Рефлексия
Оценка 5

Рефлексия

Оценка 5
Повышение квалификации
docx
воспитательная работа
7 кл
21.01.2019
Рефлексия
Бағдарлама бойынша рефлективтік есеп Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасынан күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір көзқарастары жүйелі дамыған, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін өз деңгейінде меңгерумен қатар, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды. Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға мұғалім. (Strong, Ward @ Grant, 2011) (Нұсқаулық 6 бет)
Бағдарлама бойынша рефлективтік есеп.docx
Бағдарлама бойынша рефлективтік есеп Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері  педагогтерінің  біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасынан күтілетін  нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде  еркін, өзіндік дәлел уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни  пікір көзқарастары жүйелі дамыған, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін өз  деңгейінде меңгерумен қатар, сандық технологияларда құзырлылық  танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды. Мектеп жұмысы мен оқушы  жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға мұғалім. (Strong,  Ward  @  Grant,  2011)   (Нұсқаулық 6 бет) «Жаман» мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім  оқушының өзін ізденуге жетелейді»­деген неміс педагогы А. Дистервег. Көзді  ашып жұмғанша  бірінші теориялық айымыз өте шықты да, екінші  «қашықтықтан оқыту» кезеңі басталды. Теорияны тәжірибеде ұштастыру  мақсатында барлығымыз өз мектебімізге келдік. Келген күні 8­қазан күні  мектеп директорына кіріп, Бағдарлама мен Нұсқаулықты негізге ала отырып  алдағы жоспарларыммен таныстырдым. Мектеп басшылығы да қызығушылық  танытып, бөлім басшыларына менің жұмыстарыма қолдау көрсетуін талап  етті.Бұдан кейінгі кезекте әріптестермен кездесіп семинар өткіздім. Бұл  Бағдарламаның негізгі міндеті­ Қазақстандық мұғалімдердің педагогикалық  тәжірибелерін жетілдіру мен бағалауға көмектесу.    Шәкәрім: «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сана негіз бола алады, олардың  барлығынан басым болатын­адал еңбек, мінсіз ақыл, таза  жүрек»­деген еді.  Бұл сапалар адамды дүниеге келген күннен бастап –ақ тәрбиелейді,­деп  есептейді.Адамның адам болып қалыптасуына ата­аналармен қатар  мұғалімнің де алатын орны зор болғандықтан, қандай да бір істі бастау, оны  өмірге ендіру оңай шаруа емес. Оқу мен тәрбие саласындағы мұғалімдердің  алдында тұрған аса маңызды міндет талабы таудай дарынды   жеке тұлғаны  іздеп тауып, оны жетілдіріп шығару. «  Әр бала бір жұлдыз, жарқырауына  жәрдем ет!»­дегендей  қазіргі кезеңде мектеп мұғалімінің алдында тұрған  маңызды, жауапты міндеттердің бірі­оқушыға тиянақты, нәтижелі білім беру  болса,осы мақсатта мен өзімнің қалауым бойынша мектептегі 7 «б» сыныбын  алдым. Сыныпта он сегіз оқушы бар екен. Сынып жетекшісі  Әбілқасимова  Индира апайдан оқушылар туралы мағлұмат ала отырып, сыныптағы  оқушылардың деңгейін анықтау мақсатында, басқа да сабақтарына қатыстым. Сонда байқағаным сыныпта белсенді жеті сегіз оқушы бар екен. Қалған  оқушылар үндемей ескерусіз қала береді екен. Оныншы қазан күні сыныпқа  кіріп,оқушылармен таныса отырып, алдағы үш аптада қазақ әдебиеті пәнінен  сабақ беретінімді және сабақты үнемі  топпен өтетінімізді, әрбір жаңа сабақты жеке, жұпта, топта талқылай отырып, сабақтың мазмұнын дәстүрлі  сабақтағыдай мұғалімнің түсіндіруінсіз өздері ашатынын, сабақтың қызықты  сәттері көп болатынын  түсіндірдім. Бірінші сабақтарда сыныпты топқа бөліп, топқа бөлінудің ережелерімен таныстырдым. Топқа бөліну барысында әр топ  мүшелері өздеріне топ ережелерін құрды.  Маған үшінші топтың құрған  ережесі ұнады. Оқушылар да қызығушылығы мен таңданыстарын жасыра  алмады. 13­қазан күні бірінші сабағымда оқушыларды үшке санау арқылы үш  топқа бөлдім. Тапсырмаларды өзара жұппен, топпен талқылап бір­бірімен  ақылдаса, пікірлесе, ортақ ойларын  түйіндеп ынтымақтастық атмосферасын  қалыптастырды. Сол күні топқа ереже құрдық, оқушылар ақылдаса келе бір­ бірінің пікірімен санаса отырып, мынадай ереже қабылданды; бәріміз бірдей  жұмысқа атсалысу, бір біріміздің пікірімізді тыңдау, сабаққа белсене араласу,  сабаққа кешікпеу, уақытты үнемдеу  және де ережені әрдайым  сақтау.Тізбектелген сабақтар топтамасында бір­ біріне деген жақсы қарым  қатынасын арттыру үшін, түрлі тапсырмалар ұйымдастырып отырдым.  Мысалы, әр сабақта топты әр турлі тәсілдер арқылы бөліп отырдым. Себебі  бір оқушы дәстүрлі сабақтағыдай қатып қалған бір орнында бір бірлерінің  желкелеріне қарап отырмайды , бір­ бірінің бетіне, жүзіне қарап отыру  арқылы,  бір­ бірінің мүмкіндігін,  ынтасын, қабілетін айқындап отырады. Бір  ­біріне деген достық ынтымақтастығы артады. Кез келген жұмысты  ыждаһаттылықпен орындайды. Мысалы,  үшінші сабағымда  А.Байтұрсыновтың «Екі шыбын» мысалын өттім. Сабақ барысында  тақырып  толық ашылу үшін бірнеше тапсырмалар бердім.Тапсырманың көбі оқулықтан  тыс материалдар болды.Мысалы, шығармашылық жұмыстарға байланысты үш  топқа ақынның үш түрлі  мысалын оқып, талдай отырып, суретпен бейнелеу .  «Ойлан тап!» , «Кім жылдам?» , «Сөзжұмбақ» құрау сияқты ойды дамытатын  ойындарды бердім.Әр сабақтың соңында рефлексия алып отырдым. Сондағы   түйгенім оқушыларға топтық оқытудың қатты ұнағаны, сабақты үнемі осылай  өтсек деген пікірлерін де білдіріп отырды. Сыныбымда күлкі де жиі естілді,ең бастысы мұнда оқшау қалған оқушы болмайды екен.Бұл сыныпта Сейілхан  Нұғман деген дарынды оқушы сабаққа енжар сыныптас досы  Әутай Нұржанға көп көмегін тигізді. Нұржан сабақта өз­ өзімен отыратын, өз ойын ашық  айтуға дағдыланбаған, томаға тұйық оқушы еді. Топ ережесін құрғанда оқушының бәрі түгел атсалысу керек ,титтей де болса, өз үлесін қосу керек  деген мақсат қойылған болатын . Осы үшінші сабақтан кейін Нұржан да өз  ойын ашық айтуды үйрене бастады.Сурет салуда қабілеттілік танытып,рөлдік  ойындарға да қатыса бастады.Оның ойын нақтылап,   оның қабілетін ашуға   сыныптастарының рөлі зор болды. Әр сабақта, әр оқушы жеке, жұптық,  топтық тапсырмаларда өз ойларын, пікірлерін ашық айтатын болды.Бұл  сыныпта ынтымақтастық атмосферасы толық қалыптасты деп сеніммен айта  аламын. Себебі топқа бөлінгенде де, сабақты талдау барысында да бір­ біріне  көмегін аямады.

Рефлексия

Рефлексия

Рефлексия

Рефлексия

Рефлексия

Рефлексия
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
21.01.2019