған карточкалар болады.
Мысалы:
Тәрбиеші: Менде шырша бар, ал сенде не бар?
Бала: Менде шыршалар бар.
Дидактикалық ойын «Көпір»
Мақсаты: Байланыстыра сөйлеуге үйрету, етістіктерді белсендіру, ойлау қабілетін дамыту.
Шарты: Жүргізуші балаларға алдымен бір заттың суретін одан кейін екінші қолына басқа заттың суретін көрсетеді(немесе фланель тақтаға орналастырып көрсетеді). Балалар екі суретті байланыстыратын «көпір» сөзді ойлап табады.Балалар кезектесіп жауап береді.Мысалы: «сауысқан» және «ағаш» байланыстырушы сөз «ағашқа қонды», «ағашқа ұя салды», т.б. болуы мүмкін.
Дидактикалық ойын «Не, қайда?»
Мақсаты: Үстеулерді атай білуге үйрету, құстар сияқты дыбыстауға еліктеуге үйрету.
Шарты: Балаларға шырша ағашына қонып отырған торғай және оның астында отырған қарға суреті беріледі. Тәрбиеші балаларға сұрақтар қояды, балалар сұрақтарға жауап береді.
Мысалы: -Қандай құстарды көріп тұрсыңдар?
-Торғай қайда отыр?
-Қарға қайда отыр?
-Қай құс жылы жылы жақтан ұшып келді?
-Торғай қалай шырылдайды?
-Қарға қалай қарқылдайды?
Дидактикалық ойын «Қарға қалай тамақтанды?»
Мақсаты: Байланыстыра сөйлеуге үйрету,заттар арасындағы кеңістіктерге назар аударту, үстеулерді белсендіру.Балаларды септік жалғауларын жалғауға үйрету.
Шарты: Қарғаның әрекеттері салынған суреттері және түрлі табиғаттағы және даладағы нысандар суреті , магнитті немесе фланель тақтаға орналастырып отырады, сұрайды:
-Қарға не істеп отыр?/Қарға отыр
- Қарға қайда отыр?/Ағаштың үстінде
- Енді қарға не істеді?/ Тамақ іздеді
- Оның қарны ашып тамақ іздей бастады.Қане, барлығымыз бірге іздейік. Ол ағаштың артын қарады, ауладағы шелектің ішін қарады, сәкінің астын қарады.
-Енді қайда барды?
-Ол не істеді?
-Неге ол басын тесікке сұқты.
Ойын барысында осындай сұрақтар қойылып, балалар қарғаның тамағын табады.
Дидактикалық ойын: «Қандай»
Мақсаты: Сөйлем құруға машықтандыру, көктем туралы білімдерін белсендіру.
Шарты: Тәрбиеші ойынды жүргізеді.Көктем туралы айтатындықтарын түсіндіреді. Допты бір біріне беруді және допты алған соң «Көктемде...» сөзімен бастау қажеттігін айтады.
Мысалы:
Көктемде... күн жарқырайды.
Көктемде қар ериді.
Көктемде су ағады.
Дидактикалық ойын «Мен айтамын, сен тап»
Мақсаты: Сын есім сөздерді белсендіру, жәндіктер туралы білімдерін бекіту.
Шарты: Тәрбиеші ішінде жәндіктердің муляждары немесе қима картон суреттері жасырылған қорапты ұстап тұрады. Балалар кезек-кезек жәндіктерді сипаттайды.Жәндіктердің негізгі ерекшеліктері айтылған соң, тәрбиеш қораптан сол сипаттамаға сәйкес келетін жәндікті алып береді.
Мысалы:
Бала: Оның аяқтары көп. Ол еңбекқор.Ол күшті.Илеуде өмір сүреді.Оның түсі қара, қоңыр болады.
Тәрбиеші: Қорап ондай жәндік бар дейді.Қане, көрейік ол не екен.Қораптан құмырсқаны алып шығады. Ойын осылайша жалғасады. Балалар өздері сипаттап тұрған жәндіктің атын атмаса да болады.
Дидактикалық ойын «Менде ... бар»
Мақсаты: Сөздің грамматикалық құрылымын дұрыс құруды жетілдіру.Сын есімдерді зат есімдермен байланыстыра айтуға үйрету.
Шарты: Тәрбиеші допты бір балаға береді «Сенде не бар?» сұрағын қояды.Допты алған бала «Менде қызыл көйлек бар» т.с.с айтады.Допты бір-біріне беріп отырады.
Дидактикалық ойын «Басқа сөзбен айт»
Мақсаты: Синонимдік қатар құруға үйрету арқылы балалардың сөздік қорын молайту.
Шарты: Тәрбиеші фланель тақтаның ортасына сарбаз кекінді суретін орналастырады. Балаларға сарбазды қандай сөзбен айтуға болатынын айтуларын сұрайды. Қолдарына медальдар береді.Балалар кезек-кезек өз сөздерін айтып медальді сарбаздың жан-жағына орналастырады.
Мысалы: Сарбаз-батыр.
Дидактикалық ойын «Не қалай жуынады?»
Мақсаты: Сөздік қорларын байыту, тазалыққа тәрбиелеу.
Шарты: Мұғалім балаларға жануарлардың жуынып жатқан сәті бейнеленген суретті көрсетеді.
-Барлық жануарлар мен жәндіктер де жуынғанды жақсы көреді. Олардың жуынғандарын көргендерің бар ма? Мына суреткке қараңдаршы.
Тәрбиеші:-Мысық қалай жуынады?
Балалар: -Аяқтарымен және тілімен.Жалайды, суды жағады.
Тәрбиеші:- Дұрыс, ал, тышқан ше?(т.с.с)
Суретте түрлі жануарларды және құстардың тұмсытарын суға шылап тұрған суреттерін де көрсетуге болады.
Дидактикалық ойын : «Сөз ойлап тап»
Мақсаты: Сөздік қорын дамыту, заттың сипатын беретін сөздерді белсендіру.
Шарты: Балалардын бақ-бақтың қандай және неге ұқсайтындығын айтуларын өтінеді.Тәрбиеші бақ-бақтың пішінін, түрін, сипатын беретін сөйлемді бастайды, балалар өз сөздерімен аяқтайды.
Мысалы:
Тәрбиеші:- Бақ-бақ сары ...
Бала: күнге ұқсайды.
Т: Ол дөңгелек...
(Жұмсақ...)
Дидактикалық ойын : «Алаңқай»
Мақсаты: «Ж» дыбысын белсендіру, естіп қабылдауды дамыту.
Шарты: Тәрбиеші фланель тақта пайдаланады.Балалардың алдына ұсақ қима суреттер болады.(ішінде құрамында «ж» дыбысы кездесетін жануарлар мен жәндіктердің суреті болады: жапырақ, жасыл құрт, қонжық, көжек, т.б)
Тәрбиеші суреттен өзі атаған суретті тауып алуды өтінеді. Суретті фланель тақтаға орналастырып отырады.
Дидактикалық ойын : «Бір сөзбен ата»
Мақсаты: Жалпы атауға, топтастыруға үйрету.
Шарты: Тәрбиеші фланель тақтаға жануарлар/жәндіктер/құстар суреттерін іледі.Балалардан олардың атауын атауды және бір сөзбен біріктіруді сұрайды.(Мысалы: жылқы, сиыр, түйе, шошқа, қой, ешкі,ит, мысық суреттері.Балалар: Үй жануарлары)
Дидактикалық ойын : «Нені жақсы көреді?»
Мақсаты: Байланыстыра сөйлеуге үйрету, сұраққа толық жауап беруге дағдыландыру.
Шарты: Әже балаларға өзінің жануарларын қоректендіруге көмектесулерін сұрайды. Ойында Магнитті тақтада ойнайды. Балалар жануардың біреуін алып атайды оның не жақсы көретінін айтып суретін жанына орналастырады.
Ит- Ит сүйекті жақсы көреді.
Жылқы-Жылқы шөп жейді
Мысық- Мысық сүт ішеді. Т.б.
Ортаңғы топ
«Көңілді доп»
1-ші нұсқа.
Мақсаты: Аталған сөздерді жекеше, көпше түрде айту.
Керекті құрал жабдықтар:Доп
Шарты: Балалар тәрбиешіні айнала шеңбер бойымен тұрады. Тәрбиеші допты лақтыра отыра сөз айтады допты қағып алған бала сол сөздің көпше түрін айтып допты кері қайтарады. (бастамасында жүргізуші ролін тәрбиеші бастаса кейін балалар жүргізуі қажет)
Мысалы: Тәрбиеші-Тәрбиешілер.
2-ші нұсқа.
Мақсаты: Септік жалғауларды дұрыс жалғап айтуға үйрету.
Мысалы:
-Іш ауырса,тіс ауырса біз барамыз кімге?
-Дәрігерге барамыз
3-ші нұсқа.
Мақсаты: Сөйлемді толықтыра отыра грамматика құрлымын дұрыс құруға үйрету.
Мысалы: Аспазшы ас пісіреді.
«Ұйқасын тап»
Мақсаты: Дыбысты дұрыс айтуға және байланыстыра сөйлеуге үйрету. Керекті құрал жабдықтар:Табылатын ұйқас сөздердің бейнесі немесе суреті тақтада ілулі тұрады.
Шарты:Балалар жарты шеңберде жүргізуші ролі тәрбиешіде. Жүргізушінің айтқан буындарына балалар суреттерге қарап ұйқасын тауып айтады.
Мысалы: Ла-ла-ла-көңілді... БАЛА
Қа-қа-қа-көлде бар... БАҚА
«Мозайканы құрастыр»
Мақсаты: Туған жер туралы алған білімдерін жадында жаңғырту.
Керекті құрал жабдықтар: Тұрғылықты аудан, қала, орталықтардың негізгі, маңызды нышандар мен ғимарат суреттері алты бөлікке бөлінген суреттер.
Шарты: Балалар екі немесе үш топқа бөліне отыра жүргізіледі. Әр топқа 3-4 суреттер қиындысы беріледі. Балалар суретті құрастыра отыра ол нышан немесе мекеме ғимараттары бойынша ақпараттар жинақтайды айтадыбөліседі.
Мысалы: Туған қаланың көрнекі ғимаратының суретін құрастыру, ол туралы әңгімелеу.
«Кімнің құралы?»
Мақсаты: Өмірлік тәжірибелеріне сүйене отырып түйіндеме жасауға үйрету, себеп салдарын түсіндіру.
Керекті құрал жабдықтар: Балабақша қызметкерлерінің суреттері және олардың құрал жабдықтарының суреттері. ( аспазшы, тәрбиеші, тәрбиешінің көмекшісі, мед бике, кір жуушы)
Шарты: 2-3 топқа бөлінген балалар алдына мамандық иелерінің суреттері және бірнеше заттардың суреттері беріледі де балалар әр құралды тиісті суреттің жанына орналастырады, орналастыру себебін түсіндіреді.
«Бір сөзбен ата»
Мақсаты: Жалпы атау қолдануға үйрету.
Керекті құрал жабдықтар: көкөністер, жемістер, баубақша суреттерінде ағаштар және көкөніс өсіруге арналған жер телімінің суреті.
Шарты: Мазмұнды бақша суретіне көкөністермен жемістерді өсу заңдылығына сәйкес орналастырып, түйіндеме, түсіндіру жүргізу.
«Жыл мезгілі»
Мақсаты: Күз мезгіліне тән құбылыстар мен заттарды атап үйрету. Себеп салдарын айтуға дағдыландыру.
Керекті құрал жабдықтар: Алмалы салмалы фланелді тақта немесе пано және жыл мезгілдеріне байланысты құбылыстар мен сюжетті суреттер.
Шарты: Берілген құрастырмалы суреттен артық заттар мен құбылыстарды алып тастайды, себебін айтады; қажет суреттермен толықтырады,себебін түсіндіреді.
«Сиқырлы себет»
Мақсаты: Жемістер мен көкөністерді ажыратуға және сипаттауға үйрету, дыбыстық артикуляцияняң айтылуына көңіл аудару.
Керекті құрал жабдықтар: Тары толған себет, жеміс жидектер мен көкөністердің муляждары.
Шарты: Балалар жарты шеңберде отырады алма кезек келіп тары толған себетке қолдарын салып, ішінен бір затты сипап сезу арқылы сипаттап айтады және оның не зат екенін анықтайды. Алып шыарып алып неге жататынын анықтай отыра дыбыстық артикуляциясы бойынша қайталап айтады.
«Естіп алақаныңды соқ»
Керекті құрал жабдықтары: Айтылатын жеміс жидектер мен көкөністердің суреттері
Шарты:Балалар шеңбер айнала тұрады, жеміс жидектер мен көкөністер атауларын нақты бір дыбысқа бағыт береді. Содан соң бірнеше атауларын айтады анықталынған немесе берілген дыбысы бар атауды естігенде балалар алақандарын соғуы қажет. Суретін тауып көрсетеді.
Мысалы: «А»» дыбысы бар жемісті табу: Өрік,алма, шие,алша, т.б.
«Қандай жеміс?»
Мақсаты: Сипаттау арқылы пішін, түр, дәмге қатысты сөздерді меңгеру.
Керекті құрал жабдықтар: Жемістердің суреттері мен муляждар.
Шарты: Екі үш үстелдер үстінде жемістер суреттері мен муляждар беріледі. Балалар үстелдерге бөліне отыра жемістердің түр сипаты мен дәмін анықтайтын сөздерді айтады.
Мысалы: қышқыл, тәтті, жұмсақ, қатты, бұдырлы, дөңгелек, жабысқақ, т.б.
«Тең бөліп бер»
Мақсаты:Зат есімге септік жалғауын жалғап айтуға үйрету.
Керекті құрал жабдықтар: Мазмұнды сурет. Дастархан басында отырғанқоян, аю, кірпі, қарға, алма және алма бөліктерінің суреттері.
Шарты: Алма бөліктерін ертегі желісі бойынша бөліп бере отыра септік жіктік жалғауларын қоса отыра айту.
Мысалы: Бірінші бөлігі қоянға. Өйткені ол бірінші көрді.
«Не болды, не шықты»
Мақсаты: Ертегі желісінің реттілігін анықтай білу.
Керекті құрал жабдықтар: Ертегі желісінің мазмұны бейнеленген суреттер.
Шарты: «Нан қайдан шықты» ертегісі желісі бойынша орналастыру. Ертегіні байланыстыра отыра мазмұндап айтып беру. (шынжыр әдісі бойынша жүргізіледі)
Жануарлар мен құстар
«Қайсысы қалай дыбыстайды»
Мақсаты: Шағын әңгіме желісіндегі жануарлар мен құстарға сәйкес омоним, синоним сөздерін айтуға үйрету
Көрнекі құрал жабдықтары. Сиыр, ит, тауық, балапан суреттері және флонел тақта.
Шарты: Тәрбиеші балапанды фланел тақтаға орналастырады.Сұрақ қою арқылы әңгіме желісін балаларға жалғастыруға мүмкіндік береді.Балалар кезектесіп жануарлардың суретін әңгіме желісі бойынша орналастырып, оның қалай дыбыстағанын айтады,орналастырады.
Мысалы:Үрпек, жарық дүние, қора, мөңірейді, шиқылдайды, үреді,қыт-қыттайды
«Мен жасырған құсты тап»
Мақсаты:Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс артикуляциясын айтуға үйрету
Керекті құрал жабдықтар: торғай,бұлбұл,сауысқан,қарлығаш үлестірмелі суреттері
Шарты:Тәрбиеші жұмбақтарды жасырып айтады, балалар өз алдарында жатқан суреттердің ішінен жұмбақтың шешуін тауып көрсетеді, атауын атайды.
Тәрбиеші:1)Өзі сақ, Бүйірі ақ 2) Отырысы томпиған, Құйрығы бар шолтиған 3)Ән салады жырлайды,Үйде біртұрмайды
«Дұрысын айт»
Мақсаты: Алған білімдерін жадында жаңғырту,байланыстыра сөйлеуге үйрету
Керекті құрал жабдықтар: түйенің өркеші, ешкінің құйрығы, жылқының құйрығы, қойдың төрт аяғы, жылқының құлағы, сиырдың мүйізі үлестірмелі суреттері.
Шарты: Балаларға суреттер таратылады.Әр бала өз қолына түскен суретке қарап қай жануар екенін табады, суретте не бейнеленгенін айтады.
«Зообаққа саяхат»
Мақсаты: шағын әңгіме құрастыру барысында бейнелік қимылдар қолдануға үйрету.
Керек құрал жабдықтар: зообақтың сюжетті суреті, керік, піл, зебра, маймыл, аю.
Шарты: Балалар өздері көрген суреттегі жануар туралы айтып, қимылмен бейнелейді.
« Сөз ойла, тез ойла».
Мақсаты: Қыс мезгілінің ерекшелігін ажырата отырып маңызды сөйлем құрастыруға үйрету, сөздік қорын молайту.
Керек құрал жабдықтар: Сюжетті сурет(омбы қар,жел соққан, қар ұшқындары, бұлт жапқан аспан)
Шарты: Балалар жарты шеңбер жасап тұрып суретте көргендері бойынша қыс мезгіліне байланысты сөздерді ойлап табады.
Мысалы: -Қыс келді.----
-Күн суық,----
-Қар жауып,-----
«Жыл мезгілі»
Мақсаты: Қыс мезгіліне тән құбылыстар мен заттарды атап үйрету. Себеп салдарын айтуға дағдыландыру.
Керекті құрал жабдықтар: Алмалы салмалы фланелді тақта немесе пано және жыл мезгілдеріне байланысты құбылыстар мен сюжетті суреттер.
Шарты: Берілген құрастырмалы суреттен артық заттар мен құбылыстарды алып тастайды, себебін айтады; қажет суреттермен толықтырады,себебін түсіндіреді.
«Экскурсия».
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілеттерін жетілдіру. Шапшаңдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Керекті құрал жабдықтар: Қазақстан республикасының рәміздері, Мемлекеттік ту, елтаңба, ән ұран суреттері,Кең байтақ дала суреті.
Ойын шарты: Балалар жұптасып тұрады, алдында "Жүргізуші", оның қолында руль. Балалар шеңбер бойы жүріп отырады.
Тәрбиеші: Қызыл шам жанды Тоқта!
Ары қарай жол жоқ онда.
Әйнектерді ашыңдар,
Көшелерге зейін салыңдар
Сәл ойланып көріңдер,
Жауап шапшан беріңдер.
(Қандай көшеге келдік? Қаладағы: банк, пошта, сот, нарық, бәйтерек, Ақорда, ханшатыр т.с.с. ірі фотоға түсірілген суреттерді көрсетеді.)
Балалар: Бұл Бәйтерек.
Тәрбиеші: Жасыл шамды қосамыз, ары қарай біз барамыз.
«Аталған ағашқа жүгір».
Мақсаты: Ағаштар мен бұталарды ажырата білуге және байланыстыра сөйлеуге үйрету.
Керек құрал жабдықтар: ағаштар- емен, қарағай, шырша, аққайың, терек, үйеңкі,шадыра; бұталар - итмұрын, таңқурай, қарақат, тұшала т.с.с.
Шарты: Балаларға ағаштар мен бұталардың суреттері таратылады. Тәрбиеші ағаштың немесе бұтаның бет бейнесі мен белгілерін айтып тұрады. Балалар алдында жатқан суреттерге қарап, қандай ағаш, бұта туралы айтылып жатқанына қарай тауып алуларфы керек.
«Сипаттап бер».
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін одан ары қарай жетілдіру. Сөзден сөйлем байланыстырып құруға үйрету.
Керек құрал жабдықтар: Жабайы аңдардың суреттері
Шарты:Балалар жабайы аңдардың суретіне қарап ол туралы жалпы сипатын айтып береді.
Мысалы: - Түлкі - жүйрік, арам, құ, түсі /киген тоны /қызыл-сарғыш,.
Қасқыр -_ .
Аю - _ .
Қоян -_ .
Доңыз -__ .
Бұғы -_ .
Тышқан -_ .
Тиын -_ .
«Қайсысы қалай және немен қорғанады?»
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін одан ары қарай жетілдіру. Сөзден сөйлем байланыстырып құруға үйрету.
Керек құрал жабдықтар:ашулы қасқыр(тістері көрінген), түлкі ұлпа құйрығымен ізін жасырған, ақ қоян, мүйізі қарағайдай бұғы .
Шарты:Балаларға үлестірмелі суреттер таратылады.Балалар ортаға шығып қолындағы суретте берілген жануардың қалай және несімен қорғанатынын айтады.
Тапсырма: Аңдар орманда жауларынан немен қорғанады?
Мысалы: Қасқыр өткір тістерімен, жыртқыш тұяғымен.
Бұғы ______ .
Аю ______ .
Кірпі шешен_____ .
Доңыз ______ .
Қоян ______ .
«Қайсысы қысты қалай өткізеді?»
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін одан ары қарай жетілдіру. Сөзден сөйлем байланыстырып құруға үйрету.
Керек құрал жабдықтар: Қысқы ормандағы аңдардың тіршілігі. Сюжетті сурет
Шарты: Балалар суретке қарап тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді.
Тапсырма:Сұрақтарға жауап бер.
1. Қандай аңдар қысқа азық дайындайды?_
2.Қандай аңдар қыста ұйқыға батады.? _
3. Қандай аңдарға адам астауға көрек, жем дайындап береді? _
4. Қандай аңдар қар астынан өздеріне көрек тауып жейді? _
5. Қандай аңдар қыста жүн терісінің түсін өзгертеді?-
«Кім көп айтады?»
Мақсаты: Балаларды сөздердегі дыбыстарды анық айтуға жаттықтыру.
Керек құрал жабдықтар :қысқы ойын түрлерінің суреттері(шаңғы тепкен бала, хоккей ойнаған бала, коньки тепкен , қар атысқан балалар,шана теуіп жүрген балалар)
Шарты: Алдын ала топта, үстел басында бір-неше қыс мезгілінде ойнайтын ойын түрлері және оларға арналған заттар ілініп тұрады.
Тәрбиеші балаларға тақтада және үстел үстінде орналасқан суреттерге назар аударындар деп ұсыныс жасайды. Суреттердін ішінен қыс мезгілінде ойнайтын ойындарды атап берген балаларға мадақтап спорт құралын(шайба, доптаяқ) береді.Көп спорт құралын жинаған бала жеңімпаз атанады.
« Жаңа жылда шырша қандай?»
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілеттерін жетілдіру, сөздік қорын жаңа сөздермен молайту. Байланыстыра сөйлеуге үйрету.
Керек құрал жабдықтар: Шырша, қағаздан қиылған ілмегі бар шырша ойншықтары
Шарты: Балалар алдарында тұрған шыршаға қарап ол туралы айтады.
Мысалы: биік, жасыл, қадалғыш, әдемі.
Тәрбиеші балаларға шырша ойыншықтарын таратады.Балалар шыршаны безендіріп, оның қандай болып шыққаны туралы айтады.
Мысалы:мерекелі, салтанатты, жарқырап тұр, әдемі, әйбәт, жасыл, биік, қадылғыш.
«Шыршада не өседі?» сөздік ойыны
Мақсаты: Балалардың тындау, есту қабілеттерін дамыту. Заттарды өз ара салыстыруға, анықтауға үйрету.
Шарты: Тәрбиеші заттарды атап отырады, егер олар шыршада өссе балалар "Иә" деп келісіп қолдарын көтереді. егер келіспесе қолдарын көтермейді де үндемейді.
– Не өседі шыршада?
- ойыншықтар неше түрлі?
– Иә!
– Кәмпиттер мен шоколад?
– Иә!
– Машина мен самокат?
– …
– Не өседі шыршада?
- Моншақтар мен сақина?
– Иә!
– Сирпантин мен Маскалар?
– Иә!
– Үлкен, үлкен жастықтар?
– …
– Не өседі шыршада?
Түрлі-түсті суреттер?
– Иә!
– Аппақ гүлді көйлектер?
– Иә!
– Пима және етіктер?
– …
«Не қайда тұр?»
Мақсаты: Балаларды бөлмелеріндегі тұрған жиһаздарды атап беруге үйрету. Байланыстырып сөйлем құруға үйрету.
Керек құрал жабдықтар: Суреттер (пәтердегі әр бөлмедегі үй жиһаздарының орналасқаны).
Шарты: әр балалға суреттер таратылады.
Мысалы:Ас бөлмесінде электр плитасы, үстел, орындық, шкаф, тумбочка, ыдыс жуатын шкаф.
Кіреберіс бөлмесінде _______ тұр .
Қонақ бөлмесінде ______ тұр.
Балалар бөлмесінде ______ тұр.
«Әлияның туған күні».
Мақсаты: Балаларды үй жиһаздарын өз ара ажыратуға үйрету. Аталған сөздерге жалғауларды дұрыс жалғауға үйрету.
Керек құрал жабдықтар: Жабдықталған үйдің барлық бөлмелерінің суреті
Шарты: Тәрбиешінің қойған сұрақтарына балалар суреттер арқылы әңгіме құрастырады.
Мысалы: Әлия асты қайда дайындады? -Ас бөлмесінде.
Онда қандай жиһаз тұр? -_ ______ .
Әлия азық-түліктерді қайдан алды? - ______ .
Әлия салатты қайда кесіп дайындады? -_______ .
Етті қайда қуырды? -_______ .
Әлия әдемі көйлегін қандай шкафтан алды? -_______ .
Әлия қонақтарын қандай бөлмеге шақырды? -_______ .
Әлия дайындаған асын қайда қойды? -_______ .
Әлия табақшаларды қайдан алып шығарды? -_______ .
Қонақтар кеткеннен кейін Әлия ненін алдында шашын тарады? -_ .
Қонақтар кеткеннен кейін, Әлия қандай бөлмеде ұйықтауға жатты?
Онда қандай жиһаз тұр? -_______ .
«Ас бөлмесіндегі ыдыстар»
Мақсаты:Балалардыыдысаяқтардыөзарасалыстыруға, ажыратуғаүйрету. Олардыңбелгілерінеқарайажыратуғаүйрету. Сөздергежалғаулардыдұрысжалғауғадағдыландыру.
Керекқұралжабдықтар:суреттерменыдыс-аяқойыншықтары
Шарты: Балаларға ыдыстар туралы сюжетті суреттер таратылады. Тәрбиешінің ұсынысымен шай, компот, көже, т.с.с. дайындалатын тағамдарды, қандай ыдыстарда пісіреді, дайындайды деп айтады. Балалар сол ыдыстарды тауып айту керек.
Мысалы: Шай - шайды шайнекте қайнатады.
Көже, сорпа ______ .
Компот _______ .
Палау_ ______ .
Ботка_ ______ .
Қуырдақ_______ .
Бешбармақ_______ .
Сүт _______ .
«Дастархан әзірле».
Мақсаты: Балаларды тәулік мезгіліне қарай ыдысаяқтарды топтастыруға үйрету.
Керек құрал жабдықтар:ыдыс аяқтар(шаңышқы,кесе,шұңғыл тарелка, ас қасық,салатқа арналған ыдыс, стакан, ботқаға арналған тарелка)
Шарты:Балалар тәулік мерзіміне қарай топқа бөлінеді, бөлінген топ тәулік мезгіліне сай дастархан мәзірін жасайды.
Мысалы: Таңертеңгі асқа табақшалар, шай қасықтары, қантсалғыш, майссалғыш, ақман, кесе т.с.с.
Түскі асқа_
Бесін асына_
Кешкі асына _
«Киімдер дүкені»
Мақсаты: Киім-кешек пен аяқ киімдер туралы түсініктерін толықтыру, заттарды сипаттауға, жалғауларды дұрыс айтуға үйрету.
Керек құрал жабдықтар:Бөлімдеріне бөлінген киім дүкені макеті(әр бөлімде жыл мезгілдеріне сәйкес киімдер суреттері)
Шарты: Жыл мезгіліне сай киім-кешек пен аяқ киімдерді дұрыс таңдап алу.
Ойнаушылар дүкенге келіп қуыршаққа киім сатып алуға келеді. Сатушы дүкендегі заттардың атауларын ұмытып қалды. Сатып алушылар қандай киімдер керек екенін сипаттап айтып береді.
Мысалы: Маған жеңі мен етегі ұзын, жылы киім керек. Оны қыздар киеді.
«Киімдерді салыстыр»
Мақсаты: Киім-кешек пен аяқ киімдер салыстыруға үйрету.
Керек құрал жабдықтар:түсі және үлгісі әртүрлі киім-кешектер суреті
Шарты: Суреттерде жұпталған киім-кешек пен аяқ киімдер салынған. Балалар оларды өзара қандай белгілермен ажыратылатынын салыстырып ату керек.
Мысалы: Бір көйлек ұзын, ал басқасы қысқа;
Бір көйлек қызыл, ал басқасы сары
«Тігінші нені ұмытты?»
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілеттерін дамыта отыра киім-кешектердің бөлшектерімен бөліктеріm,ұғымдарын ажыратуға үйрету.
Керекқұралжабдықтар:Қағазда киімдердің кейбір бөлшегі көрсетілмей салынған (күртенің 5 түйме салу ойығы бар- 4 түймес ғана бар)
Шарты:Тәрбиеші екі –үш топқа бөлінген балаларға қағазда салынған киім-кешектер суреттері беріледі. Берілген суреттен балалар киім-кешектің жетпей тұрған бөлшегін тауып атайды.Атап болған соң киімдер жалпы атаумен топтастырады.
«Затты сипаттаптауыпал»
Мақсаты: Балаларды заттардыңнақтыбелгілерібойыншатануғаүйрету.
Керекқұралжабдықтар: Тұрмыстықзаттарсуреттері, ойыншықтар
Шарты: Сипаттау арқылы затты тез шатаспай табу.
«Көмекшілер».
Мақсаты: Үлкендерді құрметтеуге, сыйлауға үйрету. Сөйлемнің грамматикалық дұрыс құралуына көңіл аудару.
Керекті көрнекі құралдар: Қағаз бетінде күннің көзі ретінде сызба салынған. Оның ортасында жеке- жеке отбасы мүшесінің суреттері бейнеленген. Қиық суреттерде әр бір отбасы мүшесінің үйдегі міндеті мен жұмысы жеке көрсетілген.
Шарты: екіге немес үшке бөлінген топ балаларына әр бір отбасы мүшелерінің суретін бейнеленген қағаздар беріледі де қосымша жұмыс барысындағы карточкалар ұсынылады. Ойынға қатысушылар бір бірден қызметтер жұмыс түрлерін қоя отыра әрекетті ашып айтады.
Мысалы: Мен әжеме бауырсақ пісіруге көмектесемін, (алған затты суретін әженің суреті бар қағаздың дөңгелекшелеріне орналастырады.). Солай ойын әр отбасы бойынша жалғаса береді.
«Мен айтамын, ал сен тап»
Мақсаты: Мамандықтарды ажыратуға үйрету,
Керекті көрнекі құралдар: Мамандықтардың қажетті құрал жабдықтары суреті және соған сәйкес жұмбақтар.
Шарты: Жұмбақтың мазмұнын ұғына отыра шешуін тауып, суретін көрсету қажет. (фонендоскоп, күрек, машинанын рулі т.с.с.) пайдаланатын құралдарын таратады.
Тәрбиеші жұмбақты оқиды, балалар үстел үстіндегі құралдар ішінен қандай мамандықтар екенін тауып сол мамандық құралдарының суретін көрсетеді және не үшін қажет екенін айтады.
«Жүреді, жүзеді, ұшады»
Мақсаты:Көлік түрлерін ажыратуға үйрету. Сөздік қорын молайту.
Керекті құрал жабдықтар: жол, теңіз, темір жолы, аспан бұлттарымен, әуежай, көліктердің суреттері.
Шарты:Топтын ішінде (жол, теңіз, темір жолы, аспан бұлттарымен, әуежай) тақта алдында қойылады. Балалар көлік түрлерінің суретін тандап алады да, тақтада орналасқан суреттерге қарап таңдаған суретін апарып қояды. Көліктердің қозғалу ұғымын түсіндіріп айтады.
«Біз қалай туыспыз?»
Мақсаты: Отбасы туыстық қатынасты білдіретін сөздерді үйрету.
Керекті құрал жабдықтар:ата және немересі,апалы- сіңілі екі қыз бала, ойнап отырған кішкентай сәби, әке-шеше, ағалы-інілі екі ұл бала.
Шарты: Тәрбиеші балаларға суреттерді нұсқап көрсетіп, туыстық қатынасты анықтайтын нақты сұрақтар қояды, балалар жауап береді.
Мысалы:
-Суреттегі ұлдар бір-біріне кімдер?
-Ананың ағасы кім?
«Жыл мезгілі»
Мақсаты: Көктем мезгіліне тән құбылыстар мен заттарды атап үйрету. Себеп салдарын айтуға дағдыландыру.
Керекті құрал жабдықтар: Алмалы салмалы фланелді тақта немесе пано және жыл мезгілдеріне байланысты құбылыстар мен сюжетті суреттер.
Шарты: Берілген құрастырмалы суреттен артық заттар мен құбылыстарды алып тастайды, себебін айтады; қажет суреттермен толықтырады,себебін түсіндіреді.
«Екі бірдей орамалды тап»
Мақсаты:Тілдің грамматикалық құрылымын жетілдіре отырып, жалғауларды дұрыс жалғауға үйрету (орамалдың,.гүлдің, көлемі)
Керекті құрал жабдықтар: Үш әртүрлі орамал, екі бірдей орамал суреттері.
Шарты: Суреттердің арасынан екі бірдей орамалды тауып, ұқсастықтарын айтады, басқа орамалдан айырмашылығын анықтайды.
«Көже пісіреміз»
Мақсаты:Тілдің дыбыстық мәдениетін қалыптастыру,Қ-Ғ дыбыстарын ажыратуға машықтандыру.
Керекті құрал жабдықтар:Тары, арпа, айран, ет, қазан-ошақ, суреттері; Наурыз көже пісіріп жатқан әже
Шарты: Балалар әжеге наурыз көже пісіруге қажет тағамдарды тауып береді, атын атайды.
«Белгісін тап»
Мақсаты: Жыл мезгілдері туралы алған білімдерін бекіте отырып, көктем мезгіліне тән ерекшелікті табуға үйрету.
Керекті құрал жабдықтар: төрт жыл мезгілінің суреті, сары жапырақ, ұлпа құр, көбелек, күн.
Шарты: Балалар жыл мезгілдерінің айрмашылығын тауып айтады. Таратылған белгілердің ішінен әр жыл мезгіліне тән белгісін дұрыс тауып орналастырады.
«Құстардың құйрығын тап»
Мақсаты: Салыстыра отыра байланыстыра сөйлеуге үйрету.
Керекті құрал жабдықтар: Ағаш басында отырған құйрықсыз ұзақ, қарлығаш, қара торғай суреті. Құстардың құйрығы салынған таратпа суреттер.
Шарты:Балаларға құстардың құйрығы бар суреттер таратылып беріледі. Берілген суреттегі құйрықты сипаттап, қай құстың құйрығы екенін тауып орналастырады.
Мысалы: Айыр құйрық-қарлығаштың құйрығы, шолтиған құйрық-торғайдың құйрығы.
«Шар үрлеу»
Мақсаты:Артикуляция аппаратын дамыту, дауыс ырғағы бойынша жұмысты жалғастыру
Шарты:Шеңбер бойымен қол ұстасып тұрады.Барлығы ортаға жиналады.Тәрбиешімен бірге балалар дауысты ақырындатып бастап, сөйлемнің аяғында дауысты ырғағын біртіндеп күшейтеді «Қыш-қыш, Ғарышта ұшқыш, Несі-несі, Бұл ғарыштың кемесі» деп үлкен шар болып керіледі.
«Көңілді доп»
Мақсаты: Ж-Ш дыбыстарын сөздердің ішінен ажыратуға үйрету.
Керекті құрал жабдықтар:доп
Шарты:Тәрбиеші тақпақ сөздерін қолданып балаларға допты лақтырады, құрамында Ж-Ш дыбысы бар сөз айтылғанда ған бала допты қағып алады.
«Қай ұлттың бас киімі?»
Мақсаты:Ұлттық киімдер туралы ұғымдарын кеңейту.
Керекті құрал жабдықтар:Қазақтың, орыстың,өзбектің, грузиннің, украин ұлттарының бас киімдерінің үлестірмелі суреттері. Бас киімдерге сәйкес ұлттық қиімдер киген адамдар суреті.
Шарты: Тақтаға кезектесіп шығып ілінген суреттерді мұқият қарап, стол үстінде орналасқан бас киім суреттерінің ішінен тиістісін таңдап көрсетеді.
«Әуеде, жерде, теңізде»
Мақсаты: Әскери көлік түрлерін ажыратуға үйрету. Сөздік қорын молайту.
Керекті құрал жабдықтар: су асты, теңіз, аспан бұлттарымен, әуежай, көліктердің суреттері.
Шарты:Топтын ішінде (су асты, жер, теңіз, аспан бұлттарымен, әуежай) тақта алдында қойылады. Балалар әскери көлік түрлерінің суретін таңдап алады да, тақтада орналасқан суреттерге қарап таңдаған суретін апарып қояды.
«Гүлді тап»
Мақсаты: Қ-Ғ-–дыбыстарын сөз ішінде таза, анық айту.
Керекті құрал жабдықтар: қазтамақ, жауқазын, түймедақтың,қызғалдақ. Барлық гүлдер бірнеше(бала санына жетерлік) данадан болады .Гүлдесте суреті(көптеген түрлі гүлдер арасында шегіргүлдер,түймедақтар, қызғалдақтар бар). Өзара суреттерімен ауысып отырады.
Шарты: Балаларға гүлдің суреттері таратылады.Тәрбиеші көрсетіп атаған гүлді балалар гүлдестеден тауып алады.
«Балық аулау»
Мақсаты: Ертегі желісінің реттілігін анықтай білу.
Керекті құрал жабдықтар: Балықтар, мысықалабұға, шортан, шабақ, қармаққа жабыстырылған магнитбар.
Шарты: Балалар кезектесіп келіп қармақ пенертегі желісі бойынша балықтарды аулайды.Ұстаған балығын атайды, түр сипатын айтады.
Мысалы:Мен шабақты ауладым, бұл кішкентай балық.
«Суретті құрастыр»
Мақсаты:Мазмұнды бөлшектеп айту, әңгімені толық және қайталай отыра құрастыру.
Керектіқұралжабдықтар: Төрттүлік малдың жайлауда жайылып жүрген суреті. Жайлау көркі(киізүй, алтыбақантепкенбалалар,қазан-ошақ басындағы әжелер, асық ойнаған балалар)
Шарты: Суретке қарап әңгіме құрастырады.
Ересектер тобы
«Жемістер, көкөністер»
Мақсаты: балаларға жемістер мен көкөністердің аттарын атап, оларды сипаттауға, сөйлемдер құрастыруға, тез ойланып жауап беруге төселдіру, ептілікке, достыққа баулу.
Ойын шарты:Балалар шеңбер жасап отырады да, әр бала бір-бір жемістің атын иемденеді.
Біреуі-Мен бақшаға барсам алма көп екен.Алмұрт жоқ екен.
Алмұрт болған бала:
Алмұрт бар, шие жоқ.
Шие бар, қияр жоқ.
Қияр да пісті, қызанақ жоқ.
Осылайша әр бала өз ойын еркін айтып, ойын жалғаса береді.
Д\ойын: «Заттың атын ата»
Мақсаты:балаларға жемістер мен көкөністердің аттарын атап, оларды сипаттауға, сөйлемдер құрастыруға, тез ойланып жауап беруге төселдіру, ептілікке, достыққа баулу.
Ойын шарты: Қоржынға салынған көкөністер мен жемістер қолдарынан алып, қатты, дәмді, тәтті, ащы, қышқыл зат екеннін ажыратып атау.
Мысалы: алма - тәтті, домалақ; сәбіз - қатты, сопақша; бұрыш - ащы,сопақша.
-Енді екі топқа бөлінейік. Бірінші топ көкөністер, ал екінші топ жемістер. Көкөністер-деген сөзге сөйлем құрастыру. Жемістер- сөзіне сөйлем құрастыру.Түстеріне, пішініне қарап, бір-бірінен айырмашылықтарын салыстырыңдар.
Д\ойын «Ненің дәмі»
Мақсаты:балаларға жемістер мен көкөністердің аттарын, дәмін атап, оларды сипаттауға, сөйлемдер құрастыруға, тез ойланып жауап беруге төселдіру, ептілікке, достыққа баулу.
Көрнекілік: жеміс- көкөністер.
Ойын шарты: Балалар көздерін жұмады, мұғалім балалардың ауыздарына не көкөніс, немесе жеміс салып, балалар оның дәміне қарай атауын атайды.
Д\ойын «Кім боламын»
Мақсаты: балалардың ойлау қабілеттерін дамыту, болашақ мамандыққа қызығушылығын арттыру, үлкендердің еңбегін бағалауға тәртиелеу.
Көрнекілік: мамандыққа байланысты суреттер.
Ойын шарты: бала өз қалаған мамандығын, сол мамандық туралы әңгімелейді.
Д\ойын «Ойыншықты тап»
Мақсаты: ойыншықты атау, және кеңістікті бағдарлай отырып табу.
Көрнекілік: әр-түрлі ойыншықтар.
Ойын шарты: балалар тығылған ойыншықты тауып, атын атап, түсін, үлкен, кішілігін ажыратады. Сол ойыншыққа жақсы мейрімді тілек тілейді.Мысалы: 2-баланы ортаға шығарып: Алға үш қадам,
Солға бұрын,
Екі қадам артқа бұлыл!
Не таптың?
Кезегімен балаларды жіберіп әр түрлі ойыншықтарды алып, оны сипаттап беру (ойыншық – жұмсақ, әдемі, үлкен).
Мысалы: мен ойыншықты сындырмаймын, таза ұстаймын, тапқан ойыншықтардан көрме жасау.
- Осы көрмеде тұрған (нәрселерді) заттарды бір ауыз сөзбен қалай атауға болады?
- Ойыншықтар жасалуына қарай бірнеше түрге бөлінеді.
Ойыншықтар
Жұмсақ резиналы қатты
Аю, қоян қуыршақ көлік түрлері:
Түлкі, күшік тиін машина, ұшақ, қайық
Көрмеге ойыншықтарды жұмсақ, қатты, резиналы ойыншықтар етіп бөліп қою.
Ойыншықтар туралы жаттаған тақпақтарды естеріне түсіріп оқу.
Д\ойын «Үй жануарлары»
Мақсаты: үй жануарлардың дене мүшелерін атауға, ажырата үйрету.
Көрнекілік: үй жануарларының ойыншықтары.
Ойын шарты: балалар дөңгелене отырып, ғажайып қалтадан үй жануарларына байланысты ойыншық алады, сол ойыншықтардың дене мүшелерін атап немесе олар туралы мейірімді сөздер айтуға болады.
Д\ойын «Зообаққа орналастыр»
Мақсаты: балаларда антоним сөздерді туралы түсінік қалыптастыру.Заттың көлеміне қарап, салыстырып талдау жасауға үйрету. Жабайы аңдардың дене бітіміне қарап, зообаққа орналастыру оларға қамқоршы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілік: зообақ торлары, әртүрлі аңдар.
Ойын шарты: Зообаққа әкелінген аңдарды торларға орналастыру қажет. Балалар, пілді үлкен торға, бала неліктен олай орналастырғанын яғни піл үлкен, қоян кіші, сондықтан үлкен торға пілді, қоянды кіші торға орналастырғанын айтып, ол туралы білетін жұмбақ, жаңылтпаш, тақпақтар немесе әңгімелеп суреттеп айтады.
Д\ойын «Нені жоғалттым»
Мақсаты: сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілеттері дамыту.
Көрнекілік: тақырыпқа байланысты заттар.
Ойын шарты: заттардың ішінен 1-2 затты тығып қою, балалар көзін ашқанда сол заттың атын атап жауап беруі керек.
Д\ойын «Мынау кімдікі»
Мақсаты: сөддік қорын молайту, есте сақтау қабілеттері дамыту.
Көрнекілік: қуыршақтын киімдері.
Ойын шарты: киімдердің қайсысын ер балаға, қайсысын қыз балаға кигізуге болады.
Д\ойын «Заттың атын атаңдар»
Мақсаты: оқу құралдарын ажыратып атын атауға үйрету.
Көрнекілік: оқу құралдары.
Ойын шарты:мұғалім балаларға кезегімен дон лақтырады, балалар допты қағып алып оқу құралдарын атайды.
Д\ойын «Қол соғу»
Мақсакты: оқу құралдары туралы білімдерін тереңдету, айтқанды мұқият тереңдету.
Ойын шарты: -мұғалім балалардың нені дұрыс есте сақтап қалғандарын тексереді. Әр түрлі заттардың аты аталады, балалар тек мектепке қажетті затты атағанда ғана, балалар қол соғады.
Мысалы: портфель, қуыршақ, кітап, шанышқы, парта, машина, тақта, пышақ.
-Енді мына суретке қараңдар, нені көріп тұрсыңдар? (парта, терезе, сынып). Суретті алып қойғанда балалар естеріңе сақтап көрген заттарды ретімен айтып шығады.
Д\ойын: «Кім тапқыр»
Мақсаты: берілген дыбыстың орнын таба білуге машықтандыру. Ойын барысында балаларды зейінді болуға дағдыландыру. Түстерді тез айырып, жылдамдылыққа, тапқырлыққа баулу. Достық қарым-қатынасты тәрбиелеу.
Көрнекілік: берілген дыбысқа арналып салынған түрлі-түсті суреттер, ойыншықтар, жалаулар.
Ойын шарты: тәрбиеші берілген дыбыстың сөздің басында, ортасында, соңында келетіндігін айтады. Балалар зейін қойып тыңдап, егер өтілген дыбыс сөздің басында болса, көк жалаушаны, ортасында болса, жасыл жалаушаны, соңында болса, қызыл түсті жалаушаны жоғары көтереді.
Д\ойын: «Сөз ойла, тез ойла»
Мақсаты: берілген дыбысқа, сөз ойлау.Сөздік жұмыс жүргізу арқылы баланың сөздік қорын молайту. Ойын арқылы балаларды тапқырлыққа баулу.
Көрнекі құралдар: кеспе әріптер қалтасы, текшелер салынған сандық, текшелер.
Ойын барысы:тәрбиеші әріп қалтасынан кез келген бір әріпті көрсетеді. Балалар сол әріптен басталатын сөздерді айтады.
Сандыққа бірнеше текше салып қояды. Бала өз қолымен біреуін алып сол дыбыстан басталатын заттарды атайды.
Мысалы: А – болса:
Балалар: Ай, алма, алмұрт, асқабақ, т. б.
Д\ойын: «Буынға әріп қос»
Мақсаты: берілген буынға әріп қоса отырып жаңа сөз ойлап табу. Сөздік қорын молайту, олардың алған білімін бекіту. Балалардың сауат ашуға деген қызығушылығын қалыптастыру.
Көрнекілік: схема, суреттер.
Ойын шарты: тәрбиеші балаларға:
- Мен бір буын жазамын, сендер де бір әріп қосасындар. Мен жазған буынның бас жағына сендер ойлаған дыбыстың таңбасын жазамыз.
Д\ойын: «Буынға буын қос»
Мақсаты: басталған буынға буын қосып, сөз құрастырып, айта білугн, шапшандыққа, зейінділікке баулу.
Көрнекілік: ұсақ жалаушалар, ойыншықтар.
Ойынның шарты: балалармен жеке-жеке немесе 2 топқа бөліп, өткізуге болады.
Тәрбиеші сөздің басқы буынын айтады, балалар сөзді тек аяқтайды.
Мысалы:
Ау –(ла). Ал – (ма). Са – (ра). Сә - (біз). Қа – (уын).
Д\ойын: «Затты сипатта»
Мақсаты: заттарды көріп сипаттау арқылы балалардың сезімталдығын дамыту, қоршаған орта жайлы танымдарын кеңейту, сөздік қорын дамыту.
Көрнекі құралдар: ыдыс, муляж, сурет (көкөністер, жемістер).
Ойын барысы: әр түрлі жемістер немесе көкөністер суреттері, муляждары салынған ыдыстан бала бір затты алады. Сонан соң сол затты жан-жақты сипаттайды және заттың атын атап, буынға бөледі.
Мысалы: бала ыдыстан алманы алып, пішінін, түсін, дәмін және т. б. Қасиеттерін айтады.Немесе баланың көзін байлап қойып, қоржыннан бір затты алғызады. Ол оны сипалап, не екенін ажыратады да оны сипаттайды, атын атайды.
Д\ойын «Қуырмаш»
Мақсаты: балалардың сөздік қорын молайту, олардың алған білімін бекіту.
Ойын шарты: балалар шеңбер құрып тұра қалады. Ортаға шыққан балалардың бірі –балапан, бірі – қасқыр.
Қуыр – қуыр-қуырмаш
Балапанға бидай шаш
Әжең келсе есік - аш
Қасқыр келсе мықтап - бас.
Д\ойын «Қорада не бар»
Мақсаты: сөздік қорын молайту, үй жануарлардың атауларын бекіту.
Көрнекі құралдар: қора суреті (макеті), үй жануарлар ойыншықтары.
Ойын шарты: «Қорада не бар?» - қорада сиыр бар, - деп бала сиыр ойыншығын әкеледі.Сиырды сипаттайды.Мысалы: мына сиыр үлкен қызыл, мына сиыр үлкен қара.
Д\ойын «Ненің төлі»
Мақсаты: сөздік қорын молайту, үй жануарлардың, олардың төлдерінің атауларын бекіту.
Көрнекі құралдар: қора суреті (макеті), үй жануарлар, олардың төлдерінің ойыншықтары.
Ойын шарты: төлдер суреті бейнеленген алқа киген балалар «енелерін» іздеп-тауып, сөйлем құрастырады.Мысалы: мен бұзау.Мынау: сиыр. Бұзау кішкентай. Сиыр үлкен. Сиырдың төлі бұзау.
Д\ойын «Шаштараз»
Мақсаты: дене мүшелері тақырыбы бойынша меңгертілген сөздерді қайталау, бекіту, байланыстыра сөйлеу тілін арттыру, «оның» деген сөзді еңгізу, әсемділікке, әдемілікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: жылжымалы карта.
Ойын шарты: дене мүшелерін көрсеткізіп айтқызу.Мысалы: мынау менің көзім, мынау менің шашым.Осы кезде ойын жағдай туғызып, жылжымалы карта арқылы сөйлем құрастыру.
Үлгілер: оның шашы сары, ұзын.
Көзі көк, үлкен.
Еріні қызыл, әдемі.
Д\ойын «Дұрыс көрсет»
Мақсаты: дене мүшелерін қайталау, бекіту, байланыстыра сөйлеу тілін арттыру.
Көрнекілік: жеке карталар.
Ойын шарты: карталарда жоғары дене мүшелері бейнеленген, төменрек түстер орналасқан.
Сызықша арқылы дене мүшелердің түсін дұрыс қосып көрсету.
Не артық?
Мақсаты: Балаларды суретке қарап, оларды топтастыруға үйрету. Құстар мен жануарлардың жеке және жалпы аттарын айтқызу. Оларды қорғауға, қамқоршы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілік: Әр түрлі құстар мен үй жануарлары бейнеленген суреттер.
Ойын шарты: Үлгідегідей әр түрлі берілген суреттерден не артық екенін табады. Берілген суреттерді топтастырып, олардың жалпы атауын айтады. Неліктен артық екенін түсіндіреді. Жеке мен жалпы ұғым туралы түсініктерін бекінеді.
Не қайда өмір сүреді?
Мақсаты: Суреттен көрген заттарының аттарын атап, олардың қайда өмір сүретінін айтқызу. Сөздік қорын молайту.
Көрнекіліктер: әр түрлі жануарлар, құстар суреттері.
Ойын шарттары: Әр түрлі аңдар, құстарды көрсетіп, олардың қайда өмір сүретіні сұралады. Олардың немен қоректенетінін айтқызады.
Балалардың сөздік қорына жаңа сөздер енгізу үшін, тапсырманы түрлендіруге болады. Олар туралы балалардың білетін тақпақ, жұмбақтарын айтқызады.
Қарап ал да, есіңе сақта.
Мақсаты: Балаларды көрген суреттерді есіңе сақтап, көз алдына елестете отырып, әрқайсысын ретімен атап шығуға, уй жануарларын, аңдарды және құстардың жалпы аттарын айтқызу. Оларды қорғауға, қамқоршы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілік: үй жануарлары, аңдардың, құстардың суреттері.
Ойын шарттары: Әр түрлі суреттерді теледидардан көрсетіп шығады. Балалар бірінші суреттен қой, сиыр, ешкі, түйе – үй жануарларын, екінші суреттен аю, қасқыр, түлкі – жабайы аңдарды атайды.
Үшінші суретте қарлығаш, көгершін, тоты құс - құстарды атап шығады.
Жалпы және жеке ұғымдарды бекітіп, оларды қорғау үшін, қамқоршы болу үшін не істейтіндері сұралады.
Үй жануарлары
Мақсаты: Балаларды үй жануарлары мен төлдерді ажыратуға, олардың қимылын, қалай дыбыстайтынын және дене мүшелерін суреттеп, олрды қорғауға қамқоршы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілік: Үй жануарларының, төлдердің суреттері.
Ойын шартты: балаларға үй жануарларының суреттері таратылып беріледі. Олардың қалай аталатынын, қалай дыбыстайтынын, қалай күтуге болатынын айтқызады. Сонымен бірге дене мүшелерін де атап, үй жануарлары туралы балалардың білетінін жұмбақтарын шешкізеді.
Телефон
Мақсаты: естіген сөзді екінші балаға бұлжытпай жеткізуге дағдыландыру, диалогты сөйлеуді жетілдіру арқылы сөздік қорын молайту.
Көрнекілік: Телефон.
Ойын шарты: телефон арқылы естіген сөзді басқа балаға жеткізесіңдер. Айтылған сөзді құлаққа ешкім естімейтіндей айтуымыз керек. Егер телефон үзіліп қалса, телефонды үзген бала айыбын төлейді.(мысалы: мақал, өлең, т.б білгенін айтуға болады)
Телефон арқылы екі бала:
- Алло, алло!
- Ия, тыңдап тұрман.
- Мен асқармын.
- Ал мен саматпын.
- Не істеп жатырсың?
- Мен ойыншықтарды жинап жатырсын. т.с.с.
Сөйлемді жалғастыр.
Мақсаты: Балаларды берілген тапсырманы мұқият тыңдап орындауға, сөйлемді жалғастыра білуге, сөйлемнің неше сөзден құралғанын айтуға үйретіп, тапқырлыққа баулу.
Көрнекілік: сөздер жазылған карточкалар.
Ойын шарты: Сөйлемнің басын бастап, сөйлемді балалар аяқтауы керек.
Мысалы: Бақшада ойыншықтар ... . Менің үйде ... . Мен бақшаға ... . Ойынды тақырыпқа байланысты етіп өзгертіп отырып өткізуге болады.
Сөйлемді балалар өздері бастап, өздері аяқтайды. Ойын соңында бір сөйлемнің неше сөзден тұратынын талдайды.
Қайсысы ұнайды?
Мақсаты: Суреттен көрген заттарының атын атап, суреттеп, қайсысының ұнайтынын, не үшін ұнағанын айтқызу. Сөздік қорын молайту.
Көрнекіліктер: Әр түрлі суреттер, жануарлар, жыл мезігілінің суреттері.
Ойын шарты: Әр түрлі суреттерді көрсетіп, олардың қайсысының ұнайтыны, не үшін ұнағаны туралы сұралады. Олардың қай мезгілде бейнеленгенін айтқызады. Балалардың сөздік қорына жаңа сөздер енгізу үшін, тапсырманы түрлендіруге болады. Олар туралы балалардың білетін тақпақтарын айтқызуға болады.
Зообаққа орналастыр
Мақсаты: Балаларға антоним сөздер туралы түсінік қалыптастыру. Заттың көлеміне қарап, салыстырып талдау жасауға үйрету. Жабайы аңдар мен үй жануарлары, құстардың дене бітіміне қарап зообаққа орналастыру, оларға қамқоршы болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Зообақ торлары, әр түрлі жануарлар, құстардың дене бітімінеқарап зообаққа орналастыру, оларға қамқоршы болуға тәрбиелеу.
Ойын шарты: Зообаққа әкелінген аңдар мен құстар, үй жануарларын торларға орналастыру қажет. Балалар пілді, түйені үлкен торға, қоян, тиін т.б. кіші торға орналастыруы керек. Бала неліктен олай орналастырғанын, яғни піл үлкен, қоян кіші сондықтан үлкен торға пілді, қоянды кіші торға орналастырғанын айтып, ол туралы білетін жұмбақ, жаңылтпаш, тақпақтарын айтады.
Қарама-қарсы сөздер
Мақсаты: Антоним сөздерді салыстыру жолымен балалардың ой-өрісін кеңейту, ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын қарама-қарсы сөздермен молайту, зейінділігін арттыру.
Көрнекілік: доп, карточкалар
Ойын шарты: Балаларға кезекпен допты лақтырып антоним сөздерінің бірін айтады, ал допты ұстап алған бала, тәрбиешіге кері лақтырып, айтылған сөзге қарама-қарсы сөзді айтуы керек.
Сиқырлы шаршы
Қажетті құрал: 10х10 см шаршы. Әр бетінде үй жануарының суреті.
Ойын шарты: Бала шаршыны: «Бір,екі,үш,айдай алшы түс»- деп лақтырады.
Ойын барысы: Лақтырылған шаршынын қай жағы жоғары қарап түссе, бала сондағы жануарды атайды, дауысын салады және төлін сыйқырлы қалтадан алып көрсетуі керек.
Ол, кім,бұл не?
Қажетті құрал: Әр түрлі суреттер ( Самолет, гүл, машина, киім, бауырсақ, бала, қуыршақ, сиыр, қар, жаңбыр).
Ойын шарты: Көрсетілген сурет туралы не айта алады? Қандай? Ол кім? Түсі қандай?
Ойын барысы: Қуыршақ Айнұр бізге суреттер әкелді. Сол суреттердің қандай қасиеттері бар екенін атап немесе айтып беру.
Мысалы: Қуыршақ Айнұр жаңбырдың суретін көрсетеді. Баланың жауабы: «Су, салқын,бұлттан жауады.» Гүлді көрсетсе «Әдемі, қызыл, жапырағы жасыл».
Саяхатшы аю
Қажетті құрал: Ойыншық аю.
Ойын шарты. Аю баяндауыш сөздерді айтады, балалар жауап беруі керек.
Ойын барысы: Аю өзінің балабақшаға саяхат жасағанын айтады. Сонда мен бір бөлмеде «ағыздым, жудым, сүрттім»-дейді. Ол қандай бөлме екенін балалар табуы керек.
- «шешіндім, жаттым, есінедім, ұйқтадым»
- «ойнадым, оқыдым, сурет салдым»
- « ән айттым, биледім»
- « жүгірдім, секірдім, жаттығу жасадым»
- «қармен ойнадым, аққала жасадым».
Ашық хат
Қажетті құралдар: Бірнеше суретті ашық хат.
Ойын шарты: Балаларға суретті көрсетіп,кімге арналғанын айту. Кейін, бәрінікі оқылып болған соң , ашық хатты көрсетіп кімдікі екенін сұрау.
Ойын барысы: Балалар, бізге ашық хаттар келіпті. Міне мына ашық хатта балалар не істеп жүр?
- Доп ойнап жүр.
- Бұл хат Замира саған келіпті.
- Ал мына хатта ненің суреті?
- Алманың.
- Қандай алма?
- Қызыл үлкен.
- Бұл хат Аянға келіпті.
Барлық хатты солай айтып болған соң, балаларға әр суретті көрсетіп, сұрап беру.
- Доп ойнап жүрген балалардың суреті бар хат кімге келді?
- Замираға.
Осылай ойын жалғаса береді.
Біздің көмекшілеріміз
Ойын шарты: Дене мүшелерімен танысу. Неге керектігін анықтау.
Ойын барысы: Балалар , бізде көмекшілеріміз көп. Білесіңдер ме, олар кімдер? Мысалы, қолдарымыз. Олар неге керек? Тісіміз, олар не үшін қажет? Аяғымыз, не үшін керек? Көзіміз, не үшін қажет?
Әр бір дене мүшені атай отырып, баладан жауабын алу.
«Қажет суретті тап».
Ойынның мақсаты: Логикалық ойлауға үйрету, күн режиміне қажет іс-әрекетті есіне түсіру. Қай кезде не істелетіні жөнінде сөйлем құрап айтуға үйрету. Түрлі жаттығу жұмыстарын өздігінен орындауға жаттықтыру.
Ойынға қажет заттар: Үлкен және кішкене суреттер немесе қуыршаққа арналған ыдыстар, пластелиннен, балшықтан жасалған тоқаш,конфет, нан,бауырсақ, ет, колбаса, т.б.
Ойын ережесі:Егер ойын суреттермен жүргізілсе тәрбиеші-мұғалім үлкен суреті балалардың бәрі көрсетіндей орынға іледі. Мысалы: үлкен тарелка немесе орамал ұстаған қыздың суреті. Балалар қораптағы суреттердің ішінен тақтаға ілінген сурет мазмұнына сәйкес заттардың суретін алып столға қояды. Не істегені туралы айтады.
Ойынның соңында балалпр ойынға қатысты заттардың суретін салады ( өз қалаулары бойынша нан, құант тоқаш т.б.)
Ойын. Кімде мына түстес зат бар? (Тәрбиеші- мұғалім жасыл түсті затты көрсетеді.) Кім табады? Деп сұрақ қояды.
Балалар жасыл түсті заттарды аиайды. Мысалы: шөп, жапырақ, қияр т.б.
«Формасы ұқсас заттарды тап».
Ойынның мақсаты: Түрлі заттарды формасына қарай ажырата білуге үйрету. Сөзбен атап айтуға жаттықтыру, сабақта алған білім-дағдыларын тиянақтау.
Ойын жабдығы: Формасы әр түрлі заттар:доп, машинаның дөңгелегі, қияр, кітап, геометриялық фигуралар-үшбұрыш, төртбұрыш, квадрат, машина (
осы машинадан әр түрлі формаларды тапқызу).
Тәрбиеші –мұғалім қағазға түрлі форманы бейнелейтін карточкалар дайындайды.
Ойын ережесі. Тәрбиеші-мұғалім сабаққа дайындалған заттарды және карточкаларды әкеледі. Заттарды не сол заттардың суреттерін балаларға үлестіріп береді. Мысалы, Кімде домалақ зат бар?- деп сұрайды. Балалар аталған форманы өз суреттерінен не ойыншықтарынан тауып, стөл үстідегі карточкадағы ұқсас сызыққа қояды да сөзбен айтады. ( бұл –алма, формасы домалақ, түсі қызыл сары, дәмі тәтті, ағашта өседі, күзде піседі т.б,) Жеміс-жидек, көкөніс туралы тақпақ не жұмбақ айтылады.
«Қай қолымда көп?»
Мақсаты: Заттардың екі жиынтығын салыстыра білуге үйрету.
Қажетті құралдар: Асықтар, топтағы ұсақ заттар.
Ойын барысы: Балалар екі топқа бөлінеді, оның әрқайсысы алма-кезек тәрбиешінің үстеліне өз өкілін жібереді. Бір бала қолын артына ұстайды. Алдымен тәрбиешінің одан соң балалардың бірі оның қолына текше, түйме әртүрлі ұсақ нәрселерді ұстатады. Бірақ ол бір қолда көп, екіншісінде аз болуы керек. Бала алдымен көз мөлшерімен нәрсенің қолында көп екенін анықтау. Қай қатарда көп, қай қатарда аз екенін салыстыру керек.
«Қол соғу»
Мақсаты: Тез, дәл қимыл жасау, есту қабілетін жетілдіру, ретімен санауды, қанша, қанша болса сонша ұғымдарын қалыптастыру.
Қажетті құралдар: Тәрбиешінің және әрбір баланың алдына тілі бар дөңгелек.
Ойын барысы:1-нұсқа: Тәрбиеші қол соғады. Балалар санайды. Тақта алдына шақырылған бала тәрбиешінің неше рет қол соққанын айтуы немесе дөңгелектің тілін саны сонша қара дөңгелекшелер тұрған бөлікке қаратып қоюы тиіс.2-нұсқа: Ойын күрделенеді. Балалар үндемей, қол соғу санын есептейді, әрқайсысы дөңгелек тілін өздігінен жылжытады. Тәрбиеші қатарларды аралап, ойын ережесінің дұрыс орындалуын тексереді.Ойын екі-үш рет қайталанған соң, қорытындысы шығарылады. Ойыншылары қателеспеген қатар ұтып шығады.
«Қанша болса, сонша»
Мақсаты: Сандарды тани білуге үйрету. Берілген тапсырманы дұрыс орындай білуге жаттықтыру.
Қажетті құралдар: Сандық карточка.( «Кеспе сан» қалтасынан алу)
Ойын барысы: Тақтаға 3 бала шығарып, сандық карточканы көрсетіп, карточкада қандай сан тұрса, сонша қимыл көрсету, тапсырманы сандарды өзгерте отырып, 2-3 рет қайталау.
«Керісінше айт»
Мақсаты: Тәулік жөнінде түсініктерін кеңейту. Қарама-қарсы мағыналы сөздермен жауап бере білуге үйрету.
Қажетті құрал: доп
Ойын барысы: Балаға допты беріп қарама-қарсы мағыналы сөзбен жауап беруді сұрайды. Мысалы: «таң» десе, бала «кеш» деп жауап береді.
«Кім сені шақырды?»
Мақсаты: басқа адамды дауысынан танып үйрету.
Қажетті құралдар: арнайы құралдар керек емес.
Ойын барысы: 3 адамнан кем адам қатыспайды. Біреуі ортаға турып көзін жұмады. Тәрбиеші көрсеткен бала, ортада тұрған баланы шақырады. Бала шақырған адамды дауысынан танып табу қажет. Таныса шеңберге тұрады – шақырған бала ортаға тұрады.
«Бес санына шапалақта «
Мақсаты: Беске дейін санап және тәрбиешінің ұсынысы бойынша әрекетті орындап үйрету.
Ойын барысы: ойынды екеулеп және топпен ойнауға болады. Тәрбиеші балаға қарама –қарсы отырып айтады «қазір мен 5-ке дейін санаймын «бес» деген кезде сен бір рет шапалақтайсың.
«Бұл не қылған дыбыс?»
Мақсаты: Баланы бір дыбысты бір дыбыстан және сөздің басындағы дыбысты ажыратып үйрету.
Қажетті құралдар: Бірдей дыбыстан басталатын суреттердің аттары.
Ойын барысы: Ойынға 3-5 балаға қатысуға болады. Ойыншылар үстел басына отырады, тәрбиеші балаларға суреттерді көрсетіп атайды. Балалар зейінді тыңдап сөздегі бірдей дыбыстарды танып білу қажет. Табылған дыбыс нақты айтылу қажет. Мысалы: ааапа, аана, ааайна, ааалма.
«Тында да айт!»
Мақсаты: айналадағы заттардың дыбыстарын бір-бірінен ажырата білуге үйрету, фонематикалық есту қабілетін дамыту.
Қажетті құралдар: ағаш, металл қасықтар, доп, қағаз, кітап,суы бар стақан, қоңырау, кілттер.
ІІ нұсқасы ретінде музыкалық аспаптарды пайдалануға болады.
Ойын барысы:
Жеке және топпен ойнауға болады. Ең алдымен балалар үстелдегі заттарды қарап алады. Сосын тәрбиешіге теріс қарап отырады, ал тәрбиеші заттардың дыбысын шығарады, балалар дыбысты танып толық жауап береді : «Бұл қоңыраудың сыңғыры» т.с.с.
ІІ-нұсқа.
Заттардың орнына музыкалық аспаптар пайдаланады. Балалар аспапты дыбысынан таниды.
«Зейінді тыңда!»
Мақсаты: Фонематикалық есту қабілетін, есту өткірлігін дамыту.
Ойын барысы: Ойын 4-5 баламен өткізіледі. Дөңгеленіп отырады. Тәрбиеші жай дауыспен балалардан тапсырманың орындауын сұрайды, содан кейін осы тапсырманы орындайтын баланың атын сыбырлап айтады. Егер бала өз атын естімесе, басқа баланың атын айтады.
«Шапалақта»
Мақсаты: Фонематикалық қабілетін дамыту, әрекетті ересектің ауызша нұсқауы бойынша орындап үйрету.
Ойын барысы: ойынды 1 баламен де, топпен де өткізуге болады.
Тәрбиеші онға дейін санайтынын айтады, ал балалар «он» дегенді естігенде шапалақтау қажет. Тәрбиеші 1-2 рет дұрыс санап, сосын шатастырып санайды, балалар тек қане «он» сөзіне шапалақтауы қажет. Қателескен бала ойыннан шығады.
«Естігенде шапалақта»
Мақсаты: Дыбыстардың арасынан берілген дыбысты ажырата білуге үйрету, фонематикалық есту қабілетін дамыту.
Ойын барысы: Берілген дыбысты естігенде шапалақпен белгілеу. Тәрбиеші ең алдымен жеке дыбыстарды айтады, сосын буындардын арасынан берілген дыбысты белгілейді.
ІІ –нұсқа
Үйренгеннен кейін дыбыстарды сөздердін арасынан, сөзтіркестердің, сөйлемнің арасынан естіп шапалақпен білгілеу.
«Бірінші дыбысты ата»
Мақсаты: Сөздегі бірінші дауысты немесе дауыссыз дыбысты белгілеп үйрету, фонематикалық естуді дамыту.
Ойын барысы: Тәрбиеші сөздерді айтады бірінші дыбысты дауыспен белгілеп айтады. Дауысты болса: созып, дауыссыз болса: нақты, күшпен айтылады.
«Соңғы дыбысты тап» деген ойын дәл осылыай ойналады тек қана соңғы дыбысты белгілеп табады.
«Ұйықтама, сөзді тез ата!»
Мақсаты: фонематикалық есту қабілетін дамыту, бастапқы дыбысты басқа дыбыстардан ажырата білуін және басқа сөздегі осы дыбыстармен сәйкестеуін дамыту. Баланың сөздік қорын молайту.
Қажетті құралдар: бір дыбыстан басталатын суреттердің атаулары: 2-3 нұсқасы
Ойын барысы: Бұл ойынды балалармен, олар бірінші дыбысты анықтап үйренгеннен кейін ойнауға болады. Cуретті көрсетіп қандай дыбыстан басталатынын сұрау. Сосын осы дыбыстан тағы басталатын сөздерді атаңдар.
Қайтала
Мақсаты: Есту зейінділігін , фонематикалық есту қабілетін дамыту.
Қажетті құралдардар: даңғыра, дауылпаз.
Ойын барысы: Ойынды топпен де жеке де ойнауға болады. Балалар көздерін жұмады, тәрбиеші аспаппен ритмді соғады. Балалардан қайталауын сұрайды, балалар шапалақпен қайталауы қажет.
«Сөзді аяқтауға көмектес «
Мақсаты: Фонематикалық есту қабілетін дамыту, жетіспейтін дыбыстарды жалғастыру.
Қажетті құралдар: Заттық суреттер
Ойын барысы: Балалардың алдына бір-бірден суреттерді орналастырады, содан кейін сөздің соңғы дыбыстарын аяқтамай айтады. Бала суретке қарап сөзді аяқтау керек. Ойынды қиындатуға болады: сөзді суретсіз аяқтау, немесе берілген дыбыспен, буынмен аяқта. Қал-та, бал-та, мал-та, ба-та, қа-л, ма-л, ша-л, ба-л.
«Дыбыс қайда тығылды?»
Мақсаты: Фонематикалық есту қабілетін дамыту, сөздегі дыбыстын орнын анықтау.
Ойын барысы: Ойынның алдында балаларға сөздің басы, ортасы, соңы бар екендігін түсіндіру қажет. Сосын тәрбиеші сөздерді айтады, ал балалар берілген дыбыстын орнын анықтау керек.
«Тізбек»
Мақсаты: Сөздің бірінші және соңғы дыбысын ажыратып үйрету.
Қажетті құралдар: Заттық суреттер
Ойын барысы: Бірінші суретті орналастырады, содан кейін соның соңғы дыбысына басталатын суретті қояды т.с.с жалғастырады. Ара- алма- автобус-сабын- нан…
«Суретті таңда»
Мақсаты: Берілген сөзге суретті тауып көрсету.
Қажетті құралдар: Берілген дыбыстан басталатын сөздері бар заттық суреттер, басқа дыбыстардан басталатын бірнеше суреттер.
Ойын барысы: Ойынның алдында заттық суреттерді үстелге орналастыру. Сосын тапсырма беріледі бір дыбысқа барлық суреттерді жинастыру. (қалта, ақша, аққала т.с. с)
«Суретті тіз»
Мақсаты: Сөздегі бірінші дыбысты анықтап үйрету.
Қажетті құралдар: Әр-түрлі дыбыстан басталатын заттық суреттер, әр дыбысқа бірнеше суреттер.
Ойын барысы: Тәрбиеші баланың алдына суреттерді қояды да атайды, сосын оларды бірінші дыбысына қарай топтастыруын сұрайды.
(С) – сабын, сүлгі, сурет, сиыр, сарымсақ
(П) – пальто, піл, пияз, парақ. Т.б
«Дыбысты ата»
Мақсаты: Сөздегі бірінші, соңғы дыбысты белгілеп үйрету.
Қажетті құралдар: Барлығында бір дыбыс бар заттық суреттер
Ойын барысы: Тәрбиеші суреттерді атап көрсетеді. Балалар тыңдап барлық сөздердегі дыбысты атайды. Және осы дыбысқа өзінің мысалдарын келтіреді.
«Керікті сөзді көрсет және ата»
Мақсаты: Есту зейінділігін, фонематикалық қабылдауын дамыту; балаларды сөзде дыбыстарды естіп, дыбыс жұптарын ажыратуға үйрету (с - з, с - ц, ш - ж, ч - щ, с - ш, з - ж, ц - ч, с - щ, л - р), сөйлемдерде керекті сөздерді дұрыс белгілету
Ойын барысы:
Тек қана берілген дыбыстары бар сөздерді белгілеу
С Асқат пен Мақсат
Жамап – жасқап,
Жасапты он шақты аспап,
Соның ішіндегі
Ақ сапты аспабы
Жап - жақсы аспап
З Сыздық судан сүлік сүзді,
Сыздықтың сүлік салмасын үзді.
Салмадан сүлік сытылып шығып,
Суға түсіп, сумаңдап жүзді.
«Кім жақсы тыңдайды?»
Мақсаты: Есту зейінділігін, фонематикалық қабылдауын дамыту: балаларға сөздегі дыбыстарды естіп ажыратуға, сөйлемде керекті сөздерді дұрыс белгілеуді үйрету.
Ойын барысы:
1 - нұсқа.
Екі баланы шақырту. Бір-біріне арқаларымен тұрғызу, топқа қырымен қарап тұрады, сосын тапсырма беріледі: «Мен сөздерді айтам, ал Мақсат тек ш дыбысын естігенде қолын көтереді, ал Жансая ж дыбысын естігенде» балаларға тапсырманы қайталату. Балалар дұрыс жауаптарды санайды, қате жауаптарды белгілейді. Педагог сөздерді шағын интервалмен атайды (барлығы 15 сөз: 5 – ш дыбысымен, 5 – ж дыбысымен, 5 –керекті дыбыстар жоқ).
Сөздер: шалқан, айна, жылқы, түлкі, шана,ожау, тышқан, қонжық, кітап, ешкі, жаңғақ, күшік,орындық, жұмыртқа, құлып.
Қалғандары балалардың жауаптарын қадағалайды, қателерін дұрыстайды. Соңында ең зейінді баланы белгілейді.
2 - нұсқа.
Екі баланы шақырту. Бір-біріне арқаларымен тұрғызу, ш-ж дыбыстарына қолдарын көтереді, ал балалар осы дыбыстарға сөздер ойлап табады. Ойынның соңында жеңімпазды атайды.
3 - нұсқа.
Екі балаға берілген дыбысқа сөздер жинақтату. Біреуіне ш дыбысымен, екіншіге ж дыбысымен. Сөздерді ең көп және дұрыс атаған бала жеңеді.
«Сөздерді дауыстап және ақырын айту»
Мақсаты: Дауыс аппаратын және сөйлеу тілінің есту қабілетін дамыту: сөздерді жылдамдығына дауыс жоғарылығына қарай естіп ажыратуға үйрету, әр жылдамдықпен дауыс жоғарылығымен айтып жаттықтыру.
Ойын барысы:
Балалар жаңылтпашты жаттайды (жаттықтырған дыбысына байланысты). Мысалы с-з дыбысына дифференциация жасағанда:
Сыздық судан сүлік сүзді
Сыздықтың сүлік салмасын үзді.
Жаңылтпашты ең алды сыбырлап, сосын ақырын дауыспен, сосын қатты дауыспен айтуын ұсынады.
Тағы да дауысты жаттықтыру үшін тақпақтарды, бұынұйқастарды, санамақтарды пайдалануға болады.
«Қандай дыбыс барлық сөзде бар?»
Мақсаты: фонематикалық қабылдауын дамыту және дыбыстық талдаудың элементтерін: сөзде берілген дыбысты белгілеу, бірінші және соңғы дыбысты анықтау.
Ойын барысы: Тәрбиеші үш – төрт, барлығында бірдей дыбыс бар, сөздерді айтады: шана, ағаш, күшік, қолшатыр – сұрақ қойылады, барлық сөздерде қандай бірдей дыбыс бар? Балалар ш дыбысын айтады.
Сосын басқа дыбыстарға сөздер беріледі: жаңғақ, ожау, тәж – ж; чемодан, чемпион – ч; асық, сағат, тас, сүлгі - с; аяз, қазық, зембіл – з; лалагүл, лақ, балық, қол – л; ара, арба, раушан, қар – р;
Тәрбиеші дыбыстын дұрыс айтылуын қадағалайды.
«Сөздегі бірінші дыбысты ата»
Мақсаты: фонематикалық қабылдауын дамыту.
Ойын барысы: Тәрбиеші ойыншықты көрсетіп, оның аты қандай дыбыстан басталатынын сұрайды. Содан кейін басқадай сөздер беріледі: достарының аттары, жануарлар, заттар. Дыбыстардың нақты айтуын қадағалау (дыбысты созбай айтқызу б-бэ емес)
«Сөздегі соңғы дыбысты ата»
Мақсаты: фонематикалық қабылдауын дамыту.
Қажетті құралдар: суреттер (автобус, жаз, қаз, тас, тіс, күз, мұз, тұз, бас )
Ойынбарысы:
Тәрбиеші суретті көрсетіп соңғы дыбысты атауын сұрайды. Барлық суреттерді атап өткесін, С дыбысына аяқталатын сөздерді бір жаққа, З дыбысына аяқталатын екіншіжаққабөлінеді.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
1. Үш тілдегі дидактикадық ойындар жинағы. (әдістемелік құрал) Астана 2013ж
2. Под редакцией Венгера Л. А. Дидактические игры и упражнения по сенсорному воспитанию дошкольников. - М., Просвещение. 1978. 3-с
3. Сорокина А.И. Дидактические игры в детском саду. - М., Просвещение. 1982. 20-с.
4. Артелова.Л.В.Окружающий мир в дидикатических играх дошкольников: Книга для воспитателей дет. Сада и родителей. - М.,Просвещение, 1998. 5- 11-12-23-с.
5. Дидактические игры и упражнения по сенсорному воспитанию дошкольников: Книга для воспитателей дет. сада. /Под редакцией Венгера Л. А. Просвещение, 1997. 17-с.
6.. Катаева А. А., Стребелеве Е. А. Дидактические игры и упражнения по сенсорному восприятию: Книга для учителя. - М., Просвещение, 1990. 17-с.
7.Железицын М.Развиваем восприятие цвета./Дошкольное воспитание 2001.№2.31-с.
Сборник дидактических игр для развития речи детей дошкольного возраста.docx
МКҚК «Қызғалдақ» балалар бақшасы Шарбақты ауылы
«Баланың тілін
дамытуға арналған
дидактикалық ойындар
жинағы.»
(әдістемелік құрал)
тәрбиеші
Құрастырушы: Кабиева Н.Т. 2018 ж
МАЗМҰНЫ:
1. Кіріспе _____________________________________________ 3 бет
2. Тақырыптың өзектілігі ______________________________ 4 бет
__________ 5 бет
3.Дидактикалық ойындардың құрылымы
4. Дидактикалық ойындарды ұйымдастырудың әдістемесі _____67 бет
5.Дидактикалық ойындар жинағы
_____________________ 852 бет
6. Қолданылған әдебиет _______________________________ 53 бет КІРІСПЕ
Ойын бала үшін — нағыз өмір. Егер тәрбиеші ойынды ақылмен ұйымдастырса,
ол балаларға ықпал жасауға мүмкіндік алады. А.П.Усова былай деп атап көрсетті:
«Балалардың өмірі мен ісәрекетін дұрыс ұйымдастыру — оларды тәрбиелеу деген
сөз. Тәрбиенің тиімді процесі ойын және ойынның өзара қарымқатынастары
формаларында жүзеге асырылатын себебі сол, бала мұнда өмір сүруді үйренбейді, өз
өмірімен тіршілік етеді».
Дидактикалық ойын – баланың қызығушылығына негізделген оқыту тәсілдерінің
бірі. Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын баласы екенін ескере келе,
дидактикалық ойындардың жүйелі қолданылуы жақсы нәтиже береді. Дидактикалық
ойындарды пайдалану мәселесі педагогикалық теорияда кеңінен қарастырылған.
Атап айтсақ, Ахметов С., Алдабергенов А., Ахметов Н.К., Хайдаров Ж.С., Кларин
М.В., Қайырбекова А., Төлтаева Г., Әбселемова А., Әбішова А. т.б. ғалымдар
дидактикалық ойындардың маңызын, түрлерін қолдану жолдарын көрсеткен.
Педагогикалық процесте ойын балалар ісәрекетінің басқа да түрлерімен, бәрінен
бұрын еңбекпен, оқу үстіндегі оқытумен өзара тығыз байланыста болады.
Ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі
артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық,
белсенділік қасиеттер қалыптасады. Ойын дегеніміз – жаттығу, ол арқылы бала
өмірге әзірленеді.
Барлық дидактикалық ойындарды үш негізгі топқа бөлуге болады:
1.Заттық дидактикалық ойындар (ойыншықтармен, табиғи заттармен);
2.Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар;
3Сөздік дидактикалық ойындар.
Заттық дидактикалық ойындарда ойыншықтар мен нақты заттар қолданылады.
Олармен ойнап, балалар салыстыруды үйренеді, заттардың ұқсастығы мен
айырмашылығын белгілейді.
Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар – балаларға арналған қызық
сабақ. Түрлері бойынша олар әртүрлі: сыңар суреттер, лото, домино. Ойындарды
ойнаған кезде шешілетін тапсырмалар да әртүрлі.Суреттер сыңарын табу ойындары.
Сөздік ойындар ойнаушылардың сөздері мен әрекетінен тұрады. Мұндай
ойындарда балалар заттар туралы түсініктеріне сүйеніп, олар туралы білімдерін тереңдетіп үйренеді. Балалар өздігінен түрлі ойлау тапсырмаларын шешеді: олардың
сипаттамалық қасиеттерін бөліп, заттарды суреттейді; суреттеу бойынша табады;
ұқсастық және айырмашылық белгілерін табады; әртүрлі қасиеттері, белгілері
бойынша заттарды топтайды.
Ойын – сабақтар көмегімен тәрбиеші тек қана белгілі білімді бермейді,
көріністерді қалыптастырады, сонымен бірге балаларды ойнауға үйретеді. Балаларға
арналған ойындар негізі ойын барысын құрайтын қалыптасқан көріністері, заттармен
жасалатын әртүрлі ойын қозғалыстары болып табылады. Содан кейін бұл білімдер
мен көріністерді өздігінен шығармашылық ойындарына тасымалдауға жағдайлар
жасау маңызды.
Мақсаты:
Балаларға дидактикалық ойын элементтерін үйрету
арқылы, ой өрісін дамыту. Жаңа технология элементтерін пайдалана
отырып, балаларды адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу. Баланың
ойын ұштай түсіп, ұстамдылыққа, еңбектене білуге тәрбиелеу. Балалардың
сөздік қорларын молайту, ойынға деген қызығушылығын
арттыру
Міндеттері:
Балалардың дидактикалық материалдарды қалыптастыруда ойлау
қабілеттерін арттырып,ақылойын дамыту;
дидактикалық материалды түсіндіру кезінде күнделікті өмірмен байланыстыра
отырып, тақырыпқа сай тәрбиелеу;
шығармашылықпен байланысты практикалық біліктер мен дағдылары
қалыптастыру,сөйлеу мәдениетін дамыту.
дидактикалық ойындар олардың атқаратын қызметі, олардың құрылымдары,
негізгі түрлері, әдістемесі және оларға басшылық жасау туралы жалпы түсінік беру;
білім беру саласы бойынша дидактикалық ойындарды таңдау және жүйелеу.
Өзектілігі: Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі ісәрекеті.
Сұлтанмахмұт Торайғыров «Балалықтың қанына ойын азық» деп бекер
айтпаған. Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі
және қызығуы анық байқалады. Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыләрекеті – ойын,
сондықтан да оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай
Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай
баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді тануы,
еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде
қалыптасады.
ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМДАРЫ
Дидактикалық ойындардың құрылымдары негізгі бес бөлімнен:
дидактикалық мақсат, ойын мақсаты, ойын әрекеттері, ойын ережесі,
нәтижеден (қорытынды шығару) тұрады.
Дидактикалық мақсат педагогпен құрылады және оқыту мақсатын
көздейді. Дегенмен ғылыми негізделген және әдістемелік салыстыра
тексерілген дидактикалық мақсаттың анықтамасы балаларға ереже ретінде
қызық емес. Сондықтан дидактикалық міндет – ойын мақсатына балалардың
алдына қойылатын және олардың сабақтағы ойын әрекетін дәлелдейтін
мақсатқа ауыстырылады. Мысалы, дидактикалық мақсат зат есім туралы
мәліметті жалпылау және жүйелеу болса оны ойын мақсатына ауыстырғанда
келесі түрде болуы мүмкін: топта кім зат есімнің жақсы білгірі екенін
анықтау. Сонымен, дидактикалық мақсат балаларға жұмбақ. Баланың барлық
зейіні ойын әрекетін жүзеге асыруға бағытталған, ал оқыту мақсатын олар
қабылдамайды.
Балалар білім, білік және дағды кешендерін еріксіз
меңгергенде, бұл ойынды оқытудың өте сирек түріне айналдырады.
Ойын әрекеттері – бұл ойын қызметінің бөлек элементтері. Ойын
әрекеттері неғұрлым әртүрлі болса, соғұрлым ойын балаларға қызықты
болады. Мысалы, ойын барысында балалар әртүрлі рөлдерді «ойнайды»,
жұмбақтар шешеді, қарсыластарына тапсырмалар ойлап табады және т.б.
Ойын әрекеттері ойынның түпкі ойын жүзеге асырады және дидактикалық
міндеттерді шешу қажеттігін анықтайды.
Дидактикалық ойынның ережесі тек қана ойын қызметін (күнделікті
ойындағыдай) басқару қажеттілігін емес, сонымен бірге дидактикалық
міндетті, сондайақ баланың жеке тұлғасының қалыптасуындағы жалпы
міндеттерді қамтамасыз етеді. Қорытынды шығару ойынның соңында болады және оның міндетті
компоненті болып табылады. Мысалы, алынған ұпайлар санын есептеу, ойын
тапсырмаларын барлығынан артық орындаған балаларды айқындау.
Қорытынды шығаруда әрбір баланың жетістігін, артта қалған балалардың
табыстарын айрықша баса айту қажет.
Дидактикалық ойынның барлық құрылымдық компоненттері өзара
байланысты, олардың кез келгенінің болмауы немесе тиімсіз жүзеге асуы
барлық технологияның нәтижесіне сөззіз жағымсыз әсерін тигізеді.
ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
Дидактикалық ойындарды ұйымдастыру педагогпен негізгі үш бағыт
бойынша жүзеге асады: дидактикалық ойынды өткізуге дайындық, оны өткізу
және талдау.
Дидактикалық ойындарды өткізуге дайындық төмендегідей:
тәрбиелеу мен оқыту міндеттеріне сәйкес ойындарды таңдау: білімдерін
тереңдету және жалпылау, сенсорлық қабілеттілігін дамыту, психикалық
үдерістерін ( есте сақтау, зейін, ойлау, сөйлеу) белсендіру және т.б.
таңдалған ойынның балалардың жас ерекшеліктеріне, тәрбиелеу мен
оқыту бағдарламалары талаптарына сәйкестігін белгілеу;
дидактикалық ойынды өткізуге қолайлы мезгілді (ұйымдастырылған оқу
ісәрекеті кезінде немесе сабақтан бос күн тәртібінің басқа мезгілдерінде)
анықтау;
балалар басқа
балаларға
ойнайтындай,ойнайтын орынды сайлау;
кедергі
жасамай,
асықпай
ойнаушылардың санын ( топтың барлығы, кіші топтар, жекеше) анықтау;
таңдап
дидактикалық
алынған
қажетті
ойынға
материалдарды( ойыншықтар, әртүрлі заттар, суреттер...) дайындау;
тәрбиешінің өзінің ойынға дайындығы: ол ойынның барысын, өзінің
ойындағы орнын, ойынға басшылық жасау әдістерін оқып білу және ұғыну; балалардың ойынға дайындығы: ойын міндетін шешуге қажетті,
қоршаған орта заттары мен құбылыстары туралы түсініктермен және
біліммен байыту.
Дидактикалық ойындарды өткізуде атқарылатын жұмыстар:
балаларды ойын мазмұнымен, ойында қолданылатын дидактикалық
материалдармен (заттарды, суреттерді көрсету, олар туралы ойын барысында
білім мен түсініктерді айқындайтын балаларға қысқаша кеңес) таныстыру;
ойын барысын және ережесін түсіндіру, сонымен бірге тәрбиеші ойын
ережесіне сәйкес, ережелердің орындалуына, балалардың жүрістұрысына
назар аудару;
ойын әрекеттерін көрсету, ойын барысында тәрбиеші балаларды
қимылдарды дұрыс орындауға, қарамақайшы жағдайда ойын қажетті
нәтижеге келтірмейтінін ( мысалы, егер балалардың біреуі көзді жұмудың
орнына ашып қараса) дәлелдей отырып, үйрету;
тәрбиешінің ойындағы атқаратын рөлін, оның ойыншы, жанкүйер, төреші
ретінде қатысуын анықтау. Тәрбиешінің ойынға тікелей қатысу шамасы
балалардың жасына, олардың дайындық деңгейіне, дидактикалық мақсат пен
ойын ережесінің күрделілігімен анықталады. Ойынға қатыса отырып, педагог
ойыншылардың қимылдарына бағыт (кеңес, сұрақ, ескерту) береді;
ойын қорытындысын шығару – бұл ойынға басшылық жасаудағы
жауапты сәт, мұнда балалардың жеткен нәтижелері есептеледі, нәтиженің
тиімділігі анықталады, осы нәтижелерді өзінің дербес ойын әрекеттерінде
қызығушылықпен қолдану ұсынылады. Қорытынды шығару кезінде тәрбиеші
жеңіске жету жолы тек қана қиындықтарды жеңу, ынта және тәртіптілік
арқылы болатынын түсіндіріп айтады.
Дидактикалық ойындарды ұйымдастыру мен жүргізу педагогикалық
тұрғыдан бірқатар шарттарға байланысты:
1. Ойынның сабақтың дидактикалық мақсатына сәйкестігі.
2. Ойындардың мазмұны мен формасына қарай әртүрлілігі.
3. Ойынның балаларға түсінікті және тартымды болуы.
4. Ойынға қатысушылардың белсенді шығармашылық позициясы.
5. Ойынның эмоционалды болуы.
Осы шарттардан ойынды ұйымдастыруға мынадай әдістемелік талаптар
қойылады.
1. Ойынның мақсаты және керекті көрнекті құралдар мен материалдар
күні бұрын дайындалып отыруы тиіс.
2. Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібі оқушыларға әбден
түсіндірілуі қажет.
3. Ойынға топтағы балалардың барлығының қатысуын қамтамасыз ету
керек. 4. Оларды ойын үстінде ойлай білуге, шешім қабылдай білуіне жетелеу
керек.
Дидактикалық ойындар жинағы.
1 кіші тобы
Мақсаты: Дидактикалық ойын арқылы балаларды үлгіге қарап, алты
түспен( «қызыл», «сары», «жасыл», « көк», «қоңыр», «сарғыш» ) таныстыру
«Ауадағы шарлар»
көзделеді.
Көрнекі құралдар: Фланелеграф, қағаздан немесе картоннан жасалған алты түсті
дөңгелектер 12х3 алынады.
Жүру барысы: Ақ қағазға алты түсті жіңішке жолақшалар желімделген соң
түстеріне сәйкес келетін дөңгелектер жапсырылады. Тәрбиеші:
Балалар бізде түрлі түсті ауа шарлары бар және жіптері де сондай түсті. Қазір ол
шарлар фланелеграф тақтайшасында әр түрлі қашықтықта пайда болады деп,
ескертіп, түсін айта отырып, тігінен, орналастырамыз. Ал, енді қазір осы жіптерге
бірден шар байлаймыз. Бір шарды алып, сондай түсті жіпке бастыра қояды. Осыдан
кейін 2 3 бала кезекпен шарларды байлайды. Егер бала түсті табуға қиналса
тәрбиеші көмекке келеді. Мақсаты: Балаларда 6 түс туралы( «қызыл», «сары», «жасыл», « көк», «қоңыр»,
«сарғыш» ) түсінік қалыптастыру.
«Тышқанды жасыру»
Көрнекі құралдар: 6 түсті қағаз (20х15) Ақ шаршы (18х8)
Ортасында орналастырылған. Ақ шаршыда тышқанның ұясы салынған. 6 шаршы –
есіктер (10х10) Мысық жұмсақ ойыншық.
Балаларға таратылатын құралдар: жоғарыдағыдай өлшемі кішірек заттар: түрлі
түсті қағаздар (10х8) ақ шаршы(5х5), түрлі түсті қағаз шаршылар (6х6(
Тәрбиеші балаларға жасыр» ойынын ойнаймыз дейді. Алдымен
Ойын барысы:
ойын ережесімен танысайық. Менде тышқандардың іні бар. Тақтаға 3 інді қояды да,
қасына 6 түсті шаршы қояды. Мінекей балалар көрдіңдер ме?
Тышқандар терезелерінен қарап тұр. Осы тышқандарды тығу үшін шаршыларды
қолданып терезелерді жабамыз, есік түсі үй түсімен сәйкес болу керек. Әйтпесе
мысық тышқандарды ұстап алады. Тақтаға үш баланы шақырып, терезелерді жабуын
сұрайды.
Егер қателескені болса кері шақырып дұрыстатқызады. Осы кезде мысық шығады.
Таба алмаған соң кетіп қалады.
Мақсаты: Ұлттық үлгідегі киімдер жайында түсінік беру. Аяқ киімдердің түр
түсіне, көлеміне, пішініне және ою өрнегіне байланысты сыңарын таба білуге. Ер
«Сыңарын тап»
адамдар мен әйел адамдар киетін аяқ киім үлгілерінің ерекшеліктеріне назар
аудару, ұлттық ою өрнек элементтерінің қолданылуы жайындағы ұғымдарын
жетілдіру. Зейінін тұрақтандырып, есте сақтау қабілетін дамыту.
Көрнекіліктер: Түстері бірдей, ою өрнек элементтерінде айырмашылықтары бар.
Пішініне қарай бірнеше аяқ киім түрлері алынады.
Ойын ережесі: Педагог балалармен ұлттық ою өрнек түрлерін көрсетіп, атын
таныстырады. Берілген аяқ киімдердің бірінен айырмашылығын ажыратып сыңарын
табуға көмектеседі. Тапсырма беріледі.
Ойынға басшылық:
Педагог алдындағы қораптағы ұлттық үлгідегі аяқ киімдердің суреттерін көрсетіп,
балалардан сұрайды. Мысалы: етік, мәсі, кебіс, саптама. Осылардың ішінен әйелдер
киетін аяқ киімді бөлек қоюды ұсынады. Қолына алған аяқ киім сыңарын іздейді.
Егер сыңарын дұрыс тапса қандай ерекшелік байқағанын сұрайды
Мақсаты: Балаларды түстер жүйесімен таныстыру. Спектрдегі түстердің
«Кемпірқосақ»
орналасуымен таныстыру
Көрнекіліктер: «Кемпірқосақ» суреті.
Толық аяқталмаған кемпірқосақ қағаздары. Жапсыруды аяқтауға ареалған жеті
түсті жолақшалар. Жапсыру құралдары.
Ойын ережесі: Балалардан жауыннан кейінгі шығатын кемпірқосақты кімнің
көргенін, онда қандай түстер бар екенін сұрап, ойын құралдарын тақтаға іледі, түстерді толық атын атап орналастырады. Жеке балалардың алдарына ойын
құралдары үлестіріліп балалар өз бетімен жұмысты үлгіге қарай отырып
орналастырады.
Заттардың түсін ажыратайық»
Мақсаты:Заттың түсін ажырата білуге балаларды жаттықтыру;
өз ара бір біріне жақын түстерді ажырата білуге: қызыл сарғыш, қызыл ашық
қызыл, ашық қызыл сия көк түс, көк көгілдір.
Ойын құралдары: Түстері өз ара жақын екі зат бейнеленген суреттер: қызанақ пен
сәбіз, роза гүлі мен түймедақ. Бір сурет бейнесі тұтас жапсырылған да, екінші
жанындағы сурет бейнесінің пішіні ойылған. Ойылған беті қалташа етіп жасалған.
Ол қалташаға төртбұрышты түсті қағаздар салынады.
Балалардың түстерді игеруімен қатар зат есім мен сын есімді
байланыстыра сөйлеуі, сөйлемде жұрнақ қосып айтуы
қарастырылады Мыс: көгілдір гүл, қызанақ қызыл, ал сәбіз
сарғыш.
Дидактикалық ойын: «Не қалай дауыстайды?»
Мақсаты: Дыбыстардың дыбысталуын бекіту. Тілдегі дауыс ырғағының
мәнерлілігін дамыту.
Құралдар: үй жануарларының төлдердің суреттері.
Шарты: балаларда заттық суреттер (үй жануарларынын төлдері). Тәрбиеші:
баланың қолындағы қандай жануардың төлі барын анықтап сұрайды. ( қошақан).
Қошақанның енесі қандай жануар? Тәрбиеші: қошақан енесі қалай шақырады?
Қошақан Мемеме. Тәрбиеші қошақанның дауысын имметация арқылы дауыстайды.
Суретін көрсетеді. Тәрбиеші солайынан қалған төлдермен жаттығуды
жалғастырады.
«Футболшылар»
Мақсаты: Балалардың негізгі және қосымша түстерді айыра білуге үйрету.
Түстерді топтай білуге. Ашық және қою түстерді қолдануда сөздіктерді орнымен
қолдана білу.
Ойын құралдары: Дене бөлігі ойылған, 5 футболшы бейнеленген, 2 ұзын қаты
қағаздан жасалған конверт. Бірінші команда ақ, екінші команда қара төменгі
киімде. 5 ашық түс, 5 қою түстегі тіктөртбұрышты түсті картондар.
Ойын барысы:
Педагог тақтаға футболшылар бейнеленген 2 конвертті қояды. Ал жанына түрлі
түсті тіктөртбұрыштарды шашыраңқы етіп жаяды. Әңгімелеу: « Сендердің
алдарыңда екі футбол тобы тұр. Сол жақтағы топ «Күншуақ» тобы, ал оң жақтағы
топ « Найзағай» тобы. Оларды неге бұлай атағаны сол: «Күншуақ» тобы үнемі ашық
түсті киім киеді де ал «Найзағай» тобы қою түсті киім киеді.
Бүгін киімдері ретсіз шашылып жатқасын олар өз киімдерін таба алмай отыр. Қане
бәріміз бұл футболшыларға киімдерін таңдауға көмектесейік. Педагог алдын ала
ойынды өзі ойнап көрсетеді. Тақтаға екі бала шақырылып қандай топты
киіндірілетіні сұралады. «Қандай түстер қолданылған?»
Мақсаты: Бір түстің 2 реңкін ажырата білуге, түс реңктерін бейнелеп айтудағы
сөзді сөйлем ортасына қолдана білуге жаттықтыру: күрең қызыл, ашық сары, ашық
сарғыш.
Құралдар:
5 түстен құралып жапсырылған әтеш бейнесі.( ол қызыл, сарғыш,, көк, қоңыр, және
сары түс) Әр бір түс екі реңктен бейнелеп көрсетілген. Суреттің төменгі жағында 10
шаршы сызылып, бөлінген. 10 түрлі түсті шаршылар.
Ойын барысы:Педагог бұл әтешті жапсырып жатқанда 5 түсті қолданғанын, ал 5
түстің қосымша реңктерін де пайдаланғанын айтады. Балалар сол түстің реңкімен
бірге шаршылар арасынан тауып бірге ұяшыққа қоюы тапсырылады.( Мыс: әтештің
айдары мен сақалы қызыл ал, етігі күрең қызыл – дейді. Бала осы екі аталған
түстердегі шаршыларды алып бейненің астындағы шаршыға орналастырады.
«Ыдыстардың шыны аяқтарын табуға көмектес»
Мақсаты: Алты түсті меңгертуді үйретуге жаттықтыру.
Құралдар: 6 түсті ( «қызыл», «сары», «жасыл», « көк», «қоңыр», «сарғыш» ) шыны
аяқ силуеттері.
Ойын барысы: Педагог тақтаға жолақ қалталары бар суретті іліп, шыны
тарелкелерді қойып шығады. Бала осы ған сәйкес түсті саптаяқты іздеп, шыны аяқ
үстіне қояды.
«Қуыршақты серуенге киіндіріп, шығарайық»
Мақсаты: Негізгі түстерді меңгеруге, киім атауын атай білуге және сөйлемде
қолдана білуге жаттықтыру.
Ойын құралдары: 4 түсті пальто киген қыздар / панносы/көк, қоңыр, қызыл, жасыл,
Ойын барысы:
Педагог балаларға қуыршақтың серуенге шығатындығын, ол үшін
Қуыршақтың үстіндегі пальто түсіне сәйкес бас және аяқ киімдерді
таңдап алуға көмектесулерін сұрайды. Балалар түрлі түстердің арасынан өзіне
қажетті киімдерді таңдап киіндіреді.
Дидактикалық ойын: «Сенің ойыншығын қандай?»
Мақсаты: Сөздік қорын заттардың қасиеттері мен сапасын (көлемі, түсі, пішіні,
қандай материалдан жасалғаны және не үшін керектігі) білдіретін сөздермен
толықтыру.
Шарты: Арбадағы ойыншықтарды балаларға таратылады.
Тәрбиеші: Қол ұстасып, тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Бірбірімізге қарайық,
Күліп ойын бастайық! Деп балаларды жауапқа тартады.
Мысалы: Мынау қуыршақ. Мынау басы, екі көзі, екі аяғы, екі қолы бар. (егер
балалар қиналып жауап бере алмаса, тәрбиеші түсіндіріп көмектеседі; киімнің
түсімен шашына назар аударады; қуыршақпен қалай ойнайтынын түсіндіреді) Дидактикалық ойын: «Қандай көлік артық?»
Мақсаты: Ойлау тыңдау қабілеттерін одан ары қарай дамыту.
Құралдар: көлік түрлері (жеңіл көлік, автобус, трамвай, кеме, жедел жәрдем, өрт
сөндіруші көлігі, троллейбус, маршрутті такси, ракета, ұшақ)
Шарты: жеңіл көлік, автобус, трамвай, кеме – артық көлікті тап.
Балаларға тапсырма: Біздің қаланың көшелерінде қандай көлік жүрмейді
«Түрлі – түсті көйлектегі бишілер»
Мақсаты: 1. Кемпірқосақ түстерінің орналасу реттілігі мен түстің атауын білуді
бекіту. 2. Қуыршақтардың көйлектері мен түстері жайлы әңгімелей білуге
жаттықтыру.
Ойын құралдары:
1. Бас киім және көйлектері ойылған 7 қуыршақ бейнесіндегі ұзын жолақша қатты
қағаз.
2. 7 түсті тіктөртбұрышты қағаз (қызыл, сарғыш, сары, жасыл, көгілдір,, көк,
сиякөк)
3. Кемпірқосақ суреті.
Ойын барысы:
Педагог балалардың көз алдына тақтаға қуыршақтар бейнеленген
жолақшаны қояды да былай деп әңгімелейді: 7 дос қыз алаңға шығып билемекші
болады. Бір сәт аспанда кемпірқосақтың асылып тұрғанын көріп қалған қыздар, дәл
сол кемпірқосақтың түсіндей болып көйлек кимекші болады. Бірақ кемпірқосақ
түсінің қалай орналасқанын ұмытып қалыпты. Ал, сендер білесіңдер ме? Міне
кемпірқосақтың түстеріне ұқсас 7 түсті тіктөртбұрышты пішіндер.
Қане қыздарымызға көмек берейік.
Жолақшаға бір бірлеп түсті тіктөртбұрышты ретпенен орналастырады. Бұл түсті
кемпірқосақтың түстерімен салыстыра отырып орындайды. Тексеру мақсатында
қуыршақтың қандай түсті бас киім мен көйлек кигендіктерін сұрайды. «Бірінші
қуыршақ қызыл бас киім мен қызыл көйлек киді» ойын соңында түстердің қызылдан
сия көкке ауысқандығына назар аударады.
«Түрлі түсті гүл шоғын құрастыр»
Мақсаты:1. Жылы және суық түстерді айыра білуге және олардың аталуын
белсенді сөздік қорында бекіту.
2. Балалардың сөйлеу тілінде зат атауын жалпылама айта білуді бекіту.
Ойын құралдары:
1. Гүлдің жасыл сабағы мен жапырағы бейнеленген 2 құмыра суреті ілінеді. Гүл
сабағының ұштарына нейтрал түстен дөңгелек (сұр, ақ) жапсырма қағаз
жапсырылады. 1 ші құмыраға жылы, 2 ші құмыраға суық түсті ою өрнекпен
әшекейленген.
2. Түрлі түсті қатты қағаздан қиылған гүл қауыздары: олар,
Суық түстер: көгілдір, көк, сия көк және жылы түстер: сары, сарғыш, қызыл, түсті
гүл қауыздары. Олардың астыңғы бетіне жапсырма қағаз орнатылған.
Ойын барысы: Педагог балаларға екі құмыраға гүл шоқтарын құрастыруларын сұрайды. 1 ші
құмыраға жылы отқа ұқсас түстерден:, ал 2 ші құмыраға суық аспан, су, мұз
түстес түстерден гүлдерді жинау сұралады. Тақтаға 4 бала шақырылады. Балалар
екі топқа бөлініп, құмырадағы гүл шоғын құрастырып болғасын өз гүл шоқтары
жайлы сөйлем құрайды. Мыс:» Мен сары, сарғыш, қызыл түстерден гүл шоғын
құрастырдым»
« Жылы және суық түстер»
Мақсаты: Жылы және суық түстерді айыра білуге және олардың аталуын белсенді
сөздік қорында бекіту.
Балалардың сөйлеу тілінде зат атауын жалпылама айта білуді бекіту.
Ойын құралдары: Тақтаға аққала мен күн суреттері ілінеді.
Аққала суреті айналасында су, мұз, бұлт түстеріне ұқсас көк, көгілдір, сия көк
түсті дөңгелек пішіндер ілінеді. Күннің айналасында жылы от, күнге жақын түстер
сары сарғыш, қызыл, жасыл түсті дөңгелектер ілінеді
Ойынға басшылық.
Педагог балалардың назарын тақтадағы күн мен аққалаға назар аудартады. Жылы
түстер – дегенде біздің ойымызға күн, немесе от бейнесі түсуі керек. Қараңдаршы
қандай түстер екен: сары, қызыл, сарғыш, жасыл түстер. Суық түстер қандай түстер
екен көк, сия көк, көгілдір. Педагог екі түсті араластырып түстерді ажыратып
орнына қоюын сұрайды.
«Суретші қай жыл мезгілін салды?»
«Сайқымазақтарды киіндір»
Мақсаты: түстер туралы алған білімдерін тиянақтау.
Ойын құралдары:
1. Спектр түстері бейнеленген дөңгелек қатты қағаз. Дөңгелектің ортасында
қозғалмалы сағат тілдерімен, ақ түсті киімдегі билеп тұрған кейіптегі
сайқымазақтар суреті орналасқан.
2. 2 2 ден жартыға қиылған сайқымазақ киімдерінің қиындылары. Астыңғы
бөлігінде жапсырма қағаздары орнатылған болуы керек.
Ойын барысы:
Педагог балаларға спектр түстері, олардың орналасу тәртібі жайлы
түсінік береді. Сарғыш түстен кейін сары, одан кейін жасыл, көгілдір, көк, сия көк,
қызыл түс. Сағат тіліне қарсы тұрған түсті алып 2 түстерді атап, сайқымазақтардың
киімін киіндіреміз. Түстерді атап сөйлем құрастыра білуіміз керек.
Сайқымазақтарды киіндіріп болғаннан кейін, олардың түстерінің ерекше қанық,
айқын екендігіне назар аударады.
«Шыршаны безендір»
Мақсаты: Түстердің реңкі бойынша топтастыра білуге үйрету.
Құрал жабдықтар: Көлемі 30х50 планшет, түрлі түсті қатты қағаздан қиылған
шырша және шырша ойыншықтары.
Ойынға басшылық: Балаларға шырша ойыншықтарының қиылған пішіндері
үлестіріледі. Мольбертке қиылған шырша бейнесі ілінеді. Педагог: Балалар, жақында балабақшада шырша мерекесі аталып өтті, барлығы көңілді
болды. Әдемі ойыншықтар мен безендірілген шырша жанында өлең айттық, би
биледік, аяз атадан сыйлық алдық. Аяз аталарыңа барлығы да ұнапты. Ол кетер
алдында мына кішкентай шырша мен ойыншықтарды сендерге тастап кетті.
Қане, мына шыршаны сол ойыншықтар мен безендірейік. Мен кез келген түсті
айтамын кімде сол түс болса ойыншығын шыршаға іледі. Ең бірінші қызыл түсті
ойыншықтарды ілеміз. Қызыл түсті ойыншықтары бар балалар ойыншықтарын іле
бастайды. Қалған балалар достарының қателігін түзейді. Осыдан кейін сарғыш, көк,
жасыл т. с. с түстерді атайды.
« Жылы және суық түстер»
Мақсаты: Жылы және суық түстерді айыра білуге және олардың аталуын белсенді
сөздік қорында бекіту.
Балалардың сөйлеу тілінде зат атауын жалпылама айта білуді бекіту.
Ойын құралдары: Тақтаға 2 жылы және суық түстерден құралған жұмырқұрттар
суреттері ілінеді.
1 ші жұмырқұрт суреті айналасында су, мұз, бұлт түстеріне ұқсас көк, көгілдір,
сия көк түсті дөңгелек пішіндер ілінеді. 2 ші жұмырқұрт айналасында жылы от,
күнге жақын түстер сары сарғыш, қызыл, жасыл түсті дөңгелектер ілінеді
Ойынға басшылық.
Педагог балалардың назарын тақтадағы 2 түсті жұмырқұртқа аудартады. Жылы
түстер – дегенде біздің ойымызға күн, немесе от бейнесі түсуі керек. Қараңдаршы
қандай түстер екен: сары, қызыл, сарғыш, жасыл түстер. Суық түстер қандай түстер
екен көк, сия көк, көгілдір. Педагог екі түсті араластырып түстерді ажыратып
орнына қоюын сұрайды.
«Натюрморт, пейзажды құрастыр»
Мақсаты: балалардың бейнелеу өнері жанрлары жайлы түсінік қалыптастыра
отырып, қиылған зат бейнелерінен натюрморт, пейзаж картиналарын құрастыру.
Ойын құралдары: қағаздан қиылған жеміс, ыдыс, өсімдік, гүл
бейнелері
«Түсіне қарай орналастыр»
Дидактикалық мақсаты: балалардың 6 түс туралы алған білімін бекіту. Заттардың
әр түрлі сыртқы ерекшеліктеріне./ пішін, көлем, атқару қызметіне / назар аудармай
отырып түстерді айыру
Құралдар: Әр балаға 10х10 см түрлі түсті 6 шаршыға бөлінген /30х20 см/ жолақша
қатты қағаз. Ұсақ қатты қағаздан ойылған ойыншықтар бейнесі.
Ойынға басшылық:
Балалар біздер қазір «Түсіне қарай орналастыр» ойынын ойнаймыз.
Сендердің алдарыңда түсті жолақша бар. Ал, қандай түсті ойыншықтар бар екен?
Мынау не? / Көк түсті машинаны көрсетіп,/
Машина.
Ал, мынау не? /Қызыл түсті машинаны көрсетіп/
Машина. Ал олардың қандай айырмашылы бар? /екеуін бірге ұстап қатар қояды/ Егер
балалар жауап беруге қиналса педагог өзі көмектеседі.
« Олар бірдей ме екен? Айырмашылығы неде? Дұрыс, біреуі көк түсті, ал екіншісі
қызыл түсті. Басқада ойыншықтардың түстері ажыратылып орналастырылады
«Пішіндер қандай болады?»
Дидактикалық мақсаты: балаларды дөңгелек және шаршы пішіндерімен
таныстыру. Геометриялық пішіндерді зерттей білуге / саусақпен шеттерін сипап
айналдырып шығу, атын атау/
Құрал жабдықтар: Қуыршақ. Көрнекі жабдық: қатты қағаздан жасалған үлкен
дөңгелек және шаршы пішіндері.
Таратуға арналған жабдықтар: әр балаға 3 тен әр түсті дөңгелек және шаршы
пішіндер беріледі.
Ойынға басшылық:
Тәрбиеші балаларға қонаққа Құралай атты қуыршақ келгендігін, оның қолында
себет бар екендігін айтады.
Қане, себетте не бар екен? Тәрбиеші себеттен қалташаларды алып ішіндегі қызыл
және көк дөңгелек пен шаршыларды шығарады.
Ой, балалар қараңдаршы қуыршақ бізге түрлі түсті пішіндер ала келіпті. Мынау
дөңгелек. Мен саусағыммен былай сипап ұстап шығамын. Енді маған Досан келіп
қуыршаққа дөңгелекті саусақпен қалай айналдырып шығатындығын көрсетеді. Ал,
қазір ауада саусақтың ұшымен дөңгелектің суретін салып көрсетейік.
Ал, мына пішін шаршы – деп аталады. Мен шаршының шетін де саусақпен
айналдырып, сипап шығамын. Менің саусақтарым тіке жылжып барып шаршының
бұрышына келгенде тоқтайды. Тоқтап барып бұрыштан бұрылады. Тағыда жылжып,
барып, бұрыштан бұрылады. Енді бәріміз де ауада шаршының суретін салып
көрсетеміз. Әрі қарай қатты қағаздан қиылған пішіндерді көрсетіп қайталатады.
Барлық балаға қалташалардағы дөңгелек және шаршы пішіндерді екі қатарға
қоюлары сұралады. Көмек сұраған балаларға
Тәрбиеші көмекке келеді.
«Пішіндерді тап»
Дидактикалық мақсаты:Балалардың геометриялық пішіндер туралы алған
білімдерін бекіту. Көрсетілген үгіге қарай отырып пішіндерді таңдауға үйрету.
Саусақпен пішін шетін жүргізу және беттестіру арқылы геометриялық пішіндерді
зерттеуді бекіту.
Жабдықтар:
Көрнекіліктер: қатты қағаздан қиылған дөңгелек, шаршы, үшбұрыш, сопақша,
тіктөртбұрыш.
Таратуға арналған құралдар. 5 геометриялық пішіндер жинағы.
Ойынға басшылық
Тәрбиеші дөңгелектің шетін саусақпен ұстап көрсетіп балалардан былай деп,
сұрайды.
«Мына пішінді қалай деп атаймыз? Сопақша пішінді де саусақпен шеттерін сипап көрсете былай деп сұрайды?
Ал, мына пішін қалай деп аталады? Басқада пішіндерді қайталап сұрап шығады.
Содан кейін барып тапсырма беріледі. Балалардың алдында дәл осындай пішіндер
жатады. Алдарындағы жолақтағы пішіндердің үстіне қолдарындағы пішіндерді
апарып беттестіп анықтаулары сұралады.
«Геометрилық пішінге ұқсас заттарды тап»
Дидактикалық мақсаты: геометриялық пішіндер мен заттардың ұқсатығын таба
білуге үйрету.
Жабдықтар: геометриялық пішіндер дөңгелек, шаршы, үшбұрыш, тіктөртбұрыш,
сопақша және 3 4 осы пішіндерге ұқсас заттар. Шығыршық.
Ойынға басшылық:
Балалар орындыққа жартылай шеңбер болып отырады. Ортада 2 үстел қойылып,
оның біріншісіне геометриялық пішіндер ал, екіншісіне ұқсас заттар қойылады.
Тәрбиеші мына пішіндерді мен көрсетіп, шығыршықты біреуіңе домалатамын.
Шығыршықты ұстаған бала мына үстелдегі заттар арасынан осы пішінге ұқсас затты
тауып береді. Табылған зат жоғары көтеріліп, қол шапалақталады.
«Қапшықта не жатыр?»
Мақсаты: Балалардың зат пен пішіндер арасындағы ұқсастықты айра білу туралы
білімдерін бекіту.
Құрал жабдықтар: геометриялық пішіндер жинағы.; әр түрлі пішіндегі
ойыншықтар: ағаш шарлар, жұмыртқа,, бочкалар, доптар,, шырша бүрлері,,
жидектер,, жемістер,, көкөністер,/ дөңгелек және сопақша пішіндегі/, ілгектер /
шаршы және дөңгелек пішіндегі/
Ойынға басшылық:
Балалар жартылай шеңбер болып тәрбиеші алдында отырады. Үстелдің бір шетіне
геометриялық пішіндер қойылады.. Қапшық тәрбиеші қолында болады. Балалар
қапшық ішіндегі заттарды біртіндеп алып., атап, пішіні қандай геометриялық
пішінге ұқсас екендігін айтады. Қиналған балаларға педагог тың өзі көмек береді.
Мынау жұмыртқа ол сопақша пішінді. Ойын аяғына дейін ойналады.
«Үш шаршы»
Дидактикалық мақсаты: « үлкен», «кішкентай», « орташа», «ең үлкен», «ең
кішкентай», «кішірек» сөздерін қолдана отырып, 3 заттың көлемін салыстырмалы
түрде ажырата білу.
Жабдықтар: Тақта. Көлемдері 3 түрлі шаршылар./ балаларға да осындай таратуға
арналған жабдықтар/
Ойынға басшылық: Тәрбиеші балаларға өзінің қолындағы шаршы пішінінің бар
екендігін көрсетеді.
Балалар менің қолымда 3 түрлі шаршы бар.
Үлкен шаршы.
Орташа шаршы.
Кіші шаршы. Енді сендер маған өз қолдарыңдағы шаршыларды көрсетіңдер. Ең
алдымен үлкен шаршыны көрсетіңдерші. Содан кейін орташа шаршыны көрсетіңдер. Барлық пішіндерді атап болғаннан кейін балаларға шаршылардан мұнара
құрастырулары сұралады. Мұнараны қалай қандай пішіндерден бастап
құрастыруларын өзі көрсетеді./ ең үлкені төменде, орташасы ортасында, кішісі ең
жоғарыға қойылады.
2ші кіші тобы
1.
Диадактикалық ойын: «Дұрыс айт»
Мақсаты: [Б] дыбысын дұрыс айтуға үйрету. Сөйлеу қарқынын өзгерте білу
ептілігін дамыту.
Шарты: Балалар сүреттерді пысықтай отыра, атауларын айтады, [Б]сы бар
сөздерге тоқталып екпін қойып айтады.
Мысалы:Тәрбиеші: Мына саңдықтын ішінде не бар екенің көрейік? (затты
суреттер).
Бұл затты суреттерге мұқият қарасаңдар, онда қандай дыбыс тұратының білесіңдер.
(тәрбиеші өзі айтады балық [Б] автобус, бақа, бота,сабын, шыбын, көбелек,
бұлбұл, бақбақ, табақ)
Балалар саңдыққа жақындап суреттерді алып атауын айта отыра [Б]на екпін
қойып айтады, тәрбиеші балалардың жауаптарын қадағалайды, көмектеседі.
Балалар суреттерін тақтадағы ілініп тұрған жолақшаға тізіп қояды.
Дидактикалық ойын: «Сенің ойыншығын қандай?»
Мақсаты: Сөздік қорын заттардың қасиеттері мен сапасын (көлемі, түсі, пішіні,
қандай материалдан жасалғаны және не үшін керектігі) білдіретін сөздермен
толықтыру.
Шарты: Арбадағы ойыншықтарды балаларға таратылады.
Тәрбиеші: Қол ұстасып, тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Бірбірімізге қарайық,
Күліп ойын бастайық! Деп балаларды жауапқа тартады.
Мысалы: Мынау қуыршақ. Мынау басы, екі көзі, екі аяғы, екі қолы бар. (егер
балалар қиналып жауап бере алмаса, тәрбиеші түсіндіріп көмектеседі; киімнің
түсімен шашына назар аударады; қуыршақпен қалай ойнайтынын түсіндіреді)
Дидактикалық ойын: «Қандай көлік артық?»
Мақсаты: Ойлау тыңдау қабілеттерін одан ары қарай дамыту.
Құралдар: көлік түрлері (жеңіл көлік, автобус, трамвай, кеме, жедел жәрдем, өрт
сөндіруші көлігі, троллейбус, маршрутті такси, ракета, ұшақ)
Шарты: жеңіл көлік, автобус, трамвай, кеме – артық көлікті тап.
Балаларға тапсырма: Біздің қаланың көшелерінде қандай көлік жүрмейді
Дидактикалық ойын: «Кімге не керек?» Мақсаты: түрлі мамандық иелері құралдарын (тәрбиеші, дәрігер, аспазшы,
көмекші) басқаратыны туралы түсініктерін кеңейту.
Құралдар: ыдыстар: кастрюль, қазан, шайнек, ожау, плита; фонендоскоп, ойыншық
шпателі, шприц, ақ халат, тонометр; кітап, доп, қалам, машинанын рулі.
Шарты: Балаларды үстелдін үстінде (ыдыстар: кастрюль, қазан, шайнек, ожау,
плита; фонендоскоп, ойыншық шпателі, шприц, ақ халат, тонометр; кітап, доп,
қалам, машинанын рулі) тұрған ойыншықтарға жақындатып сұрайды: (мына
заттардың ішінен кімнің заты? кімге жұмысына не қажет?) деп сұрайды.
Тапсырма: мамандықтарға байланысты заттарды атап, қоржынға салады.
Тәрбиеші: әр баладан жауап алады. Қоржынға салған заттын атын сұрап бекітеді.
Дидактикалық ойын: «Аталған ағаштың суретін тап»
Мақсаты: белгісіне қарай аталған ағашты тез тауып алуға машақтандыру.
Құралдар: шырша, аққайын, терек, емен, бұталар.
Шарты: Топтын ішінде балаларға көрінетіндей ағаштар мен бұталар суреттері
тұрады. Тәрбиеші өсімдіктердің атауын атап, балалар тез сол ағаштын суретін
тауып жанына барып тұру керек.
Дидактикалық ойын Лото «Көкөністермен жеміс жидектертер»
Мақсаты: Көкөністермен жемістерді бір бірінен ажыратуға үйрету.
есте сақтау қабілеттерін жетілдіру.
Құралдар: көкөністермен жеміс жидектердін суреттері
алма, ақтүйнек, шие; пияз.
алмұрт, қызанақ, жүзім, сарымсақ.
өрік, қияр, қара өрік, асқабақ.
апельсин, орамжапырақ, қызылша, құлпынай.
банан, кәді, қарбыз, таңқұрай.
лимон, сәбіз, қауын, қарақат. барлығы:6 үлкен карточкалар, 24 ұсақ карточкалар
Шарты: Ойынды 6 баладан ойнауға болады. Балалардың алдында үлкен
карточкалар жатады. Ұсақ карточкалар суретімен үстіне қарап тәрбиешінің
қолында болады.Тәрбиеші карточканы алып, атауын атап, немесе балалардан
сұрайды.
Балалар алдында тұрған карточкаға қарап анықтап отырады, егер балада дәл сондай
карточка болса өзіндегі суретті жабады. Кімде үлкен карточкасы толығымен ұсақ
карточкаларымен тез жабылса, сол жеңімпаз болады.
Дидактикалық ойын: «Қандай жемісті алдың?»
Мақсаты: жемістер (алма, алмұрт, өрік) туралы түсініктерін кеңейту. Есте сақтау
қабілеттерін одан ары қарай жетілдіру, үлгіге сүйене отыра байланыстырып сөйлем
құрастыру іскерліктерін дамыту.
Құралдар: әр балалада үлгі тірек суреттері. Шарты: Үстел үстінде (муляждар, ұсақ заттық суреттер) турады, балалар өздеріне
12 ұнаған жемістерді алып, үлгі тірек суретке қарап қандай жеміс алғанын
пысықтап әңгімелеп беру керек.
Үлгі суреттін макеті: қағазға 1. пішіні; 2. түсі; 3.көлемі; 4. қайда өседі?; 5. не жасап
дайындауға болады?. туралы суреттері салынады:
Мысалы: Алмадөңгелек, сары, үлкен. Алма баубақшада өседі. Алмадан тосап
дайындайды.
1. 2. 3. 4. қайда 5. ?
өседі?
Дидактикалық ойын: «Кім неге барсын?»
Мақсаты: Тыңдау, есту қабілеттерін дамыту. Сурақтарға жауап беруге үйрету.
Құралдар: топта алдын ала (атанын, ағаштын, нандын суреттері А3 форматында
салынған болу керек).
Шарты: Тәрбиеші: балаларға мына сөздерді айтып тұрады , балалар белгіленген
суреттерге барып, неге осы суретке барғанын түсіндіру керек:
Тәрбиешінің сөздері:
Тіл алғыш бала нанға барсын,
Тілазар бала талға барсын.
Тілі тәтті бала атаға барсын.
Баланың беретін жауабы:
Нан – тамақ болады,
Тал – таяқ болады,
Ата – қонақ болады.
Дидактикалық ойын: «Қандай құс?»
Мақсаты: Есту қабілеттерін жетілдіріп, тілдегі дауыс ырғағының мәнерлілігін
сезінуіне мүмкіндік туғызу. Дауыс және артикуляциялық аппаратын дамыту.
Құралдар: Таспаға жазылған құстардың дауыстары, құстардың суреттері;
құстардың басқа киетін масқалары (бет пердесі)
Шарты: балалар шеңбер бойы отырады. Шымылдықтын артынан құстардың бас
қиімін (бет пердесін) 1 бала киіп дауыстайды (тәрбиешінің нұсқаулығымен)
шеңберде отырған балалар ойланып тауып алады. Барлықтары жасырылған құстын
қимылын жасайды. Таспа қосылып баланың айтылған дауысымен салыстырылынады,
құстын суреті тақтаға ілінеді. Дұрыс тапқан бала шымылдықтын артына барып бас
қиімді тандайды. Солайынан ойын жалғаса береді. Дидактикалық ойын: «Қайсысы қалай дауыстайды?»
Мақсаты: Балалардың есту қабілеттері мен зейіндерін дамыту.
Шарты: Қарғада кішкентай балапаны болды (қарғанын балапанын суретін қояды).
Оның анасы оны әң айтуға үйретті. Қарға әңді дауысын қатты шығарып айтты:
«ҚАРҚАР» (балалар қайталап отыру керек).Балапан дауысын ақырын шығарып :
«қарқар» (балалар қайталайды 34 рет). Балалапан өсіп ұшып кетті (балапанның
суретін басқа жаққа қояды) қарға анасы балапаның шақырады дауыстап:
(балалар анасы сияқты шақыру керек «ҚАРҚАР»).
Қарғанын балапаны анасынын дауысын естіп дауысын ақырын шығарып «қарқар»
деп ұшып келеді. Қарға –анасы қатты қуанып: қалай дауысын шығарады?
Балалар:«ҚАРҚАР» деп жауап береді.
Дидактикалық ойын: «Не қалай дауыстайды?»
Мақсаты: Дыбыстардың дыбысталуын бекіту. Тілдегі дауыс ырғағының
мәнерлілігін дамыту.
Құралдар: үй жануарларының төлдердің суреттері.
Шарты: балаларда заттық суреттер (үй жануарларынын төлдері). Тәрбиеші:
баланың қолындағы қандай жануардың төлі барын анықтап сұрайды. ( қошақан).
Қошақанның енесі қандай жануар? Тәрбиеші: қошақан енесі қалай шақырады?
Қошақан Мемеме. Тәрбиеші қошақанның дауысын имметация арқылы дауыстайды.
Суретін көрсетеді. Тәрбиеші солайынан қалған төлдермен жаттығуды
жалғастырады.
Дидақтикалық ойын: «Көжекті дыбыстарды естуге үйретеміз»
Мақсаты: Дауыс және артикуляциялық аппаратын дамыту.
Қуралдар: қапшықтағы әртүрлі заттық суреттер Шарты: Көжек суретте қандай
зат салынып тұрғанын айтады, егер көжек қате айтса, сеңдер оған көмектесіңдер
деп түсіндіреді.
үлкі – балалар «түлкі»
зын – «ұзын»
ұлақ – «құлақ»
ысық– «мысық»
ойын сонында көжек барлық суреттерді дұрыс айтады.
Дидактикалық ойын: «Мен не жасадым?»
Мақсаты: Балалардың тіл қорларын дамыту, қысқы киімдер атауын атауға үйрету,
әрекетке қарап сипаттап сөйлем құрастыра білуге жаттықтыру.
Шарты:Тәрбиеші қуыршақты алып, киімдерін киіндіріп, сипаттайды киіндіреді
балалармен бірге шешеді.
пальто кидім және... шештім
түймелерді түймеледім және... ағыттым
жағаны көтердім және... түсірдім
бөкебайды орадым, байладым және... шештім
қолғапты кидім... шештім
етікті шештім... кидім Балалар біз бірінші қолғап киіп алсақ, сонан сон түйме салаламыз ба?
Дидактикалық ойын: «Не артық»
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын арттыра отыра,
жекеше көпше айта білуге үйрету.
Шарты: Балалар бас киімнің (аяқ киімдер) үш түрі және киімнің бір түрі
салынғаның карточкаларда көріп, артық затты анықтайды, бір сөзбен айтады және
көпше түрге айналдырулары қажет. (бас киімдер деп, аяқ киімдер деп)
Дидактикалық ойын «Менімен қайтала»
Мақсаты: Балаларды «а», «у» дыбыстарын сөздерде, буындарда таза, анық айтуға
үйрету: гу, му, ну, ух,
Шарты: Айслудың үйінде нелер бар екенін көрейік: тауық, қаз, балапан, бұзау,
Балалар картачкалардағы суреттерге қарап нелер бар екенін атай отыра олардың
қалай дыбыс білдіретіндерін айтады.
Маса өлеңі зузузу
Қоңыз өлеңі жужужу
Даулпаз өлеңі бумбумбум
Пойыз өлеңі чухчухчух
Сиыр өлеңі мумуму
Көкек өлеңі кукуку
Дудочка өлеңі дудуду
Жел өлеңі уууу
Дидактикалық ойын: «Қара да, айт»
Мақсаты: сөздік корларын молайту, 23 сөзден сөйлем құрастыру
Шарты: Суретке қарап шырша туралы әңгіме құрастыру,
Шырша қайда өседі?
Шырша қайда тұр?
Біз шыршаға қандай сөздер айтамыз?
Шыршаны кесуге болама?
Дидақтикалық ойын «Не жасырылғанын тап»
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту.
Шарты: Тақтада 4 жиһаздың суреттері ілулі тұр, балалар көздерін жұмады, бір
сурет алынады, балалар қандай сурет жоқ екенін табады.
Дидақтикалық ойын «Диастың бөлмесі»
Мақсаты: Сөйлеу мәдениетін одан ары қарай жетілдіру. Сөздерден байланыстырып
сөйлем құрастыруға үйрету.
Шарты: Балаларға жиһаздарды көрсетіп орындық, шкаф, үстел, диван, т.с.
жиһаздардың бөліктерін атауды ұсынды.
Тәрбиеші: Балалар біз бүгін Диасқа қонаққа келдік.
Диас бізге өз бөлмесін көрсетеді.
Балалар Диастың бөлмесінде не бар? Орындықтың несі бар?
Үстел ...
Ол,қандай пішінге ұқсайды?
Шкаф ...
Диван ...
Тәрбиеші балаларға: «арқа, қол,сирақ, тек жиһаздарда»
Дидактикалық ойын: «Көпше жекеше»
Мақсаты: Көпше жекеше» Сөздерге жалғауларды дұрыс жалғауға дағдыландыру.
Шарты: Тәрбиеші суретті немесе заттарды көрсетіп бастайды,ал балалар
жалғастырады.
«Мен бір пиала көрдім, ал көк пиалалар көп екен.
«Мен бір таба көрдім, ал ала табалар көп екен т. с.
Дидактикалық ойын: «Қайсысы ұзынқысқа»
Мақсаты: Ойлау қабілеттерін дамыта отыра антоним сөздерін айтуға үйрету,.
Шарты: Допты алған бала жауап береді.
Етік ұзын, ал бәтеңке... қысқа
Футболкасы жеңі қысқа, ал жейденің жеңі ...ұзын
Көйлек ұзын, ал шорты... қысқа
Пальто ұзын, ал күртеше...қысқа
Гольф ұзын, ал шұлық...қысқа
Дидактикалық ойын: «Естіп алақаныңды соқ»
Мақсаты: сөздерді [Ш] дыбыстарды атап беру, артикуляциялық аппаратын дамыту, дауыс
ырғағы бойынша жұмысты жалғастыру, ойлау қабілеттерін дамыту.
Шарты:
[Ш]
дыбыстарды естіп алақаныңды соғады дыбыстарды атап береді. Бірнеше сөзді қағып алып
қысқа сөз құрастырады.
Балалар сөздерде «шаңсорғыш, тоңазытқыш, электро шам»
Дидактикалық ойын: «Не үшін керек»
Мақсаты: Заттардың қасиеттері мен сапасы, көлемі, түсі пішіні және не үшін керектігі білдіретін
сөздерді айтып, сөздік қорын молайту.
Шарты: Мольбертке суреттерді тізіп іледі де пысықтайды.
Нені көріп тұрсыңдар?
Көлемі қандай? Түсі қандай?
Бұл зат қандай пішінге ұқсайды?
Олар адамдарға керек пе?
Дидактикалық ойын: «Әтештің отбасын тап»
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін одан ары қарай
жетілдіру, заттарды атап үйрету.
Шарты: Балалар, суретерінің арасынан үй құстарының тауып алады, атайды, түсіндіреді
Дидактикалық ойын «Көңілді доп»
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін одан ары қарай жетілдіру. Сөзден
байланыстырып сөйлем құрастыруға үйрету. Мақсаты: Балаларды мамандардың өз ара ажыратуға үйрету. Аталған құралдардан жалғауларды
дұрыс жалғауға үйрету. Сөзден байланыстырып сөйлем құрастыруға үйрету.
Шарты: Қорапшаның ішінен қолмен сипап сезу арқылы заттың атауын табады және ол құралдар
кімнің құралы екенін және ол не үшін қажет екндігін атады.
Мысалы: фен шаштаразшыға, ол шашты кептіреді, әшекелейді
Дидактикалық ойын: «Ойлан, тап»
Шарты: Тәрбиеші допты лақтырады, допты ұстап алған бала маманның ісәркетін айтады
Дәрігер емдейді
Аспасшы пісіреді
Шаштаразшы қиады
Тігінші тігеді
Құрылысшы үй салады
Жүргізуші машина жүргізеді
Сатушы сатады
Дидактикалық ойын: «Сиқырлы қорап»
Мақсаты: Балалардың зейінділігн арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту және сөздегі дыстарды
нақты анық айта білуге үйрету.
Шарты: Балаларға тақтаға (машина, ұшақ, кеме, мотоцикл, велосипед, қайықтар, ұшақ,
тікұшақ) суретін іліп атауларын ататқызады да балаларға 1 минут көздерін жұмғыздырып бір
суретін алып тастайды немесе орындарын ауыстырады. Бала жоғалған немесе орны ауысқан
суретті табуы қажет. Ойын ары қарай жалғаса береді.
Балалар жасырылған затты атайды
Сөздік ойын «Кім үлкен, кім кіші»
Мақсаты: Сөздік корын байыту, үлкен ретінде сыйлауды, мейірімділік пен қамқорлық
көмектесуді тәрбиелеу. Отбасы туыстық қатынасты білдіретін сөздерді үйрету.
Шарты: Тәрбиеші үйдің отбасы мүшелерін а суретін көрсетіп аттарын дұрыс ататады.
( әке мен бала, ана мен қызы, ата мен әке...), Әр отбасы мүшесіне жеке жеке сыйлау, мейірімділік,
қамқорлық сөздерді айтқызу.
Мысалы: Әже, жоғара шығыңыз, отырыңыз, әжетайым, өтіңіз, әуре болмаңыз т.б.
Дидактикалық ойын: «Басқаша айт»
Мақсаты: Ана сөзіне сын есімдер қосып айтуға үйрету.
Шарты: Балалар аналарына арнап сөздер айтады. «Ана» сөзіне сын есімдер қосып
айтады( анашым, апатайым, ақ анам, гүл анам)
Дидактикалық ойын: «Не қайтеді?»
Мақсаты: Табиғаттағы құбылыстардың шығаратын дыбыстарының аталуын және
жануарлар мен құстарға қатысты сөздер үйрету.
Шарты: Балаларға ұсақ таратпа суреттер(найзағай жарқылы, жаңбыр, бұлақ,құлын,
гүлдер, құс) беріледі. Суретте не бейнеленгенін және оның не істейтінін айтады:
Найзағай н/с күннің жарқылы күн күркірейді
Жаңбырсіркірейді. Дидактикалық ойын: «Не қандай?»
Мақсаты: Ұлттық тағамдардың атауын меңгерту, зат есімге сын есімді қатыстырып
қолдануға үйрету. Қарамақарсы сөздерді белсендіру.
Шарты: Балалардың қолына екі түрлі тағам суреті салынған карточкалар
беріледі.Балалар, әр тағамның қандай екенін айтады.
Мысалы: Қант тәтті тұз ашты; Құрт қатты – май жұмсақ, т.б.
Дидактикалық ойын: «Ал сенде не бар?»
Мақсаты: Зат есімге көптік жалғауын жалғауға үйрету.
Шарты: Тәрбиешінің қолында карточкаларда қайың, терек, шырша ағаштарының
бір данадан суреттері болады. Балалардың қолында әр ағаштың
34 суреті салынған карточкалар болады.
Мысалы:
Тәрбиеші: Менде шырша бар, ал сенде не бар?
Бала: Менде шыршалар бар.
Дидактикалық ойын «Көпір»
Мақсаты: Байланыстыра сөйлеуге үйрету, етістіктерді белсендіру, ойлау қабілетін
дамыту.
Шарты: Жүргізуші балаларға алдымен бір заттың суретін одан кейін екінші қолына
басқа заттың суретін көрсетеді(немесе фланель тақтаға орналастырып көрсетеді).
Балалар екі суретті байланыстыратын «көпір» сөзді ойлап табады.Балалар
кезектесіп жауап береді.Мысалы: «сауысқан» және «ағаш» байланыстырушы сөз
«ағашқа қонды», «ағашқа ұя салды», т.б. болуы мүмкін.
Дидактикалық ойын «Не, қайда?»
Мақсаты: Үстеулерді атай білуге үйрету, құстар сияқты дыбыстауға еліктеуге
үйрету.
Шарты: Балаларға шырша ағашына қонып отырған торғай және оның астында
отырған қарға суреті беріледі. Тәрбиеші балаларға сұрақтар қояды, балалар
сұрақтарға жауап береді.
Мысалы: Қандай құстарды көріп тұрсыңдар?
Торғай қайда отыр?
Қарға қайда отыр?
Қай құс жылы жылы жақтан ұшып келді? Торғай қалай шырылдайды?
Қарға қалай қарқылдайды?
Дидактикалық ойын «Қарға қалай тамақтанды?»
Мақсаты: Байланыстыра сөйлеуге үйрету,заттар арасындағы кеңістіктерге назар
аударту, үстеулерді белсендіру.Балаларды септік жалғауларын жалғауға үйрету.
Шарты: Қарғаның әрекеттері салынған суреттері және түрлі табиғаттағы және
даладағы нысандар суреті , магнитті немесе фланель тақтаға орналастырып
отырады, сұрайды:
Қарға не істеп отыр?/Қарға отыр
Қарға қайда отыр?/Ағаштың үстінде
Енді қарға не істеді?/ Тамақ іздеді
Оның қарны ашып тамақ іздей бастады.Қане, барлығымыз бірге іздейік. Ол
ағаштың артын қарады, ауладағы шелектің ішін қарады, сәкінің астын қарады.
Енді қайда барды?
Ол не істеді?
Неге ол басын тесікке сұқты.
Ойын барысында осындай сұрақтар қойылып, балалар қарғаның тамағын табады.
Дидактикалық ойын: «Қандай»
Мақсаты: Сөйлем құруға машықтандыру, көктем туралы білімдерін белсендіру.
Шарты: Тәрбиеші ойынды жүргізеді.Көктем туралы айтатындықтарын түсіндіреді.
Допты бір біріне беруді және допты алған соң «Көктемде...» сөзімен бастау
қажеттігін айтады.
Мысалы:
Көктемде... күн жарқырайды.
Көктемде қар ериді.
Көктемде су ағады.
Дидактикалық ойын «Мен айтамын, сен тап»
Мақсаты: Сын есім сөздерді белсендіру, жәндіктер туралы білімдерін бекіту.
Шарты: Тәрбиеші ішінде жәндіктердің муляждары немесе қима картон суреттері
жасырылған қорапты ұстап тұрады. Балалар кезеккезек жәндіктерді
сипаттайды.Жәндіктердің негізгі ерекшеліктері айтылған соң, тәрбиеш қораптан сол
сипаттамаға сәйкес келетін жәндікті алып береді.
Мысалы:
Бала: Оның аяқтары көп. Ол еңбекқор.Ол күшті.Илеуде өмір сүреді.Оның түсі қара,
қоңыр болады.
Тәрбиеші: Қорап ондай жәндік бар дейді.Қане, көрейік ол не екен.Қораптан
құмырсқаны алып шығады. Ойын осылайша жалғасады. Балалар өздері сипаттап
тұрған жәндіктің атын атмаса да болады.
Дидактикалық ойын «Менде ... бар»
Мақсаты: Сөздің грамматикалық құрылымын дұрыс құруды жетілдіру.Сын
есімдерді зат есімдермен байланыстыра айтуға үйрету. Шарты: Тәрбиеші допты бір балаға береді «Сенде не бар?» сұрағын қояды.Допты
алған бала «Менде қызыл көйлек бар» т.с.с айтады.Допты бірбіріне беріп отырады.
Дидактикалық ойын «Басқа сөзбен айт»
Мақсаты: Синонимдік қатар құруға үйрету арқылы балалардың сөздік қорын
молайту.
Шарты: Тәрбиеші фланель тақтаның ортасына сарбаз кекінді суретін
орналастырады. Балаларға сарбазды қандай сөзбен айтуға болатынын айтуларын
сұрайды. Қолдарына медальдар береді.Балалар кезеккезек өз сөздерін айтып
медальді сарбаздың жанжағына орналастырады.
Мысалы: Сарбазбатыр.
Дидактикалық ойын «Не қалай жуынады?»
Мақсаты: Сөздік қорларын байыту, тазалыққа тәрбиелеу.
Шарты: Мұғалім балаларға жануарлардың жуынып жатқан сәті бейнеленген
суретті көрсетеді.
Барлық жануарлар мен жәндіктер де жуынғанды жақсы көреді. Олардың
жуынғандарын көргендерің бар ма? Мына суреткке қараңдаршы.
Тәрбиеші:Мысық қалай жуынады?
Балалар: Аяқтарымен және тілімен.Жалайды, суды жағады.
Тәрбиеші: Дұрыс, ал, тышқан ше?(т.с.с)
Суретте түрлі жануарларды және құстардың тұмсытарын суға шылап тұрған
суреттерін де көрсетуге болады.
Дидактикалық ойын : «Сөз ойлап тап»
Мақсаты: Сөздік қорын дамыту, заттың сипатын беретін сөздерді белсендіру.
Шарты: Балалардын бақбақтың қандай және неге ұқсайтындығын айтуларын
өтінеді.Тәрбиеші бақбақтың пішінін, түрін, сипатын беретін сөйлемді бастайды,
балалар өз сөздерімен аяқтайды.
Мысалы:
Тәрбиеші: Бақбақ сары ...
Бала: күнге ұқсайды.
Т: Ол дөңгелек...
(Жұмсақ...)
Дидактикалық ойын : «Алаңқай»
Мақсаты: «Ж» дыбысын белсендіру, естіп қабылдауды дамыту.
Шарты: Тәрбиеші фланель тақта пайдаланады.Балалардың алдына ұсақ қима
суреттер болады.(ішінде құрамында «ж» дыбысы кездесетін жануарлар мен
жәндіктердің суреті болады: жапырақ, жасыл құрт, қонжық, көжек, т.б)
Тәрбиеші суреттен өзі атаған суретті тауып алуды өтінеді. Суретті фланель тақтаға
орналастырып отырады.
Мақсаты: Жалпы атауға, топтастыруға үйрету.
Дидактикалық ойын : «Бір сөзбен ата» Шарты: Тәрбиеші фланель тақтаға жануарлар/жәндіктер/құстар суреттерін
іледі.Балалардан олардың атауын атауды және бір сөзбен біріктіруді сұрайды.
(Мысалы: жылқы, сиыр, түйе, шошқа, қой, ешкі,ит, мысық суреттері.Балалар: Үй
жануарлары)
Дидактикалық ойын : «Нені жақсы көреді?»
Мақсаты: Байланыстыра сөйлеуге үйрету, сұраққа толық жауап беруге
дағдыландыру.
Шарты: Әже балаларға өзінің жануарларын қоректендіруге көмектесулерін
сұрайды. Ойында Магнитті тақтада ойнайды. Балалар жануардың біреуін алып
атайды оның не жақсы көретінін айтып суретін жанына орналастырады.
Ит Ит сүйекті жақсы көреді.
ЖылқыЖылқы шөп жейді
Мысық Мысық сүт ішеді. Т.б.
Ортаңғы топ
«Көңілді доп»
1ші нұсқа.
Мақсаты: Аталған сөздерді жекеше, көпше түрде айту.
Керекті құрал жабдықтар:Доп
Шарты: Балалар тәрбиешіні айнала шеңбер бойымен тұрады. Тәрбиеші допты
лақтыра отыра сөз айтады допты қағып алған бала сол сөздің көпше түрін айтып
допты кері қайтарады. (бастамасында жүргізуші ролін тәрбиеші бастаса кейін
балалар жүргізуі қажет)
Мысалы: ТәрбиешіТәрбиешілер.
2ші нұсқа.
Мақсаты: Септік жалғауларды дұрыс жалғап айтуға үйрету.
Мысалы:
Іш ауырса,тіс ауырса біз барамыз кімге?
Дәрігерге барамыз
3ші нұсқа.
Мақсаты: Сөйлемді толықтыра отыра грамматика құрлымын дұрыс құруға үйрету.
Мысалы: Аспазшы ас пісіреді.
«Ұйқасын тап» Мақсаты: Дыбысты дұрыс айтуға және байланыстыра сөйлеуге үйрету.
Керекті құрал жабдықтар:Табылатын ұйқас сөздердің бейнесі немесе суреті
тақтада ілулі тұрады.
Шарты:Балалар жарты шеңберде жүргізуші ролі тәрбиешіде. Жүргізушінің айтқан
буындарына балалар суреттерге қарап ұйқасын тауып айтады.
Мысалы: Лалалакөңілді... БАЛА
Қақақакөлде бар... БАҚА
«Мозайканы құрастыр»
Мақсаты: Туған жер туралы алған білімдерін жадында жаңғырту.
Керекті құрал жабдықтар: Тұрғылықты аудан, қала, орталықтардың негізгі,
маңызды нышандар мен ғимарат суреттері алты бөлікке бөлінген суреттер.
Шарты: Балалар екі немесе үш топқа бөліне отыра жүргізіледі. Әр топқа 34
суреттер қиындысы беріледі. Балалар суретті құрастыра отыра ол нышан немесе
мекеме ғимараттары бойынша ақпараттар жинақтайды айтадыбөліседі.
Мысалы: Туған қаланың көрнекі ғимаратының суретін құрастыру, ол туралы
әңгімелеу.
«Кімнің құралы?»
Мақсаты: Өмірлік тәжірибелеріне сүйене отырып түйіндеме жасауға үйрету,
себеп салдарын түсіндіру.
Керекті құрал жабдықтар: Балабақша қызметкерлерінің суреттері және олардың
құрал жабдықтарының суреттері. ( аспазшы, тәрбиеші, тәрбиешінің көмекшісі, мед
бике, кір жуушы)
Шарты: 23 топқа бөлінген балалар алдына мамандық иелерінің суреттері және
бірнеше заттардың суреттері беріледі де балалар әр құралды тиісті суреттің жанына
орналастырады, орналастыру себебін түсіндіреді.
«Бір сөзбен ата»
Мақсаты: Жалпы атау қолдануға үйрету.
Керекті құрал жабдықтар: көкөністер, жемістер, баубақша суреттерінде ағаштар
және көкөніс өсіруге арналған жер телімінің суреті.
Шарты: Мазмұнды бақша суретіне көкөністермен жемістерді өсу заңдылығына
сәйкес орналастырып, түйіндеме, түсіндіру жүргізу.
Мақсаты: Күз мезгіліне тән құбылыстар мен заттарды атап үйрету. Себеп
салдарын айтуға дағдыландыру.
«Жыл мезгілі»
Керекті құрал жабдықтар: Алмалы салмалы фланелді тақта немесе пано және
жыл мезгілдеріне байланысты құбылыстар мен сюжетті суреттер. Шарты: Берілген құрастырмалы суреттен артық заттар мен құбылыстарды алып
тастайды, себебін айтады; қажет суреттермен толықтырады,себебін түсіндіреді.
«Сиқырлы себет»
Мақсаты: Жемістер мен көкөністерді ажыратуға және сипаттауға үйрету,
дыбыстық артикуляцияняң айтылуына көңіл аудару.
Керекті құрал жабдықтар: Тары толған себет, жеміс жидектер мен көкөністердің
муляждары.
Шарты: Балалар жарты шеңберде отырады алма кезек келіп тары толған себетке
қолдарын салып, ішінен бір затты сипап сезу арқылы сипаттап айтады және оның не
зат екенін анықтайды. Алып шыарып алып неге жататынын анықтай отыра дыбыстық
артикуляциясы бойынша қайталап айтады.
«Естіп алақаныңды соқ»
Керекті құрал жабдықтары: Айтылатын жеміс жидектер мен көкөністердің
суреттері
Шарты:Балалар шеңбер айнала тұрады, жеміс жидектер мен көкөністер атауларын
нақты бір дыбысқа бағыт береді. Содан соң бірнеше атауларын айтады
анықталынған немесе берілген дыбысы бар атауды естігенде балалар алақандарын
соғуы қажет. Суретін тауып көрсетеді.
Мысалы: «А»» дыбысы бар жемісті табу: Өрік,алма, шие,алша, т.б.
«Қандай жеміс?»
Мақсаты: Сипаттау арқылы пішін, түр, дәмге қатысты сөздерді меңгеру.
Керекті құрал жабдықтар: Жемістердің суреттері мен муляждар.
Шарты: Екі үш үстелдер үстінде жемістер суреттері мен муляждар беріледі.
Балалар үстелдерге бөліне отыра жемістердің түр сипаты мен дәмін анықтайтын
сөздерді айтады.
Мысалы: қышқыл, тәтті, жұмсақ, қатты, бұдырлы, дөңгелек, жабысқақ, т.б.
«Тең бөліп бер»
Мақсаты:Зат есімге септік жалғауын жалғап айтуға үйрету.
Керекті құрал жабдықтар: Мазмұнды сурет. Дастархан басында отырғанқоян, аю,
кірпі, қарға, алма және алма бөліктерінің суреттері.
Шарты: Алма бөліктерін ертегі желісі бойынша бөліп бере отыра септік жіктік
жалғауларын қоса отыра айту.
Мысалы: Бірінші бөлігі қоянға. Өйткені ол бірінші көрді.
Мақсаты: Ертегі желісінің реттілігін анықтай білу.
Керекті құрал жабдықтар: Ертегі желісінің мазмұны бейнеленген суреттер.
«Не болды, не шықты» Шарты: «Нан қайдан шықты» ертегісі желісі бойынша орналастыру. Ертегіні
байланыстыра отыра мазмұндап айтып беру. (шынжыр әдісі бойынша жүргізіледі)
Жануарлар мен құстар
«Қайсысы қалай дыбыстайды»
Мақсаты: Шағын әңгіме желісіндегі жануарлар мен құстарға сәйкес омоним,
синоним сөздерін айтуға үйрету
Көрнекі құрал жабдықтары. Сиыр, ит, тауық, балапан суреттері және флонел
тақта.
Шарты: Тәрбиеші балапанды фланел тақтаға орналастырады.Сұрақ қою арқылы
әңгіме желісін балаларға жалғастыруға мүмкіндік береді.Балалар кезектесіп
жануарлардың суретін әңгіме желісі бойынша орналастырып, оның қалай
дыбыстағанын айтады,орналастырады.
Мысалы:Үрпек, жарық дүние, қора, мөңірейді, шиқылдайды, үреді,қытқыттайды
«Мен жасырған құсты тап»
Мақсаты:Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс артикуляциясын айтуға үйрету
Керекті құрал жабдықтар: торғай,бұлбұл,сауысқан,қарлығаш үлестірмелі
суреттері
Шарты:Тәрбиеші жұмбақтарды жасырып айтады, балалар өз алдарында жатқан
суреттердің ішінен жұмбақтың шешуін тауып көрсетеді, атауын атайды.
Тәрбиеші:1)Өзі сақ, Бүйірі ақ 2) Отырысы томпиған, Құйрығы бар шолтиған 3)Ән
салады жырлайды,Үйде біртұрмайды
«Дұрысын айт»
Мақсаты: Алған білімдерін жадында жаңғырту,байланыстыра сөйлеуге үйрету
Керекті құрал жабдықтар: түйенің өркеші, ешкінің құйрығы, жылқының құйрығы,
қойдың төрт аяғы, жылқының құлағы, сиырдың мүйізі үлестірмелі суреттері.
Шарты: Балаларға суреттер таратылады.Әр бала өз қолына түскен суретке қарап
қай жануар екенін табады, суретте не бейнеленгенін айтады.
«Зообаққа саяхат»
Мақсаты: шағын әңгіме құрастыру барысында бейнелік қимылдар қолдануға
үйрету.
Керек құрал жабдықтар: зообақтың сюжетті суреті, керік, піл, зебра, маймыл, аю.
Шарты: Балалар өздері көрген суреттегі жануар туралы айтып, қимылмен
бейнелейді.
« Сөз ойла, тез ойла». Мақсаты: Қыс мезгілінің ерекшелігін ажырата отырып маңызды сөйлем
құрастыруға үйрету, сөздік қорын молайту.
Керек құрал жабдықтар: Сюжетті сурет(омбы қар,жел соққан, қар ұшқындары,
бұлт жапқан аспан)
Шарты: Балалар жарты шеңбер жасап тұрып суретте көргендері бойынша қыс
мезгіліне байланысты сөздерді ойлап табады.
Мысалы: Қыс келді.
Күн суық,
Қар жауып,
Мақсаты: Қыс мезгіліне тән құбылыстар мен заттарды атап үйрету. Себеп
салдарын айтуға дағдыландыру.
«Жыл мезгілі»
Керекті құрал жабдықтар: Алмалы салмалы фланелді тақта немесе пано және
жыл мезгілдеріне байланысты құбылыстар мен сюжетті суреттер.
Шарты: Берілген құрастырмалы суреттен артық заттар мен құбылыстарды алып
тастайды, себебін айтады; қажет суреттермен толықтырады,себебін түсіндіреді.
«Экскурсия».
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілеттерін жетілдіру. Шапшаңдыққа, тапқырлыққа
тәрбиелеу.
Керекті құрал жабдықтар: Қазақстан республикасының рәміздері, Мемлекеттік
ту, елтаңба, ән ұран суреттері,Кең байтақ дала суреті.
Ойын шарты: Балалар жұптасып тұрады, алдында "Жүргізуші", оның қолында
руль. Балалар шеңбер бойы жүріп отырады.
Тәрбиеші: Қызыл шам жанды Тоқта!
Ары қарай жол жоқ онда.
Әйнектерді ашыңдар,
Көшелерге зейін салыңдар
Сәл ойланып көріңдер,
Жауап шапшан беріңдер.
(Қандай көшеге келдік? Қаладағы: банк, пошта, сот, нарық, бәйтерек, Ақорда,
ханшатыр т.с.с. ірі фотоға түсірілген суреттерді көрсетеді.)
Балалар: Бұл Бәйтерек.
Тәрбиеші: Жасыл шамды қосамыз, ары қарай біз барамыз.
Мақсаты: Ағаштар мен бұталарды ажырата білуге және байланыстыра сөйлеуге
үйрету.
«Аталған ағашқа жүгір». Керек құрал жабдықтар: ағаштар емен, қарағай, шырша, аққайың, терек,
үйеңкі,шадыра; бұталар итмұрын, таңқурай, қарақат, тұшала т.с.с.
Шарты: Балаларға ағаштар мен бұталардың суреттері таратылады. Тәрбиеші
ағаштың немесе бұтаның бет бейнесі мен белгілерін айтып тұрады. Балалар алдында
жатқан суреттерге қарап, қандай ағаш, бұта туралы айтылып жатқанына қарай
тауып алуларфы керек.
«Сипаттап бер».
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін одан ары қарай
жетілдіру. Сөзден сөйлем байланыстырып құруға үйрету.
Керек құрал жабдықтар: Жабайы аңдардың суреттері
Шарты:Балалар жабайы аңдардың суретіне қарап ол туралы жалпы сипатын айтып
береді.
Мысалы: Түлкі жүйрік, арам, құ, түсі /киген тоны /қызылсарғыш,.
Қасқыр _ .
Аю _ .
Қоян _ .
Доңыз __ .
Бұғы _ .
Тышқан _ .
Тиын _ .
«Қайсысы қалай және немен қорғанады?»
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін одан ары қарай
жетілдіру. Сөзден сөйлем байланыстырып құруға үйрету.
Керек құрал жабдықтар:ашулы қасқыр(тістері көрінген), түлкі ұлпа құйрығымен
ізін жасырған, ақ қоян, мүйізі қарағайдай бұғы .
Шарты:Балаларға үлестірмелі суреттер таратылады.Балалар ортаға шығып
қолындағы суретте берілген жануардың қалай және несімен қорғанатынын айтады.
Тапсырма: Аңдар орманда жауларынан немен қорғанады?
Мысалы: Қасқыр өткір тістерімен, жыртқыш тұяғымен.
Бұғы ______ .
Аю ______ .
Кірпі шешен_____ .
Доңыз ______ .
Қоян ______ .
«Қайсысы қысты қалай өткізеді?»
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін одан ары қарай
жетілдіру. Сөзден сөйлем байланыстырып құруға үйрету.
Керек құрал жабдықтар: Қысқы ормандағы аңдардың тіршілігі. Сюжетті сурет
Шарты: Балалар суретке қарап тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді. Тапсырма:Сұрақтарға жауап бер.
1. Қандай аңдар қысқа азық дайындайды?_
2.Қандай аңдар қыста ұйқыға батады.? _
3. Қандай аңдарға адам астауға көрек, жем дайындап береді? _
4. Қандай аңдар қар астынан өздеріне көрек тауып жейді? _
5. Қандай аңдар қыста жүн терісінің түсін өзгертеді?
«Кім көп айтады?»
Мақсаты: Балаларды сөздердегі дыбыстарды анық айтуға жаттықтыру.
Керек құрал жабдықтар :қысқы ойын түрлерінің суреттері(шаңғы тепкен бала,
хоккей ойнаған бала, коньки тепкен , қар атысқан балалар,шана теуіп жүрген
балалар)
Шарты: Алдын ала топта, үстел басында бірнеше қыс мезгілінде ойнайтын ойын
түрлері және оларға арналған заттар ілініп тұрады.
Тәрбиеші балаларға тақтада және үстел үстінде орналасқан суреттерге назар
аударындар деп ұсыныс жасайды. Суреттердін ішінен қыс мезгілінде ойнайтын
ойындарды атап берген балаларға мадақтап спорт құралын(шайба, доптаяқ)
береді.Көп спорт құралын жинаған бала жеңімпаз атанады.
« Жаңа жылда шырша қандай?»
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілеттерін жетілдіру, сөздік қорын жаңа
сөздермен молайту. Байланыстыра сөйлеуге үйрету.
Керек құрал жабдықтар: Шырша, қағаздан қиылған ілмегі бар шырша
ойншықтары
Шарты: Балалар алдарында тұрған шыршаға қарап ол туралы айтады.
Мысалы: биік, жасыл, қадалғыш, әдемі.
Тәрбиеші балаларға шырша ойыншықтарын таратады.Балалар шыршаны безендіріп,
оның қандай болып шыққаны туралы айтады.
Мысалы:мерекелі, салтанатты, жарқырап тұр, әдемі, әйбәт, жасыл, биік, қадылғыш.
«Шыршада не өседі?» сөздік ойыны
Мақсаты: Балалардың тындау, есту қабілеттерін дамыту. Заттарды өз ара
салыстыруға, анықтауға үйрету.
Шарты: Тәрбиеші заттарды атап отырады, егер олар шыршада өссе балалар "Иә"
деп келісіп қолдарын көтереді. егер келіспесе қолдарын көтермейді де үндемейді.
– Не өседі шыршада?
ойыншықтар неше түрлі?
– Иә!
– Кәмпиттер мен шоколад?
– Иә!
– Машина мен самокат?
– …
– Не өседі шыршада? Моншақтар мен сақина?
– Иә!
– Сирпантин мен Маскалар?
– Иә!
– Үлкен, үлкен жастықтар?
– …
– Не өседі шыршада?
Түрлітүсті суреттер?
– Иә!
– Аппақ гүлді көйлектер?
– Иә!
– Пима және етіктер?
– …
Мақсаты: Балаларды бөлмелеріндегі тұрған жиһаздарды атап беруге
үйрету. Байланыстырып сөйлем құруға үйрету.
«Не қайда тұр?»
Керек құрал жабдықтар: Суреттер (пәтердегі әр бөлмедегі үй жиһаздарының
орналасқаны).
Шарты: әр балалға суреттер таратылады.
Мысалы:Ас бөлмесінде электр плитасы, үстел, орындық, шкаф, тумбочка, ыдыс
жуатын шкаф.
Кіреберіс бөлмесінде _______ тұр .
Қонақ бөлмесінде ______ тұр.
Балалар бөлмесінде ______ тұр. «Әлияның туған күні».
Мақсаты: Балаларды үй жиһаздарын өз ара ажыратуға үйрету. Аталған
сөздерге жалғауларды дұрыс жалғауға үйрету.
Керек құрал жабдықтар: Жабдықталған үйдің барлық бөлмелерінің суреті
Шарты: Тәрбиешінің қойған сұрақтарына балалар суреттер арқылы әңгіме
құрастырады.
Мысалы: Әлия асты қайда дайындады? Ас бөлмесінде.
Онда қандай жиһаз тұр? _ ______ .
Әлия азықтүліктерді қайдан алды? ______ .
Әлия салатты қайда кесіп дайындады? _______ .
Етті қайда қуырды? _______ .
Әлия әдемі көйлегін қандай шкафтан алды? _______ .
Әлия қонақтарын қандай бөлмеге шақырды? _______ .
Әлия дайындаған асын қайда қойды? _______ .
Әлия табақшаларды қайдан алып шығарды? _______ .
Қонақтар кеткеннен кейін Әлия ненін алдында шашын тарады? _ .
Қонақтар кеткеннен кейін, Әлия қандай бөлмеде ұйықтауға жатты?
Онда қандай жиһаз тұр? _______ .
«Ас бөлмесіндегі ыдыстар»
Мақсаты:Балалардыыдысаяқтардыөзарасалыстыруға, ажыратуғаүйрету.
Олардыңбелгілерінеқарайажыратуғаүйрету.
Сөздергежалғаулардыдұрысжалғауғадағдыландыру.
Керекқұралжабдықтар:суреттерменыдысаяқойыншықтары Шарты: Балаларға ыдыстар туралы сюжетті суреттер таратылады. Тәрбиешінің
ұсынысымен шай, компот, көже, т.с.с. дайындалатын тағамдарды, қандай ыдыстарда
пісіреді, дайындайды деп айтады. Балалар сол ыдыстарды тауып айту керек.
Мысалы: Шай шайды шайнекте қайнатады.
Көже, сорпа ______ .
Компот _______ .
Палау_ ______ .
Ботка_ ______ .
Қуырдақ_______ .
Бешбармақ_______ .
Сүт _______ .
«Дастархан әзірле».
Мақсаты: Балаларды тәулік мезгіліне қарай ыдысаяқтарды топтастыруға
үйрету.
Керек құрал жабдықтар:ыдыс аяқтар(шаңышқы,кесе,шұңғыл тарелка, ас
қасық,салатқа арналған ыдыс, стакан, ботқаға арналған тарелка)
Шарты:Балалар тәулік мерзіміне қарай топқа бөлінеді, бөлінген топ тәулік
мезгіліне сай дастархан мәзірін жасайды.
Мысалы: Таңертеңгі асқа табақшалар, шай қасықтары, қантсалғыш, майссалғыш,
ақман, кесе т.с.с.
Түскі асқа_
Бесін асына_
Кешкі асына _
Мақсаты: Киімкешек пен аяқ киімдер туралы түсініктерін толықтыру,
заттарды сипаттауға, жалғауларды дұрыс айтуға үйрету.
«Киімдер дүкені»
Керек құрал жабдықтар:Бөлімдеріне бөлінген киім дүкені макеті(әр бөлімде жыл
мезгілдеріне сәйкес киімдер суреттері)
Шарты: Жыл мезгіліне сай киімкешек пен аяқ киімдерді дұрыс таңдап алу.
Ойнаушылар дүкенге келіп қуыршаққа киім сатып алуға келеді. Сатушы дүкендегі
заттардың атауларын ұмытып қалды. Сатып алушылар қандай киімдер керек екенін
сипаттап айтып береді.
Мысалы: Маған жеңі мен етегі ұзын, жылы киім керек. Оны қыздар киеді.
«Киімдерді салыстыр»
Мақсаты: Киімкешек пен аяқ киімдер салыстыруға үйрету.
Керек құрал жабдықтар:түсі және үлгісі әртүрлі киімкешектер суреті
Шарты: Суреттерде жұпталған киімкешек пен аяқ киімдер салынған. Балалар
оларды өзара қандай белгілермен ажыратылатынын салыстырып ату керек.
Мысалы: Бір көйлек ұзын, ал басқасы қысқа; Бір көйлек қызыл, ал басқасы сары
«Тігінші нені ұмытты?»
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілеттерін дамыта отыра киімкешектердің
бөлшектерімен бөліктеріm,ұғымдарын ажыратуға үйрету.
Керекқұралжабдықтар:Қағазда киімдердің кейбір бөлшегі көрсетілмей салынған
(күртенің 5 түйме салу ойығы бар 4 түймес ғана бар)
Шарты:Тәрбиеші екі –үш топқа бөлінген балаларға қағазда салынған киім
кешектер суреттері беріледі. Берілген суреттен балалар киімкешектің жетпей
тұрған бөлшегін тауып атайды.Атап болған соң киімдер жалпы атаумен
топтастырады.
«Затты сипаттаптауыпал»
Мақсаты: Балаларды заттардыңнақтыбелгілерібойыншатануғаүйрету.
Керекқұралжабдықтар: Тұрмыстықзаттарсуреттері, ойыншықтар
Шарты: Сипаттау арқылы затты тез шатаспай табу.
Мақсаты: Үлкендерді құрметтеуге, сыйлауға үйрету. Сөйлемнің
грамматикалық дұрыс құралуына көңіл аудару.
«Көмекшілер».
Керекті көрнекі құралдар: Қағаз бетінде күннің көзі ретінде сызба салынған. Оның
ортасында жеке жеке отбасы мүшесінің суреттері бейнеленген. Қиық суреттерде
әр бір отбасы мүшесінің үйдегі міндеті мен жұмысы жеке көрсетілген.
Шарты: екіге немес үшке бөлінген топ балаларына әр бір отбасы мүшелерінің
суретін бейнеленген қағаздар беріледі де қосымша жұмыс барысындағы карточкалар
ұсынылады. Ойынға қатысушылар бір бірден қызметтер жұмыс түрлерін қоя отыра
әрекетті ашып айтады.
Мысалы: Мен әжеме бауырсақ пісіруге көмектесемін, (алған затты суретін әженің
суреті бар қағаздың дөңгелекшелеріне орналастырады.). Солай ойын әр отбасы
бойынша жалғаса береді. Мақсаты: Мамандықтарды ажыратуға үйрету,
«Мен айтамын, ал сен тап»
Керекті көрнекі құралдар: Мамандықтардың қажетті құрал жабдықтары суреті
және соған сәйкес жұмбақтар.
Шарты: Жұмбақтың мазмұнын ұғына отыра шешуін тауып, суретін көрсету қажет.
(фонендоскоп, күрек, машинанын рулі т.с.с.) пайдаланатын құралдарын таратады.
Тәрбиеші жұмбақты оқиды, балалар үстел үстіндегі құралдар ішінен қандай
мамандықтар екенін тауып сол мамандық құралдарының суретін көрсетеді және не
үшін қажет екенін айтады.
«Жүреді, жүзеді, ұшады»
Мақсаты:Көлік түрлерін ажыратуға үйрету. Сөздік қорын молайту.
Керекті құрал жабдықтар: жол, теңіз, темір жолы, аспан бұлттарымен, әуежай,
көліктердің суреттері.
Шарты:Топтын ішінде (жол, теңіз, темір жолы, аспан бұлттарымен, әуежай) тақта
алдында қойылады. Балалар көлік түрлерінің суретін тандап алады да, тақтада
орналасқан суреттерге қарап таңдаған суретін апарып қояды. Көліктердің қозғалу
ұғымын түсіндіріп айтады.
«Біз қалай туыспыз?»
Мақсаты: Отбасы туыстық қатынасты білдіретін сөздерді үйрету.
Керекті құрал жабдықтар:ата және немересі,апалы сіңілі екі қыз бала, ойнап
отырған кішкентай сәби, әкешеше, ағалыінілі екі ұл бала.
Шарты: Тәрбиеші балаларға суреттерді нұсқап көрсетіп, туыстық қатынасты
анықтайтын нақты сұрақтар қояды, балалар жауап береді.
Мысалы:
Суреттегі ұлдар бірбіріне кімдер?
Ананың ағасы кім?
«Жыл мезгілі»
Мақсаты: Көктем мезгіліне тән құбылыстар мен заттарды атап үйрету. Себеп
салдарын айтуға дағдыландыру.
Керекті құрал жабдықтар: Алмалы салмалы фланелді тақта немесе пано және
жыл мезгілдеріне байланысты құбылыстар мен сюжетті суреттер.
Шарты: Берілген құрастырмалы суреттен артық заттар мен құбылыстарды алып
тастайды, себебін айтады; қажет суреттермен толықтырады,себебін түсіндіреді.
«Екі бірдей орамалды тап»
Мақсаты:Тілдің грамматикалық құрылымын жетілдіре отырып, жалғауларды
дұрыс жалғауға үйрету (орамалдың,.гүлдің, көлемі)
Керекті құрал жабдықтар: Үш әртүрлі орамал, екі бірдей орамал суреттері. Шарты: Суреттердің арасынан екі бірдей орамалды тауып, ұқсастықтарын айтады,
басқа орамалдан айырмашылығын анықтайды.
«Көже пісіреміз»
Мақсаты:Тілдің дыбыстық мәдениетін қалыптастыру,ҚҒ дыбыстарын ажыратуға
машықтандыру.
Керекті құрал жабдықтар:Тары, арпа, айран, ет, қазаношақ, суреттері; Наурыз
көже пісіріп жатқан әже
Шарты: Балалар әжеге наурыз көже пісіруге қажет тағамдарды тауып береді, атын
атайды.
«Белгісін тап»
Мақсаты: Жыл мезгілдері туралы алған білімдерін бекіте отырып, көктем мезгіліне
тән ерекшелікті табуға үйрету.
Керекті құрал жабдықтар: төрт жыл мезгілінің суреті, сары жапырақ, ұлпа құр,
көбелек, күн.
Шарты: Балалар жыл мезгілдерінің айрмашылығын тауып айтады. Таратылған
белгілердің ішінен әр жыл мезгіліне тән белгісін дұрыс тауып орналастырады.
«Құстардың құйрығын тап»
Мақсаты: Салыстыра отыра байланыстыра сөйлеуге үйрету.
Керекті құрал жабдықтар: Ағаш басында отырған құйрықсыз ұзақ, қарлығаш,
қара торғай суреті. Құстардың құйрығы салынған таратпа суреттер.
Шарты:Балаларға құстардың құйрығы бар суреттер таратылып беріледі. Берілген
суреттегі құйрықты сипаттап, қай құстың құйрығы екенін тауып орналастырады.
Мысалы: Айыр құйрыққарлығаштың құйрығы, шолтиған құйрықторғайдың
құйрығы.
«Шар үрлеу»
Мақсаты:Артикуляция аппаратын дамыту, дауыс ырғағы бойынша жұмысты
жалғастыру
Шарты:Шеңбер бойымен қол ұстасып тұрады.Барлығы ортаға
жиналады.Тәрбиешімен бірге балалар дауысты ақырындатып бастап, сөйлемнің
аяғында дауысты ырғағын біртіндеп күшейтеді «Қышқыш, Ғарышта ұшқыш, Несі
несі, Бұл ғарыштың кемесі» деп үлкен шар болып керіледі.
Мақсаты: ЖШ дыбыстарын сөздердің ішінен ажыратуға үйрету.
«Көңілді доп» Керекті құрал жабдықтар:доп
Шарты:Тәрбиеші тақпақ сөздерін қолданып балаларға допты лақтырады,
құрамында ЖШ дыбысы бар сөз айтылғанда ған бала допты қағып алады.
«Қай ұлттың бас киімі?»
Мақсаты:Ұлттық киімдер туралы ұғымдарын кеңейту.
Керекті құрал жабдықтар:Қазақтың, орыстың,өзбектің, грузиннің, украин
ұлттарының бас киімдерінің үлестірмелі суреттері. Бас киімдерге сәйкес ұлттық
қиімдер киген адамдар суреті.
Шарты: Тақтаға кезектесіп шығып ілінген суреттерді мұқият қарап, стол үстінде
орналасқан бас киім суреттерінің ішінен тиістісін таңдап көрсетеді.
«Әуеде, жерде, теңізде»
Мақсаты: Әскери көлік түрлерін ажыратуға үйрету. Сөздік қорын молайту.
Керекті құрал жабдықтар: су асты, теңіз, аспан бұлттарымен, әуежай,
көліктердің суреттері.
Шарты:Топтын ішінде (су асты, жер, теңіз, аспан бұлттарымен, әуежай) тақта
алдында қойылады. Балалар әскери көлік түрлерінің суретін таңдап алады да,
тақтада орналасқан суреттерге қарап таңдаған суретін апарып қояды.
«Гүлді тап»
Мақсаты: ҚҒ–дыбыстарын сөз ішінде таза, анық айту.
Керекті құрал жабдықтар: қазтамақ, жауқазын, түймедақтың,қызғалдақ. Барлық
гүлдер бірнеше(бала санына жетерлік) данадан болады .Гүлдесте суреті(көптеген
түрлі гүлдер арасында шегіргүлдер,түймедақтар, қызғалдақтар бар). Өзара
суреттерімен ауысып отырады.
Шарты: Балаларға гүлдің суреттері таратылады.Тәрбиеші көрсетіп атаған гүлді
балалар гүлдестеден тауып алады.
«Балық аулау»
Мақсаты: Ертегі желісінің реттілігін анықтай білу.
Керекті құрал жабдықтар: Балықтар, мысықалабұға, шортан, шабақ, қармаққа
жабыстырылған магнитбар.
Шарты: Балалар кезектесіп келіп қармақ пенертегі желісі бойынша балықтарды
аулайды.Ұстаған балығын атайды, түр сипатын айтады.
Мысалы:Мен шабақты ауладым, бұл кішкентай балық.
Мақсаты:Мазмұнды бөлшектеп айту, әңгімені толық және қайталай отыра
құрастыру.
«Суретті құрастыр» Керектіқұралжабдықтар: Төрттүлік малдың жайлауда жайылып жүрген суреті.
Жайлау көркі(киізүй, алтыбақантепкенбалалар,қазаношақ басындағы әжелер, асық
ойнаған балалар)
Шарты: Суретке қарап әңгіме құрастырады.
Ересектер тобы
«Жемістер, көкөністер»
Мақсаты: балаларға жемістер мен көкөністердің аттарын атап, оларды
сипаттауға, сөйлемдер құрастыруға, тез ойланып жауап беруге төселдіру,
ептілікке, достыққа баулу.
Ойын шарты:Балалар шеңбер жасап отырады да, әр бала бірбір жемістің
атын иемденеді.
БіреуіМен бақшаға барсам алма көп екен.Алмұрт жоқ екен.
Алмұрт болған бала:
Алмұрт бар, шие жоқ.
Шие бар, қияр жоқ.
Қияр да пісті, қызанақ жоқ.
Осылайша әр бала өз ойын еркін айтып, ойын жалғаса береді.
Д\ойын: «Заттың атын ата»
Мақсаты:балаларға жемістер мен көкөністердің аттарын атап, оларды
сипаттауға, сөйлемдер құрастыруға, тез ойланып жауап беруге төселдіру,
ептілікке, достыққа баулу.
Ойын шарты: Қоржынға салынған көкөністер мен жемістер қолдарынан
алып, қатты, дәмді, тәтті, ащы, қышқыл зат екеннін ажыратып атау.
Мысалы: алма тәтті, домалақ; сәбіз қатты, сопақша; бұрыш ащы,сопақша.
Енді екі топқа бөлінейік. Бірінші топ көкөністер, ал екінші топ жемістер.
Көкөністердеген сөзге сөйлем құрастыру. Жемістер сөзіне сөйлем
құрастыру.Түстеріне, пішініне қарап, бірбірінен айырмашылықтарын
салыстырыңдар.
Д\ойын «Ненің дәмі» Мақсаты:балаларға жемістер мен көкөністердің аттарын, дәмін атап, оларды
сипаттауға, сөйлемдер құрастыруға, тез ойланып жауап беруге төселдіру,
ептілікке, достыққа баулу.
Көрнекілік: жеміс көкөністер.
Ойын шарты: Балалар көздерін жұмады, мұғалім балалардың ауыздарына
не көкөніс, немесе жеміс салып, балалар оның дәміне қарай атауын атайды.
Д\ойын «Кім боламын»
Мақсаты: балалардың ойлау қабілеттерін дамыту, болашақ мамандыққа
қызығушылығын арттыру, үлкендердің еңбегін бағалауға тәртиелеу.
Көрнекілік: мамандыққа байланысты суреттер.
Ойын шарты: бала өз қалаған мамандығын, сол мамандық туралы
әңгімелейді.
Д\ойын «Ойыншықты тап»
Мақсаты: ойыншықты атау, және кеңістікті бағдарлай отырып табу.
Көрнекілік: әртүрлі ойыншықтар.
Ойын шарты: балалар тығылған ойыншықты тауып, атын атап, түсін, үлкен,
кішілігін ажыратады. Сол ойыншыққа жақсы мейрімді тілек тілейді.Мысалы:
2баланы ортаға шығарып: Алға үш қадам,
Солға бұрын,
Екі қадам артқа бұлыл!
Не таптың?
Кезегімен балаларды жіберіп әр түрлі ойыншықтарды алып, оны сипаттап беру
(ойыншық – жұмсақ, әдемі, үлкен).
Мысалы: мен ойыншықты сындырмаймын, таза ұстаймын, тапқан
ойыншықтардан көрме жасау.
Осы көрмеде тұрған (нәрселерді) заттарды бір ауыз сөзбен қалай атауға
Ойыншықтар жасалуына қарай бірнеше түрге бөлінеді.
болады?
Ойыншықтар
Жұмсақ резиналы қатты
Аю, қоян қуыршақ көлік түрлері:
Түлкі, күшік тиін машина, ұшақ, қайық
Көрмеге ойыншықтарды жұмсақ, қатты, резиналы ойыншықтар етіп бөліп қою.
Ойыншықтар туралы жаттаған тақпақтарды естеріне түсіріп оқу.
Д\ойын «Үй жануарлары»
Мақсаты: үй жануарлардың дене мүшелерін атауға, ажырата үйрету.
Көрнекілік: үй жануарларының ойыншықтары. Ойын шарты: балалар дөңгелене отырып, ғажайып қалтадан үй
жануарларына байланысты ойыншық алады, сол ойыншықтардың дене
мүшелерін атап немесе олар туралы мейірімді сөздер айтуға болады.
Д\ойын «Зообаққа орналастыр»
Мақсаты: балаларда антоним сөздерді туралы түсінік қалыптастыру.Заттың
көлеміне қарап, салыстырып талдау жасауға үйрету. Жабайы аңдардың дене
бітіміне қарап, зообаққа орналастыру оларға қамқоршы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілік: зообақ торлары, әртүрлі аңдар.
Ойын шарты: Зообаққа әкелінген аңдарды торларға орналастыру қажет.
Балалар, пілді үлкен торға, бала неліктен олай орналастырғанын яғни піл
үлкен, қоян кіші, сондықтан үлкен торға пілді, қоянды кіші торға
орналастырғанын айтып, ол туралы білетін жұмбақ, жаңылтпаш, тақпақтар
немесе әңгімелеп суреттеп айтады.
Д\ойын «Нені жоғалттым»
Мақсаты: сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілеттері дамыту.
Көрнекілік: тақырыпқа байланысты заттар.
Ойын шарты: заттардың ішінен 12 затты тығып қою, балалар көзін ашқанда
сол заттың атын атап жауап беруі керек.
Д\ойын «Мынау кімдікі»
Мақсаты: сөддік қорын молайту, есте сақтау қабілеттері дамыту.
Көрнекілік: қуыршақтын киімдері.
Ойын шарты: киімдердің қайсысын ер балаға, қайсысын қыз балаға кигізуге
болады.
Д\ойын «Заттың атын атаңдар»
Мақсаты: оқу құралдарын ажыратып атын атауға үйрету.
Көрнекілік: оқу құралдары.
Ойын шарты:мұғалім балаларға кезегімен дон лақтырады, балалар допты қағып
алып оқу құралдарын атайды.
Д\ойын «Қол соғу»
Мақсакты: оқу құралдары туралы білімдерін тереңдету, айтқанды мұқият
тереңдету. Ойын шарты: мұғалім балалардың нені дұрыс есте сақтап қалғандарын тексереді.
Әр түрлі заттардың аты аталады, балалар тек мектепке қажетті затты атағанда ғана,
балалар қол соғады.
Мысалы: портфель, қуыршақ, кітап, шанышқы, парта, машина, тақта, пышақ.
Енді мына суретке қараңдар, нені көріп тұрсыңдар? (парта, терезе, сынып). Суретті
алып қойғанда балалар естеріңе сақтап көрген заттарды ретімен айтып шығады.
Д\ойын: «Кім тапқыр»
Мақсаты: берілген дыбыстың орнын таба білуге машықтандыру. Ойын
барысында балаларды зейінді болуға дағдыландыру. Түстерді тез айырып,
жылдамдылыққа, тапқырлыққа баулу. Достық қарымқатынасты тәрбиелеу.
Көрнекілік: берілген дыбысқа арналып салынған түрлітүсті суреттер,
ойыншықтар, жалаулар.
Ойын шарты: тәрбиеші берілген дыбыстың сөздің басында, ортасында, соңында
келетіндігін айтады. Балалар зейін қойып тыңдап, егер өтілген дыбыс сөздің
басында болса, көк жалаушаны, ортасында болса, жасыл жалаушаны, соңында болса,
қызыл түсті жалаушаны жоғары көтереді.
Д\ойын: «Сөз ойла, тез ойла»
Мақсаты: берілген дыбысқа, сөз ойлау.Сөздік жұмыс жүргізу арқылы
баланың сөздік қорын молайту. Ойын арқылы балаларды тапқырлыққа баулу.
Көрнекі құралдар: кеспе әріптер қалтасы, текшелер салынған сандық, текшелер.
Ойын барысы:тәрбиеші әріп қалтасынан кез келген бір әріпті көрсетеді. Балалар сол
әріптен басталатын сөздерді айтады.
Сандыққа бірнеше текше салып қояды. Бала өз қолымен біреуін алып сол дыбыстан
басталатын заттарды атайды.
Мысалы: А – болса:
Балалар: Ай, алма, алмұрт, асқабақ, т. б.
Д\ойын: «Буынға әріп қос»
Мақсаты: берілген буынға әріп қоса отырып жаңа сөз ойлап табу. Сөздік қорын
молайту, олардың алған білімін бекіту. Балалардың сауат ашуға деген
қызығушылығын қалыптастыру.
Көрнекілік: схема, суреттер.
Ойын шарты: тәрбиеші балаларға:
Мен бір буын жазамын, сендер де бір әріп қосасындар. Мен жазған буынның
бас жағына сендер ойлаған дыбыстың таңбасын жазамыз.
Д\ойын: «Буынға буын қос» Мақсаты: басталған буынға буын қосып, сөз құрастырып, айта білугн,
шапшандыққа, зейінділікке баулу.
Көрнекілік: ұсақ жалаушалар, ойыншықтар.
Ойынның шарты: балалармен жекежеке немесе 2 топқа бөліп, өткізуге болады.
Тәрбиеші сөздің басқы буынын айтады, балалар сөзді тек аяқтайды.
Мысалы:
Ау –(ла). Ал – (ма). Са – (ра). Сә (біз). Қа – (уын).
Д\ойын: «Затты сипатта»
Мақсаты: заттарды көріп сипаттау арқылы балалардың сезімталдығын
дамыту, қоршаған орта жайлы танымдарын кеңейту, сөздік қорын дамыту.
Көрнекі құралдар: ыдыс, муляж, сурет (көкөністер, жемістер).
Ойын барысы: әр түрлі жемістер немесе көкөністер суреттері, муляждары
салынған ыдыстан бала бір затты алады. Сонан соң сол затты жанжақты сипаттайды
және заттың атын атап, буынға бөледі.
Мысалы: бала ыдыстан алманы алып, пішінін, түсін, дәмін және т. б. Қасиеттерін
айтады.Немесе баланың көзін байлап қойып, қоржыннан бір затты алғызады. Ол оны
сипалап, не екенін ажыратады да оны сипаттайды, атын атайды.
Д\ойын «Қуырмаш»
Мақсаты: балалардың сөздік қорын молайту, олардың алған білімін бекіту.
Ойын шарты: балалар шеңбер құрып тұра қалады. Ортаға шыққан балалардың бірі
–балапан, бірі – қасқыр.
Қуыр – қуырқуырмаш
Балапанға бидай шаш
Әжең келсе есік аш
Қасқыр келсе мықтап бас.
Д\ойын «Қорада не бар»
Мақсаты: сөздік қорын молайту, үй жануарлардың атауларын бекіту.
Көрнекі құралдар: қора суреті (макеті), үй жануарлар ойыншықтары.
Ойын шарты: «Қорада не бар?» қорада сиыр бар, деп бала сиыр ойыншығын
әкеледі.Сиырды сипаттайды.Мысалы: мына сиыр үлкен қызыл, мына сиыр үлкен
қара.
Д\ойын «Ненің төлі»
Мақсаты: сөздік қорын молайту, үй жануарлардың, олардың төлдерінің атауларын
бекіту.
Көрнекі құралдар: қора суреті (макеті), үй жануарлар, олардың төлдерінің
ойыншықтары. Ойын шарты: төлдер суреті бейнеленген алқа киген балалар «енелерін» іздеп
тауып, сөйлем құрастырады.Мысалы: мен бұзау.Мынау: сиыр. Бұзау кішкентай.
Сиыр үлкен. Сиырдың төлі бұзау.
Д\ойын «Шаштараз»
Мақсаты: дене мүшелері тақырыбы бойынша меңгертілген сөздерді қайталау,
бекіту, байланыстыра сөйлеу тілін арттыру, «оның» деген сөзді еңгізу,
әсемділікке, әдемілікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: жылжымалы карта.
Ойын шарты: дене мүшелерін көрсеткізіп айтқызу.Мысалы: мынау менің көзім,
мынау менің шашым.Осы кезде ойын жағдай туғызып, жылжымалы карта арқылы
сөйлем құрастыру.
Үлгілер: оның шашы сары, ұзын.
Көзі көк, үлкен.
Еріні қызыл, әдемі.
Д\ойын «Дұрыс көрсет»
Мақсаты: дене мүшелерін қайталау, бекіту, байланыстыра сөйлеу тілін
арттыру.
Көрнекілік: жеке карталар.
Ойын шарты: карталарда жоғары дене мүшелері бейнеленген, төменрек түстер
орналасқан.
Сызықша арқылы дене мүшелердің түсін дұрыс қосып көрсету.
Не артық?
Мақсаты: Балаларды суретке қарап, оларды топтастыруға үйрету. Құстар мен
жануарлардың жеке және жалпы аттарын айтқызу. Оларды қорғауға, қамқоршы
болуға тәрбиелеу.
Көрнекілік: Әр түрлі құстар мен үй жануарлары бейнеленген суреттер.
Ойын шарты: Үлгідегідей әр түрлі берілген суреттерден не артық екенін табады.
Берілген суреттерді топтастырып, олардың жалпы атауын айтады. Неліктен артық
екенін түсіндіреді. Жеке мен жалпы ұғым туралы түсініктерін бекінеді.
Не қайда өмір сүреді?
Мақсаты: Суреттен көрген заттарының аттарын атап, олардың қайда өмір
сүретінін айтқызу. Сөздік қорын молайту.
Көрнекіліктер: әр түрлі жануарлар, құстар суреттері.
Ойын шарттары: Әр түрлі аңдар, құстарды көрсетіп, олардың қайда өмір сүретіні
сұралады. Олардың немен қоректенетінін айтқызады. Балалардың сөздік қорына жаңа сөздер енгізу үшін, тапсырманы түрлендіруге
болады. Олар туралы балалардың білетін тақпақ, жұмбақтарын айтқызады.
Қарап ал да, есіңе сақта.
Мақсаты: Балаларды көрген суреттерді есіңе сақтап, көз алдына елестете отырып,
әрқайсысын ретімен атап шығуға, уй жануарларын, аңдарды және құстардың жалпы
аттарын айтқызу. Оларды қорғауға, қамқоршы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілік: үй жануарлары, аңдардың, құстардың суреттері.
Ойын шарттары: Әр түрлі суреттерді теледидардан көрсетіп шығады. Балалар
бірінші суреттен қой, сиыр, ешкі, түйе – үй жануарларын, екінші суреттен аю,
қасқыр, түлкі – жабайы аңдарды атайды.
Үшінші суретте қарлығаш, көгершін, тоты құс құстарды атап шығады.
Жалпы және жеке ұғымдарды бекітіп, оларды қорғау үшін, қамқоршы болу үшін не
істейтіндері сұралады.
Үй жануарлары
Мақсаты: Балаларды үй жануарлары мен төлдерді ажыратуға, олардың
қимылын, қалай дыбыстайтынын және дене мүшелерін суреттеп, олрды
қорғауға қамқоршы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілік: Үй жануарларының, төлдердің суреттері.
Ойын шартты: балаларға үй жануарларының суреттері таратылып беріледі.
Олардың қалай аталатынын, қалай дыбыстайтынын, қалай күтуге болатынын
айтқызады. Сонымен бірге дене мүшелерін де атап, үй жануарлары туралы
балалардың білетінін жұмбақтарын шешкізеді.
Мақсаты: естіген сөзді екінші балаға бұлжытпай жеткізуге дағдыландыру,
диалогты сөйлеуді жетілдіру арқылы сөздік қорын молайту.
Телефон
Көрнекілік: Телефон.
Ойын шарты: телефон арқылы естіген сөзді басқа балаға жеткізесіңдер. Айтылған
сөзді құлаққа ешкім естімейтіндей айтуымыз керек. Егер телефон үзіліп қалса,
телефонды үзген бала айыбын төлейді.(мысалы: мақал, өлең, т.б білгенін айтуға
болады)
Телефон арқылы екі бала:
Алло, алло!
Ия, тыңдап тұрман.
Мен асқармын.
Ал мен саматпын.
Не істеп жатырсың?
Мен ойыншықтарды жинап жатырсын. т.с.с.
Сөйлемді жалғастыр. Мақсаты: Балаларды берілген тапсырманы мұқият тыңдап орындауға,
сөйлемді жалғастыра білуге, сөйлемнің неше сөзден құралғанын айтуға
үйретіп, тапқырлыққа баулу.
Көрнекілік: сөздер жазылған карточкалар.
Ойын шарты: Сөйлемнің басын бастап, сөйлемді балалар аяқтауы керек.
Мысалы: Бақшада ойыншықтар ... . Менің үйде ... . Мен бақшаға ... . Ойынды
тақырыпқа байланысты етіп өзгертіп отырып өткізуге болады.
Сөйлемді балалар өздері бастап, өздері аяқтайды. Ойын соңында бір сөйлемнің
неше сөзден тұратынын талдайды.
Қайсысы ұнайды?
Мақсаты: Суреттен көрген заттарының атын атап, суреттеп, қайсысының
ұнайтынын, не үшін ұнағанын айтқызу. Сөздік қорын молайту.
Көрнекіліктер: Әр түрлі суреттер, жануарлар, жыл мезігілінің суреттері.
Ойын шарты: Әр түрлі суреттерді көрсетіп, олардың қайсысының ұнайтыны, не
үшін ұнағаны туралы сұралады. Олардың қай мезгілде бейнеленгенін айтқызады.
Балалардың сөздік қорына жаңа сөздер енгізу үшін, тапсырманы түрлендіруге
болады. Олар туралы балалардың білетін тақпақтарын айтқызуға болады.
Зообаққа орналастыр
Мақсаты: Балаларға антоним сөздер туралы түсінік қалыптастыру. Заттың
көлеміне қарап, салыстырып талдау жасауға үйрету. Жабайы аңдар мен үй
жануарлары, құстардың дене бітіміне қарап зообаққа орналастыру, оларға
қамқоршы болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Зообақ торлары, әр түрлі жануарлар, құстардың дене бітімінеқарап
зообаққа орналастыру, оларға қамқоршы болуға тәрбиелеу.
Ойын шарты: Зообаққа әкелінген аңдар мен құстар, үй жануарларын торларға
орналастыру қажет. Балалар пілді, түйені үлкен торға, қоян, тиін т.б. кіші торға
орналастыруы керек. Бала неліктен олай орналастырғанын, яғни піл үлкен, қоян
кіші сондықтан үлкен торға пілді, қоянды кіші торға орналастырғанын айтып, ол
туралы білетін жұмбақ, жаңылтпаш, тақпақтарын айтады.
Қарамақарсы сөздер
Мақсаты: Антоним сөздерді салыстыру жолымен балалардың ойөрісін
кеңейту, ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын қарамақарсы сөздермен
молайту, зейінділігін арттыру.
Көрнекілік: доп, карточкалар
Ойын шарты: Балаларға кезекпен допты лақтырып антоним сөздерінің бірін
айтады, ал допты ұстап алған бала, тәрбиешіге кері лақтырып, айтылған сөзге
қарамақарсы сөзді айтуы керек. Сиқырлы шаршы
Қажетті құрал: 10х10 см шаршы. Әр бетінде үй жануарының суреті.
Ойын шарты: Бала шаршыны: «Бір,екі,үш,айдай алшы түс» деп лақтырады.
Ойын барысы: Лақтырылған шаршынын қай жағы жоғары қарап түссе, бала
сондағы жануарды атайды, дауысын салады және төлін сыйқырлы қалтадан алып
көрсетуі керек.
Ол, кім,бұл не?
Қажетті құрал: Әр түрлі суреттер ( Самолет, гүл, машина, киім, бауырсақ,
бала, қуыршақ, сиыр, қар, жаңбыр).
Ойын шарты: Көрсетілген сурет туралы не айта алады? Қандай? Ол кім? Түсі
қандай?
Ойын барысы: Қуыршақ Айнұр бізге суреттер әкелді. Сол суреттердің қандай
қасиеттері бар екенін атап немесе айтып беру.
Мысалы: Қуыршақ Айнұр жаңбырдың суретін көрсетеді. Баланың жауабы: «Су,
салқын,бұлттан жауады.» Гүлді көрсетсе «Әдемі, қызыл, жапырағы жасыл».
Қажетті құрал: Ойыншық аю.
Саяхатшы аю
Ойын шарты. Аю баяндауыш сөздерді айтады, балалар жауап беруі керек.
Ойын барысы: Аю өзінің балабақшаға саяхат жасағанын айтады. Сонда мен бір
бөлмеде «ағыздым, жудым, сүрттім»дейді. Ол қандай бөлме екенін балалар
табуы керек.
«шешіндім, жаттым, есінедім, ұйқтадым»
«ойнадым, оқыдым, сурет салдым»
« ән айттым, биледім»
« жүгірдім, секірдім, жаттығу жасадым»
«қармен ойнадым, аққала жасадым».
Қажетті құралдар: Бірнеше суретті ашық хат.
Ашық хат
Балаларға суретті көрсетіп,кімге арналғанын айту. Кейін,
Ойын шарты:
бәрінікі оқылып болған соң , ашық хатты көрсетіп кімдікі екенін сұрау.
Ойын барысы: Балалар, бізге ашық хаттар келіпті. Міне мына ашық хатта
балалар не істеп жүр?
Доп ойнап жүр.
Бұл хат Замира саған келіпті.
Ал мына хатта ненің суреті?
Алманың.
Қандай алма?
Қызыл үлкен.
Бұл хат Аянға келіпті. Барлық хатты солай айтып болған соң, балаларға әр суретті көрсетіп, сұрап беру.
Осылай ойын жалғаса береді.
Доп ойнап жүрген балалардың суреті бар хат кімге келді?
Замираға.
Біздің көмекшілеріміз
Ойын шарты: Дене мүшелерімен танысу. Неге керектігін анықтау.
Ойын барысы: Балалар , бізде көмекшілеріміз көп. Білесіңдер ме, олар кімдер?
Мысалы, қолдарымыз. Олар неге керек? Тісіміз, олар не үшін қажет? Аяғымыз,
не үшін керек? Көзіміз, не үшін қажет?
Әр бір дене мүшені атай отырып, баладан жауабын алу.
«Қажет суретті тап».
Ойынның мақсаты: Логикалық ойлауға үйрету, күн режиміне қажет ісәрекетті
есіне түсіру. Қай кезде не істелетіні жөнінде сөйлем құрап айтуға үйрету. Түрлі
жаттығу жұмыстарын өздігінен орындауға жаттықтыру.
Ойынға қажет заттар: Үлкен және кішкене суреттер немесе қуыршаққа арналған
ыдыстар, пластелиннен, балшықтан жасалған тоқаш,конфет, нан,бауырсақ, ет,
колбаса, т.б.
Ойын ережесі:Егер ойын суреттермен жүргізілсе тәрбиешімұғалім үлкен суреті
балалардың бәрі көрсетіндей орынға іледі. Мысалы: үлкен тарелка немесе орамал
ұстаған қыздың суреті. Балалар қораптағы суреттердің ішінен тақтаға ілінген сурет
мазмұнына сәйкес заттардың суретін алып столға қояды. Не істегені туралы айтады.
Ойынның соңында балалпр ойынға қатысты заттардың суретін салады ( өз
қалаулары бойынша нан, құант тоқаш т.б.)
көрсетеді.) Кім табады? Деп сұрақ қояды.
Балалар жасыл түсті заттарды аиайды. Мысалы: шөп, жапырақ, қияр т.б.
Ойын. Кімде мына түстес зат бар? (Тәрбиеші мұғалім жасыл түсті затты
«Формасы ұқсас заттарды тап».
Тәрбиеші –мұғалім қағазға түрлі форманы бейнелейтін карточкалар
Ойынның мақсаты: Түрлі заттарды формасына қарай ажырата білуге үйрету.
Сөзбен атап айтуға жаттықтыру, сабақта алған білімдағдыларын тиянақтау.
Ойын жабдығы: Формасы әр түрлі заттар:доп, машинаның дөңгелегі, қияр, кітап,
геометриялық фигураларүшбұрыш, төртбұрыш, квадрат, машина (
осы машинадан әр түрлі формаларды тапқызу).
дайындайды.
Ойын ережесі. Тәрбиешімұғалім сабаққа дайындалған заттарды және
карточкаларды әкеледі. Заттарды не сол заттардың суреттерін балаларға үлестіріп
береді. Мысалы, Кімде домалақ зат бар? деп сұрайды. Балалар аталған форманы өз
суреттерінен не ойыншықтарынан тауып, стөл үстідегі карточкадағы ұқсас сызыққа
қояды да сөзбен айтады. ( бұл –алма, формасы домалақ, түсі қызыл сары, дәмі тәтті,
ағашта өседі, күзде піседі т.б,) Жемісжидек, көкөніс туралы тақпақ не жұмбақ
айтылады. «Қай қолымда көп?»
Мақсаты: Заттардың екі жиынтығын салыстыра білуге үйрету.
Қажетті құралдар: Асықтар, топтағы ұсақ заттар.
Ойын барысы: Балалар екі топқа бөлінеді, оның әрқайсысы алмакезек тәрбиешінің
үстеліне өз өкілін жібереді. Бір бала қолын артына ұстайды. Алдымен тәрбиешінің
одан соң балалардың бірі оның қолына текше, түйме әртүрлі ұсақ нәрселерді
ұстатады. Бірақ ол бір қолда көп, екіншісінде аз болуы керек. Бала алдымен көз
мөлшерімен нәрсенің қолында көп екенін анықтау. Қай қатарда көп, қай қатарда аз
екенін салыстыру керек.
«Қол соғу»
Мақсаты: Тез, дәл қимыл жасау, есту қабілетін жетілдіру, ретімен санауды, қанша,
қанша болса сонша ұғымдарын қалыптастыру.
Қажетті құралдар: Тәрбиешінің және әрбір баланың алдына тілі бар дөңгелек.
Ойын барысы:1нұсқа: Тәрбиеші қол соғады. Балалар санайды. Тақта алдына
шақырылған бала тәрбиешінің неше рет қол соққанын айтуы немесе дөңгелектің
тілін саны сонша қара дөңгелекшелер тұрған бөлікке қаратып қоюы тиіс.2нұсқа:
Ойын күрделенеді. Балалар үндемей, қол соғу санын есептейді, әрқайсысы дөңгелек
тілін өздігінен жылжытады. Тәрбиеші қатарларды аралап, ойын ережесінің дұрыс
орындалуын тексереді.Ойын екіүш рет қайталанған соң, қорытындысы
шығарылады. Ойыншылары қателеспеген қатар ұтып шығады.
«Қанша болса, сонша»
Мақсаты: Сандарды тани білуге үйрету. Берілген тапсырманы дұрыс орындай
білуге жаттықтыру.
Қажетті құралдар: Сандық карточка.( «Кеспе сан» қалтасынан алу)
Ойын барысы: Тақтаға 3 бала шығарып, сандық карточканы көрсетіп, карточкада
қандай сан тұрса, сонша қимыл көрсету, тапсырманы сандарды өзгерте отырып, 23
рет қайталау.
«Керісінше айт»
Мақсаты: Тәулік жөнінде түсініктерін кеңейту. Қарамақарсы мағыналы сөздермен
жауап бере білуге үйрету.
Қажетті құрал: доп
Ойын барысы: Балаға допты беріп қарамақарсы мағыналы сөзбен жауап беруді
сұрайды. Мысалы: «таң» десе, бала «кеш» деп жауап береді.
«Кім сені шақырды?»
Мақсаты: басқа адамды дауысынан танып үйрету.
Қажетті құралдар: арнайы құралдар керек емес.
Ойын барысы: 3 адамнан кем адам қатыспайды. Біреуі ортаға турып көзін жұмады.
Тәрбиеші көрсеткен бала, ортада тұрған баланы шақырады. Бала шақырған адамды
дауысынан танып табу қажет. Таныса шеңберге тұрады – шақырған бала ортаға
Мақсаты: Беске дейін санап және тәрбиешінің ұсынысы бойынша әрекетті орындап
«Бес санына шапалақта «
тұрады. Ойын барысы: ойынды екеулеп және топпен ойнауға болады. Тәрбиеші балаға
қарама –қарсы отырып айтады «қазір мен 5ке дейін санаймын «бес» деген кезде сен
бір рет шапалақтайсың.
үйрету.
Мақсаты: Баланы бір дыбысты бір дыбыстан және сөздің басындағы дыбысты
«Бұл не қылған дыбыс?»
ажыратып үйрету.
Қажетті құралдар: Бірдей дыбыстан басталатын суреттердің аттары.
Ойын барысы: Ойынға 35 балаға қатысуға болады. Ойыншылар үстел басына
отырады, тәрбиеші балаларға суреттерді көрсетіп атайды. Балалар зейінді тыңдап
сөздегі бірдей дыбыстарды танып білу қажет. Табылған дыбыс нақты айтылу қажет.
Мысалы: ааапа, аана, ааайна, ааалма.
Мақсаты: айналадағы заттардың дыбыстарын бірбірінен ажырата білуге үйрету,
фонематикалық есту қабілетін дамыту.
«Тында да айт!»
Қажетті құралдар: ағаш, металл қасықтар, доп, қағаз, кітап,суы бар стақан,
ІІ нұсқасы ретінде музыкалық аспаптарды пайдалануға болады.
қоңырау, кілттер.
Ойын барысы:
Жеке және топпен ойнауға болады. Ең алдымен балалар үстелдегі заттарды қарап
алады. Сосын тәрбиешіге теріс қарап отырады, ал тәрбиеші заттардың дыбысын
шығарады, балалар дыбысты танып толық жауап береді : «Бұл қоңыраудың
сыңғыры» т.с.с.
ІІнұсқа.
Заттардың орнына музыкалық аспаптар пайдаланады. Балалар аспапты дыбысынан
таниды.
Мақсаты: Фонематикалық есту қабілетін, есту өткірлігін дамыту.
«Зейінді тыңда!»
Ойын барысы: Ойын 45 баламен өткізіледі. Дөңгеленіп отырады. Тәрбиеші жай
дауыспен балалардан тапсырманың орындауын сұрайды, содан кейін осы
тапсырманы орындайтын баланың атын сыбырлап айтады. Егер бала өз атын
естімесе, басқа баланың атын айтады.
Мақсаты: Фонематикалық қабілетін дамыту, әрекетті ересектің ауызша нұсқауы
«Шапалақта»
бойынша орындап үйрету.
Ойын барысы: ойынды 1 баламен де, топпен де өткізуге болады.
Тәрбиеші онға дейін санайтынын айтады, ал балалар «он» дегенді естігенде
шапалақтау қажет. Тәрбиеші 12 рет дұрыс санап, сосын шатастырып санайды,
балалар тек қане «он» сөзіне шапалақтауы қажет. Қателескен бала ойыннан
шығады. «Естігенде шапалақта»
Мақсаты: Дыбыстардың арасынан берілген дыбысты ажырата білуге үйрету,
фонематикалық есту қабілетін дамыту.
Ойын барысы: Берілген дыбысты естігенде шапалақпен белгілеу. Тәрбиеші ең
алдымен жеке дыбыстарды айтады, сосын буындардын арасынан берілген дыбысты
белгілейді.
ІІ –нұсқа
Үйренгеннен кейін дыбыстарды сөздердін арасынан, сөзтіркестердің, сөйлемнің
арасынан естіп шапалақпен білгілеу.
Мақсаты: Сөздегі бірінші дауысты немесе дауыссыз дыбысты белгілеп үйрету,
«Бірінші дыбысты ата»
фонематикалық естуді дамыту.
Ойын барысы: Тәрбиеші сөздерді айтады бірінші дыбысты дауыспен белгілеп
айтады. Дауысты болса: созып, дауыссыз болса: нақты, күшпен айтылады.
«Соңғы дыбысты тап» деген ойын дәл осылыай ойналады тек қана соңғы дыбысты
белгілеп табады.
«Ұйықтама, сөзді тез ата!»
Мақсаты: фонематикалық есту қабілетін дамыту, бастапқы дыбысты басқа
дыбыстардан ажырата білуін және басқа сөздегі осы дыбыстармен сәйкестеуін
дамыту. Баланың сөздік қорын молайту.
Қажетті құралдар: бір дыбыстан басталатын суреттердің атаулары: 23 нұсқасы
Ойын барысы: Бұл ойынды балалармен, олар бірінші дыбысты анықтап үйренгеннен
кейін ойнауға болады. Cуретті көрсетіп қандай дыбыстан басталатынын сұрау.
Сосын осы дыбыстан тағы басталатын сөздерді атаңдар.
Қайтала
Мақсаты: Есту зейінділігін , фонематикалық есту қабілетін дамыту.
Қажетті құралдардар: даңғыра, дауылпаз.
Ойын барысы: Ойынды топпен де жеке де ойнауға болады. Балалар көздерін
жұмады, тәрбиеші аспаппен ритмді соғады. Балалардан қайталауын сұрайды,
балалар шапалақпен қайталауы қажет.
Мақсаты: Фонематикалық есту қабілетін дамыту, жетіспейтін дыбыстарды
«Сөзді аяқтауға көмектес «
жалғастыру.
Қажетті құралдар: Заттық суреттер
Ойын барысы: Балалардың алдына бірбірден суреттерді орналастырады, содан
кейін сөздің соңғы дыбыстарын аяқтамай айтады. Бала суретке қарап сөзді аяқтау
керек. Ойынды қиындатуға болады: сөзді суретсіз аяқтау, немесе берілген
дыбыспен, буынмен аяқта. Қалта, балта, малта, бата, қал, мал, шал, бал.
«Дыбыс қайда тығылды?» Мақсаты: Фонематикалық есту қабілетін дамыту, сөздегі дыбыстын орнын
анықтау.
Ойын барысы: Ойынның алдында балаларға сөздің басы, ортасы, соңы бар екендігін
түсіндіру қажет. Сосын тәрбиеші сөздерді айтады, ал балалар берілген дыбыстын
орнын анықтау керек.
Мақсаты: Сөздің бірінші және соңғы дыбысын ажыратып үйрету.
Қажетті құралдар: Заттық суреттер
«Тізбек»
Ойын барысы: Бірінші суретті орналастырады, содан кейін соның соңғы дыбысына
басталатын суретті қояды т.с.с жалғастырады. Ара алма автобуссабын нан…
«Суретті таңда»
Мақсаты: Берілген сөзге суретті тауып көрсету.
Қажетті құралдар: Берілген дыбыстан басталатын сөздері бар заттық суреттер,
басқа дыбыстардан басталатын бірнеше суреттер.
Ойын барысы: Ойынның алдында заттық суреттерді үстелге орналастыру. Сосын
тапсырма беріледі бір дыбысқа барлық суреттерді жинастыру. (қалта, ақша, аққала
т.с. с)
Мақсаты: Сөздегі бірінші дыбысты анықтап үйрету.
«Суретті тіз»
Қажетті құралдар: Әртүрлі дыбыстан басталатын заттық суреттер, әр дыбысқа
бірнеше суреттер.
Ойын барысы: Тәрбиеші баланың алдына суреттерді қояды да атайды, сосын оларды
бірінші дыбысына қарай топтастыруын сұрайды.
(С) – сабын, сүлгі, сурет, сиыр, сарымсақ
(П) – пальто, піл, пияз, парақ. Т.б
Мақсаты: Сөздегі бірінші, соңғы дыбысты белгілеп үйрету.
«Дыбысты ата»
Қажетті құралдар: Барлығында бір дыбыс бар заттық суреттер
Ойын барысы: Тәрбиеші суреттерді атап көрсетеді. Балалар тыңдап барлық
сөздердегі дыбысты атайды. Және осы дыбысқа өзінің мысалдарын келтіреді.
«Керікті сөзді көрсет және ата»
Мақсаты: Есту зейінділігін, фонематикалық қабылдауын дамыту; балаларды сөзде
дыбыстарды естіп, дыбыс жұптарын ажыратуға үйрету (с з, с ц, ш ж, ч щ, с ш,
з ж, ц ч, с щ, л р), сөйлемдерде керекті сөздерді дұрыс белгілету
Тек қана берілген дыбыстары бар сөздерді белгілеу
Ойын барысы:
С Асқат пен Мақсат
Жамап – жасқап,
Жасапты он шақты аспап,
Соның ішіндегі Ақ сапты аспабы
Жап жақсы аспап
З Сыздық судан сүлік сүзді,
Сыздықтың сүлік салмасын үзді.
Салмадан сүлік сытылып шығып,
Суға түсіп, сумаңдап жүзді.
Мақсаты: Есту зейінділігін, фонематикалық қабылдауын дамыту: балаларға сөздегі
дыбыстарды естіп ажыратуға, сөйлемде керекті сөздерді дұрыс белгілеуді үйрету.
«Кім жақсы тыңдайды?»
Ойын барысы:
1 нұсқа.
Екі баланы шақырту. Бірбіріне арқаларымен тұрғызу, топқа қырымен қарап тұрады,
сосын тапсырма беріледі: «Мен сөздерді айтам, ал Мақсат тек ш дыбысын естігенде
қолын көтереді, ал Жансая ж дыбысын естігенде» балаларға тапсырманы қайталату.
Балалар дұрыс жауаптарды санайды, қате жауаптарды белгілейді. Педагог сөздерді
шағын интервалмен атайды (барлығы 15 сөз: 5 – ш дыбысымен, 5 – ж дыбысымен, 5
–керекті дыбыстар жоқ).
Сөздер: шалқан, айна, жылқы, түлкі, шана,ожау, тышқан, қонжық, кітап, ешкі,
жаңғақ, күшік,орындық, жұмыртқа, құлып.
Қалғандары балалардың жауаптарын қадағалайды, қателерін дұрыстайды. Соңында
ең зейінді баланы белгілейді.
2 нұсқа.
Екі баланы шақырту. Бірбіріне арқаларымен тұрғызу, шж дыбыстарына қолдарын
көтереді, ал балалар осы дыбыстарға сөздер ойлап табады. Ойынның соңында
жеңімпазды атайды.
3 нұсқа.
Екі балаға берілген дыбысқа сөздер жинақтату. Біреуіне ш дыбысымен, екіншіге ж
дыбысымен. Сөздерді ең көп және дұрыс атаған бала жеңеді.
Мақсаты: Дауыс аппаратын және сөйлеу тілінің есту қабілетін дамыту: сөздерді
«Сөздерді дауыстап және ақырын айту»
жылдамдығына дауыс жоғарылығына қарай естіп ажыратуға үйрету, әр
жылдамдықпен дауыс жоғарылығымен айтып жаттықтыру.
Ойын барысы:
Балалар жаңылтпашты жаттайды (жаттықтырған дыбысына байланысты). Мысалы с
з дыбысына дифференциация жасағанда:
Сыздық судан сүлік сүзді
Сыздықтың сүлік салмасын үзді.
Жаңылтпашты ең алды сыбырлап, сосын ақырын дауыспен, сосын қатты дауыспен
айтуын ұсынады. Тағы да дауысты жаттықтыру үшін тақпақтарды, бұынұйқастарды, санамақтарды
пайдалануға болады.
«Қандай дыбыс барлық сөзде бар?»
Мақсаты: фонематикалық қабылдауын дамыту және дыбыстық талдаудың
элементтерін: сөзде берілген дыбысты белгілеу, бірінші және соңғы дыбысты
анықтау.
Ойын барысы: Тәрбиеші үш – төрт, барлығында бірдей дыбыс бар, сөздерді айтады:
шана, ағаш, күшік, қолшатыр – сұрақ қойылады, барлық сөздерде қандай бірдей
дыбыс бар? Балалар ш дыбысын айтады.
Сосын басқа дыбыстарға сөздер беріледі: жаңғақ, ожау, тәж – ж; чемодан, чемпион
– ч; асық, сағат, тас, сүлгі с; аяз, қазық, зембіл – з; лалагүл, лақ, балық, қол – л;
ара, арба, раушан, қар – р;
Тәрбиеші дыбыстын дұрыс айтылуын қадағалайды.
«Сөздегі бірінші дыбысты ата»
Мақсаты: фонематикалық қабылдауын дамыту.
Ойын барысы: Тәрбиеші ойыншықты көрсетіп, оның аты қандай дыбыстан
басталатынын сұрайды. Содан кейін басқадай сөздер беріледі: достарының аттары,
жануарлар, заттар. Дыбыстардың нақты айтуын қадағалау (дыбысты созбай айтқызу
ббэ емес)
«Сөздегі соңғы дыбысты ата»
Мақсаты: фонематикалық қабылдауын дамыту.
Қажетті құралдар: суреттер (автобус, жаз, қаз, тас, тіс, күз, мұз, тұз, бас )
Ойынбарысы:
Тәрбиеші суретті көрсетіп соңғы дыбысты атауын сұрайды. Барлық суреттерді атап
өткесін, С дыбысына аяқталатын сөздерді бір жаққа, З дыбысына аяқталатын
екіншіжаққабөлінеді. Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
1. Үш тілдегі дидактикадық ойындар жинағы. (әдістемелік құрал) Астана 2013ж
2. Под редакцией Венгера Л. А. Дидактические игры и упражнения по сенсорному
воспитанию дошкольников. М., Просвещение. 1978. 3с
3. Сорокина А.И. Дидактические игры в детском саду. М., Просвещение. 1982. 20с.
4. Артелова.Л.В.Окружающий мир в дидикатических играх дошкольников: Книга для
воспитателей дет. Сада и родителей. М.,Просвещение, 1998. 5 111223с.
5. Дидактические игры и упражнения по сенсорному воспитанию дошкольников: Книга
для воспитателей дет. сада. /Под редакцией Венгера Л. А. Просвещение, 1997. 17с.
6.. Катаева А. А., Стребелеве Е. А. Дидактические игры и упражнения по сенсорному
восприятию: Книга для учителя. М., Просвещение, 1990. 17с.
7.Железицын М.Развиваем восприятие цвета./Дошкольное воспитание 2001.№2.31с.
Презентация программы "Сборник дидактических игр для развития речи детей дошкольного возраста"
Презентация программы "Сборник дидактических игр для развития речи детей дошкольного возраста"
Презентация программы "Сборник дидактических игр для развития речи детей дошкольного возраста"
Презентация программы "Сборник дидактических игр для развития речи детей дошкольного возраста"
Презентация программы "Сборник дидактических игр для развития речи детей дошкольного возраста"
Презентация программы "Сборник дидактических игр для развития речи детей дошкольного возраста"
Презентация программы "Сборник дидактических игр для развития речи детей дошкольного возраста"
Презентация программы "Сборник дидактических игр для развития речи детей дошкольного возраста"
Презентация программы "Сборник дидактических игр для развития речи детей дошкольного возраста"
Презентация программы "Сборник дидактических игр для развития речи детей дошкольного возраста"
Презентация программы "Сборник дидактических игр для развития речи детей дошкольного возраста"
Презентация программы "Сборник дидактических игр для развития речи детей дошкольного возраста"
Презентация программы "Сборник дидактических игр для развития речи детей дошкольного возраста"
Презентация программы "Сборник дидактических игр для развития речи детей дошкольного возраста"
Презентация программы "Сборник дидактических игр для развития речи детей дошкольного возраста"
Презентация программы "Сборник дидактических игр для развития речи детей дошкольного возраста"
Презентация программы "Сборник дидактических игр для развития речи детей дошкольного возраста"
Презентация программы "Сборник дидактических игр для развития речи детей дошкольного возраста"
Презентация программы "Сборник дидактических игр для развития речи детей дошкольного возраста"
Презентация программы "Сборник дидактических игр для развития речи детей дошкольного возраста"
Презентация программы "Сборник дидактических игр для развития речи детей дошкольного возраста"
Презентация программы "Сборник дидактических игр для развития речи детей дошкольного возраста"
Презентация программы "Сборник дидактических игр для развития речи детей дошкольного возраста"
Презентация программы "Сборник дидактических игр для развития речи детей дошкольного возраста"
Презентация программы "Сборник дидактических игр для развития речи детей дошкольного возраста"
Презентация программы "Сборник дидактических игр для развития речи детей дошкольного возраста"
Презентация программы "Сборник дидактических игр для развития речи детей дошкольного возраста"
Презентация программы "Сборник дидактических игр для развития речи детей дошкольного возраста"
Презентация программы "Сборник дидактических игр для развития речи детей дошкольного возраста"
Презентация программы "Сборник дидактических игр для развития речи детей дошкольного возраста"
Презентация программы "Сборник дидактических игр для развития речи детей дошкольного возраста"
Презентация программы "Сборник дидактических игр для развития речи детей дошкольного возраста"
Презентация программы "Сборник дидактических игр для развития речи детей дошкольного возраста"
Презентация программы "Сборник дидактических игр для развития речи детей дошкольного возраста"
Презентация программы "Сборник дидактических игр для развития речи детей дошкольного возраста"
Презентация программы "Сборник дидактических игр для развития речи детей дошкольного возраста"
Презентация программы "Сборник дидактических игр для развития речи детей дошкольного возраста"
Презентация программы "Сборник дидактических игр для развития речи детей дошкольного возраста"
Презентация программы "Сборник дидактических игр для развития речи детей дошкольного возраста"
Презентация программы "Сборник дидактических игр для развития речи детей дошкольного возраста"
Презентация программы "Сборник дидактических игр для развития речи детей дошкольного возраста"
Презентация программы "Сборник дидактических игр для развития речи детей дошкольного возраста"
Презентация программы "Сборник дидактических игр для развития речи детей дошкольного возраста"
Презентация программы "Сборник дидактических игр для развития речи детей дошкольного возраста"
Презентация программы "Сборник дидактических игр для развития речи детей дошкольного возраста"
Презентация программы "Сборник дидактических игр для развития речи детей дошкольного возраста"
Презентация программы "Сборник дидактических игр для развития речи детей дошкольного возраста"
Презентация программы "Сборник дидактических игр для развития речи детей дошкольного возраста"
Презентация программы "Сборник дидактических игр для развития речи детей дошкольного возраста"
Презентация программы "Сборник дидактических игр для развития речи детей дошкольного возраста"
Презентация программы "Сборник дидактических игр для развития речи детей дошкольного возраста"
Презентация программы "Сборник дидактических игр для развития речи детей дошкольного возраста"
Презентация программы "Сборник дидактических игр для развития речи детей дошкольного возраста"
Презентация программы "Сборник дидактических игр для развития речи детей дошкольного возраста"
Презентация программы "Сборник дидактических игр для развития речи детей дошкольного возраста"
Презентация программы "Сборник дидактических игр для развития речи детей дошкольного возраста"
Презентация программы "Сборник дидактических игр для развития речи детей дошкольного возраста"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.