САБАҚ: Кәдімгі амеба организм екендігі.
Оценка 5

САБАҚ: Кәдімгі амеба организм екендігі.

Оценка 5
Разработки уроков
docx
биология
7 кл
23.01.2018
САБАҚ: Кәдімгі амеба организм екендігі.
Биология пәнінен қысқа мерзімді жоспар САБАҚ: Кәдімгі амеба организм екендігі. Сыртқы және ішкі құрылысы (цитоплазма, ядро, вакуольдер). Біржасушалы организмдердің тіршілік әрекеттері: қозғалуы, қоректенуі, тыныс алуы, зәр шығаруы, осмореттелуі, көбейуі, циста түзуі. Мектеп: №3 мектеп-интернат Күні: 19.09.2016 жыл Мұғалімнің есімі: Орынханова Сауле СЫНЫП:7 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) Тақырыптың құрамын және мағыналары жайында түсініктерін еске түсіріп, пысықтайды, амеба жайында білімдерін дағдыларын одан әрі жетілдіре отырып тапсырмаларды орындауды меңгереді Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар: • Кәдімгі амебаның тірі организм екендігін біледі. Оқушылардың басым бөлігі: • Кәдімгі амебаның өзіндік қасиеттерін, оның ішкі және сыртқы құрылысының ерекшеліктерімен танысу арқылы біледі. Кейбір оқушылар: Өзіндік дербес шешім қабылдай алады және өз бетімен жұмыс жасау арқылы білім деңгейін бағалай алады. Тілдік мақсат Оқушылар: • Негізгі сөздер мен тіркестер: Плазмалылар, талшықтылар, кірпікшелілер, циста,цитоплазма, ядро, вакуольдер.Лаверан, акрихинин, хинин,плазмодий масасы т.б. Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: Талқылауға арналған тармақтар: 1.Қалай ойлайсың , амеба неге тірі ағза? 2.Біржасушалы организмдер деп аталу себебін атап бер. 3.Амебалардың пайда-зияны туралы мысал келтіресін бе? Сіздің ойыңызша.........неліктен екенін ..... айта аласыз ба? Жазылым бойынша ұсыныстар: Сызба мен кестелерді , термин сөздерді дәптерге түсіру. Алдыңғы оқу Жануарлар әлемінің көптүрлілігі Жоспарланған уақыт Жоспарланған жаттығулар(төменде жоспарланған тақырыптармен қатар ескертпелерді жазыңыз) Ресурстар Басталуы Ынтымақтастық ахуалын қалыптастыру Сыныпты топтарға бөлу, түрлі түсті қағазбен қиылған фигуралар арқылы (үшбұрыш, тіктөртбұрыш, шеңбер, ромб) (Т) «Миға шабуыл» әдісі Мақсаты: Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы диалогқа түсіру Іс-әрекет: Слайдта берілген сұрақтарға жауап беру, топпен тапсырманы орындау • Жануарлар дүниесін жіктеудің не қажеті бар? • Жануарлар дүниесін қандай тармақтарға жіктейді?(бір,көп) • Жануарлар дүниесін жіктеу жүйесін айтыңдар? • К.Линней еңбегінің маңызы қандай? Түрлі түсті қағазбен қиылған фигуралар арқылы (үшбұрыш, тіктөртбұрыш, шеңбер, ромб) Оқулық «Амебанын ішкі құрылысы» тақырыбындағы слайд Үлестірмелі қағаздар Ортасы (Т) «Сәйкестендіру» әдісі, Мақсаты: Сыни тұрғыда ойлана білуге үйрету. Іс-әрекет: Берілген авторларды олардың еңбектерімен сәйкестендіру. М.Қашқари - жануарлар туралы жазды П.С.Паллас - 45 құс пен аңды сипаттады Ш.Уәлиханов - жануарларды зерттеді К.И.Скрябин - Ішекқұрттарды зерттеді Эверсман - 8 құсты сипаттады ЗарудныйН.А. , П.Сушкин - Арал, Балқаш құстарын зертеді Л.С.Берг - Арал, Балқаш балықтарын зерттеді (Ж)«Стикердегі диалог» әдісін Мақсаты: өткен тақырыпты қайталау және жаңа сабақтың тақырыбын ашу Іс-әрекет:Интерактивті тақтадағы слайдта көрсетілген мәтінмен жұмыс жасау. (Т)«Аквариум» әдісі Мақсаты: Жаңа тақырыпты оқушыларға қысқаша түсіндіру мақсатында осы көрсетілген әдіс бойынша жаңа материалдарға байланысты ресурстар беру, өз бетерінше дайындық жасату «Тақырыпты біз былай түсінеміз» Мақсаты: топ болып бірігіп жұмыс жасау арқылы мәтінді түсіну Іс-әрекет:( топ берілген тапсырманы уақытылы орындау, тақтаға шығып тапсырманы қорғау бойынша Эссе жазу, жинақтау «Шындық не жалған»әдісі Мақсаты: Өз ойын жылдам әрі дұрыс айтуға дағдыландыру. Іс-әрекет: Берілген сөйлемдердегі қателерді табу.Дұрыс болса «ия» , қате болса «жоқ» деп жауап беру керек. Амебаның дене пішіні – тұрақсыз(ия) Құрылысы – ядро, цитоплазма,митохондриядан тұрады(жоқ) Қозғалысы – жалған аяқтары арқылы(ия) Тыныс алуы – бүкіл денесімен суда еріген оттекпен(ия) Көбеюі – күрделі бөліну(жоқ) Қоректенуі – дайын органикалық заттармен(ия) Циста – жұмсақ бөлік(жоқ) Өмір сүру ортасы – таза ағын сулар(жоқ) Стикерлер Оқулық «Амебанын ішкі құрылысы» тақырыбындағы слайд Үлестірмелі қағаздар Аяқталуы Кері байланыс «Градусник»әдісі арқылы Алдын-ала талданып жазылған оқу мақсаттарына оралу ,бағалау Үйге тапсырма беру: 1.Кәдімгі амеба организм екендігі. Сыртқы және ішкі құрылысы (цитоплазма, ядро, вакуольдер). Біржасушалы организмдердің тіршілік әрекеттері: қозғалуы, қоректенуі, тыныс алуы, зәр шығаруы, осмореттелуі, көбейуі, циста түзуі.2.Суреттерін салып келу, онда негізгі ерекшеліктерді көрсете білу. Кері байланыс «Градусник» Қосымша ақпарат Саралау-Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? Бағалау-Оқушылардың үйренгенін қалай жоспарлайсыз? Пән аралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ мен байланыс Құндылықтардағы байланыс • «Семантикалық карта» әдісін пайдалана отырып, оқушы амебаның тіршілік әрекеттерін(қозғалуы, қоректенуі, тыныс алуы, зәр шығаруы, осмореттелуі, көбейуі, циста түзуі) кең көлемде сипаттайды • «Градусник» әдісі арқылы бағалау Смайликтер тарату арқылы Өзін-өзі бағалау • Математика,бейнелеу,әдебиет Рефлексия Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? Төменгі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз. Кәдімгі амебаның тірі организм екендігін білді. Кәдімгі амебаның өзіндік қасиеттерін, оның ішкі және сыртқы құрылысының ерекшеліктерімен танысты. Бұл сабақта алдыма мақсат қойып, сол мақсатқа жеттім.Бүгін оқушылар сабаққа қызығушылықпен қатысты.Сыныпта ынтымақтастық ахуалы өте жақсы болды.Сабақта жоспарлаған шаралардың барлығы қамтылды. Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болады (Оқытуда да, оқуда да ескеріңіз )? 1: 2: Бақылау күнделігімен жұмыс жасау,тест тапсырмаларын орындау. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (Оқытуда да, оқуда да ескеріңіз )? 1: 2: Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеме оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетіні туралы не білдім? Оқушылар сабаққа белсене қатысты,сабақ қызықты өтті,ойын түрлері қолданылды. Электрондық оқулықтағы тапсырмаларды орындады. • «Семантикалық карта» әдісін пайдалана отырып, оқушы амебаның тіршілік әрекеттерін(қозғалуы, қоректенуі, тыныс алуы, зәр шығаруы, осмореттелуі, көбейуі, циста түзуі) кең көлемде сипаттайды • «Градусник» әдісі арқылы бағалау Смайликтер тарату арқылы Өзін-өзі бағалау • Математика,бейнелеу,әдебиет Рефлексия Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? Төменгі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз. Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болады (Оқытуда да, оқуда да ескеріңіз )? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (Оқытуда да, оқуда да ескеріңіз )? 1: 2: Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеме оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетіні туралы не білдім?
амеба мәтін.docx
Амёба (гр. Lodosea – өзгергіш) – қарапайымдар типіне жататын  тамыраяқтылар класының өкілі. Қабыршақтары мен ішкі қаңқалары  жоқ. Денесінің сыртқы пішіні тұрақсыз, көлемі 20 дан 700 мм кейде  одан да зор. Жалған аяқтарының пішіні мен ұзындығы әрбір түрге  тән.Амёбадың көпшілігі тұщы суларда, топырақта, теңіздерде және  аздаған түрлері паразиттік тіршілік етеді. Денесі бір клеткадан  құрылады, олардың денесінде қабықша болмайды. Дене пішіндері  тұрақсыз: қалақша, саусақ, жебе тәрізді болып келеді. Амёбаның  дене мөлшері 20 – 700 мкм шамасында. Денесінің кез келген жерінен үнемі өсіп шығатын жалған аяқтары болады. Соның көмегімен  қозғалып, қорегін ұстайды. Ұстап алған қорегінің айналасында  цитоплазмадан ас қорыту сөлі бөлініп, ас қорыту вакуолясы пайда  болады да, онда қорегі қорытылады. Ал қорытылмай, сіңбей қалған  қорегі әрбір 5 – 8 мин. сайын денесіндегі көпіршік тәрізді  жиырылғыш вакуоля арқылы сыртқа шығарылады. Барлық денесімен тыныс алады. Амёбалардың әдетте бір ядросы болады, денесі екіге  бөліну арқылы жыныссыз көбейеді. Амёбадың тіршілігіне қолайсыз  жағдай туғанда оның денесі жұмырланып, сыртынан тығыз қорғаныс қабықша (циста) пайда болады. Ал қайтадан қолайлы жағдай  туғанда циста жойылып, бұрынғысынша тіршілік ете бастайды.  Амёбадың кейбір түрлері омыртқасыз және омыртқалы  жануарлардың организмінде, сондай­ақ адамның тоқ ішегінде  паразиттік тіршілік етеді. Бұлардың ішінде ең зияндысы –  дизентерия Амёбасы (Entamoeba hіstolytіca). Ол адамды амебиаз  ауруына шалдықтырады. АМЕБАЛАР. ҚАРАПАЙЫМ АМЕБАЛАР Тұщы суда, батпақты жердегі мүктер арасында тіршілік ететін  амебалар жалаңаш амеба және бақалшақты амеба түрінде кездеседі.  Амебалардың түрлері өте көп, тек теңізде ғана тіршілік ететін,  қайырылған теңіз түбіндегі қалдықтар мен жыныстар арасынан  бақалшақтары құрылысқа пайдаланылатын, диаметрі 0,1 мм­ден 20  сантиметрге дейін жететін ерекше бақалшақты шұрықденелілерді  кездестіруге болады. Жалаңаш амебалар, бақалшақьы амебалар  және теңіз тамыраяқтылар класына жатқызылады. Бұлардың дене  пішіні, құрылысы, тіршілік әрекетінде өзгерістер болғанмен, негізгі белгілері ортақ болғандықтан, жалғанаяқтылар класына  топтастырылады. Біз осы кластың өкілі, кез келген тоқтау суларда  кездесетін қарапайым амебамен танысамыз. Қарапайым амебаның тіршілігі, сыртқы құрылысы және  қозғалуы. Бұл – жалаңаш амебалардың едәуір ірі денелі түрі, оның  дене мөлшері мм­дің 1/5­3/4 бөлігіндей болады. Қарапайым  амебаның негізгі мекені – су өсімдіктерінің шіріген жапырағы мен  органикалық заттары мол суқойма түбіндегі тұнба. Оның тұрақты  пішіні болмайды, денесі қоймалжың цитоплазмадан және кішкене  ядродан құралған біржасушалы біртұтас тірі шырыштан құралады.  Денесінің мөлшері өте кішкене болғандықтан, қарапайым амебаның  құрылысы тек микроскоппен ғана анық көрінеді. Біржасушаның  ішіндегі цитоплазма үнемі қозғалыста болады. Цитоплазманың  қозғалу әсерінен амебаның денесінде ең алдымен томпақ пайда  болып, ол бірте­бірте созылады да, жалғанаяққа айналады. Амеба  жалғанаяқтары арқылы бір жерден екінші жерге жайлап қозғала  алады. Жалғанаяқтар өсімдіктің тамыры тәрізді болғандықтан,  амебаша қозғала алатын біржасушалы жәндіктерді кейде  тамыраяқтылар деп те атайды. «Амеба» гректің сөзі, қазақша  баламасы – «өзгергіш» деген мағына береді. Жалғанаяқтар дененің  әр жерінен пайда болып, қайтадан жойылып тұратындықтан,  амебаның дене пішіні үнемі өзгеріп отырады. Қоректенуі. Амеба денесінің кез келген жерінен пайда болатын  жалғанаяқтарымен тек қозғалыр қоймай, қорегін (ұсақ балдырлар,  бактериялар) де қармайды. Қорек денеге тиген кезде цитоплазма  өсінділері оны екі жағынан орап алады. Цитоплазмадан сұйықтық  тамшылары – асқорыту сөлі бөлініп, қоректің түйірі орналасқан  жерде вакуоль пайда болады. Вакольдің ішіндегі асқорыту сөлі  қоректі ерітіп, денеге сіңіреді де, оның қорытылмай қалған бөлігі  дененің кез келген жерінен сыртқа шығарылады. Сол кезде асқорыту вакуолі жойылып кетеді. Тыныс алуы. Амеба суда еріген оттегімен бүкіл денесі арқылы  тыныс алады. Цитоплазмаға сіңген оттегі ондағы қоректік заттарды  өте қарапайым заттарға айырып, тотықтырады да, суға амеба  денесіндегі көмірқышқыл газы бөлініп шығады. Амеба денесіндегі тотығу нәтижесінде ағзаға қажетті, оның тіршілік әрекетіне қажетті  энергия бөлінеді. Денедегі заттардың тотығуы да жануға ұқсас,  бірақ одан айырмашылығы: жылу мен жарықты жалын ретінде  бөлмейді. Зәр шығаруы. Зат алмасу туралы ұғым. Амебаның арнаулы зәр  шығару мүшесі жоқ. Тіршілік әрекеті кезінде цитоплазмада әр түрлі  зиянды заттар да ериді. Ол зиянды заттар амебаның бүкіл денесі  арқылы сумен бірге цитоплазмаға түседі. Зиянды заттар  ерітіндісінен цитоплазмада көпіршік – жиырылғыш вакуоль пайда  болады. Микроскоп арқылы зер сала қарасаңдар, жиырылғыш  вакуольдің 1­5 минут сайын бірде үлкейіп, бірде кішірейіп тұрғанын байқайсыңдар. Амеба вакуольге жиналған зиянды ерітіндісін  көпіршікті жиыру арқылы мезгілімен сыртқа шығарып отырады.  Сөйтіп жиырылғыш вакуоль амебаның денесіндегі суды, сонымен  бірге ерімей қалған қоректік зиянды заттарды дененің кез келген  жерінен сыртқа шығарып, цитоплазманы уланудан сақтайды, яғни  зәр шығарады. Суда еріген оттегінің амеба денесінде тотығуы,  оттегінің зиянды заттарға дейін қоректі тотықтыруы химиялық  өзгеріс болып табылады. Ағзадағы барлық зат атаулылардың және  энергияның өзгеруі, яғни химиялық реакцияның жиынтығы зат  алмасу деп аталады. Табиғаттағы кез келген тіршілік иесі өз  денесінде және айналадағы ортада зат алмасу құбылысы тежелсе,  одан әрі тіршілік ете алмайды. Зат алмасу арқылы қоректік заттар  ыдырап, энергияға айналады да, бейорганикалық заттардың  қосылыстары жинақталған кезде басқа заттар түзілу арқылы  жасушаның әрекеті күшейе түседі. Көбеюі. Амебалардың көпшілігі жыныссыз жолмен  көбейеді.Жыныссыз көбею амеба денесінің тең бөлінуі арқылы  өтеді. Бұл кезде алдымен амебаның ядросы екіге бөлініп, денесі  созылады да, жаңа пайда болған бір­бір ядромен екі жаққа  ажырайды. Пайда болған екі жасушаның – екі жас амебаның  біреуінде ғана бұрынғы жиырылғыш вакуоль сақталады, екіншісінде  ондай вакуоль жаңадан түзіледі. Сөйтіп, амеба бөліну арқылы  көбейеді. Циста түзуі. «Циста» грекше «кистис», яғни «қаптама» дегенді  білдіретін сөз. Қолайсыз жағдайға тап болған кезде амебаның денесі жұмырланып, сыртын қалың тығыз қабат қаптайды да, қоректенуін  тоқтатады. Осындай тығыз қабықша циста деп аталады. Цисталанған амеба суқойманың суы суалса да, айналадағы температура күрт  өзгерсе де төзеді. Цистадағы амеба жел арқылы басқа суқоймаларға  оңай таралады.

САБАҚ: Кәдімгі амеба организм екендігі.

САБАҚ: Кәдімгі амеба организм екендігі.

САБАҚ: Кәдімгі амеба организм екендігі.

САБАҚ: Кәдімгі амеба организм екендігі.

САБАҚ: Кәдімгі амеба организм екендігі.

САБАҚ: Кәдімгі амеба организм екендігі.

САБАҚ: Кәдімгі амеба организм екендігі.

САБАҚ: Кәдімгі амеба организм екендігі.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
23.01.2018