Публикация является частью публикации:
Тип дегеніміз не?
Мәліметтердің немесе айнымалылардың типі деп, олардың қабылдай алатын мәндерінің және олармен орындауға болатын амалдардың жиынын анықтауды айтады.
Типтерді сипаттау
Айнымалылар мен функциялардың типтері программаның сипаттау бөлімінде көрсетіледі.
Жазылу пішімі:
type <тип атауы> = <тип мәндері> ;
type
типті анықтау
;
Типтерді сипаттау диаграммасы
var <идентификатор> : <тип>
1.
2.
Бүтін сан түріндегі типтер
Типі | Мәндердің өзгеруі | Ұзындығы, байт |
BYTE | 0 – 255 | 1 |
SHORTINT | -127 – +127 | |
INTEGER | -32768 - +32767 | 2 |
WORD | 0 - 65535 | |
LONGINT | -2147483648 - +2147483647 | 4 |
Нақты сан түріндегі типтер
Типі | Ауқымы | Мәнді цифрлары | Өлшемі, байт |
REAL | -1.7∙10³⁸ – 1.7∙10³⁸ | 11 – 12 | 6 |
SINGLE | - 3.4∙10³⁸ – 3.4∙10³⁸ | 7 – 8 | 4 |
DOUBLE | -1.7∙10³⁰⁸ – 1.7∙10³⁰⁸ | 15 – 16 | 8 |
EXTENDED | -1.1∙10⁴⁹³² – 1.1∙10⁴⁹³² | 19 – 20 | 10 |
COMP | -2∙10⁶³-1 – 2∙10⁶³+1 | 8 |
Логикалық тип
BOOLEAN
Логикалық типтегі шамалар, негізінен, екі мән қабылдайды - TRUE (ақиқат) және FALSE (жалған), олар компьютер жадында бір байт орын алады.
Логикалық типтегі шамаларға мына амалдар қолданылады: AND - (және), OR - (немесе), NOT - (емес), XOR -(арифметикалық немесе)
Символдық тип
CHAR
Символдық типтегі шамалар мән ретінде тек бір таңбаны ғана қабылдай алады.Мәннің символ екенін көрсету үшін оны апостроф ішіне алып жазады. Мысалы, ‘a’, ‘h’, ‘5’, ‘*’ т.б.
Тіркестік тип
STRING
Тіркестік типтегі шамалар апостроф ішіне алынған символдар тізбегін қабылдайды.
Сипаттау мысалы:
VAR
s : string[25]; { s айнымалысының ұзындығы 1-ден 25 символға дейін өзгере алады}
s1 : string; { s1 айнымалысының ұзындығы көрсетілмеген, яғни символдардың ең үлкен саны 255-ке тең }
Саналатын тип
Саналатын тип стандартты типке жатпайды, ол параметрлердің мәніне сәйкес келетін атаулар (идентификаторлар) тізімінен тұрады. Атаулар тізімі үтір арқылы ажыратылып, жай жақша ішіне жазылады. Мысалы:
атау= (1-идентификатор, 2-идентификатор, …, n- идентификатор);
Var
kunder = (‘дүйсенбі’, ‘сейсенбі’, …, ‘жексенбі’);
Диапазондық немесе ауқымдық тип
Мұнда көрсетілген шама қабылдай алатын мәннің алғашқысы (ең кіші) мен соңғысы (ең үлкен) екі нүкте арқылы бөліп көрсетеді.
Мысалы:
атау = <алғашқы мән>..<соңғы мән>;
Var
Apta_kunderi = 1..7;
Ai_kunderi = 1..31;
Жиымдар (Массивтер).
Жиым дегеніміз – бір атаумен белгіленіп, бір өлшеммен өлшенетін шамалардың реттелген тізбегі.
ARRAY
Әрбір массив элементінің реттік нөмірі (индексі) болады.
Массив көп өлшемді бола алады; алайда, 65520 байттан артық орын ала алмайды.
Жиымдар. Сипаттау мысалы.
VAR
M1 : array[1..200] of integer; { М1, A1 – бүтін және нақты сандардың бір өлшемді жиымдары }
A1 : array[100..200] of real;
ch1 : array['A'..'Z'] of char; { сh1, ch2 – символдардың бір өлшемді массивтері }
ch2 : array[0..255] of char;
1.
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.