Публикация является частью публикации:
Сызықтық алгоритм. Өткенді еске түсіру.
Әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритм – сызықтық алгоритм деп аталады.
Сызықтық программалар.
Сызықтық программалар құрамына келесі операторлар кіре алады:
Меншіктеу
А:=В; мұндағы А – айнымалы, В – өрнек немесе айнымалы;
Енгізу
“Read(айнымалы аты);” немесе “Readln(айнымалы аты);”
Шығару
Write(айнымалы аты); немесе Writeln(айнымалы аты);
Write(“түсініктеме”); немесе Writeln(“түсініктеме”);
1-мысал.
Кесіндінің ұзындығы дюймдар берілген(1 дюйм = 2,54 см). Кесіндінің ұзындығын сантиметрге ауыстыру керек.
1-мысал программасы
program Example_uzyndyk;
var d,m: real; {айнымалыларды жариялау}
begin
write(‘Дюймдағы ұзындық:'); {түсініктеме}
readln(d); {мәліметтерді енгізу}
m:=d*2.54; {есептеу}
writeln (‘см-дегі ұзындық ',m); {нәтижені шығару}
end.
2-мысал.
Үшбұрыш қабырғаларының ұзындықтары берілген. Үшбұрыш ауданын табу керек.
S:=sqrt(p*(p-a)*(p-b)*(p-c))
2-мысал программасы
program Example1_S;
var a, b, c, р, s : real; {айнымалыларды жариялау}
begin
write( ‘ А = ' ) ;
readln (a); {а-ны енгізу}
write ( ‘ В = ');
readln(b); {b-ны енгізу}
write(‘ C = ');
readln (c); {c-ны енгізу}
p:=(a+b+c)/2; {p-ны есептеу}
s:=sqrt(p*(p-a)*(p-b)*(p-c)) {s-ты есептеу}
writeln(‘ S = ', s:6:2); {s-тың мәнін шығару}
end.
3-мысал.
Екі айнымалының мәндерін ауыстыру керек. Мысалы, x=4 және y=5 болса, x=5 және y=4 деп өзгерту керек. Қосымша айнымалыларды қолдану рұқсат етілмейді.
а және b айнымалыларының алғашқы мәндерін а0 және b0 белгілейік. Онда:
а=а+b {а=а0+b0, b=b0}
b=а-b {а=а0+b0, b=а0}
а=а-b {а=b0, b=а0}
3-мысал программасы
program Example_auystyru;
var a, b:integer; {айнымалыларды жариялау}
begin
write('Введите A: ');
readln (a); {а-ны енгізу}
write('Введите В : ');
readln(b); {b-ны енгізу}
a:=a+b; {а-ның мәнін өзгерту}
b:=a-b; {b-ның мәнін өзгерту}
a:=a-b; {а-ның мәнін қайта өзгерту}
writeln('A = ', a); {a-ның жаңа мәнін шығару}
writeln('B = ', b); {b-ның жаңа мәнін шығару}
readln;
end.
4-мысал.
Сағат тілі циферблат центрі және сағат 12-ге сәйкес келетін сәулемен ϕ бұрышын жасайды. Осы бұрышқа қарап уақытты анықтау керек.
Шығару әдісі:
Циферблат тең 12 бөлікке бөлінген(сағаттар).
4-мысал.
Сағаттар саны fi div 30 өрнегі арқылы анықталады.
div –бөліндінің бүтін бөлігі
Минуттар саны (fi mod 30)*2 өрнегі арқылы анықталады.
mod – бөліндінің қалдық бөлігі
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.