Сабақ жоспары 0 сынып. Тақырыбы:"Ә дыбысы менәрпі"
Оценка 4.6

Сабақ жоспары 0 сынып. Тақырыбы:"Ә дыбысы менәрпі"

Оценка 4.6
Разработки уроков
docx
воспитательная работа +1
Детсад
16.04.2018
Сабақ жоспары 0 сынып. Тақырыбы:"Ә дыбысы менәрпі"
Білім саласы: коммуникация Оқу-іс-әрекеті: сауат ашу Сабақтың тақырыбы: "Ә" дыбысы мен әрпі Сабақтың мақсаты: 1. Ә дыбысы және әрпімен таныстырып, дыбыстық талдау жасап, сөйлем құрастырып үйрету 2. Сауатты сөйлеуге және әдемі, ұқыпты жазуға дағдыландыру; 3. Балалардың пәнге деген қызығушылықтарын тәрбиелеу; Оқу іс-әрекеттің көрнекіліктері: суреттер,үлестіірмелі кеспелер, АКТ - слайдтар Оқу іс-әрекеттің әдіс-тәсілдері: түсіндіру,көрсету, бағалау, АКТ пайдалануӘ дыбысы мен әрпі Педагог: Тукушева Ардақ Балтабековна РК Алматинская обл. г. Сарканд школа-лицей им. Н. Островского
Ә дыбысы менәрпі.docx
Білім саласы : коммуникация Оқу іс – әрекеті : сауат ашу Сабақтың тақырыбы :     Әә  әрпі мен дыбысы Сабақтың мақсатыы :    1. Әә  әрпі және дыбысымен таныстырып, дыбыстық талдау жасап,сөйлем  құрастырып  үйрету; 2. Жазу мен сауатты сөйлеуге дағдыландыру; 3. Балалардың  пәнге деген қызығушылықтарын тәрбиелеу.   Сабақтың түрі: аралас Сабақтың  көрнекіліктері: суреттер,әліпби,улестірмелі кеспелер,слайдтар Сабақтың әдіс­тәсілдері: түсіндіру,көрсету,жазу,бағалау,АКТ пайдалану,сұрақ­жауап Ұйымдастыру кезеңі:  І. Балалардың назарын сабаққа аударып,сабақтың тақырыбы мен  мақсатын ашу. 1 Психологиялық  дайындық:((өлең жолдарына қимыл­қозғалыстар жасату) Біз бақытты баламыз Ойнап,күліп аламыз. Сауат ашу пәнінде Оқып жазу жазамыз. Сынып іші – тап­таза, Бор да дайын, тақта да. Ойымызды жинақтап, Отырайық партаға.   2 Қайталау. –Балалар,өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық? ­Өткен сабақта  Зз әрпі және дыбысымен таныстық. .­ «З» әрпі сөздің қай жерлерінде жазылады? ­  «З» әрпі сөздің басында,ортасында,соңында жазылады. ­  «З» әрпі қандай дыбыс? ­  «З» дауыссыз ұяң дыбыс,көк текшемен белгілейміз. ­  Дыбыс дегенді қалай түсінесіңдер? ­ Дыбысты айтамыз және естиміз.             ­ Әріп дегенді қалай түсінесіңдер?              ­Әріпті көреміз,жазамыз. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Ондай болса, мен жұмбақ жасырамын. Сендер бірінші қандай дыбыс естіліп тұрғанын  табыңдар:       Әжеде бар,атада жоқ. Әкеде бар, анада жоқ. Бұл қандай дыбыс?    (Ә)  –Дұрыс, бұл Ә дыбысы. Сонымен ,бүгін қандай әріппен танысамыз?  –Бүгін Ә әрпімен танысамыз.  –Қалай ойлайсыңдар, Ә айтылуына қарай қандай дыбыс? ­ Ә дауысты дыбыс.  ­Неге деп ойлайсыңдар?  – Өйткені айтқанда еркін,кедергісіз айтылыды. -Балалар,тыныш,біреулер сөйлеп жатқан сияқты.. О, бұл жұмбақтағы әже ғой. Ол атаға бауырсақ пісіріпті. Енді шай әзірлеуге кетті. Ап  бауырсақ терезенің алдында жатқысы келмей,мектепке барып оқимын деп,ата­әжеден  қашып кетті.  Бірінші слайдты ашу  Бауырсақ жүгіріп келе жатса,алдынан  қоян шығады: ­ Бауырсақ,қайда бара жатырсын? – Мектепке. – Егер менің тапсырмамды  орындамасаң, мен сені жібермеймін. Бауырсақ: ­ Балалар, көмектесіңдерші!  Балалар:­ Бауырсақ,біз саған көмектесеміз!... Өткен әріптер мен дыбыстарды     қайталау Жұптық  жұмыс:  Тт     Нн    Оо   Дд  Кк   Мм   Йй   Жж   Рр  Ыы   Лл   Ғғ   Шш Қоянның екінші тапсырмасы:  Қоянның бірінші тапсырмасы:  Қоян: Керемет,Бауырсақ,мектепке жолың ашық.  Бауырсақ жүгіріп келе жатса,алдынан қасқыр шығады: ­ Бауырсақ,қайда бара жатырсын? –  Мектепке. – Егер менің тапсырмамды орындамасаң, мен сені жібермеймін. Қасқырдың бірінші тапсырмасы: Әліппе. мультфильм көріп,сұрақтарға жауап беру:  1. Ә қандай дыбыс? 2. Ә  дыбысынан басталатын қандай сөздер білесіңдер? 3. Ә  дыбысы сөздердің қай жерлерінде кездесуі мүмкін?  Қасқырдың екінші тапсырмасы:  берілген сөздерге дыбыстық талдау жасау және   сөйлем құрастырып айту :    Әже                                      ,      дәрі        әтеш     Қасқыр : Керемет, Бауырсақ, мектепке жолың  ашық. Бауырсақ жүгіріп келе жатса,алдынан аю шығады: ­ Бауырсақ,қайда бара жатырсын?  – Мектепке. – Егер менің тапсырмамды орындамасаң, мен сені жібермеймін. Аюдың бірінші тапсырмасы: Буындарды оқу: дә жә кә лә нә пә рә сә тә шә әд әж әк әл ән әп әр әс әт әш   Аюдыың екінші тапсырмасы: :     Аю: ­ Керемет,Бауырсақ,мектепке жолың ашық. Бауырсақ жүгіріп келе жатса,алдынан түлкі шығады: ­ Бауырсақ,қайда бара жатырсын?  – Мектепке. – Егер менің тапсырмамды орындамасаң, мен сені жібермеймін. жұмыс:  ­ Жазу;  ­ Буындап оқу; Ә Ә Ә   ә  ә  ә  Түлкінің бірінші тапсырмасы: Дәптермен  Ә­ке       Ә­лия    ә­же  Ә­мір     дә­рі      кә­рі Ә­сия      Ә­ли   ә­теш Дидактикалық ойын:  Әә  әрпі кездесетін сөздерді оқу Сабақты қорытындылау: ­ Балалар,Бауырсақ ұзақ жол жүріп сенлерге келді.  Бауырсақ: ­Балалар,маған көмектескендеріне рақмет. Тағы қайталап жіберейікші,бүгін  сабақта  қандай әріппен таныстық?  – Ә қандай дыбыс?  ­ Ә дыбысын неге дауысты дыбыс дейміз?

Сабақ жоспары 0 сынып. Тақырыбы:"Ә дыбысы менәрпі"

Сабақ жоспары 0 сынып. Тақырыбы:"Ә дыбысы менәрпі"

Сабақ жоспары 0 сынып. Тақырыбы:"Ә дыбысы менәрпі"

Сабақ жоспары 0 сынып. Тақырыбы:"Ә дыбысы менәрпі"

Сабақ жоспары 0 сынып. Тақырыбы:"Ә дыбысы менәрпі"

Сабақ жоспары 0 сынып. Тақырыбы:"Ә дыбысы менәрпі"

Сабақ жоспары 0 сынып. Тақырыбы:"Ә дыбысы менәрпі"

Сабақ жоспары 0 сынып. Тақырыбы:"Ә дыбысы менәрпі"

Сабақ жоспары 0 сынып. Тақырыбы:"Ә дыбысы менәрпі"

Сабақ жоспары 0 сынып. Тақырыбы:"Ә дыбысы менәрпі"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
16.04.2018