Алгебра пәні бойынша 7 сынып оқушысының
өзіндік жұмысының жоспары
I тоқсан
Сабақтың номері: №28
Сабақтың тақырыбы: Өрнектерді тепе-тең түрлендіру
Мақсаты: 1. көпмүшелерге амалдар қолдану, көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеу арқылы алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендірулерді орындау;
Конспект
Оқулық Алгебра 7 Алматы «Атамұра» 2017 авторы Ә.Н. Шыныбеков 2.2
Айнымалының мүмкін мәндерінде бірдей мәнге ие болатын екі өрнек тепе-тең өрнектер деп аталады.
Айнымалының кез келген мәнінде мағынасы болатын бір өрнекті оған тепе-тең өрнекпен алмастыруды тепе-тең түрлендіру деп атайды.
Өрнектерді тепе-тең түрлендіру амалдар заңына сүйене отырып жасалады: қосудың және көбейтудің терімділік қасиеті мен көбейтудің қосуға қатысты үлестірімділік заңы. Олар да тепе-теңдік болады
a + b = b + a ab = ba (a + b) + c = a + (b + c) (ab)c = a(bc) a(b + c) = ab + ac |
Жетістік критерийлері:
Көпмүшелерге және бірмүшелерге амалдар қолдану арқылы тепе-тең түрлендірулерді орындау;
Көпмүшені көбейткіштерге жіктеуді қолдану арқылы тепе-тең түрлендірулерді орындау;
Тепе-тең түрлендірудің нәтижесін терминдерді қолдана отырып ауызша түсіндірмесін айтып дәлелдей алу.
Тапсырмалар
№1. Мына теңбе-теңдіктер дұрыс па?
• 1) 3а(5b) = 15аb;
• 2) 1+(x – y) = 1 – (y – x ) ; • 3) 2a+(3 b – 4 ) = 2a – (3b+4)?
• 4) а – (4b – с) = a – 4b + c;
• 5) (-1) • b+а = а – b; • 6) 5а – 17 = 5(а – 17). №2. Өрнекті ықшамда:
1) (5𝑥 − 2𝑦)(𝑥 + 𝑦) − 5𝑥2(4𝑦 − 3)
2) 3𝑥2 + (3𝑥 + 𝑦)(𝑦 − 𝑥)
3) 2𝑦(11𝑦 − 9) + 0,5(16𝑦2 − 9)
4) (𝑥 − 5)(6 + 4𝑥) − 3(𝑥2 − 𝑥 + 1)
5) −𝑥2(−𝑥 − 2𝑦 + 2) − 𝑥(𝑥2 + 1)
6) 𝑥(1 − 𝑥) + 𝑥(𝑥2 − 1)
7) 5𝑥3 + (𝑦2 + 5𝑥)(𝑥𝑦 − 𝑥2)
Дескриптор:
- Бірмүшені көпмүшеге көбейтеді
- Көпмүшені көпмүшеге көбейтеді
- Ұқсас мүшелерін біріктіреді
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.