Сабақ жоспары
Оценка 4.9

Сабақ жоспары

Оценка 4.9
docx
история
10 кл
29.11.2020
Сабақ жоспары
қмж тарих
дүние 2-саб.docx

Сабақтың тақырыбы: Өркениеттің дәстүрлі (аграрлықтүрі: көшпелі және отырықшы-егіншілік

                                                           Мақсаты:
Білімділік
: Көшпеліжәне отырықшы өркениеттердің ерекшкліктерін анықтау.

Көшпелі және отырықшы өркениеттердің ерекшеліктерін салыстыра отырып, ұқсастықтары мен айрмашалықтарын анықтау

                Дамытушылық: Тарихи оқиғалар мен үдерістердің дамуын тарихи - әдеби деректер арқылы баяндатып оқушыларда өткенге ғылыми көзқарас қалыптастыру, салыстыра алу, талдай білу, пікірін білдіру қабілеттерін дамыту. Тарихи таным - түсініктерін арттыру.
Тәрбиелік: Оқушылардың бойында өз Отанына, халқына деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыра отырып, патриоттыққа, еңбексүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу
Сабақ түрі: Аралас
Сабақ типі: Сын тұрғысынан дамыта оқыту
Пән аралық байланыс: Адам және қоғам, әдебиет, география
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, , слайд, фотосуреттер,бейнеролик                                       

                                                     Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру: Сәлемдесу, сыныпты түгендеу,
1 - «Қызығушылықты ояту»

            Өркениет дегеніміз не?

            Өркениетке тән  қандай негізгі белгілерді білесіздер?
2. Үй тапсырмасын тексеру:   «Ой қозғау»

Адамзат өркениетін қандай болашақ күтеді: жеке немесе жеке өркениеттер жиынтығы?

Бұл мәселе бойынша қандай пікіріңіз бар?

Қазіргі Қазақстан қай өркениетке жатады (Батыс, Шығыс)?

                                               Жаңа сабақ
Сабақтың тақырыбы: Өркениеттің дәстүрлі (аграрлықтүрі: көшпелі және отырықшы-егіншілік

                                            Сабақтың барысы.

                                                  Қысқаша конспект.

! Жаңа заманның белгілі ғалымы А.Тойнби көшпелі малшылар туралы былай жазған екен: « Олар (көшпелілер-авт.) өз жерлерінен шығып, көрші орналасқан отырықшы өркениеттер аумағына жиі шабуыл жасап отырды... Көшпелілер қоғамы терең тарихы жоқ қоғам». Сендерге сұрақ:

Зерттеушінің пікірі туралы не ойлайсыңдар?

Еуроцентристік көзқарастағы  ғалымның ұстанымына өз пікірлеріңді білдіріңдер.

1.Көшпелі малшаруашылығының қалыптасуы. Қазақстан аумағының табиғи және климаттық ерекшеліктері жергілікті тұрғындар шаруашылық түрінің  қалыптасуына ежелден-ақ тікелей әсер еткен. Қуаңшылық кезде егіншілікпен айналысу тиімсіз болды. Қазақстанда жылына 400 мм. ғана жауын-шашын түседі. Күн радиациясы өте жоғары,  қуаңшылық жиі орын алып отырды. Су көзі мен жайылымдық жерлердің тапшылығы, аумақтағы  өсімдіктердің жеткіліксіздігі табиғи мал азығы қорының тарылуына әкелді.

Мал басының саны керісінше көбейді. Ол көшпелі малшаруашылығының  орнығуына қол жеткізді. Осындай табиғи-шаруашылық түрлері қалыптасқан  аумақтар Қазақстан, Моңғолия, Араб түбегі, Таяу және Орта Шығыс, Сахара мен Солтүстік Африка аумағы болды. Ұлы Далада  егіншілікке аса тиімді балама ретінде  көшпелі малшаруашылығы дамыды.

Көшпелілер өмірі табиғи заңдылықтарға бейімделіп,  қоршаған ортаны игеру  тәжірибесі қалыптасты. Мал өсірді, жылқыны қолға үйретті.

Малшаруашылығының қалыптасуы туралы параграфтан ғалымдардың түрлі пікірлерін оқыңдар.

2.Көшпелілер туралы еуроцентристік көзқарастар. Зерттеушілер шаруашылықтың бұл түрін өркениеттен артта қалу мен жабайылық  көрінісі ретінде бір жақты түсіндіріп келді.

3. Ұлы Даладағы байлар, көшпелілердің  дәулеттілікке ұмтылуы. Негізінен ХІХ ғ. Басына дейін қазақтар және олардың  түпкі ата-бабалары өте дәулетті тұрмыс кешкен.  Еркіндік, әділеттілік, көшпелі өмір салты, ен даладағы малшылар дәстүрі мен  сән-салтанатын қалыптастырды. Көшпелілердің  негізгі дәулеті-мал болып, байлық өлшемін мыңғырған ірі және ұсақ мал құрады.

4. Қазақстанда егіншіліктің дамуы. Қазақстан аймағында табиғи-климаттық жағдайының әртүрлілігіне байланысты көшпелі малшаруашылығымен қатар егіншілік те орын алды. Жер өңдеуде суландыру жүйелерін жүргізіп, қолдан суарып отырды.

5. Ауылшаруашылық дақылдары мен еңбек құралдары. Қазақтар бидай, арпа, тары, күріш, жүгері екті.  Мал азықтық дақылдардан  жоңышқа егу кең тарады. Отырықшы және жартылай отырықшы егіншілер астықты сақтау үшін  жерді қазып ұра немесе қамба салған.  Егін шаруашылығы арнайы еңбек құрал-саймандар жасауды қажет етті. Олар: соқа, орақ, айыр, күрек, кетпен, аша, тырма және т.б. ХІХ ғ соңы мен ХХ ғ басында  темір соқа мен мала көп қолданылды.  Егінді атпа және шығыр арқылы қолдан суарды.

6. ХХ ғасырдың басындағы қазақтардың жаппай егіншілікке өту себептері. Оның мынандай себептері болды: орыс шаруаларының қоныс аударуынан мал жайылымының қысқаруы, қала тұрғындары санының өсуі; қазақтарды егіншілікке күштеп мәжбүрлеу қаупі. Патша өкіметінің отарлау саясаты  қазақтарды отырықшылыққа көшіруді көздеді.

1-тапсырма. Ойлан. «Ойды аяқта...».

Неліктен Қазақстан аумағын мекен еткен халықтардың негізгі кәсібі малшаруашылығы болды? Өйткені...

 

 

 

 

2-тапсырма. Кестені орындаңдар.

Қазақстанның табиғи-климаттық ерекшеліктері

Көшпелілікке өту себебі

Көшпелі және жартылай көшпелі малшаруашылығы

Күштеп ұжымдастыру мен отырықшыландыру салдары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3-тапсырма. Малшаруашылығының қалыптасу алғышарттары туралы айтқан ғалымдардың пікірлерін талдаңдар.

––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––

4-тапсырма. Көшпелілер туралы еуроцентристік көзқарас туралы сендердің ойларың қандай? Қандай проблема туындап тұр? Оны  «IDEAL» тәсіліне салып,  жасап көріңдер. 

I-мәтін мазмұнындағы проблеманы анықтау.

D-проблеманы сипаттау.

E-проблеманы шешу жолдарын анықтау.

A-проблеманы шешу үшін әрекет жасау /мәселені шешу жолын көрсету.

L-қорытынды жасау, атқарылған жұмысқа рефлексия жасау.

5-тапсырма. Ұлы Дала көшпелілерінің дәулеттілігі туралы ғалымдардың пікірлерін салыстырыңдар.

Ш.Уәлиханов

С.Броневский

 

 

 

 

 

М.И. Красовский

Я.Гавердовский

 

 

 

 

 

Өз ойың мен қорытындың.

 

6-тапсырма. Картадан егіншілік пен қолөнер орталықтарын көрсетіңдер.

Жаңа сабақты бекіту:

  1. Көшпелі қоғамда таптық бөлініс, яғни бай мен кедейге бөліну болды ма?
  2. ХVІІІ-ХІХ ғ көшпелі қазақ қоғамына  орыс зерттеушілерінің қызығушылығының арту себебі неде?
  3. «Көшпелілер тек малшаруашылығымен айналысты, өздері өнім өндірмеді». Бұл пікірге қалай қарайсыңдар?
  4. Қазақ қоғамындағы ауқатты көшпелілердің рөлі қандай болды?
  5. Еуроцентристік көзқарас деген не?
  6. Эрозия дегенді қалай түсіндіңдер?

 

V.  Рефлексия  

  1. Менің сабақтағы көңіл-күйім?
  2. Менің бүгінгі сабақтан үйренгенім?
  3. Маған бүгінгі сабақтан ұнағаны?

Маған бүгінгі сабақтан ұнамағаны

Уйге тапсырма:Конспект жазып,тапсырмаларды орындау

 

Бағалау:

 


 

Сабақтың тақырыбы : Өркениеттің дәстүрлі (аграрлық ) түрі: көшпелі және отырықшы-егіншілік

Сабақтың тақырыбы : Өркениеттің дәстүрлі (аграрлық ) түрі: көшпелі және отырықшы-егіншілік

Даладағы байлар, көшпелілердің дәулеттілікке ұмтылуы

Даладағы байлар, көшпелілердің дәулеттілікке ұмтылуы

A-проблеманы шешу үшін әрекет жасау /мәселені шешу жолын көрсету

A-проблеманы шешу үшін әрекет жасау /мәселені шешу жолын көрсету
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
29.11.2020