Разработка урока по казахскому языку для 9 русского класса
Оценка 4.9

Разработка урока по казахскому языку для 9 русского класса

Оценка 4.9
Разработки уроков
docx
русская литература
9 кл
30.01.2017
Разработка урока по казахскому языку для 9 русского класса
Əлеуметтік-тұрмыстық ая– 32 /22 сағат. «Біз тату тұрамыз» – 16 /11 сағат: 1) тілдік бөлім: тұрақты тіркестер. Олардың сөйлем ішіндегі экспрессивті мəні. Кейінгі ықпалды қайталау. Лексика: тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер; 2) қатысымдық-сөйлесімдік бөлім: тыңдалым: мəтінді тыңдап, айтылған ойды түсіну. Қазақ отбасы туралы берілген сөйлемдерді түсіну жəне қолдану; оқылым: қазақ отбасы туралы мəтіндерді дұрыс оқу жəне түсіну. Болған жағдайға байланысты, сезімге əсер ететін сөздер мен сөйлемдердің мағынасын ұғу; айтылым: қазақ отбасы туралы өзіне таныс жағдайлар бойынша конструкцияларды пайдаланып өз ойын айту. жазылым: өзара байланысты қысқа мəтіндерді жазу. Қазақ отбасы туралы өзі білетін мəліметтерді қатыстырып сөйлем жаза білу, өз ойын қысқаша білдіре алу; тілдесім: қазақ отбасы жайындағы сұхбаттарға қатысу. Қазақ отбасы туралы көзқарасын айтып, пікір білдіру. Диалог-сұрақ. Диалог-мəлімет; 3) мəдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: отбасы тəрбиесі туралы қысқа мəтіндер, өлеңдер.Оқыту орыс тілінде жүретін мектептерде аптасына 3 сағаттан, барлығы 102 сағат, оқыту ұйғыр, өзбек, тəжік тілдерінде жүргізілетін мектептерде аптасына 2 сағаттан, барлығы 68 сағат бөлінген.
Разработка урока.docx
Құрастырған Риза Маней, 9­сынып І.Әлеуметтік­тұрмыстық ая І тоқсан Біз тату тұрамыз – 16 сағат Сабақтың тақырыбы: Отбасындағы асыл адамдар Грамматика: Тұрақты тіркестер Сабақтың мақсаты:   тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктерді игерту, тілдік   материалды   талдауды   меңгерту,   тұрақты   тіркестерді   қолдану мүмкіндіктерін   жетілдіру,  мемлекеттік   тілде   сауатты     сөйлеу   дағдыларын, тұрақты тіркестерді қатыстырып сөйлем құрай білу біліктіліктерін дамыту, азаматтық, ақпараттық құзыреттіліктерді игерту. Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.  Сабақтың түрі: мұражайға саяхат сабағы (киіз үйдің бөлшектерімен, әшекей бұйымдарымен таныстыру) Технология, әдіс­тәсіл:  тілдік материалды сатылай кешенді талдау  (СКТ), сыни тұрғыдан ойлау (СТО), дамыта оқыту (ДО). Сабақ жабдығы:  интербелсенді тақта Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет Ұйымдастыру формасы:  Сабақтың барысы: Мотивациялық­бағдарлау кезеңі: 1. Ұйымдастыру кезеңі:  Бағалау парағы таратылады.  2. Қызығушылықты ояту: ­Қазақ тіліндегі «үш таған», «ошақ» деген сөздерді түсіндіріп беретін бала бар ма?   ­ Ошақтың үш аяғы болатыны сияқты отбасы ата, ана және бала деген үш құрамнан құралады. Осы  үшеуімен қатар қазақта «қарашаңырақ» деген ұғым бар.   Қазақтың   салт­дәстүрі   бойынша   ата­анасы   үлкен   ұлдарын   үйлендіріп, оларға жеке отау құрып береді. Қыздарын тұрмысқа ұзатады. Ал үйдің кіші ұлы ата­анасының үйіне ие болып қалады. Осы үйді қазақтар «қарашаңырақ» деп   атайды.   Қарашаңырақта   атасы,   әжесі,   әкесі,   шешесі,   баласы   және немерелері   тұрады,   ­   дей   отырып,   мұғалім     сабақтың   тақырыбын   береді. Оқушылар сабаққа мақсат қояды.  Операциялық кезең: 1. Сөздікпен жұмыс.  «киіз үй», «шаңырақ», «көшпенді», «асыл» деген  сөздердің мағыналары аштырылады, синонимдері таптырылады (синонимдер  сөздігі, түсіндірме сөздік пайдаланады).  2. Тілдесім.   Сұрақ:   Отбасындағы   «асыл   адамдар»   деп   кімдерді   айтамыз?   Олардың отбасындағы орны қандай? 3.   Айтылым.    Оқулықтағы   5­бетте   берілген   суреттерге   қарап,   киіз   үйдің жабдықтарын   атаңдар.     Олар   қандай   халықтың   ұлттық   баспанасы   болған? Отбасындағы   асыл   адамдардың   бірі   ­ата   мен   әке   осы   киіз   үйдің   төрінде отырады. Ал отбасындағы асыл жандардың бірі ­ әже мен ананы қазақ «Ана бір   қолымен   бесікті   тербетсе,   екінші   қолымен   әлемді   тербейді»   деп бағалайды. 4.   Мұражайға   саяхат   жасалады    (оқушылар   киіз   үйдің   бөлшектерімен, әшекей бұйымдарымен таныстырылады). 5. Оқылым. Оқулықтағы 5­бетте берілген киіз үй жайлы мәтінді 2 оқушы мәнерлеп оқиды.         Сөздікпен жұмыс жасалады. Тапсырма:  1. оқулықтан 5,6­беттердегі 4,5­тапсырмалар орындатылады.  4. Тілдік материалмен жұмыс.  «шаңырақ   иесі,   босағаң   берік   болсын,   босаға   аттау,шаңырағың   биік, керегең кең, шаңырағын шайқалтпау ...» деген тұрақты тіркестер беріліп, мәні ашылады (аударма, түсіндірме сөздіктерден), сөйлем құратылады.  Рефлексиялық­бағалау кезеңі:      1. Жазылым . Өз  отбасыларыңдағы асыл жандар жайлы шағын әңгіме жаз. 2. Үйге тапсырма:  1. Жаңа сөздерді жатта. 2. Оқулықтан 4­беттегі 4­тапсырма. ДМ 3. Бағалау.

Разработка урока по казахскому языку для 9 русского класса

Разработка урока по казахскому языку для 9 русского класса

Разработка урока по казахскому языку для 9 русского класса

Разработка урока по казахскому языку для 9 русского класса

Разработка урока по казахскому языку для 9 русского класса

Разработка урока по казахскому языку для 9 русского класса
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
30.01.2017