Сабак жоспары Салауатты омир салты
Оценка 5

Сабак жоспары Салауатты омир салты

Оценка 5
Разработки курсов +1
docx
ОБЖ
10 кл
16.04.2019
Сабак жоспары Салауатты омир салты
Миға шабуыл. 1. Деніміз сау болу үшін не істеуіміз керек? 2. Зиянды әдеттерге нелер жатады? 3. Спорттың, қимыл - қозғалыстың адам денсаулығына әсері қандай деп ойлайсыңдар? 4.Денсаулық дегеніміз не? 5.Сен өзің үйде өз денсаулығыңды сақтау үшін қандай жағдайлар жасап жүрсің? Бірінші байлық – денсаулық дейміз. Бірақ осы сөздің салмағын, жүктер жауапкершілігін көбіне сезбейтін де, мойындамайтын да сыңайлымыз. Айтылған сәтте көңілімізге қонады, құлағымызға жағады. Келісеміз. Сонсоң өзіміз ауа жайылып жүре береміз. Сөйтіп күндердің күнінде бір арылмас дертке шалдығып санымызды соғамыз. “Жалған – ай!” деп көкірегіміз қарс айырылып, өмірден түңіле бастаймыз. “Тәннен жан артық еді, - дейді Абай атамыз - тәнді жанға бас ұрғызса керек еді. Жоқ біз олай қылмады, ұзақтай шулап, қарғадай барқылдадық. Жан бізді жас күнімізде билеп жүрген еді. Ержеткен соң, күш енген соң, оған билетпедік, жанды тәнге бас ұрғыздық, ешнәрсеге көңілмен қарамадық, көңіл айтып тұрса сенбедік
Салауатты омир салты ПОУР 1.docx
Алматы қаласы білім беру Государственное коммунальное басқармасының «АЛМАТЫ МЕМЛЕКЕТТІК КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ» Мемлекеттік коммуналдық  казенное предприятие  «АЛМАТИНСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ КОЛЛЕДЖ ТРАНСПОРТА И КОММУНИКАЦИЙ» Управления образования  қазыналық кәсіпорны города Алматы Бекітемін Директордың  ОӘЖ   топтары орынбасары А­1­1 Жесекбаева А.К. В­1­1 ______________  С­1­1 Д­1­1                            «___» __________ 20 __ж   мерзімі       № __1__   ОҚУ САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ  Сабақтың тақырыбы: Салауатты өмір салты Сабақтың мақсаты:  1. Оқушыларды салауатты өмір сүре білуге, адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған қатерлі дерттерден сақ болуға, одан қорғана білуге, қоғамға, адам ағзасына темекінің, алкогольдің теріс әсері туралы түсінік бере отырып тәрбиелеу. 2. Оқушылардың ой ­ пікірлерін ортаға салу, өзін ­ өзі бағалауына жол ашу, ой қорыта білу қабілеттерін дамыту, ортаның қысымына қарсы тұра білуге дағдыландыру (темекіні, алкогольді байқап көру әрекетіне теріс пікір тудыру). 3. Тазалыққа, лас істерден аулақ болуға, тән сұлулығы мен жан сұлулығын қатар сақтауға тәрбиелеу. Миға шабуыл. 1. Деніміз сау болу үшін не істеуіміз керек? 2. Зиянды әдеттерге нелер жатады? 3. Спорттың, қимыл ­ қозғалыстың адам денсаулығына әсері қандай деп ойлайсыңдар? 4.Денсаулық дегеніміз не? 5.Сен өзің үйде өз денсаулығыңды сақтау үшін қандай жағдайлар жасап жүрсің?  Бірінші байлық – денсаулық дейміз. Бірақ осы сөздің салмағын, жүктер жауапкершілігін  көбіне сезбейтін де, мойындамайтын да сыңайлымыз. Айтылған сәтте көңілімізге қонады,  құлағымызға жағады. Келісеміз. Сонсоң өзіміз ауа жайылып жүре береміз. Сөйтіп  күндердің күнінде бір арылмас дертке шалдығып санымызды соғамыз. “Жалған – ай!” деп  көкірегіміз қарс айырылып, өмірден түңіле бастаймыз. “Тәннен жан артық еді, ­ дейді Абай атамыз ­ тәнді жанға бас ұрғызса керек еді. Жоқ біз  олай қылмады, ұзақтай шулап, қарғадай барқылдадық. Жан бізді жас күнімізде билеп  жүрген еді. Ержеткен соң, күш енген соң, оған билетпедік, жанды тәнге бас ұрғыздық,  ешнәрсеге көңілмен қарамадық, көңіл айтып тұрса сенбедік. Көзбен көрген нәрсенің де  сыртын көргеннен­ақ тойдық…” Тәннен жан артық… Билік жанда ғой. Бірақ ғұмырымыз аз ба, көп пе… кеше, бүгін,  шамасы ертең де билік жанда емес тәнде Пендешіліктен тәнді тоғайтып, сөйтіп аурулар  қатарын молайтып жүрген жай бар. Тым болмаса, жан мен тән бірлігін, ара қатынасындағы  бірлікті неге сақтамасқа? Біреу үшін емес, өзің үшін, отбасың, өзіңсіз толайым болмайтын  Ф3­КП­08­18 Оқу сабағының жоспары Алматы мемлекеттік көлік және коммуникациялар колледжі көкірегің үшін. Денсаулық ­ тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы. Денені үнемі ширықтыру,  шынықтыру, сананың сапа деңгейін көтеру, интеллект өрісін биіктету, рухыңды шыңдау ­  бәрі де денсаулыққа қызмет етеді десек қателеспейміз. Қазіргі уақыттағы әлеуметтік ­ экономикалық жағдай, тіршілік деңгейінің құлдырауы және  экологиялық қолайсыздық Қазақстан Республикасының бүкіл халқының, әсіресе, өскелең  ұрпақтың денсаулығына кері әсерін тигізуде. Ел Президентінің “Қазақстан ­ 2030” жолдамасындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі –  “Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мән әл ауқаты” тармағында,“…азамат­ тарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сай болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін” азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттігі көрсетілген.  Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз осы бағытта Қазақстан мектептеріне  жан­жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан дара  тұлғаларды тәрбиелеу басты талап етіп қойылған. Қазақстан азаматтарының денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын ынталандыру  туралы елбасының жолдауын, егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын,  алтын сүрлеу десе болады. “Дені сау адам ­ табиғаттың ең қымбат жемісі” деп тегін айтылмаған. Қазіргі қоғамымызда халықтың табиғи өсімі төмендеп, сырқаттанушылық және өлім–жітім  деңгейі арта түсті. Әсіресе, балалар мен жастардың денсаулығы қауіп тудыруда. Темекі  тарту, ішімдік пайдалану, есірткі құмарлық және улы заттарға әуестік, адамгершілікке жат  мінез­құлық, ерте жыныстық қатынас кеңінен етек алуда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының дерегі бойынша халық  денсаулығының 49­50 % өмір салтына, яғни адамның өз денсаулығына қалай қарайтынына  тәуелді, 17­20 % қоршаған орта ерекшеліктеріне байланысты. Сонымен қатар денсаулық  қатерінің негізгі факторларына мыналар да енеді: қозғалыс күшінің кему салдарынан  қимылдың кемуі (гиподинамия) дене массасының артуы, жүйесіз тамақтану, қоршаған орта  нысандарының барлығының көптеген уытты заттармен ластануы, өндірісте және тұрмыста  күйзеліс туғызатын жағдайлар, зиянды әдеттердің – шылым шегу, алкоголь пайдалану,  нашақорлық көп таралуы. Қорыта келгенде, академик Н. М. Амосов айтқандай: “Денсаулығың мықты болуы үшін  мәнді өз күшің болу қажет, оны еш нәрсемен ауыстыруға болмайды.” Құрбы ­ құрдастар, егемен еліміздің болашағы біздер. Қоғамда болып жатқан жаман  әдеттерге кінәлі ­ адамдардың өзі. Осындай жат, жаман әдеттерден бойымызды аулақ  ұстап, төзімділік, табандылық танытып, адамгершілік қасиеттерді жоғары ұстай білуіміз  керек. Болашағымыз нұрлы, еліміздің ертеңі нұрлы болсын десек, ел болып, халық болып  болашағымызды, ұлтымызды, тегімізді жоғалтып алмау үшін нашақорлық, СПИД, ішімдік,  темекіден бойымызды аулақ ұстап, қоғамымыздың бұл түнектен арылуының жолын іздеп,  салауатты өмір салтын насихаттайық. Ей замандас, алдыменен досыңды ұқ. Досың спорт, таза ауа, өсімдік. Ала жүріп, осылардың сыйлығын – Жаңа ғасырға біз берейік көріктік. Халықтың денсаулығы – ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі. Атамыз қазақтың «Бірінші байлық ­ денсаулық», яки болмаса «Денсаулық – терең байлық»  деген даналық мәтелдері тіршіліктің нағыз өзегінен алынған емес пе? Денсаулықтың  қадірін, маңызын айрықша ұғынып барлық игіліктен жоғары санаған. Тағы да «Ауырып ем  іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деп жан мен тән саулығын қоршаған орта аясында дұрыс  Ф3­КП­08­18 Оқу сабағының жоспары Алматы мемлекеттік көлік және коммуникациялар колледжі сақтап және нығайтуға түрлі пайдалы әрекеттер жасап отырған. Жасырары жоқ, күні бүгінге дейін небір ғұлама ғалымдар, біліктілігі күшті дәрігерлер де  «Денсаулық деген не?» деген сұраққа әлі толымды, тұшымды, дәл анықтама бере алмай  келеді. Қолымызда тек ВОЗ (дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы) қалыптастырған  анықтама бар. Бұл бойынша Денсаулық – жан, тән және адамның әлеуметтік жағдайының  қоңдылығы. Байқап отырсаңыз жан иесінің жалғыз анатомиялық дұрыс қалпына ғана емес,  оның әлеуметтік жағдай­тұрпатына да ерекше мән берілген. Жуырда ғана өткен дәрігерлер мен провизорлардың съезінде сөйлеген сөзінде еліміздің  президенті Н.Ә.Назарбаев: «Халықтың денсаулығы – ел дамуының аса маңызды тұтқасы,  болашағымыздың кепілі» деп тағы да айрықша айқындап атап өтті. Сонымен қатар келешек атқарылатын істердің басты стратегиялық бағыттарын да көрсетті. Бірінші: балалар мен жасөспірімдердің денсаулығына айрықша көңіл бөлу. Екінші: халықты қол жетерлік және саналы медициналық көмекпен қамтамасыз ету. Үшінші: отандық медицина ғылымын дамыту. Осы бағыттама аясында ел басқарған ағалармен біріге отырып, түрлі індеттердің алдын алу керек. Салауатты өмір салтын ұсынбаған мемлекеттің экономикасы құлдырайтыны сөзсіз.  Ауру адам қандай іс бітірмек! Жастар – болашағымыздың алтын тірегі. Жастар арасындағы нашақорлық пен  маскүнемдіктің алдын алу үшін мен мынадай деректер мен цифрларды ұсынғым келіп тұр. Жасыратыны жоқ бүгіндері елімізде осынау қауіпті нашақорлықпен айналысатындар саны  өсіп барады. Есірткінің медициналық­әлеуметтік проблемалары республика орталығының  мәліметіне қарағанда, бұл кеселге тәуелді болғандардың саны 250 мыңнан асады екен. Ал  1,5 млн­дай адам нашақорлыққа бейімділік сәтінде отпен ойнағандай әрі­сәрі күй кешуде.  Әсіресе кәмелетке толмағандардың әлгіндей қатерлі дертке әуестене түсуі қатты  ойландыруы тиіс. Міне, сондықтан да қоғамымызда ертеңгі болашағы үшін мұндай  тағылымды шаралардың өткізіліп тұруы ғанибетті іс болмақ. Жылына БҰҰ­ның сараптауы  бойынша есірткінің негізгі массасы 65% Орта Азия арқылы өтеді, ал Қазақстан арқылы  жылына 150 тонна өтеді. Қазақстан Республикасы бойынша 47 мың адам есірткіні  қолданатындар тізімінде. Қазақстан жерінде жеңіл есірткіден гөрі өте улы түріне көбірек  сұраныс болып жатыр. Республикадағы есірткіні көп пайдаланатын нашақорлар саны  қарқынды өсіп келе жатқан қара дақтар. Мысалы: Теміртау қаласында 9 ай ішінде 633  нашақор бар екені анықталып, 111 заңды бұзғандықтан істері сотта қаралған. Өз  облысымызда 20 мың 732 нашақор, 637 СПИД ауруына шалдыққандар тіркелген.  Осылардың 48%­ы қылмыскерлер. Тағы да айтарым, өкінішке орай көптеген азаматтарымыз өз денсаулығын сақтауға және  нығайтуға жауапты емес, немқұрайды қарайды. Тіпті денсаулығы өзіне емес, тек  дәрігерлерге қажет сияқты медицинаға тұтынушылық немесе масылдық пиғылы бар.  Дәрігерлер қанша ескертсе де жаман әдеттерден арылғысы келмейді. Темекі тартады,  насыбай атады, салынып арақ ішеді. Мысалы: К­деген гипертониямен кісі жағдайы бақуат  бола тұра өз (денсаулығына) кеселіне бір тиын жұмсағысы келмейді, тек үкіметтің  қаражатына иек артқысы келеді. Кейбір аналарымыз қонақ келгенде көл­көсір дастархан  жасап, ал өз денсаулығына аса қажет анемияға қарсы бір дәріні де сатып алып ішкісі де  келмейді. Жалпы, халқымыздың «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген дана  қағидасын әрдайым, әрқайсысымыз жадымыздан шықпайтын биік ұстаным болуға тиіс.  Себебі бұл қаражат халықтікі, әрбір салық төлеушінің үлесі екенін ұмытпағанымыз жөн. Жас кезінен аурушаң болған Поль Брегг «Өзіңді өзің жасай біл» деген қағиданы нық  Ф3­КП­08­18 Оқу сабағының жоспары Алматы мемлекеттік көлік және коммуникациялар колледжі ұстанған. Ол ынта­жігерінің салауатты өмір сүруге деген құштарлығының арқасында  барлық ауруларды жеңіп, денсаулығы мықты болып өмір сүрген. Ия, кіснің болса да  денсаулығы өз қолында. Салауатты өмір сүремін десеңіз ешкім оған қарсы тұра алмайды. Салауатты өмір салтына денешынықтыру, спорт, дене тәрбиесі, туризм, халықаралық  туризм, табиғатқа серуен, таза ауада жүру жатады. Кешкі тамақтан соң, таза ауада бір­екі  сағат серуен құрып, ұйықтаудың пайдасы зор. Ұйқы 7­8 сағаттан кем болмауы тиіс. Әр  адам жыл сайын бір рет еңбек демалысын тиімді пайдаланғаны жөн. Барлық кезде тамақты  жаңадан дайындап ішкен дұрыс. Алланың табиғатты адам үшін жаратқанын және парыз  еткенін, тіршілігінде қажетіне дұрыс пайдалануды, денсаулығына зиян келмейтіндей  жағдайда болуын қадағалауды салауатты өмір салты деп ұғамыз. Адам денсаулығына зиянын тигізетін жат әдеттерден аулақ болғаны жөн. Енді оларға не  жататынына тоқтала кетейік: Олар – темекі тарту, спирттік ішімдіктерге, есірткілік  заттарға салыну. Арақтың орнына қымыз бен қымыран іш, темекі тартудың орнына таза  ауада көбірек жүр. Жастарға есірткіні пайдаланба, көңіл көтеретін мәдени көпшілік  орындарына баруды әдетке айналдыр дер едім. Еңбек адамды тәрбиелейді. Сондықтан  жұмыс істеуден қашпаған жөн. Жалқаулыққа салынудың соңы жақсылыққа апармайды.  Имандылық жолына түсіп, жылына бір келетін оразаны тұтып, оның тәртібін сақтағаныңыз  дұрыс. Дүниеде бұған тең келетін ештеңе жоқ. Біз табиғаттың, қоршаған ортаның ластануына жол бермеуіміз керек. Өзіңізді қандай  көрсеңіз, өзгелерді де солай көріңіз. Адамдар бір­бірімен дос, бауырлас, сыйлас, рақымды,  мейірімді болса, нұр үстіне нұр жауады. Әрқашан жаман ойдан аулақ болыңыз. Адам өзін  өзгеден кем сезінуі, денсаулығының нашар екендігін ойлап қамығуы, көз алдына өлім  қорқынышын елестетуі ойды бұзады. Сөз соңында қайра айтарымыз, халық денсаулығы тек медицина қызметкерлерінің кәсіби  тірлігі ғана емес, бүкіл қоғамның тұтас денсаулық сақтауға және нығайтуға арналған  үйлескен іс­қимыл әрекеттерінің жемісі екенін баршамыз да ұғынуға тиіспіз. Сонда ғана  қоршаған ортаны сақтай отырып, таза су ішіп, дұрыс тамақтанып, иманды және салауатты  өмір салттарын тұрақты қалыптастырсақ болашақтың жарқын кепілі болмақ. Салауатты өмір сүрудің мақсаты Қазіргі кезеңдегі қоғамның әлеуметтік ­ экономикалық дамуында орын алып отырған  қиындықтарға қарамастан, салауатты өмір сүрудің мемлекеттік жүйесі түпкілікті, жалпы  адамзаттық рухани байлықтарға негізделуі тиіс. Ол жеке бастың үйлесімді дамуына,  денсаулықты нығайтуға, адамдардың тіршілік үшін белсенділігін арттыруға ықпал жасауды өзінің басты мақсаты етіп алуы керек.  Салауатты өмір сүрудің негізгі қағидалары: ­ дұрыс тамақтану; ­ зиянды әдеттерден аулақ болу; ­ жеке бас тазалығын сақтау; ­ денешынықтырумен айналысу; ­ оң эмоциялардың көп болуы; ­ қоршаған ортаның тазалығы; ­ күн тәртібін сақтау; ­ үнемі қозғалыста болу. Ф3­КП­08­18 Оқу сабағының жоспары Алматы мемлекеттік көлік және коммуникациялар колледжі Ү. Зиянды әдеттерге қысқаша шолу жасау. Зиянды әдеттер Ішімдік ішу, Темекі шегу, насыбай ату, Нашақорлық Салауатты өмір салтын ұстануға бірден ­ бір кері әсер ететін факторлар. Ішімдік – «этил спирті» немесе «этанол» деп те аталады. Этил спирті мөлдір әрі түссіз  болып келеді. Ішімдіктің кейбіреулерінде спирттің мөлшері 40% градусқа дейін жетеді.  Ішімдік ішу созылмалы бауыр ауруларына, ұмытшақтық, бүйрек ауруларына әкеліп  соқтырады. Жаман әдеттерің ішінде жасөспірімдер арасында көп таралғаны шылымқорлық. Оның  зардабы: бронхит, өкпе қатерлі ісігі ауруларына әкеліп соқтырады. Темекі түтінінде 300 ­  ден астам әр түрлі химиялық заттар, олардың ішінде никотин иіс газы сияқты жүйкеге  тиетін, өте қатерлі у бар. Дүние жүзінде тым тез тарап бара жатқан әдеттің бірі нашақорлық – бұл тажал адамның  денсаулығына кері әсерін тигізеді және жас ағза бірден үйренеді. Соңғы зерттеулер  бойынша Қазақстанда жасөспірімдердің 12%­ ы өмірінде 1 рет болса да есірткі қолданып  көрген. Айдаһардың үш басындай арақ, темекі және наша – ауруға жол ашатын мүмкіндіктердің  басты себептері. Нашақор адамдар – өмірлерінен күдер үзген, болашағы жоқ адамдар.  «Тәні саудың – жаны сау» (сұрақ ­ жауап) 1. Шылымның зияны тиетін мүше? (Өкпе) 2. Салауатты өмір салты деген не? (Салауатты өмір салты – спортпен шұғылдану, күн  тәртібін сақтау, жеке бас гигиенасын сақтау, оң эмоциялардың көп болуы, маскүнемдіктен, нашақорлықтан, шылым шегуден аулақ болу) 3. 2002 жылы Елбасы қандай жыл деп жариялады? (Денсаулық) 4. Денсаулыққа зиянын тигізетін қандай факторларды білесіңдер? (Шылым шегу, ішімдік  ішу, нашақорлық, аз қозғалу, жеке бас тазалығын сақтамау) 5. Құрамында этил спирті бар. Ол не? (Ішімдік) 6. Гигиена деген не? (Грек тілінен аударғанда «денсаулық әкелуші» деген мағына береді) 7. Темекіден туындайтын ауруларды ата? (қолқа демікпесі, өкпе ауруы)  Мақал ­ мәтел. 1. Сақ жүрсең, ..............сау жүресің. 2. Ұйқы тынықтырады, жұмыс шынықтырады. 3. Денің сау болса, жарлымын деме. ...............Жолдасың көп болса, жалғызбын деме. 4. Тыста ұзақ жүргенің – ..................ұзақ өмір сүргенің. 5. Дені сау адам – .................табиғаттың ең қымбат жемісі. 6. Елемеген ауру жаман, .................ескермеген дау жаман. 7. Сырқат тән жарасы,................ қайғы жан жарасы. 8. Тазалық – саулық негізі, ............саулық – байлық негізі. 9. Көзің ауырса,.................... қолыңды тый, Ішің ауырса,................... аузыңды тый 10. Жарлының байлығы – денінің саулығы. Тілекке тілек қосып, жүректен жүрекке... Оқушылар бір ­ біріне тілектерін жазып ұсынады. Қорытынды. «Тән сұлулығының тамыры – тазалықта, жан сұлулығының тамыры – тән саулықта» деп  Ф3­КП­08­18 Оқу сабағының жоспары Алматы мемлекеттік көлік және коммуникациялар колледжі Ахмет Байтұрсынов айтқандай, біздің таңдауымыз салауатты өмір салты. Құрастырған:   Оқытушы  ___________________   Алпысбаева А.К       «___» _________________ 20__ ж Келісілді:  ЦӘК төрайымы     ______________ Мусабаева А.К        «___» _________________ 20__ ж Ф3­КП­08­18 Оқу сабағының жоспары Алматы мемлекеттік көлік және коммуникациялар колледжі Алматы қаласы білім беру Государственное коммунальное басқармасының «АЛМАТЫ МЕМЛЕКЕТТІК КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ» Мемлекеттік коммуналдық  казенное предприятие  «АЛМАТИНСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ КОЛЛЕДЖ ТРАНСПОРТА И КОММУНИКАЦИЙ» Управления образования  қазыналық кәсіпорны города Алматы Бекітемін Директордың  ОӘЖ   топтары орынбасары А­1­1 Жесекбаева А.К. В­1­1 ______________  С­1­1 Д­1­1                            «___» __________ 20 __ж № __2__   ОҚУ САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ    мерзімі       Сабақтың тақырыбы: Адам денесініндегі артық,кем массалық мөлшерінің зардабы Сабақтың мақсаты: Құрастырған:   Оқытушы  ___________________   Алпысбаева А.К       «___» _________________ 20__ ж Келісілді:  ЦӘК төрайымы     ______________ Мусабаева А.К        «___» _________________ 20__ ж Ф3­КП­08­18 Оқу сабағының жоспары Алматы мемлекеттік көлік және коммуникациялар колледжі Алматы қаласы білім беру Государственное коммунальное басқармасының «АЛМАТЫ МЕМЛЕКЕТТІК КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ» Мемлекеттік коммуналдық  казенное предприятие  «АЛМАТИНСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ КОЛЛЕДЖ ТРАНСПОРТА И КОММУНИКАЦИЙ» Управления образования  қазыналық кәсіпорны города Алматы Бекітемін Директордың  ОӘЖ   топтары орынбасары А­1­1 Жесекбаева А.К. В­1­1 ______________  С­1­1 Д­1­1                            «___» __________ 20 __ж № __3__   ОҚУ САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ    мерзімі       Сабақтың тақырыбы: Жыныстық қатынас арқылы жұғатын инфекциялық аурулар  Сабақтың мақсаты: 1) Жыныстық қатынас аркылы жугатын аурулардын жиктелуи      2) Этиологиясы,патонегензи,клиникасы,еми     3) алдын алу корганыс шаралары                                                    САБАҚТАРДЫҢ БАРЫСЫ Жыныс қатынасы арқылы жұғатын аурулар вирус, микоплазма, бактерия,  саңырауқұлақшалар, эктопаразиттар сынды микробтарды қоздыратын 200­ден аса ауруды  біріктіреді. Әлемде миллиондаған адамдар күнделікті бұл қатерлі ауруды жұқтырады не қауіпке  шалдығады. Көбіне бұл қауіпке жыныстық қатынасы кезінде қорғанбайтындар душар  болады. Жыныстық қатынаста жұғатын ауруларға не мүмкіндік туғызады және қалай азайтуға  болады? Әсіресе олардың арасындағы қауіптісі ЖҚТБ, мерез,соз.Олармен әркім зақымдала бермейді. Адамдар мәдениеттілікті сипаттайтын ереженің ретін сақтап жүрсе және өзінің  денсаулығын, сондай­ақ басқа адамдар денсаулығын ойлап жүрсе, бұл аурулар болмас еді.  Бұл қатерлі аурулардан сақтану ережелерін сақтау керек. Яғни, кездейсоқ жыныстық  қатынастан сақтану,мүшеқап қолдану, жыныс мүшелерінің гигиенасын сақтап, жылу сумен, жұмсақ сабынмен жуынып тұру керек. Сондай­ақ, сыртқы және ішкі киім­дердің тазалығын сақтап, ешқашан басқаның жөкесімен, сүлгісімен, іш киімдерімен қолдануға болмайды. Жыныс қатынасы арқылы жұғатын аурулардың белгілері: несеп жолдарынан шығатын  шығындылар, зәр шығарған кезде ауырсыну, теріде, жатыр мойнағының сілемейінде өзгерістер пайда  болып, қызарып бөртпелер шығып,тығыздалу байқалады. Кейбір аурулар ұзақ уақыт бойы ешбір белгі бермеуі де мүмкін. Кей­кейде ауру белгілері  Ф3­КП­08­18 Оқу сабағының жоспары Алматы мемлекеттік көлік және коммуникациялар колледжі өз­өзінен жоғалып кетеді, бірақ жұқпа адам ағзасында емделмейінше сақталып қалады.  Енді, жыныс қатынасы арқылы жұғатын жұқпаларға тоқталайық. Соз ауруын гөнөкөкк бактериясы шақырады. Соз зәр шығаратын несеп жолдарын, тік  ішекті, тамақ аурулары. Соз ауруының еркектер мен әйелдерде айырмашылықтары бар. Ер адамдарда жыныс мүшелерінен іріңді шығындылар шығып, жиі­жиі кіші дәретке бару  кезінде ауырсыну байқалады. Жаңа соз 2 ай ауру кезінде және созылмалы соз 2 айдан жоғары деп бөлінеді. Аурудың  байқалып, белгі беруі 3­5 күн аралығында пайда болады, кей –кейде 1 күннен 2­3 апта  аралығында болады. Несепағардың алдыңғы бөлігінде алдымен күю сезімі мен қышуы,  сосын кілегейлі шығындылар байқалады, 3­4 күннен кейін ауру құбылыстары қатты  білінеді. Несепағар өзегінің сыртқы тесігінде қызару сен ісіну пайда болып, ол тығыздалып, қатты ауырсыну байқалады. Жалпы ағза азап шегеді, әлсіздік, қозғыштық мазалайды. Бұл  қолайсыздық психо­эмоционалды стресті қалыптастырады. Дер кезінде жіті назар бөліп, емделмесе создың созылмалы түріне ауысады. Несептің  бөлінуі азайып, онда іріңджік қауыз бен жіптер табылады. Қосалқы және қуық алды  бездерге тарап, аурудың жалпы жағдайы біршама нашарлайды. Қосалқы бездің  зақымдануы, ыстықтың көтеріп, бездің ісінуімен айқын байқалады. Әйелдерде жатыр мойнынан көкшіл­сары шығындылар шығып, қышынып, зәр шығыру  кезінде ауырсыну болады. Тік ішектің созы айналшықта қышу пайда болып, тік ішектен ірің араласқан сасық шығындылар шығады. Тамақ созы өз белгісін көрсетпей өтеді. Соз  ешуақытта өздігінен жазылмайды. Міндетті түрде дәрігерде емделу қажет. Создың  созылмалы түрінен емделмесе бедеулікке шалдығады.Соз ауруына шалдыққан ананың  құрсағындағы нәрестеге де жұқпаның жұғу қаупі бар. Кез­келген аурудың алдын алып,  қатерлі ауру дертінен отбасыңызды, ұрпағыңызды және өзіңізді қоршаған ортаны жан­ жағыңдағыларды да қорғап уақтылы профилактикалық тексеруден өтіп, аурудың алғашқы  белгілерін байқай салып, дереу дәрігерге қаралуды әрбір азамат өзінің абыройлы міндеті  санауы тиіс. Мерез – жыныстық жолмен бері­летін инфекциялық ауру. Осы аурумен ауыратын адаммен  сүйі әскенде, ауру адам қолданған ыдыстан, жеке гигиеналық заттарынан, темекі, ерін  бояуы арқылы жұғуы ықтимал.Қан берген адамның қаны, ауру ананың емшексүті арқылы  жұғу қаупі бар.Ол өзінің белгілерімен, асқынуларымен адам ағзасына қауіп­қатер  тудырады. Мерез 3 кезеңге бөлініп, 3­4 аптадан соң ғана белгісін бере бастайды. Бозғылт спирохета  қан арқылы адам ағзасына тарап, 3 айға дейін созылады. Осы уақыт ішінде адам өзінің  ауырып жүргенін білмей төңірегіндегілерге жұқтырады. Алғашқы белгі – қатты шанкр.  Бозғылт спирохетаның адам ағзасына түскен жерінде пайда болып, түймедей қатып  қалатын жалақ, сызат жара.Бұл белгі аурудың аузында, ернінде, жыныс мүшелерінде  кездеседі. Бір аптада жараның бездері ұлғайып ісінеді. Әлсіздік, буын­буындары қақсап  денесінің қызуы көтеріледі. Екі­үш айдан соң мерездің екінші кезеңі басталып, теріге  бөртпелер шығып, ауыз, еріннің ішкі сілекей қабына ақ таңдақтар пайда болады. Дауыс  қарлығуы да мүмкін. Сондай­ақ теріге қыз­ғылт түйіршіктер шығады. Жыныс мүшелерін­ Ф3­КП­08­18 Оқу сабағының жоспары Алматы мемлекеттік көлік және коммуникациялар колледжі дегі майда түйіндер үлкейеді. Адам осы кезде емделмесе екінші кезең 3­4 жылға созылады.  Осы сатылардан өткен соң мерездің үшінші кезеңі басталады. Сырқат ағзасы әбден әлсіреп,  жұлын, ми жүйелерінің жұмысы бұзылады, адам сал болып, көзі көрмей, өкпе, жүрек,  бауыр қызметтері нашарлар, аяғы ауыр болса әйелдер түсік тастайды. Мұрынның кеңсірігі  опырылып түсіп, бұл қауіпті аурумен ауырған адам пұшық болып қалады. Мерез ауруына жеке басының тазалығы жоқ, нәпсі, араққұмар тәрбиесіз, бұзықтар  шалдығады. Бұл кеселді түп­тамырымен жою үшін ұрпақ тәрбиесіне баса назар аудару  шарт. Біржасушалы трихоманад паразитын қоздыратын жұқпалы аурулардың бірі – трихоманад.  Бұл ауру жыныстық қатынас арқылы жұғады. Еркектердің қуық жолдарын , әйелдердің  жыныс мүшесінің қынап жолдарын зақымдайды. Дер кезінде емделмесе ауру қатты асқынып адам ағзасын әлсіретеді. Бұл жұқпалы аурумен  ауырған аналардан туылған балалардың 5 пайызы трихомонозды жұқтырады. Генитальды герпес ­ вирусты жұқпа. Бұл ауру жыныс мүшесінен қышып,ауырып шығатын  шығындылармен белгісін береді. Бел ауырып адам ағзасы әлсіреп, бас,бел ауырады. Герпес  вирусы адам ағзасында өмір бойы болады. Көбіне ол жүйкеде болып, өз белгісін бермей,  өзгелерге жұқтырады. ЖҚТБ жұқпасы және В, С гепатиты. Бұл жұқпа жыныс қатынасы және қан арқылы жұғады. Жұқпаға шалдықпау үшін жыныс қатынасы кезінде мүшеқап киіп, тосын кездесетін жыныс  қатынастарынан қорғану қажет. Медициналық емшара кезінде заласыздандырылған  құралдар қолдану шарт. Жұқпамен ауыратын ана құрсағындағы нәрестеге бұл қатерлі  ауруды жұқтырып, ұрпағының өміріне қауіп тудырады. Қандай да жұқпалы дерттердің белгілері көріне бастаған сәттен бастап дер кезінде,  уақтылы дәрігерге қаралуды міндетіміз деп білейік. Ұрпағымыздың болашағы өз  қолымызда. Дені сау ұрпақ мемлекетіміздің тұтқасы. Сондықтан, «Ауырып ем іздегенше,  ауырмайтын жол іздеп» барлық талап­шарттарды сақтап, өз денсаулығымыздың  қорғаушысы болайық, халайық! Студенттердің өздік жұмыстары, (жаңа білімді қалыптастыру) 1)Жыныс  катынасы аркылы жугатын аурулар 2) Жыныс   мушелери аркылы берилетин инфекциялар Үйретілген материалдарды бекіту Систематикалык блок сызбасын курастыру Постер дайындау  Үй тапсырмасының мазмұны. Жыныстық қатынас арқылы жұғатын инфекциялық аурулар доклад дайындап келу. Құрастырған:   Оқытушы  ___________________   Алпысбаева А.К       «___» _________________ 20__ ж Келісілді:  ЦӘК төрайымы     ______________ Мусабаева А.К        «___» _________________ 20__ ж Ф3­КП­08­18 Оқу сабағының жоспары Алматы мемлекеттік көлік және коммуникациялар колледжі Алматы қаласы білім беру Государственное коммунальное басқармасының «АЛМАТЫ МЕМЛЕКЕТТІК КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ» Мемлекеттік коммуналдық  казенное предприятие  «АЛМАТИНСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ КОЛЛЕДЖ ТРАНСПОРТА И КОММУНИКАЦИЙ» Управления образования  қазыналық кәсіпорны города Алматы Бекітемін Директордың  ОӘЖ   топтары орынбасары А­1­1 Жесекбаева А.К. В­1­1 ______________  С­1­1                            «___» __________ 20 __ж Д­1­1   мерзімі       № __4__   ОҚУ САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ  Сабақтың тақырыбы: Ішімдіктің зияны,алдын алу шаралары  Сабақтың мақсаты:Оқушыларды қоғамға, адам ағзасына алкогольдің теріс әсері туралы  түсінік бере отырып, салауатты өмір сүре білуге тәрбиелеу.                                               САБАҚТАРДЫҢ БАРЫСЫ « Алкоголь деген не? Алкоголь – бұл қосындыларды ашытудан алынатын есірткі. Ол  шарапта, сырада болатынын масаңдататын элементтен тұрады. Алкоголь – күллі әлемге  таралған, ертеден келе жатқан есірткі. Алкоголь әдетте қанға араласады, одан миға  шабады, алкоголь адам ағзасы үшін өте улыкі шындық, бір өтірік» Әр қатысушы өзі туралы  екі шындық, бір өтірік айту керек «Екі шындық, бір өтірік» Әр қатысушы өзі туралы екі шындық, бір өтірік айту керек. Ішімдікке салынудың белгілер: Спирттік ішімдікке тәбетінің тартып тұруы. Бас жазу  синдромы, яғни, ағза алкогольсіз дұрыс қызмет ете алмағандықтан ішкісі келіп тұру.  Алкогольге деген тұрақтылық. Алкогольді жүйелі түрде қолдану сипаты. Жас адамға кеңес: Ішімдік – жас организм үшін өте қауіпті. Ішімдік пен спорт бір­біріне  қарсы ұғымдар Ішімдік – түрлі қылмыстарға апаратын тура жол! Бауыр Бауыр жұмысының соншалықты бұзылуының белгісі ас қорыту және қан тамырлары  жүйесінде көрініс береді. Бауыр циррозы – бұл бауырдың бұзылуы, бауырдың сау  клеткалардың өлуі. Цирроз алкогольді шамадан тыс көп пайдаланғаннан пайда болады. Ми Алкоголь қанмен тарайтын болғандықтан, ол адам ағзасының барлық жеріне жетеді.  Санаулы минуттардан соң миға жетеді. Алкогольдің мидың жұмысын тежегіш әрекеттері  бар. Алкоголь есте сақтау мен есте қалған мәліметтерді шығаруға жағымсыз әсер етеді. Ф3­КП­08­18 Оқу сабағының жоспары Алматы мемлекеттік көлік және коммуникациялар колледжі Сезім органдары Алкоголь көздің, сонымен қатар құлақтың қызметін төмендетеді.  Адамның дәм тату, иіс сезіну мүмкіндігі алкогольден әлсірейді. Барық қозғалыс адамның  миымен бақыланады. «Не болуы мүмкін?» «А» тобы. Егер барлық дәрігерлер үнемі ішімдікті пайдаланса, онда  біздің қоғамымызда не болуы мүмкін? «Б» тобы. Егер барлық педагогтар үнемі ішімдікті  пайдаланса, онда біздің қоғамымызда не болуы мүмкін? «В» тобы. Егер барлық ішкі істер  бөлімінің қызметкерлері үнемі ішімдікті пайдаланса, онда біздің қоғамымызда не болуы  мүмкін? «Г» тобы. Егер барлық спортшылар үнемі ішімдікті пайдаланса, онда біздің  қоғамымызда не болуы мүмкін? Қорытынды Ішімдік – жүйке уы. Ішімдік – қан – тамыр жүйесін бұзады. Ішімдік – адам  ағзасындағы барлық органдар мен жүйелер тіндерін өлтіреді. Ішімдік салдарынан  бұзылмайтын ағза болмайды. «Мас күйінде» ұрықтану нәтижесінде пайда болған балалар  көбіне кемтар болып туады. Болашақ ана тек өзінің өмірін ғана емес, ұлт болашағын да ойлау керек! «Вернисаж» тренингі    Әр топ келесі адамдардың суретін салу керек. «А» тобы Темекі  шегетін адамның суретін сал «Б» тобы Ішімдік ішетін адамның суретін сал «В» тобы  Есірткіні пайдаланатын адамның суретін сал «Г» тобы Дені сау, спортпен шұғылданатын  адамның суретін сал Студенттердің өздік жұмыстары, (жаңа білімді қалыптастыру) 1)Жыныс  катынасы аркылы жугатын аурулар 2) Жыныс   мушелери аркылы берилетин инфекциялар Үйретілген материалдарды бекіту Систематикалык блок сызбасын курастыру Постер дайындау  Үй тапсырмасының мазмұны. Жыныстық қатынас арқылы жұғатын инфекциялық аурулар доклад дайындап келу. Құрастырған:   Оқытушы  ___________________   Алпысбаева А.К       «___» _________________ 20__ ж Келісілді:  ЦӘК төрайымы     ______________ Мусабаева А.К        «___» _________________ 20__ ж Ф3­КП­08­18 Оқу сабағының жоспары Алматы мемлекеттік көлік және коммуникациялар колледжі Алматы қаласы білім беру Государственное коммунальное басқармасының «АЛМАТЫ МЕМЛЕКЕТТІК КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ» Мемлекеттік коммуналдық  казенное предприятие  «АЛМАТИНСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ КОЛЛЕДЖ ТРАНСПОРТА И КОММУНИКАЦИЙ» Управления образования  қазыналық кәсіпорны города Алматы Бекітемін Директордың  ОӘЖ   топтары орынбасары А­1­1 Жесекбаева А.К. В­1­1 ______________  С­1­1 Д­1­1                            «___» __________ 20 __ж   мерзімі       № __5__   ОҚУ САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ  Сабак такырыбы: Шылым шегудің зияны, алдын алу  шаралары Сабақ мақсаты: Білімділік. Темекінің зиянды әсерлерін ашу, жас жеткіншектердің темекі шегуді  бастамауы туралы сезімін қалыптастыру. Дамытушылық. Темекінің тарихы оның, адам ағзасын улайтыны туралы түсініктерін  кеңейте түсу. Тәрбиелік: Шылым шегудің зиянды жақтарын аша отырып, сақтану жолдарын, ұжым  болып жұмыс істеуге, бірін­бірі тәрбиелеуге үйрету, денсаулығын сақтауға  жауапкершілігін ояту. Кім жылдам. Сұрақтарға жауап беру 1­топ. 1.Темекі тарту қай ғасырда, қай жылы пайда болды?­1946 ж 2.Темекіні Еуропаға кім әкелді?­Х. Колумб пен оның достары 3.Еуропада темекі тартумен күрес қай ғасырда басталды?­ XYII ғасырда 4.Никотин кімнің есімімен байланысты қойылған? –Францияның Португалиядағы  Ф3­КП­08­18 Оқу сабағының жоспары Алматы мемлекеттік көлік және коммуникациялар колледжі елшісі Жан Никонның есіміне байланысты. 5.Адамдар темекінің зиянын біле тұрып тарта береді дейді, осы рас па? –Рас 6.Темекінің жасыл жапырақтарында қанша пайыз никотин болады? ­9 пайыз 7. Үндістер темекі өсімдігін қалай атады? –кохоба 8. Орыс жазушысы Л. Н. Толстойдың қай еңбегінде темекі туралы жазылған?– Балалық,Есею, Жастық трилогиясында. 9.Темекі туралы ең алғашқы кітапты кім жазды? –Эрсандесу де Овьеди 10.Никотиннің қасиеттерін атап шық? –Сары сұйық зат, суда, майда жақсы ериді. 2­топ. 1.Темекінің құрамындағы улы зат не деп атайды? – Никотин 2.Темекі тартуда қандай химиялық үрдіс жүреді? –Құрғақ айдау 3.Еуропада темекіні не деп аталды? –Табаго, табак. 4.Темекіден туындайтын аурулар? –қолқа демікпесі,өкпе, жүрек, бауыр, т.б. аурулар. 5Адам үшін никотиннің өлімге әкелетін мөлшері қандай? ­35­70 мг 6. Адамдардың ортақ ісі, қарым­қатынасын оңайлатуға, пікірлесуге жеткізетін ермек  әрекеті. – Темекі тарту. 7. Салмағы 16­20 кг итке қанша тамшы никотин берсе сеспей қатады? – 1 тамшы 8. Темекі шегіп тұрып қандай заттарды іске асыруға болмайды. –Жүзу, баскетбол  ойнау 9. Қай елде темекі тартушылардың басын кесіп, дарға асқан? –Англияда 10. темекі құрамы неден тұрады? –Органикалық, бейорганикалық. Үй тапсырмасы. Баяндама 1­топ Темекі шегіп үйренудің негізгі шыңы 13­19 жас. Темекінің негізгі әсер етуші  компоненті­никотин. Бұны тұңғыш рет1828 жылы Почельт пен Рейман бөліп алған.  Темекі жапырағында никотин мөлшері 1­1,5 , кейбір сорттарында 6­8 , ал салмағы 1г  бір темекіде 10­15 мг, ал салмағы 10г темекіде 150мг никотин болады. Химиялық таза күйдегі никотин ­ дәмі ащы, майлы мөлдір сұйықтық. Шылымқұмарлар шылымды  никотин жинақталатын тұқылына дейін сорған кезде осындай дәмді сезеді. Никотин­негізінен жүйке жүйесіне, ас қорыту, тыныс алу және жүрек қан тамырлар  жүйесіне әсер ететін күшті у. Никотинмен уланудың белгісі қандай? Бұл кезде – Сілекейдің шұбыруы, лоқсу, терінің бозаруы, әлсіздік, бас айналу,  ұйқының бөлінуі байқалады. Бұған­қорқыныш сезімін, бастың ауруы, құлақтың  шыңылдауы, тамыр соғуының жиілеуі, организмнің басқа қызметтерінің бұзылуы  себептерін қосуға болады.  Өкпе пәлесі Никотин Әр түрлі жұқпалы аурулар Жүрек ұстамалы аурулары Өңеш пәлесі Тамақ аурулары Шыдамсыз Еріншек Ұмытшақ Темекінің денсаулыққа әсері Қазақстанда шамамен халықтың 1/3 бөлігі 62 пайыз ерлер, 18 п­з әйелдер темекі  тартады. Жыл сайын елімізде 23­24 мың адам темекі тарту салдарынан болған  аурулардан қаза болуда. Ф3­КП­08­18 Оқу сабағының жоспары Алматы мемлекеттік көлік және коммуникациялар колледжі Оқушыларға күніне, аптасына және жылына темекіге қанша ақша жұмсалатынын  есептеу. Күніне 1қорап темекі ­60 теңге 60 теңге – 7 күн – аптасына 420 теңге 420 теңге­4 апта – айына 1680 теңге 420 теңге ­52 апта – жылына 21840 теңге Темекі тастаған адамдардың жауаптары: ­ өкпе пәлесінің, жүрек, қан тамырлар ауруларының қатері төмендейді. ­ жеңіл дем аламын. ­ ақшам үнемделеді. ­ дені сау ұрпақ әкелуге мүмкіндігім бар. ­ өз даламның алдында қысылмаймын. ­ киімім, шашым және денім сау таза. «Өз денсаулығың ­ өз қолыңда». 2­топ Темекі ­ заңды түрде қолдануға болатын есірткі түрі. Темекі жапырағында  танин, желім,шайыр,крахмал және алколоидер бар өсімдік.Темекі түтінінде 30­астам  улы заттар бар: Никотин, Көмір қышқыл газы, Көміртек тотығы, Көгеретін қышқыл,  Аммиак, Шайырлы заттар, Органикалық қышқылдар және басқалары. Темекіден  ауаға жылына 720 мың тонна күкірт қышқылы, 384 мың тонна аммиак, 180 мың тонна  никотин, 660 мың тонна темекі майы, 550 мың тоннадай иісті газ шығады. Сигареттің  1­2 қорабында никотиннің өлімдік мөлшері бар. Темекішілді құтқаратыны, бұл  мөлшердің организмге бірден емес, бөлшектеніп түсетіні. Шылым шегу – зиян қызмет, оған күш салмай тастауға болмайды. Ол нағыз  нашақорлық, және оны көбі шындап көңілдеріне алмайтыны, аса қауіпті. Жыл сайын дүние жүзінде темекі шегудің салдарынан 4млн адам қайтыс болады  екен. Бүгінде жер шарында 1,2 млрд адам темекі шегетін көрінеді.Қазақстанда 5  миллионға жуық адам темекі шегеді екен. Оның басым бөлігі орта жастағы адамдар. Темекі тартатын адам күніне орта есеппен 200 рет, айына 6 мың рет, жылына 72 мың рет ішке түтін тартса, ал 45 жастағы адам өмір бойына 2 млн рет темекі тартады  деседі. Қызығы сол, темекі шегуді о баста «ойнап» бастаған 100 адамның 80­і  біртіндеп тұрақты шылымқорға айналды. «Темекі тәнді зақымдайды, ақыл­ойды күйзелтеді, тұтас ұлтты топастандырады». Темекінің түтінінде өте улы зат ­никотин бар. Шылым шеккенде адам ауамен бірге  темекінің де түтінін де жұтады.Бұл түтіннің ішінде улы газ, шаң, күйе болады.  Шылымның күніне 20­сын тартқан адам 90мл г никотин жұтады. Алғаш темекі тартқанда адам уланады: басы айналады, жүрегі қағады, құсады, қол­ аяғы дірілдейді. Темекі құрамындағы никотин тыныс жолдарының сілекейлі  қабықшасын тітіркендіріп, оны қабындырады. Сөйтіп, қорғаныш қасиеті нашарлаған  сілекейлі қабықша арқылы ауру туғызатын микробтар енеді. Ф3­КП­08­18 Оқу сабағының жоспары Алматы мемлекеттік көлік және коммуникациялар колледжі Адам неғұрлым өте ерте бала кезінен шылым шегумен айналысса, соғұрлым пәле  ауруына жиі шалдығатыны дәлелденген. Өкпедегі пәле ауруымен ауырғандардың 97  пайыз шылым шегетіндер. Шылым шегу адам өмірін қысқартады.Күніне 1 қорап темекі тартқан адам мөлшерден артық 3,5 сәулеленуге ұшырайды. «Жас жеткіншек! Өздеріңе айту менің борышым­көк түтінмен уланба.» «Пікірталас» 1­топ Қазақстанда әр жүз мың адамның 400­500 туберкулез ауруына шалдығып,  өмірлерімен қоштасқан. Себебі: 2­ топ Бүгінгі күнде біздің елімізде өз денсаулығын жақсарту үшін әр түрлі дәстүрлі  емес сауығу әдістері мен шұғылданады. Осы дұрыс па? Топ жетекшілерінің сайысы. «Күркілдеуік» тобы Темекі тарту кезінде адам бір улы газбен дем алады,сол газ автомобиль  двигательдерінен де шығады, ол қандай газ? –Бұл иіс газы­СО өте улы газ. Қанның  қызыл түйіршігіндегі оттегінің мөлшерін азайтады. 2. Жылқыны сеспей қатыру үшін қанша никотин тамшысы керек?­ 7­8 тамшы 2 – топ «Шиқылдауық» Ауаның қалыпты құрамын, өкпедегі қан айналымды бұзу үшін қанша темекі қажет?­ Мұның барлығына 1 дана ғана темекі жетіп жатыр 2.Егер адам күніне 1 қорап темекі тартса, бір жылда оның өкпесіне қанша смола  жиналады? – 1 литр шамасында Тығырықтан шығу: 1­топ Сенің достарың темекі шегеді. Ал сен темекі шекпейсің. Сол үшін сен достарың  шеттеді. Не істер едің? 2 – топ Сенің папаң күндіз­ түні темекі шегеді, тіпті дастархан басында да.Ал сенің  оған жаның ашиды.Оның темекі тастауына қалай ықпал етер едің? Жалғасын тап 1­ топ Арақ ішіп, ................ шеккен, Денсаулықтың түбіне жеткен. Темекі­сигареты 2. Темекі шегу­ ........................ орынсыз Тілегінен туған .................... 2­ топ 1 Темекі­ тегін келмейді ......................................... Теңгеге келеді 2Темекі шеккенің, ......................... шеге қаққаның. Темір табытқа Ф3­КП­08­18 Оқу сабағының жоспары Алматы мемлекеттік көлік және коммуникациялар колледжі Екі топ темекі туралы көрініс қояды. 1­топ. «Темекі және ұрпақ» 2­топ «Темекінің пайдасы мен зияны» Екі топ өздері даналар сөзін темекі тастаушыларға ақыл кеңеспен оқушылардың жас  өмірлерін жат әдеттер мен зиянды заттарға толтырмай, өз денсаулығына көңіл бөліп, салауатты өмір салтын берік ұстануға шақырып сабақ қорытындыланады. «Темекі қоюшыларға ақыл кеңес» оқылды. Даналар сөзі ­ Жағымсыз әдеттерден арылу бүгін оңай, ертең кеш. Конфуций ­ Арақ ішіп темекі шеккен Денсаулығының түбіне жеткен «Раббымыз, біз өзімізге­өзіміз зұлымдық қылдық. Егер Сен бізді кешіріп, рахым  етпесең, әлбетте зиян шегушілерден боламыз» (Құран. «Ағраф» сүресі: 23­аят). «Өздеріңді­өздерің өлтірмеңдер!» (Құран. «Ниса» сүресі: 29­аят). Қазіргі дамыған медицина темекі шегудің адамды «баяу өлімге» алып баратын бірден­ бір зиянды зат екенін айтып, әрбір тал темекі адам өмірін 12 минутқа  қысқартатындығын анықтаған. Арақ ішіп, темекі шеккен, Денсаулығының түбіне жеткен (Халық даналығы). Денсаулыққа зор кесел, Үйрете көрме ауызды, Насыбай менен шылымға (Шораяқтың Омары).. Арақты да ішпейміз Темекі де тартпаймыз Елбасымыз «Қазақстан­ 2030» бағдарламасын Мәңгі есте сақтаймыз. –ұранымен көңілді тапқыштар клубының кезекті сайыс сабағы  ақталды. Қош сау болыңыздар Ф3­КП­08­18 Оқу сабағының жоспары Алматы мемлекеттік көлік және коммуникациялар колледжі Ф3­КП­08­18 Оқу сабағының жоспары Алматы мемлекеттік көлік және коммуникациялар колледжі Алматы қаласы білім беру басқармасының «АЛМАТЫ МЕМЛЕКЕТТІК КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ» Мемлекеттік коммуналдық  қазыналық кәсіпорны Государственное коммунальное казенное предприятие  «АЛМАТИНСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ КОЛЛЕДЖ ТРАНСПОРТА И КОММУНИКАЦИЙ» Управления образования  города Алматы Бекітемін Директордың  ОӘЖ   топтары орынбасары А­1­1 Жесекбаева А.К. В­1­1 ______________  С­1­1 Д­1­1                            «___» __________ 20 __ж № __7_   ОҚУ САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ  Сабак такырыбы: Нашақорлық және токсикомания зардабы   мерзімі       Наркоманиялар мен токсикоманиялар – психоактивті заттарды, оның  ішінде наркотикалық заттарды шектен тыс қолдану нәтижесінде  пайда болатын созылмалы интоксикациялық аурулар. Олар осы  Ф3­КП­08­18 Оқу сабағының жоспары Алматы мемлекеттік көлік және коммуникациялар колледжі заттарға патологиялық әуестікпен, психикалық және физикалық  тәуелділікпен, нейротропты заттардың дозасын оларға  толеранттылықтың жоғарылауымен байланысты біртіндеп көтерумен,  және де тұлға деградациясына нақты тенденциямен психикалық  бұзылыстардың пайда болуымен сипатталады. Наркоманиялар мен токсикоманиялар негізінде психикалық және  физикалық тәуелділік түзілуін қамтамасыз ететін нейрохимиялық  үрдістерге психоактивті заттардың әсеріне ұқсас патогенетикалық  механизмдер жатыр. Сонымен қатар бұл аурулар арасында  клиникалық және заңды аспектілер тарапынан ерекшеліктер бар. Наркоманияларға наркотикалық заттар тізіміне енгізілген дәрілік  немесе басқа заттарды шектен тыс қолдану нәтижесінде пайда  болатын аурулар жатады. Токсикоманиялар – наркотикалық заттар  тізіміне енгізілмеген дәрілік немесе басқа заттарды шектен тыс  қолдануға байланысты туындайтын аурулар. Бірақ мұндай заттарды  шектен тыс қолдану ауқымды мөлшерге жетсе, бұл дәрілер немесе  заттар наркотиктер тізіміне енгізіледі және оның нәтижесінде  дамыған ауру наркомания ретінде квалификацияланады. Наркомания тарихы мыңжылдықтарды өткерді және біздің  цивилизацияның алғашқы ескерткіштері бойынша бізге танымал.  Өркендеген технология және тазартылған белсенді наркотикалық  препараттарға қол жеткізу арқасында наркотикалық және басқа да  психоактивті заттарды шектен тыс пайдаланудың зиянды саладыры  анықталуда. 20 ғасырдың басынан бастап опий препараттарын шектен тыс  қолдану тарала бастады, ол кезде оны қолдану едәуір шектеулі  сипатта еді. Кейіннен кокаинизм тарала бастады. БҰҰ өз қызметінің  алғашқы жылдарында наркотиктер класын анықтады және олардың  өндірілуіне және таралуына халықаралық бақылау енгізді. БҰҰ әрбір  препаратты патологиялық әдеттену шақыру мүмкіндігіне қарай  бағалауға ұсыныс жасады. Қазіргі уақытта ондаған заттар  наркотикалық тәуелділік шақыра алады. «Наркотикалық зат» ұғымын талдаудың үш аспектін ажыратады:  медициналық, әлеуметтік және заңды. Осы үш критерий болған  жағдайда ғана зат заңды аспектіде «наркотикалық зат» деп  танылады. Медициналық көзқарас бойынша заттың орталық жүйке жүйесіне  арнайы әсері (седативті, ынталандырушы және т.б.) ол затты  Ф3­КП­08­18 Оқу сабағының жоспары Алматы мемлекеттік көлік және коммуникациялар колледжі медициналық емес мақсатта қолдануға себеп болса наркотикалық зат болып есептеледі. Әлеуметтік аспектіде затты медициналық емес мақсатта қолдану  әлеуметтік маңыздылықтағы масштабқа ие болғанда наркотикалық  зат болып саналады. Заңды көзқарас бойынша жоғарыда көрсетілген критерияларға  сүйеніп, сәйкес жауапты инстанция (денсаулық сақтау министрі)  затты наркотикалық деп танып, наркотикалық заттар тізіміне  енгізгенде зат наркотикалық деп танылады.   Наркотикалық заттарды бірнеше топқа біріктіруге болады: опий және  оның препараттары (омнопон, пантопон), опий алкалоидтары және  дериваттары (морфин, кодеин), морфин тәрізді әсері бар  синтетикалық препараттар (промедол және т.б.). Осы топқа көкнәр  сабағынан және басынан қолда жасалған препараттар және сора  (конопля) препараттары (гашиш, анаша, план, және т.б), ОЖЖ­ң  стимуляторлары (фенамин, центедрин және т.б), кокаин,  галлюциогендер, ұйықтататын препараттар (ноксирон) жатады. «Наркомания» диагнозын қою үшін аурудың клиникалық белгілері  болуы керек: наркотикалық заттарды үнемі қолдану,  толеранттылықтың айқын өсуі, түзілген психикалық тәуелділік және  т.б. Наркотикалық заттарды жоғарыда аталған белгілердің дамымауымен  медициналық емес мақсатта қолдану жағдайында (әлі дерт  түзілмегенде) «наркотикалық препараттарды шектен тыс қолдану»  диагнозын қойған дұрыс. Осыған байланысты медициналық  мекемелерде есепке тіркеледі: бір жағдайда ­ диспансерлік есепке,  екінші бір жағдайларда ­ профилактикалық бақылауға алынады. АҚШ­ғы (ХХ ғасырдың басында) әйгілі героинді шектен тыс қолдану,  Канадада кодеинді (30 жылдарда), Жапонияда амфетаминді,  Скандинавияда (40 жылдары) барбитураттарды шектен тыс  қолданудың тұтанысынан кейін наркоманиялар ауру ретінде  қарастырыла бастады. Наркоманияның әлеуметтік маңызы өте зор, себебі ол қоғамға аса  ауыр негативті әсер тигізеді, халық арасында тез тарауға бейім және  халық денсаулығына залалды әсер көрсетеді. Ф3­КП­08­18 Оқу сабағының жоспары Алматы мемлекеттік көлік және коммуникациялар колледжі Наркомания патогонезі өте күрделі және әлі толық зерттелмеген.  Наркомания патогенезі жөніндегі қазіргі мәліметтер психоактивті  заттардың созылмалы әсерінен болатын мидың патологиясы мен  гомеостаз бұзылыстарына негізделеді. Ауру патогенезіндегі басты  рөл нейрогуморальды бұзылыстарға және нейромедиаторлар мен  рецепторлар функциясының өзгерістеріне беріледі. Наркоманияның клиникалық көрінісі   Наркоманияның жеке түрлерінің клиникалық көріністері, олардың  динамикасы аурудың түзілуіне алып келген шектен тыс қолданылған  затпен тығыз байланысты. Наркоманияның әр түрін біріктіретін ортақ  белгілері бар. Наркотик қабылдағаннан кейін наркоманияның әртүрлі  формаларында байқалатын наркотикалық мастану жағдайы пайда  болады. Наркотикалық мастанудың клиникалық көрінісі көтеріңкі көңіл­ күймен, күлегештікпен, алаңғасарлықпен, зейін елітпелігімен, ойлау  жылдамдауымен, қозғалыстық қозумен немесе, керісінше босаңсумен  (обнубиляция), қозғалыс координациясының бұзылуымен, тұрақсыз  жүріспен көрінеді. Кей жағдайларда ашушаңдық, тітіркенгіштік,  агрессивтілік байқалады. Тері жабындыларының гипермиясы немесе бозаруы, көздердің  бұлыңғырлануы және олардың тынышсыз жылтыры, қарашықтардың  тарылуы немесе кеңеюі болады. Ағза реактивтілігінің өзгеруі  нәтижесінде түзілетін наркоманиялар мен токсимониялардың барлық түрлерінің ортақ белгілері дәрілік және басқа  заттарға психикалық және физикалық тәуелділік, және  де толерантылығының өзгеруі болып табылады. Психикалық тәуелділік ­ препаратты наркотикалық әсер тудыру  немесе психикалық дискомфорт синдромын жою мақсатында  қолдануға дертті сипаттағы талпыныс (үнемі немесе кезеңмен пайда  болатын). Наркотикалық препаратқа дертті талпыныстың даму  жылдамдығы бірқатар факторлармен, соның ішінде маңыздысы,  препараттың наркогенді әсерімен анықталады. Күшті наркогенді әсер опий және оның туындылары – кокаинге тән, ал наркогенді қасиеті  төмен ­ гашиш және ОЖЖ­нің ынталандырушылары болып табылады. Ф3­КП­08­18 Оқу сабағының жоспары Алматы мемлекеттік көлік және коммуникациялар колледжі Физикалық тәуелділік ­ наркотикалық препараттарды созылмалы  қолдану нәтижесіндегі дертті жағдай, препаратты қолдануды  тоқтатқаннан кейін, және де наркотикалық препараттар әсерін  олардың антогонистімен басқанда пайда болатын айқын физикалық  және психикалық бұзылыстармен көрінеді. Бұл күй наркотикалық препараттың немесе оның антогонистінің  кезекті дозасын енгізгенде басылады. Толеранттылықтың өзгеруі наркотикалық препараттарға әдеттену  синдромымен сипатталады, бұрынғы психофармакологиялық  нәтижеге жету үшін наркотикалық заттардың мөлшері барған сайын  ұлғайтылып отырады. Наркомандар дәрілік наркотикалық препараттардың медициналық  мақсатта қолданылатын мөлшерінен 5­10 рет жоғары мөлшерін  қабылдай алады. Наркомания түзілуінде шартты түрде 3 сатыны ажыратады. Бастапқы саты, немесе адаптацияның І сатысы, ағза реактивтілігінің  өзгеруі және психикалық тәуелділік пайда болуымен сипатталады. Екінші, немесе созылмалы сатыда физикалық тәуелділік толық  қалыптасады. Кеш, немесе ІІІ сатысы ағзаның барлық жүйесінің қажуы,  толеранттылықтың, жалпы реактивтіліктің төмендеуі, созылмалы  ауыр абстиненциямен сипатталады. Наркоманияның әр формасында абстиненцияның клиникалық  көрінісінің арнайы ерекшеліктері болады, осыған сүйене отырып,  клиникалық дифференциальды диагностика жасауға болады. Бұл,  әдетте ауыр психикалық жән Ф3­КП­08­18 Оқу сабағының жоспары Алматы мемлекеттік көлік және коммуникациялар колледжі Алматы қаласы білім беру басқармасының «АЛМАТЫ МЕМЛЕКЕТТІК КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ» Мемлекеттік коммуналдық  қазыналық кәсіпорны Государственное коммунальное казенное предприятие  «АЛМАТИНСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ КОЛЛЕДЖ ТРАНСПОРТА И КОММУНИКАЦИЙ» Управления образования  города Алматы Бекітемін Директордың  ОӘЖ   топтары орынбасары А­1­1 Жесекбаева А.К. В­1­1 ______________    мерзімі Ф3­КП­08­18 Оқу сабағының жоспары Алматы мемлекеттік көлік және коммуникациялар колледжі                             «___» __________ 20 __ж № __8_   ОҚУ САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ  Сабак такырыбы: Туберкулез созылмалы жұқпалы аурулар С­1­1 Д­1­1 Тақырыбы: Туберкулез­жұқпалы ауру Мақсаты: Туберкулез туралы дерек бере отырып оқушылардың өз денсаулығына,  қоршаған адамдардың денсаулығына жауапкершілігін арттыру,жеке бас гигиенасы туралы  түсiнiк қалыптастыру ә) Туберкулез сияқты аурудың пайда болуын, қоғамға, адамға осы аурудың зардабын  түсіндіру, ашып көрсету.  б)Жаман әдеттерден бойларын аулақ салуын, санитарлық­гигиеналық талаптарға сай  болуын қалыптастыру. Тазалыққа, ұқыптылыққа, жауапкершiлiкке тәрбиелеу. Балалар дүние жүзінде халық санының көбеюіне байланысты туберкулез ауруы бұдан 20 ­  жыл бұрынғыға қарағанда едәуір көбейіп отыр. Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәлiметтерi бойынша дүниежүзінде туберкулез ауруымен 8­10 млн адам тiркелiп, 3млн  адам қайтыс болады екен.. Туберкулез өкпе қабынатын ауыр жұқпалы ауру. Ежелгі ғалымдар мен ойшылдарының  жазбаларында туберкулез « көкжөтел – чахотха » ретінде айтылады. Туберкулез  қоздырғышын неміс ғалымы Р.Кох ашқан. Сондықтан бұл бактерияларды Кох таяқшалары  деп атайды. Олар әр түрлі мүшелерді : өкпе, сүйек, буын, бүйрек . зақымдайды. Туберкулез таяқшалары сыртқы ортаға едәуір төзімді болады­ластықта, қақырықта, күнделікті  пайдаланылатын нәрселерде, қоршаған ортада көп уақытқа дейін сақталады (топырақта,  суда, кітапта).  Туберкулез – аса қауіпті дерт. Ауру белгілері көпке дейін білінбейді. Алғашында аздаған  құрғақ жөтел пайда болып, кейін күшейеді, тамаққа тәбеті тартпайды, ұйықтағанда терлеп, кешке қарай дене қызуы көтеріледі, тез шаршайды. Содан кейін жөтел, қан аралас қақырық  пайда болады. Осы белгілер біліне салысымен, неғұрлым ертерек дәрігер­фтизиаторға  қаралу керек. Туберкулез таяқшалары сыртқы ортаға едәуір төзімді болады, топырақта 2  апта, кітап беттерінде 3 ай, суда 5 айға дейін сақтала алады. Туберкулез таяқшаларын ұзақ  уақыт қайнату, тура түскен күн сәулесі, хлорамин және хлорлы әк өлтіреді.  Дәрігермен сұхбат  ­ Ал ендi балалар, бұл ауру туралы дәрігерімізге қандай сұрақтарың  ­ Туберкулез адамға қалай жұғуы мүмкін? Дәрігер: ­ Туберкулез жөтел және қақырық арқылы тарайтын жұқпалы ауру. Сондықтан  өзiңiзге де, өзгеге де еденге, жерге түкіруге жол бермеңіз.  ­ Адамның туберкулез ауруын жұқтырғанын неден байқауға болады? Дәрігер: ­ Туберкулездi анықтаудың бiрден­бiр жолы ­ қақырық тексеру. Егер науқас: ­ Үш аптадан аса жөтелсе; ­ Қан түкiрсе; ­ Үш аптадан аса көкірек тұсындағы ауырсыну басылмаса; ­ Үш аптадан аса қалтырап жүрсе , бұларды туберкулез ауруының хабары деп түсінген жөн. ­ Туберкулез ауруын емдейтін қандай жолдар бар? Дәрігер: ­ Туберкулез ауруы алғаш анықталған науқастар дұрыс емделген жағдайда  түгелдей дерлік сауығып кететiндiгiн тәжірибе дәлелдеп отыр. Ф3­КП­08­18 Оқу сабағының жоспары Алматы мемлекеттік көлік және коммуникациялар колледжі ­ Дұрыс емдеу аурудың алдын­алуда маңызды шара. Ол арқылы аурудың өзгелерге жұғу  қаупі жоғалып таралу жолына бөгет жасалады.Толық емдеу курсын қабылдау қажеттiлiгiне науқасты сендіру де үлкен рөл атқарады. ­ Науқас адамнан таралатын бактерияларды қалай залалсыздандырады? Дәрігер: Мұндай науқастардың қақырығын, төсек орнын және т.б залалсыздандыруда  мыналарды ескеру қажет: ­ Тікелей түскен күн сәулесі туберкулез бактерияларын 5 минут iшiнде өлтiредi. ­ Туберкулез бактериялары 600С­қа қыздырғанда 20­минутта, 700С қа қыздырғанда 5  минутта қырылады. ­ Қолданылған қағаз , қол орамалдарды дереу өртеп жіберу керек. ­ Науқастың көрпе­төсенiштерiн желдету және күнге жою оларды залалсыздандыруда ең  жақсы әрі қарапайым әдiсi. Ендi ауру туралы ойларымызды қорытындылап, алдын­алу туралы айтып өтейік! ­ Аш жүру немесе жөнді тамақтанбау адам ағзасының ауруға қарсылығын азайтатыны –  дәлелдеудi қажет етпейтiн шындық. Темекі шегу мен арақ ішуде тәннің қорғаныс қабiлетiн  нашарлатады.Жұпыны тұрмыспен құлазыған көңіл­күй де организмді әлсiретiп, оның  ауруға қарсылығын төмендетедi. Көбiнесе туберкулездi тұқым қуалаушы ауру деп  есептейді. Бұл сенiмсiз. Туберкулез­жұқпалы ауру. Сондықтан оны жұқтырмау амалдарын  сақтау, ал жұқтырған жағдайда толық емделу шараларын қатаң жүзеге асыру шарт. Сонда  ғана соңғы кездерде өршiп бара жатырған жауыз iндеттiң бетiн қайтарамыз. ­ Мiне балалар сендер туберкулез туралы аз да болса түсiнiк алдыңдар. Осы қауiптi  аурудың болмауы үшiн одан өзiмiздi сақтауда қолымыздан келетiннiң бәрiн жасауымыз  керек. Үнемi таза ауада жүрiп спортпен шұғылдану сiздердiң дендерiңiз сау болып, мықты  болудың кепiлi. Жұмыр жерді мекендеген халықтың сонау, ерте замандардан бері айтылып, ғасырлар бойы  сұрыпталып келген інжу­маржандай асыл да, даналы сөздері бар. Осынау ғибадатты сөздер  адам баласының денсаулығына зиянды әрекеттерді де жан­жақты қамтыған. Медицинада  сөз құдіретінің шарапатына өлшеу жоқ. Азабын арқалатып діңкесіне тиген жаман әдеттен  құтыла алмай, дертке амалсыз көніп, көмек тілеп алдына келген науқасқа дәрігердің тауып  айтқан бір жылы сөзі тамаша қуат береді. Туберкулез - микобактериялармен шақырылған созылмалы жұқпалы ауру. Туберкулез ауру ерте заманнан белгілі. Осы ауруға қарсы арнайы егу жұмыстары жүргізілмеген кезде, оның қоздырғышы анықталмаған кезде, аурудың балалардың арасында көп таралуымен қатар одан өлім де көп болатын. Туберкулезді әлеуметтік аурулар қатарына жатқызады, өйткені ол үй- тұрмыстық жағдайлары нашар, көп балалы отбасындағы балаларда, жалпы экономикасы төмен, нашар дамыған елдерде жиі кездеседі. Кейінгі жылдардағы еліміздегі экономикалық дағдарыстармен байланысты туберкулез ауруы «күшіне еніп отыр». Әлемде жыл сайын туберкулезден 2 миллиондай адам өлімге ұшырап отырады. Олардың ішінде миллионға жуығы әйелдер. Туберкулезден өлген әйелдер өлімінің саны, барлық аналар өлімімен салыстырғанда әлдеқайда артық. Жетім қалған балалар санын осыдан-ақ білуге болады. Ф3­КП­08­18 Оқу сабағының жоспары Алматы мемлекеттік көлік және коммуникациялар колледжі Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы алдымыздағы 20 жылдың ішінде туберкулезбен тағы 200 миллион адам ауырып, 70 миллион адам өлуі мүмкін деп ескертеді. Егер әрбір адам туберкулез туралы жетік білсе және бұл тұрғыда өзінің білімін күнделікті өмірде қолданса, аталмыш дерттің өршуіне және таралуына тосқауыл қоюға болады. Туберкулезді емдеуде және алдың алуында орта буынды медицина қызметкерлерінің жұмысының маңызы зор. Аурудың қоздырғышы – туберкулез микобактериялары немесе КОХ таяқшалары.Оларды 1882 жылы ашқан Роберт Кох деген ғалымның құрметіне аталады.Олар өте төмен температурада, кепкен күйінде де тіршілігін сақтайды, әртүрлі қышқылдар, негіздер және спирт те әсер етпейді. Таралу жолдары. Таяқшалар ауа-сілекей, шаң-тозаң,тамақ және плацента арқылы тарайды. Аурудың көзі – ауру адам және ауру мал. Микобактериялардың организмге ену жолдары: жоғарғы тыныс жолдарының және ас қорыту ағзаларының шырышты қабаты арқылы, өте сирек жағдайларда ауру анасынан құрсақтағы балаға плацента арқылы өтеді. Қорытынды. «Ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол ізде!» Алматы қаласы білім беру Государственное коммунальное басқармасының «АЛМАТЫ МЕМЛЕКЕТТІК КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ» Мемлекеттік коммуналдық  казенное предприятие  «АЛМАТИНСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ КОЛЛЕДЖ ТРАНСПОРТА И КОММУНИКАЦИЙ» Управления образования  қазыналық кәсіпорны города Алматы Бекітемін Директордың  ОӘЖ   орынбасары Жесекбаева А.К. ______________                               «___» __________ 20 __ж Ф3­КП­08­18 Оқу сабағының жоспары Алматы мемлекеттік көлік және коммуникациялар колледжі № __9 ОҚУ САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ  Сабак такырыбы:  АИТВ и ЖИТС алдын алу шаралары (адамның иммун тапшылығы АИТВ вирусы) — адамға өте қауіпті вирустардың бірі. АИТВ   иммундық   жүйені   зақымдайды.   Адамның   иммун   жүйесі бұзылғаннан   кейін,   сау   адамға   қарағанда,   кез   келген инфекцияның алдында дәрменсіз болады. топтары А­1­1 В­1­1 С­1­1 Д­1­1 мерзімі АИТВ   инфекциясының   соңғы   сатысы   –   Жұқтырған   иммун тапшылығы синдромы, ол әр адамда әр қалай, 2­15 жыл ішінде дамиды. АИТВ адамның иммундық жүйесіне бірнеше жыл бойы зиянды   әсерін   тигізгендіктен,   иммун   тапшылығы   дамиды.   Ол дегеніміз,   ағзадағы   зақымданған   жасушалар   саны   жоғары деңгейге жеткенде ағза әртүрлі инфекцияға, вирустарға қарсы тұра   алмай   қалады,   күресуге   шамасы   да   болмайды. Ауру адамда көптеген ауру түрлері дамиды. Бұл дертке қарсы екпе   табылмағанмен,   бұл   бағыттағы   зерттеулер   қарқынды дамуда.   Қазірдің   өзінде   вирус   таралуын   басатын,   ауруды асқындырмайтын, дәрілік препараттар бар. Осы препараттармен 15   жыл   бұрын   ем   бастаған   аурулар   қазіргі   кезде   өздерін жұмысқа қабілетті сезінеді.   инфекциясы АИТВ беріледі? АИТВ жұқтырған адамның қанында, лимфасында, шәухатында, емшек   сүтінде   вирус   концентрациясы   көп   болады.  Берілу жолдары: қалай      мүшеқапсыз жыныстық қатынас кезінде;  жұқтырған қан құю арқылы;  анадан   —   балаға,   жүктілік   және   босанған   кезде,   егер анасында вирус болса; АИТВ жұқпайды: Ф3­КП­08­18 Оқу сабағының жоспары Алматы мемлекеттік көлік және коммуникациялар колледжі  қол   алысқанда,   құшақтасқанда,   сүйіскенде,   бір   ыдысты қолданғанда,   жөтелгенде,   түшкіргенде,   ортақ   төсек­орын жабдықтарын   және   басқа   нәрселер,   дәретхана қолданғанда, жәндік шағып алғанда. АИТВ жолдары: Адамдар   қарапайым   сақтану   шараларына   немқұрайды қарағандықтан жұқтырады. Жұқтыруды болдырмау үшін: жұқтырмау АИТВ          жыныстық қатынас кезінде мүшеқапты қолдану;  косметикалық процедура (маникюр, педикюр, пирсинг, тату, құлақ   тесу)   кезінде   теріні   бүлдірмей,   әрқашанда, зарарсыздандырылған, не бір рет қана қолданатын щприц және   аспаптарды   пайдалану.   Тату,   құлақ   тесу   сияқты процедуралар арнайы кабинетте жасалу керек. Жеке бас гигиенасы құралдарын (қырыну, маникюр ) жеке пайдалану керек; Сабақтын тақырыбы: Иммунитет.ЖИТС­тің алдын алу. Сабақтың білімділік мақсаты: Оқушыларға ЖИТС­тің алдын алу туралы түсініктер беру. Дамытушылық міндеті: Оқытудың беленділігін арттыру,оқу материалдарының мазмұнын өмірмен байланыстыру арқылы оқушылардың білім біліктігін дамыту. Тәрбиелік міндеті: Оқушыларды салауатты өмір сүруге тәрбиелу.. Сабақтың әдісі: тренинг Сабақтың көрнекілігі: тірек­сызба, флипчарт Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі. Амандасу, түгелдеу, сабаққа назар аударту. ІІ. Негізгі бөлім. 1­жаттығу «Ой шабуылы» АҚТҚ және ЖҚТБ туралы сендер не білесіңдер? Індет қандай елдерде кеңінен таралған? Қазақстанда АҚТҚ жұқтырған жағдайлар бар ма? Мұғалімнің түсіндіруі АҚТҚ мен ЖҚТБ ХХ ғасырдың соңында бүкіл адамзаттың алдында пайда болған және  бізбен бірге ХХІ ғасырға енген қасіретті мәселелердің бірі.Бүгінгі таңда АҚТҚ бүкіл  әлемге таралған, Қазақстан да шет қалмаған. Статистика бойынша, 2014­ 1 қаңтарға  тіркелген жағдайларға негізделген АҚТҚ жұқтырғандардың кумулятивті саны 13784  құрайды, оның ішінде ерлер­9985(72,4 ), әйелдер­3799(27,3 ). 14 жасқа дейінгі балалар­5 2 жаттығу Ф3­КП­08­18 Оқу сабағының жоспары Алматы мемлекеттік көлік және коммуникациялар колледжі Бұл ойын иньекциялық есірткі тұтынушылар арасында және жыныстық жолмен АҚТҚ  қалай тез тарайтынын көрсетеді. Ойын барысы: 1.Барлық оқушыларға орнынан тұрып, бір­бірінің қолдарынан ұстап, көздерін жұмып,  шеңберге тұру ұсынылады. 2.осыдан кейін мұғалім оқушылардың артынан келіп, арқасына қолын тигізу арқылы 3  адамды бөледі, олар АҚТҚ жағымды адамдардың ролін ойнайды, бұл жасырын сақталуы  тиіс. 3.Оқытушы оқушыларға көздерін ашып, барлық өздері қалаған адамдарының қолын алуды  ұсынады, мұнда мұғалім белгілеген (АҚТҚ жағымды адамдардың рөлін орындаушы)  оқушы қол алысқан кезде «белгі беру», басқа оқушылардың қолын сәл қысып алуы  керек.Бұл «белгіні алған» оқушы, оны басқалармен қол алысқанда білдіреді.Барлығы 3­4  адаммен амандасып болған соң, мұғалім өзі бөлектеген 3 оқушыны ортаға шақырады, одан  соң кімдер «белгіні» қабылдады, солардың барлығын шақырады.Көптеген оқушылар ортаға шығады. Осы ойында қол алысу АҚТҚ жұқпасын жұқтырудың белгісі ретінде болғанын, ал  шындығында ауру қол алысу арқылы жұқпайтынын түсіндіреді. АҚТҚ тамыр арқылы  есірткі қабылдайтындар бөтен адамның инесін қабылдағанда, сондай­ақ сақтандырылмаған  жыныстық қатынасқа түскен адамдар арасында тез тарайды. Мұнан соң оқытушы міндетті  түрде ойнаған оқушыларды АҚТҚ жағымды адам рөлінен «шығарып», рөлдерді бөлу  шартты түрде, символикалық болғанын және ойын аяқталған соң рөлдің де өз мәнін  жойылатынын түсіндіруге міндетті.Соңында оқытушы барлығына қол ұстасып, шеңберге  тұрып, сөздер айтуды ұсынады, мысалы:« Бұл тек ойын ғана, бірақ біз өзімізді және өз  жақындарымызды қорғау үшін жасаймыз». Жаңа ақпарат . 2007 жылы АҚТҚ індетінің әдістемесін бағалауда жаңа жетістіктерді  қолданып, барлық елдер бойынша мәліметтерге кең спектрлі талдау жүргізу әлемде АҚТҚ­ мен өмір сүруші адамдардың сандық құрамын бағалауда маңызды өзгерістерге жеткізді. Дегенмен індеттің көлемі мен зардаптардың сапалы түсіндіруде көп өзгерістер болған жоқ. 2008 жылы АҚТҚ –мен өмір сүруші адамдар саны Барлығы 33,4 миллион (31,1­35,8 миллион); Ересектер31,38 миллион(29,2­33,7миллион) Әйелдер 15,7 миллион(14,2­17,2 миллион), Жастау балалар 15 жасқа дейінгілері 2,1  миллион(1,2­2,9 миллион) 2008 жылы АҚТҚ­ны жұқтырған адамдар саны; Барлығы 2,7  миллион. Ересектер 2,3 миллион (2,0­2,5миллион); Балалар 15 жастан кіші 430000 (240000­ 610000) 2007 жылы АҚТҚ індетін күніне 7400­ден астам адам жұқтырған. Олардың 1000­ға жуығы 15жасқа дейінгілер арасында, 50% жуығы әйелдер арасында, 45%жуығы 15­24 жас аралығындағы жастар арасында Қазақстандағы жағдай Қазақстанда АҚТҚ жұқтыру жағдайы алғаш рет 1987 жылы тіркелді Қазіргі есептеулер бойынша елде 13500­дей адам АҚТҚ менөмір сүруде. Індет Қазақстанның барлық аймақтарына дерлік тараған. АҚТҚ жұқпасы ең көп тіркелгені  Алматы қаласы, Павлодар, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары болып  отыр.15­49 жас аралығындағылар ­95% құраса, оның ішінде 15­19 жастағылар­7% 2010 жылғы тіркеулер мәліметі бойынша, АҚТҚ­мен өмір сүруші екіқабат әйелдердің  үлесі 6,7 құрады. Елде АҚТҚ жұқтырған аналардан 457 бала өмірге келді. АҚТҚ диагнозы 29 балада анықталды, 232 бала жағымсыз нәтиже берді, 24 бала қайтыс болды. АҚТҚ  жұқтырған аналардан туған 153 баланың АҚТҚ статусы бақылау мерзімі  аяқталмағандықтан нақты анықталмаған. АҚТҚ індеті елде қазіргі уақытта шоғырлану  кезеңінде және инемен есірткі қабылдайтындар арасында өте көп кездеседі. 3 жаттығу Шағын топтағы жұмыс «Орман» ойыны Мұғалім оқушыларға ағаштардың түрлерімен санамақ айтуды ұсынады: Ф3­КП­08­18 Оқу сабағының жоспары Алматы мемлекеттік көлік және коммуникациялар колледжі Қайың, шырша, қарағай т.т. Содан соң ағаштардың атымен 3 топқа «шеңбер түрінде»  бірігеді. Оқытушы әр топқа мына сұрақтарды талқылауды ұсынады: АҚТҚ жұқпасы жеке адамға, тұтас қоғамға қалай әсер етеді? Талқылау қорытындысы қағазға жазылады, әр топ өз жұмысының қорытындысын ұсынады. 4 жаттығу. Тест «Аңыз немесе шындық» Оқушылар шағын топтарға бөлініп өткен тақырыптарды бекіту мақсатында тест  толтырады. ІІІ. Қорытындылау. ІҮ.Бағалау. Алматы қаласы білім беру Государственное коммунальное басқармасының «АЛМАТЫ МЕМЛЕКЕТТІК КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ» Мемлекеттік коммуналдық  казенное предприятие  «АЛМАТИНСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ КОЛЛЕДЖ ТРАНСПОРТА И КОММУНИКАЦИЙ» Управления образования  қазыналық кәсіпорны города Алматы Ф3­КП­08­18 Оқу сабағының жоспары Алматы мемлекеттік көлік және коммуникациялар колледжі Бекітемін Директордың  ОӘЖ   орынбасары Жесекбаева А.К. ______________  топтары А­1­1 В­1­1 С­1­1 Д­1­1                            «___» __________ 20 __ж   мерзімі №  __9 ОҚУ САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ  Сабак такырыбы: Миқұрт ауруынын себебтері,алдын алу шаралары Миқұрт (менингит) — бұл халық арасында көп таралған дерттiң бiрi, өте қатерлі ми ауруы, мұнымен көбінесе балалар ауырады. Ол басқа аурулардың, шешек, мысқыл (шықшыт безінің қабынуы), көкжөтел немесе құлақтың қабынуы сияқты аурулардың асқынуынан болады. Туберкулезбен ауыратын анадан туған балалар кейде туғаннан кейінгі алғашқы айларда туберкулез менингитімен ауырады. Оның неше түрлi кезеңiмен көптеген адамдар ауырады. Ертеде бұл аурумен науқастанған жан ем табылмауы себептi көп өмiр сүрмеген. Ал, бүгiнгi таңда жетiлген медицинаның көмегiмен құлантаза айығып кететiн адамдар саны артып келедi. Көбiне суықтан болатын бұл кесел ми мен жұлынның жұмсақ қабықтарының қабынуынан туындайды. Ең алғаш рет оған қарсы емдiк препаратты 1887 жылы А. Вейксельбаум ойлап тапқан болатын. Сонымен қатар менингит бактериясы жөтелу кезiнде ауа арқылы жұқпалы түрге алмасады. Мұрынға түскен бактерия жұлынға жетiп, қан айналымына енiп, қоздырғыштарды күшейтедi. Менингиттiң жұқпалы түрiне шалдыққан адам ауруды таратушы болып саналады. Сонымен қатар менингит жүйке жүйесiне қатты әсер етiп, нәтижесiнде менингиттiң жүйке жүйесiне әсер ететiн түрiне шалдыққандардың 20 пайызы өз өмiрiмен қоштасады. Менингиттiң туындауы — адамдардың тығыз орналасуынан, тазалық сақтамаудан, сонымен қатар, ауруды тарататын ошақтардың жақын болуынан. Сондай-ақ, кейде денеге түскен жарақаттан, құрт ауруынан, тұмау мен iш сүзегiнен де пайда болады. Аурудың барысы Ауру бастапқы кезеңде екi түрге бөлiнедi. Жедел және созылмалы болатын бұл аурудың ең күрделiсi мида iрiңдi түрде болатын менингиальдық синдромы. Аурудың алғашқы белгiлерi — ауру жұққаннан кейiн 10-12 күннен соң ағзада бас ауру, лоқсу, ауыз құрғап, қызу көтерiлу, Ф3­КП­08­18 Оқу сабағының жоспары Алматы мемлекеттік көлік және коммуникациялар колледжі дауыс қарлығып, өңi бозару секiлдi инкубациялық кезең өтiп, денеде қызғылт түстi дақтар пайда болады. Дене қызуы 40-қа жоғарылап, бұлшық еттер тырыса бастайды. Дер кезiнде емделмесе көп жағдайда сал болып қалуы да мүмкiн. Жарыққа қарай алмай, қатты дауыстан қорқып, есiнен адаса бастайды. Бұл белгi iрiңдi менингитте орын алады. Менингит — құрт ауруының түрi — науқастан әл кетiп, шаршап, тез терлеп, дене қызуы көтерiлiп ұзақ уақыт жүредi. Бас сүйек iшiндегi қан қысымы ұлғайғанда барып анықталады. Белгілері Жоғары температура; Бастың қатты ауыруы; Мойынның шалқаюы. Баланың өңі кірмейді, сұлық жата береді, басы мен мойынын артқа шалқайтып ұстайды. Ту сыртының да шалқайып кететіні сондай, бала басын тізесінің арасына келтіре де алмайды; Бір жасқа дейінгі баланың еңбегі көтеріледі (томпайып кетеді); Менингит кезінде құсу — осы ауруға тән құбылыс; Кішкентай балаларда менингиттің алғашқы кезеңінде анықтау қиын. Бала түсініксіз жағдайда, тіпті анасы емізгенде де жылай береді («менингит жылауы»). Немесе бала ұйықтай береді; Кейде талып қалады (құрысу), немесе дене қозғалысы да бір түрлі болып өзгереді; Көбінесе баланың жағдайы бірте-бірте нашарлай бастайды, ол мүлде есінен танған кезде ғана тынышталады; Туберкулез менингиті өте жай өрбиді, ол талай күндерге немесе апталарға созылады. Бұл аурудың басқа формалары анагұрлым тез — сағаттар немесе күндер аралығында өршиді. Емдеу жолдары Науқасқа жедел білікті медициналық көмек керсетіңіз — бір минут та кешеуілдетіп тұрмаңыз! Мүмкіндік болса, науқасты ауруханаға жеткізіңіз. Дәрігер келгенге дейін: Әр 4 сағат сайын 500 мг апмициллин салыңыз. Немесе әр 4 сағат сайын 1 млн ед. панициллин кристаллын салыңыз. Егер мүмкіндік болса, хлорамфеникол да беріңіз; Ыстығы жоғары болған жағдайда (40°-тан астам) оны ылғал компресспен немесе ацетаминофенмен не аспиринмен түсіріңіз; Ф3­КП­08­18 Оқу сабағының жоспары Алматы мемлекеттік көлік және коммуникациялар колледжі Егер баланың анасы туберкулезбен ауырса немесе баланың туберкулез менингитімен ауыруы мүмкін деп күдік туғызатын басқа да себептер болса, онда балаға оның салмағының әр 5 килограмына шаққанда 0,2 мг келетіндей етіп стрептомицин шанышыңыз да бірден дәрігер шақырыңыз. Сондай-ақ, егер туберкулездік менингит болмаса, ампициллинді немесе пенициллинді пайдалануға болады. Алдын алу Анасы туберкулезбен ауыратын жаңа туған сәбиде болатын туберкулездік менингиттің алдын алу үшін сәбиге туған кезінде арнаулы вакцина егілуге тиіс. Сәбилер үшін вакцина мелшері — 0,05 мл (қалыпты 0,1 мл мөлшердің жартысы). Ф3­КП­08­18 Оқу сабағының жоспары Алматы мемлекеттік көлік және коммуникациялар колледжі

Сабак жоспары Салауатты омир салты

Сабак жоспары Салауатты омир салты

Сабак жоспары Салауатты омир салты

Сабак жоспары Салауатты омир салты

Сабак жоспары Салауатты омир салты

Сабак жоспары Салауатты омир салты

Сабак жоспары Салауатты омир салты

Сабак жоспары Салауатты омир салты

Сабак жоспары Салауатты омир салты

Сабак жоспары Салауатты омир салты

Сабак жоспары Салауатты омир салты

Сабак жоспары Салауатты омир салты

Сабак жоспары Салауатты омир салты

Сабак жоспары Салауатты омир салты

Сабак жоспары Салауатты омир салты

Сабак жоспары Салауатты омир салты

Сабак жоспары Салауатты омир салты

Сабак жоспары Салауатты омир салты

Сабак жоспары Салауатты омир салты

Сабак жоспары Салауатты омир салты

Сабак жоспары Салауатты омир салты

Сабак жоспары Салауатты омир салты

Сабак жоспары Салауатты омир салты

Сабак жоспары Салауатты омир салты

Сабак жоспары Салауатты омир салты

Сабак жоспары Салауатты омир салты

Сабак жоспары Салауатты омир салты

Сабак жоспары Салауатты омир салты

Сабак жоспары Салауатты омир салты

Сабак жоспары Салауатты омир салты

Сабак жоспары Салауатты омир салты

Сабак жоспары Салауатты омир салты

Сабак жоспары Салауатты омир салты

Сабак жоспары Салауатты омир салты

Сабак жоспары Салауатты омир салты

Сабак жоспары Салауатты омир салты

Сабак жоспары Салауатты омир салты

Сабак жоспары Салауатты омир салты

Сабак жоспары Салауатты омир салты

Сабак жоспары Салауатты омир салты

Сабак жоспары Салауатты омир салты

Сабак жоспары Салауатты омир салты

Сабак жоспары Салауатты омир салты

Сабак жоспары Салауатты омир салты

Сабак жоспары Салауатты омир салты

Сабак жоспары Салауатты омир салты

Сабак жоспары Салауатты омир салты

Сабак жоспары Салауатты омир салты

Сабак жоспары Салауатты омир салты

Сабак жоспары Салауатты омир салты

Сабак жоспары Салауатты омир салты

Сабак жоспары Салауатты омир салты

Сабак жоспары Салауатты омир салты

Сабак жоспары Салауатты омир салты

Сабак жоспары Салауатты омир салты

Сабак жоспары Салауатты омир салты

Сабак жоспары Салауатты омир салты

Сабак жоспары Салауатты омир салты

Сабак жоспары Салауатты омир салты

Сабак жоспары Салауатты омир салты

Сабак жоспары Салауатты омир салты

Сабак жоспары Салауатты омир салты

Сабак жоспары Салауатты омир салты

Сабак жоспары Салауатты омир салты

Сабак жоспары Салауатты омир салты

Сабак жоспары Салауатты омир салты

Сабак жоспары Салауатты омир салты

Сабак жоспары Салауатты омир салты
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
16.04.2019