Проектная работа "Волшебный мир магии"
Оценка 4.9

Проектная работа "Волшебный мир магии"

Оценка 4.9
Научные работы
docx
родителям
Детсад
06.11.2017
Проектная работа "Волшебный мир магии"
Публикация является частью публикации:
Сиқырдың ғажайып әлемі.docx
2 Сиқырдың ғажайып әлемі Ғылыми жұмыстың мақсаты: Сиқырдың ғажайыпқа жататындығын не жатпайтындығын анықтау. Ғылыми жұмыстың міндеттері: 1. Сиқыр ұғымына түсінік беру. 2. Сиқырдың пайда болу тарихын зерделеу. 3. Сиқыр көрсетудің сырын табу. 4. Сиқыр көрсетуді үйрену. Ғылыми жұмыстың өзектілігі:     Біз бәріміз циркке барғанды жақсы көреміз. Сондағы сиқыршылардың өнер көрсетуі балалар мен үлкендерді таң қылдырады.   Сиқыр   көрсетудің   сырын   табу   барлық   балаға   қызықты   деп ойлаймын. Сиқырдың ғажайыпқа жататындығын не жатпайтындығын анықтау үшін мен екі гипотеза шығардым. Бірінші гипотеза бойынша сиқыр – бұл ғажайып құбылыс. Екінші гипотеза бойынша сиқыр – бұл түсіндіруге болатын құбылыс. Қазақ   тілінің   түсіндірме   сөздігінде     сиқыр   сөзіне   мынадай   анықтама берілген: сиқыр (араб сөзінен шыққан) – алдап­арбау, сөз байлау қабілеті бар адам,   жәдігөй.   Тылсым   күштердің   көмегімен,   әртүрлі   әдіс­айламен 3 адамдардың санасына ықпал ету мақсатын көздейтін, әдеттен тыс жағдайларға сендіру әрекеті. Қазіргі   уақытта   сиқырдың   түр­түрі   бар.   Қарапайым   сиқырлар   карта, шариктер, цилиндр, орамалдар және тағы басқаларының көмегімен көрсетілсе. Кейбір сиқыршылар әр түрлі аппаратураны қолданып, ірі заттарды, адамдарды ғайып қылады. Алғашқы   сиқыршылар   туралы   деректер   Мысырдағы   папирустан табылған. Сондықтан Мысырды иллюзионизмнің отаны деп есептейді. Сондай­ ақ ертедегі сиқыршылар туралы мәліметтер Қытай және Үндістан елдерінен табылған. Ерте заманда сиқыр өнерін абыздар, бақсылар, шіркеу қызметкерлері көрсеткен.   Олар   сиқырдың   құпиясын   ешкімге   ашпай,   оны   адамдарға «құдайдың кереметі» ретінде танытқан.   Ең басында сиқыршылар әдетте храмдарда айтылатын «Хок эст корпус меум» сөзін айтып сиқыр көрсететін. Бұл сөздің мағынасы «Бұл менің денем». Уақыт   өте   келе   сөздің   мәні   ұмытылып,   «Хок   эст   корпус   меум»   «хокус­ покусқа» айналды. Кейін «хокус» сөзі де «фокусқа» айналып кетті. Жылдар өтіп, бақсылар, шіркеу қызметкерлері көрсететін сиқырлардың сырын   әртістер   біліп   алды.   Кейін   әртістер   халық   жиналатын   алаңдарда, жәрмеңкелерде   сиқырларын   көрсеткен.   Осыдан     адамдардың   «құдайдың кереметіне» сенімдері әлсіреп қалды, ол үшін шіркеу сиқыршыларды қудалап, кейбіреулерін отқа өртеп те жіберген.    Сиқырлардың   пайда   болу   тарихын   зерделей   отырып,   мен   бірінші гипотезамның қате екеніне көзім жетті. Сиқыр бұл ғажайып құбылыс емес. Олай болса сиқыр көрсетудің сырын ашу керек. Ол үшін мен ғаламтордағы сиқыршылардың сиқыр көрсетудің сырын ашатын бейнетүсірімдерін қарадым. Сиқырдың   үш   негізі   бар:   біріншісі   –   көзбайлаушылық,   екіншісі   –   қолдың ептілігі,   үшіншісі   –   ғылым   заңдары.   Енді   ғаламтордан   көрген   кейбір сиқырларды сіздерге көрсетіп, олардың сырын ашып беремін. Бет орамалдың ғайып болып, қайта пайда болуы. Бұл сиқыр көзбайлаушылық пен қолдың ептілігіне негізделген. Қажетті заттар: кішкентай бет орамал, сиқырға арналған «жалған саусақ». Сиқыр көрсетуді бастаймыз. Бет орамалды алып, жұмылған алақаныма тығамын.   Алақанымды   ашқанда,   ормалдың   ғайып   болғанын   көрермендерге көрсетемін.   Кейін   қайтадан   алақанымды   жұмып,   алақанның   ішінен   бет орамалды алып шығамын.  Сиқырдың сыры: Сиқырды бастамас бұрын, сол қолдағы бас бармаққа «жалған саусақ» киемін, оны көрермендерге көрсетпей оң қолдың алақанына жұмып тығып қоямын. Бет орамалды сол «жалған саусақтың» ішіне тығып, оны қайтадан сол қолдың бас бармағына киіп аламын. Алақанымды ашып, бет 4 орамалдың ғайып болғанын көрсеткеннен кейін, «жалған саусақты» тағы да оң алақанға   тығып,   ішінен   бет   орамалды   алып   шығамын,   одан   кейін   «жалған саусақты» қайтадан киіп аламын.  Сиқырлы сақиналар. Бұл   сиқыр   көзбайлаушылыққа   негізделген.   Қажетті   заттар:   сиқырға арналған 2 сақина. Көрермендерге екі бүтін темір сақинаны көрсетемін. Екі сақинаны бір­ біріне тез ұрып қалып, бір сақинаны екіншісінің ішіне өткізім жіберемін. Одан кейін екі сақинаны бір­бірінен бөлемін. Сиқырдың сыры: Бір сақинаның тетігі бар, сол жерден қатты ұрғанда сақина сәл ашылып, екінші сақина сол жерден кіріп­шыға алады. Ғайып болатын стақан. Бұл сиқыр көзбайлаушылық пен қолдың ептілігіне негізделген. Қажетті заттар: стақан, қатты қағаз, тиын. Столдың   үстіне   тиынды   қойып,   оның   үстіне   стақанды   төңкереміз. Стақанның үстінен қағазды майыстырып, басып қоямын. Стақанды қағазымен бірге   көтеріп,   көрермендерге   ештеңе   өзгермендігін   көрсетемін.   Стақанды қағазымен бірге столдың үстіне қойып, «фокус­покус» сөзін айтып, үстінен алақанмен ұрып қаламыз. Қағазды алғаннан кейін стақан ғайып болып кетеді. Сиқырдың   сыры:   Қағазды   стақанның   пішінімен   бірдей   қылып майыстыру қажет. «Фокус­покус» сөзін айтқаннан кейін, қағазды стақанның пішініне ұқсатып ұстап тұрып, стақанды столдың астына лақтырып жіберемін. Стақанның пішінімен тұрған стақанды столға қойып, үстінен ұрамын. Жанартаудың атқылауы. Бұл сиқыр ғылымға негізделген. Қажетті заттар: қиылған бөтелке мен ермексаздан жасалған жанартаудың үлгісі, ас содасы, қызыл бояғыш, су, сірке қышқылы. Жанартаудың   ішіне   «сірке   қышқылын»   құйып,   көрермендерге жанартаудың атқылауын көрсетемін. Сиқырдың   сыры:   Қиылған   бөтелкенің   ішіне   ас   содасын,   қызыл бояғышты,   суды   құйып   қоямын.   Оған   қосылған   сірке   қышқылы   химиялық реакцияға түсіп көпіршіктенеді.  Сиқырлы шам. Бұл сиқыр ғылымға негізделген. Қажетті заттар: мөлдір шыны ыдыс, су, бояғыш, өсімдік майы, көпіргіш дәрі. Су құйылған шыны ыдысқа бояғышты тамызамын. Енді ыдысқа майды құямын.   Араластырып   көремін.   Ыдысқа   көпіргіш   дәріні   салып,   сиқырды тамашалаймыз. 5 Сиқырдың   сыры:   Кәдімгі   заттардың   «сиқыр   көрсетуі»,   олардың физикалық қасиеттеріне негізделген. Қорытынды: Өткізілген ғылыми жұмыстың нәтижесінде мен сиқырдың ғажайып еместігін білдім. Сиқыр көрсетудің сырын таптым. Сиқыр көрсетуді үйрендім.   Қарапайым   сиқырларды   балалар   да   көрсете   алады.   Ол   үшін сиқырдың сырын біліп, көп дайындалу керек.

Проектная работа "Волшебный мир магии"

Проектная работа "Волшебный мир магии"

Проектная работа "Волшебный мир магии"

Проектная работа "Волшебный мир магии"

Проектная работа "Волшебный мир магии"

Проектная работа "Волшебный мир магии"

Проектная работа "Волшебный мир магии"

Проектная работа "Волшебный мир магии"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
06.11.2017