Результаты мониторингового исследования качественных изменений в профессиональной деятельности учителей, прошедших уровневые курсы
Оценка 5
Документация +1
docx
администрации
Взрослым
02.04.2017
Статья посвящена выявлению качественных изменений в профессиональной деятельности учителей, прошедших курсы по программам АО «НИШ», дана объективная информация об эффективности курсов нового формата, состоянии распространения концептуальных идей АОО «НИШ» в учительской среде. Автор приходит к выводу о том, что уровневые курсы должно повлечь за собой изменения в повышении квалификации учителей.автор делится опытом работы с одаренными детьми в условиях лицея №44 имени Оралхана Бокея
статья про Питер на казахском .docx
Балалар дарынын дамытудағы ғылыми саяхаттардың маңызы
Дарындылық бұл адамның белгілі ісәрекет аумағында ерекше табыстарға жетуге
көмектесетін, қабілет дамуының жоғары деңгейі. Ал талант бір әрекетті шығармашылықпен
орындау мүмкіншілігін қамтамасыз ететін ерекше қабілет.
Оралхан Бөкей атындағы №44 мектеплицейінің директоры Т.Қ. Түменбаевтың және
Назарбаев Зияткерлік мектебінің тәжірибесін тарату жөніндегі директордың орынбасары
Н.А.Садыкованың басшылығымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы
қарсаңына орай қаңтардың 412 аралығында «Science travel» 28Халықаралық мектеп
құрамымен – дүниежүзі бойынша ғылыми саяхатқа бару жоспарланып, осы мақсатта Өскемен –
Алматы Санкт Петербург бағытында сапарға аттанды. Ресейде Қазақстан командасынан №44
лицей оқушыларынан басқа, Өскемен қаласының №10 гимназия оқушылары, Шымкенттен,
Алматыдан барлығы 54 қатысушы болды. Санкт – Петербург саяхатшылар үшін Ресей
қалаларының ішіндегі ең тартымдыларының бірі болды. Оған жылына төрт миллионнан астам
саяхатшылар келеді. Бірақ біздің команда саяхаттау мақсатында ғана емес, білім жолында
шыңдалуды да көздеген еді. Бару мақсатымыз: дарынды балаларды анықтау, олимпиадаға,
ғылыми жобаларға қатысу, оларға сенімділік ұялатып, армандарын жүзеге асыруға көмектесу.
Жеті күн бойы алдын ала белгіленген бағдарлама бойынша балалар әсем қаланың көрікті
жерлерін аралады. Қоян аралындағы Петропавл бекінісіне барды. Петергоф қорық мұражайы,
орыс патшаларының жазғы резиденциясы, Пушкино қаласындағы «Патша ауылының құдіретті
ауасы», Исаакий соборының сәулетін тамашалады. Собор өзінің көлемімен және сұлулығымен
барлығын таң қалдырды. Собордан кейін саяхат жалғаса берді. Балалар вантуздарға ұстатылған
Аничков көпірінде болды.
Нева даңғылы бойымен қыдыру үлкен әсер қалдырды. Құтқарушы шіркеу храмын, Мариин
театрын көрдік. Саяхатымыздың алтыншы күнін Эрмитажға барудан бастадық. Эрмитаж – ол
әлемдегі ірі мұражай. Негізін қалаған Екатерина ІІ. 1754 жылы ханшайым Елизавета
Петровна бас сәулетші Бартоломео Франческо Растрелли ұсынған жаңа
резиденция жобасын бекітті. Сарай құрылысы сегіз жыл бойы жалғасты. 4000 жуық адам осы
құрылыс алаңында еңбектенді, мұнда барлық елдердің озық шеберлері өз қолтаңбасын қалдырды.
Санкт – Петербург қаласында әрбір ғимараттың өзі тарих. Қаланың сәулеті өте тамаша.
Көптеген көпірлер мен арналар бар. Қала судың үстінде тұрған іспеттес. Барып көргіміз келген
жерлер әлі де көп. Көптеген субұрқақтар жұмыс істейтін жаз уақытында барса ғой ,шіркін!
Барлығымыздың бұл қалаға ғашық болғандығымыз соншалық, қайта баруды армандап жүрміз.
Бізге барлығы өте қызықты болды.
Ғылыми саяхатымыздың соңғы күні Спасна Крови соборына саяхатқа бардық. Чесма
бұғазындағы шайқасқа арналып салынған Чесмен шіркеуін көрдік. Балалар 19 ғасыр
суретшілерінің танымал шығармаларын өз көздерімен көрген. Орыс мұражайы орасан зор әсер
қалдырды.
Осы күні 28 – Халықаралық «Science travel» мектебінде дүниежүзіне ғылыми саяхаттың
салтанатты жабылуы өтті. Жалпы командалық есепте №44 лицей командасы жеңіске жетті.
Біздің оқушылар ғылыми жобаларды қорғауда дара жеңімпаз болды:
1. Максатулы Алихан, 7МЗ сыныбының оқушысы, I орын. Диплом, Алтын алқа;
2.
3. Казбек Сабина, 8Ml сыныбының оқушысы, III орын, Диплом, Қола
Кайсарбек Али, 7МЗ сыныбының оқушысы, II орын, Диплом, Күміс алқа;
алқа иеленді.
Мәнерлеп оқу конкурсында жеңімпаз атанған:
1. Жармухамбетова Малике, 10М1 сыныбының оқушысы, I орын, Диплом;
2. Кайсарбек Али, 7МЗ сыныбының оқушысы, II орын, Диплом;
3. Кыдырханова Салтанат, 6М3 сыныбының оқушысы, III орын, Диплом.
Номинация бойынша жеңімпаз анықталды:
1. «Актерлік шеберлік» Максатулы Алихан, 7МЗ сыныбының оқушысы; 2. «Ерекше қабілетті» Токсеитова Данеля, 7МЗ сыныбының оқушысы;
3.
«Үздік таңдау» Бердыбек Куаныш, 10М2 сыныбының оқушысы.
Математика пәні бойынша олимпиадада Жармухамбетова Малике III орынға ие болып,
Дипломмен марапатталды.
Әдебиет пәні бойынша олимпиадада Максатулы Алиханның,
Кайсарбек Алидың, Токсеитова Данеляның, Дюсупов Алимның жұмыстары «үздік» деп танылды.
Сондайақ, барлық қатысушылар Халықаралық сертификаттарға ие болды.
СанктПетербургтегі саяхатымыз көзді ашып жұмғанша өте шықты. Біздің командамыз
Өскеменге қайта оралып, ғылымибілімділік саяхатымыздың қорытынды аккордына айналған
шығармашылық есебімізді дайындап,салтанатты кездесуге «Science travel» Халықаралық
мектебі жеңімпаздарының атааналарын шақырылды. Топ жетекшісі НЗМ тәжірибесін тарату
жөніндегі директордың орынбасары Садыкова Нуржамал Ануарбековна саяхатқа барудың
мақсатымен, Халықаралық шығармашылық мектебіне қатысу нәтижелерімен таныстырды.
Қатысушылар мен олимпиадаға және ғылыми жобаларды қорғауға дайындаған мектеп
мұғалімдеріне ұсынымдар берді. Оқушылар «Тарихтағы тұлғаның рөлі», «Санкт – Петербург
қаласының сәулеті», «Санкт – Петербургтің әйгілі соборлары», «Патша ауылының құдіретті
ауасы» және «Бейнелеу өнері» тақырыптары бойынша презентациялық есеп беріп, әсерлерімен
бөлісті.
Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған СанктПетербург қаласында өткен Халықаралық
олимпиада мен ғылыми жобаларды қорғауда жеңімпаздар мен жүлдегерлерді сапалы
дайындағаны, Қазақстан Республикасын Халықаралық деңгейде лайықты көрсеткені үшін мектеп
директоры Т.Қ.Түменбаев келесі мектеп ұстаздарын алғыс хатпен марапаттады:
Садыкова Багжамал Унарбековна, орыс тілі мұғалімі;
Мамырханова Мира Мырзахановна, орыс тілі мұғалімі;
Туменбаева Гульнар Кайдаровна, орыс тілі мұғалімі;
Садыкова Нұржамал Ануарбековна, орыс тілі мұғалімі;
Раисова Бакытгуль Токтасыновна, математика мұғалімі.
Халықаралық «Science travel» мектебі жеңімпаздары атанған балалардың атааналары
мектеппен тығыз ынтымақтастығы, балаларын тәрбиелеудегі жоғары жауапкершілігі,
материалдық қолдау бергендері үшін алғыс хаттармен марапатталды.
Бұл саяхаттың сәтті өтуіне басшылық жасаған мектебіміздің директоры « Құрмет »
орденінің иегері Түменбаев Таңатқан Қалибекұлының әр оқушыға деген ерекше ықыласын,
білікті, заман
талабына сай басшы екенін атап өту қажет. Дарынды оқушыларды
тәрбиелеуде,талабын ұштауда Таңатқан Қалибекұлы үш тілді еркін меңгеруіне көп көңіл бөледі.
Халықаралық дәрежеде танымал мектеп шәкірттері орыс, ағылшын тілдерінде ғылыми жоба
қорғап, бірнеше пәннен олимпиадаға қатысып,білімдерімен биік жетістікке жетті.
Садыкова Нуржамал Ануарбековна,
Назарбаев Зияткерлік мектебінің тәжірибесін тарату
жөніндегі директордың орынбасары
Результаты мониторингового исследования качественных изменений в профессиональной деятельности учителей, прошедших уровневые курсы
Результаты мониторингового исследования качественных изменений в профессиональной деятельности учителей, прошедших уровневые курсы
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.