Ruhani jangyru
Оценка 5

Ruhani jangyru

Оценка 5
Лекции
docx
обществознание +1
Взрослым
19.11.2018
Ruhani jangyru
Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған, «Қазақстан – 2050» - «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауында: «Енді ешкім де өзгерте алмайтын бір ақиқат бар – ана тіліміз мəңгілік елмен бірге мəңгілік тіл болды. Бұл мəселені даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы деп білгеніміз жөн. Біздің тіліміз мемлекеттің барлық жүйесінде қолданылуы үшін, барлық жерде керек болуы үшін біз өзімізді өзіміз қамшылауымыз керек, өзіміз соған атсалысуымыз керек» - деген болатын. Бұл сөздер көзі ашық, көкірегі ояу, елдің еңсесін көтеріп, ұлтжанды азаматтардың көңілдеріне қанат бітірді. «Мəңгілік ел –мəңгілік тіл» идеясы халыққа күн шуағындай нұр сыйлады.
ПРЕСС-РЕЛИЗ.docx
Мәңгілік ел­мәңгілік тіл 15.09.2017жыл ə ə Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған, «Қазақстан – 2050» ­ «Бір   мақсат,   бір   мүдде,   бір   болашақ»   атты   Жолдауында:   «Енді   ешкім   де өзгерте алмайтын бір ақиқат бар – ана тіліміз м ңгілік елмен бірге м ңгілік тіл   болды.   Бұл   м селені   даудың   тақырыбы   емес,   ұлттың   ұйытқысы   деп білгеніміз   жөн.   Біздің   тіліміз   мемлекеттің   барлық   жүйесінде   қолданылуы үшін, барлық жерде керек болуы үшін біз өзімізді өзіміз қамшылауымыз керек, өзіміз соған атсалысуымыз  керек» ­ деген болатын. Бұл сөздер көзі ашық, көкірегі ояу, елдің еңсесін көтеріп, ұлтжанды азаматтардың көңілдеріне қанат бітірді.   «М ңгілік   ел   –м ңгілік   тіл»   идеясы   халыққа   күн   шуағындай   нұр сыйлады.  ə ə ə ə Тілімізді   құрметтеу,   оны   нығайту   мақсатында   колледжімізде «Мемлекеттік   тіл»   күніне   арналған   «М ңгілік   ел   –   м ңгілік   тіл»   атты ауқымды   іс­шара,   апталық     болып   өтті. Апталық   асында   аталған   тақырып бойынша   15   қыркүйекте   кітап   көрмесі   өткізілді.   Көрме   барысында   Қазақ, орыс,   әлем классиктерінің   шығармаларымен   қатар,   үш   тілді   оқытуда   қазіргі   таңда сұранысқа   ие   тақырыптық   аударма   кітаптары   көрмеге   қойылып,   инженер­ педагог, студенттерге кеңінен таныстырылды.   ағылшын   тілдерінде   оқу­әдістемелік   оқу   құралдары, ə Ел және Елбасы кітап көрмесі  30.11.2017 жыл Қазақстан   Республикасының   тұңғыш   президенті   күні — 1 желтоқсанда жыл сайын аталып өтетін Қазақстандағы мемлекеттік мейрам.  2011   жылғы 10   желтоқсанда парламент сенатының толық   отырысында «Қазақстан   Республикасының   мерекелері   туралы»   заңына   толықтырулар енгізу   туралы»   заңнамасына   қол   қойылды.   Қазақстан   Республикасының  алғашқы   президент   күнін   атап   өту   Қазақстан   Республикасының президенті ­ Нұрсұлтан   Әбішұлы   Назарбаевтың   мемлекет   алдындағы   дүр жетістіктерін тану мақсатымен ұйымдастырылған. Бұл   мейрамның   аталуының   негізі   және   алғышарты   болып   1 желтоқсан күні   болған   президент   сайлауы   болды.   Алғашқы   бүкілхалықтық сайлау   нәтижесінде   Нұрсұлтан   Әбішұлы     Назарбаев   алғашқы   президент  атанды. Ол жылы Н.Назарбаев 88,2% дауыс берушілердің 98,7% дауысына ие болған еді. Осы мақсатта оқу орнымызда жылда түрлі іс­шаралар ұйымдастырылады. Аталған  іс­шаралар аясында 2017 жылдың 30 қарашасында «Ел және Елбасы» тақырыбында   кітап   көрмесі   ұйымдастырылды.   Көрмеге   Елбасының    Студенттер   мен   инженер­педагогтар жарияланған   кітаптары   қойылды. тарапынан қызығушылық танытып, кітап көрмесімен танысты. Білім   мекемелерінің   жас   ұрпақты   жан­жақты   тәрбиелеудегі   негізгі   міндеті   ­ барлық   тәрбие   сатыларына   байланысты   ұстаз­тәрбиешілердің,   ата­   аналардың колледж   өміріне   қызығушылық,   өзара   әрекеттестік   пен   ықпалдастық   әрекеттерін пайдалана отырып нақты жүйе жасау болып табылады. Колледжімізде кәмелетке толмағандар   арасындағы   құқық   бұзушылықтың,   шылымқұмарлық,   т.б.   сияқты зиянды   әрекеттердің   алдын­алу   мақсатында   тәрбие   берудің   тұжырымдамасын басшылыққа   ала   отырып   біршама   нақты   бағытталған   жұмыс   түрлері   жоспарға сәйкес жүргізіп келеді.  Жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылық және өміріне тікелей зиян   келтіретін   психикалық   белсенді   заттарды   қолданудың   алдын   алып,   шектеу мақсатында колледжде   қалалық емхана, облыстық, қалалық ішкі істер және білім бөлімдерімен бірлескен іс­шара жоспары жасалып, бекітілген. Жоспарға   сәйкес,   жасөспірімдер   арасында   қылмыс   пен   құқық   бұзушылық, суицидтік әрекеттерді болдырмау және алдын­алу бағытында колледж залдарында құқықтық ақпарат бұрыштары ұйымдастырылып, кабинеттерде арнайы бұрыштар ұйымдастырылған. Жасөспірімдер арасындағы суицид, құқықтық мәдениет, наша және есірткі сырқаттарды анықтау, қазір қоғамда орын алып отырған түрлі діни секталардың   ағамына   тосқауыл   жасау   мақсатында профилактикалық   байқау, жасөспірімдер  арасында аталған проблемалар  бойынша  сауалнамалық  зерттеулер жүргізілуде.  Осындай   іс­шара   аясында   үстіміздегі   жылдың   3   наурызы   күні   Қызылорда облысының Ішкі саясат дін мәселелерін зерттеу орталығының маманы Жаппасбай Олжас   Зейнуллаұлы,   Қызылорда   ОПД­і   Жергілікті   полиция   қызметінің   аға инспекторы,   полиция   майоры   Абдразақова   Раушан   және   Қызылорда   облысының Жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» ҚММ­ ның директоры Тасабаев Жасұлан Нұргелдіұлының қатысуларымен колледждің 1­3 курсында   білім   алатын   кәмелет   жасына   толмаған   ер   балалары   арасында Жасөспірімдер   арасында   қылмыс   пен   құқық   бұзушылық   әрекеттердің   алдын алудағы жұмыстар жайлы жиын өткізілді. Жиынның өзекті мәселесі білім беру ұйымдарында қылмыс пен құқық бұзушылыққа   бейім   балалардың   есебін   жүргізу,   суицидтің   алдын­алу бағытында жұмыстарды  ұйымдастыру, жасөспірімдер арасындағы қылмыс және құқық бұзушылық жұмыстарының алдын алуды күшейту, «Полицияның жас   көмекшілері»   жасақ   жұмыстарының   желісін   көбейту   және   ата­ана тарапынан берілетін тәрбие жұмыстарының барысы мен нәтижесін зерттеп, бақылап   және   бірлесе   талқылап   отыру, сонымен   қатар,   жіберілген кемшіліктердің себептерін анықтай отырып, оларды жоюдың, болдырмаудың шараларын   бірлесіп   жүзеге   асыру   сөз   болып,   түрлі   сауалдарға   жауаптар алынды. 2018   жылдың   2   наурызы   күні   Қызылорда   қызмет   көрсету   және сервис колледжінің 1 және 2 курсында білім алатын қыз балаларымен Облыстық   ішкі   саясат   басқармасының   мамандары   Нұрмағанбетова Гүлжат   және   Төлешова   Арайлым   «Қазіргі   қоғамдағы   қыз   баланың рухани   рөлі»   тақырыбында   психологиялық   семинар­тренинг   сабағын өткізді. Семинар­тренингте қазіргі кезде қыз баланың адамдармен қарым­ қатынасы   қандай,   мейірімділік,   адамгершілік,   ата­ана   алдындағы борышы, отбасында ананың ролі, әкенің ролі қандай деген сұрақтарға жауаптар   берілді.   Студенттер   өз   ой­пікірлерін   ортаға   салып, мамандармен өз ойларын бөлісті. Адам өзін­өзі жақсы көру, армандай білу, сол арманға жету жолында мақсаттар қою, ұмтылу сияқты қызу пікір­талас туғызатын мәселелер қарастырылды. 2017 жылдың 20 қазан күні Қызылорда ҚІІБ ЖПҚ­ның ЮПБ­ның полиция капитаны А.Айтпаш қатысуымен және студенттер арасындағы еріктілер тобының мүшелерімен бірлесе отырып, ҚР ӘҚБтК­нің 133, 200­ баптары   бойынша   он   сегіз   жасқа   толмаған   адамдарға   темекіні   және темекі   бұйымдарын   сату,   спирттік   ішімдіктерді   және   оларды   сату деректері   бойынша   түсіндіру   жұмыстарын   жүргізу   мақсатында колледждің оқу ғимаратына жақын орналасқан азық­түлік дүкендеріне рейдтер жүргізілді.  Жүргізілген   рейдтік   іс­шараның   басты   мақсаты   ­  жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу, спирт және темекі өнімдерін сату деректерінің жолын кесу және ескерту. Рейдтер барысында   колледж   инспекторы   А.Айтпаш   сатушыларға   18   жасқа толмағандарға   темекі,   21   жасқа   толмағандарға   алкоголь   өнімдерін сатуға болмайтындығы туралы заң талаптарын, яғни кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдерге темекі өнімдерін және спирттік ішімдіктерді сатуға   заң   жүзінде   тыйым   салынғанын   түсіндіріп,   осындай   фактілер бойынша құқық бұзушылық орын алған жағдайда көрілетін тәртіптік шараларға түсінік берді. Рейдке  қатысушылар  құқықтық мәселелерге қатысты  кеңестерді тыңдап, тәртіп сақшыларының  атқаратын  жұмысы жөнінде хабардар болды.   Оларға   құқық   бұзушылық   жасалғанда   қандай   жаза   мен жауапкершілік белгіленетіні туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 2017 жылдың 11 қараша күні сағат 11.00­де Қазақстан Республикасы Білім   және   ғылым   министрлігі   «Жастар   корпусын   дамыту»   жобасы шеңберінде   «Қазақстан   Республикасындағы   қоғамдық­пайдалы   қызмет   пен волонтерлікке жастардың қатысуын арттыру» бағыты іске асыру мақсатында волонтер­Амбассадор тренері Ж.Ш.Оразмахановтың қатысуымен волонтерлік сағат ұйымдастырылды. Жобаның негізгі міндеттері: волонтерлік тақырыбына жастар арасында зерттеу   жүргізу   және   Қазақстандағы   волонтерлікті   дамыту   жөніндегі стратегияны әзірлеу. Бүгінгі   заманның   өзекті   м селелерінің     бірі   –   гуманизм,   азаматтардың таптық сана­сезімі мен жауапкершілігіне негізделген қоғам құрудағы  рбір индивидуумның   леуметтік   тұтастық   пен   үйлесімділікті   сақтау   керектігін ұғынатындығында. Волонтерлік –  рбір индивидуумның азаматық сана­сезімі мен   рухани   принциптерінің   ж не   адамгершілік   қасиеттерін   білдірудің   бір нысаны  болып  табылады.  ə ə ə ə ə Білім  алушылардың белсенді азаматтық ұстанымдарын, патриотизмін, ақпараттық­құқықтық   мәдениетін   қалыптастыруды   ұсынатын   тәрбие жұмысының   жүйесін   ұйымдастыру   колледжде   мынадай   формалар   арқылы жүзеге асырылады: экскурсия, саяхат, тақырыптық кештер, дөңгелек үстел, қызықты, іскерлік, рөлдік ойындар, қабырға газеті, кездесулер, викториналар, тренингтер, КТК, көрмелер, конкурстар. Соның бірі 2017 жылғы 28 қазан күні өткен  «Мәңгілік Ел» идеясы – ұрпақтар   сабақтастығы,   келешек   ұрпаққа   аманат»   атты   кездесу ұйымдастырылды. Бұл іс­шараның басты мақсаты – ұрпақтар сабақтастығын жалғастырып, келешектің иесі жас ұрпаққа «Мәңгілік ел» идеясын барлық салаларда орнықтыруды ұрпаққа ұлағат ету және бұрынғы комсомол, партия, әкімдік   жүйесінің   ардагерлері,   елге  елеулі   еңбек   еткен   тұлғалардың   еңбек жолын   жастарға   үлгі   ету   болып   табылады.   Аталмыш   іс­шараға  «Ұрпақтан ұрпаққа»   қоғамдық   бірлестіктің   төрайымы   А.Божанова,  А.Садықов   – бірлестіктің ынталы топ мүшесі, комсомол білім беру саласының ардагері, Т.Сералиев   –  комсомол   ардагері,   К.Ермағанбетова  –   облыстық   ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары, А.Меңбаева – мәдениет  саласының  ардагері және т.б еңбек ардагерлері қатысып, кездесу барысында «Ұрпақтан ұрпаққа» қоғамдық   бірлестіктің   төрайымы   А.Божанова   «Мәңгілік   Ел»   идеясы   – ұрпақтар   сабақтастығы,   келешек   ұрпаққа   аманат»   тақырыбында   баяндама оқыды.   Студенттер   тарапынан   концерттік   бағдарлама   ұйымдастырылып, колледж жастарының атынан «Жас Отан» жастар қанатының мүшесі Жамбыл Ержан келген қонақтарды алдында аға буынның аманаттаған өсиеттерін, яғни қазіргі жастардың керемет мүмкіндігі ол – ата–бабадан қалған жерді, тілді, салт – дәстүрді сақтап қалуға және өз Отанымыздың шын патриоты болуда аянбай еңбек ететініне уәде берді. Осындай мағыналы да тәрбиелі мәні бар іс­ шаралардың   бүгінгі   жас   ұрпақтың   алдындағы    үлкен   міндет  —  білімділік, жан­жақтылық,   жасампаздық,   саналы   тәрбие   алуына   үлкен   әсер   беретіні ақиқат. 2018 жылдың ____ақпаны күні Қызылорда қызмет көрсету және сервис колледжіне   Қызылорда   облысындағы   Құмкөл   мұнайын   игеру   тарихында өзіндік орны бар, облысымыздың мұнай өндірісінің дамуына бар күш­жігерін жұмсаған білікті басшы, маман М.Г.Саламатов есімін беру мәселесі аясында облысымыздың   алдыңғы   қатарлы   мұнай   компанияларының   басшылары   мен колледж ұжымы арасында жиын өткізілді. Жиынға «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ­ның игеру және күрделі құрылыс   жөніндегі   вице­президенті   Б.Е.Көшербаев,   «Қазгермұнай   БК» ЖШС­нің бас директорының қызметкерлерді басқару жөніндегі орынбасары Б.С.Әшірбекова,   «Торғай   Петролеум»   АҚ­ның   бас   директоры С.А.Алтынбековтер қатысты. Жоғарыда аталған мәселе бойынша қонақтар өз ойларын ортаға салып, колледждің инженер­педагогтары Э.Нүрекеева, Д.Аралбаева, З.Назарбаевалар сөз сөйлеп, ұжымды бірауыздан колледж есімін Г.М.Саламатовтың есімімен атауды қолдауға шақырды. Салауатты   өмір   тіршілігі   –денсаулықты   сақтаудың   және нығайтудың негізгі, ол жан­жақты дамыған азаматтың қалыптасуына, оның рухани, дене дамуына әсер етеді.  Президентiмiз саламатты өмiр салтын   қалыптастыру,   адамның   өз   денсаулығы   үшiн   ынтымақты жауапкершiлiгiн тәрбиелеу, әлеуметтiк мәнi бар аурулардың алдын алуға барынша назар аудару ­ денсаулық сақтау саласындағы және халықтың күнделiктi   тұрмысындағы   мемлекеттiк   саясаттың   ең   басты   бағыты болуы тиiс деп белгiледi.  «Болашақтың iргесiн бiрге қалаймыз» атты Елбасы Жолдауының басымдықтары: саламатты өмiр салтына жағдай жасау, денсаулықты нығайту, халық денсаулығының әлеуетiн дамыту және дене мәдениетiн қалыптастыру,   саламатты   өмiр   салтын   қалыптастырудың   кешендi, үздiксiз   және   тұрақты   жүйесiн   құру,   саламатты   өмiр   салтын насихаттауға   мемлекеттiк   органдар   мен   ведомстволар,   сондай­ақ үкiметтiк емес ұйымдарды тарту болып табылады.  Осы   мақсатта   2018   жылдың   4­5   қаңтар   күндері   колледжіміздің инженер­педагогтары   мен   қызметкерлері   арасында   спорттық ойындардан   жарыс   ұйымдастырылып,   Сұңқар,   Қыран,   Барыс командаларынан   құралған   ұжым   мүшелері   эстафета,   волейбол ойындарынан   өзара   бақ   сынасты.   Жарыс   нәтижесі   бойынша   Қыран командасы ­ 1, Сұңқар командасы – 2, Барыс командасы – 3 орындарға тұрақтап, ойын барысында белсенді ойыншылар әртүрлі номинациялар бойынша   алғыс   хаттармен   марапатталды.   Колледж   ұжымы   алдағы уақытта спорт ойындарының  түрін көбейтіп, бұндай игі  іс­шараларға бірауыздан атсалыспақ. Аймағымыздың сан­алуан тіршілігі жергілікті мәслихат жұмысымен бітеқайнасып жататыны айтпаса да белгілі. Көкейде жүрген мәселелерін шешуге,   қаржыландыруға   оң   шешім   қабылдау,   билік   пен   халық арасында   «алтын   көпір»   қызметін   атқару,   депутаттар   белсенділігіне, мәслихаттың қарымды жұмысына тікелей байланысты екені сөзсіз.  Осы орайда «Қызылорда қызмет көрсету және сервис» колледжінде 2017   жылдың   20   қарашасында   облыстық,   қалалық   мәслихат депутаттарының   өз   округтері   бойынша   сайлаушылары   алдында   есеп беру кездесуі өтті. Жиынға   Қызылорда   облыстық   мәслихаттағы   «Нұр   Отан» партиясының   депутаттық   фракциясының   жетекшісі,   «Нұр   Отан» партиясының     Қызылорда   облыстық   филиалы   төрағасының   бірінші орынбасары   Құттықожаев   Ибадулла   Дүйсенбайұлы   және   Қызылорда партиясының   депутаттық қалалық   мәслихаттағы   «Нұр   Отан»   фракциясының   мүшесі,   «Егемен   Қазақстан»   газетінің   Қызылорда облысы бойынша меншікті тілшісі Байтілес Ержан Айтөреұлы қатысты. Кездесу   барысында   тұрғындар   тарапынан   жол   жөндеу,   көшеге арнайы   қоқыс   жәшіктерін   қою,   аяқ   су,   тұрғын   үйлердің   жоғарғы қабаттарына судың кедергісіз жеткізілу мүмкіндіктерін қарастыру, шет аймақтағы көшелерді асфальттау секілді бірқатар мәселелер көтеріліп, депутаттар тарапынан бұл мәселелер назарға алынып, алдағы уақытта жүзеге асырылуы бақыланатындығына уәде етті. Жиын   соңында   И.Д.   Құттықожаев   келе   жатқан   1   желтоқсан   – Қазақстан   Республикасының   тұңғыш   Президенті   күнімен   құттықтап, Мемлекетімізге одан әрі өрлеу мен өркендеу, әрбір қазақстандыққа, әрбір отбасыға мол табыс, бақ­дәулет тілеп аймақтың дамуына өз үлестерін қосып жүрген біршама азаматтарды марапаттады.  Елбасымыздың"Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру"   мақаласында Қазақстанның   басты   рухани   құндылықтары   айқын   көрініс   тапқан. Қазіргі таңда бұл мақала ғана емес, мазмұны терең, ауқымы өте кең, ұлт руханиятын   ХХІ   ғасыр   биігіне   көтеретін   рухани   жаңғыру бағдарламасы деуге толықтай негіз бар. 2017 жылдың 6 желтоқсанында Қызылорда қызмет көрсету және сервис   колледжінде     жоғарыда   аталған   мақала   аясында   Қорқыт   Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Қазақ тілі мен әдебиеті   филология және   журналистика»   кафедрасының   профессоры, докторы   Ж.Сәдуақасұлы, «Қазақстан ғылымдарының Республикасының   мәдениет   қайраткері»   Қызылорда   қаласы   және Қармақшы   ауданының   құрметті   азаматы,   «Құрмет»   орденінің   иегері Ш.Ө.Әбдікәрімов,   Қызылорда   облысы   әкімі   аппаратының   «Қоғамдық келісім»   МК   директоры,   тарих   ғылымдарының   кандидаты У.С.Ибраевтардың колледж ұжымы және студенттері арасында кездесуі болып өтті. Кездесу барысында ғалымдар қазіргі уақыттағы колледждің тыныс тіршілігімен   танысып,   оң   бағаларын   берді.  Латын   әліпбиіне   көшу – Мәңгілік   Елдің   рухани   жаңғыруының   басы   болса,   «Туған   жер» бағдарламасы   жаңа   ғасырдағы   әлемдік,   ішкі­сыртқы   өңірлік, тәуекелдерге   қарсы   тұра   алатын   отаншылдық   тәрбиенің, ұлтжандылықтың   кепілі   екендігі,   сондай­ақ,   Елбасы   өз   мақаласында қазіргі   жаһандану   заманында   ұлттық   бірегейлікті   сақтап   қалу, өркениеттің   жақсысын   алып,   жаманынан   жирену   жөнінде   өте   құнды пікірлер   айтылды.   Ендігі   міндет   –   осы   айтылғандарды   іске   асыру жолында аянбай еңбек ету.  Мұқағали Мақатаевтың 87 жылдығына орай, 2018 жылдың 9 ақпанында колледже оқу топтары студенттері арасында ақын өлеңдерін мәнерлеп оқудан сайыс өтті.  Шындықтан туған поэзия иесі, ақиық ақынымыз М.Мақатаевтың өлеңдері оқылып, қазақтың біртуар ақыны: Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев… Алайда   өлтіре   алмас   өлеңді   ешкім…   —   деп   жырлағанындай,   өзгеге ұқсамайтын, өзіндік бояуы бар қара өлеңдерін колледж студенттері бар ынта­ жігерімен   оқып,   мұзбалақ   ақынның   өлеңдерінің   мәңгі   өшпейтініне   көз жеткізді. Сонымен қатар, студенттер тек өлең оқып қана қоймай, ақынға өз арнауларын оқып ақындық шеберліктерінде көрсетті. Мұқағали Мақатаев «өмір, достық, махаббат» — деген үш асыл дүниені ұштастырып   керемет   туындыларды   дүниеге   әкелді.   Көрермендердің   көз алдына ақын жырлап өткен заманның бейнесін елестете отырып, қуаныш пен қайғыны, сағыныш пен мұңды бөлісіп, қалың қазақпен сырлас болған ақын жырларының   сазды   әуенімен   тербеді.   Әр   сөзі   қорғасындай   салмақты ақынымыз тірі болғанда 87 жасқа толар еді деген ой қалдырып, ақынға деген сағыныш сезімін оятты. Қазақстан   Республикасының   тұңғыш   президенті   күні — 1 желтоқсанда жыл   сайын   аталып   өтетін   Қазақстандағы   мемлекеттік мейрам.   2011   жылғы 10   желтоқсанда парламент сенатының толық отырысында «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» заңына толықтырулар енгізу туралы»   заңнамасына   қол қойылды.   Қазақстан Республикасының   күнін   атап   өту   Қазақстан Республикасының   президенті ­ Нұрсұлтан   Әбішұлы   Назарбаевтың  мемлекет   алдындағы   дүр   жетістіктерін   тану   мақсатымен ұйымдастырылған.  алғашқы   президент    болған   президент   сайлауы   болды. Бұл   мейрамның   аталуының   негізі   және   алғышарты   болып   1 желтоқсан күні   Алғашқы бүкілхалықтық   сайлау   нәтижесінде   Нұрсұлтан   Әбішұлы     Назарбаев  алғашқы   президент   атанды.   Ол   жылы   Н.Назарбаев   88,2%   дауыс берушілердің 98,7% дауысына ие болған еді. Осы   мақсатта   оқу   орнымызда   жылда   түрлі   іс­шаралар ұйымдастырылады.   Аталған     іс­шаралар   аясында   2017   жылдың   30 қарашасында   «Егемен   елдің   кемеңгер   басшысы»   тақырыбында   кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Елбасының жарияланған кітаптары қойылды.    Студенттер   мен   инженер­педагогтар   тарапынан қызығушылық танытып, кітап көрмесімен танысты.

Ruhani jangyru

Ruhani jangyru

Ruhani jangyru

Ruhani jangyru

Ruhani jangyru

Ruhani jangyru

Ruhani jangyru

Ruhani jangyru

Ruhani jangyru

Ruhani jangyru

Ruhani jangyru

Ruhani jangyru

Ruhani jangyru

Ruhani jangyru

Ruhani jangyru

Ruhani jangyru

Ruhani jangyru

Ruhani jangyru

Ruhani jangyru

Ruhani jangyru

Ruhani jangyru

Ruhani jangyru

Ruhani jangyru

Ruhani jangyru

Ruhani jangyru

Ruhani jangyru

Ruhani jangyru

Ruhani jangyru
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
19.11.2018