Рефлексия
Оценка 5

Рефлексия

Оценка 5
Повышение квалификации
docx
классное руководство
7 кл
29.01.2019
Рефлексия
Бірінші сабақ бойынша рефлексивті есеп Мен қазанның он үшінші жұлдызында тізбектелген сабақ жоспары бойынша Абайдың жиырма тоғызыншы қарасөзін алдым.Сабақтың мақсаты: Абайдың қарасөздерінің мағынасын ашу ,түсіну , жиырма тоғызыншы қарасөзіндегі нақыл сөздер мен мақал-мәтелдердің өзіндік ерекшелігі туралы оқушылардың пікірін қалыптастыру. Сабақты бастамас бұрын сыныптағы оқушыларды топтық әдіс бойынша 1,2,3-ке санау арқылы үш топқа бөлдім.Топқа бөліну мақсатында топтың ережесін құрдық. Абай Құнанбаевтың суреті салынған плакатты тақтаға ілу арқылы «ой қозғау» стратегиясы бойынша оқушыларға сұрақтар бердім:
бірінші сабаққа рефлексивтік есеп.docx
Бірінші сабақ бойынша рефлексивті есеп        Мен қазанның он үшінші жұлдызында тізбектелген сабақ жоспары  бойынша Абайдың жиырма тоғызыншы қарасөзін алдым.Сабақтың мақсаты:  Абайдың қарасөздерінің мағынасын ашу ,түсіну , жиырма тоғызыншы  қарасөзіндегі нақыл сөздер мен мақал­мәтелдердің өзіндік ерекшелігі туралы  оқушылардың пікірін қалыптастыру. Сабақты бастамас бұрын сыныптағы  оқушыларды топтық әдіс бойынша 1,2,3­ке санау арқылы үш топқа  бөлдім.Топқа бөліну мақсатында топтың ережесін құрдық. Абай  Құнанбаевтың суреті салынған плакатты тақтаға ілу арқылы «ой қозғау»  стратегиясы бойынша  оқушыларға сұрақтар бердім:                                             Абай Құнанбаев кім? Абайдың қандай шығармаларын білесіңдер? деген  сұрақтарға оқушылардың бірі  Абайдың Семейде дүниеге келгенін, бірі  табиғат лирикасына жазылған өлеңдері бар екенін,енді бірі ақын, аудармашы  екенін және де қырық бес қара сөзі бар екенін айтты. Ары қарай оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында АКТ­ны пайдалана отырып, Абайдың   жиырма тоғызыншы қарасөзін тыңдаттым.Оқушылар ойлана отырып,  кітаптағы мәтінге назар сала отырып, жиырма тоғызыншы қара сөз екенін  білді.                                                                                                     Мағынаны  тану. Оқулықпен жұмыс.Үш топқа қара сөзді өздері оқып, ішінде кездесетін  мақал мәтелдердің мағынасын ашуды тапсырдым.Әуелі жұпта, одан кейін  топта талқылауды тапсырдым. Сонда байқағаным бір біріне түсіндіріп,  сөйлесу арқылы диалог орын алды, ал топтық жұмыс барысында оқшау қалған оқушы болған жоқ. Топтық жұмыс барысында ынтымақтастық атмосферасы  пайда болды. Проблемалық сұрақтар қойылды. Мақал мәтелдердің мағынасы  талқыланды.Осы тапсырмалар барысында енжар оқушыларда біршама болса  да ілгері жылжу болды. Сабақты бекіту кезінде бірінші топтағы деңгейі төмен  оқушыларға берілген мәтіннен өздеріне ұнаған бір мақалды қағазға түсіру,  қалған екі топтағы талантты оқушыларға сөзжұмбақ шешу берілді. Сабақты  қорыту үшін синквейн немесе бес жолды өлең әдісін әр оқушыға жеке  толтырттым.Әр сабақтың соңында оқушылардан рефлексия алып отырдым. Екінші сабақ бойынша рефлексивтік есеп

Рефлексия

Рефлексия

Рефлексия

Рефлексия
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
29.01.2019