Рухани жаңғыру
Оценка 5

Рухани жаңғыру

Оценка 5
Работа в классе
docx
музыка
11 кл
15.10.2019
Рухани жаңғыру
Публикация является частью публикации:
25.05.2019 соңғы қоңырву.docx
1 – жүргізуші: Қайырлы күн қонақтар, қадірлі ұстаздар, ата аналар  және мектеп бітіруші  түліктер! Кезде келді бүгін міне, жыр атқарар, Сыңғырлаған қоңыраудың үндері, Мәңгілікке есте қалар гүл шақтар.   2­ жүргізуші: Қимас сезім жүректерде алаулап, Түлектермен қоштасардай атырап, Бүгінгі күн есте қалар шақ екен, Алтын ұям түлектерін ұшырмақ.  1 жүр : Иә , мектеп – сіз бен біздің біліммен сусындаған , тәлім алған алтын ордамыз . 2 жүр : Мектеп – қасиетті шаңырақ , киелі мекен , ендеше білімнің қара шаңырағына қош  келдіңіздер , қадірлі қонақтар ! 1 – жүргізуші: Бүгін міне есте мәңгі сақтар күн, Алып ұшқан түйініндей хаттардың, Түлектерге қимас сезім сыйлаған, Куәсіндей балалық бақ шақтардың. 2­ жүргізуші: Бүгін – жүрек дүрсілінің өз өміріне бағынбай тулар  күні, Бүгін — өмірдің алғаш соқпағының сынар күні. Бүгін – түлектердің мектеп биігінен шарықтап шығар күні Бүгін – мектеп ақ жолынан қадам басып, Жаңа өмірдің ақ жолын бастар күні 1 жүр : Алдарында сан тарау жолдары тұр , Бәрі ертеңгі азамат болғалы тұр . Үлкен өмір есігін ашпақ міне , Келген қауым қол соғып қолдай отыр ­ деп , бүгінгі кештің себепкерлері ­ бітіруші  түлектерімізді қошеметпен  қарсы  алайық ! 2 жүр : Әлі есімде мектепке алғаш барғаным , Өз қолыммен «Әліппені» алғаным . Санай ашып «Әліппенің» парағын , Әріптерге үнсіз ұзақ қарадым . 11 «а» сыныбының алғашқы ұстазы Шегебаева    Аягөз Насридинқызы  және 1 жүр :Бүгін мен ғалым , яки болсам ақын, Өзіңсің елден бұрын қол соғатын. Ұрпаққа арнаса ғой жұрттың бәрі , Дәл сендей бар өмірін, бар сағатын. Өзінің бітіруші түлектерімен 11 «а» сынып жетекшісі , информатика  пәнінің мұғалімі  Наримбеков  Ерман  Еркінбекұлы  қарсы алайық! 2 жүр : Әліппемен ашып өмір есігін Тербетті сені «Білім» деген бесігің Өмір деген өрлі өзенге шомылып Жаттап өстік алғашқы ұстаз есімін . 11 «ә» сыныбының алғашқы ұстазы   Тілесбаева  Кулжан Салыққызы және 1 жүр :Сен менің анамдайсың , ағамдайсың. Мен үшін армандайсың , алаңдайсың. Дүниеде сенен артық ақылшым жоқ, Ұстаз боп тумысыңнан жаралғансың. өзінің бітіруші түлектерімен 11 «ә» сыныбының жетекшісі , ардақты ұстаз ,Алғашқы әскери дайындығының  мұғалімі  Аитбаев Аманқұл Андасбекұлын қарсы алайық!  2 жүр : Әуезі ән , жаны раушан , күн жүрегі, Жел басқан сезімді де идіреді. Бүгінгі қыз – бозбала түлектері, Еліміздің алтын қазық тіректері. Бекмырзаның орындауында «Соңғы қоңырау» әнімен қарсы алыңыздар! 1 жүр : Қонақ деген ырысың мен мерейің Енді аяңдап оларға да келейін Уақыт бөліп , бізге тілек білдірер Қонақтарды таныстырып өтейін – дей келе бүгінгі  кешімізге келген қонақтарды таныстырып өтуге рұқсат етіңіздер . 1 2 3 2 жүр :Бұлақты іздерсіңдер , шөлдерсіңдер , Шырақты жағарсыңдар , емдерсіңдер . Тұрақты тұтқасы жоқ дүниенің , Мұратты үміттері ­ сендерсіңдер . 1 жүр : Қарлығаштай ұшқалы тұр шәкірт те бір , Көктемдей сағынышқа батыпты өңір ... Шектелмей бәріңе де , бәріңе де , Тілейміз сұлу ғұмыр , бақытты өмір ! ­ дей отырып ,  Қ.Әбдалиев атындағы № 54   жалпы  орта мектебін бітіруші түлектерге өз тілегін білдіруге  ардагер ұстазымыз Сейдалиев  Тартбек  Әбітайұлына,мектебіміздің жанашыры,директоры  Сейсенбаев Датқабек  Шотанұлына, оқушылардың қамқоршысы  директордың оқу ісі жөніндегі  орынбасары  Қамбарова Бақытгүл  Сәбитқызына  беріледі!  2 жүр :Мектептегі өмір бақытты кезіміз , Алаңсыз шақ , балалық көктеміміз . Қуантады , біресе қорқытады , Бір – ақ күнде есейіп кеткеніміз . 1 жүр :Үзілмесін тіршілік тынбас әні , Үлкен өмір есігін кімге ашады . Алыстағы армандар шақырғанмен , Қоштасарда көңілді мұң басады  дей  отырып мектебіміздің  ерке қызы,мақтанышы  Баратбай  Диананың Ұстаздарға алғыс ретінде  «Ұстазым» әнімене қарсы алыңыздар! 2 жүр :Бүршік жарып бір сезім төсімізде, Алғаш қалам ұстадық есімізде . «Әліппені» ұстатқан ұзтаздарға, Тілек берсек құрметпен кешімізде ­ деп алғашқы рет әліппені ұстатып , әріп танытып ,  білім нәрін берген алғашқы ұстаздарға сөз береміз Тілесбаева Гүлжан  Шегебаева Аягөз Каюмова  Алмагүл Ахаева Райхан Бинура, Алтынбек,Фаризаның   орындауында « Ұстаздарға тілек »әнімен қарсы  алыңыздар! 1жүр :Қиындықтар мойытпасын сендерді, Батылдықпен асыңдар сан белдерді. Біліміңмен қуанттыңдар мектепті, Жақсыіспен қуантыңдар елді енді . 2 жүр :Алдымызда қол бұлғап асқақ арман Үлкен өмір ­ ендігі басталар ән Осы күнге жеткізген жетекшілер Жанымызға жақындау басқалардан – деп , түлектердің қанаттарын қатайтып , бірге жүріп,  қызықтарын бірге бөліскен , ақылшы болған сынып жетекшілеріне сөз кезегін береміз . Наримбеков Ерман Еркінбекұлы және Арапова Раушан,Аитбаев Аманқұл Андасбекұлына 1 жүр : Биік сенің ұстаздық қасиетің Мінезің жоқ қиынға бас иетін Өмірге тәрбиелеп құлшындырған Жүрегімде әр кез айтқан қасиетің . Құрметті сынып жетекшілер өздеріңіз ұшырғалы отырған түлектеріңіздің орындауындағы Бекзат пен Аиданың   «Қош бол мектебім» әнін  қабыл алыңыздар! 2 ­ жүргізуші Құрдастар, сыныптастар, парталастар Шәкірттер, бір кездегі балғын жастар Қаншама жыл өтті мектеп бітіргелі Бастарын қосқалы отыр бүгін достар 2 ­ жүргізуші: Береке мен бірліктің басын құрап Жүрген жандар жайқалған жасыл құрақ Бітіргелі мектепті көп жыл өтті Сағынысып кездесу – асыл ­ мұрат. 1999 жылы бітірген яғни биыл мектеп бітіргендеріне 20 жыл толып отырған аға әпкелерімізді ду қол шапалақпен,қошеметпен қарсы алайық! 1 – жүргізуші   Шырақ едің ,сәуле едің,ай едің,                           Жаның толы,меірімге бай едің.                           Ілім,білім,тәрбиеге  қаныққан, Үлгі алар ер атына сай едің! Марқұм Саматтың ұлы мектебіміздің   кішкентай бүлдіршіні Дінмұхамедтің  ағаларымен әпкелеріне арнаған «Қайтып келмес  балалық шақ» әнін қарсы алыңыздар! Құрметті мектебіміздің   қонақтары   сіздерге арналған  ән шашуымызды қабыл алыңыздар! 2 жүр : Көрмеген артық сөйлеп , артық күліп, Шәкірттерін баулыды тәртіпті қып. Қоштасамыз біз бүгін ұстаздармен, Өздеріңе алғыс хатын табыс қылып. 1 жүр: Әділдіктің қақ жарып қара қылын , Білігімен ұқтырған даналығын . Ұстаздарым бүгін сіздер капитансыздар , Шығырып салған теңізге сан кемесін . Түлектердің алғыстарын қабыл алыңыздыр!   Қазынаның орындауында  «Мектебім саған мың алғыс» әнін қарсы алыңыздар! Ұстаз! Осы сөзде қанша ұлылық жатыр десеңізші. Сөз маржанын тілеген ақын жазушы да,  көк жүзіне самғаған ғарышкер де, тіпті Елбасының өзі де ұстаз алдында иіліп тағзым  ететіні рас,дей отырып жас түлектеріміздің  тілек ,алғыстарын қабыл алыңыздар! 2 жүр : Ата – ана деген ата мекен, Әр адам ата – анамен адам екен. Бір өзіңе көрсеткен жақсылығым, Бір күнгі тәтті ұйқыңнан садаға екен – дей келе , ұл – қыздарымызды түн ұйқысын төрт  бөліп мәпелеп өсірген , Ұлттық Біріңғай Тестілеуден жоғары бал алған түлектеріміздің ата  – аналарына сөз береміз . Азиза,Асан,Әсемайдың  орындауында «Соңғы қоңырау»әнімен қарсы алыңыздар! 2 жүр : Пәк сезімді көкірегіне түйгендер Бір – біріңнің көңіліңе тимеңдер Балалықтың базарына қол бұлғап Қоштасудың соңғы биін билеңдер «Қоштасу» вальсі  қарсы алыңыздар! 1 жүр : Жағатұғын әр балаға бақ шамын Төрдегі оның тот баспайды ақ тағын ! Шәкірт қауым , барлығың да әрқашан Ұстаздардың үміттерін ақтағын !  Қалмырза,Аида,Сержанның  орындауында « » әнімен қарсы алыңыздар! Аманат тапсыру үшін мектеп бітіруші 11 А сынып оқушылары Әбілдә Таңшолпан мен Сейдулла Жаңылға сөз кезегін береміз. Аманат қабылдау 10 А сынып оқушылары Абильда Тоғжан, Жұман Арайлым,Тұрарбекова Айгерім,Серікбай Мадинаны шақырамыз! Жүргізуші: Бексұлтан мен Диананың  орындауында «Бала махаббаты » әнімен  қарсы алыңыздар! Жүргізуші: Құрметті мектеп бітіруші жас түлектер! Мектепте 11 жыл ішінде 20 мыңнан  астам қоңырау үнін естідіңдер. Оны алғаш қолыңа гүл алып, мектеп табалдырығын  аттағанда және 45 минут бойы өзің сүйіп оқитын сабағың аяқталғанда естідіңдер. Ал  бүгінгі қоңырау үні ерекше болмақ. Ол мектеп кезеңіндегі сендер үшін сыңғырлайтын  соңғы қоңырау болмақ. Ендеше ортаға 1 және 11 сыныптың оқушыларын соңғы қоңырауды  соғу рәсіміне шақырамыз. Қоңырауы мектептің тозбайтұғын, 45 минуттан еш озбайтұғын. Тебірентіп мектептің тіршілігін, Сыңғырлаған үнімен қозғайтұғын. Қоңыраудың сыйладық жаңа үнін, Одан асқан сыйлайды ғажабын кім. Мектебінен киелі білім алып Ақ үмітін ақтаңдар қазағымның. Бәрі сын араласаң өмір ауылың, Бәрі шын, қоштасарда қоңырау мұң. Мәнісін ұғасыңдар өткен күннің Дауысын сағынғанда қоңыраудың. Бүгінгі салтанатты мерекеде соңғы қоңырау соғу рәсімі мектебіміздің мақтаныштары,          11 жыл бойы өздерін тек жақсы оқу, үлгілі тәртібімен көрсете білген, түлектерңізге  беріледі. Ортамызда   11 А сыныбының  түлегі  Тәліп Алтынбек  пен  1 сынып оқушысы Еркінбек  Нұрлыны  қарсы алайық. (Қоңырау соғылып жатқанда «Арманым!»әні) орындайтын Азиза

Рухани жаңғыру

Рухани жаңғыру

Рухани жаңғыру

Рухани жаңғыру

Рухани жаңғыру

Рухани жаңғыру

Рухани жаңғыру

Рухани жаңғыру

Рухани жаңғыру

Рухани жаңғыру
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
15.10.2019