Ролевая игра - «Емхана» сюжетті – рөлдік ойыны.
Оценка 4.8

Ролевая игра - «Емхана» сюжетті – рөлдік ойыны.

Оценка 4.8
Документация
doc
воспитательная работа
Детсад
27.03.2017
Ролевая игра - «Емхана» сюжетті – рөлдік ойыны.
Мақсаты: 1. Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, емхана сюжетті – рөлді ойын шартын түсініп ойнауға. 2. Қимыл әрекетке жаттықтыру, еңбек етуге, елін, жерін қорғауға қажетті күш-қуатын молайту. 3. Дұрыс тамақтанудың денсаулық үшін маңыздылығын түсіндіру. Тазалық, жеке бас гигиенасын, мәдени дағдыларын қалыптастыру. Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап. Көрнекіліктер: емхана заттары, дәріхана заттары, жемістер, көкөністер, айран, ірімшік. Мотивациялық қозғаушы кезең: Балалар, бүгін ерекше күн. Бізге қонақтар келіп отыр. Алдымен шаттық шеңберіне тұрып амандасып алайық.Сюжетті – рөлдік ойын. «Емхана» 10.12.2016
утрениик Айгул.doc
«№2 «Балбөбек» балабақшасы» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық  кәсіпорын Сюжетті – рөлдік ойын. «Емхана» 10.12.2016 Тәрбиеші: Смаилова.А 2016ж «Емхана» сюжетті – рөлдік ойыны. Мақсаты:  1. Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, емхана сюжетті – рөлді  ойын шартын түсініп ойнауға. 2. Қимыл әрекетке жаттықтыру, еңбек етуге, елін, жерін қорғауға қажетті күш­ қуатын молайту. 3. Дұрыс тамақтанудың денсаулық үшін маңыздылығын түсіндіру. Тазалық, жеке  бас гигиенасын, мәдени дағдыларын қалыптастыру. Әдіс­тәсілдері: сұрақ­жауап. Көрнекіліктер: емхана заттары, дәріхана заттары, жемістер, көкөністер, айран,  ірімшік. Мотивациялық қозғаушы кезең: Балалар, бүгін ерекше күн. Бізге қонақтар келіп отыр. Алдымен шаттық шеңберіне тұрып амандасып алайық. Балалар шеңбер бойымен тұрып, тәрбиешімен бірге өлең жолдарын  қайталайды. Қайырлы таң көк аспан, Қайырлы таң Жер­ана Қайырлы таң достарым, Қайырлы таң қонақтар! Балалар, әлемде әртүрлі мамандықтар иелері бар. Мысалы: мұғалім, құрылысшы, полиция,тігінші,жүргізуші, суретші, дәрігер. Біз сол бір мамандық иесі  дәрігермен танысамыз. Дәрігер – ол адамдардың дені сау болу үшін көп еңбек  етеді.  Біз бүгін емханаға барамыз. Машинаға отырып емханаға барайық. Міне біз  емханаға да келдіп жеттік. Мынау, балалар, тіс дәрігерінің бөлмесі. Айдостын  тісі ауырып тұр екен.  Дәрігер – Айсана тісін көріп беріңізші. Дәрігер тісін қарайды.  Дәрігер:  ­ Айдос, сен көп кәмпит жегенсің ғой, тісін қарайып кетіпті ғой. Бұл тісті жұлып  тастау керек. Алдымен укол салу керек. Укол салады, жұлады. Енді сенде мықты тіс өседі. Тіс дәрігері кеңес береді. Тәтті көп жеуге болмайды. Тісті күніне екі рет тазалау  керек. Сонда тістерін ауырмайды.  Мынау – «балалар» дәрігері. Сендердің іштерін, тамақтарын ауырса осы балалар  дәрігері сендерді қарайды.  Дәрігер: Біздің Асылмұраттын  тамағы ауырып тұр. Дәрігер тамағын қарайды, тыңдайды.  Градусник қояды.  ­ Бұл баланыңыстығы бар екен ғой, тамағы қызарып тұрғой. Онда бұл балаға  укол салайық. Дәрігер укол салады. Енді суық су ішуге болмайды, балмұздақ  жеуге болмайды.  Сезімнің іші ауырып тұр. Сезім неге ішін ауырып тұр. Сен алманы жумай  жегенсің ғой. Жеміс, жидектерді жуып жеу керек. Жуып жемесеңдер іштерін  ауырады. Және тамақ ішер алдында қолды жуып жеу керек.   Рахмет дәрігер. Міне, балалар, енді біз білетін боламыз. Қалай тісті күту керек екенін. Тісті  күніне екі рет тазалау керек. Кәмпит көп жеуге болмайды. Және де суық су,  балмұздақ көп жеуге болмайды, көп балмұздақ жесе тамақтарын ауырып қалады. Ендеше балалар, біз бір ойын ойнайықшы. Ойын: «Дәрігерге керекті құрал­жабдықтарды тап» Шарты: үстел үстінде дәрігердің заттары және басқа да заттар араласып  жатады. Сол заттардың арасынан тек дәрігердің заттарын тауып алу керек. Жарайсыңдар балалар! Балалар, біздің денсаулығымыз мықты болсын десек біз пайдалы тамақ жеу  керекпіз. Мысалы: картоп, ірімшік, айран, жаңғақ, алма, алмұрт, балық,  қарақат,ет т.б.  Қане кім бізге дәрумендер туралы айтып береді. Нұртөре: А болады асқабақ, өрік, айран, салатта. Еркеназ: В балық, картоп, асқабақ, сиыр еті, жаңғақта. Нұрсаулет: С апельсин, алмұртта. Сезім: Д балық майында. Бибарыс: Е қарақаттан табылар. Кане кім денсаулық туралы мақал­мәтел біледі? Нұрислам: Денсаулық ­ өмір тірегі. Мейіржан: Денсаулық – зор байлық. Нұрсила: Тазалық­денсаулық кепілі. Бекназар: Дені саудың­ жаны сау. Рахмет, балалар.  Енді біз білеміз қандай дәрумендер болады екен.  Деніміз сау болу үшін біз дәрумені бар тамақ ішу керекпіз. Көп шынығуымыз  керек. «Дені саудың­жаны сау» ­ дей келе бүгінгі ойынымызды аяқтаймыз. Келген  қонақтарға рахмет. Қош, балбұлақ бақшамыз! Жүргізуші:       Қымбатты ата­аналар, қонақтар, балабақша қызметкерлері! Біз бүгін бірнеше жыл мәпелеп, күтіп тәрбиеленген бүлдіршіндерімізді ұямыздан  ұшырып , мектепке шығарып салғалы отырмыз. Бүгін балалар үшін бақшадағы соңғы, қоштасу мерекесі. Түлектерімізге тілейтініміз, талаптарың таудай болып, қанаттары талмай  биіктерге самғай берсін! Ал  құрметті,  ата­аналар,  балаларыңыздың  алғашқы қадамдары құтты           болсын . Сүйікті  балабақшасымен  қимастықпен  қоштасатын   балаларымызды құрметпен қарсы  алайық . Еңлік Вальс  әні орындалады Құрметті қонақтар, армысыздар Бәріңіз де есен­ сау бармысыздар Таусылмастай ағытып ой арманың Ал достарым, қосылмастай сөйлегін. Қайсар                   Ақ тілекті ағытып бір тастайық Қоштасатын кешімізді бастайық Жүздеріңнен көрем шаттық арайын Болсын солай әрбір күнің, әр айың. ______________________________________________________ Хор:  «Үйренеміз бақшада біз» _______________________________________________________ Жүргізуші:  Бақшамызда бүгін қалай аталмасын Тақпақ айтып кезектесіп бір­бірлеп Балаларды қорғау күні,    Кел, қосылып ән шырқайық би билеп _____________________________________________________________ Ақ көгершін әні орындалады (балалар, аспанға шарларын ұшырады) ___________________________________________________ «Күншуақ»  тобының  балаларын   «Балаларды қорғау күніне»   арналған  өз        тақпақтарымен ортаға шақырамыз. ___________________________________________________________________ Ақниет Бағдаулет Алтынай  Маржан Гүлмен келсін келер күн Бала­ бағы бар елдің Балалардың күлкісі Көркі сәні әлемнің Арманы бір үні бір Аға ардақты іні бір Бақыт туын көтерген Балалардың күні бұл Бала бағы бар елдің Гүлмен келсін келер күн Балалардың күлкісі Көркі сәні әлемнің. Бірінші маусым балалар. Қорғайтын күн сендерді Нұр кіреді далаға Гүл көмкеріп белдерді. _______________________________________________________________________ Жүргізуші: Киелі аққу құстың әсемдігін  Мың бұрала жеткізе білген               Қыздарымызды ортаға шақырамыз «Күншуақ» тобының  Аққу биін тамашалаңыздар ____________________________________________________________ Жүргізуші: Келесі тақпақтарын бізге Мерей Жұлдыз Күміс күннің аясында Желбіреді туымыз Қазақ деген халықтың Ұлы менен қызымыз Балалар бақшасында бүгін той Балаларды қорғау күні біліп қой Алақай­ау, алақай Той тойлайық балақай Қызарғанша алақан Ерасыл Кел соғайық алақан Бейбітшілік әніміз Өнерліміз бәріміз Қазақстан даласында Жарасады  сәніміз Балабақша аясында Жадырайды жанымыз. Нұрдаулет             Бізбен бірге бар әлем Қуанады балаша Қуанышқа бөленген Өмір қандай тамаша _______________________________________________________________________ Жүргізуші: Алты жасқа жеттіңдер Өтті қызық көп күндер Барасыңдар мектепке Бір белестен өттіңдер    Қоштасу  кешімізді  ары қарай  жалғастырамыз. Жүргізуші: Армысыздар,  халайық Бармысыздар,  халайық Балаларымыз  алдарыңызда Ән салады шаттана _____________________________________________________________________________ ______ _____________________________________________________________________________ Хор:  Наш любимый детский сад ___ Қайсар                         Еңлік, кешімізді әрі қарай жалғастырайық Еңлік Дұрыс айтасың,  «Балабақшам бақұям»  әнімен Еңлік, Нұртөре, Мирасты ортаға шақырайық _____________________________________________________________________________ _ _____________________________________________________________________________ _  «Балабақшам бақұям»  әні. Дымбілместі,  «Әліппе», «Дәптер», «Күнделік» сүйреп , тартып кіргізеді. Дымбілместі: Мектепке ! Онда не береді? Бармаймын мектепке! Мен бәрін білемін,  мектептің маған қажеті  де жоқ. Жүргізуші:  Балалар, бізге Дымбілмес келіп қалыпты. Оны өзімізбен мектепке ала                         кетейік. Дымбілмес сен неге мектепке барғың келмейді?                      Мектепте мына  «Әліппеден»  әріп тани білесің. «Дәптерге » өз  есіміңді жаза білесің.                      Алған бағаларыңды  мына  «Күнделікке» түсіресің, және таза,                      тәртіпті бала боласың. Ал ,мына, оқу құралдары, өздерімен таныстырып өтсін Әліппе:                        Менің атым – Әліппе Мені анаңдай дәріпте Бақытжан Мені оқып ержеткен Бауыржан да, Мәлікте Дәптер: Мейіржан Күнделік: Анель Ел құрметтеп бағалар, Досым бар ол – тазалық Кел дәптерге балалар, Тап­таза етіп жазалық. Жазулы менде әр күнің, Бар мінезің тәртібің, Дос болайық жарқыным Жолдасымсың сен менің, Мен өзіңмен біргемін. Жүргізуші:              Дымбілмес енді мектепке барасың ба?  Балалар,  Дымбілместі  өздеріңмен бірге мектепке  ала кетіңдер Буратино:           Жүгіріп кіреді.  Қай жақа бара жатырсыңдар? Менің  де барғым                              келеді. Мен де барайын. Жүргізуші:       Буратино , алдымен деміңді бас.  Сосын балалармен  сәлемдесіп ал. Бізге  әкелген ойының бар сияқты.                            Қандай ойын әкелдің?    Буратино:            Осы жерден  құлағыма ән естілген соң, келе жатсам,                                жолдан  мына құлыптпрды тауып алдым. Бірақ оған дәл  келетін кілттер таба алмай тұрғаным. Қолымдағы  алтын   кілт құлыптарды ашпайды екен. Балалар, маған көмекберіңдерші. Жүргізуші:     Балалар , көмектесеміз ба? _____________________________________________________________________________ _____ Ойын: «Кілтті тап» _____________________________________________________________________________ ____ Жүргізуші:      Буратино , Дымбілмес,  мектепке бармас бұрын,  балалардың білімін  тексеріп көрейік. Жүргізуші:        Бәрекелді балғындар Сәл демалып алдыңдар Қане , бәрің қазірден Тапсырмаға әзірлен 1) Дыбыс деп нені айтамыз? 2) Дыбысты немен таңбалаймыз? 3) Дыбыс нешеге бөлінеді? 4) Әріптердің ретімен орналасуын не дейміз? Алфавит өлеңін  бізге Нұрғиса айтып берсін АфавиттіңАтұрады басында Әрқашанда  Ә  тұрады қасында Байқадың ба  Б  тұрады үшінші Ал осының сыры неде, түсінші А  деген ол­ аналар ғой ардақты Ә  деген ол –әкелер ғой салмақты Б  деген ол – балалар ғой әдемі _______________________________________________________________________ Біздің елде үшеуі де кәделі _______ Еңлік              Қайсар, қалай ойлайсың Дымбілмес енді мектепке барар мекен? Қайсар              Әріп тани білген оған ұнаған сияқты . Барады деп ойлаймын. _______________________________________________________________________ ________ Еңлік                   Анамыздай аялап Білім дәнін еккен                              Тәрбиеші мың алғыс                              Аянбай тер төккен Хор: «Тәрбиеші апай» Жүргізуші:               Қандай ғажап күн бүгін Күміс күлкі жан жағың Күлімдеген бар бала Ча­Ча­Ча биін билесін Ча­Ча­Ча биі _____________________________________________________________________________ ___ Жүргізуші:       Құрметті  қонақтар,  ата­аналар!   Бүгін біздің балалар, балабақшамызбен қимастықпенқоштасуда.                               Бүгінгі сәт есте қаларлықтай  әсерлі болсын деген  ниетпен  мерекемізге                            «Балдырған» тобының  балапандары  құттықтай келе, өз өнерлерін ала  келіпті.    Қошеметпен қарсы алыңыздар!                 Бірінші тыңдайтындарыңыз,                                                                          Хор:  «Әнші балапан»        _____________________________________________________________________________ _____ Бейбіт  Қорған  Қазақстан еліміздің танымал әншінің бірі, оның  «Шоқ  қыздар»   әні,   өте танымал  , сахнаға осы өлеңді   Бізге орындап беретін келешек  жұлдызы деп мен толық айта аламын, ортаға «Шоқ қыздар» әнімен Ғазизұлы  Нұрханды шақырамыз.  ________________________________________________________________________ _______ Жүргізуші:               Кіп­ кішкене момақан Қошақанды ұнатам. Сүйеді апам  «қозым» деп, «Қошақаным  өзің деп                        Келесі тамашалайтындарыңыз,       «Қошақан» әні ортаға шақырамыз. _____________________________________________________________________________ Жүргізуші:                Ұл­қыздарымыз көңілді, Шақырамыз ортаға, Тойымызға сән беріп, Қуба  биін билейді. Би: «Куба» Жүргізуші:Армысыздар, халайық, Бармысыздар, халайық. Балаларымыз алдарыңызда Ән  салады  шаттана «Қош,  балбұлақ  бақшамыз» әні _____________________________________________________________________________ _ Жүргізуші:                                       Бүгін қызық , бүгін той. Біздер үшін біліп қой Әнге салып,  би билеп. Жалғастырсын ойды ой. Келесі орындалатын биіміз  «Қазақ» биімен  «Балдырған» тобының бүлдіршіндерін  ортаға  шақырамыз. ____________________________________________________________________________ Мейіржан  Қайсар Нұрхан   Бақытжан                                      Ортаға шақырамыз.    Қошеметпен қарсы алыңыздар «До свидание детский сад» Жүргізуші:               Қызғалдақтай құлпырып                                    Қыздарымыз жайнасын Қырандай самғап ұл өссін Өнерлері тасысын –  деген тілекпен    Түлектерімізді, қоштасу вальсне шақырамыз. Би:  «Вальс»     Осымен, құрметті,  қонақтар  біздің кешіміз аяқталуға жақын қалды.     Кешімізді  Буратино  Беларус ертегісі бойынша    қойылымды тамашалаңыздар «Буратино» биін қабыл алыңыздар. Жүргізуші: Мойытпасын қиындықтар сендерді Батылдық  пен  асыңдар сан  белдерді Білімдеріңмен  қуантыңдар мектепті Жақсы іспен қуантыңдар біздерді  Міне  бүгін кешегі сәби бүлдіршіндеріміз оқушы қатарында.  Сіздердің сенімдеріңізден   шығатын ұлдар мен қыздар.  Еліміздің саналы да білімді  азаматтары болады деп сенім  білдіреміз.  Өздеріңнен өседі өнерпаздар даналар: ­   дей отыра «Қош, балбұлақ бақшамыз» атты  ертеңгілігіміз   аяқталды. Бірінші сөз  балабақша меңгерушісі  К. Көпеноваға беріледі. Түлектерімізге арнап құттықтау сөзді  қелген қонақтарға  беріледі. Ата­аналарға сөз беріледі.

Ролевая игра - «Емхана» сюжетті – рөлдік ойыны.

Ролевая игра - «Емхана» сюжетті – рөлдік ойыны.

Ролевая игра - «Емхана» сюжетті – рөлдік ойыны.

Ролевая игра - «Емхана» сюжетті – рөлдік ойыны.

Ролевая игра - «Емхана» сюжетті – рөлдік ойыны.

Ролевая игра - «Емхана» сюжетті – рөлдік ойыны.

Ролевая игра - «Емхана» сюжетті – рөлдік ойыны.

Ролевая игра - «Емхана» сюжетті – рөлдік ойыны.

Ролевая игра - «Емхана» сюжетті – рөлдік ойыны.

Ролевая игра - «Емхана» сюжетті – рөлдік ойыны.

Ролевая игра - «Емхана» сюжетті – рөлдік ойыны.

Ролевая игра - «Емхана» сюжетті – рөлдік ойыны.

Ролевая игра - «Емхана» сюжетті – рөлдік ойыны.

Ролевая игра - «Емхана» сюжетті – рөлдік ойыны.

Ролевая игра - «Емхана» сюжетті – рөлдік ойыны.

Ролевая игра - «Емхана» сюжетті – рөлдік ойыны.

Ролевая игра - «Емхана» сюжетті – рөлдік ойыны.

Ролевая игра - «Емхана» сюжетті – рөлдік ойыны.

Ролевая игра - «Емхана» сюжетті – рөлдік ойыны.

Ролевая игра - «Емхана» сюжетті – рөлдік ойыны.

Ролевая игра - «Емхана» сюжетті – рөлдік ойыны.

Ролевая игра - «Емхана» сюжетті – рөлдік ойыны.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
27.03.2017