разработка открытого занятия для второй младшей группы : дать детям понятие Малой Родины.

  • docx
  • 20.01.2020
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Иконка файла материала Менің Отаным!.docx

Топ/Группа/ Group : №7

Мезгіл/Дата/Date : 22.11.2018ж

Тәрбиеші/Воспитатель/Educator:Жапакова А.А.

Білім беру саласы/Образовательная область/ Educational area: Әлеумет

Бөлімдері/Разделы/Section: Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы/Тема/ Theme: «Менің  Отананым!

Мақсаты/Цель/The aim:Туған жер, туған қала туралы білімдерімен таныстыру.

Міндеттер/Задачи/ Tasks:

Білімділік/Образовательная/Educational:Қоршаған орта, Туған қала туралы

білімдерімен  таныстырып ұғымдарды қалыптастыруға үйрету.

Дамытушылық/Развивающая/Developmental:Ой өрістерін дамыту, олардың әдеби

сөздік қорын молайтумен қатар дүние танымдарын кеңейту

Тәрбиелік/Воспитательная/ Teaching: Балалардың туған жерін сүюге тәрбиелеу.

Сөздік  жұмыс/Словарная работа/ Vocabulary :туған қала, Отан,отбасы, балабақша.

Алдын – ала  жұмыс/Предварительная работа/Preparotory work : Фотобейне арқылы

әңгімелесу, дидактикалық ойындар  «Менің отбасым», «Отбасы мүшелеріне көмектес»

Көрнекі құралдар/ Оборудование/ Equipment:Сызба – трек, Зайцев текшелері ,

Екібастұз қаласының фотобейнелері,  дид.ойын « Отбасы мүшелеріне көмектес» автобус

макеті, қала макеті.

Көптілді  компоненті/Полиязычный   компонент/ Trilingual component :

Отбасы –семья - family , ата-  дедушка, - grandfather , әже  -бабушка, - grandmother, ана – мама - Mama,  әке -  папа - dad,  бала – мальчик - boy,  қыз – девочка - girl  ,

балабақша  - детский сад  - baby garden , туған қала – родной город -  the capital city

Технологиялар/Технологии/Technology:

- Денсаулық сақтау технологиясы;

- Ойын технологиясы;

- Деңгейлік тапсырмалар Ж.У.Кобдикова;

- Алгоритм Бойынша әңгіме құрастыру В.Ф.Шаталов;

- Сын тұрғысын ойлау технологиясы СТОТ кластер

- В.П.Зайцев текшелері әдісі бойынша.

 

 

Іс –әрекет барысы:

Мотивациялық – қозғаушы/Мотивационно-побудительный/Introductory part:

Қуан шаттан алақай! 
Қуантатын күн келді! 
Қайырлы таң, қайырлы таң! 
Күліп шықты күн бүгін! 
Сәлеметсіздер ме қонақтар! 

 

(есікті тарсылдатып бір қонақ кіреді)

Балалармен амандасады

Тәрбиеші : Сіз кім боласыз ? Қайдан келдіңіз?

- Мен басқа планеталық тұрғыны – инопланетьянин , мен Марс планетасынан келдім!

-  Мен қайда келдім ?  Бұл қандай планета , не деген  өлке , қалай аталады ?

 Бұл жер планетасы, Қазақстан елі .

- Бұл қандай қала ?  (Екібастұз қаласы) – Бұл біздің сүйікті Отанымыз.

- Ал менде  Отан деген жоқ, Мен планетадан , планетаға ұшып жүремін Отан деген ол не ?

Балалар біз Өзіміздің сүйікті Отанымыз ,туған қаламыз туралы  бізге келген қонаққа  саяхат жасап айтып берейік  жарайды ма ?

Іздену – ұйымдастырушы/ Организационно –поисковый/Main part:

 1. Біз балалар Қонағымызды ең бірінші Отбасы түсінігімен таныстырайық .

Балалар бөлініп отырады : қызыл 3 деңгей,  көк – 2 деңгей,сары  - 1 деңгей

Деңгейлік тапсырмалар Ж.У.Кобдикова

мақсаты : отбасы мүшелеріне атап беру,керекті сайман құралдарын біліп көрсетіп атап беруге.

 1 д – дидактикалық ойын кішкентай суреттер бойынша  балалар суреттерді алып  айтып береді отбасы мүшелері  керекті заттарды тауып  береді  екі карточкадан.

2д -  Зайцев текшелері арқылы  отбасы мүшелеріне  үйде қандай жұмыс жасайды екенін айтып береді .

3д -  Алгоритм бойынша  отбасы мүшелері туралы  әңгімелеп береді.

Мақсаты .Сызба  - трек арқылы отбасы мүшелері туралы әңгіме құрастыруға үйрету.

 Отбасы мүшелерімен таныстық 

Көптілді компонент : Отбасы –семья - family , ата-  дедушка, - grandfather , әже  -бабушка, - grandmother, ана – мама - Mama,  әке -  папа - dad,  бала – мальчик - boy,  қыз – девочка - girl  .

2. Енді біз қонағымызға балабақша туралы айтып береміз

Балабақшағада балалар әр түрлі мамандықтар иелері қызмет етеді  , біз олардың жұмыстары түралы білеміз 

- Мен сендерге  олардың қимылдарын көрсетемін ал сендер қарап тауып аласыңдар

Сын тұрғысын ойлау технологиясы СТОТ кластер әдісі бойынша әр тұрлі қимылдарды көрсетіп мамандық иелерін тауып алуға ұсынамыз.

 (аспаз, тәрбиеші, тәрбиешінің көмекшісі, музыкант, физрук )

 Көптілді компонент балабақша  - детский сад  - baby garden .

Саяхат шығу үшін біз қандай көлікке отырамыз ?

- Біздің қалада қандай көлік түрлері жүреді ? (Автобус)

  Ал енді біздің қонағымызға біздің тұған қаламызды көрсетейік барлығымыз автобуска отырып  саяхатқа барайық.

Саяхат шығу үшін біз қандай көлікке отырамыз ?

- Біздің қалада қандай көлік түрлері жүреді ? (Автобус)

Автобусқа отырып , жүргізушіні таңдап аламыз да .

- біздің  саяхатымыз көңілді болсын  жаттығуды айтамыз

 Саусақ жаттығуы

Бір үйде біз нешеуміз ?

Кел санайық екеуміз.

Бас бармақ – атам,

Балан үйрек  - әжем,

Ортан терек  - әкем,

 Шылдыр шүмек  - анам,

Кішкентай бөбек  -мен

Бір үйде біз нешеуміз ?

Бір үйде біз бесеуміз!

3 бекет -  «Балабақша»

Туған қалам  - Екібастұз ( қаланың макеті бар  фотобейнелері бар )

 Зайцев текшелері арқылы  керекті ғимараттарды тауып көрсетіп атап және ол не үшін керек айтып  беруге үйрету.

 Көптілді компонент: туған қала – родной город -  the capital city

  Енді балабақшаға қайтып келейік

Рефлексивтік – коррекциялаушы/Рефлексивно – корригирующий/Final part:

 Міне біз балабақшаға қайтып келдіқ

-Сонымен Отан деген  ол біз үшін не ?

Сын тұрғысын ойлау технологиясы СТОТ кластер әдісі бойынша , суреттерді қойып шығамыз.

Отан ол – біздің  отбасымыз , біздің сүйікті балабақшамыз,  біздің Туған қаламыз.

- Балалар біз ән ұранымызды  айтқанда неге  қолымызды  жүрегімізге қоямыз?

Ойткені біз шын жүректен Отанымызды жақсы көреміз.Сондықтан Біз басқа планеталық тұрғынына кішкентай жүрек  сыйлаймыз ол да өз Отанын жақсы көрсін

 (қонақтарға жүректерді тарату)

Басқа планеталық тұрғынымен қоштасады.