Рухани жаңғыру
Оценка 5

Рухани жаңғыру

Оценка 5
Работа в классе
docx
музыка
11 кл
15.10.2019
Рухани жаңғыру
Публикация является частью публикации:
1 желтоқсан.docx
1 желтоқсан ­ Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні (Тәрбие сағаты)            ramuk_b 27 қараша 2016 5303 0 0 1 ­ желтоқсан ­ Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні (Тәрбие сағаты) Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Қазақстандықтар бұл мерекені биыл алғаш рет атап  өтеді. Былтыр ел Парламенті Тәуелсіз Қазақстан тарихында 1991 жылы 1 желтоқсанда өткен алғашқы Президент сайлауына байланысты осындай шешім қабылдаған болатын. Мақсаты: Оқушыларға ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың туып — өскен, оқып білім алған, еңбек  жолының басталуы туралы мағлұмат беру, Елбасының еңбек жолынан үлгі алып, еліне деген патриоттық сезімдерін ояту, халқын сүюге, білімділікке тәрбиелеу. Әдісі: әңгімелеу, сұрақ — жауап Көрнекілігі: Елбасы суреттері, кітаптары, рәміздер, «Халқым аман, елім бірлікте болсын  деп...», т. б. І. Ұйымдастыру кезеңі Сынып сағатының өту барысы: ІІ. Сынып сағатын Әнұранмен ашу «Мәні мен мағынасын түсіндір» сынып сағатының атын шығару Елін сүйген Елбасы (суреті) Сөйлесіп бір жүрген қай сөзіңде де халықты биік қоясын, Халықпен бір ашығасың да, халықпен бірге тоясың. Жастықтың жалын шақтарыменен бірге айтып арман әндерін, Қазақстанның бақтарыменен бірге жапырақ жаясың, — деп Тұманбай Молдағалиев  жырлағандай бүгінгі «Елін сүйген Елбасы!» атты сынып сағатымыз Қазақстан  Республикасының тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаевқа арналады. Сынып сағатымызда президентіміздің өмір жолымен және тындырған істері, Тұңғыш  Президент күні туралы әңгімелейміз. І. Өмір жолы Тұрмыс құрғанына 3 жыл өтсе де Назарбаевтар шаңырағында іңгәлаған нәресте үні  естілмей қапаланады. Қазақ үшін бұдан артық қасірет бар ма? Әбіш пен Әлжан ата — баба  аруағына сыйынып, Алладан бала тілеуді қош көреді. Содан екеуі Райымбек бабаның басына  барып құрбан шалып, малдың етін жұртқа үлестіріп беріп, моланы 7 рет айналып шығады.  Екеуі де Алладан бір ғана ұл тілейді. Құдай шын тілегенге береді деген рас екен. Сол түні Әлжан ана тамаша түс көреді. Түсінде үлкен теңіз көреді. Буырқанып, дөңбекшіп жатқан  мұндай теңізді бірінші көруі. Түсуге жүрексінеді, бірақ бір күш суға қарай дедектете сүйрей  жөнеледі. Әуелі су тізесінен келеді. Одан кейін беліне, мойнынан асады. Бір кезде басы көрінбей кетеді «Тұншықтым ­ ау» деп қорқады. Бірақ бір ғажабы еркін  тыныстап келе жатады. Аяғы теңіз түбіне бір тиіп, бір тимейді. Өстіп келе жатып, теңіз  түбінен мылтық тауып алады. Кәдімгі аңшының ұзын мылтығы. «Жақсы болды ғой, Әбішке  апарып беріп, қуантайын» дейді де, мылтықты иығына асынып алады. Сол кезде мылтық  иіліп, екі басы да жерге тиеді. Әлжан мылтықты тастамай, аршындай басып теңіздің екінші  жағынан бір ­ ақ шыққан екен. Бұл түсін еті жақын туыстары «алла жар болсын, түсің жақсы екен, Құдай ұл береді сендерге» деп жориды. Қате айтпапты. Құдай жарылқап  Назарбаевтар әулетіне Нұрсұлтандай ұл беріпті. Сөйтіп, 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылы, Үшқоңыр  жайлауында Н. Ә. Назарбаев дүниеге келген. Балалық шағы таршылық жағдайда өткен. Үлкендердің мал бағуына, бау — бақша өсіруіне  көмек көрсетіп, шөпшек теріп, отын жарған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алады. Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында  қатардағы жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті. 1991 ж. желтоқсанның 1 ­ інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің  жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым  дауыспен (98, 7 %) жеңіске жетті. Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялап, егемендік алғалы бері де жиырма жылдан асты. Осы  уақыт аралығында Қазақстанды барша әлем таныды, мәдениетіміз, өнеріміз, экономикамыз,  білім мен ғылымымызбен өркениетті мемлекет қатарына қосылдық. Бұл ­ бабаларымыздан келе жатқан ұлы арман — тәуелсіздігімізді орналастыру жолындағы  қиын белестерден халқын аман алып өтіп, тарих төрінен өзіндік қолтаңбасымен көрінген  елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың салиқалы саясаты мен сауатты басқаруының нәтижесі. Сондықтан Біздің Елбасымыз — өзінің білім — білігімен, тәжірибесімен парасатты саясатымен түрлі этнос өкілдері кіретін халықты қазақ жерінде бірлік пен ынтымақтықта ұстап, береке  тұнған құтты мекенге айналдырып, өз Отанының байлыққа кенеліп, гүлденуі үшін елімізді  алға бастаған ұлы көшбасшы. Ел Парламенті қабылдаған заңға сәйкес, 1 ­ желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті Күні —  Мемлекеттік мереке ретінде белгіленді. «Қилы кезеңде» осындай көшбасшысы болған қазақ  ұлты, Қазақстан халқы шын мәнінде бақытты. Елбасы күні — елдікті еңселетіп, тәуелсіздікті тұғырлы ететін күн болсын деп сынып  сағатымызды аяқтаймыз. «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы».  www.aktobegazeti.kz  1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні  Мемлекеттік мерекеге арналған сабақ жоспары. «Зырян қаласы №9 орта мектебі» мектеп тәлімгері Қасенова Әсем Ерболқызы Сабақтың тақырыбы: «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы». Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға Президентіміз Н.Ә. Назарбаев туралы мәлімет беру, сан  қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту. Президенттің өмірі мен қызметі  жайлы білімдерін одан әрі толықтыру. Оқушылардың бойында ұлттық рухты,  патриоттық сезімдерді ұялату. Болашақта отанымыз Қазақстанды өркендетуге  білімді, білікті адамдар керек екенін аңғарту. Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу мәдениетін, өз ойын ортаға салу  дағдыларын жетілдіру. Тәрбиелік: Рухани­адамгершілікке тәрбиелеу, жалпы адами қасиеттерге ие  болатын тұлға қалыптастыру. Еліміздің болашағы жас өспірімдердің Отан  алдындағы борышын өтеуге тәрбиелеу. Тәрбие сағатының түрі: таным сағаты Сабақтың көрнекілігі: 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне арналған  буклеттер, бейне таспа, Президенттің ғылыми еңбектері, сабақтың мазмұнын  бейнелейтін слайдтар, таратпа материалдары. кітаптар көрмесі. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: Сынып бөлмесі мерекеге арналып безендіріледі. Н.Ә.  Назарбаевтың «Елім менің» әні ойнап тұрады. Оқушылар үш топқа бөлініп  отырады. Тәлімгердің кіріспе сөзі: Құрметті, оқушылар! 1 желтоқсан ­ еліміздің  мемлекеттік тәуелсіздігіне қол жеткізу тарихында және жаңа мемлекеттің даму  стратегиясын айқындауда орасан маңызға ие. Қазақстан Республикасы  Парламенті қабылдаған Заңға сәйкес 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні – Мемлекеттік мереке ретінде белгіленді. Былтыр  Парламент 1991 жылғы 1 желтоқсанда өткен Тұңғыш Президенттің сайлауына  қатысты осындай шешім қабылдаған болатын. Осындай атаулы күннің құрметіне  елім деп «еңіреп», халқым деп қабырғасы қайысқан елбасымыз жайлы сөз қозғап, әңгіме толғамау мүмкін емес. Осыған орай, қабылданған Заң мемлекетіміздің азаматтарының отаншылдық  рухын арттыра түсетін болады. Осы мерекеге орай ұйымдастырылып отырған,  «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер 1­оқушы: Батырлыққа уызынан жарыған, Ер түркіні жалауынан таныған. Өзі батыр, өзі әнші халыққа, Жарасады жігер берер Әнұран. Қазақстан Республикасының Гимні орындалады. 2­оқушы: Тұра тұрғын болашақтың үні кеп Тартылар күй айтылатын жыры көп Ерекше бір еркіндейік, бауырлар Басшымыздың бүгін туған күні деп Тәлімгердің сөзі:  Тәуелсіз ел болу, тұңғыш президенттің сайлануы, осы тұлғаның арқасында  Қазақстанның бүкіл әлемге танылуы, шашылып кеткен қандас бауырларымыздың  тарихи Отанына шоғырлана бастауы, Астана қаласының сәулеттене түсуі – бәрі,  тәуелсіздігіміздің әр күні емес, әр сағаты жаңалыққа, игі істерге ұласып  жатқанының айқын дәлелі. Бүгінгі біздің сабағымыз үш топтың сайысы түрінде өтпек. Қане балалар  сендерде өз білімдеріңді сынап көріңдер. Іске сәт! І кезең: (Үй тапсырмасы) Бұл кезеңде, Қазақстан Республикасының Тұңғыш  Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерекше тұлғалық болмысын  сипаттау бойынша сайысады: 1­ топ: Қазақстан Республикасының Президентінің – өмірбаяны 2­топ: Қазақстан Республикасы Президентінің – Қазақстан халқына сіңірген  еңбегі. БИЛІК РӘМІЗДЕРІ 3­топ: Қазақстан Республикасының Президентінің бірқатар кітаптары мен ғылыми еңбектері. Кітап көрмесін жарнамалау. Әр топ 2 жұлдыз 1 ұсыныс әдісі бойынша бір ­ бірлерін бағалайды. (Бәйтерек  ағашы қойылып сол ағаштың жапырақтарына ұсыныстарын, ұнағандарын жазып, бәйтерек ағашына жабыстырады сол арқылы әр топ үй тапсырмасына қалай  дайындалғандарына баға береді). ІІ кезең: Бұл кезеңде, Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналған өлеңдерді оқып сайысады. Бұл кезеңде де әр топ бір ­ бірлерін бағалайды. Әр топқа күн, ай, бұлт  таратылады. Сол арқылы бағалау(Күн ­ өте жақсы, ай – орташа, бұлт ­ нашар). ІІІ кезең: Н.Ә. Назарбаевтың өмірі мен қызметіне байланысты құрылған  викториналық сұрақтар және сөз жұмбақты шешіп сайысады. Бұл кезең аукцион  ойыны түрінде өтеді (әр сұраққа ақша тігіледі, қайсы топ көп ақша тігеді сол топ  сұраққа жауап береді. Соңында қай топ көп сұраққа жауап береді сол топқа  сыйлық беріледі). Викториналық сұрақтар: (Аукцион ойыны түрінде) 1. Н.Ә.Назарбаевтың авторлық әні? 2. 1991 жылы 1 желтоқсанда қандай тарихи оқиға болды?  3. Н.Ә.Назарбаев басқаратын Халықтық ­ демократиялық партия? 4. 1992 жыл 4 маусым?  5. Қазақстан Республикасының тұңғыш «Ата Заңы» қашан қабылданды?  6. Бейне сұрақ? 7 Елбасының мамандығы?  8 1991 жылдың 16 желтоқсаны?  9 Жаңа астананың ресми тұсау кесері қай жылы болды?  10 Ен алғаш Қазақстан Үкіметін басқарғанда Н.Ә. Назарбаев неше жаста еді? 11 Астанадағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Музейі  нешінші жылы ашылды?  12 Бейне сұрақ? 13. Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы – Теңге айналымға қай жылы  енді?  14. Нұрсұлтан бітірген орта мектеп қайда орналасқан? 15 2006 жыл 7 қаңтар?  16 Н.Ә. Назарбаевтың кітаптары? 17 «Қазақстан – 2030» даму стратегиясын Президент нешінші жылы ұсынды?  18 Бейне сұрақ? ІV кезең: Қорытынды. 1.Әр топ бүгінгі сабақ туралы ой түйеді. 2. Оқушылар пікірі, тілегі. 3.Тәлімгердің қорытынды сөзі: Міне біздің білім сайысы да мәресіне жетті,  дегенмен бүгінгі сабаққа қатысқан топтардың үшеуін де жеңімпаз деп  жариялағым келіп тұр, себебі осындай атаулы күнде, үлкен мерекені атап өтуге  атсалысқан оқушылардың барлығы да жеңіске жетті. Қымбатты оқушылар! 1 желтоқсан – Президент күні өте бір маңызды күн. Өйткені жас мемлекетіміз мәдениеті, өнерімізбен, экономикасымен, білім және  ғылымымызбен өркениетті елдердің қатарындамыз. Ендігі көздеген мақсатымыз  бәсекеге барынша қабілетті елдер қатарында мейлінше биік орын тебу.  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың « Біз көшпенділердің ұрпағымыз. Ержүрек  халықтың жалғасымыз.Мен жастарға сенемін. Әрқашан тұрақтылықты қорғап,  бірлікті сақтаңдар» деген сөзімен сабағымызды аяқтаймыз. Сендерден болашақта елін сүйген, халқы үшін қызмет жасайтын азаматтар  шығады деп үміттенемін. Толығырақ: http://alashainasy.kz/ustazdar_ustahanasy/eln­suygen­el­suygen­elbasyi­ 60017/ материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге  рұқсат етіледі

Рухани жаңғыру

Рухани жаңғыру

Рухани жаңғыру

Рухани жаңғыру

Рухани жаңғыру

Рухани жаңғыру

Рухани жаңғыру

Рухани жаңғыру

Рухани жаңғыру

Рухани жаңғыру

Рухани жаңғыру

Рухани жаңғыру

Рухани жаңғыру

Рухани жаңғыру
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
15.10.2019