Реферат на тему "Суицидті алдын алу жолдары"
Оценка 5

Реферат на тему "Суицидті алдын алу жолдары"

Оценка 5
Лекции
docx
психологическая работа +2
Взрослым
13.04.2017
Реферат на тему "Суицидті алдын алу жолдары"
Суицид жан жүйесі қатты күйзелген кезде, не психикалық аурудың ықпалымен адам жасайтын өзін-өзі өлтіру әрекеті. Өз-өзіне қол жұмсауға бейім адамдардың бірден-бір бөлігі психикалық тұрғыдан зардап шекен, дені сау адамдар болып табылады. Жасөспірімдер басқалардан көмек күту мақсатында суицидтік әрекетті демонстративті түрде көрсетіп, жан-жақтағыларын қорқытады.реферат
реферат.docx
1. Кіріспе          Өз өмірін қиюға бағытталған саналы ерікті түрдегі әрекет қазіргі таңда бүкіл жаһандық   қоғамдық   мәселеге   айналып   отыр.   «Суицид»   латын   тілінен   алынған «өзін­өзі өлтіру, өзіне қол салу» деген мағынаны білдіреді. Суицид термині итальян психологы Г. Дэзен 1947 жылы енгізіп, оны “Өзін­өзі өлтіруге әрекет ету” ­ деп түсіндіреді.     Суицид жан жүйесі қатты күйзелген кезде, не психикалық аурудың ықпалымен адам жасайтын өзін­өзі өлтіру әрекеті.  Өз­өзіне қол жұмсауға бейім адамдардың бірден­бір бөлігі психикалық тұрғыдан зардап шекен, дені сау адамдар болып табылады. Жасөспірімдер   басқалардан   көмек   күту   мақсатында   суицидтік   әрекетті демонстративті түрде көрсетіп, жан­жақтағыларын қорқытады.          Суицидтік   ой,   әрекет   конфликт   кезінде   әлеуметтік­психикалық дезадаптацияның   пайда   болуынан   көрінеді:   мазасыздық,   фрустрациялық   күй, қоршаған адамдардың негативті қатынастары, өмір сүруге құштарлықтың болмауы, әлеуметтік   ортаның   төмендеуі   т.б.Осындай   келеңсіз   жағдайлар   барлығы жасөспірімдерді   қылмысқа   тартады,   оның   ішінде   өз­өзіне   қол   жұмсау   жиі кездеседі. Жасөспірім шақта түрлі кездерді бастарынан кешеді, кейбіреулері бір нәрседен   қорыққаннан,   махабаттың   сәтсіз   болуынан,   қиыншылыққа   төзе   алмау салдарынан өмірден қоштасуды жөн көреді. Соңғы 15 жылдықта 15­24 жас аралығында өз­өзіне қол жұмсау 2 есеге артты, экономикасы   дамыған   елдерде   бұндай   жағдайлар   жиі   кездеседі.   Зерттеу эксперименті   бойынша   өз­өзіне   қол   жұмсау   ырықсыз   түрде   пайда   болатыны анықталды. Бұндай әрекет жастық шаққа тән. Сәтсіз суицидтік әрекет жасаған адамдар саны бастан асады. Ер балалар арасында өз­өзіне қол жұмсау қыз балаларға қарағанда әлдеқайда көбірек, ал қыз балалар демонстротивті түрде көрсетіп отырады. Осы күнге дейін суицидтік әрекет толық зерттеген адам жоқ. Ересек адамдардың 10 – нан біреуі ғана, жасөспірімдердің 50 – ден 1­уі суицидтік әрекетке бейім болады. Бірінші рет іске аспаған суицидтік әрекет, екінші рет қайталана бермейді, мысалы, 10­20 жас ер балалар арасында 10 пайыз, қыз балалар арасында 3 пайыз құрайды. Жыл сайын 10 – 20 миллион адам суицид жасауға бекінеді. Олардың бір миллионға жуығы жарық дүниемен қош айтысады. Алдыңғы қатарлы суицид жасаушылардың отаны ретінде, басқасын айтпағанда көрші мемлекеттер Ресей мен Қытай және Қазақстанды айтуға болады. 2. Жасөспірімдер арсындағы суицидалды мінез­құлық. Жасөспірімдер 11 – 16 жас аралығындағы балалар. «Жасөспірім» сөзінің мағынасы ішкі дүниенің негізгі тенденциясының дамуын көрсетеді. Жасөспірім шаққа аяқ басқан баланың қалыптасуындағы түбегейлі өзгерістер сана­сезімінің дамуындағы сапалық өзгеріспен анықталады.  Олардың физиологиялық, дене құрылысының, күшінің, жыныстық бездерінің қатты дамуын   байқауға   болады.  Сондықтан   да   осы   жас   аралығында   балалар   өздерін ересектер қатарына қосады.  Жасөспірімдер   басқалардан   ерекшелену   мақсатында   мінездерін   көрсетеді. Әсіресе, бұндай көңіл­күй, ер балаларда 11­13 жаста, қыз балаларда 13­15 жаста көптеп   кездеседі.   Осы   кезеңнен   балалар   мінез   қыңырлығымен   сипатталады. Жасөспірімдер   өте   еліктегіш   болады,   егерде   олардың   еліктеуі   орынсыз   болса, баланың   тәрбиесі   қиындайды,  еңбек,  күш   қабілеті   төмендейді.  Жасөспірім   өзін бала емес екенін сезініп, сенімсіз болады. Оларды «Мен кіммін?, «Не үшін өмірге келдім?» деген сұрақтар көп мазалатады. Ол өзіне, өзгеге сын көзбен қарайды. Көп жағдайға   көңілі   толмайды.   Беделге   ұмтылу   дағдарысы   отбасында   әкесі   мен шешесіне   қарсы   шығудан   көрінеді.   Жасөспірім   билікке,   тәртіпке,   жалпы қабылданған   ережелерге   қарсы   шығып,   мойындаудан   бас   тартады.   Шындықтан қашу,   қалыпсыз   мінез­құлыққа,   секталарға,   жастар   қоғамына   кіруге   ұмтылудан көрінеду. Олар өте қызыққыш болады, мысалы, қызық кітап, фантастика, марка, значок, кассета, фото, кино, әнге құмарлық, құмарлық т.б. кейбіреулері жағымсыз қылықты құмарлатады, мысалы, саудагерлікке, шылым шегу, ақшақұмарлыққа т.б. Сондықтан ата­ана мұғалім бір­бірімен өзара байланыс жасап, үйдегі мінез­құлқы мен мектептегі мінез­құлқын бақылап отыру керек. Ата­ана   мен   мұғалімдер   жасөспірімдерге   ересектердің   міндетін   артады, балалардың құқығын шектейді. Бір тапсырманы орындамаса, «неге орындамадың, қашанғы бала боласың?» дейді. Ал, жасөспірімдер бір нәрсеге ересектік талпыныс жасаса, «Сен әлі баласың» дейді. Ересектер баланың жаман жолға түсіп кетуінен сақтанады. Жасөспірімдер   балалық   кезеңнен   өткеннен   кейін,  ата­анамен   қарым­қатынастан құрбыларымен   қатынасқа,   ой   бөлісуге   көшеді.   Ересектің   пікірінен   гөрі, құрбыларының пікірін артық санайды. тек жасөспірімдер бір­бірін түсінеді, себебі ортақ әңгіме, ортақ идел, ортақ кейіпкер, ортақ пікір, ортақ ойын, ортақ демалыс, ортақ сезім, ортақ мұң, ортақ қуаныш­бәрі ортақ. Сол ортақты бөліседі. Жасөспірімнің   өзіндік   «МЕНІ»   жоғары   болады.   Олар   ересек   адамдарға еліктегендіктен,   солар   сықылды   қылықтар   жасап,   оны   үлгі   тұтады.   Кейбір жағымсыз мінез­құлықты дұрыс деп санайды. Ересектер   жасөспірімнің   намысына   тимеуі   тиіс,   олар   өте   намысшыл   болады, оларға   үнемі   сенімділік   артып,   кішкентай   сәл   ғана   жетістіктермен   мадақтап, «Сенің   қабілетің   бар,   сенің   қолынан   келеді,   мен   саған   сенемін»   т.б   сөздерді қолданып,   психологиялық   тұрғыдан   дені   сау   адам   етіп   шығару   керек.   Олар достыққа,   жолдастыққа   берілген   болады.   Досының,   жолдасының   алдында   адал, сатқындықты   көтермейді,   кешпейді.   Егер   жасөспірім   сенімді   жолдас   болып, басқаға дос бола берсе онда мақсатына жеткені. Ал, егерде достарының алдында күлкіге қалса, оппозицияға ұшырайды, өзінше топ құрып сыныптың, мұғалімнің берекесін алып, бұзық жолға түседі. Осыдан «қиын оқушы» туындайды. Егерде олар сыныптан, мектептен өз орнын таппаса, сол орынды сыртқы ортадан табады. Сыртқы  орта  оны  түсінеді,  сыйлайды.  Жасөспірім  келеңсіздікке  ұшыраса,  одан шығу өте қиын болады. Себебі бұзақылық тобынан шықққан адам сатқын болады. Олар сатқындықты кешірмейді, қатаң жазалайды, өмірін де қиып жіберуі мүмкін. 3. Суицидтік мінез құлықтың психологиялық ерекшелігі. Суицид саналы түрде жасалатын әрекет. Адамның жаны қиналған кезде немесе психикалық   аурудың   өрбуінен   пайда   болады.   Сондай   ­   ақ   науқас   адамның стресстік   күй   кезінде   шешім,   таба   алмауынан,   артық   қиналғысы   келмеген жағдайдан,   жанының   әлсіздігінен,   өкіну,   уайымдаудан   көруге   болады.   Науқас адамдардың   психикалық   күйі   тұрақсыз   болады.   Олар   өз­өздерін   бақылацй алмайды, не айтып жатқанын, не істеп жатқанын білмейді, агрессивті мінез­құлқы басым болады. Ал, кейбіреулерінің көңіл күйлері жоғары, қимылы тез, мазасыз т.б. болады.   Бұндай   орынсыз   қылықты   сырттағы   адамдар   тез   байқайды.   Олардың ұйқысы, түсі бұзылады, денесінде әлсіздік байқалады. Олар өздеріне жоғары талап қояды,   өз­өздерін   бағалауы   төмен   болады.   Басқалармен   ашық   сөйлесе   алады, олардың   жағдайларын   түсінуге   тырысады,   өз   беттерімен   шешеім   қабылдауға қиналады,   өз   бетімен   жүре   алмайды,   өмірге   құштарлығы   төмендейді,   өзін басқалардан кем санайды.  Өзіне­өзі қол салатын адамдар бұлар әлсіз, әрі батыл адамдар. Әлсіздігі ­ өмірмен күрескілері келмейді, қиналады. Батылдығы ­ өз өмірін қорықпай қиюы. Анық ­ бұл жағдайда өмірге деген қызығушылығы таусылған адам өлімге өзін ұзақ дайындайды. Шынайы суицидке қашан да жабырқау дағдарыстық жағдай немесе өмірден бас кешу жайлы ой, өмір сүрудің мәні жайлы ойланып, күйзелу және өз өмірін қиюды армандау жатады. Шынайы суицидті іске асыру ұзақ уақытты талап етеді (бірнеше күннен айға дейін немесе одан да көп болуы мүмкін). Жасырын – алдын ала ойластырылмайды, ол кенеттен пайда болады. Адам өзін өлімге арнайы дайындамайды. Тек саналы түрде тәуекелге бел буу күтпеген өлімге алып келеді. Ол кенеттен қатты психотраммадан туындайды. Демонстративті суицид ­ өлім ниетімен байланысты емес, қайта өз проблемасына назар   аудартудың   әдіс­құралы,   басқаларды   көмекке   шақыру.   Біреуге   бір   нәрсе дәлелдеу үшін өз­өзіне қол жұмсайды. Демонстративті суицид – даулы жағдайды қолайлы   жаққа   өзгерту   мақсатында   өз   өмірінің   құндылығын   сақтап   қалу,   өзіне көндіру   іс­әрекеті   (өзіне   деген   аяушылық   туғызу,   қиыншылықтардан   құтылу). Демонстраивті   суицид   кезінде   адамдар   өлімге   жол   бермеу   керекктгін   түсінеді, ересектер арасында 10­нан біреуі ғана, ал жасөспірімдер 50­ ден немесе 100­ дің біреуі ғана өз­өзіне қол жұмсайды.Қыз балаға қарағанда ер жігіттер 2 есе артық өзіне қол жұмсайды, дегенмен қыздар осы талаптарды жиірек қолданады. 4. Суицидалды мінез­құлықты алдын­алудағы мұғалімнің ролі. Егер әрбір балаға жастайынан  жақсы тәлім­тәрбие беріп, өмірді бағалай білуге үйретіп өсірсек, қайғылы жағдайларға тап болмасымыз кәміл. Баланың бойында патриоттық сезімді оятып, өмірге деген құлшынысын арттыру үшін нәтижелі әрі түзу бағыт­бағдар беруіміз қажет. Бірінші   кезекте   күнделікті   қарым­қатынастағы   жақын   адамдарымызға   жылы шырай танытып, ішкі жандүниесін түсінуі қажет. Жасөспірімдік   кезең­алуан   түрлі   қарама­қайшылыққа   толы,   ата­аналар   мен мұғалімдерді алаңдататын, уайымға түсіретін күрделі шақ. Себебі, мектепте де, отбасында   да   балалардың   агрессиясы   үнемі   байқалады:   дау­дамайдың   көптігі, олардың көңіл­күйінің тұрақсыздығы, қоғамға ашықтан­ашық наразылық білдіруі, ата­ананың   қамқорлығын   қабылдамауы   немесе   ұялшақтық   және   жасөспірімдік максимализм.   Сондықтан   да   ата­аналар   өздерінің   балалары   жеткіншек   жасқа жеткен   уақытта   күрделі,   тіпті   кейбір   жағдайда   неше   түрлі   қайшылықтарға кездесетінін түсінулері қажет. Жасөспірімдердің   суицидке   бейімділігінің   себебін   анықтау,   тіпті   солай   деп жорудың   өзі   қиынға   түседі.   Бұл   көбіне   балалардың   мінез­құлқының тұрақсыздығына   да,   сондай­ақ   анықтау   және   балаға   жәй   ғана   назар   аударудың өзінің жоқтығына байланысты болады. Бұл жастағы балалар ересектер қатарына да жатпайды,   бірақ   олар   бала   болғысы   да   келмейді.   Сондықтан   оларға   ересек адамның тығыз байланысы мен өзара терең түсіністігі қажет. Суицидтік әрекет көбінесе, жасөспірімнің сабақ үлгермеушілігі, оған ынтасының төмендеуі,   ересектермен   қарым­қатынасының   шектелуі,   сезім   тұрақсыздығынан байқалады. Тәрбиедегі   ақаулық,   дене   жазасының   басымдылығы,   балада   эмоциялқ тұрақсыздықтың   дамуына, эмоциялық  қимыл­қозғалыс  деңгейінің  жоғарылауына әкелетіні   жиі   кездеседі.   ата­аналардың   тым   қаталдығы,   олардың   өз   беделдерін басты орынға қоюы немесе балаға шектен тыс қамқорлық жасау­жасөспірімге кері әсерін тигізеді. Жас  педагогты   суциденттермен   жұмысты   жүктеу   оны   қиын   жағдайға   қалдыру болып табылады: көмектесу қажет, бірақ қажетті білімдер жоқ.  Педагогке   мұндай   жасөспірімдермен   жұмыс   жасауда   өзіндік   рөлін   белгілеуден бастайық. Бұл   рөлді   келесідей   белгілеуге   болады:   осындай   балаларды   анықтауда   көмек көрсету   және   бастапқы   алдын   алу.   Мұндай   балаларды   уақытылы   анықтауда педагогтың   көмегі   келесіде   болуы   мүмкін,   баламен   жиі   қарым­қатынас   жасай отыра, ол проблемалық жағдай белгілерін байқауы мүмкін: шиеленіс, енжарлық, агрессиялық   және   т.с.   Педагог   мектеп   дәрігерінің,   ата­аналардың,   мектеп әкімшілігінің назарын осы жасөспірімге аудартуы мүмкін. Есейген жасөспірімге ол түсіндіру әңгімесін жүргізіп, оның жағдайын байқағанын және   психологқа,   психотерапевтке   жүгінуге   кеңес   бере   алады,   себебі   оның жағдайы маманның жұмысын талап етеді.  Педагогтың   осындай   рөлі   де   өз   жемістерін   береді.   Педагогтың   бұл   жұмысқа азадаған шынайылық пен жан жылуын қосса болғаны. Педагогтерге   жеке   және   топтық   кеңестер   жүргізген   дұрыс,   оның   мақсаты дағдарысты   ахуалды   өткеру   кезеңінде   қауіп   тобымен   өзара   әрекеттесу стратегиясын   әзірлеу   болып   табылады,   ата­аналар   үшін   жекелеген   кеңестер ұсынылады. Суицидті   сипатқа   ие   балалар   педагогтардың   ерекше   есебінде   болулары   қажет. Педагогикалық этиканы сақтау өте маңызды, баланың мәселелерін сынып, мектеп талқылауына шығаруға болмайды. Өскелен   ұрпақты   белсенді,   өмірлік   оқиғаларға   толы   өмірге   еліктіруге қызығушылық   танытқан   қоғамдық,   діни   және   қосымша   білім   берудің   басқа   да ұйымдарымен өзара қатынасты жақсарту қажет. Педагогикалық көмекті ұйымдастыру:  Бала тұлғасының дамуы үшін жайлы жағдай жасау; Білімдегі, икемділіктегі және қабілеттегі олқылықты үнемі қадағалап, қосымша білім алу, көмек және кеңес беру жүйесін анықтау;  Жетістік, мақұлдау, қолдау, мейрімділік жағдайын жасау;  Оқушылар қызметінің, олардың жетістіктерінің нәтижелерін талдау;  Оң өзгерістерді көтермелеу;  Авторитарлық   педагогикадан   ынтымақтастық   және   қамқорлық   педагогикасына ауысу;  Ата­аналарға педагогикалық көмек көрсету.  Шығармашылық бос уақытты және іспен қамтылуын ұйымдастыру Балалардың   қызығушылықтарын   және   қабілеттерін   зерттеу,   қоғамға   пайдалы қызметке, секцияларға, үйірмелерге тарту;  Отбасы   тарапынан   қажетті   күтім   мен   бақылауы   жоқ   балаларға   мезгілдік лагерьермен ұзартылған күн топтарын ұйымдастыру.  Мектептегі тұлғаралық қарым­қатынасты жандандыру  ­Мәдени іс­шаралар жоспарлау  ­Спорт сайыстарын өткізу ­ Өнер байқауларын ұйымдастыру  ­ Ғылыми – шығармашылық жұмыстарға тарту  Сынып жетекшілер сынып сағаттарында балалардың өмірге деген қызығушылығын, құлшынысын арттыратын «Мен өмірді таңдаймын», «Өмір құндылықтары», «Өмір неткен ғажап», «Өмірім менің таңдауым», «Өмір қымбат –сый», «Өмір сен маған қымбатсың» т.б. тәрбие сағаттарын өткізу қажет.  5. Қорытынды. Ата­ана, ұстаз әр баланы керемет рухани күш иесі деп қарап, оның шетсіз  шексіздікті үйренсем деген ұмтылысына уақытында көңіл бөліп, демеу жасасақ,  қуаттандырсақ жүрегі нұрға толы, жан­жағына шуағын шашып тұрған мейірімді,  адамгершілігі мол, үнемі талпынып тұратын, өз елін, жерін, тілін, отбасын, жалпы  өмірді сүйетін, еңбекқор, адал адам тәрбиелеп шығарымыз сөзсіз.  Жас адамдарды өмірді бағалауға тек махаббат, түсіністік және қолдау көрсету  көмектеседі. Жас адамдарды қатерлі қадамнан тек өзін тыңдайтын, түсіністікпен қарайтын  адаммен сөйлесу мүмкіндігі ғана құтқара алады. Шетелдiк ғалымдардың айтуынша, шын мәнiнде, өзiне­өзi қол жұмсауды ойлаған  адамдар өмiр сүргiсi келiп, көмек iздеп шарқ ұратын көрiнедi. Әрине, өмiр деген тәттi ғой шіркін. Бағалай білген адам оның әрбір сағаты мен минутын алтын берсе  де айырбастамас еді. Өйткені, өмір адамға бір­ақ рет беріледі. Өлшеніп берілген  ғұмырды өкінбестей өткізу адамға парыз. «Ашу дұшпан, ақыл дос» деп  бұрынғылар дұрыс айтып кеткен. Сондықтан, кез­келген нәрсеге сабырмен қарап,  әр қимылыңды жеті рет өлшеп, бір рет қиған ләзім. Мұндайда ойдағы әзәзілден,  бойдағы шайтан қылықтан, жүректегі кірден ақыл мен иман ғана құтқара алады.  Қорыта келе балаға әрқашан назар аудару, түсінуге тырысу, мәселелерін шешуге  көмектесу, өзіндік тәжірибемен бөлісу, ұрысу, жекіру орнына жиі мақтап мадақтап отыру, кешірімді болу, ал ең бастысы, бала қандай болса, солай қабылдау, сол  қалпында жақсы көру, кемшілігін жасырып, артықшылығын асырып, оны жақсы  көретіндікті сездірту бұл келеңсіз жағдайларды алдын алатын жолдардың бірі. Тақырыбы: «Суицидалды мінез­құлықты алдын­алудағы мұғалімнің ролі» Жоспар:  1. Кіріспе 2. Жасөспірімдер арсындағы суицидалды мінез­құлық. 3. Суицидтік мінез құлықтың психологиялық ерекшелігі. 4. Суицидалды мінез­құлықты алдын­алудағы мұғалімнің ролі. 5. Қорытынды. Қазақстан Республикасының Білім және  ғылым министрлігі Реферат Тақырыбы: «Суицидалды мінез­құлықты алдын­алудағы мұғалімнің ролі» Орындаған:.                                                                             Тексерген:. Павлодар 2017 ж. Пайдаланылған әдебиеттер: 1. https://infourok.ru 2. https://sabaqtar.kz 3. https://kopilkaurokov.ru 4. http://zozh.mangystau.kz

Реферат на тему "Суицидті алдын алу жолдары"

Реферат на тему "Суицидті алдын алу жолдары"

Реферат на тему "Суицидті алдын алу жолдары"

Реферат на тему "Суицидті алдын алу жолдары"

Реферат на тему "Суицидті алдын алу жолдары"

Реферат на тему "Суицидті алдын алу жолдары"

Реферат на тему "Суицидті алдын алу жолдары"

Реферат на тему "Суицидті алдын алу жолдары"

Реферат на тему "Суицидті алдын алу жолдары"

Реферат на тему "Суицидті алдын алу жолдары"

Реферат на тему "Суицидті алдын алу жолдары"

Реферат на тему "Суицидті алдын алу жолдары"

Реферат на тему "Суицидті алдын алу жолдары"

Реферат на тему "Суицидті алдын алу жолдары"

Реферат на тему "Суицидті алдын алу жолдары"

Реферат на тему "Суицидті алдын алу жолдары"

Реферат на тему "Суицидті алдын алу жолдары"

Реферат на тему "Суицидті алдын алу жолдары"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
13.04.2017