материал, 8 сынып, реферат, қазақстан тарихы, қазақ хандығы, әбілқайыр хандығы, әбілхайыр ханның өмірбеяны, хандық құруы, 8 сыныптар тарих пәні бойынша ранайы мазмұнымен дайындалған қазақстан тарихы тақырыптық реферат, дарын-лицей, тақырыптық реферат (баяндамалар жиынытығы арнаулы материал 8 сыныптарга арналаган комекши курал 8
Әбілқайыр хандығы Реферат.docx
«Дарын» мектеп лицейі
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: «Әбілқайыр хандығы»
Орындаған: Исмат М.
Сыныбы: 8 «А»
Тексерген: Айтжанов О. Қ. 2019 – 2020 жж
Мазмұны:
1. Әбілқайыр хан (өмірбаяны)
2. Әбілқайыр хандығы Әбілқайыр хан, Әбілқайыр Мұхаммед Қазы Баһадүр хан (1693 — 12
тамыз 1748) — хан, қолбасшы, 1718—1748 жж. билік құрған Кіші жүз ханы.
1708 1709 жылдары башқұрттар Әбілқайырды өздеріне хан етіп сайлаған. Ол
– кейін өзінің күшімен, айласымен, шабуылды ұйымдастыра білушілігімен
даңқы шығып, хандыққа қол жеткізген, батырлығы мен өркөкіректігі,
ақылдылығы мен билікқұмарлығы, саяхатшылығы мен бірбеткейлігі астасқан
қайшылығы мол күрделі тарихи тұлға. 1720 жылы қыркүйек айында қазақ
әскері мен орысқазақтар арасында Самара өзенінің бойында қанды шайқас
болды. Тұтқынға түскен 50 қазақ жігітін өлтіріп, «ерлік жасағаны үшін»
атаман Никита Бородин Ресей патшасы І Петрдің мақтау грамотасымен
марапатталады.
Әбілқайыр хан 1693 жылы Түркістан қаласында туған. Ол Әз
Жәнібектің бесінші ұрпағы. Шыңғыс ханнан бастап тарататын болса ол хан
әулетінің он сегізінші ұрпағы. Әз Жәнібектен тоғыз ұл тарайды, солардың бірі
Өсеке сұлтан одан Бөлекей ноян, одан Ырыс сұлтан, одан Хожа сұлтан, одан
Абдолла сұлтан туған, Әбілқайыр осы Абдолла сұлтанның баласы.[1] Әскен
(Әжі) ұлы Әбілқайыр хан – қазақтың Кіші жүзінің ханы, Бұланты, Итішпес
көлі маңындағы шайқаста қазақ қолының бас сардары, қазақ сұлтандарының
кіші буыны – Үсектің ұрпағы. Болат хан өлгеннен кейінгі тақ таласында
Сәмекенің (Шахмұхаммедтің) «Әбілқайырдың атасына хандық әуелден
бұйырмаған. Жеті атасынан хан болып келе жатқан менің тұқымым, хан
тағының заңды иесі менмін» деуі де оның осы кіші буыннан екенін меңзейді.
1710 жылы Қарақұмдағы халық жиынында жас Әбілқайыр Кіші
жүз әскерінің қолбасшысы және хан болып сайланды, ал түмен басы болып
атақты кіші жүз батыры қарт Бөгенбай батыр (Қанжығалы Бөгенбай емес)
тағайындалды.
Әбілқайыр жастайынан батылдығымен танылып, дарынды әскербасы және
білгір қолбасшы болды. 1726 жылы үш жүздің қазақтары бас қосқан
құрылтайда билер мен батырлар бірауыздан Әбілқайырды Қазақ
хандығы әскерінің бас қолбасшысы етіп сайлады. Ал, Әбілқайырдың хандық
дәрежеге қалай жеткендігін 1736 жылы оның Ордасына келген ағылшын
суретшісі Джон Кэстль былайша түйіндейді:Ол зор тұлғалы, сымбатты,
аппақ жүзі қызыл шырайлы, түсі сондай жылы кісі, сонымен қатар
зор денсаулық пен қайраткүш иесі, садақ тартуға келгенде шынымен
ақ бүкіл ұлтта оған тең келетін кісі жоқ. Хан болмай тұрып, ол
сұлтан ғана болатын, оның барлық балалары да осы лауазымды алып жүр. Жоңғар қалмақтарымен болған соғыста олардың басшысы
қонтайшыны өз қолымен тұтқынға алғаннан кейін… Кіші орда оны
хан сайлады.
1748 жылы Орынбордан шағын жасағымен қайтып келе жатқан жолда
қарсыластарының бірі Барақ сұлтанның құрған қақпанына ұрынып қалады.
Барақ сұлтан жоңғар шапқыншылығы кезінде зор беделге ие болған тұлға.
Әбілқайырдың Ресейдің қолдауы арқылы күшейіп кетуінен сескеніп, оған
қарсы шыққан. Әбілқайырдың 50 шақты адамымен келе жатқанын естіген ол,
мүмкіндікті пайдаланып қалуды ойлап, тұзақ құрады. Осы шайқаста
қарсыластарының күші басым екенін көріп тұрған ханның күзетшілері оған
қашуды ұсынады. Бірақ, Әбілқайыр хан бұдан бас тартып, осы шайқаста қаза
табады.
Әбілқайыр хандығы. XIV ғасырда ОрдаЕжен мен Шайбани ұрпақтары
иелігіндегі ұлыстар мен рутайпалар Ақ Орда мемлекетінің құрамында болды.
Мұнда ОрдаЕжен мен ТоқаТемір әулетінен шыққан хандар билік жүргізді.
Осыған қарамастан Шайбани ұрпақтары өз иелігіндегі билігін сақтап қалды.
Ал XV ғасырдың 20 жылдарының аяғына қарай Шыңғыс ұрпақтары мен
көшпелі түрік шонжарларының қиянкескі күресінің нәтижесінде билік Орда
Ежен мен ТоқаТемір мұрагерлерінен Шайбан ұрпақтарына ауысады. Оған Ақ
Орданың әлсіреуі мен құлдырауы, оның соңғы ханы Барақтың 1428 жылы қаза
табуы себепші болды. Бұл кезде Ақ Орданың жерінде бірбіріне тәуелсіз екі
саяси бірлестік нығайды. Олардың біріншісі – Жайықтан және оның батысына
қарай Еділге дейінгі жерлерді қамтыған Ноғай Ордасы. Ал Жайықтың шығыс
жағында Ырғыз, Елек, Торғай, Сарысу бойында, Тобыл мен Есілдің жоғарғы
ағыстарына Шайбани ұрпақтары иеліктерін жүргізді. Олар: Аралдан
солтүстікке қарай Шайбани әулеті Жұмадық ханның ұлысы, Шайбани
әулетінің екінші бір тұқымы Мұстафа хан Атбасарда, үшінші бір тұқымы
МахмұдҚожа Тобылда. Маңғыт Кепек би мен Адабек Бүркіт Батыс Сібірдегі
Тура өңірінде билік еткен. Жазба тарихи дерекетерде бұл феодалдық
иеліктер Көшпелі өзбектер хандығы деп те аталған. Бұл ұлыстардың арасында
жер үшін, билік үшін ешбір тоқтаусыз, қиянкескі ұрыстар үнемі болып
тұрған. Осы таластартыстың барысында Жошының Шайбан ұрпағынан
тараған ДәулетШайхоғылының баласы 17 жасар Әбілқайыр жеңіске жетті. Ол
1428 жылы Батыс Сібірде Тура (Түмен) қаласында хан болып жарияланды.
Оны Шайбани ұлысына кірген рулар мен тайпалардың 200ге жуық ірі
өкілдері қолдаған.
Халқының құрамына Ақ Ордаға кірген түрік және түріктенген түрік
моңғол тайпалары жатты. Олардың бастылары: қыпшақ, найман, қият, маңғыт,
қарлұқ, қоңырат, қаңлы, ұйылын, шынбай, күрлеуіт және тағы басқалары. Бұл
тайпалар тілі, шаруашылығы, мәдениеті және тұрмысы жағынан туыстас
тайпалар. Сондықтан олар «өзбек» деген атпен саяси жағынан бірге аталған. Оның иелігі Ноғай Ордасының шығыс бетін, батыста – Жайыққа, шығыста –
Балқашқа дейінгі, оңтүстікте – Арал теңізі мен Сырдарияның төменгі
ағысына, солтүстікте – Тобыл мен Ертістің орта ағысына дейінгі жерлерді
қамтыды.Әбілқайыр басқарған 40 жылдай уақыт ішінде (1428–1468 жж.) елдің
саяси жағдайында тұрақтылық пен тыныштық болмады.
Жошы әулеті – оның ішінде Ибақ хан, Береке сұлтан, Ұрыс ханның
ұрпақтары Жәнібек пен Керей тағы басқалары – Әбілқайырға үнемі қарсы
шығып отырды. Әбілқайыр хан өзінің жаулаушылық әрекетін XV ғасырдың 30
шы жылдарынан бастайды. Ең әуелі ол Тобыл бойында Шайбан ұрпағы
МахмұдҚожа ханды талқандайды. XV ғасырдың 40жылдарында Балқаш
өңірінің терістік батыс жағын өз иелігіне қосады. 1431 жылы ТоқаТемір
ұрпақтарына қарсы шайқас Екіретүп деген жерде болып, Әбілқайыр хан
жеңіске жетеді. Хан көптеген дүниемүлік олжалайды. Одан кейін Батый
ханның астанасы болған ОрдаБазарды бағындырады да, Алтын Орданың
әлсіреуін пайдаланып, Еділ бойындағы көптеген жерлерді басып алып, өзінің
орталығын Турадан ОрдаБазарға көшіреді. 1430 жылы аз уақыт Хорезмді
басып алып, Үргеніш қаласын тонайды. 1446 жылы Әбілқайыр өзіне қарсы
болып жүрген күшті шонжарлардың бірі – Мұстафа ханның әскерлерін
талқандайды. Сол жылы Әбілқайыр хан Сырдария өзені мен Қаратау
баурайындағы Созақ, Сығанақ, Аркөк, Аққорған, Үзкент қалаларын басып
алып, Сығанақты өз хандығының астанасына айналдырды.Әбілқайырдың Сыр
бойындағы қалаларды басып алуы ағайындас Шайбани ұлысы мен Ақ Орда
ұлысы рутайпаларының арасындағы қырғиқабақ қатынастарды одан әрі
шиеленістіре түсті.
XV ғасырдың 50ші жылдары Әбілқайыр Мауеренахрдағы Темір
ұрпақтарының ішкі тартысына араласып, Самарқанд пен Бұхараға талаутонау
жорықтарын жүргізді. Соғыстар барысында Әбілқайыр қанша жерлерді қосып
алғанымен, хандық ішінде саяси берік бірлік болмады, әлеуметтік
экономикалық қайшылықтар күшейді. Ірі феодалдық топтар, ру басылары,
сұлтандар оны қолдамады, қарсы шығып отырды. Әбілқайыр мемлекетінің
ішкі әлсіздігі, Шыңғыс әулеті арасындағы тоқтаусыз қырқыстар, көшпелі
рулар мен тайпалар сұлтандарының өз алдына бөлінуге ұмтылуы 1456–1457
жылдардағы Әбілқайырдың ҮзТемір тайшы басқарған ойраттармен Сығанақ
маңындағы шайқаста күйрете жеңілуіне алып келді. Ол Түркістандағы талан
таражға түскен қалаларын тастап, ДештіҚыпшақ даласына кетуге мәжбүр
болды. Тек 60жылдардың басында ғана Әбілқайыр Сырдария бойындағы
бұрын өзі жаулап алған қалаларына қайта оралды. Осы жерден Әбілқайыр
1468 жылы Моғолстанға қарсы жорыққа кетіп бара жатқанда Алматы
маңындағы Аққыстау деген жерде кенеттен қайтыс болды.Ішкі және сыртқы
қайшылықтардың шиеленісуі, бітпейтін феодалдық соғыстар мемлекеттің
шаңырағын шайқалтып, Әбілқайыр хандығының ыдырап тарауына ұрындырды.
Сөйтіп Шайбан әулетінің Шығыс Дешті Қыпшақтағы билігі тоқтады. Көшпелі өзбек тайпаларының бір бөлігі XVI ғасырдың бас кезінде Мауеренахрға көшіп
кетті. Қазақстан жерінде қалып қойған рутайпалар қазақ хандарының қол
астына кірді. Темір ұрпақтары үкіметінің әлсірегенін пайдаланып,
Шайбанилер Орта Азиядағы үкімет билігін басып алды.
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Реферат
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.