Разработка урока по предмету Основы криминалистики на тему "Кісі өлтіру мен зорлауды тергеудің әдістемелері".Криминалистика негіздері пәнінен кісі өлтіру мен зорлауды тергеудің әдістемелері деген тақырыппен таныстыру. Жаңа сабақпен сызба нұсқалар арқылы танысып, бейне түсіріліммен бекітіп содан кейін жаңа сабағымызды қателікті тузеу кестесімен қорытындылау.
Сабақтың тақырыбы: Кісі
өлтіру мен зорлауды
тергеудің әдістемелері
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік:
Дамытушылық
Тәрбиелік
Кісі өлтіру мен зорлауды тергеудің
әдістемелеріне түсінік беру, осы
қылмыстардың саралануын түсіндіру.
Оқушылардың бойында құқықтық
саналықты, құқықтық мәдениетті
қалыптастырып, дамыту.
Оқушыларды ізгілікке, әділдікке,
заңға сай ісәрекет жасай білуге
тәрбиелеу.
Сабақтың типі:
Жаңа білімді игеру.
Сабақтың түрі Әңгіме, пікірлесу
Сабақтың өткізу әдісі:
Түсіндірмеліиллюстративті әдіс.
Пәнаралық және пәнішілік
байланысы:
Қылмыстық іс жүргізу құқығы.
Криминалистикалық тактика.
Материалдық техникалық
жабдықталуы:
видео түсірім, сызба нұсқалар.
Әдістемелік және оқу
әдебиеті:
Криминалистика негіздері. М.А.
Манишев. Алматы.2005ж
Криминалистикалық тактика. О.Б.
Қаиыров. Алматы. 2004жСабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқытушының сөзі.
Бүгін біз криминалистика негіздері пәнінен кісі өлтіру мен зорлауды
тергеудің әдістемелері деген тақырыппен танысамыз. Жаңа тақырыпты өту
барысында мынандай мақсаттар көздейміз: Кісі өлтіру мен зорлауды тергеудің
әдістемелеріне түсінік беру, осы қылмыстардың саралану реттерін анықтау,
тергеудің негізгі шарттарымен танысу.
Жаңа сабақпен сызба нұсқалар арқылы танысып, бейне түсіріліммен
жаңа сабағымызды қателікті тузеу кестесімен
бекітіп содан кейін
қорытындылаймыз.
Жаңа тақырыпқа кіріспес бұрын біз өткен тақырыптарды еске түсірейік,
себебі ол бізге жаңа тақырыпты өту барысында қажет болады.
Криминалистикалық тактика дегеніміз не?
Криминалистикалық техника дегеніміз не?
Дактилоскопия ғылымы нені зерттейді?
2. Жаңа сабақты түсіндіру
Тақтада жазылған жаңа тақырыпқа толық түсінік беріп, бұл тақырыпты
неше сұраққа қарастырып жазатынымызды айту, жаңа сабақты сызба
схемалар, арқылы таныстыру, қысқаша конспект жазғызу
Кісі өлтіру мен зорлауды тергеудің әдістемелері
1.
2.
3.
Жоспар
Кісі өлтірудің криминалистік сипаттамасы
Қылмыстық іс қозгау ерекшеліктері.
Зорлауды тергеу әдістемесі (2слайд)
1 Кісі өлтіру ауыр қылмыстар қатарына жатады және қоғамға үлкен қауіп
төндіреді. Оның ішінде кәсіпшіл қылмыскерлермен жасалынатын тапсырыс
бойынша («заказ» арқылы) кісі өлтіруді ерекше атап өтуге болады. Кісі
өлтірудің криминалистикалық сипаттамасының негізгі элементтері ретінде
қылмысты жасау және жасыру тәсілдері туралы мәліметтер жүреді. Кісі
өлтіруді жасау тәсілдері әр қилы — атыс және суық қару, жарылғыш заттарды
пайдалану, улау, түншықтыру, суға батыру арқылы және т.б. Қылмыс іздерін
жою мәйітті немесе оның бөлшектерін жасыру, өлтірген жерден мәйітті
басқа орынға апару, мәйітті бөлшектеу және кейіпсіздендіру, кісі өлтіруқұралын, қылмыс жасаған адамның киімдерін, сондайақ жәбірленуші
заттарын тығу арқылы іске асырылады.
Кісі өлтіруді тергеу барысында мынадай жағдайларды анықтау қажет:
1) кісі өлтіру болды ма; зорлықпен өлу себебі неде;
2)кісі өлтіру қашан, қай жерде, қандай тәсілмен және қандай жағдайда
жасалынған;
3) кісі өлтіруді кім жасады, қылмыскер қалай сипатталады;
4) егер қылмыс топпен жасалса, әрбір қатысушының рөлі;
5) қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын
жағдайлар бар ма;
6) жәбірленуші кім және қалай сипатталады;
7) қылмыспен келген зиянның мөлшері мен сипаты;
8)кісі өлтірудің мақсаты мен ниеті (мысалы, кек алу, қызғану,
пайдакүнемдік);
9) кісі өлтіруге итермелеген жағдайлар қандай. (3слайд)
2. Қылмыстық іс қозғау ерекшеліктері.
Кісі өлтіру кезіндегі қылмыстық іс қозғау себептері:
• азаматтардың арызы;
• ұжым, мекеме және өндіріс мәлімдемелері (мысалы, морг, аурухана);
• қылмыс белгілерін тікелей құқық қорғау органдарының табуы.(4слайд)
Кейде қылмыстық іс қозғауға себеп ретінде кісі өлтірушінің кінәсін
мойындап келуі жүреді.
Кісі өлтіру кезіндегі қылмыстың іс қозғау негіздері:
1) зорлап өлтіру белгілері бар мәйітті немесе оның бөлшектерін табу;
2)өлтірілуі ықтимал жағдайға сілтейтін кезде адамның жоғалып кетуі.
(5слайд)
Адам істүссіз жоғалып кеткенде қылмыстық іс қозғау туралы сұрақты
шешу үшін алдын ала тексеріс жүргізіліп, оның барысында мынадай әдеттегі
(типтік) болжамдар шығарылады:
1)жоғалып кеткен тірі, бірақ өзі туралы қандай да бір себептермен
хабарламайды;
2)жоғалып кеткен өлі.
Аталмыш болжамдарды тексеру үшін:
• ұжымдар мен мекемелерден мәлімет алынады;
• жоғалып кеткендігі туралы мәлімдеген тұлғалардан, туысқандардан,
әріптестерден, көршілерден, таныстардан түсініктемелер алынады;
• қажет болған жағдайда оқиға болған жерде қарау жүргізіледі.
Істүссіз жоғалып кеткен адамның өлгендігіне сілтейтін мәліметтер
алынған кезде қылмыстық іс қозғалады.
Кісі өлтіру туралы істер бойынша алғашқы және келесі тергеу әрекеттері
тактикасының ерекшеліктеріКісі өлтіру туралы істер бойынша тергеу әрекеттері аталмыш қылмыс
түрінің өзіндік ерекшелігіне сай, «Криминалистикалық тактика» тарауында
қарастырылған тактикалық тәсілдер мен жағдайларды сақтай отырып
жүргізіледі.
Кісі өлтіруді тергеу кезінде жүргізілетін алғашқы тергеу әрекеттері:
оқиға болған жерді қарау;
куәлардан жауап алу;
сотмедициналық сараптама тағайындау.(6,7,8,9 слайдтар)
Көбіне тергеу оқиға болған жерді және мәйітті қараудан басталады. Қарау
барысында төмендегідей сұрақтарды анықтауға мүмкіндік беретін
белгілер табылуы мүмкін:
пайда болған оқиға қылмыс па;
мәйіт табылған жер кісі өлтірілген жерге жата ма,егер олай болмаса,
қандай белгілер арқылы қылмыс жасалған жерді анықтауға болады;
өлтірілген кім және қылмыс қашан жасалған;
қылмыскерлер саны қанша, қылмыс орнына қалай келіп, қай жолмен
кеткен;
қандай тәсілмен, қандай қүрал пайдалану арқылы қылмыс жасалды, оны
жасыруға қандай шаралар қоланылған;
оқиға болған жерде қылмыскер нені қалдырған,нені алып кеткен және
қандай іздер оның денесінде,киімінде, қылмыс қүралында, көлік
қүралдарында қалуы мүмкін;
қандай мәліметтер қылмыскердің жеке басын, оның қозғамын сипаттайды;
қылмыс орнында болып жатқанды қай жерден көруге немесе естуге болар
еді.(10слайд)
Адам мәйітін ол табылған жерде сыртынан қарау міндетті түрде сот
дәрігердің қатысуымен жүргізіледі. Қарау арқылы өлу мерзімі, орны және
жарақат келтіру тәсілі, мәйіт қозғалтылды ма сол туралы білуге болады.
Өліп бара жатқаннан жауап алу кезінде үн таспа қолданылып, медицина
қызметкерлерінің қатысуымен кейін жауап алу хаттамасы құрастырылады.
Келесі тергеу әрекеттері:
куәлардан жауап алу;
сезікті және айыпталушыны ұстау және олардан жауап алу;
айыпталушының тұрған жері мен үйжайына тінту жүргізу;
әр түрлі сараптамалар тағайындау.
3. Зорлауды тергеу әдістемесі
Зорлау дегеніміз күш көрсету немесе ол күшті көрсетемін деп қорқыту,
сондайақ дәрменсіз жағдайды пайдалану арқылы жәбірленуші және басқа да
тұлғаларды жыныстық қатынасқа тарту.
Зорлау кезіндегі қылмыстың қастандықтың тікелей затына нақты әйелдің
жыныстық дербестігі жатады. Бұл жерде жәбірленушінің дене мүшелеріне,
арожданына, сондайақ кейде материалдық яғни, мүлкіне зиян келтіріледі.Зорлау туралы істер бойынша анықтауға жататын жағдайлар:
1.Жыныстық қатынас дерегі (фактісі) орын алды ма,егер алса қашан және
қай жерде;
2.Жыныстың қатынас кезінде күш жұмсалып, зорлық көрсетілді ме, егер
көрсетілсе, ол қандай нысанда (формада) іске асырылды (ұрыпсоғу, өлтіремін
деп қорқыту, дәрменсіз жағдайға келтіру, жансыздандыру);
3.Жәбірленуші кім? Дене бітімі немесе психика жағынан ауру, сондайақ
жасы кәмелетке толмаған емес пе;
4.Зорлауды жасаған тұлға кім? Ол бұрын осындай қылмыс жасаған ба, өте
қауіпті рецидивист қатарына жата ма; егер зорлау топпен жасалса әрбір
тұлғаның кінәсі мен өз арам ойын іске асыру деңгейі қандай;
5.Зорлаудан келген зардап қандай, дәрежесі бойынша өте ауыр болып санала
ма (жәбірленушінің өлімге душар болуы, денеге ауыр жарақат келтіру, есі
ауысу ауруына шалдықтыру, мерез (венерический) ауруын жұқтыру және
т.б.);
6.Зорлау нәтижесінде жәбірленушіге келтірілген материалдық зиян
мөлшері қандай;
7.Қылмыстың жасалуына қандай жағдайлар себеп болды.(11слайд)
Зорлауды тергеудің алғашқы кезеңінде мынадай типтік болжамдар
құрастырылады:
• зорлау оқиғасы арызданушы көрсеткен жағдайларда орын алды;
• зорлау оқиғасы болмаған, арызданушы арамза ниетсіз өз еркімен
жыныстың қатынасқа түсуді зорлау әрекеті ретінде көрсетіп отыр;
• зорлау оқиғасы болмаған, арызданушы қасақана жала жауып отыр.
3. Жаңа тақырыппен жұмыс.
3.1 Алған білімдерін тексеру. Сұраққа ауызша жауап беру.
Қылмыс дегеніміз не ?
Кісі өлтіру қылмысының ерекшелігі ?
Кісі өлтіру фактісі бойынша қандай ісәрекет жасалған ? (12слайд)
Табылған деректемелер бойынша қандай сараптама жүргізіледі ? (13
слайд)
Қылмыс құралы қалай бекітіледі ? (14слайд)
Қылмыстық іс қозғауға негіз бола ма ? (15слайд)
4. Өткен тақырыпты бекіту.
4.1 Жаңа тақырыпты бекіту үшін ішкі істер бөлімінің кісі өлтіру ісі бойынша
түсірілген жедел түсірімді көрсету. ( шұғыл түсірілім)
5. Қорытындылау.
Жаңа сабақта айтылғандардың бәрін жүйелеп, қателікті түзе кестесі
арқылы оқушылардың білім нәтижелерін тексеру.Тұжырым
Азаматтардың арызы кісі өлтіру қылмысы
бойынша іс қозғауға себеп бола алады.
келісемін
келіспеймін
кезде
өлтіруді
тергеген
Зорлау дегеніміз күш көрсету немесе ол күшті
көрсетемін деп қорқыту, сондайақ дәрменсіз
жағдайды пайдалану арқылы жәбірленуші және
басқа да тұлғаларды жыныстық қатынасқа тарту.
Кісі өлтірудің мақсаты мен ниеті қылмысты тергеу
кезінде анықталуы міндетті.
Адам
криминалистикалық тактика қолданылмайды.
криминалистикалық
Кісі
сипаттамасының негізгі элементтері ретінде
қылмысты жасау және жасыру тәсілдері туралы
мәліметтер жүреді.
Адам істүссіз жоғалып кеткенде қылмыстық
іс қозғау туралы сұрақты шешу үшін алдын ала
тексеріс жүргізіледі
Зорлау
жәбірленушіден жауап алу міндетті емес
(16слайд)
қылмысын
өлтірудің
анықтаған
кезде
6.Үйге тапсырма.
Үйге берілген қысқаша конспектіні оқып, сызылған сызба нұсқалар мен
жұмыс жасап және қосымша сұрақтарға дайындалу.
1. Адам өлтіруді тергеу кезінде қолданылатын криминалистикалық
техникаларды көрсету.
2. Адам өлтіруді тергеу кезінде қолданылатын криминалистикалық тактиканы
көрсету. (17слайд)
7. Бағалау.
Оқушылардың үй жұмысына, жауап берген сұрақтарына, сабаққа қатысып
отырған ынтасына қарай оларды бағалау