Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы «Ескендір» поэмасы
Оценка 5
Разработки уроков
docx
чтение
10 кл
31.01.2017
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы «Ескендір» поэмасы. +презентации
Урок казахской литературы в школах с казахским языком обучения Сабақтың мақсаты:білімділік – поэманың мәтіні арқылы идеясын ашу, кейіпкерлеріне мінездеме жасау, кешенді талдай білу дағдыларын қалыптастыру;
Дамытушылық – поэманы мазмұндау, талдау, кейіпкерлерді мінездеу арқылы оқушылардың тілін, ой-өрісін дамыту, түрлі тапсырмаларды орындау арқылы пәнге деген қызығушылықтарын арттыру:
Тәрбиелік –поэмадағы Абайдың гуманистік идеясы арқылы оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу, іскерлікке, ізденіске, таным белсенділігін арттыруға баулу.
Сабақтың әдісі: интерактивтік, топтық, кешенді талдау, сұрақ-жауап, ассоциация.
Сабақтың типі: білімді жинақтау сабағы
Сабақтың түрі: аралас
Көрнекі құралдар:Абай портреті, кітаптары, слайдтарСабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы «Ескендір» поэмасы. +презентации
Урок казахской литературы в школах с казахским языком обучения
сценарий урока.docx
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы «Ескендір» поэмасы.
Сабақтың мақсаты:білімділік – поэманың мәтіні арқылы идеясын ашу, кейіпкерлеріне мінездеме
жасау, кешенді талдай білу дағдыларын қалыптастыру;
Дамытушылық – поэманы мазмұндау, талдау, кейіпкерлерді мінездеу арқылы оқушылардың тілін,
ойөрісін дамыту, түрлі тапсырмаларды орындау арқылы пәнге деген қызығушылықтарын арттыру:
Тәрбиелік –поэмадағы Абайдың гуманистік идеясы арқылы оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке
тәрбиелеу, іскерлікке, ізденіске, таным белсенділігін арттыруға баулу.
Сабақтың әдісі: интерактивтік, топтық, кешенді талдау, сұрақжауап, ассоциация.
Сабақтың типі: білімді жинақтау сабағы
Сабақтың түрі: аралас
Көрнекі құралдар:Абай портреті, кітаптары, слайдтар
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих, математика, биология, география.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру бөлімі:
а) Оқушылармен амандасу, түгелдеу, сабаққа дайындықтарын тексеру.
ә) Кіріспе сөз.
б) Қызығушылықты ояту. «Тұлғаны таны»
1. «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа
нәрсемен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақшылық.»деген ұлағатты сөздің авторы кім? (Абай)
2. Шығыс елінде Зұлқарнайын деген атпен белгілі тарихи тұлға, грек қолбасшысы кім? (Ескендір)
3. Әлемдегі ең алғашқы ұстаз, бірнеше ғылымдардың атасы саналатын кім? (Аристотель)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Жоспар бойынша «Ескендір» поэмасының мазмұнын сұрау.
А) Патшаның жорығы
Ә) Бұлаққа кездесу
Б) Ескендірдің бұйрығы
В) Қақпаға кездесу
Г) Күзетшінің сөзі мен сыйы
Ғ) Өсиет(ақыл сөз).
Өсиет – көпшілікке айтылатын уағыз, келелі кеңес түріндегі өлең.
ІІІ. Негізгі бөлім.
“Ескендір ”поэмасы – Абай поэмаларының ішіндегі елеулісі, ақынның гуманистік ойпікірлерін
тереңірек танытатыны. Шығыс елдерінде Ескендір Зұлқарнайын деген атпен тараған, Еуропада
Александр Макендонский деген атпен белгілі грек қолбасшысының өмірі жайлы аңыздар негізінде
жазылған.
Ескендір тақырыбын Еуропа ақындарымен қоса, Шығыстың Фирдоуси, Низами, Жәми сияқты
ақындары да жыр еткен.
«Ескендір» поэмасының кейіпкерлерін атап өтейікші: Ескендір, Аристотель, күзетші және мифтік
образдар.
Қане енді Ескендір патшаға мінездеме берейік.
Топтастыру.
Слайд көрінеді. Оқушылар Ескендір патша суретінің айналасына оның мінезқұлқын жазады.
«Сен білесің бе?»слайды көрінеді.
Бұл бөлім бойынша гиперсілтеме жасалған батырмаларда қазақ әдебиеті, қазақ тілі, тарих,
математика, география, биология пәндерінен сұрақтар жасырылады.
Сұрақтар:
1. Қазақ әдебиеті: «Ескендір» поэмасының композициялық құрылысын айтып бер.
2. Тарих: Ескендір Зұлқарнайын тарихта қандай атпен белгілі және қай жылдары өмір сүрген?
3. Қазақ тілі: Поэма қай стильде жазылған?
4. Математика: Филипп ІІ патша Александр(б.з.б. 356323) 13 жаста болғанда Аристотельді
(б.з.б. 384322 ж) ұстаздыққа шақыртқан екен. Аристотель сол кезде неше жаста болған? 5. Биология: Поэмада адамның қай мүшесі туралы сөз болады? Құрылысын айтып бер.
6. География: «Ескендір» поэмасында сөз болатын Македония шаһары қай елде орналасқан?
Кешенді талдау.
1. Шығарма аты: «Ескендір»
2. Авторы: А. Құнанбайұлы
3. Тақырыбы, идеясы:адамдық қасиетті сақтау, көрсеқызарлыққа салынбау,
ынсапсыздықты жеңе білу
4. Жанры:поэма
5. Оқиға кезеңі: б.з.б. ІҮ ғасыр
6. Шумақ саны: 42
7. Әр шумақта: 4 тармақ
8. Ұйқас түрі: қара өлең ұйқасы
Білімді бекіту сұрақтары.
1. Әлемді қаһарымен сескендірген Ескендірге кімнің сөзі тосқауыл болды?
2. Білек күшінен білім мен даналық күшінің басымдылығы дастанда қалай суреттелген?
3. Тарихи тұлға әрекеттерін алға тартуда Абай нені айтпақ болған?Бүгінгі заман үшін
өнегелік жағы неде?
4. Сюжет дегеніміз не ?
Қорытынды.
Поэмада Абай жауыздықты, ынсапсыздықты әшкерелей отырып, өмірдегі, жеке адамдар басындағы
ондай қан құмарлық, көрсеқызарлық сияқты адамгершіліккке жат пиғыл мен жауыздық іс
әркеттерді ақылдың, білімнің, парасаттың, адамгершіліктің жеңіп шығатындығын, білек күшінен
білімнің, парасат пен даналық күшінің артықшылығын көрсете білді. Абай өзінің басқа да
шығармаларында адам болу идеясын жоғары қояды. Бүгінде біз адамдық туралы сөз еткенде
Абайға соқпай кетпейміз. Биыл Абай атамыздың туғанына 170 жыл толып отыр. Бүгінгі ұрпақ
келешекке Абай тәлімін жалғастырулары керек.
«Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай
әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс» деген Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен сабақты
қорытындылаймын.
Үй тапсырмасы: «6 неліктен?» техникасын пайдаланып «Ескендір» поэмасының мазмұны бойынша
сұрақтар құрастырып көріңдер.
Бағалау. Бағалау парақтары бойынша қорытынды бағаларын анықтаймын.
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы «Ескендір» поэмасы
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы «Ескендір» поэмасы
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.