1 Жүргізуші: Ассалаумағалейкүм, құрметті ұстаздар, атааналар және Тәуелсіз
еліміздің ұлағатты ұрпағы.
2жүргізушіҚайырлы күн құметті мектеп оқушылары мен балауса
балдырғандар! Шуақты қыркүйек айының алғашқы күні барша оқушы қауым алтын
ұя мектебіне қайта оралып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған балдырғандармен
бірге сыңғырлаған қоңырау үнімен табысып отыр. Құрметті ұстаздар, қонақтар,
атааналар, аяулы оқушылар! Бүгінгі сағынышқа, шаттыққа толы Алғашқы
қоңырау салтанатты жиынына қош келдіңіздер!
1 Жүргізуші:
Жаңа Конституция негізіне адам мен азамат құқықтары, олардың еркіндігінің
үстемдігі, Қазақстанда күшті мемлекет құру жайы алынған. Ол қоғамдық дамудың
қазіргі үрдістеріне толығымен сәйкес келеді, тіпті одан да озық.
2 Жүргізуші: Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен
« 100 нақты қадам» ұлт жоспарын іске асыру аясында адам капиталының сапасын
көтеруге бағытталған білім беру саласындағы 5 қадам жоспарланған. Оның үшеуі
жалпы орта білім беру жүйесіне қатысты.
1 Жүргізуші: Бүгінгі мереке қарсаңында жаңа оқу жылына қадам басқалы
отырмыз. Сағынышқа, шаттыққа толы «Алғашқы қоңырау» мерекелеріңіз
баршаңызға құтты болсын!
2 Жүргізуші: Ендеше шуақты қыркүйек айының алғашқы күнінде мектеп
табалдырығын алғаш аттағалы отырған бүлдіршіндерімізді жәнеде 11 сыныпқа
өткелі тұрған оқушыларымызды ортаға шақырамыз!
1жүргізуші:
1 а сынып оқушы Сынып Жетекшісі
1 ә сынып оқушы Сынып Жетекшісі
1 б сынып оқушы Сынып Жетекшісі
2жүргізуші: Олай болса, бүгінгі мерекеге қатысып отырған қонақтармен таныс
болайық!
1
2
3 1 Жүргізуші:
Бірінші қыркүйек білім күніне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп
жариялаймыз!
2жүргізуші Батырлыққа уызынан жарыған
Ер түркіні байрағынан таныған.
Өзі ақын, өзі әнші халыққа,
Жарасады жігер берер Әнұран!
1жүргізуші:Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы көтерілсін, әнұран
орындалсын!.
2жүргізуші:Құттықтау сөз Қ.Әбдалиев атындағы №54 жалпы орта мектебінің
директорыСейсенбаев Датқабек Шотанұлына
1жүргізуші: жәнеде Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Қамбарова
Бақытгүл Сәбитқызына,Қарамырзаева Рабиға Төлендіқызына беріледі.
2жүргізуші:Ата ана болу үлкен сын
Бала өсіру ұлы өнер
Жақсылардың соңынан
Жарқын қыз бен ұл өрер
ата – аналарға жәнеде құрметті қонақтарға сөз кезегін береміз!
Ән:
1жүргізуші: Жаңа оқу жылы басталды.
Шаттықпен шалқып толғана
Ой толқытқан жүрегін
Өмірге алмақ жолдама
Сыр шертсін енді түлегің
( 1 сыныптардың тақпақтары)
Ән:
Алғашқы қоңырау соғу құрметіне 11 сынып оқушысы және 1 сынып оқушысы ие
болды.
1жүргізуші: Аялар бейбіт күн нұры,
Мектебім, бізге жөргексің.
Алғашқы қоңырау сыңғыры
Ән болып сені тербетсін
1 жүргізуші: Ендеше балғын балалықпен қоштасып, мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған 1сынып оқушылары мен алғашқы ұстаздарына қошеметпен қол
соғып қояйық! Мектепке оқушылары мен ұстаздарын алғашқы білім күніне
арналған « » атты сынып сағаттарына шақырамыз.
1 жүргізуші: Осымен 1қыркүйек білім күніне арналған мерекелік ісшарамыз өз
мәресіне жетті. Салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз. Жаңа оқу
жылы баршаңызға құтты болсын! “Алғашқы қоңырау!” мерекесі 20192020 оқу
жылының « Мен өз елімнің патриотымын » сынып сағатымен жалғасады. Ақ жол
сіздерге, мектеп оқушылары!
Рухани жаңғыру
Рухани жаңғыру
Рухани жаңғыру
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.